Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Е.Бекмаханов зерттеулерінде XIX ғасырдың 20.40 жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан өңірінің саяси ахуалы жөнінде.

1.1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазакстанның әлеуметтік.экономикалық және саяси ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы халықтық көтерілісі ... ... ...
II. Е.Бекмаханов зерттеулеріндегі К.Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық күрестің Ұлы жүз қазақтары жерінде жүруі туралы.
2.1 Кенесары хан және Қоқан, Хиуа хандықтары мен
қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Е.Бекмаханов зерттеулерінде қазақ.қырғыз қатынастары туралы...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымының да жылдам дамуына, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашты. Уақыт өте келе мұрағат сөрелерінен шығарылып, айналымға түскен жаңа құжаттар негізінде соны ой-пікірлер мен жаңа тарихи-танымдық көзқарастар туындады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында жабық тақырыптардың қатарында саналып келген қазақ халқының щапқынщылыққа қарсы ғасырлар бойғы азаттық күресі, ұлт-азаттық қозғалысының, қазақ елінің Ресей құрамына енуінің жауланып алынуы, экономикалық, саяси, дипломатиялық, әскери, діни экспансиялар, Алаш қозғалысы, «Бекмаханов ісіне» қатысты маңызды құжаттар мен деректер, т.б. жарияланып, олардың сыры мен мәні туралы ғылыми тұжырымдар қалыптастырылды. Бұл тарих саласындағы сеңнің бұзылуы, оның тасқынға айналуының басы еді. Рухани-әлеуметтік сұраныс өткенді білуге деген құлшыныс пен талпыныс түрінде көрініп, баспасөзде жаңа қоланысқа түскен деректерге сүйеніп, жазылған еңбектер жарық көрді. Ұзақ жылдар тұмшаланған ақиқат ашылып, шынайы тарихи зердені біртіндеп, баяуда болса қалыптастыру жүзеге асырыла бастады. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихын, оны зерделеудегі Е.Бекмаханатовтың зор еңбегін көрсету, зерттеу, түсінуге ұмтылу, оның еңбектеріндегі ұлттық мүддені көздеген пікірлерін ғылыми талдау өзекті мәселе.
Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы үшін өткен күннің қорытындылары мен сабақтарын ой елегінен өткізу қажет болғандықтан оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдағы саяси тарихының сипатына тоқталып, тарихи зердемізден өткізбеппіз.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай ерекше болды. Бұл ғасырдың басында оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер – Хиуа, Бұхара және ең үлкен дәрежеде – Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шашамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең – аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан сондай-ақ ерекшелендіретін сипатты белгілерге сол кезде түпкілікті ие болған еді [11.278б]. Сондықтан, бүгінгі ақиқатты айтатын уақыт жағдайында отарлаудың көрісіні қызып, тұрған ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстігінің саяси тарихын салыстыра отырып баяндайтын зерттеулер жазудың сәті келді. Әсіресе, көрші азиялық державалардың қазақ жүздерін өздеріне бағындыру, олардың өз мақсатындағы рулар арасындағы күресті тиімді пайдалануы және қазақтың ру басыларымен сұлтандарының Қоқан және Хиуа феодалдарына байланысты келіміспаздық позицияларына терең мән беріп зерделеу қажет-ақ[47.105б].
1.Бекмаханов Е. XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы. 1993.
2.Бекмаханов.Е. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы. Алматы.1994.
3.Джамгерчинов Б.Д. Киргизы в эпоху Орман хана. 2 вып. Фрунзе. 1969.
4.Джамгеричинов Б.Д. Добровольное вхождение в состав России. Фрунзе. 1963.
5.Қасымбаев Ж., Последний поход хана Кенесары и его гибель. Алматы.Ана тілі. 2002.
6.Қойгелдиев М., Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1993.
7.Махаева.А.,Қазақ-қырғызсаяси байланыстарының тарихы.Алматы.2007
8.Е.Бекмаханов: «Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт - сол». Егемен Қазақстан. 27.09.2000 ж
9.Абдуалы А.Б., Әбілдаұлы Б. Ел бастаған ер Байзақ. Тараз. 2008.
10.Валиханов Ч.В. Записки о киргизах Собр-Соч. В пяти томах. Т.2.Алматы 1985.
11.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. III том. Алматы 2002.
12.Өтениязұлы С, Қазақстанның XIX ғасырындағы әлеуметтік-экономикалық хал ахуалы. // Қазақ тарихы. №1. 1994.
13.Толыбеков С.Е., Общественно-экономический строй Казахстана в ХҮІИ-ХІХ веках. Алма-Ата. 1959.
14.Джамгеричинов Б.Д., Присоединение Киргизии к Россйи. Москва 1959.
15.Уалиханов Ш.Ш., Шығармалар жинағы. 5-том. Алматы. 1985.
16.Тәкенов.Ә. Қазақ тарихы жазылуындағы Е.Бекмахановтың орны. Қазақ тарихы 2006 №5
17.Кенесарин Ахмет. Султаны Кенесары и Сыздык. (В обработке Е.Т.Смирнова) Алматы 1992.
18.Румянцев П.П., Уезды Жетысу. Алматы 2000.
19.Дәдебаев Ж., Атыңнан айналайын. Алматы 2002.Смирнов Е.Г.
20.Кенесариев Т. Қырғызстандың Орусияға қаратылышы. Бишкек. 1997.
21.Қожағұлы Ө. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақ-қоқан қарым-қатынастары. Қызылорда 2008
22.Қасымбаев Ж. Кенесары Қасымов: тарих, тұлға, уақыт. Алматы. 2005.
23.Абдуалы А.Б. Политическая история южного Казахстана в первой половине XIX века. Тараз. 2008
24.Мамырайымов С. Қасымбаевтың Кенесары туралы зерттеулері. Қазақ тарихы. № 1. 2006.
25.Абдуалы А.Б., Тулбасиева С.Қ., ХҮІП-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Тараз. 2007.
26.Махаева А. Қазақтардың Қоқан езгісіне қарсы азаттық күресінің кеибір мәселелері. жинақ.
27.Узбекистоннинг янги тарихы. Биринчи китоб. Туркистон чор Россиясы мустамакачилиги даврида. Ташкент. 2000.
28.Зиеев Хамид. Туркистонда Россия тажовузи ва хукмронлигига карши кураш. Ташкент. 1998.
29.Нәбиев.Р.Н. Ташкентское восстание 1847 года и его социально-экономическое последствие. 1950.
