Қазақ отбасында ер бала тәрбиесі



1 Ұл бала тәрбиесіндегі өте жауапты міндет
2 ҰЛ ТУҒАНДА КҮН ТУҒАН
3 Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің негізі туралы
4 ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ
5 Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбие мәні, мазмұны, құралдары.
6 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғайтын Ер бойына ұлы дала перзентіне тән – еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге деп қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық.

Бүгінгі түсінігімізде — ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес — аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы.). «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі Күл-тегін немесе Тоныкөк жазуларыңа көңіл аударсақ, «ігід» сөзін оқып, «қолдау, көтермелеу» деген түсінік аламыз. Ал Юсуп Баласағұнның «Хұдатқу білігі» еңбегінде «ігід» — тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие (ДТС, 204). Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзіміздің алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тәрбиелеу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, біздің кезімізде, - өнеге көрген, тәрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз

Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, құсбегі, ісмер, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Адам болам деген ер бала әке-шешесі осындай талаптар қоя отырып, сенім артса да, сеніп айтса да бұлжытпай орындап, олар күткен сенімнен асып түсуге тырысатын. Дәл осындай, өзінің қоғамдағы рөлін дұрыс түсінетін жаны жайсаң ер жігіттерді «жігіттің нары, жігіттің төресі» деп атаған.
1. Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. А., Рауан, 1998.
2. Омарова Р.С. Халық тәлімі - тәрбие бастауы. Қазақстан мектебі, 2007.
V. Қазақ этнопедагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі
1. Қазақ тәлім-тәрбиесі. /Құраст.: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев – Алматы: Санат, 1995.
2. Базарбаев Ж., Есқұбаев Ж., Дәулетов Қ., Әбділдаұлы, Ұ. Инабат. – Алматы, 1995.
3. Оразбекова К. Иман және инабат. – Алматы: Ана тілі, 1993.
4. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994.
5. Әлқожаева Н.С. XІX ғ. екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы имандылық идеаларының дамуы. п.ғ.к., дисс. Автореф. – Алматы, 2001.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғайтын Ер бойына ұлы дала перзентіне тән - еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге деп қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық.

Бүгінгі түсінігімізде -- ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. Елемес -- аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт (С. Омаров, Қайырлы.). Жігіт сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі Күл-тегін немесе Тоныкөк жазуларыңа көңіл аударсақ, ігід сөзін оқып, қолдау, көтермелеу деген түсінік аламыз. Ал Юсуп Баласағұнның Хұдатқу білігі еңбегінде ігід -- тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие (ДТС, 204). Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген жігіт деген сөзіміздің алғашқы мағынасы қолдау, көтермелеу, одан бері келе өнеге беру, тәрбиелеу мағынасына дейін жетіп, ең соңында, біздің кезімізде, - өнеге көрген, тәрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз

Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі - әке меншігінде. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, құсбегі, ісмер, яғни сегіз қырлы, бір сырлы жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен деген сөздерді құйып отырған. Адам болам деген ер бала әке-шешесі осындай талаптар қоя отырып, сенім артса да, сеніп айтса да бұлжытпай орындап, олар күткен сенімнен асып түсуге тырысатын. Дәл осындай, өзінің қоғамдағы рөлін дұрыс түсінетін жаны жайсаң ер жігіттерді жігіттің нары, жігіттің төресі деп атаған.
Этностардың педагогика тарихына салыстырмалылықпен қарар болсақ, қандай ұлт немесе ұлыс болсын ер бала тағдырына, тәрбиесіне жүрдім-бардым қарамаған. Әйтсе де, бала тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктеріне сай қалыптасқан өзіндік тәлімдік тәжірибелер болады. Мысалы, авар халқының бала тәрбиесінде әке маңызды рөл атқарады. Аварлық ұл балаға әкесі - пір. Бұл бір жағынан, әкеге берілген баға, екінші жағынан, авар халқында ұрпақтан ұрпаққа қалған мирас іспеттес әкеге артылған жауапкершілік. Отбасындағы әке беделі қашанда жоғары саналған және әке осы мәртебесін ақтауға тырысқан.
Осындай ұл бала тәрбиесіндегі өте жауапты міндет саха халқында да әкелерге жүктелген. Халық әкенің үлгі-өнегесіне көп назар аударған және әкенің көрсеткен жаман іс-әрекеттерін, тәрбиесін баланың бойынан табуға болады деп, оны мынандай нақыл сөздермен дәлелдеп отырған: Жаман әкенің жазасы - жаман ұл, Ылаңкес әкенің - ұлы төбелескіш. Ал, ұлағатты әкеден туып, оның жолын қуған ұлға бұл халық: Әкесінен айнымай туған, немесе Ұлы - әкесінің ескерткіші -деп баға берген. Саха халқының тағы бір ерекшелігі баланы жынысына қарай бөлек-бөлек тәрбиелеген. Ұл баланы ерлерше киіндіріп, тек ер балалардың ойынын ойнатып, 5-6 жасында атқа отырғызып, сәл есейгесін қолына еңбек құралдарын беріп шөп шапқызып, отын бұтатып, аң аулатып, сол арқылы өз ұлтының дәстүрлі кәсіптеріне баулыған. Халықтық педагогиканың үздік әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, әкесі баласын өмірге кәсіби дайындайды. Баласынан аңшылық, малшылық, балық аулау сияқты еңбектің қай түрін болса да еркін меңгеруді жастайынан талап етеді. Өз ұрпаѓының бойына табиғат-ананың тылсым күштерін сезіну, шыдамдылық пен қайсарлық, ақылдылық пен ұқыптылық сапаларымен қатар, бастаған жұмысты соңына жеткізу, атқарған істің нәтижесінен қуана білу сияқты қасиеттерді дарыта отырып тәрбиелеген.
