Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу



Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толды. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім - тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.
Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. А.С.Макаренконың айтуынша адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жараласа, оның өзі де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Жалпы ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырғаны дұрыс.
Мінез-адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тиып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған іске қалай қарайтынынан байқалады. Мінез, тәрбие – жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.(М.Жұмабаев)
Мінез құрылымының компоненттерін, оның тұлғалық ерекшеліктері мен айналасындағы әлеуметтік ортаның ықпалына икемделе құрылатынына талдама жасаған Б.Г.Ананьев, А.Г.Ковалев, Н.Д.Левитов, В.С.Мерлин, В.Н.Мясищев, Ю.А.Самарин, И.В.Страхов және т.б. ғалымдар.
Жасөспірімдік шақтың адамның қалыптасуындағы ерекше жас ерекшелік сатысы ретінде айқындалуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасөспірімдік бұл балалық шақтан ересектер әлеміне өту сатысы, ол эмоционалды жағынан мазмұнды болғандықтан, жасөспірімдік дағдарыстың негативті белгілері көріне бастайды.
Жасөспірім өзін, өзінің мүмкіндіктерін және жеке дара ерекшеліктерін түсінуге ұмтылады, өзінің басқа адамдармен ұқсастығын және олардан айырмашылығын тапқысы келеді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау өзі туралы адекватты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. [4]. Э.Эриксон бойынша құрбыларының арасында болу жасөспірімдерге саяси, әлеуметтік, экономикалық және діни идеологиялық жүйелердің әсерін сезінуге мүмкіндік береді. Құрбы-құрдастарымен көп уақытын өткізген жасөспірімдер мінез-құлқының бағыттылығын қалыптастырады, кейде ол девиантты, бұзылған болады.
1. Акатова Н.С. Профилактика злоупотребления наркомании в учебных заведениях. Психология и педагогика в образовательной и социальной сферах. М, 2002.
2. Березина С.В. Предупреждение подростковой и юношеской наркомании и алкоголизма. М.:Изд-во Института психотерапии, 2003.
3. Гилинский Я. Девиантология: Социология преступности, наркотизма, проституции, самоубийств и других «отклонений». Спб,2004.
4. Гиндикин В.Я. Юношеские психопатии и алкоголизм. М.,Медицина,1990.
5. Шнейдер Л.Б. Девиантное поведение детей и подростков. М, Академический Проект, 2005.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сүлейменова Гүлжазира Тажмағамбетқызы
психология магистрі,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
психология кафедрасының аға оқытушысы
Астана қаласы

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толды. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім - тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін - оның тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.
Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. А.С.Макаренконың айтуынша адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жараласа, оның өзі де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Жалпы ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырғаны дұрыс.
Мінез-адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тиып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған іске қалай қарайтынынан байқалады. Мінез, тәрбие - жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.(М.Жұмабаев)
Мінез құрылымының компоненттерін, оның тұлғалық ерекшеліктері мен айналасындағы әлеуметтік ортаның ықпалына икемделе құрылатынына талдама жасаған Б.Г.Ананьев, А.Г.Ковалев, Н.Д.Левитов, В.С.Мерлин, В.Н.Мясищев, Ю.А.Самарин, И.В.Страхов және т.б. ғалымдар.
Жасөспірімдік шақтың адамның қалыптасуындағы ерекше жас ерекшелік сатысы ретінде айқындалуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасөспірімдік бұл балалық шақтан ересектер әлеміне өту сатысы, ол эмоционалды жағынан мазмұнды болғандықтан, жасөспірімдік дағдарыстың негативті белгілері көріне бастайды.
Жасөспірім өзін, өзінің мүмкіндіктерін және жеке дара ерекшеліктерін түсінуге ұмтылады, өзінің басқа адамдармен ұқсастығын және олардан айырмашылығын тапқысы келеді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау өзі туралы адекватты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. [4]. Э.Эриксон бойынша құрбыларының арасында болу жасөспірімдерге саяси, әлеуметтік, экономикалық және діни идеологиялық жүйелердің әсерін сезінуге мүмкіндік береді. Құрбы-құрдастарымен көп уақытын өткізген жасөспірімдер мінез-құлқының бағыттылығын қалыптастырады, кейде ол девиантты, бұзылған болады.
Қазіргі таңда зерттеушілер арасында девиантты мінез-құлық мәселесіне деген қызығушылықтар көптеп байқалуда. Девиантты мінез-құлықты ғылыми зерттеу психология, криминология, психопатология, әлеуметтану ғылымдарында жүзеге асуда.
Балалармен, жасөспірімдермен, жеткіншектермен жұмыс жасайтын психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, әлеуметтік жұмыскерлердің негізгі міндеті олардың мінез-құлқында кездесетін жағымсыз ауытқулардың алдын алу болып табылады.
Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу - бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуми-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын - алу шаралары және т.б. [3].
Девиантты мінез-құлық саласындағы алдын-алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады:
- Адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыруда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі;
Адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған
әлеуметтік - педагогикалық шараларды жүзеге асыру;
Нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге
бағытталған индивидуалды тәрбиелік - алдын-алу шараларын өткізу.
Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу түрлері болып:
Алғашқы алдын-алу шаралары, бұл ауытқыған мінез - құлықтың
қалыптасуына негативті әсер ететін факторларды тоқтатуға арналған шаралар;
Екінші алдын-алу шаралары, бұл өмірдің қиын жағдайында қалған
девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдерге бұдан да жаман іс-әрекеттерге, заң бұзушылыққа, қылмыстарға жол бермеуге, дер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуы және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Пәндер