Ерекше қорғалатын табиғи территориялық кешендер



1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 1
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 1
1.2 Табиғи . тарихи ескерткіштердің зерттелуі 7
1.3 Қазақстандағы табиғат ескерткіштерінің классификациясы. 20

2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 31
2.1 ОБЛЫСТАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 31
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 46
ТҮСІНІК
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.
Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді экологияландыру мәселесіне ұстаздармен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді. Сонымен қатар соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.
Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алнған табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін және ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.
Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заң 1997 жылы 6-тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетіледі.
Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
3) мемлекеттік табиғи саябақтар;
4) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
5) мемлекеттік қорықтық белдемелер;
6) мемлекеттік табиғи қорықшалар;
7) мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк);
8) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
9) мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;
10) Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар;
11) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы;
12) Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары;
13) Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше құнды алқаптары;
14) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры;
15) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау. [ ]
Табиғат қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорық. Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлерін және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке нысандары мен құбылыстарын сақтауға өте қолайлы. Қорықтардың тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардың генофондысын сақтайды. Соның нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да өте маңызды іс. []
Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы керек.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі тие қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады. Қорықтардың табиғат эталондарын қорғауда олардың негізгі маңызды қасиеті, қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүруі. Сондықтан көптеген қорықтар егер антропогендік ландшафтардың ортасында орналасса, өнеркәсіп пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2 шақырымдық қорғаныс зонасын жасайды. Қорықтар өзінің құқықтарымен, қызметкерлерімен мемлекеттік ғылыми мекеме болып саналады. Қорық жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол ғылыми жұмыстарды қорықтың ғылыми қызметкерлері, сол сияқты басқа мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, аспиранттары мен студенттері жүргізеді. Қорық қызметкерлері мен басқа мекемелердің мамандарының бірігіп ғылыми жұмысты жүргізулері қорықтың табиғи кешенінің жоғарғы дәрежесінде өтуіне себебін тигізеді.
Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемелеріндегі табиғат байлықтарын қорғауға алынған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған (қосымша ). Табиғи ландшафтты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор. Сөйтіп, қорық-табиғаттың сол бұрынғы қаз қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгі-ошақтарын салу үшін ғана емес, табиғат-адамның бүгінгі тіршілік етіп отырған және мәңгілік тіршілік ете беретін ортасы [].

СОДЕРЖАНИЕ

1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 1
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 1
1.2 Табиғи – тарихи ескерткіштердің зерттелуі 7
1.3 Қазақстандағы табиғат ескерткіштерінің классификациясы. 20
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
31
2.1 ОБЛЫСТАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 31
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 46

1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау
мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын
аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын
қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді
насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп
келеді.
Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының
табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде
мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді
экологияландыру мәселесіне ұстаздармен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді.
Сонымен қатар соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні
жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп
отыр.
Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алнған
табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін және ондай
табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп
қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және
ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.
Елімізде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заң 1997 жылы 6-
тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы
арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және қойнауы
ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң
тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін
бөлінеді деп атап көрсетіледі.
Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
3) мемлекеттік табиғи саябақтар;
4) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
5) мемлекеттік қорықтық белдемелер;
6) мемлекеттік табиғи қорықшалар;
7) мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк);
8) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
9) мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;
10) Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар;
11) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы;
12) Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су
айдындары;
13) Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи
жағынан ерекше құнды алқаптары;
14) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен
мемлекеттік кадастры;
15) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау. [ ]
Табиғат қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорық. Қорық – ерекше
қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлерін
және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке нысандары мен құбылыстарын сақтауға
өте қолайлы. Қорықтардың тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардың
генофондысын сақтайды. Соның нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен
құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы өсімдіктер
мен жануарлар түрлерінің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да өте
маңызды іс. []
Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи
жағдайлары болуы керек.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі тие
қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп
тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады.
Қорықтардың табиғат эталондарын қорғауда олардың негізгі маңызды қасиеті,
қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі
жүруі. Сондықтан көптеген қорықтар егер антропогендік ландшафтардың
ортасында орналасса, өнеркәсіп пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының
әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2 шақырымдық қорғаныс зонасын жасайды.
Қорықтар өзінің құқықтарымен, қызметкерлерімен мемлекеттік ғылыми мекеме
болып саналады. Қорық жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол
ғылыми жұмыстарды қорықтың ғылыми қызметкерлері, сол сияқты басқа
мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, аспиранттары мен
студенттері жүргізеді. Қорық қызметкерлері мен басқа мекемелердің
мамандарының бірігіп ғылыми жұмысты жүргізулері қорықтың табиғи кешенінің
жоғарғы дәрежесінде өтуіне себебін тигізеді.
Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемелеріндегі табиғат
байлықтарын қорғауға алынған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған (қосымша
). Табиғи ландшафтты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны
сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи
лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор. Сөйтіп,
қорық-табиғаттың сол бұрынғы қаз қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі,
соның үлгі-ошақтарын салу үшін ғана емес, табиғат-адамның бүгінгі тіршілік
етіп отырған және мәңгілік тіршілік ете беретін ортасы [].
Республикамызда табиғат қорғаудың келесі бір маңызды тобына
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Дүниежүзінің көптеген
мемлекеттерінде ұлттық табиғи саябақтар ерте кездерден бастап-ақ
ұйымдастырылған. Ең алғашқы Иелоустон ұлттық табиғи саябағы (АҚШ-та) 1872
жылы ұйымдастырылған [].
Ұлттық саябақтардың мемлекеттік қорықтардан елеулі айырмашылықтары
бар. Айтарлық, қорықтарда табиғат байлықтары сол аймақтың ландшафты
–географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалады. Мұндағы жерлер
шаруашылық айналасымен босатылады да, барлық экологиялық үрдістер өз
бетінше жаратылыстың заңына сәйкес дамиды. Ал ұлттық табиғи саябақтарға
жүктелетін міндет бұған қарағанда әлде қайда күрделірек. Олар табиғат
қорғау шараларымен қатар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді
дамыту және экологиялық білім тәрбие беру мәселелеріне де ерекше көңіл
бөлінген. Кейде арнайы рұқсат бойынша белгілі бір мөлшерде аң аулауға да
жағдай жасалады.
Саябақтың жер көлемі мен оның шекаралары сондағы ірі жануарлардың
бүкіл маусымдағы тіршілігін қамтамасыз етеді. Туристер сабақта кездесетін
жануарларды мазаламайды, негізгі қорғалатын нысандар тек арнайы салынған
жолмен байқау алаңынан көрсетіледі. Ұлттық саябақтың барлық территориясы –
қорғалатын аймақ, келгендерге нысанды көрсететін алаң, шаруашылықты
жүргізетін жер және т.б. учаскелерге бөлінген. Мұның бәрі ұлттық саябақтың
территориясының дұрыс сақталуына және келушілерге өте ыңғайлы.
Қазір республикамызда 7 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Келешекте
елімізде ұлттық саябақтарды көптеп ұйымдастыру шараларына ерекше көңіл
бөлініп отыр.