Өз халқымыз жігіттің балалық шағынан (12-15 жас аралығы) бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық деп намыстандыратын, Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт деп таңдандыратын, Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар деп шамдандыратын, Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді, Ерлік білекте емес, жүректе деп қайраттандыратын, Ақыл жастан, асыл тастан деп сеніміне шек келтірмейтін, Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді деп армандайтын еді қазағым. Бұл халқымыздың тағылымын халық ауыз әдебиетінің мәйегі мақалмен түйіндей білген профессор М. Тілеужанов ағамыздың пікірі. Айтылған әр қағида жігіттіњ әр сипатына бір-бір тақырып болуға сұранып тұр.
Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің Құтты білік дастанында балаға тәрбиені от басында бер, ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі - ең бақытты өлім болып табылады - деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр.
Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, орнында бар оңалар деп бата береді.
Отбасындағы єр баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл - кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған Ағасы бардың - жағасы бар деп арқа сүйенген. Кенже ұл - шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тєрбиесінде осы баға - жігіт сыны деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер профессор К.Ж Қожахметованың еңбегінде төмендегіше бейнеленеді:
а) кескін-келбеті: Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, темірдей саусақты.
ә) қадір-қасиеті: Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ.
б) қабілет-икемі: Көсем жігіт - ел басқаратын жігіт, Шешен жігіт - дау шешетін тұлға, Батыр жігіт - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, Сері жігіт - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы - бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт, Жомарт жігіт - дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, Палуан жігіт - мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.
Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралды. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық.
Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шықан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас, Бала тәрбиесі - бесіктен деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Қандай ата-ана болсын, баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл - ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жањаша қарастырған жөн. Отбасы жағдайында осындай тәрбиенің берілуіне педагогикалық тұрғыда көмек беру мектеп мұғалімдеріне де зор міндет жүктейді. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардыњ бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті.

Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу - оның сүйікті істерінен болды.
Бала тәрбиесі - таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі. Осы орайда біз бүгін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен өнегелі мысалдар келтіріп, батыл, ер мінезді ұрпақ тәрбиелеуге қатысты қағидаларды топтастырып көрмекпіз. Кеңес - бізден, ал оны амалға шығару - сізден болмақ...
1.Кішіге де - ізет. Бала өзінің отбасындағы маңызды орнын, жауапкершілігін сезіну және болашақ отағасы, әке, басшы рөліне дайын болу үшін ересектер тарапынан өзіне деген құрметті сезінуі керек. Сен мынадайсың, сен анадайсың деген сөздер мен үнемі кеудеден итерудің куәсі болған бала ынжық болмай ма? Керісінше, оны жағымды, сыйлы есімдермен шақырған абзал. Халқымызда Әбеке, Жәке сынды құрмет көрсетуді меңзейтін есімдер, сүннет бойынша, пәленшенің ағасы, түгеншенің баласы секілді атаулар қолданылады. Мәселен, адамның Әли есімді ұлы болса, оны Әбу Әли деп атау қалыптасқан. Бұл тікелей есіммен атауға қарағанда, құрметтіліктің белгісі болмақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кішкентай балаларды да (олардың балалары болмаса да) осылай шақырған. Әнәс ибн Мәлик айтады: Пайғамбарымыз ең көркем мінез-құлықтың иесі еді. Менің бауырым бар болатын... Пайғамбар үйге келгенде одан: Ей, Әбу Умейр, Нугейр немен айналысып жатыр? деп сұрайтын. Бұл - бауырымның үнемі ойнайтын құсы еді. (Тирмизи). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай құрметті атты қыз баласына да қолданған.
2.Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ дейді халық даналығы. Ал Мұхтар Әуезов: Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады деген екен. Сондықтан да, баланы салиқалы кісілер жиналатын ортаға жиі ертіп бару - қоғамдағы оқиларды түсінуіне жол ашады. Олардың ақылы толысып, үлкендерге еліктеуге тырысады, бос ойындарға деген қызығушылығы басылады. Біз бұл әдісті бабаларымыздың өмір жолынан да байқаймыз әрі сахабалар да перзенттерін өздерімен ертіп жүретін болған. Муавия ибну Куррадан жеткен хадисте: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ сахабасымен бірге отырды. Сол кезде олардың ішінде кішкентай ұлымен келген бір кісі болды. Ол баланы алып алдына отырғызатын". (Нәсаи).