30.Қасымбаев Ж. Некоторые проблемы казахско-кыргызских отношений и гибель хана Кенесары в судьбах народов Центральной Азии. // К.Қасымұлы туғанына 200 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. Алматы 2003.
31.Рыспаев К., История Республики Казахстан. Алматы. 2002.
32.Махаева А.Ш., Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығы қызметіне тартылуы тарихынан.// Қайнар университетінің хабаршысы. №1/2. 2008.
33.Бейсембиев Т.К. Қазақстан жайлы қоқан деректеріне шолу. А. 1988
34.Қасымбаев Ж., Государственные деятели Казахских ханств ХҮШ-первой половины XIX - века. Алматы. 2001.
35.Назарбаев Н.Ә., Қалың елім, қазағым. Алматы 1998.
36.Әбілдаұлы Б., Байзақ-Датқа. Алматы. 1995.
37.Уалиханов.Ш. Қоқан хандығы хақында. Т.ш.ж. А. 1987.
38. Ә.Тәкенов Қазақ тарихының зары. // Қазақ тарихы. 1996 №1
39. Х.Әбжәнов Е.Бекмаханов және ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеу әдіснамасы. Қазақ тарихы 2006 ж №3
40. Иванов. П.П. Қазақтар және қоқан хандығы. М.Л. 1939 ж
41. Аничков.И.В, Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаметұлы.Алматы.1991
42.Асфендияров.С. История Казахстана. Алматы.1998ж
43. Дулатова Д.И., Истография дореволюционное Казахстана.(1861- 1917 Алматы 1984.
44.Хан Кене.Тарихи толғамдар мен пьеса,дастандар.Алматы 1993.
45.Рязанов А.Ф., Кенесары. Ист.Очерк. Алматы. 1993.
46.Кенесарина.Н.А., Одеятельности Кенесары хана по царским документам.Алматы.2001.
47.Бейсембиев Т.К Кокандскаяистография хан источник по истории Казахстана XVIII-XXвеков.И памятники истории икультуры Казазстана.Алматы.1989.100-105б
48.СПб.Ив.ран.с.246лл.84-92
49.Бейсембиев Т.К Легенда о происхождении Кокандского ханов как источник по истории идеологии в средней Азии.(на материалах сочинений коканской истографии Казахстан, Средняя Азия и Центральная Азия в XVI-XVIII. А,1983,94-95
50. Историческая Наука Советского Казахстана (1917-1960). Очеркистоновления и развития.А,1990
51.Қозыбаев.И.М. Истография Казахстана:уроки истории.Алматы,1990
52.Қозыбаев.И.М. Историческая наука Казахстана(40-80годы XXвека) Алматы1992 105
53. Қозыбаев М.К. история и современность. А.1991, 140б
54.Ключевский В.О. Соч., т.1, 50 б.
55. Яшнов Е. Колонизация Туркистана за последние годы ІІ Вопросы Колонизации – (915.№19 – с.10г.157. (10г)
56.П.Г.Галузо Туркестан – колония (очерки истории колониальной полейшен русского царизма в Ср.Азии). М., 1929. 59б
57. Краузе И.И. О Хавинском земледелии. «Известия императорского русского географического общества. 1874. №2, с.40
58. Муравьев Н.Н. Путешествия в Туркмению и Хиву в 1819 – 20 годах гвардейского генерального штаба капитана Н.Муравьева, посланного в те страны для переговоров. М., 1829 г. ІІ, с.93
59. Костенко Л.Ф. город Хива в 1873 году ІІ Военный сборник – 1873, №12, с.329
60. История хорезма – Ташкент : Фан., 1976, с.133
61. Бартольд В.В. История решения Түркестана. С п б.,1914, с.95
62.Шалекенов У.Х. Казахи Низовьев Амударии – Ташкент: Фан, 1966, с.139
63. Даналевский Г.И. Описание Хивинского ханства ІІ 3РГО. С П Б., 1951. Кн.5., с.103;
64.Дженкинсон А. Путешествия в сред.Азию в 1558 – 1560гг. Англиские путешественники в Московском государстве в ХVІ в – М., 193а, с.177
65.Ивакин М.И. Пути в Средней Азии и перевозочные средства ІІ Военный сборник. – 1869. Т.6. с. 287-303
66. Тарихи – джапан – немай, название 2-х книг, общее название всего труда... Туфаг –отто тарихи – ханы Ленинградских экземпляров в Н.Д.Миклухо. Макла А. «некоторые рукописи ученые записки И.В. Н.Н. СССР. Г ХVІ. М. 1958, с.Жг», ҚРОММ. 383-қор., 5 іс, 215 – 219 пар.
67.Ш.УалихановҚоқан хандығы қақында , «Ақиқат», 1996, 54 бб
68.Р.Н.Набиев из истории Коканского ханства. Ташкент, 1923, с.51
69.Л.Соболев краткий обзор положеня дел в Кокане ... Туркестанский сборник. Т.1, с.52
70. Вяткин М.П. Очерки Истории Казахской ССР. М.Л. 1941. С. 131-132
71.Вяткин М.П. Очерки Истории Казахской ССР, с.ИВ
72. Бекмаханов Е. Присоединения Казахстана к России. М.,1907,с.132
73. Попов А.Л. Борьба за среднеазиятский плацдарм. И Исторические записи. ИЦ. пт. э.м., 1940. С. 182-183.
74. Попов А.Л. Борьба за среднеазиятский плацдарм. И Исторические записи. ИЦ. пт. э.м., 1940. С. 186.6
75. Баймурзин А. Из истории захвата царизмом Большой Средней орд. ІІ Известия Каз. ФАН СССР серия ист. Вып: 1 Алма-Ата.1989. с.154.
76. Цинская империя и казахские канства (втор. Половина ХVІІІ –ХVІІІ – перв. Чтв. ХІХ в). И сборник док.тов. Алма – Ата 1989. С. 154
77.Вяткин М.П. Истории Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. 1943. С.165
78. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Деген кітабы бойынша пікір – сайыс. Стенограмма.
79. Шахматов В.Ф. Казахскаяпостбищно – ночевая община: Вопросы образования, эволюции и разложения. Алма – Ата 1964.
80. Шонанұлы т. Жер тағдыры - ел тағдыры. 2-басылуы. Алматы 1995.24 б.
81. Асфендияров С.Д. история Казахстана ( с древнейших времен) – г.е.
82.Есмағанбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде Алматы 1994,13-14бб
83. Мак – Чахан.Военные действия на Оксусе и подение хивт.-м., 1875 – 111б
84. Абай. Наследники. На перепутье. сб.Алматы 1995 с.50,61
85. «Жұлдыз» журналы. 1990, № 7, 153 – 177бб.
86. Ж. Қасымбаев Кенесары хан – Алматы : Қазақстан. 1993-96 б ст
87. Ж. Қасымбаев Кенесары хан – Алматы : Қазақстан. 1993-96 б ст Национальные движения в условиях колониализма. Казахстан. Средняя Азия, Северный Кавказ – Целиноград 1991
88. М.Қозыбаев, Р.Сулейменов, Ж. Қасымбаевпен бірге «Митридат Киргизской степи. Правда и вымесел и востании Кенесары Касымова. Казахстанскаяправда» , 13 марта 1992
89. М.Қозыбаев, Р.Сулейменов, Ж. Қасымбаев көтерілісі көне шындыққа жаңа көзқарас. «Қазақстан коммунист» 1991, №3

