Әндіжан қырғыны құрбандары



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН
2.2 ӘЛІ КҮНГЕ ҚУДАЛАЙДЫ
2.3 «БІЗ СЕНДЕРДІ ҰМЫТПАЙМЫЗ!»
2.4 ТАМҒАН ҚАН, ТӨГІЛГЕН ЖАСТЫ ҰМЫТТЫРМАҚ
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 АЗА КҮНІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қалалық хокимиятының (әкімдігінің) алдындағы Бабыр алаңында билік «акрамистер» деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өтті.
Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған «Акрамия» қозғалысының жақтастары деп мәлімдеді. Бірақ ол ұйым жөніндегі мәліметтердің екіұштылығы соншалықты, тіпті кейбір сарапшылар
1. www. google.kz
2. http://www.azattyq.org
3. http://abai.kz
4. http://www.azattyq.mobi/

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН
2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қалалық хокимиятының (әкімдігінің) алдындағы Бабыр алаңында билік акрамистер деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өтті.
Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған Акрамия қозғалысының жақтастары деп мәлімдеді. Бірақ ол ұйым жөніндегі мәліметтердің екіұштылығы соншалықты, тіпті кейбір сарапшылар

Жергілікті тұрғындар билік қатыгездікпен басып-жаншыған шеруде құрбан болған адамның денесін әкеле жатыр. 14 мамыр 2005 ж.
мұндай ұйым ешуақытта болған емес, оны діни экстремистер деп аталып жүргендерді торға түсіру үшін биліктің өзі ойлап тапты деген болжамға тоқтады.
Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде талаптар қойды.
Өзбекстан билігі митингіні асқан қатігездікпен жаншыды. Ресми мағлұматқа қарағанда осы оқиға кезінде 187 адам көз жұмған. Оның ішінде әскери қызметкерлер мен полицейлер де бар, бірақ басым көпшілігі бизнесмендерді түрмеден шығарып алмақ болған әлдебір экстремистер мен исламшылдар. Ал тәуелсіз бақылаушылардың байқауына қарағанда сол күні мыңнан астам Әндіжан тұрғыны мерт болған.
Алайда қаза болғандардың дәл саны сол күйі белгісіз қалды.
Сонымен қатар, әскер қарусыз халыққа қарсы жаппай оқ атар қарсаңда жергілікті гарнизонға шабуыл жасау арқылы қолдарына қару-жарақ түсіріп, өз адамдарын түрмеден босатып алуға аттанған және кепілдікке адам алған адамдардың кім екені де айтылмай, жұмбақ болып қалды.

ӘЛІ КҮНГЕ ҚУДАЛАЙДЫ
Әндіжан қантөгісін көзімен көрген Сохибжон-ата 2010 жылы Азаттық радиосына сұқбат берген еді. Аты-жөнін толық айтуға қорыққан ол былай деді:
- Өзбекстан баспасөзінде еркіндік жоқ. 2005 жылы Әндіжанда түк болмағандай, ешқайсысы бұл тақырыпқа жуығысы келмейді. Көпшілігі ұмытып та кетті. Тек туған-туыстарынан айырылғандар ғана сол бір қасірет күнді естен шығармайды. Ал қалған жұрт ештеңе білмейді де, сезбейді де.
Сохибжон-ата Өзбекстан билігі қайсыбір себептермен сол оқиғаға куә болып қалған адамдарды әлі күнге қудалайтынын айтады.
2010 жылы Нъю-Йоркте орналасқан Хьюман Райтс Вотч халықаралық