Сөйтіп, ұлттық табиғи саябақ бірегей ландшафтардың, өсімдіктер мен
жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз
етеді. Сонымен бірге демалыс пен туризмнің де тамаша орны болып табылады.
Оларды күтіп-баптауға кететін шығындарын толық ақтап, едәуір кіріс
кіргізеді.
Табиғи байлықтарды қорғауды ұйымдастырудың келесі саласы –
мемлекетттік қорықшалар. Қорықшалар – табиғатты, оның өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін немесе табиғат кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа
алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған территория.
Оның қорық сияқты статусы жоқ. Мұнда шаруашылық әрекеттер мен қорғау
ісі бірге ұштастырыла береді. Қорғау шараларының негізін сол жерді
пайдаланатын мекеме жүргізеді. Бұл қоғамдық табиғи қорықшаға тән жағдай.
Ал, мемлекеттік қорықшаларда арнайы штатты қорықшылар болады. Мұндай
қорықшыларда негізінен алғанда кәсіптік маңызы бар және өте сирек
кездесетін жануар түрлері қорғалады. Қоғамдық қорықшаларда қорықшы
болмайды, олар қорғалатын нысандарына сай ботаникалық, зоологиялық,
геологиялық және ландшафтылық болып жіктелінеді. Қорықшалар он жылға немесе
тұрақты мерзімге ұйымдастырылады. Олардың барлығы да Қазақстан
Республикасының Министрлер Кеңесінің арнаулы шешімімен құрылады.
Қажеттілік туған жағдайда қорықшалардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуға да
болады.
Қазіргі кезде Республикамызда 57 республикалық мәні бар қорықшалар
ұйымдастырылған, оның 13 – ботаникалық, 35 – зоологиялық, 8 – кешенді, 1 -
әрі ботаникалық, әрі геологиялық қорықшалар. Қорықшалар жайлы, олардың
атқаратын қызметі туралы халықтар арасында толық мағлұматтарды тарату дұрыс
жолға қойылмаған. Адамдар қорықшаларда өздерін қалай алып жүрулері керек,
ол жерде қандай тәртіп қажет, міне осының бәрін жете біле бермейді [].
Геологиялық қорықшалар ерекше сирек кездесетін геологиялық түзілістері
мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтарды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр
зонаның ландшафтарында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына
келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Зоологиялық қорықша жабайы жануарлармен құстардың миграциясының
жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен
қорғау қолға алынған.
Осынау жануарлар дүниесі өкілдерінің бәрін табиғи жағдайда кезіктіру
мүмкін емес. Қалалардың өсіп, адамдардың табиғатпен етене араласуы
қиындаған қазіргі жағдайда жер бетінде және туған өлкемізде қоныстанған түз
тағыларын қол созым жерден танысып, бақылауға зоологиялық саябақтар арқылы
мүмкіндік туып отыр. Бүгінде зоологиялық саябақтар ғылыми – ағарту
мекемесі бола тұрып, жануарладың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі
бар түрлерін сақатап, олардың қорын молайту, жабайы жануарлардың
биологиясын, мінез-қылығын зерттеу, табиғат қорғау ісін насихаттау сияқты
сан салалы жұмыстарды атқарып келеді. Олардың әсіресе жойылып кету қаупі
бар аң-құстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Зоологиялық саябақтар біздің
республикамызда да бар, олар – Алматы, Қарағанды, Шымкент және т.б.
қалаларда жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта аң-құстар мекендейтін бұл аймақтарда жерімізде тіршілік
ететін құлан, барыс, қарақұйрық және басқада сиреп кеткен жануарлар түрлері
қамқорлыққа алынып, олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау және терең
ғылыми –зерттеу жұмысын табиғат қорғау ісімен ұштастыру зоологиялық
саябақтардың негізгі міндеті болмақ.
Адамзат туып - өскен жерін баққа бөлеуді о бастан – ақ құрметті
парызымыз деп білген. Халықтың бейбіт өмірді, бақытты тұрмысты гүлденген
баққа оранған жермен бейнелейтіні де сондықтан. Бүгінде жасыл желегі
жайқалған гүлзарлар, миуалы жеміс бақтар мен саясы мол еңселі ағаштарға
оралған елді мекенді жерлер өлкемізде аз емес. Әсіресе, қалаларда, ірі-ірі
өнеркәсіп орталықтарында көгалдандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Көгалдандыру ісінде пайдаланылатын өсімдіктердің сан алуан да әсем болуы
сол аймақты көркейтіп, түрлендіріп жіберетіндігі белгілі. Бұл саладағы
ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен ботаникалық бақтарда жүргізіледі.
Мұндай бақтар –бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде және дүние
жүзінің басқа да бөліктерінде өсетін өсімдіктер дүниесі өкілдерін жинақтап,
оларды зерттей отырып, жаңа сорттарды шығарып, өсімдіктерді жерсіңдірумен
айналысатын ірі ғылыми мекеме. Олар - дүние жүзі өсімдіктер дүниесі
ресурстарын зерттеудегі практикалық мәселелерді шешуге жұмылдырылған
табиғат лабораториясы.
Жел өтінде тербеле өскен жабайы өсімдіктерді зерттеу арқылы оларды
генетикалық қор ретінде пайдалана отырып, адамға пайдалы мәдени сорттарды
өсіруде және табиғат қорғаудың маңызын кеңінен насихаттап, жерімізді жасыл
желекке орауда ботаникалық бақтардың жұмысына баға жетпейді [].
Табиғат ескерткіштері – бұл сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың
әрекетінен бұзылып жатқан тау жыныстары және сонымен қатар ғылыми,
эстетикалық, кейде тарихи немесе мәдени жағынан құнды табиғат нысандары.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – табиғатқа тән бір затты қорғау. Бұл
сөздің мағынасына жете мән берсек, құрып бітіп бара жатқан жануарлардың
жеке бір түрлерін қорғау, мысалы, құланды, мензбир суырын, арқарды т.б.
Қазақстан жерінде Республика дәрежесінде 24 табиғат ескерткіші бар.
Оның ішінде аса маңызы бар үшеуі Қазақстан Министрлер кеңесінің арнаулы
шешімімен қорғауға алынған (қосымша ).

1.2 Табиғи – тарихи ескерткіштердің зерттелуі

Ғылымның қандай саласы болса да, оның өзіндік тарихы, бай тәжірибесі
болса және оны көпшілік мақұлдап, қолдаса, ол сонда ғана ұлы күшке
айналады. Негізінде ғылымның өзі де нақты жағдайлардың пайда болуына,
олардың талабына сәйкес туады. Табиғат пен адам арасындағы байланыс сонау
көне заманнан бері тығыз қалыптасып келеді, өйткені табиғат бесік болса,
адам оның перзенті. Сондықтан да табиғат адамға өз үйіндей болып келді,
алдағы ғасырларда да солай бола бермек. Ал адамның ақыл-ой парасаты өсіп,
ғылымы мен техникасы дамыған сайын оның табиғаттан алары көбейе түсіп
келеді. Ертедегі адам кез келген жердегі биік ағашты, жардың астын пана
етсе, қазіргі адам қуатты техника арқылы бүкіл бір орманды қырқып, биік
тауды бұзып, тасты жарып, оларды жер шарының қай жеріне апарғысы келсе, сол
жерге апара алатын дәрежеге жетті.