3.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Жас ұрпаққа қиял-ғажайып, фантастикалық қаһармандарды емес, шынайы өмірде болған бабаларымыздың, сахабалардың істері мен ерліктерін жиі айтуды әдетке айналдыру керек. Жалпы, жүз жыл уақыттан кейін сіз бен бізде баба боламыз, сондықтан да, ұрпақтарымызға үлгі болатын істер жасау - әркімге жүк. Өнегелі тұлғалардың өмір жолы, даналығы, батырлығы, сабырлығы, қиыншылыққа қасқайып тұра білуі, қуаныштағы салмақтылығы кірленбеген жүрекке кедергісіз құйылады, санасында жатталады. Бірде бір кісі жасқа толған баласын алып, данышпан кісінің алдына келеді де: Баламды, қалай тәрбиелесем болады? деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: Сен бір жыл, тоғыз айға кешіктің деген екен. Расымен де, бала тәрбиесі құрсақтан басталады. Ал тәй-тәй басқан баланың бойына мұсылман әдептерін, ислам қағидаларын сіңіруден кеш қалмауға тырысыңыз.
4.Ақыл - жастан. Біз ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. Ал халықтың яки ұлттың сөзіне құлақ асу - жазылмаған заңдылық. Ендеше, сіз де жас баланың бойында өзіне деген сенімділік, ар-намыс, абырой сынды қасиеттерді қалыптастыру үшін - үлкен ортада оған көңіл бөліп, құқығы мен қалауын ескеруге тырысыңыз. Ақыл мен ерлік - ересекте ғана емес, балада да бар. Оның пікіріне құлақ асыңыз, отбасылық шешім қабылдауда ескеріп отырыңыз. Сахль ибн Са'д былай деді: Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сусын құйылған кесе әкелінді, ол кеседен ұрттады. Оң жағында бір бала отырған болатын. Ол жиналғандардың ішіндегі ең жасы еді, ал сол жағында қариялар болды. (Сүннет бойынша ішіп-жеу оң жақтан басталады). Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)әлгі балаға: Ей бала, мынаны сол жақтағы қарттарға берсем бола ма? деді. Сүйікті Пайғамбарының берген әрбір затында береке бар екенін білген бала: Уа, Алла Елшісі, сен маған берген затты ешкімге беріп қоймаймын деп жауап қатты. Мұны естіген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол ыдысты балаға берді. (Бұхари).
5. Тән тәрбиесі де жан тәрбиесі секілді маңызды. Ойшылдардың бірі: Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да сондай болмақ.. Сондықтан, болашақ қайраткерді тәрбиелеу - ең алдымен ойыннан басталады деген екен. Яғни, баланы нағыз ер азаматқа тән спорт түрлеріне баулыған абзал. Сүннетте садақ ату, жүзу, салт жүріс секілді спорт түрлері құпталады. Бұл спорт түрлерін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген адамдардың барлығы еркін меңгерген екен. Екінші жағынан, спортпен айналысқан баланың денесі мығым әрі шымыр болып қалыптасады. Тәнді Алланың берген аманаты деп қабылдауды жастайынан үйрету артық емес.
6. Ер - бас, әйел - мойын дейді дана қазақ. Айырмашылық бар ма? Әрине, бар. Бас әрқашан бас болып қалу керек. Сол себепті, баланы нәзіктік пен әйел табиғатына тән қасиеттерден аулақ ұстаған жөн. Ер азаматтық - адамды асқар құзды бағындыруға, ұлы мақсаттарға жетуге және осы жолда кездесетін қиындықтар мен кедергілерге төтеп беруге итермелейтін қасиет. Бұл - өзгелерден талап етпес бұрын, өз парыздары мен міндеттерін орындауға асығатын жеке жауапкершілік сезім. Балаңызды жастайынан жылаңқылықтан, арызқойлықтан, асыра сәнденуден, айна алдында көп отырудан тыйыңыз. Ердің әйелге, әйелдің ерге ұқсауы шариғатта харам нәрсе болып саналады. Ата-ана оған өз жынысына тән жүріс-тұрыс, мінез, киім, сөйлеу әдептерін түсіндіруі керек. Әрдайым санасына Сен - өз отарыңның бақташысысың, қорғансың, отағасысың, ел тұтқасын ұстар ер азаматсың деген сөздерді құйып отырудан жалығуға болмайды. Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын): Қиын өмірге бейімделіңіздер, себебі, сіздерде үнемі сәттілік болмайды деген екен. Баланы қатал әрі қиын өмірге тәрбиелеу оны шыңдай түспек.
7. Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. Қорқақтық, өзіне деген сенімсіздік, жасқаншақтық, өзгенің сөзіне көзсіз ерушілік - ер адам бойындағы ең жағымыз қасиеттердің бірі. Бұл - оған үнемі ұрысудан, дауыс көтеруден, өзгенің көзінше намысына тиюден, жиі қол көтеруден туындайды. Өзін ешкімге керексіз, өзгеден төмен сезініп өскен баладан қоғам қайраткері шығуы екі талай. Оған өз орнын маңызды сезінуге мүмкіндік беріңіз.
8. Тәрбие басы - тіл. Оған жақсы әрі салиқалы сөздерді айту, үйге келгенде және кеткенде үнемі Алланың сәлемін тілеу тек жақсы тұсынан әсер етпек. Әнас ибн Мәликтің (оған Алла разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жас балалардың жанынан өткенде үнемі сәлем сөзін айтатындығы жеткізіледі. Әкесі баласына үйге кіргенде де, шыққанда да осылайша назар аударса, бала өзінің маңыздылығын, дәрежесінің жоғарылығын, қоғамға керектігін сезінеді әрі өскенде де өз балаларына осындай құрмет көрсетеді. Жалпы, бір әкенің тәрбиесін жүз мектептің бере алмайтыны даусыз.