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қорғауға жіберілді: __________________20__ж.
Кафедра меңгерушісі: тарих
ғылымының кандидаты, Б.Сейдібаева

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ

Мамандығы: 6М011400 ТАРИХ

Магистрант: П.К.Буркитбаева

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымының докторы, профессор А.Б.Абдуалы

ТАРАЗ-2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 950(574)Б88
Қолжазба құқында

Буркитбаева Перизат Кеңесқызы

Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ

6М011400 Тарих магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған
магистрлік диссертация

ТАРАЗ-2012

Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

I. Е.Бекмаханов зерттеулерінде XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Оңтүстік
Қазақстан өңірінің саяси ахуалы жөнінде.

1.1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазакстанның әлеуметтік-
экономикалық және саяси
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

1.2 Қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы халықтық көтерілісі ... ... ...

II. Е.Бекмаханов зерттеулеріндегі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің
Ұлы жүз қазақтары жерінде жүруі туралы.

2.1 Кенесары хан және Қоқан, Хиуа хандықтары мен
қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

2.2 Е.Бекмаханов зерттеулерінде қазақ-қырғыз қатынастары туралы...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих
ғылымының да жылдам дамуына, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашты. Уақыт
өте келе мұрағат сөрелерінен шығарылып, айналымға түскен жаңа құжаттар
негізінде соны ой-пікірлер мен жаңа тарихи-танымдық көзқарастар туындады.
80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында жабық тақырыптардың қатарында
саналып келген қазақ халқының щапқынщылыққа қарсы ғасырлар бойғы азаттық
күресі, ұлт-азаттық қозғалысының, қазақ елінің Ресей құрамына енуінің
жауланып алынуы, экономикалық, саяси, дипломатиялық, әскери, діни
экспансиялар, Алаш қозғалысы, Бекмаханов ісіне қатысты маңызды құжаттар
мен деректер, т.б. жарияланып, олардың сыры мен мәні туралы ғылыми
тұжырымдар қалыптастырылды. Бұл тарих саласындағы сеңнің бұзылуы, оның
тасқынға айналуының басы еді. Рухани-әлеуметтік сұраныс өткенді білуге
деген құлшыныс пен талпыныс түрінде көрініп, баспасөзде жаңа қоланысқа
түскен деректерге сүйеніп, жазылған еңбектер жарық көрді. Ұзақ жылдар
тұмшаланған ақиқат ашылып, шынайы тарихи зердені біртіндеп, баяуда болса
қалыптастыру жүзеге асырыла бастады. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстанның ХІХ
ғасырдағы саяси тарихын, оны зерделеудегі Е.Бекмаханатовтың зор еңбегін
көрсету, зерттеу, түсінуге ұмтылу, оның еңбектеріндегі ұлттық мүддені
көздеген пікірлерін ғылыми талдау өзекті мәселе.
Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы үшін өткен күннің қорытындылары мен
сабақтарын ой елегінен өткізу қажет болғандықтан оңтүстік Қазақстанның ХІХ
ғасырдағы саяси тарихының сипатына тоқталып, тарихи зердемізден
өткізбеппіз.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси
жағдай ерекше болды. Бұл ғасырдың басында оңтүстік Қазақстан ортаазиялық
феодалдық мемлекеттер – Хиуа, Бұхара және ең үлкен дәрежеде – Қоқан
экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың
үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шашамен 1810-1866 жылдар
аралығын) алса да, бұл кезең – аймақтың Ресей империясына қосылуының
тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың
басқа облыстарынан сондай-ақ ерекшелендіретін сипатты белгілерге сол кезде
түпкілікті ие болған еді [11.278б]. Сондықтан, бүгінгі ақиқатты айтатын
уақыт жағдайында отарлаудың көрісіні қызып, тұрған ХІХ ғасырдағы
Қазақстанның оңтүстігінің саяси тарихын салыстыра отырып баяндайтын
зерттеулер жазудың сәті келді. Әсіресе, көрші азиялық державалардың қазақ
жүздерін өздеріне бағындыру, олардың өз мақсатындағы рулар арасындағы
күресті тиімді пайдалануы және қазақтың ру басыларымен сұлтандарының Қоқан
және Хиуа феодалдарына байланысты келіміспаздық позицияларына терең мән
беріп зерделеу қажет-ақ[47.105б].
Моңғолдарға дейінгі кезеңде Қазақстанның оңтүстігінде отырықшы
егіншілік жазираларды қоршап жатқан, жеткілікті дәрежеде дамыған қала
мәдениеті болғаны мәлім. Шыңғысхан шапқыншылығының оған мықтап апат
келтіргені сонша, ал ХІХ ғасырға дейін онала алмады. ХVІІІ ғасырдың бірінші
жартысында жоңғорлардың басып кіруі отырықшылық-егіншілік мәдениетінің
құлдырауын ақырына дейін жеткізді. ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның
оңтүстігі мекендеген әр түрлі рулардың, көбінесе ұлы жүз бен орта жүздің
руларының көшпелі шаруашылығы басым аймақ болды [47.100б].
Бұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепті болмады,
өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бір
меншіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады
оның үстіне, ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай орталық азия шаруашылығының
қалпына келтірілуі, осы негізде өсіп шыққан жетекші үш мемлекеттік құрылым
– Бұхара әмірлігінің, Қоқан және Хиуа хандықытарының пайда боулы мен
күшеюі, жағдайды біртендеп осы мемлекеттердің пайдасына өзгертті. Осы
проблемларды да жан-жақты зерттеу кезек күттірмейтін іс-шара.
Ұлт-азаттық қозғалыстың үш мәнді белгісі бар: біріншісі – қозғалысқа
жалпыұлттық идеяның тән болуы; екіншісі – қозғалыс алға қойған негізгі
мақсатын анықтау, ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі;
үшіншісі –ұлтазаттық қозғалыстың басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік,
қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық әбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері
бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы.
Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарының жалпы ұлттық идеясы
отарлық езгіден құтылуға, елдің елдігін, тұтастығын сақтауға сайды. Ел
түрлі заманнан бері желісі үзілмей келе жатқан, қадірлеп, қастерлеп ұстауды
талап ететін, қазақтың санасында берік орын тепкен құндылық. Ал елдің
негізі – жер. Осы тұрғыдан келгенде, Е.Бекмахановтың: Кенесары патша
үкіметі, Қоқан мен Хиуа тартып алған қазақ жерлерде қайтару, Россияның
қарамағында қазақ халқының бір-тұтас мемлекетін құру ұранымен күреске
шықты...
Өздерінің мақсаттары үшін, ең алдымен тартып алынған жайлауларын,
жайылымдарын қайтару үшін күрескен қалың бұқараның қатысуы көтерілістің кең
өріс алуын қамтамасыз етіпті, деген терең методологиялық түйін бар. Жерден
айрылу елдің экономикалық негізін шайқалынуға әкеледі, және керісінше,
саяси дербестік халықты экономикалық қорғауға, кемел экономиканың әлеумет
саяси тәуелсіздіктің іргетасын бекемдеуге мүмкіндік туғызады. Мұндай ортақ
идея тақырыптың өзектілігінің жағы бір көрінісі деу орынды.
Қазақстанның Оңтүстігінің ХІХ ғасырдағы саяси тарихын қарастырғанда
тарихтағы тұлғаның рөлін зерделеудің маңызы ұшан-теңіз. Өйткені, егемен ел
болып еңбектерімізді жинақтап жатқан бүгінгі күні ел тарихының отарлану
кезеңімен айналысатын мекемелер үшін өткен кезеңдерде еңбек еткен
М.Тынышпаевтай, С.Неделдияровтай, Е.Бекмахановтай біртуарлардың тағылымын
игеру, одан оңды қорытындылар жасап, күнделікті тәжірибеде пайдалану аса
қажет нәрсе. Мұның өзі бұрындары қоғам дамуында игілікті ықпал еткен және
жаңа заманда да өзінің жасампаздық күш қуатын жоймаған, уақыт пәрменіне
төтеп берген құндылықтарды сақтап қалу үшін керек. Өлі риза болмай, тірі
байымайды, дегенді дана халық бекер айтпаған. Ал мұндай сәттер тарихи
білімді мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары мен зияткерлік әлеуетті
құрайтын мекемелер қызметі де аз болған жоқ. Міне, осы жайлардың өзі
Қазақстан тарихының дамуындағы табыстар мен көлеңкелі тұстарды шолатын
іргелі зерттеуге қоғамдық сұраныстың туып отырғандығын аңғартады.
Осы айтылғандар негізінде Е.Бекмаханов және Оңтүстік Қазақстанның ХІХ
ғасырдағы саяси тарихы-ның көкейкесті мәселелерін тарихи тұрғыдан зерделеу
қажеттілігі қоғамдық ғылымдардың, ең алдымен, отандық тарих ғылымының
маңызды міндетіне айналғанын аңғару қиын емес. Қазақстанның отарлық
кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих
негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса
назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтарының сол
кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен
кезендерге империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы,
топталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу
бұрмалаушылыққа ұшыратылды. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы, соның
ішінде Қазақстанның Оңтүстік өңірінің саяси тарихы Еуразия даласының
халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің
тұрғысынан пайымдалды.
Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде
қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (ХVІІІ-ХІХ ғ.) ең
көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол
жеткен биігі деңгейінен аудару қажеті [50.106б].
Бұл тұрғыдан алғанда біз қолға алып отырған зерттеудің танымдық-
практикалық маңыздылығы мен көкейкестілігі күмән туғызбайды шынайы
ахуалды, яғни ақиқатқа деген көзқарасты анықтап, Оңтүстік Қазақстанның ХІХ
ғасырдағы саяси тарихы мен оның Е.Бекмаханов еңбектерінде қаралуын ғылыми
тұжырымдау бағытындағы іс-шараларды, ізденіс жұмыстарды белгілей
алатындығымызда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бекмаханов және Оңтүстік Қазақстанның ХІХ
ғасырдағы саяси тарихы, зерттеушілерді әрқашанда қызықтырғанын айта кету
керек. Осы мәселе бойынша жарық көрген тарихи еңбектерді олардың мазмұны
мен ой тұжырымдарына қарай бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Революцияға дейінгі еңбектер;
2. Орыс отарлау тарихы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанның саяси
тарихының Кеңес тарихнамасындағы қаралуы;
3. Оңтүстік Қазақстанның саяси тарихының тәуелсіз Қазақстан
тарихшыларының зерттеулерінде қайта қаралуы;
4. Оңтүстік Қазақстанның саяси тарихының шетелдік тарихнамадағы
қаралуы;
5. Е.Бекмахановтың еңбектеріндегі қаралуы.
Революцияға дейінгі Ресейде шығыстану саласының пайда болуы тарихи
процестің дамуының жалпы барысымен негізделді, оның шеңберінде Ресей саяси
доктринасы қалыптасты. ХІХ ғасырда Ресейдің ғылыми зерттеу процесін
ұйымдастыруының маңызды ерекшеліктерінің бірі әскери шығыстанудың дамуы
болды. Орталық Азияға, соның ішінде оның Оңтүстік өңіріне экспансиялық
саясатының жайғасуы әскери адамдардың ғылыми зерттеушілерге айналуына
объективті әсер етті, сондықтан, біз зерттеп отырған тақырып бойынша
еңбектердің белгілі шеңбері әскери-тарихшылардың қаламынан шықты.
Орыс офицерлері М.И.Иваниннің, Н.П.Глиноцидің, М.И.Венюковтың,
П.П.Лебердің, И.Ф.Бларамбергтің, А.Н.Греннің, Н.И.Гродековтың,
И.Ф.Костенконың әскери мерзімді баспасөз беттерінде жариялаған,
М.Е.Терентьевтің, А.К.Гейненің, Л.Ф.Костенконың, М.И.Венюковтың,
А.Н.Куропаткиннің, И.Ф.Бламбергтің, И.Ф.Баботтың, Д.А.Милюшиннің
монографиялары Ресейдің шығысқа жылжуы мен оның Орта Азияда белсенді
басқыншылық саясат жүргізуінің себептерін анықтауға арналды [11.25б].
Әскери тарихшылар 40-60 жылдарда Орта Азия хандықтары мен Оңтүстік
Қазақтанды басып алу тарихын тиянақты және жан-жақты баяндады. Орыс
әскерилерінің Қазақстан аумағы арқылы жылжуы Л.Ф.Костинконың,
М.И.Венюковтың, А.Н.Куропаткиннің, К.Абазаның, М.А.Терентьевтің,
М.М.Торнаудың, И.Ф.Бламбергінің, М.Хорошкиннің, В.Е.Нездвенайдің,
Н.Юдиннің, Д.И.Романовдің, В.Далинскийдің еңбектерінде көрініс шықты.
Ресей империясына қосылғаннан кейін Қазақстанды отарлау тарихы да орыс
әскери тарихшылыраның зерттеу тақырыбына айналды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс зерттеушлерінің патшалықтың
Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформаларының тарихын, сонымен қатар, бұл
реформа барысында қазақ қоғамын терең әлеуметтік-экономикалық және рухани
терең күйзелістерге ұшыратқан қазақ жерлерін, оның ішінде Оңтүстік
өңірлерін басып алу мен бөліске салу тактикасын зерттеулері үлкен ғылыми
қызығушылық тудырады. Бұл мәселе тарихнамасында әскери тарихшылар
В.Долинскийдің, Н.И.Гродековтың, Ш.Ш.Уәлихановтың, М.А.Терентьевтің,
К.К.Абазаның еңбектеріне назар аударған дұрыс.
1867-1868 жж реформалардың қажетілігі А.А.Гейнстің, Н.И.Гродековтың,
М.А.Терентьевтің, Л.Ф.Костенконың еңбектерінде дәлелденген [11.27б].
В.Долинский, Н.И.Гродеков, Ш.Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде қазақ халқының
қоғамдық қатынастарын бұза отырып және қазақ қоғамында сұлтандар мен
билердің құқығы мен маңызын кемсітуге қатысты жүздерді жаңаша басқаруды
бірте-бірте енгізу жолымен жаңа билікті нығайту туралы жазды. В.Долинский
Ресей империясының Қазақстанда енгізген ерекше басқару жүйесін былай деп
сипаттайды: Шет аймақтардың (яғни Қазақстанның) көп бөлігінде үкімет
ерекше басқару құрды, жергілікті (империал-губернаторлықтың үлкен
дербестігі әскери және азаматтық биліктің қосылып кетуі, ал кейбір шет
аймақтарда жергілікті ру тайпалардың басшы топтарын басқару мен соттың
жекелеген салаларына тарту оның өзіне тән ерекшілігі болды [11.]. Оның
сөзінше, ұлы жүз аумағында Ресей билігінің орнауы әскери күштерге сүйену
арқылы жүзеге асты. Оның ойынша, аймақта орнаған жаңа биліктің басты
мақсаттары қазақтарда бірталай ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан шаруашылық
механизмін жою, қазақ қоғамында сұлтандардың құқығы мен маңызын кемітіп,
оларды шенеуніктер қатарына ауыстыру, жергілікті жоғарғы жаңаша орнаған
үкіметке қызмет көрсетуге араластыру; Ресей армиясы мен казактарға сүйене
отырып, жаңа ауданда тәртіп пен орнату [8].
Жаңа әкімшілік жүйенің енгізілуі, Қазақстан аумағының жекелеген әскери-
губернаторлықтар мен уездерге бөлінуі самодержавиянің үстемдігін нығайтуға
бейімделген көп тармақты әскери бюрократиялық аппараттың құрылғанын
көрсетті. Жергілікті рулық таптық ұстанымын әлсірету үшін болыстар мен
ауылдарды, руларды жерге қоныстану үрдісі бойынша емес, жергілікті халықтың
шаруашылық тіршілігінің сәйкес бөлу ұйғарылды. Н.Гродиков атап
көрсеткендей: Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы 1867 жылғы
заң көшпелі халықты болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігін құптады,
қырғыз руларын бір-бірімен айыру үшін үлкен руды бір ру басшысының қол
астына біріктіру саяси тұрғыда зиян ретінде мойындалды [9].
ХІХ ғ. 20-60 жж. әкімшілік-құқықтық реформалардың қазақ социумының этно-
әлеуметтік байланыстарының өзгеруіне ықпал ету проблемасы әскерилердің
еңбектерінде ерекше орын алды.
Сырдария облысының әскери губернаторы Н.И.Гродековтың Сырдария
облысының қырғыздары мен қарақырғыздары. Тұрмыстың құқықтық жағдайы (т.1)
деп аталатын күрделі зерттеуі реформадан кейін жергілікті халықтың саяси
және құқықтық жағдайының өзгеруін талдауға және қазақтардың тұрмысының
құқықтың жағын зерттеуге арналады [(0].
Ресейдің XVIII-ХІХ ғғ Орталық Азиядағы сыртқы саясатының проблемалары
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихи әдебиетте аса кең көрініс тапты.
Ресейдің шығысқа, атап айтқанда орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға
жылжуының себептері әскери тарихшылар Л.Ф.Костенконың, М.и.Ванюковтың,
М.А.Терентьевтің, Н.П.Глиноскийдің, Л.П.Либердің, А.Н.Греннің еңбектерінде
баяндалды [((].
Л.Ф.Костенко Ресейдің Орта Азияға ілгерімен жылжуы кезінде оның түпкі
ойында атаққұмардық болған жоқ және өз пайдасын көздеуі басшылыққа алған
емес. Ресей бұл аймақты тыныштандырып, оның өндіргіш күштеріне қозғау салып
және Түркістанда өндірілген шикізатты Ресейдің еуропалық бөлігіне
жеткізудің қысқа жолын ашқысы келді деп есептеді [((].
ХІХ ғ екінші жартысындағы Орталық Азиядағы орыс жаулап алу тарихына
арналған әскери тарихшылардың еңбектері ішінде М.И.Венюковтың еңбектерін
атап көрсетуге болады. Көптеген орыс офицерлеріне қарағанда ол Қазақстаның
Ресейге қосылуының аяқталу проблемасы мен патшалықтың Оңтүстік бағыттағы
экспансиясын Ресейдің шығысқа бұруының теориялық негізімен тығыз
байланыстырды. Ол Ресейдің бұл аудандарға жылжуының экономикалық, саяси
және рухани себептерін толық дәлелдеді [((].
Тұтас алғанда, әскери тарихшылар Қазақстанға орыс экспансиясының
себептерін анықтауда ғылыми емес пайымдауларға сүйенеді, бұл аймақтағы