Ертедегі адам табиғатқа елеулі әсер ете алмаса, қазіргі адам табиғатты
танымастай етіп өзгертіп жіберді, өзгертіп те келді, өзгерте де береді.
Өткен ғасырлар тарихына үңілсек, сол кездегі халықтардың бір жерден
екінші жерге қоныс аударып, өріс іздеп көшіп-қонып жүргенін байқаймыз. Он
тоғызыншы ғасырдағы орыстардың қазақ жеріне лек-легі-мен қоныстануы да,
мемлекет арасындағы соғыстар мен қақтығысулар да табиғат байлығына
қызығудан туған жағдайлар. Қоғам дамуы жоғары сатыға көтерілген сайын
табиғат байлығы да мол көлемде пайдаға асырыла береді. Өйткені халық
дәулетінің мол болуы, әл-ауқатының күйлі болуы табиғат байлығына, оны еркін
пайдалануға тікелей байланысты.
Кейбір мемлекеттер ерте кезде егістік жер көлемін кеңейту үшін
миллиондаған гектар орман ағашын кесіп, өртеп, орнын жыртып тастады.
Алғашқы жылдары егін жақсы шығып, мол өнім берсе де, кейінгі ондаған жылдар
бойы ол жерлер топырақ эрозиясына ұшырап, құйқасыз тақырға айналып, босқа
қалды.
Адамзат қоғамы цивилизация шыңына көтерілген сайын белгілі бір жер
көлеміне ғана иелік ететін болды. Бұрынғыдай жер таңдап, байлық іздеп көшіп-
қона беру тоқталды. Әрбір ел, мемлекет өз қарауындағы та-биғат байлығына
ғана үстемдік етіп, қолда бар мүмкіндікті пайдалануға көшті. Ал жер,
табиғат байлығы үстем таптардың қолында болғандықтан жыртқыштық тәсіл етек
алды да, қолда бар табиғат байлықтары да жыртқыштық жолмен пайдаға асырыла
берді. Олар табиғаттан керегін кезкелген жерден қалай болса солай алуды,
өндіруді, артық ысырап етуді, халықтың мүддесімен санаспауды онан әрі
жүргізе берді.
Бірақ сол кездердің өзінде алдыңғы қатардағы ғалылдар мен прогресшіл
қауым өкілдері табиғатты қорғау қажет екенін, ел байлығын сақтау керек
екенін айтып үкімет алдына ұсыныстар енгізе бастады. Сол кезде таусылуға
айналған табиғат байлықтарын сақтау, қорғау туралы түрлі қаулылар мен
заңдар да қабылданды [].
Геологиялық зерттеу жұмысы 1627 жылы басталады. Содан 1917 жылға
дейін, яғни 290 жыл ішінде, Қазақстан жерінің небары 5 – 6% ғана
зерттелген. Полковник Ф.Бергтің экспедициясы 1825-1826 жылдары жердің
геологиясы мен географиясын зерттеп Каспий теңізінен бастап, Үстірт арқылы,
Аралға дейін келеді. 1829 жылы А.Фон-Гум-больть Каспий өңірі, Орал және
Алтайды, 1836 жылы Г.С.Карелиннің экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағын
зерттеді. 1840 жылдары Шренк экспедициясы Шығыс Қазақстан жағының
географиясын және геологиясын жазды. Бұл жұмыстардың бәрі ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында жүргізілді. Бұдан кейін де экспедициялар көбейе береді,
бірақ олардың көбісі орыс шаруаларын Қазақ жеріне орналастыру мәселесіне
бағытталған еді [].
Зерттеу жұмыстарын 1829 жылға дейін жүргізген Э.А.Эверсман Орынбор
территориясының табиғаты туралы көптеген қызғылықты мағлұматтар берді. Ол
1825 – 1826 жылдары Үстіртте Ф.Берг экспедициясының құрамында, ал 1827 және
1829 жылдары Бөкеев ордасында Г.С.Корелин отрядында жұмыс істеді.
Орынбор өлкесінде жүргізген көп жылдар бойғы зерттеулерінің
нәтижесінде ғалым Орынбордан Бұхараға саяхат және үш томдық Орынбор
өлкесінің жаратылыс тарихы (1840-1866 жылдар) атты еңбектер жазды. Соңғы
шығармасының бірінші бөлімінде автор Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларын
талдап, қорытындылаған.
Э.А.Эверсманның еңбектері, әсіресе оның соңғы шығармасы Елдерді
кешенді зерттеу сипатында жазылған. Соңғы еңбегіне жазған алғы сөзінде
автор өзінің Табиғатта жаратылғандардың бәрін – жануарларды,
өсімдіктерді, қазба байлықтарын өзі қолымен жинап көзімен көргендерін түгел
тізіп қағазға түсіргенін баяндайды. Ол Үстірт қыратында құзды (чинк) таудың
мүжілуінен болған құбылыс деп есептеді. Ғалым Үстірттің тұңғыш анықтамасын
беріп Э.А.Эверсманның айтуы бойынша Үстіртті құрайтын қабаттар көлбей
біткен және тау жыныстары үш түрлі шөгінді (маргельдерден), жақпар тастан
және борпылдақ жыныстардан түзілген.
Үстірттегі кемер құздың қалыптасуы судың шаю (абразия) әрекетінен
қалыптасқан, бұл қыраттың маңындағы қалдық тау шоқылары негізінен аналық
(көне) жыныстардан тұратындығын, Үстірт пен оның қалыптасуы бірдей,
біртұтас, сонымен бірге үсті тегіс қыраттан тұратыны тұралы тұңғыш ғылыми
тұжырым жасалды.
Э.А.Эверсманның зерттеулері Үстіртте Тұманды таулар бар екен деген
жаңсақ діни ұғымды жоққа шығарды.
Сонымен бірге Э.А.Эверсман өзі зерттеген аудандардағы өсімдіктер мен
жануарларды тіркеп жазу ісін де жүйелі жолға қойып, зоологиялық мол
коллекция жинады. Бұл саладағы оның жұмыстары Орынбор өлкесінің өсімдіктері
мен жануарлар дүниесін, сондай-ақ экологиялық ғылыми зерттеудің бастамасы
болды.
Құрамына Ф.Ф.Берг, Ф.Д.Волковский, Б.Лемм, П.Ф.Анжу, Э.А.Эверсман
кірген экспедицияның Каспий теңізін және оның шығыс жағалауын зерттеулері
қыруар географиялық деректер берді. Каспий теңізінен бастап Үстірт арқылы
Арал теңізіне дейінгі бір қатар географиялық нысандардың геологиялық
құрылымы, орографиясы және су жүйесі зерттеліп, шекаралары мен қашықтығы
анықталды.