9.Сенім алға жетелейді. Баланы жеке жауапкершілікке тәрбиелеудің бір жолы - оған құпияларды сеніп тапсыру, маңызды істерге жұмсау. Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) айтады: Мен балалармен ойнап жатқан кезде, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Ол бізбен сәлемдесті де, мені өз шаруасына жұмсап жіберді, сөйтіп мен үйге кеш келдім. Мен келген кезде анам: "Неге кешіктің?" деп сұрады. Мен оған: "Мені Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз шаруасына жұмсады" дедім. Анам менен: "Ол қандай шаруа?" деп сұрады. Мен оған: "Шындығында, бұл - құпия дедім. Сонда анам: "Алла Елшісінің(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясын ешкімге тіс жарып айтпа" деді. (Муслим). Келесі бір хадисте Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін жұмсағандығын айтады.

Бұл - болашақ ер азамат баспалдақтарының бір бөлігі ғана. Асылында, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бала тәрбиесі - үлкен мектеп. Ал біз осы мектепті тереңірек меңгеру арқылы тұщымды жеміс бере алмақпыз. Тәрбие дегеніміз - тәрбиелеушілердің белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы. Сондықтан да, тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс. Сіздің жақсы деп санағаныңыз - балаңызға жақсы. Алдымен, өзіңіз жақсылықтың жаршысы болуға асығыңыз...
Алла Тағала Құранда: Адамдарды Алланы еске алудан, намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаудан және зекетті беруден сауда да, сату да алаңдатпайды. Олар жүректер мен көздер (қорыққанннан) аударылып тұратын Күннен (қайта тірілу күнінен) қауіптенеді. Алланың оларға істеген амалдарынан да жақсы қайтарым сый беруі әрі Өз кеңшілігімен арттырып беруі үшін. Алла қалағанын есепсіз өте мол ризық береді. (Нұр сүресі, 36-37-аяттар) дейді. Ендеше, елімізде Құран сипаттаған, Алла сүйетін, сүннетті серік етуші, ел тұтқасын ұстар айбынды азаматтар көп болсын деп тілейік!

ҰЛ ТУҒАНДА КҮН ТУҒАН
Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Ата- анасына бауырларына, жарына қамқоршы, ел қорғаны әулеттің тірегі. Шаңырақ иесі, дана, шешен, батыр, ата, аға, іні, жар, ата-ананың мұрагері, отан қорғаушы, ұрпақ жалғастырушы, отбасын асыраушы, асқар тау әке. Әке аты қасиетті үлкен үй, қара шаңырақ деген ұғымдармен сыйлы да құрметті.Бүгінгі ер азаматтар кімдер? Ер азамат - мемлекетті басқарушылар, елдің тағдырын шешетін тұлғалар, өз шаңырақтарының тірегі. Алайда азаматтар арасында маскүнем, жатыпішер жалқау, төмен етектіні жәбірлейтіндері де баршылық. Біз қалай десекте, бәріміздің сүйіктілеріміз. Азаматсыз әйелдің күні күн емес. Халық тілінде отбасында ер азаматарды отағасы, арғы әжелеріміз аталарымызды ерім, пірім деп атаған. Аналарымыз байың қараса, бақ қарайды, отыз ұлың болғанша, опырық шалың болсын дейді. Ертеректе әжелеріміз ешқашан аталарымыздан қайда барасың, қашан келесің? деп сұрамаған. Неге?Бұл басқа әңгіме. Әрі мұсылман еркегі, шариғат заңы бойынша, төрт әйелге дейін алуға құқы болған. Көп әйел алу туралы мәселе көтерілген шешуші тұста, әжелеріміз бұл жиынға қатыспаған сыңайлы. Қалайда ерлердің мәртебесі халқымыздың дәстүрінде қай заманда да, өте жоғары, оған дау жоқ.
Біздің елдің жігіттері - жігіттердің сырттаны,
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.
Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,
Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны, -деп жырлайды ақын.
Бүгінгі заманға оралсақ. Замандастармен қыз-келіншектердің, жантанушылар мен әлеуметтанушылардың пікіріне жүгінсек: соңғы 25-30 жылда еркектердің беделі қоғамда, тіпті өз шаңырақтарында күрт төмендеп құлдыраған. Мұның себеп-салдары бірнеше факторларға тіреледі. Оның тамырын тереңнен іздеу керек.