Австралиядан оралған соң Өзбекстанда ұзақ жылға сотталған Дилорам Абдулқадырова.
құқық қорғау ұйымы жариялаған есепте 2005 жылы 13 мамырда Қырғызстанға қашып, одан Австралияға кеткен, тек 2010 жылы 8 қаңтарда ғана еліне оралған Дилорам Абдулқадырованың тағдыры сөз болады. Осы бір талайсыз әйелдің тағдыры туралы Азаттық радиосы да егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Жергілікті билік оның отбасын Дилорам еш қауіптенбестен елге орала берсін деп бірнеше рет сендірді. Соған қарамастан 2010 жылы 21 сәуірде Дилорам Абдулқадырова көш-құлаш айыппен, оның ішінде шекарадан заңсыз өтіп, елдің конституциялық құрылысына нұқсан келтірді деген бап та бар, Әндіжан сотының алдында тұрды.
Оның туыстары 2010 жылы 28 сәуірде болған сотта Дилорам Абдулқадырованың бет жүзінде соққы іздері болғанын айтады. Аз уақытта-ақ әбден азып-тозған ол отбасы мүшелерінің көзіне қарамауға тырысыпты.
Ал 2010 жылы 30 сәуірде оны 10 жыл екі айға соттап жіберді.
Әндіжан оқиғасынан кейін Қырғызстанға, содан соң Еуропаға, АҚШ пен Австралияға қашқандардың балаларын да әлсін-әлсін тергеуге алып, мектептерде оларды қылмыскерлердің, отанын сатқандар мен халық жауларының баласы дейтін көрінеді.

БІЗ СЕНДЕРДІ ҰМЫТПАЙМЫЗ!
Осыдан бір жыл бұрын Ташкентте Әндіжан құрбандарын еске алу апталығы өтті. 13 мамырға дейінгі бір апта бойы Өзбекстан құқық қорғаушылары Ташкент көшелеріне шығып, қолдарына қатыгездікпен атылған әндіжандықтарды еске алуға шақырған ұрандар ұстап тұрды.
Мәселен, азаматтық белсенді Виктория Баженова 2005 жылғы Әндіжан

Әндіжан қырғыны құрбандарын еске алу. Киев, Украина, мамыр, 2010 жыл.
құрбандары: сендердің қандарыңның әр тамшысы - бостандықтың бүршігі! Өзбекстан президенті И.Ә. Кәрімовты сотқа тартуды талап етеміз деген ұран көтеріп шықты.
Тағы бір белсенді Матлюба Жұмабаева Атылған әндіжандықтар, сендердің қандарың - біздің еліміздегі демократияның өтеуі. Біз сендерді ұмытпаймыз! дейтін плакат ұстап тұрды.
Әндіжан құрбандарын еске алу апталығына қатысушылар жолай өтіп бара жатқан адамдардан 2005 жылы 13 мамырдағы Әндіжан оқиғасын қаншалықты білетіндігі жөнінде сұрағанда, олар ашық жауап бергісі келмеді. Ал кейбіреулер ол күні террористер өліп, бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ деп жауап бергенді дұрыс көрді. Ташкенттің кей тұрғындары ғана Әндіжан оқиғасын еске алу акциясын ұйымдастырушы азаматтық белсенділерге алғысын айтты.

ТАМҒАН ҚАН, ТӨГІЛГЕН ЖАСТЫ ҰМЫТТЫРМАҚ
Түркияда тұратын журналист және тарихшы Дана Абиазид Азаттық радиосында жарияланған Өзбекстанда ұмытылып бара жатқан көтеріліс деп аталатын мақаласында Өзбек билігінің құрбан болғандарды дереу жерлеп, аққан қанды жылдам сүртіп, оқиғаны сынағандардың аузын жауып тастағандықтан өзбек әскерилері қырған жүздеген бейкүнә жанның жан айқайын, адам құқын қорғау ұйымдарының тәуелсіз зерттеу жүргізуге