Зерттеулер нәтижесінде құрастырылған карталарда Каспий теңізінен
Аралға дейін ара қашықтық дұрыс көрсетілген Аралдың батыс жағалауының
топографиялық пішіні берілген. Үстірт қыратынан солтүстік, батыс және шығыс
кертпештері бейнеленген. Арнаулы аспап пен Арал теңізінің деңгейі Каспий
теңізіне қарағанда 35,86м биік екені анықталды [].
Бұдан 100 жылдай бұрын қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов өзінің баға жетпес
асыл мұраларын да шебер тілмен әдемі табиғат көріністерін, жануарлар мен
табиғат ескерткіштерін суреттей келіп, кейбір табиғат байлығының, әсіресе
қырғауыл және құлан сияқтылардың азая бастағанын, оларды қорғау жолында
нақты шаралар қолданудың қажеттігін жазып кеткен болатын. Ғалым жетісуда
табиғат байлықтарының толық зерттеліп, жазылмағанын айтып қан жылады. Олай
деуінің орны бар еді, өйткені ол кезде Ертіс және Орал бойлары мен Жетісу
төңірегінен әрі асып экспедициялық жөнді жүргізілген емес. Қазақстанның
табиғатын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың бас кезінде жан-жақты
зерттеу кең жүргізіле бастады [].
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Жоңғар Алатауы менІле өңірін Шоқан
Уалиханов зерттейді. Қазақтың ұлы ғалымы Жетісу мен Тянь-Шань табиғатына
ғылыми сипаттама беріп, Балқаш пен Алакөлдің жаратылысындағы ұқсастықтарды
дәлелдеді. Сонымен бірге өзі жүріп өткен жолын картаға түсіріп,
территориясының бұрынғы карталарын толықтыра түсті. Уалиханов Тянь-Шаньның
сүт қоректі жануарлары мен құстары туралы қызғылықты мәліметтер жинады. Іле
Алатаудағы жануарлардың биіктікте таралу схемасын алғаш рет жазған
зерттеуші Уалиханов болды. Сол кезге дейін ғылымда белгісіз болып келген
қызыл қасқыр туралы жазып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса бай
коллекциясын жасады.
Г.И.Карелиннің қолында коллекция және қолжазбалар түрінде жинақталған
орасан көп географиялық материалдар болды, бірақ одан басылған еңбек өте аз
қалды. Саяхатшының Каспий теңізіне барған сапарлары жөнінде жазған
күнделіктері зерттеушінің көзі жұмылғаннан кейін 1883 жылы ғана жарық
көрді. Оның күнделіктерінде Каспий теңізінің шығыс жағалауы туралы өте
қызғылықты жаратылыстану-географиялық тұрғыдан деректер бар.
Г.И. Карелин зоологиялық және географиялық мағлұматтармен қоса теңіз
жағаларының геологиялық құрылымы мен өзге де ерекшеліктері жайында
мәлімдейді.
Аспап-құралмен дәлме-дәл қағазға түсірілген материалдар негізінде
Г.С.Карелин Каспий теңізі бассейнінің 12 картасын жасаған. Бұлар теңіз
жағаларынын, бұрынғы съемкаларын түзетіп, айқындауға мүмкіндік берді.
Г.С.Карелин экспедициясы сол сияқты метеорологиялық байқаулар да жүргізіп,
судың тереңдігін, ағысының бағытын анықтады. Экспедицияның ғылыми бақылауы
негізінде Каспий теңізі деңгейінің мезгіл-мезгіл ауытқып тұратыны
дәлелденді.
1840—1845 жылдары Г.С.Карелин Шығыс Қазақстанды зерттеуге кірісті.
Г.С.Карелиннің өмірі мен саяхаттарын зерттеген В.И.Липскийдің айтуынша
саяхатшыны шығысқа Зюнгариядағы және басқа жерлердегі табиғат құбылыстарын
тексеріп білу үшін Москваның, табиғат зерттеушілер қоғамы жіберген.
Г.С.Карелин Тарбағатайдың, Жоңғар Алатауының табиғаты жөніндегі үғымды
анағұрлым кеңейтіп, шығыстағы тау жоталары бітімінің ерекшеліктерін
анықтады, олардың геологиялық құрылымына жалпы сипаттама берді.
Г.С.Карелин жинаған коллекцияның, үлкен ғылыми маңызы бар. Бір
өкініштісі — Гурьев қаласында болған өрт кезінде оның көпшілігі отқа жанып
кеткен. Г.С.Карелинің экспедициясы 9000 аса өсімдік, 240 сүтқоректілер,
1669 құс, 9766 жәндік және 474 минерал коллекция жинап, тапсырған. Олардың
арасында ғылымға бұрын беймәлім болып келген көптеген үлгілер мен түрлер
кездеседі. Солтүстік Ақтау тауларынын (Маңғыстау түбегі) өсімдіктер дүниесі
туралы Г.С.Карелин жинақтаған тұңғыш мағлұматтар қазіргі уақытта да құнын
жойған жоқ. Өйткені Қазақстанның өсімдіктер дүниесін жақсы білетін осы
заманғы ғалымдардың бірі Н. В. Павловтың айтуы бойынша, Карелиннен кейін
бір де бір ботаник ол жерлерді зерттеген емес.
1825—1844 жылдары Орынборда шетелдік комиссияның председателі болып
қызмет атқарған Г.Ф.Фон-Генс (1786—1845) Қазақстан географиясының тарихын
зерттеуде айтарлықтай із қалдырды. Алған білімі бойынша әскери инженер
болған Г.Ф.Фон-Генс Тобыл өзені мен Торғай өзенінің аралығындағы ол кезде
тым аз танымал аймақты геологиялық-географиялық жағынан сипаттады.
1840 жылы Баянауыл мен Қарқаралы аудандарына саяхат жасаған аты
беймәлім зерттеуші Орталық Қазақстан туралы бірқатар маңызды геологиялық-
географиялық деректерді мәлімдеген. Осынау қырғыз даласында — деп жазған
ол, - не шұбатылып жатқан тау қырқалары да, не ауызға алып айтарлықтай су
тасқындары да жоқ. Баян-ауыл, Қызылтау, Едірей гранит таулары бір-бірімен
байланысы жоқ жеке дара шоқылар немесе үзік-үзік қыраттар, олар тым шағын
төбе ретінде басталып, дәл солай сілемденіп аяқталады. Далалы жазық
жерлердің әр тұсынан бой көтерген адырлардың пішіні де тура сондай, тек бар
айырмашылығы сол — бұлар гранит таулардан әлдеқайда аласа, жазықтықта
кенеттен бой көтерген жеке дара тұрған шоқылар қалай болса солай орната
салған сияқты, олардың маңайдағы қаптаған шөгінді жыныстар. Егер даланы
бейне бір теңізге теңейтін болсақ, онда осынау бір оқшау шоқылар мен
жартастарды айдын шалқар теңіз бетінің әр жерінен қылтиып көрінген
аралдарға сөзсіз балауға болар еді. Бұл қазақтың ұсақ шоқыларының
(Сарыарқа) тұңғыш дұрыс суреттемесі еді. Сонымен қоса, автор сол
аудандардағы тас көмір шығатын жерлерге, тау кендерінің жату тереңдігіне де
сипаттама берген.