Ежелгі батыс жапон салт-дәстүріне үңілсек, ер балаға рыцарлық, самурай ерлік дәстүрін өнеге етіп, тәлім бергенін бұл халықтардың ежелгі ұлттық әдебиетінен байқаймыз. Өткен заманда әлем халықтарына ортақ ерлердің беделі үстем болды. Орта ғасырда Еуропада рыцарлық батыс Еуропада сеньорлар мен вассалдар, жапондардың самурай мектептері ерлер тәрбиесімен түбегейлі айналысқан. Жапонияда ұл балаларды самурайлық дәстүрге, елін сүюге баулайтын мектептер ХХ ғасырға дейін жұмыс істеді. Ал қазақ ұрпақ тәрбиесін бір сәт естен шығарған емес. Ер балаларды елді қорғауға, мал бағуға, табуға,отын шабуға, отбасын асырауға дайындады. Үйдің шаруасын үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке,тәуекелшілдікке,тиянақ тылыққа үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Сондықтанда алаш ұлдары жомарт, ұсақ-түйекке мән бермейтін ержігітер өсті. Ата-бабалармыз көшпенділердің заңы бойынша ұлдарын батырлық мектебінде тәрбиеледі. Қазақ - батырлық мектебінде оларды мергендіктің құпиясын білуге, соғыс өнерінің тактикасы жауының осал тұсын жіті байқау 7-8 жасынан бес қарудың қыр-сырын ұғындыру жолында тер төкен халық. Қазақ ер баланы 5 жасынан атқа отырғызып, тұлпарды таңдады. Себебі қазақтың жалпақ даласына сақтап қалудың жалғыз жолы соғыста тек жеңіске жету ғана болатын. Сондықтан да бабалар ұлдарынан жауына мейрімсіз, елін сүйген, ержүрек қырандар өсіруге мәжбүр болды. Ата - балаға сыншы деп балаларды сынап отыруды естен шығармаған. Өмірде болған Құнанбай би Абай атамызды 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араластырғаны мәлім. Уәли хан Шоқанды 3 жасынан хат танытып, 5 жасынан білімге баулаған. Ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында мәшһүр (білгіш) атанды. Кенесары үміт артқан ұлы Сыздықты 5 жасынан құмға пышақ қадап қойып ержүректілігін сынаған. Батыр бабалар Қабанбай 16-ға толмай, Райымбек әулие 15 жасында ерекше ерлік жасады, ел шекарасын бекітті. Қазыбек би, Абылай хан бабаларымыздың 12-15 жасында-ақ ақыл мен асқан алғырлығы дүйім шартарапқа тарапты. Сөзімізге дәлел тарихшы Ж.Қасымбаевтың еңбектерінен Кенесары ханның бала кезден хас батыр, алғыр ойшылдығын танимыз. Мақала жазу барысында дұшпандары мойындаған батыр баба туралы мына пікірлерді кездестірдік. Орынборлық орыс зертеушісі, шенеулік Николай Середа Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі (1838-1847 ж.ж.) еңбегінде: жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы түйеге тең деп бір айтса, кедергілерден қаймықпайтын, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмейтін деп түйінді. Ал тарихшы,археолог, өлкетанушы Алекса́ндр Ма́йердың Қырғыз даласы... зертеуінде Кенесары ержүрек, айлалы,өркеуде, белгілі қарақшы деп, эмоциясын жасырғысы келмесе де, ол адамдарды маңайына топтастыруға шебер ұлы қасиеті бар деп еріксіз мойындайды. Азулы хан, айбарлы қолбасшы Кенесары туралы орыстың ондаған ойшылдары батыр атаның ерлігін елін сүйген асыл тұлғаны зерттеген еңбектері ұшан теңіз. Кенесары ханды кім, қалай тәрбиеледі бізге беймәлім болғанмен, бала Кенесарыны даланың ұлы аналар мен данышпан аталардың жоғарыда айтқан батырлық мектептен өткенін күмән жоқ. Қазақ ұлдарын қазан-ошақ, отбасындағы ұсақ-түйекке араластырмай, ел ағалары жақсылар мен жайсаңдарының көсемдері мен шешендерінің сөзін тыңдатқаны аян. Олар бала кезде ерте оянып, сергек болуға дағдыланған. Үйге қонақ келгенде атып тұрып, қол алып, сәлем береді, мейманның атын байлайды, есігін ашып төрге шығарады. Кетерде аттандырады. Өзге халықтарда кездесе бермейтін үлкенді сыйлау, қонаққа деген құрмет бала санасында сіңіп ғасырдан ғасырға жалғасып келді. Орыс зерттеушісі Александр Левшиннің Қырғыз-қазақ даласы мен ордаларының келбеті (Сант-Петербург, 1832) этнографиялық еңбегінде: қазақ жігіті қызу қанды, рухы жайсаңдық пен ізгілікке тән, ержүрек, олар ылғи да жайдары жүреді, жалпы сергек, әрі еліктегіш келеді деп баяндайды. Бұл мінез бозбаланы әдептілік пен кішпейлдікке, парасатылыққа баулиды. Өткен ғасырдағы классикалық шығармаларда ұл баланы ел қорғайтын отаншыл, ұлттың намысты азаматы жомарт, әділ, үлкенге қайрымды азаматтар болғанын суреттейді. Осы тәрбиенің жемісі Ұлы Отан соғысында ер жүрек қаһарман ерлік жасау саны жағынан мәртебесі жоғары болған да біздің халық. Бұл тәрбиенің негізін қалаушылар қазақтың дана аталар, әжелер мен аналар еді. Қазақта әкені сыйлау деген ұғым іс жүзінде аса жоғары деңгейде болған. Баршамызға аян Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан бейнесі еріксіз ойға оралады. Абай эпопеясында мына эпизодты еске түсіріп, қайырылып кітап бетін ашсақ. Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түсіп көп ішінен ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: сонда ақылды да парасат бәйбіше Ұлжан:
-Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай жалт қарап жаңа көрді. Анадай жерде,қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңайсыздықтан қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды (Абай жолы. 1-кітап. 9-бет). Мұхтар Әуезов қазақта ерлердің отбасында жоғарғы беделін ғана емес, әйелдердің еріне деген құрметін бала бойына ерте жастан сіңіргендігін аңғартады. Үлкенді сыйлау, құрмет тұту дәстүрлері қазақ қанына ғасырлар бойы қалыптасқан айнымас салт. Бала 13-15 жасқа толғанда көршілес ауылдағы ақсақалдарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: абыз қарттардан өнегелі сөз тыңдасын, ел ішінде не болып жатқанынан хабардар болсын, елде кім жақсы, кім жаманын білсін, жаман мен жақсылықтың аражігін айырсын, тарихта болған оқиғаларды тыңдап, байтақ даланы батыр бабалар қалай қорғағанын бала санасына сіңіріп, құлаққа құйып аманаттап отырған. Сондай-ақ қазақтар баланы бала демей, дана деп, құрметпен қараған әрі баламен бірге ойнап, ойын арқылы да білім мен тәрбиені қатар ұстанған ел. Қазақ ұлын 4-5 жасында атқа отырғызған күннен бастап сен ер жігітсің, еліңді қорғайсың, бізді асырайсың деп балаға таудай жауапкершілік артқан. Балаңды 5 жасқа дейін хандай көтер, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15-тен асқасын досыңдай сырлас, сыйлас деген ғибаратын ескерді деуге бола ма? Тарихта осындай тәрбие алған балалардан ел тұтқалары бір сөзбен айтқанда, олар ержеткенде нар мінезді, бір сөзді, байсалды, жаны да, қолы да жомарт бәрінен намысты жоғары қоятын жайсаң жігіттер өсті.Біздің бабалар ұлын ежелден батыр, ел тұтқасы болуға лайық елім, жерім дейтін ұрпақ тәрбиеледі. Сөзімізге дәлел Күлтегін жырында мына жыр жолдары ғасырлар асып бүгінге жетті.
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейтік.
Еліміз қайта ел болды.
Халқымыз қайта халық болды - дейді.
Жасынан қалыптасқан жақсы мінезбен өнер-білім балаға аса қажет болатынын атам қазақ алыстан болжапты. Осындай даналықтың бір ғана ұшқыны қарапайым ауыл қартының әрекетінен көрініс табады. Бала кезде ауылда бір аяғы ағаш балдақпен (Ұлы отан соғысында аяғынан айырылған) жүретін көрші Сидіғали атай болатын. Атамыз ауыл балаларын жинап алып, эпостық жырларды және қолмен жазылған жыртылуға жақын Едіге жырын оқытатын еді. Қыздарға Жібек, Баян, Гүлбаршын, Құртқа сөздері мен сұлулығы мен ақылдығын баяндайтын эпизодты, ұлдарға Төлегеннің, Алпамыс, Қобланды, Едіге, Ер Тарғын ерліктерін суреттейтін сәттерді жаттатып, өзі көзін жұмып отырып, сан мәрте қайталап тыңдаудан жалықпайды. Қателесіп немесе тоқтап қалсаң, көзі жұмылған күйі мәтінді түзейді. Қай бала жырды көп жаттаса, соған мақтау ретінде қалтасынан тиын ақша тігетін. Тиынның бағасы жаттаудың көлеміне қарай еселеп өсіп отыратын. Тиыны таусыла қалса, оның орнына сол замандағы ең керемет Школьник, Батончик кәмпиттеріне ауыстыратын. Жаттамасаң, атайды тегін сыйлыққа көндіре алмайсың. Қазір ойласақ, бұл жыр жаттау ойын ғана емес, ерлік пен ұлттың намысы азаматтардың абройын өсіру баланың жасынан санасына сіңіру тәсілі екен. Осылайша балалардың көпшілігі эпосты түелдей жатқа айтатын. Атайдың сыртын терімен қаптаған салмақты көк кітабындағы батырлар жырын оқымаған ауылда бала қалмайтын. Біздер өзімізді жырдағы кейіпкерге ұқсатып ақылды, сұлу қыздардай елестетіп бала қиялы аспан асып, шартарапқа шарықтап кететін. Атамыз біздің есейгенімізді ескерді ме қайдам, кейінірек үлкендерімізге Қан мен тер романын басқа да классикалық шығармаларды оқытты. Ата Қан мен тер кейіпкерлерін (протиптерін) танитынын, жер-судың атауын айтып Міне, жігіт Еламандай болу керек! деп қанаттанып отыратын. Кей күндері кітап оқу кешіне көрші ата-әжелер де тыңдауға