тарихи оқиғалардың объективті көрінісі ескеріледі. Олар себептерді бір
жақты негіздеді, сонымен бірге, Ресейдің шығысқа, Оңтүстік Қазақстанға
жылжуы ең алдымен Ресейдегі шексіз биліктің нығаюымен, индустриялды-
урбанизациялық алғышарттардың қалыптасуымен анықталу фактісін мүлде жоққа
шығарды.
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде
де империялық ойлауды көрінеу және жасырып жақтаушылар Ресей
отаршыл, империялық держава болған жоқ, дегеннен айнымай келеді.
Ресей сол кезде де, кейін де сөздің айлық мағынасында қандай
отарлар алып, иеленді деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып
көріңіздерші деп сұрайды тарихшы В.Виноградов пен Ресей сыртқы
істер министрлігі тарихи дипломатиялық басқармасы басшылығының
орынбасары И.В.Филатов Отанымыздың өткен кезеңіне, Ресей
империясының тарихына шолу жасағанда деген мақалада [14.140б].
Бұлда бұрын жазылып келгендерге қайшы келеді. Бұл сұраққа өз
кезінде Ресей тарих ғылымының аталары Н.М.Карамзин, В.О.Ключевский
жауап қайтарған болатын. Соңғысы Ресейдің тарихы – отарлаушы елдің
тарихы деп айқын жазған еді [54.50б].
Қазақстанның, оның ішінде оңтүстік өңірлерінің саяси тарихы,
Ресейге қосылуының мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың
пікірлестері өз ойларын айтқан [11.12б].
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы Қарулы
күрес сәтсіздікке ұшырап Қазақстан империяның әкімшілік – аумақтық
бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға Е.Яшнов
Түркістан өлкесінің құрамында болған Аулие – Ата, Черняев (Шымкент),
Перовск (Сырдария) облыстарының отарлануы, қоныс аударушылардың
шаруашылықтары, қоныс аударушылықтың басты кезеңдері жөнінде мол
мағлұмат береді. Автор Түркістанның отарлануы, оның ішінде Әулие –
Ата, Жетісу облыстарының отарлануы 1874 жылы Қарабалта, Шолдавар,
Михайловка және Дмитривское деген орыс селоларының пайда болуынан
басталды дейді. Бұл кезеңдегі қоныс аударудың ерекшелігі ретінде
генерал – адъютант Фон Кауфманның 1873 жылғы Түркістан өлкесін
басқару туралы ережеге түсініктеме жасап, онда отарлаудың Орынбор
– Ташкент және Ташкент - Верный жолдарының бойымен жүзеге асырылуы
жөнінде мәлімдегенін еске салады [55.102б]. Шығыc жат аймақ
халықтарын орыстандырып жүріп жатқан кезеңде ұлттық прогрестін
көреген қайраткерлері (Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин
және олардың пікірлестері) тауқыметтің ең ауыры туған халқын
ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр болды [11.13б]. 1917 жылдан
кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл
тұстағы еңбектер ішінен Т.Рысқұлов, Х.Досмұхамедов, П.Ч.Галузо,
С.Мендешев, Ғ.Тоқжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап айту
керек [11.15б].
П.Г.Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы
еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді қосып алуға
өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П.Г.Галузо отаршыл империя
теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат
беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. Отар Түркістан (Орыс патша
өкіметінің Орта Азиядағы отарлау саясаты тарихының очерктері)
деген кітабында ол былай деп жазды: Патшалық Ресей әскерлерінің
қазақ даласына қарай ендеп кіруі ХVІІІ ғасырдың бірінші
жартысында-ақ басталған болатын. Орыс патшалары елгеентелей әрі толассыз
дерлік сұғына түсті, былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды
.... [11.15б]. П.Г.Галузо Ресейдің отаршылдық табыстары тарихын
Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланысты алып
қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі: Біріншіден –
халықтарды саяси дербестіктен айырудың; Екіншіден - экономикалық
жағынан кіріптар етудің; Үшіншіден – дүние жүзін болашақ отарларға
бөлу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды деп
есептейді. П.Г.Галузоның сіңірген еңбегі ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы
Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көрсету
проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. Дәуір екі бөлікке:
өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне
бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық қозғалысы екі кезеңге
бөлінеді [56.59б].
Тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Хиуа
хандығы шаруашылығы мен қолөнері едәуір жақсы дамыған
мемлекеттердің бірі болды. Әсіресе егін шаруашылығы ерекше дамыды.
Мұны орыс зерттеушілері де атап өткен. Мысалы, орыс фармацевті
И.Краузе өзінің Хиуа хандығы туралы жазбаларында былай деген:
Хиуа хандығының егін шаруашылығы Бұхара мен Қоқан хандықтарына
немесе Түркістан өлкесіне қарағанда едәуір жақсы дамыған және
басқаларға толық үлгі болардай. Бұл табысқа тек ғасырлар бойында
қол жеткізуге болады [57.40].
Біз қарастырып отырған кезеңде, Хиуа хандығы Орта Азиядағы
экономикасы дамыған мемлекет ретінде қолөнер кәсібі мен ауыл
шаруашылығы өнімдерін тек ішкі тұтыну мақсатында емес, сыртқа
шығару үшін де молынан өндіре бастады. Мұндай экономикалық саясат,
хандықтың көрші халықтарымен, мәліметтермен сауда байланыстарын
нығайтуға мүмкіндік туғызды. Тіпті, Хиуа хандығының билеушісі топтары
тарапынан, қазақ елін қарсы үнемі жүргізіліп келген басқыншы
соғыстар кезінде де, арадағы сауда қарым-қатынастары тоқтап қалған
кезі болған емес. ХХ - ХІХ ғасырдың 20-жылдары Хиуа хандығында
болып қайтқан орыс армиясы бас штабының капитаны Муравьев Хиуаның
көрші мемлекеттермен, қазақ даласымен және Ресей империясымен
жүргізіп отырған ірі көлемдегі сауда байланыстарын атап көрсетті
[58. 93б]. Хиуа хандығының қалалары мен базарларына батыс пен
шығыстың көптеген елдерінен тауарлар әкелінді. Бұл жөнінде орыс
зерттеушісі Л.Ф.Костенко атап көрсеткені Хиуа саудагерлерінің
дүкендері мен базарларынан орыс қантын, шыты мен шұғасын; Бұқараның
жібеге маталарын (атлас, барқыт, дүрия, хош шәйін, т.б.), көн мен
былғарыдан жасалған тұрмыстық заттарын; Мысыр, Үнді, Қытай
тауарларын: пешбед маталары мен ағылшын шұғаларын көптен
кездестіруге болады [59.329б].
Автор сауда айналымын сипаттай келіп, сауданың қаншалықты
даму дәрежесін анықтауға тырысады. Оның мысалы ретінде Үргеніштегі
сауда айналымын сараптайды: 1887 жылы бұл қалада сауда айналымы
1 млн. 50 мың сомды құрған. Сол жылы күзде аталмыш қалада бір
күнгі сауда айналымы 20 мың сом болған. Ал, жалпы Хиуа хандығы
бойынша сауда айналымы 12 млн. сомға жеткен [60.133б]. Хиуа
хандығының ішкі – сыртқы саудасын дамытуда Қоңырат қаласының маңызы
зор болды. Көрнекілі шығыстанушы В.В.Бартолов былай деп жазды: Орта
ғасырларда көне Үргеніштің маңызы қандай болса, Қоңыраттың
маңыз қадірі сондай [61.95б]. ХІХ ғасырда осы пікірді орта
зертеушілері Гирмвельд пен Галкин де айтқан. Олар Қоңыратта үлкен
базар бар, онда негізгі сауда көшпенділер мен отырықшылардың
арасында болады - деп көрсетті [62.139б]. Сондай-ақ, сауданың көктемде
және күзде айрықша қызатынын атап өткен. Себебі, Қазақтардың көшіп-
қонуына байланысты болды дейді.
Хорезмнің басқа қалаларындағы сауда жүйелері туралы орыс
зерттеушісі Г.И.Данилевский мен ағылшын саяхатшысы Антони Дженкинсон
өз зерттеулерінде жазып қалдырған [63. 177б].
Хиуа хандығының Қазақ елімен, Ресей империясымен, басқа
мемлекеттерімен сауда байланысы туралы орыс зерттеушісі М.И.Иванин
былай деп жазды : Хиуа саудагерлері Шығыста: Бұхара, Қоқан, Ауғанстан,
Иран, Қытай мемлекеттерімен, ал Батыста, қазақ жері арқылы Ресей
империясымен, атап айтқанда, Орынбор, Астрахань, Семей, Петропавл
қалаларымен тығыз сауда байланыстарын орнатты. Хиуаның аты шулы
базарларында: орыс, Қытай, Үнді, Орта Азия, тіпті ағылшын тауарлары да
сатылатын. Дегенмен Хиуаның негізгі сауда серіктері қазақтар болып
қала берді. Хиуалықтар қазақтарға өздерінің дәстүрлі тауарларын:
өңделген көн, былғары, жібек және мақта мақталарын, барқыт, парша,
тігулі киімдер, ыдыстар, егін шаруашылығына керекті құрал –
саймандар, металлдан тұрмыстық заттар, киіз үйлер үшін ағаштан
арнап жасалған бұйымдар, т.б. шығарды. Олар негізінен тауарларын
малға : қой, түйе, жылқы және мал шаруашылығы өнімдері айырбастады.