XIX ғасырдың 40-жылдары көптеген орыс экспедициялары Қазақстанға
аттанды.
А.И.Шренктің 1840—1843 жылдардағы экспедициясы Орталық, Шығыс және
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ұланғайыр территориясын зерттеген. Зерттеуші
Тарбағатай жотасында, Балқаш-Алакөл ойысында, Жоңғар Алатауында, казақтың
ұсақ-шоқылы аудандарында (Ұлытау, Сарысу өзені, Қарқаралы қаласы, Баянауыл
селосы). Бетпақдала мен Шу-Іле тауларында болған. А.И.Шренк Жоңғар Алатауы
мен Балқаш-Алакөл ойпатын өте-мөте толық сипаттап жазған. Ол ең әуелі
Балқаш-Алакөл ойпатының өткен уақытта тұтас бір су жүйесі ретінде пайда
болғанын атап көрсеткен. Алакөлге барған сапарында А.И.Шренк Аралтөбе
аралын тексеріп, оны сөнген вулкан деп есептеген сол кездегі жаңсақ пікірді
жоққа шығарған. А.И.Шренк Жоңғар Алатауы солтүстік сілемдерінің бітімін
сипаттай келіп, шоқының биіктігін барометрмен өлшеп, оның теңіз деңгейінен
4140м биіктікте жатқанын анықтағанын айтқан. Ол Жоңғар Алатауының физикалық-
географиялық ерекшеліктерін сипаттайтын басқа да материалдар жинаған,
таудың биіктік белдеуде өсетін өсімдік түрлерін анықтаған. Атап айтқанда,
ол Тянь-Шань шыршасы таудың солтүстік жақ беткейінде 2470м биіктікке дейін,
арша – 2550м биіктікке дейін өсетінін, одан жоғарыдағы тау алқабындағы
шалғын шөптер өсіп, 3700м биіктіктен жоғары қарай мәңгі қар басып жатқанын
айқындады.
А.И.Шренктің саяхатының материалдары толық жарияланбаған. Оның
күнделік жазбалары және шығармаларының неміс тіліндегі басылымы негізінен
Жоңғар Алатауына саяхаты туралы баяндайды.
1878 жылғы жазда Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі
Көкшетау Қырқасына И.Я.Словцевтің экспедициясын жасақтады. Экспедицияның
басты мақсаты жазық далалы жерлерде, біршама бұйрат-бұйрат белдердің
аралдарында бейне бір теңіздегі аралдардай дөңгелене біткен ірі-ірі көлдері
бар адырлы – қыратты жондарда өсімдіктер мен жануарлардың өзара қандай
байланысы барын тексеріп зерттеу еді.
Омбы қаласынан шығып Петропавл қаласына барар жолда И.Я.Словцев
Қасірет белдеуінің бойындағы көлдердің жануарлар дүниесімен танысып, Есіл
өзенінің оң жақ жағасын бойлап жүріп отырып, Көкшетау таулары мен
өзендеріне барды.
И.Я.Словцев жинаған минерологиялық және ботаникалық коллекцияларын
байыппен өңдеп, өз бақылауларының нәтижелерін баспасөзге жариялаған
есебінде тұжырымдап жазды. Оның пікірі бойынша, топырағында гранит,
порфирит, құмдақ тастар және саздақ қақпақ тастар кездесетін Көкшетау
қырқасы мен адыр-қыраттары сотүстік-батыс Алтай дөңестерімен бір мезгілде,
тым ежелгі заманда пайда болған және ормандарда осы күні жойылып кеткен
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік еткен дәуірге
жатады.Мүйізтұмсықтар мен мамонттар жер бетінен жойылып кеткен дәуірде Арал-
Каспий бассейінінің сулары ойпаттарға жайылып, қазақтың ұсақ шоқыларын
түбектер мен аралдарға бөліп тастаған.
Содан қазақтың ұсақ шоқысы мен Батыс Сібір ойпаты бірте-бірте
көтеріліп биіктей бастаған. Сөйтіп, бұл жерлердегі телегей теңіз сулар
бөлініп оқшау-оқшау көлдерге айналған да, олардың басқа сай-салаларға
суының бөлініп ағу нәтижесінде бұрынғы мол тұзынан арылып, тұщыланған. Ұсақ-
шоқылы аймақтың біртіндеп көтерілу салдарынан Батыс Сібір ойпаты мен
көлдердің өсімдік және жануарлар дүниесі өзгерген. Ал қазақтың ұсақ-
шоққылы аймағында ілкім уақыттағы орман өсімдіктері сақталып қалған.
1881-1884 жылдары А.В.Андрионов пен В.М.Краузе Алтайдың қазақстандық
бөлігін зерттейді. В.М.Краузе Ертіс өзенін бойлап Катон-Қарағайға барып
Арасанда (Рахманов бұлағы) болды. Саяхатшылар арнайы геологиялық
зерттеулермен қоса зоологиялық бақылаулар жүргізді, сүтқоректі
жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, тау-кен жыныстарының,
сондай-ақ көнекез бұйымдарының коллекциясын жинастырды.
Қазақ ел болғалы өзінің жері мен суын қадірлеп, өзен-көлдерін көзінің
қарашығындай сақтап, қорғай білген. Біздің ғасырымызда, ғылым мен техника
онан әрі дами бастаған дәуірлерде суды адам керегіне жарату барған сайын
ұлғайып келеді. Олай болса, көзге көрінген жер үстінің өзен көлдері ғана
емес, жер асты суларында кең көлемді адам қажетіне жұмсала беретіні анық
нәрсе.
Жер үстіндегі және жерасты суларымен қатар түрлі минералды, шипалы
жылы сулар да қазақ жерінде көп болғандықтан оларды жергілікті халық түрлі
науқастан емделу үшін ертеден пайдаланып келген. Мысалы, Шығыс Қазақстанның
Алтай тауындағы белгілі Рахмановские ключи деп аталатын минералды
бұлақтарды алғаш рет Ф.Геблер 1834-1837 жылдары Германияда неміс тілінде
шыққан еңбектерінде сипаттап жазған болатын. Бұдан бұрын, 1763 жылы
Рахманов деген орыс аңшысы аң аулап жүріп кездейсоқ осы бұлақтың үстінен
түседі. Ал бұлардан бұрын бұл бұлақты қазақтың Абдрахман деген байы
меншіктеніп келген көрінеді. Бұл деректі жергілікті жердің тұрғындары,
қариялар қуаттайды. Осындай деректерді 1961 жылы Новосибирск қаласында
өткен Бүкілодақтық табиғат қорғау кеңесіне барғанда сібірлік орыс
ғалымдарының біразы да айтты Ф.Геблердің Европа халықтарының есімдерімен
шатастырып, Абдрахманды Рахман деп ашуы ғажап емес, және ол кезде
жаңалықтарды алғашқы ашушылардың аты-жөнін бұрмалап, өздеріне иемдене салу
Европа елдері ғалымдары арасында көп кездескеніде мәлім.
