Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру



Кіріспе

І.тарау

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми.теориялық негіздері.

1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні,
мазмұны, құрылымы. 6.14
1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары. 15.29

ІІ.тарау

Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері.

2.1. Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері. 30.36
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың жаңа технологиялары. 37.52

Қорытынды 53.54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55.58

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59.60
Зерттеудің көкейкестілігі.
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр [1]
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. [2]
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.
Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.
Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. [3]
Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі оқушының жеке дамуы, өзіндік жұмысы, білік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары С.Т.Сабыров, Н.Д.Хмель А.Е.Әбілхасымова Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.
Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтермен психологтердің еңбектерінде Л.В.Занков, М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский т.б. зерттелінген. Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектердің қатарына П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, Р.С.Омарова еңбектері жатады.
Н.Ф.Талызина өзінің “Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру” атты еңбегінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын атап көрсеткен.
Ал С.Т. Сабыров оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды қарастырған.
А.Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәлелесіне тоқталған.
Қ.Б.Жарықбаев зерттеуінде оқыту-танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерінде танымдық мотивтердің жалпы бөлінуін қарастырған.
Н.Қ.Тоқсанбаева оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымын қарастырған.
Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру деңгейлері мен педагогикалық шарттарының болуы зерттеу тақырыбын “Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін жасау.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері айқындалды, және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Оқушыларда танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері айқындалды.
3. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың деңгейлері мен шарттары айқындалды.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынуда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алиматы: Білім, 1997,176б.
2. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Астана, 2004ж.
3. С.Назарбаева. Өзіңді өзің танып - білу бұл да ғылым. Егемен Қазақстан-2004ж.
4. Н.Ф.Талызина. Формирование позновательности младших школьников. Москва 1988, 97с.
5. Т.И.Шамова. Активизация учения школьников, Москва: Педагогика 1982, 208с.
6. Дьяченко В.К.Новая дидактика. М; Народная оброзавание,2000-197с.
7. Куписевич И.Основы общей дидактики. М; Педагогика, 1986-206с.
8. Оконь В.Введение в общую дидактику.М; Педагогика,1990-234с.
9. Селевко В.К.Современные оброзовательные технологии.М; Народное оброзование, 1998, 256с.
10. Лихечев Б.Т.Педагогика. Курс лекций. М; Прометей, Юрайт,1998.
11. Баллаев А.А.Активные методы обучения. М;,1986, 256.
12. Махмутов М.И. Проблемные обучение. М; Педагогика, 1985,198с.
13. Щукина Г.И. Активизация позновательной деятельности учащихся в учебном процессе. Москва: «Просвещение» 1979, 160с
14. ЧередовИ.М.Формы учебной работы в средней школе-М:Просвешение61988-255с
15. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы.п.ғ.к. дисс... Автореф Алматы-2001.
16. Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс...Автореф Қарағанды 2004.
17. Карпов А.П. Самостоятельная позновательная деятельность школьников в обучение. М., Педагогика 1980, 24с.
18. Н.Д.Хмель Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық прцесс Алматы «Ғылым» 2002.
19. Асылжанова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы. Дисс... п.ғ.к, Алматы 1999, 144б.
20. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А «Мектеп» 1978, 110б.
21. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003, 257-261б.
22. Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия. Алматы «Білім» 2001, 188-190б.
23. Е.И.Пассов. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. Москва «Просвещение» 1991, 17-22с.
24. С.Н.Савина. Внеклассная работа по иностранным языкам в средней школе.Москва «Просвещение» 1991, 12-16с.