Үстірттің, Сырдарияның төменгі ағысы мен Қызылқұмның қазақтары
ежелден Хиуа, жаңа Үргеніш, Төрткүл, Шымбай, Нөкіс, Ханка, Ходжейлі
базарларын базарлады. Ал, Арал маңы қазақтары Хорезмнің атақты бес
қаласының: Қоңырат, Көне Үргеніш, Шаһабад, хазарасы, Гүрленнің базарларын
базарлады. Қазақтардың Хиуа хандығымен сауда байланыстарын нығайтуда
керуен жолдарының маңызы зор болды. Әрбір керуен жолдарының өз
бағыты мен отауы бар еді. Әсіресе Хиуа хандығын Орынбормен
байланыстыратын керуен жолының маңызы күннен-күнге арта берді. Ол
қаша жол деп аталып, негізгі сауда жолына айналды. Бұл жол
Орынборға Үстірт арқылы өтетін еді [65.287-393бб].
Оңтүстік қазақтардың Қоқан және Хиуа хандықтарының езгісіне
қарсы ұлт – азаттық күресі тарихи әдебиетте жан-жақты қаралды.
Мысалы, ХІХ ғасырдың 50 жылдарының соңында Қазақстанда Қоқан
мемлекетінің ауыр салықтарына қарсы тарихта тамаша із қалдырған
көшпелілердің ірі көтерілісі болды. Бұл Орта Азия үшін ағылшын –
орыс бәсекелестігінің күшейген кезеңіне тура келеді. Тарихи –
джайнамай авторының сипаттағандай бұл көтеріліс 1858 жылы наурыз
айында Әулие Ата аймағында басталды [66. 242б].
Ш.Уалихановтың айтуынша : Бұл уақытта Ташкент әкімі мырза –
Ахметтің қатыгездігі мен қыспағынан әбден титықтап, төзімі шегіне
жеткен қазақтар оған бағынудан бас тартты. Оның үстіне әкім
қазақтың бірнеше қадірменді биін жазықсыз дарға асқан [67.54б].
Өзбек тарихшысы Р.Н.Нәбиев зерттеуі көрсеткендей: Мырза Ахмет
қаланың, аймақтық тұрғындарына зорлық – зомбылық жасады, оның дала
халқына жасаған өктемдігіне ешқандай шектеу болмады. Салықты балалар
мен қыздарды сату жолымен алып отырды. Жағдайдың ауырлығына
байланысты әр ру мен тайпа тынышсыздық танытып, салықты
жинаушыларға талап еткендерін бермеді [68.51б].
Тарихшылар Мұхаммед Салих пен Л.Соболев бұл туралы былай деп
жазды: Негізгі зекетті толықтыру мақсаттарымен тайпаларға келетін
зекет жинаушылар оның есебіне мүлікті де, қажетті заттарды да,
жануарларды да жазды. Олардың өздерінің жылқылары көп және саны
жоқ, алайда, олар мемлекет арқылы салықтан босатылды, қалыптасқан
зекет алып отырды. Сондықтан, көшпелі тайпалар түнде мырза биді
(мырза Ахметтің інісі) адамдарымен бірге өлтірді және Дешті
Қыпшақтың өзара қосылған тайпалары Қоқан хандығымен оның Ташкент
нелігінен шықты. Олар зекеттің дирхемін де, фельсін де төлемеді.
Дешті – Қыпшақтан Түркістанға дейінгі аймақты көтеріліспен,
тәртіпсіздікпен басып алды [69.51б]. Қазақстанның революцияға дейінгі
тарихының проблемаларын жан-жақты зерттеуге Алматыға эвакуациямен
келген Мәскеу мен Ленинград қалаларының көрнекті ғалымдары
В.Адоратовский, Л.Баевский, М.Дружинин, М.Ким, А.Кучкин, А.Панкратова,
С.Юшков және тағы басқалардан ықпалы зор болды.
Қазақ жерінің оңтүстік аймақтарын Ресейдің әскери – саяси
экспансиялауының проблемаларына арналған бірқатар тарихи зерттеулер
жазылды. Осы мәселе М.Вяткиннің Очерки истории Казахской ССР деген
еңбегінде жан-жақты баяндалды. Ғалым қазақ өлкесінің революцияға
дейінгі архив материалдарын енгізіп, аймақтағы ішкі саяси ахуалды
және ХVІІІ ғасырлардың орта шеңіндегі қазақтардың халықаралық
жағдайына барынша терең талдау жасады [70.131-132бб].
М.Вяткин қазақтардың Ресей - бодандығына кіруінің мәжбүрлік,
ықтиярсыздық сипатта екендігін айта келіп, Ресейдің Қазақстанға
қатысты саясатында жаулап алу терминді қолданудан бас тартып
қазақтардың орыс бодандығына енуін, жергілікті атқа мінерлерді немесе
қара және ақсүйектер өкілдерінің патша өкіметі мен өздерінің
таптық, қанаушылық халық бұқарасының еркінен тыс жасалған одағының
актісі ретінде қарастырды. М.Вяткин аталмыш еңбегінде Қытайдың
және Орта Азия хандықтарының қазаққа қатысты экспансиялық
әрекеттерінің, патша өкіметінің қазақ даласының оңтүстік
аймағындағы саяси бағытының өзіндік белгілерін көрсетті. Автор бұл
процестің Орта Азия хандықтарының қазақтың оңтүстік қоныстарына
және Қытайдың қазақ даласының Шығыс өңіріне агрессиялық
әрекетімен бір мезгілде жүргізілгендігін айтты. Осыған орай ол
өзінің Очерки истории Казахской ССР деген еңбегінде Қоқан
хандығының ұлы жүзге, Хиуа хандығының Сырдария қазақтарына ...
ықпалын Абылай ханның ұрпақтарының арасындағы бәсекелестікті
пайдалану арқылы күшейтпек болғаны туралы толық мәліметтер береді.
Ресейдің ұлы жүзге ықпалының басталуын М.Вяткин ХІХ ғасырдың 20
жылдарында Жетісудағы қазақтың бірнеше ру басыларының Ресейдің
билігін мойындауымен байланыстырады [70.268б]. Қазақстанның Ресейдің
құрамына қосылуы жөніндегі бұдан былайғы арнайы зерттеулер
жоғарыда аталған пікірлер мен тұжырымдардың дұрыстығын көрсетті.
Мұнымен қатар Хиуа, Қоқан хандықтары, Қытай және Ресей
империяларының Қазақстандағы басқыншылық саясаты туралы баяндай келе
М.Вяткин жоғарыда айтылған хандықтар мен империялардың қазақ
жерлеріне баса – көктеп кіруінің себептерін ашық түрде қалдырды
және Ресейдің Орта Азиядағы әскери экспансиясының қозғаушы күші
шығыстағы ықпал ету кеңістігі үшін ағылшын – орыс бәсекелестігінің
маңызын ашып көрсете алмады [72.132б].
Қоқан және Хиуа хандықтарының қоластындағы қазақтардың жағдайын
сипаттай отырып, М.Вяткин Орта Азия хандықтарының үстемдігіне
қазақтардың әр түрлі әлеуметтік топтары қатынастарының түрліше
болғандығын айтады. Тап күресі тұрғысынан қарастыра отырып, ол
қазақтың ру басыларымен басқа да билеуші топтарының
Қоқандықтармен қатынастарында келісімпаздық позицияның орын
алғандығын анықтайды. Осы тұрғыда ол былай деп жазды: Она– открыто
переходила на сторону завоевателей и пользуясь поддержкой
гарнизонов, совершала бесконечные насилия над трудящимися казахами
[70.131-132б]. Орта Азиядағы оқиғаларға байланысты Очерки истории
Казахской ССР деп аталған еңбекте қазақ халқының ұлт-азаттық
жолындағы күрес мәселесі де қарастырылады. Орыс патшалығы мен Орта
Азия хандықтарының үстемділіктері қазақ халқын отарлық езгіге
душар етті. Сондықтан да Кенесары Қасымовтың басшылығындағы қазақтың
ұлт-азаттық қозғалысы, сонымен бірге Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет
Көтібаровтың басшылықтарымен халқымыздың ұлт-азаттық күресі
М.Вяткиннің еңбегінде отаршылдыққа қарсы күрес ретінде
қарастырылады. Осы азаттық жолындағы күрес жөнінде ол былай деп
жазды: Ошибочно было бы движение Кенесары как направленное
только против российского царизма, так и против Кокандского ханства
и только путем жалоб борьбы на два фронта Кенесары мог
стремиться к достижению цели своей жизни – созданию независимого
Казахского ханства [70.280].
Өткен ғасырдың 40-жылдары Қазақстанның революцияға дейінгі
тарихы бойынша жинақталған зерттеулердің жүйесін жасаумен бірге
патша өкіметінің Орта Азиялық саясатының концепсиясының негізін
салу белсенді түрде қолға алынды. Орталық мұрағаттардан алынған
деректі материалдарды ғылыми айналысқа енгізуде кеңестік
тарихшылар аталмыш тақырыпқа байланысты қалыптасқан, қатып қалған
қағидалардан бірте-бірте арылып, Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен
Орта Азиядағы саяси бағытты зерттеудің, халықаралық қатынастар
мен оқиғалар аясында жүргізудің негізін қалады. Аталмыш саладағы
қол жеткен жетістіктер Азиядағы халықаралық қатынастар сюжетіне
оннан астам ғылыми еңбектерін арнаған Кеңес Одағының
археографтарының бірлігі, халықаралық қатынастар мәселесімен
айналысушы ғалым А.П.Поповтың есімімен байланысты болды. Оның
зерттеу жұмыстары, негізінен алғанда, патша өкіметінің шығыстағы
саясатына және Еуропадағы ірі державалардың Азиядағы үстемдік үшін
өзара күресіне арналды. А.П.Попов кеңестік тарихнамада тұңғыш рет
Ресей сыртқы істер министрлігі мұрағатының қорларындағы көптеген
құнды құжаттармен танысты, Орта Азияны жаулап алу дәуіріндегі
халықаралық қатынастарға жан-жақты зерттеу жүргізіп, талдау жасады.
Мұнда, әсіресе, Ресейдің ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы Оңтүстік
Қазақстан саясатына назар аударады [73.182-183]. А.П.Попов патша
өкіметінің Оңтүстік Қазақстанға және көрші Хиуа мен Қоқан
хандықтарына шабуыл жасаудағы дайындық жұмыстарын жан-жақты
қарастырады. Әсіресе, 1838 жылғы В.А.Перовский бастаған Хиуа
экспедициясының барысы мен нәтижесіне ерекше көңіл бөледі. Өзінің