1849 жылы А.Влангали Қапал-Арасан суы маңайының геологиялық құрылысын
зерттеп жазды. 1867 жылы Н.Завалишин қазақ сахарасын саяхаттап жүріп
Бурабай көлі туралы мәліметтер жариялады.
Павлодардан 35 шақырым жердегі Қалқаман және Кішкене тұздың шипалы
батпақ көлдері туралы алғашқы мәліметтер 1880 жылы жарыққа шықты Тағы басқа
жерлердегі баспасөзбен ғылымға белгілі және белгісіз минералды, шипалы жылы
сулардың бәрі де түрлі сырқаттарына ем іздеушілердің шұбан келіп жататын
жерлеріне айналды. Қараңғы халық ем болатын болмайтынына қарамастан, басы
ауырса да, іші ауырсада кез келген шипалы суға түсуді әдетке айналдырды.
Ұлы Октябрь революциясына дейін, халық медициналық көмек көрсету туралы
ешқандай пайдалы жұмыс істелмеген кезде өз бетімен емделе беру осындай кең
орын алды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі орман-тоғайлар туралы
мәліметтер, кейбір тиіп-қашты деректер болмаса, жоқтың қасы еді. Қай жердің
орманы болса да маңайындағы халықтың, жергілікті әкімшіліктің меншігінде
болып есептелінді де, олар жерді өздерінің керегіне қарай пайдалана берді.
Ағашты отқа жағу, үй, қора-қопсылар салу орманға үлкен әсерін тигізсе, мал
жою мен кездейсоқ өрттен де оған көп зиян келді. Осындай зиянды
әрекеттердің салдарынан орман тоғай көлемі азая берді. Қай жердегі орман-
тоғай болса да олардың сапасы төмендеп, сиреп кетті.
Қазақ орманын зерттеушілерінің Октябрь көтерілісіне дейінгі уақыттың
ішіндегі жүргізілген әр жердің, әр облыстың орман-тоғайы туралы азын аулақ
мынадай деректері бар, олар Писчиковтың 1905 жылғы Жол жазбалары,
Алфеевтің 1916 жылғы Ақмола мен Семей облыстарының қазынаға қарасты орманы
туралы жазғандары. Осы сияқты Борщов 1865 жылы, Анордт 1908 және 1911
жылдары, Евсеенко 1911 жылы, Бронке 1912 жылы, Андреевский 1914 жылы және
басқа ғалымдар да қазақ ормандары туралы азды-көпті зерттеп еңбектер
жазған.
Бұлардың өз заманында да, біздің заманымызда да маңызды екенін баса
айту керек. Солар арқылы бұдан 80-100 жыл бұрынғы өскен орман-тоғай көлемі
мен олардың орналасқан жерлерін қазіргі кездегісімен салыстыруға болады.
Өсімдік дүниесінің бұрынғы Қазақстандағы қоры мен қазіргі қорын,
табиғаттық асыл қазынасы - өсімдіктер дүниесіне, әсіресе орман-тоғайға адам
еңбегінің тигізген әсерін салыстыруға да болады.
Орыстың география қоғамы мен оның мүше ғалымдары Октябрь революциясына
дейін қазақ жерін зерттеуге көп күш те, қаржы да жұмсалды. Сол кездегі
тарихи маңызы зор еңбектерден өз құнын осы уақытқа дейін жоймаған бағалы
деректер табуға болады. Солардың бірі М.Сиязов 1905 жылы Көкшетау уездінде
болған кезінде оны Батыс Сібірдің Швеи қариясы деп жазды. 1912 жылы Шығыс
Қазақстанға оралған Б.А.Келлер оның орман-тоғайларын, тауын, жануарларын
зерттеді. 1913 жылы В.Крюгер Ертіс бойымен жүріп отырып, кездескен
өсімдіктерді жазып кетті.
1956 жылдары жоғарыдағы ғалымдардың көбінен бұрын және жан-жақты
талдау бере, өзі көрген табиғат байлықтарын жазып қалдырған, қазақтың
тұңғыш ғалымы Шоқан еді.
Шоқанның айтқанын дәлелдей түсетін одан кейінгі орыс ғалымдарының,
саяхатшыларының қалдырған көптеген мұралары бар. Мысалы, 1912 жылы Шығыс
Қазақстанды аралап жүріп Марқакөлге кездескенінде Б.А.Келлер көлдің мөлдір
суы мен айналасын қоршаған биік орманын қызыға жазады. Ол кезде ит мұрыны
өтпес ну орман болатынын айтады. Тарихи құжаттарға қарағанда Қазақстанның
барлық өзендері мен көлдерініңжағалары қалың орман мен тоғай өсімдіктері
болған. Шығыстан Солтүстікке, одан Орталық Қазақстанның Ақмола қаласына
дейін қалың орманы бір-бірімен ұласып жатқан [].
Ғылым мен техника онан әрі өсіп дамыған сайын табиғат байлықтарын
пайдаға асыру да, оны зерттеу де, сонымен қатар дұрыс пайдалану үшін әр
түрлі зиянды әрекеттерден қорғау да қолға кеңінен алыну керектігі барған
сайын айқындала түсті.
Табиғатты қорғау, оның қолда бар қорын ысырапшылдықтан сақтау, сөйтіп
Отан байлығын онан әрі дамыту, зерттеу, қорғауға алу шаралары біздің
елімізде тек қана өткен ғасырдың 20 жылдары ғана қолға алына бастады. Бұл
жөніндегі алғашқы заңдар В.И.Лениннің өз қолымен шығып, игілікті шаралар
жүзеге асырыла бастады. Табиғат байлығын онан әрі дамыта беру мақсатымен
жануарларды, өсімдіктерді, орман тоғайларды, табиғаттың өткен дәуірінің
ескерткіштерін, жер байлығын қорғайтын, зерттейтін түрлі инспекциялар
ұйымдастырылды. Бұларға көмектесіп отыратын қоғамдық ұйымдар да пайда бола
бастады [].
Біздің елімізде ұйымдастырылған табиғат қорғау жұмыстарының көлемі де,
олардың халық шаруашылығына тигізетін пайдасы да орасан зор. Бүкіл халықтың
рухани тілегіне, мақсатына, талабына сай қойылған табиғат қорғау
шараларының дами беруі бұл мәселенің бүгінгі күнге де, ертеңгі жарқын
болашақ үшін де қажет екеніне үлкен айғақ екені сөзсіз.
Табиғатты қорғаудағы мақсаттың өзі, бір жағынан, табиғаттағы барды
көбейту, жойылған, азайғанның орындарын толтыру болса, екіншіден, қоғамға,
мемлекетке керектілерін пайдаға кеңінен жарата беру болады. Сондықтан да
табиғаттан алу үшін оның барын сақтау, көбейту, еселендіре түсу жағы қатты
ескеріледі [].
Қазақстанның тарихына келетін болсақ, Ұлы Октябрь революциясынан бұрын
өз алдына белгілі бір мемлекет болмай, патшалық Ресейдің отары боп келген
елде табиғат қорғау туралы ешқандай ереже болған емес. Бірақ жыл
мерзімдеріне қарай көшпелі халықтың көшіп-қонуы қалыптасқан қағидаға,
кәсіпке айналған.