25. Л.В.Щерба. Преподование иностранных языков в средней школе под ред проф Рахманова И.В. Москва «Высшая школа» 1974, 6-13с.
26. Философия. Алматы «Рауан» 2001, ХІІ тарау Таным 226-238б.
27. Әбиев Ж.Ә, БабаевС.Б, Құдиярова А.М. Педагогика. Дарын-Алматы-2004, 188-190б.
28. Бейсембаева З. Студенттердің танымдық әрекетін басқарудың негізгі жолы, Бастауыш мектеп 2003, №9 13-14б.
29. Б.Рақымова. Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту. Бастауыш мектеп 2000, №2 25-26б.
30. Якобсон П.М.Психологические проблемы мотивации повидения человека.Москва, Просвещение. 1969, 317с.
31. Рубиннштейн С.Л.Принципы и пути развития психологии. Москва,1946, 704с.
32. Махмутов М.И.Проблемное обучение. Основные вопросы теории, Педагогика, Москва, 1977, 386с.
33. Поппер К. Развитие позновательной акиивности самостоятельности учащихся студентов. Саратов, Издательство Сар. Ун-та, 1979, 119с.
34. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Бастауыш мектеп 2004, №10 13-16б.
35. Бекмуханбетова Р. Тіл сабағында қолданылатын жаңа әдістер. Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №8 3-5б.
36. Г.Пазылова. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Бастауыш мектеп 2000, №4 13-14б.
37. Эльконин Д.Б. Психология игры. М., Педагогика. 1976, 304б.
38. Кисметова Г. Методы активного обучения студентов в высшей школе. Поиск 2001.
39. Половникова Н.А. О теоретических основах воспитания позновательной самостоятельности или в обучении. Казань, 1986,202с.
40. Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. М; 1946,810с.
41. Кулжанбекова Т. Использование игр на заниятиях английского языка как фактор формирование учебной и позновательной активности студентов. Поиск 2001, 219-220с.
42. А.Қадысқызы., А.Есенғалиева. Ағылшын тілі сабағында сөйлеу формуласын қолдана отырып коммуникативтік хабарлықты қалыптастыру. Ұлт тағлымы-2002, 69-71б.
43. Е.Ешимбетова. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуының тілдерді оқумен байланыстылығы және оның теориялық негіздері.Ұлт тағлымы-2005, 294-296б.
44. Қайыпова Ш. Танымдық белсенділік тәсілдері. Қазақстан мектебі 2005, №2 32-34б.
45. Қоянбекова С. Танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері. Қазақстан мектебі 2003, №7 25-27б.
46. Қамалбекова А. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. Бастауыш мектеп 2005, №5 18-20б.
47. Қапанов А. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіру. Биология және салауаттылық негізі 2003, №6 12-13б.
48. Қожамберлиев Б. Руханилық танымдық мәселе. ҚР. ҰҒА хабаршы 2003ж, №4 107-111б.
49. Қайыпова Ш. Танымдық шығармашылыққа баулиық. Қазақстан мектебі 2005, №7 56-58б.
50. Мустафина Ф. Оқушының танымдық белсенділігі және ізденісін қалыптастыру. Информатика негіздері 2005, №2 27-28б.
51. Мустаяпова А. Танымдық белсенділікті арттыру әдістері. Биология және салауаттылық негізі 2003, №6 16-17б.
52. Едігенова А. Танымдық қызығу ерекшеліктері. Қазақстан мектебі 2003, №10 48-51б.
53. Рысбекова А. Танымдық қабілетті арттыру шарттары. Қазақстан мектебі 2004, №7 38-39б.
54. Дауалбаева Ә. Танымдық ойындар. Сынып жетекшісі 2005, №3 14-19б.
55. Наубаева Х.Т. Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің қалыптасуы жайлы. Хабаршы вестник Алматы 2004, №3(1) 31-34б.
56. Мұқанова Ү. Танымдық қабілет әркімге тән.
57. Оқушының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Т.Н.Нысанбаева, А.А.Бейсенбаева. Алматы: «Білім» 2001.
58. Қожамберлиев Б. Руханилық танымдық мәселе. ҚР. ҰҒА хабаршысы-2003, № 4 107-111б.
59. Мустояпова А. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру. Бастауыш мектеп-2003, №12 22-33б.
60. Айтбекова М. Бағытты білім беруде жаңа технологияларды енгізудің жеке тұлға дамуына әсері. Қазақ тілі мен әдебиеті-2005, №3 3-5б.
61. Мустафина Ф. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру. Информатика негіздері-2005, №2 27-29б.
62. Бекболғанов Е. Өзіндік танымдық іс-әрекетті белсендіру. Қазақстан мектебі-2003, №11, 11-13б.
63. Сәулебекова М. Мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін белсендіру-оның тұлғалық дамуының негізі. Мектеп директоры 2002, №3 34-36 б.
64. Н.Бегалиева. Танымдық іс-әрекет. Қазақстан мектебі-2003,-59-61б.
65. Қоянбекова С. Танымдық қызығуды белсендіру. Қазақстан мектебі-2003, №6 46.
66. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика.Алматы-2000, 207-209б.
67. Нұрбеков Ж. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру. Қазақсатн мектебі 2003, №8 24-25б.
68. Леонтьев А.Н,Проблема деятельности в психологии. Москва, 1972 №9, 95-105с.
69. Хрущев В.А. Оқыту барысында таным процесін ұйымдастыру мәселелерінің кейбір аспектілері. Ұлағат 2001, №5 59-60б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

І-тарау

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-
теориялық негіздері.