келеді. Тыңдап отырған үлкендер жағы бізді тоқтатып кейіпкерлерді танып, өзара қызу әңгімеге кірісіп, дауласып кететін-ді. Тәңірберген мен Ақбаланы айтып ұрысып, кейіпкерлерді бірі жақтап, бірі даттап өзара ренжісіп те қалатын. Сыр өңірі - Нұртуған, Ізтілеу Тұрмағанбетов, Нартай, Көшенейдей сыр сүлейлері мекендеген сөз өнерінің құты қонған жер. Атай Нұртуған жырларын жатқа айтатын. Жыр жаттау тәсілі жапон халқында Карута тори деген ұлттық ойын бар көрінеді. Қандай ғажап ұқсастық. Бұл ойын баланың елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. Карута ториға қатысу үшін бала ежелгі жырларыдан жүз жыр білу шарт көрінеді. Темірге жан бітірген өнертапқыштық қабілетімен әлемді тамсандырған жапон ұрпағы 10 жасқа дейін жүз ақынның жырын жатқа білуі міндет. Жыр жаттау тіпті кітапты оқып беру баланың есте сақтау қабілетін дамыту әрі намысты азамат өсірудің ең тиімді тәсілі екен. Біздің ата-бабаларымыз баяғыда айтып кеткен көрегендігін атақты неміс шешені, әйглі бизнес-психолог бұл күндері Бодо Шефер 5 жасқа дейін бала көрген, білгенін етігенінің 70 пайызын өмір бойы есінде сақтап қалады деп жар салды. ӘлгіСидіғали атайдың оқытқан жыр жолдары арада қанша жылдар өтсе де, осы күнге дейін есімізде мәңгі жаталып қалды. Әрине қазір балаларды осылай тәрбиелейік деген сөз емес. Бабалар елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа демей ме? Әр заманың өз заңы бар. Бұл қарапайым әкелердің ұлттың ұл-қызын тәрбиелеудегі тамаша дәстүрлеріміздің болғанынын еске алу. Жиырмасыншы ғасырдың балалары аналарымыздан әкеңнен сұра,әкең біледі, әкең келе жатыр, ренжісе әкеңе айтам деген ұлағат сөздерді жиі естіп өстік. Бұл сөздің астарында шынайы инабаттылық, әдептілік, үлкен философиялық мән мағына жатыр. Әйел ерінің қадір-қасиетін ардақтап, бала алдында әке беделін осылайша еселеп өсіріп отырған. Міне,ер азамат тәрбиесі қазақ шаңырағында ғасырлар бойы осылайша қалыптасқан еді. Бұл - ұстанымдар отбасында әкенің беделін айғатайтын бұлтартпас дәлел. Әрі шешелеріміздің еріне деген құрметі мен сыйластығын білдіретін. Осынау тамаша дәстүрлерді қалайша жоғалтып алдық?Данышпан әл-Фараби баба Балаға қайырымдылық пен жаман қылық әуел бастан жаратылыстан дарымайды. Бірақ қайырымдылық пен жаман қылық жаратылысы тегіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, оны қандайда болсын сырттан келетін басқа ниет қарым-қатынастан қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ соғатын әрекетке бет қояды деп баланың генетикалық табиғатын оның әрекетінде басым болатынын сипаттайды (әл- Фараби Бала тәрбиесі туралы көзқарасы, 125-бет). Осы тұста халқымыздың тегі кім, тегіне қарайды дейтін сөзінің астары да айқындала түседі. Тағы бір дәлел: Еуропа құрлығынан келген бала асыраушылар қазақ баласын асырап алуға өте ынталы екен. Оның мәнісін қазақ жеті атаға дейін қыз алыспайтын қан тазалығы қызықтыратын ашып айтып жүр.
Біздер балаларға ренжиміз. Әкесін тыңдамайды, тіптен беттен алады. Бүгінгі ұрпақтар әкеден қаймықпайды. Неліктен? Қазір қазақтардың әрбір төртінші отбасының ұл-қызы әкесіз өсіп келеді. Олар кімдер? Ажырасқандар, әкесі қайтыс болғандар, аналары өзі үшін некесіз туған балалар мен абақтыда жазасын өтеуші ер азаматтардың балалары. Алдымен, әкелердің басым көпшілігі асыраушылар мәртебесінен айрылып қалды. Басты себеп: қоғамдағы жұмыссыздық, құмарлық, нәпсіге ерік беру, дінсіздік, араққа салыну бүгінгі күнгі ресейлік ғаламтор жарнамалары айтуға ауыз қисаймайтын бейнелер бәрінен қауіпті, аса қауіпті індет меңдеп барады. Қазақстандықпыз дейтін қарагөз қыз-қатындар арасында танымалдары да, бар кеудесін қалай өсіргенін, қалай арықтағанын, денесін көрсетуден қаймықпайды...
Алматыда еркекті қалай торға түсіру айла әдістерін үйрететін мектеп ашылды. Еркек пен еркек, қатын мен қатын жұптасатын клубтарда осы шаһарда баршылық. Ұлт анасы қатындар аздық, ұлды қалай ұстаймыз, қайтпек керек??? Ғаламторға құлып салуда мүмкін емес, қазаққа әлгі жарнамаларды шектейтін заң керек. Біз ғана емес азулы елдердің өзі ұлдарына берген өрлік мәртебесін заман ағысы ығыстырып тастады. Бұл құбылыс бүкіл адамзаттық мәселеге айналып отыр.Игі дәстүрлерді бүгінгі дейін жеткізіп келген елдер қатарында тек жапон халқы ғана қалған көрінеді.