1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанынан ұйымдастырылған халықаралық
табиғат қорғау одағы бүкіл дүние жүзі елдерімен байланыс жасап, табиғат
қорғау жөнінде алуан түрлі жұмыстар жүргізеді. Бір елдегі жақсыы істің
үлгілерін жер жүзіндегі барлық елдерге таратып, пікір алысу, насихаттау
арқылы жер байлығын талан-таражға ұшыратпай, адамзат игілігіне дұрыс
пайдалану қадағаланып отырады.
Табиғатты қорғау-ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты
көріктендіру, болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы
сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізгі міндетті орындауды міндетім деп
білсе, табиғат артық ысырап болмайды, ел қазынасы арта түспейді.
Қазіргі кезде елімізде табиғат байлықтарын яғни жер-су, жайылым,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, табиғатымыздың ескерткіштерін және
басқаларды қорғауда, жоспарлауда оларды жеке –жеке қарамай, бәрін тұтас
қарауды ескеру өзекті мәселе болып тұр.
Көптеген елдерде, біздің елімізде де әлденеше түрлі ғылым салалары
бар. Бұлардың бірі топыраққа, екіншісі өсімдіктер дүниесіне және тағы сол
сияқты әр түрлі табиғат байлықтарына арналған.
Олардыңда алдағы сан ғасырларда дәйекті еңбек етуіне, құрмет, қадір
тұтуына, үйренуіне жететін табиғат ескерткіштері молынан бар болуы керек.
Ол үшін табиғатты қорғауды қолға алып, сонда нені қорғау керек екенін,
қалай қорғау керек екенін білетін боламыз.

1.3 Қазақстандағы табиғат ескерткіштерінің классификациясы.

Қорғалатын табиғат нысандарының қатарында табиғат ескерткіштері
көрнекті орын алады.
Кең - байтақ даламызда бір кездері мекендеген, бірақ бертін келе
жойылып кеткен мамонт, жүндес мүйіз тұмсық, керік, тағы басқа көптеген
жануарлардың қазба қалдықтары мен сонау көне дәуір куәлары реликті
өсімдіктер мен жануарлар – бұл миллиондаған жыл бойы тіршілігін жоймай,
сақталып бізге жеткен табиғатымыздың тамаша ескерткіштері.
Міне осы табиғат ескерткіштері – бірден-бір, орны толмас, экологиялық,
ғылыми, құнды табиғат кешені, сонымен қатар шығу тегіне баланысты табиғи
және жасанды нысандар [].
Оларды жан-жақты зерттеу арқылы ғалымдарымыздың хайуанаттар мен
өсімдіктер дүниесінің қалыптасу тарихынан, олардың эволюциялық даму жолынан
және табиғаттың басқа да небір жұмбақ сырларын ашу үшін қажетті құнды
мәліметтер алуына мүмкіндік туады. Сондықтан да табиғатымыздың мұндай баға
жетпес байлығы табиғат ескерткіштерін қорғап, оны көркейтілген күйінде
келешек ұрпаққа табыс ету-бүгінгі ұрпақ үшін асыл парыз.
Табиғат ескерткіштері саналатын алып мамонтпен қатар тіршілік еткен
ақбөкен, құлан, жұпар тышқан, реликті шағала сияқты хайуанаттарды қорғау,
олардың қорын молайту жұмыстарын жүргізу ісі бізде біршама дұрыс жолға
қойылған болса, екінші жағынан Шаған, Жетісу икервиллеясы, Шрек тобылғысы
немесе спереантус сияқты реликті өсімдіктер мен ертеде тіршілік етіп,
кейіннен жойылып кеткен хай уанаттардың қазба қалдықтары шоғырланған жерлер
ерекше қатаң қорғауды керек етеді [].
Табиғат ескерткіштері деп құрлық және су кеңістігінің бөлігі
жариялануы мүмкін, сонымен қатар жекелеген табиғат нысандары, соның ішінде:

- жергілікті жердің көркем учаскелері;
- қол тимеген табиғат эталондарының учаскелері;
- мәдени ландшафтың басымырақ учаскелері (ежелгі саябақтар,
саяжолдар, каналдар, ежелгі кендер(;
- өсімдіктер мен жойылып бара жатқан түрлерінің өсіп өнген және мекен
еткен жерлері;
- орман алаптары және орман бөліктері, өзінің ерекше бағалы
сипаттамаларына (тұқымдық құрамы, өнімділігі, генетикалық қасиеті,
көшетінің құрылымы), сонымен қатар орман шаруашылығының ғылымы мен
тәжірибесінің жеткен көрікті жетістіктерінің үлгілері;
- гидрологиялық режимді сақтауда маңызды роль атқаратын табиғи
нысандар;
- жер бедерінің бірден-бір пішіндері және солармен байланысты табиғи
ландшафтар (таулар, жартастар тобы, шатқалдар, каньондар, үңгірлер
тобы, мұздықты күмбездер және торгты аңғарлар, мореннолы
жанартаулық қырқалар, жағалық шағылдар, барқандар, алып қызыл су
мұздықтары, гидролаколиттер);
- ереже ғылыми бағалы маңызы бар геологиялық ашылымдар (тіреу
қималар, стратотиптер, сирек минералдардың, тау жыныстарының және
пайдалы қазбалардың шыққан жері);
- геолого – географиялық палигондар, соның ішінде сейсмикалық
құбылыстардың ерекше айқын көрінген іздерінің классикалық
учаскелері, сонымен қатар жарылған және қатпарланған ашылымдардың
бұзылған тау жыныстарының орны;
- өзен, көл, сулы-батпақты кешеннің, су қоймалардың, теңіз
акваторияларының учаскелері.
- табиғи гидроминералдық кешендердің, термалды және минералды
сулардың көздері, емдік батпақтардың кен орындары;
- жағалық нысандар (құм қайыр, мойнақ, түбек, арал, лагуна, қойнау);
- тірі және өлі табиғаттың жекелеген нысандары (құстардың ұя салатын
орындары, тарихи-мемориалды маңызы бар көп жылдық ағаштар, ерекше
пішіндегі өсімдіктер, экзотикалық және реликтілі жалғыз-жарым
даналар, жанартаулар, төбелер, мұздықтар, өзен көлдері, жартастар,
қия жартастар, таужұрнақтары, үңгірлер, қуыстар) [].
Әрбір табиғат ескерткіштерінің ауданы 2 гектардан аспауы тиіс. Оларды
қорғаудың негізгі мақсаты жоғарыда аталған нысандардың табиғи күйін сақтап
қалу болып табылады. Бұл жағынан табиғат ескерткіштерінің құқықтық
тәртібі, тек ландшафтқа тән жекелеген бөліктері ғана мемлекеттік
қорықтармен табиғи қорықшалардың тәртібіне жуықтау.
Көрнекті табиғат нысаны қорғалатын қоныс немесе табиғат
ескерткіштеріне лайық деп танылса, ол міндетті түрде Қазақстан
Республикасының үкіметімен қабылданған Республикалық маңызы бар
мемлекеттік табиғи ескерткіштері (27 маусым 2001 жыл №9877) туралы
қаулысының талаптарына сай болуы тиіс.