тағы бір мақаласында А.Попов Ресей империясының ХІХ ғасырдың 30-60
жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызтандағы саясатын
сынға алады. Құжаттарды жан-жақты зерттеудің негізінде ол мынандай
қорытындыға келеді: Қазақ даласындағы орта экспансиясының мақсаты
ХІХ ғасырдың І жартысында және орта шенінде ешбір өзгеріссіз
қолын қойды. ХІХ ғасыр ортасына дейін патша өкіметі Орта Азияны
Англиямен күрестегі ең қолайлы алаңдары ретінде санады. Бірақ Орта
Азия проблемасының өзіндік салмағы барынша арта түскені байқалды
[74.186б]. Орта Азия мәселесі бойынша А.Попов пен М.Вяткиннің
көзқарасы қазақ тарихшысы А.Баймурзиннің мақаласында өз жалғасын
тапты. Ресейлік оқымыстылардың ізімен аталмыш автор көрші Азия
державалардың қазақ жүздерін өздеріне бағындыру. Олардың өз
мақсаттарын іске асыру үшін қазақ даласындағы рулар арасындағы
күресті тиімді пайдалануы және қазақтың ру басшыларымен
сұлтандарының Қоқан мен Хиуа хандықтарына қатысты келісімпаздық
позициялық туралы жазды. Қоғам тарихындағы тап күресінің
айқындаушы рөлі тұрғысынан тарихшы А.Баймурзин Абылай ханның сыртқы
саясатына нашар баға беріп, хан өзін халық бұқарасын тонаушы
және Қытайдың үлкен жоқтаушысы, қолдаушысы ретінде көрсеткісі
келді[75.154б]. Мұнымен бірге ол Цин империясының Қазақстанның
шығысындағы ықпалын бағалауда асыра сілтеушілікке ұрынды. Оның
көзқарасы бойынша, ХІХ ғасырдың 30-жылдары, яғни патша өкіметінің
орта жүзде сыртқы округтерді құру кезеңінде Қытай өкіметінің
беделі мен ықпалы шығыс Түркістанда да, Қазақстан мен қырғызтанда
да іргесі шайқалған еді [75.158б]. Құжаттар мен зерттеулерде
көрсетілгендей, Қытайдың шығыс Қазақстан мен Жетісудағы ықпалы
ұзаққа созылмады, тұрақты түрде әрекет ететін саяси фактор бола
алмады және Қытайдың беделі мен ықпалы ХVІІІ - ХІХ ғасырларда
қазақтың өздерінің азаттық жолындағы күресінің нәтижесінде
айтарлықтай төмендеп кетті [75.157б]. Сонымен бірге А.Баймурзин
жергілікті мұрағат құжаттарын пайдалана отырып, Оңтүстік
Қазақстандағы Қоқан хандығының экспансиялық саясаты туралы қызықты
мәліметтер келтіреді. Мәселен, автор ұлы жүз қазақтарының көрші
мемлекеттердің шабуылына төтеп бере алмай, өз тәуелсіздігінен
айырылуындағы қазақ сұлтандарының арасындағы өзара тартыстың
кесірі тигенін айтады. Ал Сырдария алқабындағы тарихи оқиғаларға
қысқаша шолу жасай отырып, Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға билік
орнатуы қазақ халқын отаршылдық езгіге әкеліп ұрындырғанына
тоқталады [77.158б].
1943 жылы А.Панкратова мен Әбдіқалықовтың редакциясымен История
Казахской ССР деп аталатын кітаптың шығуы республиканың ғылыми
өмірінде және барлық КСРО-да маңызды оқиға болды. Ол кітапта
патша өкіметінің қазақ өлкесінің шығыс және аймақтарында билігін
орнықтырудың әдістері мен формалары жан-жақты сипатталады. Онда
жаңа бекіністердің салынуы мен шекара сызығының барынша
жылжытылуы, орыс әскерлерінің далалық жорықтары мәселелеріне ерекше
назар аударылды. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және
Хиуа хандықтарының агрессияның әрекеттері баяндалады. История
Казахской ССР кітабының авторлар ұжымының үлкен жетістіктерінің
бірі. Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров бастаған
ұлт-азаттық қозғалыстарының күнделікті зерттелуі мен қарастырылды
[77.165б]. Ол еңбекте қазақ батырларының Қоқан және Хиуа
хандықтарына қарсы күрестегі орыстармен одағы, патша өкіметінің
басқыншылық, отаршылдық саясатына қарсы күресінің жылдары нақты
түрде ажыратылып көрсетілген. Авторлар ұжымы қазақ халқының сыртқы
агрессиялық әрекеттерге қарсы күресін қорытындылай келе, олардың
тарихи маңыздылығына былайша баға береді. Движение доказало
жизненные силы казахского народа, готовность защищать свою
независимость, обнаружило отвагу кітаптың авторлық ұжымының жетістігі
ретінде патша өкіметіне қарсы күресте көрнекті қазақ сұлтаны
Садық Кенесарыұлының атқарған рөлі туралы сюжеттердің баяндалуы
болып саналады. Кітапта Садықтың Ресей және Орта Азия хандықтары
әскерлерімен болған ірі шайқастардағы жеке ерлігі мен батырлығы
туралы маңызды мәліметтер беріледі және орыс отаршылдарымен
ысмырасыз күрескен Садықтың жауынгерлік жолы толығымен бейнеленген
[47.166б].
Сонымен қатар Е.Бекмаханов ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды
(Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.) Кітаптың басым бөлігі
Кенесары Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған.
Мұнда көтерілістің қозғаушы күштері, оның Орта жүзді құлаш жаюы,
Кенесарының қазақ мемлекеттігін нығайту жөніндегі іс-шаралары,
Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды шарттан болған
әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыз
билеушілерінің қолынан қаза табуы айқындалды. Қорытындысында автор
Қазақстандағы 20-40 жылдардағы оқиғаларды жинақтап, олардың жалпы
Орта Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі тағдырына жасаған
ықпалын анықтап берді. (1998 жылы Е.Бекмахановтың кітабы екінші рет
басылып шықты). ХХ ғасырдың 50- жылдарындағы аяғы 60-жылдарының
басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас түбегейлі
теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдық-монархиялық
деп аталынды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, қуғынға
түсті [78.2б]. Көтеріліске ғылыми ден қоюшылық 90 – жылдары қайтадан
жаңарды. 1990 жылғы 27-28 шілдеде Ш.Уәлиханов атындағы тарих,
археология және этнография институтымен мен Вопросы истории
журналының редакциялық алқасы Отаршылдық жағдайындағы ұлттық
қозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ) проблемасы
бойынша ұйымдастырған Бүкілодақтық Дөңгелек стол нысаналы түрде
өткізілді. Ғалымдар халық бұқарасының азаттық күресінің көп жағдайы
объективті көрінісін жасауға және қоғамдық санада орын алып
отырған ескі сенімдерді жоюға, сондай-ақ зерттеу объектеріне де,
оның тарихнамасы мен проблемаларына да жаңа методологиялық
көзқарастар іздестіруге шақырды. Ұсыныстарда Ауызша айтылатын
және фольклорлық материалдарды тарату арқылы ХVІІІ-ХХ ғасырдың
басында Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында
болған ұлттық ұлттық қозғалыстарды жан-жақты сипаттайтын құжаттар
мен материалдарды анықтау, жинау және басып шығару, сондай-ақ
С.Асфендияров, Е.Бекмаханов еңбектеріне жауапсыз берілген бағаны
қайтадан ой елегінен өткізіп, олардың Қазақстандағы ұлттық
қозғалыстарға арналған еңбектерін қайта шығару көзделді. 1992
жылы Ақтөбе қаласында ғылыми – теориялық конференция өткізіліп, оның
ХVІІІ-ХХ ғасыр Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыс – біртұтас
үрдіс: проблемалар, ізденістер, шешімдер деген материалдары жарық
көрді. Конференцияның айрықша белгісі қазақтардың тәуелсіздік
жолындағы күресінің аз зерттелген проблемаларын көрсету және
қазақ халқының азаттық күресінің тарихын методологиясы мен
тарихнамасы мәселелеріне жоғары деңгейде көңіл аудару болды [78.8].
ХІХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының тарихын тәптіштеп
зерттеген Е.Бекмаханов ең негізгі мәселеге – халықтың қоғамдық
құрылымына соғады.
Е.Бекмаханов еңбегінде байлар атты әлеуметтік топқа мүлдем
жаңа анықтама берген. Ол ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда ақша-
тауар қатынасының дами бастауына байланысты ерекше әлеуметтік топ
пайда болды деп жазады. Ғалымның бұл ойын ары қарай
тізбектесек, ХІХ ғасырда пайда болған ХХ ғасырдың басында топ
ретінде жойылған қазақ байларын феодалдық сипаттағы қанаушы
топқа емес, экономикалық дамудың ерекшелігіне сай пайда болған
жаңа әлеуметтік топ, екінші сөзбен айтқанда, қазақ капиталистерінің
алғашқы қарлығаштары деген қорытынды жасауға болады [1.109б].
Автор қазақ шаруаларын әртүрлі әлеуметтік топтарға бөліп
талдағанда басыбайлы деген атауды қолданбайды.
Зертеуші ХІХ ғасырдың жартысында қазақ қоғамын жан-жақты
талдаған еңбегінде қоғамдық және топтың құрылымын қарастырмағаны
тегін болмаса керек. Ол еңбегінде Қоғамдық құрылым деген атауды
қолдана бермейді. Әлеуметтік құрылымды талдаған да тап деген
атауды емес, әлеуметтік топ деген атауды қолданғанын байқаймыз.
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын
талдағанда қоғамды топқа емес , әлеуметтік топқа бөліп ақсүйек,
қарасүйек ретінде қарастырудың өзінде де біздің ойымызша үлкен
мән жатыр...
Автор өз еңбегінде феодал деген атауды қолданғанымен, оны
қоғамдық, топтық мағынада талдамайды. Ол өз еңбегінде таптық
құрылымға байланысты сұлтандарды, билерді, ру басыларын феодал басшы
жоқ деп атаған. Егер ХІХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамын
феодалдық сипатта деп есептесе, автор қоғамдық құрылымды, ондағы
топтық қатынасты талдаған болар еді. Е.Бекмаханов олай істемеген.
Бұл айтқандар автордың ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының
феодалдық сипатына күмәнданғанына дәлел болса керек [1.107б].
Орта Азия хандықтарының қазақ жерлерінің Оңтүстік аймағына
басып кіруінің өрістеу жағдайында байланысты жүргізілгендіктен,
аталмыш қозғалыс отаршылдық органдарына ғана қарсы күрес емес,
Қоқан хандығымен күресті дамытуды және қазақ өлкесінің
аумақтарында Ресейдің билігін кеңінен орнықтыру, тарату қарсылығына
әкеліп соқтырды. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан атты
еңбекте қазақ жүздерінің Орта Азия хандарымен қарым-қатынастарының
көптеген және патша өкіметінің қазақ даласында жүргізген саясаты
бейнеленеді.
Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарының жалпы ұлттық
идеясы отарлық езгіден құтылуға, елдің елдігін, тұтастығын сақтауға
саяды. Ел – бабырға түркі заманынан бері жемісі үзілмей келе
жатқан, қадірлеп ұстауды талап ететін, қазақтың санасында берік
орын тепкен құндылық. Ал, елдің негізі жер. Осы тұрғыдан
келгенінде, Е.Бекмахановтың : Кенесары патша үкіметі, Қоқан мен Хиуа
тартып алған қазақ жерлерін қайтару, Россияның қарамағында қазақ
халқының біртұтас мемлекетін құру ұранымен күреске шықты...
Өздерінің мақсаттары үшін, ең алдымен, тартып алынған жайлауларын,
жайылымдарын қайтару үшін күрескен қалың бұқараның қатысуы
көтерілістің кең өріс алуын қамтамасыз етті, [39.4б] деген
байламында терең методологиялық түйін бар. Жерден айрылу елдің
экономикалық негізін жаңартуға әкеледі. Және керісінше, саяси
дербестігін халықты экономикалық сирек отарлықтан қорғауға, кемел
экономикалық әлеует саяси тәуелсіздігінің іргетасын икемдеуге
мүмкіндік туғызды.
Ұлт – азаттық қозғалысқа бас болған тұлғаның қанды күрес
жеңіске жететініне сенімді болуы немесе сенімсіздікпен қарауы
әзірге шешіміп таппаған маңызды сұрақ. Е.Бекмахановтың қабылдауынша
Орта Азия хандықтарына, ең алдымен Қоқан хандығына қарсы күресе
отырып, Кенесары соғыс қимылдарын тоқтату туралы патша өкіметі
орындарымен келісуге тырысты, өйткені патшалы Россия сияқты қуатты
елге қарсы күрестен нәтиже шықпайтынын білді. [39.5]
Ұлт – азаттық қозғалыстар - Қазақстан тарихының жарқын да
қасіретті беті. Оларды зерттеу методологиясын тереңдете түсу
тарихшы ғалымдардың мәртебелі міндеті қатарында тұра бермек. Ал
Отандық тарихнамада оны кешенді шешудің үлгісін көрсеткен ғалым
Е.Бекмаханов болатын.
Тарихнаманың қарастырып отырған кезеңі мен тарихшылардың
кейінгі жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Қазақстанның
қазанға дейінгі кезеңдегі тарихына арналған Біріккен ғылыми
сессиясының ( материалдары..., Ташкент 1955) айқындаушы маңызы болды.
Сессияда әзірленген ұсыныстар қазақ ССР тарихының (1-т., А., 1957)
және Е.Бекмаханов империализм кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік
- экономикалық қатынастар. Алматы 1907. С.Зименов (ХІХ ғасырдың
бірінші жартысындағы қазақтарды қоғамдық – экономикалық құрылысы. А.,
1959) жазған әлеуметтік – экономикалық тұрғыдағы монографиялардың
негізіне алынды.
Е.Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар,
тархандар, батырлық санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің
серпінін зерттеді. Бұл орайда, авторды анықтау, соңғы екі санат (
тархандар мен батырлар) ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай өзінің
экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің әлеуметтік топ
ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көз
қарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша
айналысты: бір жағынан, С.Толыбековтың, С. Зимановтың байларды ХІХ
ғасырдан көп бұрын болған туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл
көзқарасты сыңаржақ деп санады; екінші жағынан, Е.Федоров пен
А.Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды
асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін
еңбегін туыстық көмек түрімен пайдалану фактілерін елемеген
қағидаларына қарсы шықты. Е.Бекмаханов Қазақ ауылында патриархаттық –
рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік
еткенін дәлелдеді [11.27б].
Е.Бекмаханов өзінің кітабында жаңа шептердің салынуы және
олардың маңындағы жерлердің қазақтардан тартып алынуы, қазақтар
мен шаруаларды, қылмыскерлерді әкеліп орналастыру барысы сан алуан
мұрағаттық дерек көздері негізінде пайымдалды. Сол кездің өзінде
патша өкіметінің қазақ жерін орыс шаруаларының күшімен отарлауды
жоспарлағаны көрінеді [27.56]
Кенесары хан құрған билік жүйесінің болмыс – бітімі, икемділігі
мен артықшылықтары Е.Бекмаханов шығармасындабарынша орнықты ашылғаны
белгілі, Кенесары, - деп жазған болатын әйгілі тарихшы, - өзінің
мемлекеттін, жеке адамдар арқылы басқарды. Бұл адамдар сот,
дипломаттар, финанс, елден мал – мүлік алу мәселелерімен, соғыс
ісімен шұғылданды. Ханның жанындағы жоғары кеңеске жас
феодалдардың толитарлық өкілдері мен батырлардың бірсыпырасы
қатысты. Жер – жерде өкімет жұмыстары жасауылдар арқылы орындалып
отырды. [28.123б] Сондай-ақ Е.Бекмаханов Кенесары енгізген сот және
салық реформасын кеңінен талдайды.
Е.Бекмаханов өз еңбегінде Кенесарының орталықтандырылған
біртұтас қазақ хандығын құруға жасаған әрекеті халық мүддесіне сай
келді деп қорытындылайды.
Сөйтіп, Кенесары хан ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде патша
үкіметі құлатқан қазақ халқының ұлттық, тәуелсіз мемлекетін – хандық
мемлекетті қалпына келтірді. Оның өзін хан көтереді. Кенесары құрған
мемлекет монархиялық сипаттағы мемлекет болғанына,аз уақыт қана өмір
сүргеніне қарамастан, қазақ халқының тарихында көрнекті із
қалдырды. Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыс негізгі
нәтижелерінің бірі, жеңісі деп есептеу қажет.
Қоныс аудару қозғалысының ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғаны
туралы Н.В.Алексесниоға дейін, ХХ ғасырдың 20 ғасырдың 60-жылдарындағы
тарихнамада кездескен болатын.В.Ф.Шахматов қоныс аударушылықтың ХVІІІ
ғасыр түгіл, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында да шартымдығы болмағандығы
туралы 1964 жылы жарық көрген Қазақ жабылымдық – көшпелі қауымы
құрылуы, эволюциясы және ыдырауының мәселелері деген еңбегінде жазған
болатын.
Автор ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қоныс аударушылықтың
кейбір көріністері болғандығы, оған 1822 жылғы Сперовскийдің
жарлығының, ХІХ ғасырдың 40 жылдарында мемлекеттік мүлік
министрлігінің шаруаларды Сібірге қоныс аударумен айналысуының
ықпал өткендігін жоққа шығармайды.Осылайша, Сырдария шебінде (Раим,
Қаралы және басқа да бөліністерге), Верный бекінісіне Сібірден
казактармен қоса шаруа отбасы қоныс аударды. Алайда, 1861 жылға
дейін шаруалардың шығысқа еркін қоныс аударуы болмады. Сібірге,
негізінен, Тобыл және Том губернияларына жылына 2 мыңдай адам қоныс
аударғаны көрсетіледі [79.96б].
Қоныс аудару қозғалысын автор екі кезеңге ғана бөледі. 1861
жылдан Столппин реформасына дейін және 1906 – 1914 жылдар аралығы
Қоқан хандығының езгісіне қарсы Әулие-ата,Ташкент уездері мен Сырдария
ауданының Түркістан қазақтарының көтерілісінде, автор жан-жақты зерттеген.
К.Забаров 1958 жылы жарияланған бір еңбегінде орыс шаруаларының
Жетісуға қоныс аударуына байланысты А.Н.Кауфманның, К.Поленнің,
О.А.Шкапскийдің еңбектері негізінде шет аймақтарды отарлаулаудың
басты бағыттары, кезеңдері мен сипатын қарастырды.
Қазақ интеллигенциясының ғылыми мұраларында патша өкіметінің
түрлі экономикалық және саяси мақсатта орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Қазақ - Ресей саудасы
Майлықожа сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі
Пәндер