Қазақтар өзгелерге еліктеймін деп ұлттық тұтастықты ұл-қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерден уысынан шығарып алды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерден айрылған халық, ертең тілінен,ертең дінінен айрылады... Біз болашақ азамат бүгінгі бесіктегі ұлдарға қандай тәрбие беріп отырмыз, гәп осында. Бала тәрбиесін айтқанда алдымен таяқтың ұшы әжелер мен аталарға аналар, әкелерге, келіндерге тиеді. Бүгінгі елуден асқан аталар мен әжелердің көбісі жұмыс істейді, ертегі айтып, кітап оқуға, олармен ойнауға мұршасы жоқ. Аналары да, әкесі де кішкентайлармен кешкісін асығыс кездеседі, кейбірі жұмысқа ерте кетіп, кеш келетін әкелерімен дидарласпайды, көрмейді. Ал балалардың тәрбиесімен мүлдем бөгде адамдар айналысады. Данышпан Жүсіп Баласұғынның көзқарасы бойынша, ер бала тәрбиесінде әкенің орнын ешкім алмастыра алмайды, әкенің жеке басының өнегесі, оның мінез-құлқы мен тұлғалық қалыптасуы аса маңызды. Оны: Бейбастық қып өсірсе ұлдың қылығын, кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының (1220 бәйіт.) деген өлең қатары дәлелдеп тұр емес пе? Сондықтан әжесі мен атасын сыйламайтын ұл-қыз, ата-анасын менсінбейтін келіндерді ұстап отырмыз. Біздің алдымызда өркениеті мемлекеттер сапына қосылу міндеті тұр. Яғни ата-анаға заман талабына сай ұл-қыз өсіру парыз. Біз күнкөріс көзі жұмысты тастап, бала тәрбиесі үшін үйде отыра да алмаймыз. Тағыда қайтпек керек? Бала тәрбиесімен бүгінгі баланы теледидар мен ғаламтор, жалдамалы тәрбиешілер айналысады. Жалпақ жаһанға қысылмай, бүгежектемей теңелу, жақындау үшін өз келбетіміз керек. Рухани байлығымызды толықтықтыратын оны жанымызға тықпалап насихатамайтын теледидиар бағдарламарға зәруміз. Қазақ метебінде оқитын балалардың өзі отандық арналардан берілетін кино мен бағдарламаларды көрмейді. Бұл - шындық. Ресей арналарына бұрайды. Неліктен?Себебі отандық бағдарламалар баланы қызықтырмайды. Алайда қолдан келмейтінде іс емес. Осы жылы Хабар агентігі ұсынған Жігіт сұлтаны секілді сыннан сүрінбейтін, көрер көз тоятын, дарынды, қара күш иесі тарландарды дәріптейтін хабарлар қажет.
Өткен жазда Сыр бойына елге төркіндеріме бардым. Інімнің үйіне 10-13 жас шамасындағы ылғи бір үйдің тентектері әке-шешемнің немере, шөберелері - кілең жасөспірім ер балалар жинала қалды. Олар аулада шулап мазаны алғасын өзімен бірге жаңа шыққан режиссер Ақан Сатаевтың Жаужүрек мың бала атты тарихи драмасының DVD нұсқасы ала барғанмын. Балаларға қазақша боевик көріңдер деп жалындым. Балалардың біреуі маңғазданып киноны алып тұрып: Апа, қазақша ма? Қазақша боевик бола ма? - деп сұрады. Бала сөзіне біртүрлі тіксініп қалдым. Олардың көбісі қаладан барған, арасында орысша оқитындары да бар. Бұлар киноны қалай қабылдайды деп сырттан бақылап жүрдім. Фильм аяқталғанша бір бала тырп етпей көрді. Олар кешкісін аулаға шыққасын бірі Сартай, бірі Таймас, Ілияс болып ойнады, үйдің жасөспірім егесі Мен бұл киноны достарыма көшіріп сатам дегенін сөзін құлағым шалып қалды... Қазақ киносы ұрпақтар алдында ұялмайтын бір мысқыл іс тындырды. Бұл тым аз. Егер отандық өнім бала көкейіне қонатын кино мен хабарлар болса көрер еді. Балалар қазақша мультфильм, кино көрмейді дейміз. Теледидар ұлттық рухты көтерер бағдарламалар бере алмай, алаш мұрагерлері алдында қарыздар әрі ұятты болып отыр. Кешегі Кенесары, Қабанбай, Сырым, Райымбек, Исатай мен Махамбетті, Бауыржан аталарын бүгінгі ұрпақ олардың ерлігін оты жырларын кітаптан оқымайды. Сондықтан ғаламтордан тарихи кино мен мултьфилмьдерден көрсе деген арман бар. Қазақ баласының әйгілі спорт додасында елдің мерейін өсіріп, ән ұранды әлемге тыңдатқан спорт шеберлері де үлгі. Кеше қазан айында Алматыда өткен былғары қолғап шеберлерінің әлемдік додасында мерейі үстем болған елдің рухын көтерген қайсар төрт жігітті көрген ондаған жас өрен ертеңіне былғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Қазақ халқында ұл бала тәрбиелеу дәстүрінің қалыптасуы
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Тәрбие бастауы - отбасынан
Ұл бала келбеті
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Пәндер