1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні,
мазмұны, құрылымы. 6-14
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары.
15-29

ІІ-тарау

Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері.

2.1. Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық
мүмкіндіктері. 30-36
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың жаңа технологиялары. 37-52

Қорытынды 53-54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55-58
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 59-60

Зерттеудің көкейкестілігі.
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы”
деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі
тұр [1]
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы
тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке
тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. [2]
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде.
Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді
басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан
қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне
байланысты.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт
ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән
берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін
арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу
үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын
оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті
арттырудың маңызы жоғары.
Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын
адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің
көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты
өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. [3]
Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың,
мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі оқушының жеке дамуы,
өзіндік жұмысы, білік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
С.Т.Сабыров, Н.Д.Хмель А.Е.Әбілхасымова Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми
еңбектерінде қарастырылған.
Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтермен
психологтердің еңбектерінде Л.В.Занков, М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский т.б.
зерттелінген. Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары
мен тәсілдерін, оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, танымдық
ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы
жазылған еңбектердің қатарына П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова,
Г.И.Щукина, Р.С.Омарова еңбектері жатады.
Н.Ф.Талызина өзінің “Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру” атты
еңбегінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын атап
көрсеткен.
Ал С.Т. Сабыров оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың
әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды
қарастырған.
А.Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мәлелесіне тоқталған.
Қ.Б.Жарықбаев зерттеуінде оқыту-танымдық іс-әрекеттің психологиялық-
педагогикалық негіздерінде танымдық мотивтердің жалпы бөлінуін қарастырған.
Н.Қ.Тоқсанбаева оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің
құрылымын қарастырған.
Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі білім беру сапасын
жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру деңгейлері мен
педагогикалық шарттарының болуы зерттеу тақырыбын “Оқыту процесінде
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары деп
таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда
негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық
негіздерін жасау.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын
белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін іс-тәжірибе
жүзінде тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері
айқындалды, және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Оқушыларда танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері айқындалды.
3. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың деңгейлері мен
шарттары айқындалды.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы
арттыру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар жасалынуда.
- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың ересек
тобында жүргізілетін іс-шараларда пайдалануға, мектеп мұғалімдер
қызметінде, жоғары оқу орнында маман даярлауда, осы саладан білім,
іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Оқушыларының танымдық белсенділігі артады, егер:
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі деп танылса;
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
жасалып, іске асырылса;
-сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктерінен
толық пайдаланылса;
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру ісі бірізділікпен, жүйелі
түрде жүргізілсе.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; орта мектептерде
оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме
жүргізу, сауалнама алу;
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық, психологиялық
тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және
педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу болжамы,
міндеттері, зерттеу әдістері беріліп, дипломдық жұмыстың практикалық мәні
ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
“Оқыту прцесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-
теориялық негіздері” атты бірінші таруда оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері көрсетіліп, танымдық
белсенділік, мазмұны, қалыптасу деңгейлері айқындалады.
“Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері” атты екінші тарауда
оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық
технологиялар арқылы арттыру қарастырылады. Оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері қатар көрсетіледі.
Қорытындыда теориялық жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар беріледі.
Қосымшада танымдық белсенділіті анықтау мақсатында оқушыларға арналған
сауалнамалар және танымдық белсенділік компоненттері көрсетілген.
І-Тарау.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-
теориялық негіздері.
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны құрылымы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын терең теориялық
мазмұнсыз, оқыту процесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, ҚР
жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу
мүмкін емес.1
Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық құбылыс ретінде әр
оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың
белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір
сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде
әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде қалыптасады. 2;3;4
Оқушының белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен
танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде
танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. 4;5;6;7 Соңғы
жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік
принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы
бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске
асырылады;
- Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;
- Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа
мазмұны ойластырылып енгізіледі;
- Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары
оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын
түсінетін деңгейде және ол оқушылардың белсенділігін дамытуға
бағытталған.8
- Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану
оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік
танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер
етті.
- Оқушылардың дидактикалық жұмысында оқушының және жұмыс көлемі көбейеді,
оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны
мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды.8;9
- Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі.
- Оқытуда техникалық құралдар мен ақпараттық технологияны енгізу.
- Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке
алынады.10;11
- Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей
дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді.
Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру
сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның
әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.
Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр
қырынан кіріседі. Ю.К. Бабанский, В.С.Ледиев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов және
т.б. белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту
әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.
Басқа зерттеушілер өзіндік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі деп санайды
О.А.Нильсон, И.И.Пидкасистый және т.б. Л.П.Прессманың,С.Г.Шаповаленконың,
Н.М.Шахмаеваның т.б. айтуы бойынша оқытуда техникалық құралдардың енгізілуі
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жетекші факторы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру И.Унт, И.М.Чередов,
И.Ф.Харламов, С.Абылқасымова, В.А.Ситарова және т.б. пайымдауынша олармен
жеке жұмыс барысында қалыптасады.12:13;14 Олай болса, оқушылардың
танымдық белсенділігі түрлі жолдармен арттып отыратынын соңғы он жылдық
зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық
белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды
қажет етеді.
“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”, “шығармашылық
белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категориялары мен астарласып жатады.
“Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау
әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.
М.Н.Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада, танымдық
белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын
алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені
танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес. 15;16
Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың белсенділігін қалыптасыру,
білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі
(ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата
білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің
де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет
мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет
атқарады.
Кейбір зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және шығармашылық деп
екіге бөледі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий белсенді және өзіндік ойлау
туралы былай деп жазады, “белсенді ойлау”, “өзіндік ойлау” және
“шығармашылық ойлау” “түсініктерінің ара - қатынасы” концептриналық айналым
ретінде белгілеуге болады.Бұл ойлаудың түрлі деңгейлері, бұлардың әр
қайсысының бір-біріне қатысы бар. Шығармашылық ойлау өзіндік және белсенді
бола алады, бірақ барлық белсендік ойлау өзіндік ойлау емес, және барлық
өзіндік ойлау шығармашылық емес.16
Оқушылардың белсенділігі проблемасының танымдық белсенділік әрекетіне
қатынасы қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған. Сонымен, И.П.Подласый,
танымдық және белсенділік принциптеріне қарай келе былай көрсетеді
“оқушының өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы болып
табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне
жетекші рөл атқарады”. Оқытудың ерекшеліктерін бақылау арқылы оқудың таным
және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын айта келіп
“белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар”. Бүгінгі
белсенді оқушы-ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен
шығармаңыздар деп ескертеді.17,125
В.Г.Казанов, Л.Л.Кондратьев сынды психологтардың айтуы бойынша, адам
белсенділігінің түрткісі ретінде биологиялық және әлеуметтік қажеттілікте
болуы мүмікін. Туа біткен қажеттіліктің ішінде оқу әрекетін қалыптасыруда
ерекше мааңыздылары белсенділік пен ақпарат қажеттілігі. Бұлардың біркеуі
болмасын біреуіне шектеу жасау интеллектуалдық эмоцияның ерікті дамудың
ақауға алып келетін жағдайлар жасап, оқу әректін қалыптастыруда іш
пыстыратын жағдайға алып келеді. 18;19
Дидакт- оқымыстылар танымдық белсенділік түсінігін оқуға түрлі жағынан
қарайды. Б.И.Есипов “белсенділік” және “өзіндік” түсініктерін шектей келе
былай деп жазады: “оқушылардың белсенділігі оқу жұмысының барлық кезеңінде
қажетті”. Оның ойынша белсенділік түсінігінің ауқымы өзіндік түсінігіне
қарағанда кең, “белсенділік оқушының өзінділігінің бір дәрежесін
көрсетеді”.20, 45
Г.М.Муртазин танымдық белсенділік әрекеті түсінігін оқыту танымдық
процесін мақсатты түрткі, қалыптастыру және осы прцестерін күшейту
бағытымен байланыстырады. Өкінішке оарй біздің көзқарасымыз бойынша автор,
белсенділік пен оған жету жолдарын шатастырып алған сияқты. Енді бірқатар
зерттеулер танымдық белсенділікті жеке тұлғаның бір бөлігі ретінде қарап,
бұл түсініктің психологиялық жағына көңіл бөліп, шығармашылық және
репродуктивті белсенділікті бір-бірінен бөліп алады. Сонымен, танымдық
белсенділік түсінігін әр авторлардың түрлі позициядан қарауы танымдық
белсенділік түсінігінің дамуына ыққпал етіп, оған әр қырынан талдау жасауға
мүмкіндік береді. Бір жағынан бір мәселеге бұлай түрлі жақтан қарау
қарастырылып отырған категорияларға нақты көзқарастың қалыптастыруды
қиындата түседі. 21,78
Таным белсенділігі түсінігі туралы жарық көрген негізгі басылымдарға
талдау жасай келіп, бұл сұраққа ғалымдар екі тұрғыдан қарауды ұсынады:
- Танымдық белсенділігі әрекет ретінде қаралады;
- Танымдық белсенділігі және тұлғаның бір қыры ретінде.
Т.А.Шамованың дәлелдеуі бойынша, бұларды бір-бірінен бөліп қарауға
болмайды. Бұларды диалектикалық бірлікте қарау танымдық белсенділік арттыру
түсінігін қалыптастыру үшін маңызды. Және ол әрекет мақсаты үшін де оған
жету мен нәтиже үшін де маңызды рөл атқарады. 3
Оқытудың мақсаты мен оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес,
сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің
бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік
және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді
игеру оқу-танымдық мақсатта. Мұнда эмоционалдық, интеллектуалдық
адамгершілік процестердің комплексі көрініс табады. Бұл қасиеттер
табылатынын оқушының белсенділігі мен байланысты таным процесінде негізінен
көп кездеседі. Бұл жағдайда белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде
қаралады.
Қорытындысында, субъектілігі белсенді жағдайға алып келу оның сыртқы
орта мен қарым-қатынасының нәтижесі. Танымдық белсенділікке және
индивидуалды қасиет тән. Белсенділік, танымды қалыптастырушы фактор
ретінде, адамның туа біткен қасиеті емес – ол танымдық әрекет процесінде
туып, қалыптасып, танымға, ойлау дәрежсесіне, оқушының және еркі қабілетіне
байланысты сипатталады, сонымен бірге белсенділік әрекет сапасына ықпал
етеді.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір
күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың оқу
танымдық іс-әрекеті ұғымдары ойлау іс-әрекеті ұғымдары жиірек
пайдаланылады. Ойлау және таным ұғымдарына анықтама берер болсақ,
философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың
белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының
жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан таным ойлауға қарағанда әлде
қайда кеңірек ұғым философиялфқ сөздікте таным объективті шындықтың
бейнеленуінің жоғарғы формасы ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның
жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші
объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын
басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп
көрсетуде болып табылады 22;23 .
А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті –оны
өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-
әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болғанымен. Мектепте
оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренудің қол үзген адамның санасы
толыққанды бар мүүкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан халықтың
құндылықтарын игердің құралақан қалады 24,65.

Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп
есептейді. Олай болса әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің
де қайнаған ортасында оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы,
танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы,
таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушыларға
–оқушыларға, оқып-үйрену сін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге
қатынасы, көзқарас болады. Мектеп қабырғасындағы оқытудың оқып-үйренудің
ерекше миының өзі де осында. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа,
оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және
соған қарамастан өзінің субъективтік –тұлғалық негізін жоғалтпайтынын
ұмытпауға тиіспіз. 4,23
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне
оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің
құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің
мақсаттылық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен,
дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс-
тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі.Осы мағынада алынғанда танымдық
іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына
тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі 25,98.
М.А.Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері
әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып
табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс-әрекеті жас ұрпақтың
міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отыратын іс-әрекеті болып
табылады. 26,465.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И.Лозоваяның
докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990). Автор жеке
тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе жеке тұлғаның мәні мен осы
ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып
отырағынын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
1. Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория
болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік
ретінде көрініс табады.
2. Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
3. Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
4. Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық белсенділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға
ұмтылушылық пен, ерік-жігер көрсетуімен сипатталатаны шәкірттің хал-
жағдайы; білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен
ұмтылушылық; ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе,
В.И.Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады
дегенге меңзейді. 25,27
Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол
жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз
қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып
табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде
танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық
белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның
ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау,
салыстыру, тәжірибе жинақтау , оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім
негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл –ойын өсіру үшін
олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер бала ойын, оқу
әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды
қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі
объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру,
танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың
негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру
үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді,
логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл
оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен
жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден – бір
тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта
– ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың
өзіндік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты
жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол
пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік
танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту
үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің
маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл
оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс
түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту
үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-
әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
П.И. Пидкасистый өз зерттеуінде оқушы, өздігінен меңгеріп алуы үшін
ол өзінің танымдық әрекетінің мәселесін және қалай жұмыс істеу керек
екендігін білу керек дейді.28;29
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі
-өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін
қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда
болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай
қасиеттер қалыптасады:
1Өз бетінше ойлану біліктері .
2Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3Өз ойының дербестігі.
4Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімінің
көмегінсіз жасайды . Әрбір оқу пәні оқушылардың алдына көптеген міндеттер
қояды және оқушылардың әрекеттерінің жиынын, олардың алған білімдерін,
арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі
сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.

Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның
негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық
қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы
деңгейіне көтеру деп санайды.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді
тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін айтқан.30,25 Жалпы білімге
деген құштарлық – кез келген сыныптағы балаға тән қасиет . Ал, В. Г.
Лембергтің пікірінше , өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға
байланысты.
a) Жұмыстың мақсатын түсінуі.
ә) Жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы.
б) Жұмыстың өз еркімен, қалауымен орындауы.27,319
Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы
болып табылады. Оқушы-лардың танымдық қызығушылығы, олардың білім сапасы
мен даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Оқушылардың танымдық ынта – ықыластары олардың білімінің деңгейі мен
санасына ойлау іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты. Танымдық іс-әрекетке
деген ынта – ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы
жетістікті қамтамасыз ету, оқушылардың артта қалуының алдын алу, жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану, ақыл-ой қабілеттігін дамыту т.б.
Сонымен төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігі дегеніміз –
мұғаліммен оқушылардың оқу іс -әрекетінің субъектісі ретіндегі өзара
әрекеттесуі мен оқушылардың өзара қарым – қатынасының бірлігін сипаттайтын
күрделі тұлғалық құрылым болып табылады.
Мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен қатар
тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Танымдық білімді игеру
барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен
сенімдері қалыптасады.
Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі
мотивті қалыптастыру, білімді сапалы түрде игеру және оқу – танымдық
белсенділікті қорытын-дылау негізінде құрылады .
Оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі
белсенділігі әр түрлі деңгейде болады. Мысалы, танымдық белсенділігі орта
деңгейдегі оқушы көп нәрсені білгенімен, оның мәнін ашып бере алмайды.
Біраз қиын тапсырмаларды орындай алады, бірақ ондай тапсырмаларды орындау
үшін едәуір күшін жұмсайды.
Оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін арттыру барысында Г. И.
Щукинаның, Т. И. Шамованың, Н. Ф. Талызинаның , ал Қазақстан ғалымдары Т.
Сабыровтың , А. Аренованың , М. Асылханованың ғылыми еңбектерінде
бірқатар орын алған. 22б160;23,110;24,144
А. Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мәселесіне тоқталған. 28,240

Т. Сабыров оқушының танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері
мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды қарастырған.
23,110
Қ.Жарықбаев өз еңбегінде танымды қалыптастыру процесі зейіннен,
қиялдан, ақыл-ойдан басталады,- дейді. Оқушылардың зейінін дұрыс
қалыптастыру барысында танымдық процесте мұғалімнің алатын орны ерекше.
Егер мұғалімнің зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, ондай мұғалім оқушылардың
зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. 29,101-102
Танымдық белсенділік дегеніміздің өзі - оқушының білімге деген
ынта – ықыласының ерекше бір көрінісі , яғни , оқушы білім алуда ілгері
қарай жылжып, білмеуден білуге қарай қадам басады.
Мысалы : бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы сурет салу,
ән – күй, кино, өлеңмен таныстырып, дамытып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына,
оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне, сеніміне, оқушылардың
жетістіктерін әрдайым қадағалап отыруына байланысты. Оқу бала үшін қиын
емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің
жетістіктеріне жетудің бірден-бір кезі.
Таным ұғымының ауқымы өте кең. Бұл ұғымға ғылымның түрлі саласынап,
атап айтқанда философия, психология, педагогика жан – жақты түсінік берген.
Сонымен осы әдебиеттерге сүйене отырып, танымның мәнін ашуға тырысайық.
Ерте кезден – ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі
танып білуге тырысқан. Сондықтан адамның танымы белгілі бір қоғамда,
практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Танымдық қызығушылық ол
адамның дүниеге деген танымдық құштарлығы мен сезіну кезіндегі танымдық
қатынасы - деген пікірге көз салсақ.
Кішікбеков Д.,Сыдықов У. Философия еңбегінде: Заттар құбылыстар мен
процестер және олардың қасиеттері маңызды байланыстары таным білуші
субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл –
ойдың арқасында біз затарды, олардың қажеттерін танып білеміз. Таным
дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді
қатынастарының адам санасында идеалды образдар, жүйесі ретінде
бейнелеушінің қайшылыққа толы күрделі процессі.
Яғни таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы
білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Таным сезімдік және логикалық деп білеміз.
Сезімдік таным дегеніміз сезім мүшелері: көру, ету, сезіну, қабылдау және
басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып білу.
Ал, психологиялық тұрғысынан алсақ: адамның түйсінуі, қабылдауы, есі,
ойлауы, сөйлеу, қиялы мұның барлығы танымдық қуаттары. Танымдық жан
қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымн олар белгілі топтарға
жіктеледі. Қ.Жарықбаевтың Психология еңбегінде Алдымыздағы тұрған
мәселені шешу, заттардың себеп – салдар байланыстарын көрсету, болмысты
жалпыжәнежанама түрде тану – ойлау процесінің арқасында болып отырады.
Ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі, – дейді.