Жеке бір ерекшелігіне ғылыми немесе эстетикалық құндылығына қарай
табиғат ескерткіштері республикалық және жергілікті деп екіге бөлінеді.
Ботаникалық табиғат ескерткіштеріне сирек реликтілі немесе ерекше
бағалы өсімдіктердің, ғасырлық немесе сирек кездесетін ағаштардың көрнекті
қоныстары жатады, ал зоологиялық табиғат ескерткіштеріне сирек кездесетін
немесе құрып кеткен жануарлардың тіршілік еткен жерлері қорғауға алынады.
Қазақстан жері нағыз табиғат ескерткіштеріне - экзотикалық жартастар мен
тастарына, судың, желдің және мұздықтардың іс-әрекетінің нәтижесінде
қалыптасқан үңгірлермен сарқымаларға, флора мен фаунаның көмілген
қазбаларына, жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің тіршілік еткен
жерлеріне бай [].
Енді осы туған жер табиғатының көрікті бұрыштары – табиғат
ескерткіштеріне, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып,
олардың бүгіні мен келешегі жайында біраз сөз қозғаған жөн болар.
Жетісу маржаны аталып кеткен Шарын шаған тоғайы Алматы облысы, Ұйғыр
ауданы территориясындағы Сарытоғай сайы арқылы ағып өтетін Шарын өзені
жағалауын бойлай орналасқан. Бұл табиғат ескерткішінің қазіргі уақытта алып
жатқан жалпы жер көлемі 4852 гектардай болса, оның тек бір мың гектары
ғана орман – тоғай үлесіне тиеді. Мұнда шаған ағашымен бірге жиде, қарағаш
және басқа да өсімдік түрлері қорғауға алынған.
Биіктігі 25 – 30 метрге жетіп, 300 жылға дейін тіршілігін жоймайтын
саялы шаған ағашы еліміздің оңтүстік өзендері жағалауын да едәуір
кездеседі. Әрі шарын шаған тоғайы ғалымдардың пікірінше осыдан 5 миллион
жыл бұрын пайда болған көрінеді. Сондықтан да реликті шаған ағашының ең көп
шоғырланған осы бір көрікті жерін сақтап қалудың ғылым үшін орасан зор
маңызы бар екендігі ескеріліп, 1964 жылы Қазақ табиғат қорғау қоғамының
ұсынысы бойынша бұл жер табиғат ескерткіші болып жарияланып, қорғауға
алынды.
Көптеген жылдар ішінде небір сұрапыл геологиялық кезеңді басынан
өткізген бұл тоғайдың жойылып кетпеуіне осы өзен жағалауының өзіндік ауа
райы бірден-бір себебші болған көрінеді.
Шындығында да, бұл жердің ауа райы тоғай өсімдіктеріне, ондағы
тіршілік ететін хайуанаттардың өсіп - өнуіне, аса қолайлы.
Өйткені, Шарын өзенінің 20 – 100 метрге дейін жететін биік аңғары
айналасындағы шөл даланың құрғақшылығынан сол маңайды қорғап тұрады.
Өзеннен алыстау жатқан жерлерде ылғал сүйгіш шаған ағашының нағыз шөл
өсімдігі – сексеуілмен қатар өсіп тұрғандығын көруге болады. Мұның өзі
шаған ағашының табиғаттың қолайсыз жағдайларына қаншалықты төзімді
екендігін байқатады.
Ескерткіш болып жарияланып, қорғауға алынғанға дейін Шарын тоғайы
іргелес жатқан елді мекендерді көптеген жылдар бойына қыстық отынмен
қамтамасыз етумен қатар, мал отарларының қыстығы ретінді де пайдаланылған.
Әрі шаған ағашының сапалы болуына байланысты ауыл шаруашылығына, авиация
өнеркәсібіне қажетті бұйымдар мен басқада бағалы заттар жасау үшін шикі зат
ретінде көп мөлшерде дайындалып келген.
Тек табиғат ескерткіші болып жарияланған кейін, ғана өрттен, қисынсыз
кесілуден қорғау ісі қолға алынып, қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла
бастады.
Шарын өзенінің сол жақ жағалауымен канал жүргізілгеннен бергі уақыт
ішінде ағаштарды суаруға, өзеннің қиыршық тасты жерлерін игеруге мүмкіндік
туды.
Алайда бір өкініштісі, Шарын шаған тоғайында көптеген жұмыстар әлі де
бүгінгі күн талабына сай жүргізілмей келеді. Өзеннен алшақтау өскен
ағаштарды суару ісі күні бүгінге дейін мардымсыз. Әрі өзен суының біразы
ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін каналдар арқылы бұрылып әкетілуде, Шарын
өзені деңгейінің төмендеуі салдарынан ылғал жетіспей, ағаштар қурап қалуда.
Сондай-ақ тоғай қураған ағаштардан дер кезінде тазартылмайды, кесілген ағаш
бұтақтарының жарым-жартысы тоғай ішінде қалып отырады. Бұлардан өрт қаупі
күшейе түсері анық. Өрт шалған жерлерге, тоғай ішіндегі ашық алаңдарға ағаш
отырғызу жұмыстары өте баяу жүргізіледі.
Табиғат ескерткіші болып жарияланғаннан бері талай жыл уақыт өтседе,
осы уақытқа дейін тоғай территориясынан өтетін жол бойында, іргелес елді
мекенді жерлерде бұл ескерткіштің маңызын түсіндіретін көрікті
безендірілген белгілер аз орнатылған. Ал олардың тоғайды қорғау ісіне және
қалың жұртшылық арасында бұл ескерткіштің маңызын кеңінен насихаттауда
елеулі үлес қосары даусыз. Осындай кемшіліктердің күні бүгінге дейін орын
алып келе жатқандығы қынжылтады. Табиғатымыздың сәнді де көркем жері шарын
шаған тоғайын қорғау келешек ұрпақ алдындағы абыройлы борыш екендігін әсте
естен шығармай, қолда бар мүмкіншіліктерді орынды пайдаланған мақұл.
Шарын орман шаруашылығы мен облыстың орман шаруашылығы
қызметкерлерінің алдында бұл табиғат ескерткішін қорғау мақсатында
істелетін қыруар жұмыстар тұрғандықтан жоғарыда айтып кеттік. Оларды жүзеге
асыру –Шарын шаған тоғайы сияқты табиғи ескерткішті қорғау жұмыстарын
бүгінгі күн талабына сай жүргізу деген сөз. Келешекте бұл табиғи
ескерткіштің нағыз Жетісу маржанына айналатындығына сенімімол. Ол үшін
бұл аймақта қорық немесе табиғи ұлттық саябақ ұйымдастыру қажет.
Сондай табиғат ескерткіштерінің бірі – Павлодар қаласының
орталығындағы Құс жолы. Бұл табиғат ескерткіші дүние жүзілік
палеонтология әдебиеттері беттерінен Гиппарион хайуанаттары деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Пәндер