Үкімет әскері жергілікті тұрғындардың наразылық жиынын басып-жаншығаннан кейінгі қала көшесі. Әндіжан, 14 мамыр 2005 жыл.
шақырған дауысын еститін құлақ болмады деп жазды.
Әндіжандағы қырғынға батыстық ақпарат құралдарының соңғы беттерінен ғана орын тиген еді. Ал Тунис, Египет, Ливия және басқа да елдердегі осыған ұқсас - Өзбекстандағымен салыстырғанда, әлдеқайда бейбіт - оқиғалар бүкіл әлемге толассыз таратылып, мәселе халықаралық деңгейде көтеріліп жатты.
2005 жылдан бері Әндіжанда көп нәрсе өзгерді. Жергілікті әкімдік қамал секілді жаңадан ғимарат салып алды. Шерушілер жиналған Бабыр алаңы жойылды. Оның орнында фонтан атқылатып, жан-жағын гүлмен көмкеріп қойды. Бабыр есімі қала орталығынан шалғайдағы басқа алаңға берілді. Сонымен қатар қанды оқиғаның еріксіз куәгеріне айналған, ХҮ ғасырда Әндіжанда туған Бабырдың ескерткішін де сол жаққа апарып тастады.
Өзбектің Әндіжан аймағы тағы бір рет толқып барып басылды. Басылды деу - ертерек болар. Ол маңдағы тірлік әлі де қоламталанып жатқаны белгілі. Дегенмен өзбек билігі Әндіжан және оның маңындағы елді мекендер тыныш. Ешқандай дүрбелең жоқ дегенді айтады. Алайда Өзбекстанның Бас прокуроры Әндіжанда болған жарылысты растады. Сондай-ақ жарылысты жасаған камикадзе яғни белгісіз жанкешті деп тапты. Жарылыстың кесірінен бір милиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланған (Бейресми ақпарат көздері қаза тапқандар жеті адам деп көрсетті). Сонымен қатар Өзбекстан прокуратурасының өкілі содырлардың бәрі көрші жатқан қырғыз елінен келгендер деген мәлімдеме таратты. Бір ескерте кетер мәселе, 25 мамырдан 26 мамырға қараған түні өзбек пен қырғыз шекарасында орналасқан Ханабад кедендік бекетте жарылыс болған. Сондай-ақ белгісіз адамдар аталмыш елді мекендегі милиция және қауіпсіздік қызметі орналасқан ғимаратқа қарулы шабуыл жасады. Атыс біраз уақытқа созылған. Артынша белгісіз топ (дерек көздері 20-ға жуық адамнан тұрады деп көрсетуде) ізін жасырып үлгерген. Ертесінде. яғни 26 мамыр күні сағат 14. 00-де Әндіжан орталығында тағы бір жарылыс болған. Қазір Әндіжан мен Ханабад (кезінде АҚШ әскери базасы осы елді мекенде орналасқан болатын) қалаларына әскери техника мен арнаулы бөлімдер кіргізілді. Өзбек-қырғыз шекарасы тарс жабылды. Барлық жүргіншілер мен көліктер қатаң тексерілуде. Қазір Өзбекстан тарапынан арнаулы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын тексеруде. Мәселе, жарылыс пен қарулы қақтығыстың артында кім тұр, осыдан төрт жыл бұрын болған оқиға неге қайталана жаздады? деген сұрақ.
Әндіжан - 2005 жыл, 13 мамыр
Әндіжанда кешегі болған жағдайды сөз етпей тұрып, осыдан төрт жыл бұрын осы шаһарда орын алған қанды қырғынды тағы бір еске түсіре кеткен жөн болар. 2005 жылы 13 мамыр күні Әндіжанда қарулы топ әскери бөлімге то-сыннан шабуыл жасап, көптеген қару-жарақты қолға түсірді. Сосын түрмеге тап беріп, онда жатқандарды босатып жіберді. Артынша қаланың орталығын және облыстық әкімшілік ғимаратын басып алды. Арнайы ұйымдастырылмаған жабайы митингіге Әндіжанның 30 мыңға таяу тұрғыны қатысты. Алайда ресми Ташкент оқиғаның өзге де қалаларда жалғасып кетпеуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салжұқтар
Ашаршылықтың ащы шындығы
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Ақша анатомиясы
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Пәндер