1.2. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
педагогикалық шарттары.

Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес,
сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің
бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық
белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып
табылады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және
қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы
толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл
жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі.Танымдық қызығушылық
барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген жағымды
ынта негізін құрайды, оны біреулер білімге деген құмарлық деп қараса,
басқалары оқуға деген әуестік деп топшылайды. Психолог мамандардың
пікірінше, танымдық ықылас ізденіс сипатына ие болады. Оның әсерімен
адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді іздеп
табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен іске
асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық
ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және нәтижесіне
тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте
сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік және бағыттылыққа
ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды оқытудың маңызды
себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас ықпалымен, тіпті
әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны Л.С.Славинаның
зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс атқаруда тек
оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей оқу жағдайын,
өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның
нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен
және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға
белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін
мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда
шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін
іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда
белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал
сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және
танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық
жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған
жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам
жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты ойға толы ықылас деп
атайтын .
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде
қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму
беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең
білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың
мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың
тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық
ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі
қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына
бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-
оқушыны жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Оқушылардың
танымдық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған
байланысты талаптар:
- оқушыларды жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
- сынып және әр оқушының жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен нәтижелер
туралы қорытынды беру;
- мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды
қарастыру;
- оқушы өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну іс-
әрекетін ұйымдастыру.
Танымға деген бағытты арттыра отырып оқушылардың танымдық қызметін
белсендіру қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет
субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір
проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз
қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл жаңаны
оқушы өзіндік іздену әрекетінің нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға
міндетті. Мұндай әрекеттің механизімін қарастырайық: оқушылар жаңа білім
менгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде
негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады:
көзбен көру, дыбыстау есіту, жолдасымен талдау, қайталау.
Олай болса, төменгі сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсендіру
үшін, біздің ойымызша, білімді менгеру механизімінің өзгерісі қажет: жаңа
білім оқушыға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену
әрекеті үрдісінде жасайды. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық
шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін оқушылардың танымдық әрекетін
ұйымдастыру келесі негізгі шарттардан тұрады:
- танымдық үрдістер мен жағдайлардың өзара әрекеті;
- сабақтағы қондырма рөлі;
- қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру;
- оқушылардың назарын аудару;
- жадты дайындау;
- заттарға не құбылыстарға тән белгілер, олардың бір-бірімен өзара
байланыстары көрінетін логикалық ойлаудың негізгі формаларын-ұғымдарын
қалыптастыру;
- оқушылардың оқытылатын материал мәнін ұғынуын қадағалау;
- оқушылардың ойлауын дамыту, оны белсендіру;
- мықты білімге дағды мен икемге сүйене отырып елестетуге тәрбиелеу;
- танымдық әрекеттерді ұйымдастыру кезеңін есепке алу.
1-кезең белсенді өзіндік шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау;
2-кезең аналитика-синтетикалық ойлау әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ осы
негізде оқушылардың жаңа білімі мен интелектуалды мәселесін қалыптастыру;
3-кезең жаттығу арқылы бекіту, оқушылардың танымдық әрекетінің техникалық
компоненттерін жасау мен автоматтандыру.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға
болады:

• ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының
болуы;
• тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
• игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
• анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
• ой сапасының дамушылығы;
• жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
• ойлау үнемділігі;
• интелектуалды белсенділік пен дербестік;
• ойлау әрекетінің жалпылануы;
• ойлаудың саналылығы;
• ойлау әрекетінің нұқалылығы;
• ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
• ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
• оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге
қажеттіліктің қалыптасуы.
Н.А.Половникова оқушылардың танымдық әрекетінің мынадай деңгейлерін
атап көрсетті:
- бірінші деңгей (көшірмелі әрекет) –танымдық әрекеттің негізгі формасы
үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;
- екінші деңгей (өндіру-таңдау) –танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін
игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану;
- үшінші деңгей (шығармашылық) танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін
таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану.
П.И.Пидкасистый танымдық ізденімпаздықтың даму деңгейлерін былай
көрсетеді:

- репродуктивті деңгей-(неғұрлым төменгі) танымдық тапсырманы тек қана
үлгі бойынша орындайды;
- қайта жаңғыртушы деңгейі-оқушы белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша
әрекет етеді;
- вариантты (ішінара іздену) жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды,
бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды;
- шығармашылық (жоғары) мәселені оқушы өзі талқылап, өзі шешеді.
Сонымен қорыта келе танымдық ықылас танымдық жүйесіне ғана емес,
нәтижесіне де бағытталады, ол үнемі мақсатқа ұмтылысымен, оны іске
асыруымен, еріктік қуат және жігерімен байланыстырылады. Мұның барысында
танымдық ықылас түрлі сезімдерді қалыптастырады: интеллектуалды,
эстетикалық, моральдық. Психологтардың пікірі бойынша ықылас заты ықылас
жылуымен нәрленеді.
Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын
арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез
келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
- мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі
ретінде қарастырады;
- қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі
таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан
біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
- жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше
мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін
тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы
білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып
табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі
ретінді қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберлігін)
қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, азаматтық бүкіл өмірі
бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі
оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті
мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып,
олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап
алуға бағытталған селқос тындаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті
жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.
Мынадай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді
себепкерлеп, жақсы баға алу үшін не өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не
топта ( 3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу
барысында жаңа материалдық негізгі еске сақтаудан өзге тағыда басқа еске
сақтаудың түрлері қосылады – көзбен көру, есту, қайталау, т.т.
Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын
арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
- мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру);
- мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
- нәтижені бағалай алу ( бақылау, баға).
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге
асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім
оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол
мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің
талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз
қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды.
Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген
қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой
ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар
әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде
ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген
көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен
айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни,
бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік
беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену
керек. Егер түсінік жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек,
нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық
заттардың, құбылыстардың жалып қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде
қарастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын
жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну ғана
болады. Мотивацияның өсуі мен белсенділену барысыеда логикалық ойлау дами
бастайды, сөздік қоры ұлғаяды, ғылыми-публицистикалық әдебиетке деген
қызығу пайда болады.
Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде
төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың
өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, белсенділігі және тіліде дамып, логикалық
ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында бастауыш
мектептер орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз.
Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын
қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру
оқушылардың жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы
түрде игеріп, оның танымдық- шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге
дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін
дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, серік-жігер
мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсересе, жоғары сынып оқушылары мен
төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді.
Сондықтан

оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өзінің
танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы
тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін оның бойында өз күші және білімі игеру қабілеті мен қатар
дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. Танымдық
белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның
көмегінсіз орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар
қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу
керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан
қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін
жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізігі
қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз. Танымдық
белсенділік деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-
жігерлік бөліктенінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын
айтамыз.
1. Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту, өзінің
танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).
2. Мазмұндық-амалдық ( тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы
дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы).
3. Процессуалды-жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін
қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі,
танымдық белсенділікке ұмтылыс).
Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық
белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғылымдар
әр түрлі ой-пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, оқушылардың
өз іс-әрекетін басқару құрылымын, оларда қалыптасатын таымдық
белсенділіктің құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік оқушылардың оқу үрдісіне ынталылығын
қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізінде білім жүйесі мен жаңа білімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу
танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігерін болуы және оның
өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Біздің жүргізген зертеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық
кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өты тығыз байланысты
болатындығы анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған
талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің негізгі
бөліктерін мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға
мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет
атқарады: мотиватциялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық
белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды
және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын
қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің
белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып,
қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі интеллектуалды
іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыралатын болса; б) оқушының
өзімдік танымдық іс-әрекетің басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке
ауысса; в) оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеті шығармашылық зерттеушілік
сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп
саналады.
Біз оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының
бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу
жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадық. Сонымен қатар
оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық
шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:
- оқытудың алдынғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын
теориялық білімнің болуы;
- компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу
және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың
белсенді араласуы;
- компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу
және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім
сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық
белсенділіктің қалыптасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Пәндер