Қорқыт (VIII-IX ғғ.)



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қорқыт ата
2.2 Қорқыт ата педагогикалық ойлары
2.3 Қорқыт атаның нақыл сөздері
Пайдаланған әдебиеттер
Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы.
Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қара-қожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды», – дейді В.В. Бартольд.
Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды» (профессор Ә.Қоңыратбаевтың аудармасы).
Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
Яғни, Қорқыт ата оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн-жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш-қонын, мекен тұрағын, ен-таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір.
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.
1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қорқыт ата
2.2 Қорқыт ата педагогикалық ойлары
2.3 Қорқыт атаның нақыл сөздері
Пайдаланған әдебиеттер

ҚОРҚЫТ АТА
Қорқыт (VIII-IX ғғ.) - оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы.
Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қара-қожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды, - дейді В.В. Бартольд.
Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас, Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман, Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, Өтірік сөз өрге баспайды (профессор Ә.Қоңыратбаевтың аудармасы).
Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын Қорқыт ата кітабы былай басталады: Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған.
Яғни, Қорқыт ата оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн-жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш-қонын, мекен тұрағын, ен-таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір.
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ Қорқыт ата кітабы болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі - 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі - 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.
Бұл орайда Қорқыт туралы аңыз-әңгіме түрінде жеткен, заттық айғақ түрінде (мола) жеткен, күй түрінде жеткен және топоним түрінде жеткен ең мол дерек оғыздардың ата жұртында сақталған. В.В. Бартольд пен В.М. Жирмунский сияқты білікті ғалымдардың Қорқытты қадірлеудің Сырдария өңірінде мың жылдық өнегесі бар деуі сондықтан. Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін терең білген Әлішер Науаи (1441-1501 жж.) әулиелер өмірбаяны туралы жинақты (Нафахат ал-унс) аудару барысында Қорқыт туралы арнайы тоқталмаса да болатынын айта келіп, Себебі, бұл кісі түркі халықтарының арасында тым әйгілі, тәптіштеп сөз қосуды талап етпейді дейді. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелерді жинап, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізген белгілі фольклоршы Ә. Диваев алғаш рет Қорқыт бейітінің фотоға түсуіне тікелей ықпал еткен. Сырдария суына шайылып кететін болған соң, орынын ауыстырып жерлеген Қорқыт басында қазір ескеткіш белгі бар.
Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Қобызды күй шалу дәстүрін алғаш орындаушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсы түрік халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізе алған бірден-бір қазақ болып отыр.
Қазақ арасында Қорқыт өміріне қатысты аңыз-әңгіменің басым көпшілігі күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып отырады. Ел ішінде Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қоңырау, Тәңір күй, Қорқыттың елмен қоштасуы деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін таратылады.

ҚОРҚЫТ АТА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Қазақ халқының педагогикалық ойларының көздері ежелгі дәстүрдегі аңыздары мен өсиет-өнегелерінде.
Қорқыт (Дада Қорқыт) - 8- ғасырда Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған.
Қорқыт ата - халық қамқоршысы, ақын, күйші дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда обылысында) УІІ-УІІІ ғасырда өмір сүрген, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ұлы данышпанның қалдырған мұрасы "Қорқыт ата кітабы" аталып, дүние жүзіне тараған. "Қорқыт ата кітабының" бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екіншісі Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралған (жалпы толық қолжазба 12 жырдан тұрады). Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр дастандары мен аңыз-ертегілері бар.
Қорқыт туралы Ватикан архивінде мынандай дерек сақталған: "Расул Пайғамбар (Мұхамет пайғамбар) заманына жақын кезде (8-ғасыр) Баят (Сырдария) бойында Қорқытты атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, іс болса, бәрі алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді". ("Дада Қорқыт кітабы", Стамбул, 1980.)
Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инал, Құл еркін, Қаңлы қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар", 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984.)
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХУ ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік Лұғатын жазған Фарханг Шури бұл атауды қолына тамбур алып өлең жыр айтатын адам оларды оғыздар ұзан деп атаған. Өздері көбіне оғызнаманы жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда Қорқыт ата кітабының айтушысы Қорқыттың өзі тек соны оғыз ханына оның немелері жырлап беретін болған. Әрбір қисаны аяқтаған соң жырау бұл жырды менің Қорқыт атам айтып сөзін құрастырған еді деп отырады. Қорқыт ата кітабы бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға Кавказдағы әзербайжан Осман түріктеріне кеңінен жазылған сюжет. ХІУ-ХУ ғасырларда Оғызнама Қорқыт ата кітабы иран, арап тілдеріне де аударылған.
Бұл жырды әзербайжан халқы да иемделіп келеді. ХІУ ғасырдағы сұлтан баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі Осман түріктері Қорқыт жырларын соның елімен байланысты айтылатын көрінеді. Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды.
Қорқыт ата кітабындағы Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады. Жырдың Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғандығында дау жоқ. Оған оның мазмұны жер, су аттары түрлі әдет-ғұрып көрністері айғақ Қорқыттың бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді Қорқыт станциясы деп атайды. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә. Диваев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сортөбе қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Орналасуы, құрылымы және заттар кешені
Ұлы Жібек жолындағы діндердің таралуы
ҚОРҚЫТ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ СҰЛУ ЛЕГЕНДА, ҰЛЫ СУРЕТТІҢ БІРІ
Қорқыт ата тарихы
Ұлы жібек жолының тарихи маңызы
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ - Күлтегін жырлары
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Ислам фәлсафасы
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Пәндер