Ландшафт дизайнының негізі



КІРІСПЕ

1. БӨЛІМ. Ландшафт дизайнының негізі
1.1. Ландшафт дизайнының тарихы мен теориясы
1.2. Ландшафт дизайны және бейнелеу өнері сабағының орны
мен ролі

2. БӨЛІМ. Ландшафт дизайнын практикада қолдану әдістемесі
2.1. Ландшафт дизайнының эскизін, жобасын және жоспарын сызу
2.2. Ландшафт дизайнының макетін жасау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР
Ландшафт дизайны ландшафт сәулеті, сәулетші-дизайнер және жасыл
желек құрылысы инженері қызметінің маңызды облысы болып табылады. Ландшафт сәулеті табиғи және жасанды компоненттердің әртүрлі сәйкестігі бар ландшафты қалыптастыру және сақтау мәселелерін шешеді.
Соңғы жүз жылда ландшафт сәулетінің қызмет ету аясы айтарлықтай кеңейді. Барлық қалалық және қала сыртындағы кеңістіктер ландшафт сәулетінің нысандары болып табылады.
Соңғы жылдары ландшафт дизайнының көкейтестілігінайтып өтуге болады. Оны әсіресе қала сыртында жеке үйлері барлар қолданады.Қазіргі таңда жер телімін көгалдандыру және абаттандыру кең қанат жаюда. Қазір үйдің габариті (үлкендігі) маңызды болып саналатын уақыт емес. Ғылыми тілмен айтқанда, ландшафт дизайны дегеніміз - табиғи ресурстарды қолдана отырып, бақша немесе жер теліміндегі ортаны қалыптастырудың кешенді іс-шарасын жүзеге асыру.
Шынын айтқанда, ландшафт дизайны үй жанындағы көңілсіз жер телімін жайлы әрі көркем мекенге айналдырады.Ландшафт дизайнының аясы өте ауқымды екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ландшафт дизайны дегеніміз - адамдар мекендейтін, өнеркәсіп және ауылшаруашылық аудандарының территориясында, қалалалық ықшам аудандарда абаттандыруды, көгалдандырудың әртүрлі түрлерін, сонымен қатар бау-бақша өнерін жүзеге асыру болып табылады. Ландшафт дизайны оңай жұмыс емес. Сондықтан қызметтің аталған түрін осы саланың мамандары ғана орындай алады, өйткені ол арнайы білгірлік пен білімді талап етеді.[7].
Ландшафт сәулетінің дамуы, оның нысандарының аумағы мен міндеттерінің кең қанат жаюы онда өзіндік бағыттарды бөліп алуға әкеліп соқтырды, атап айтқанда, ландшафт дизайны. Ландшафт дизайны дегеніміз– декоративті көгалдандыру құралдарын, геопластиканы, кіші сәулет түрлерін, декоративті жабуды, визуалды коммуникацияны қолдана отырып, жасанды сәулеттік (архитектуралық) ортаны қалыптастыруға бағытталған шығармашылық қызмет. Ландшафт дизайны — ландшафт сәулетінің жаңа бағыты және оның қажетті тармақтары.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнының негізі
1.1. Ландшафт дизайнының тарихы мен теориясы
1.2. Ландшафт дизайны және бейнелеу өнері сабағының орны
мен ролі

2- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнын практикада қолдану әдістемесі
2.1. Ландшафт дизайнының эскизін, жобасын және жоспарын сызу
2.2. Ландшафт дизайнының макетін жасау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Ландшафт дизайны ландшафт сәулеті, сәулетші-дизайнер және жасыл
желек құрылысы инженері қызметінің маңызды облысы болып табылады. Ландшафт сәулеті табиғи және жасанды компоненттердің әртүрлі сәйкестігі бар ландшафты қалыптастыру және сақтау мәселелерін шешеді.
Соңғы жүз жылда ландшафт сәулетінің қызмет ету аясы айтарлықтай кеңейді. Барлық қалалық және қала сыртындағы кеңістіктер ландшафт сәулетінің нысандары болып табылады.
Соңғы жылдары ландшафт дизайнының көкейтестілігін айтып өтуге болады. Оны әсіресе қала сыртында жеке үйлері барлар қолданады. Қазіргі таңда жер телімін көгалдандыру және абаттандыру кең қанат жаюда. Қазір үйдің габариті (үлкендігі) маңызды болып саналатын уақыт емес. Ғылыми тілмен айтқанда, ландшафт дизайны дегеніміз - табиғи ресурстарды қолдана отырып, бақша немесе жер теліміндегі ортаны қалыптастырудың кешенді іс-шарасын жүзеге асыру.
Шынын айтқанда, ландшафт дизайны үй жанындағы көңілсіз жер телімін жайлы әрі көркем мекенге айналдырады. Ландшафт дизайнының аясы өте ауқымды екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ландшафт дизайны дегеніміз - адамдар мекендейтін, өнеркәсіп және ауылшаруашылық аудандарының территориясында, қалалалық ықшам аудандарда абаттандыруды, көгалдандырудың әртүрлі түрлерін, сонымен қатар бау-бақша өнерін жүзеге асыру болып табылады. Ландшафт дизайны оңай жұмыс емес. Сондықтан қызметтің аталған түрін осы саланың мамандары ғана орындай алады, өйткені ол арнайы білгірлік пен білімді талап етеді. [7].
Ландшафт сәулетінің дамуы, оның нысандарының аумағы мен міндеттерінің кең қанат жаюы онда өзіндік бағыттарды бөліп алуға әкеліп соқтырды, атап айтқанда, ландшафт дизайны. Ландшафт дизайны дегеніміз - декоративті көгалдандыру құралдарын, геопластиканы, кіші сәулет түрлерін, декоративті жабуды, визуалды коммуникацияны қолдана отырып, жасанды сәулеттік (архитектуралық) ортаны қалыптастыруға бағытталған шығармашылық қызмет. Ландшафт дизайны -- ландшафт сәулетінің жаңа бағыты және оның қажетті тармақтары.
Қазіргі таңда итальяндық, француздық саябақтарының, ағылшын және жапондық кіші бақтары мен басқа нысандардың ландшафт жобаларының көптеген тәсілдері қолданылып келеді. Қазіргі ландшафт дизайны сөзссіз өткен бау-бақша-саябақ өнерінің бай дәстүріне сүйенуі және қоршаған орта нысандарын жобалау бойынша қажетті білімдермен қарулануы қажет. Үйлесімді ландшафт нысандарын жасау үшін алдымен ең қажеттісі - сәулет композиция негіздерін, пәндердің көркемдік циклын, сонымен қатар, дендрологияны, агротехниканы, ландшафтты жобалауды білу. Сонымен қатар ландшафт сәулетінің тарихын оқып-үйрену аса қажет.

Ландшафт дизайнерінің негізгі міндеті - функционалдық, экологиялық және эстетикалық талаптарға сәйкес кеңістікті ұйымдастыру, оның жарқын көркемдік бейнесін жасау және адамдарда оң көзқарас қалыптастыру.
Ландшафт дизайнының мақсаты - сәулеттің табиғи элементтермен бірігуі.
Менің диплом жұмысымның зерттеу мақсаты - ландшафт дизайнын орындау әдістемесін дайындау моделін эксперимент жүзінде тексеру және құрастыру және ғылыми негіздеу.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
oo дизайнерлік ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізу үшін қажетті психология-педагогикалық әдебиеттерді оқып-үйрену;
oo ландшафтты жобалау аясындағы практикалық тәжірибелерді оқып-үйрену;
oo дизайнерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Неізгі міндеттерді оқып-үйренудің бастапқы сатысы - дизайн-қызметі туралы алғашқы кәсіби түсініктерді, жобалау жұмыстарының алғашқы дағдысын меңгеру, сонымен қатар перспективалық және ауқымды жұмыстар, атап айтқанда, оның кәсіби білімі мен дағдысының ұшқырлығын тәрбиелеу, олардың ойлаудың жалпы принциптері мен шығармашылық әдісін меңгеру жұмыстары жүргізіледі.
Зерттеу нысаны: ландшафт дизайнын орындау әдістемесін дайындау үдерісі (процесі). Ландшафт дизайны сабақтарындағы көркемдік-конструкторлық қызмет және дизайн саласындағы болашақ маманның дамуы үшін қажетті материалды өте тиімді меңгеруі.
Зерттеу тақырыбы: ландшафт дизайнын орындау жүйесі.
Гипотеза: егер зерттеу барысында дайындалған ландшафт дизайнын орындау әдістемесі дизайнерлік ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізсе, онда оқу үдерісінің негізгі мақсатына, яғни өзінің алған мамандығы саласында жаңа және прогрессивті идеясы бар ландшафт дизайны саласының кәсіби маманын дайындауға қол жеткізуге болады.
Зерттеу әдістері: аналитикалық, салыстыру, жалпылау және жүйелеу әдістері.
Дерек көздерін сараптай келе, біз жоғары және арнаулы орта оқу орындарында дизайнды орындау әдістемесін дамытудың және жетілдірудің көптеген негіздері бар деген ойға келдік. Аталған жұмыстың ерекшелігі - жаңа бағыттың дизайнерін кәсіби дайындауға септігін тигізетін ландшафты жобалауды орындаудың өнімді әдістемесін дайындау болып табылады.

1- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнының негізі
1.1. Ландшафт дизайнының тарихы мен теориясы

Ландшафт дизайнының тарихы.
Ландшафт дизайны термині бірінші рет осыдан жүз жылдан астам бұрын АҚШ-та пайда болды, сол кезде аталған елде алғашқы ұлттық саябақтардың тасы қаланды, бірақ бұнымен біз ландшафт өнерінің тарихы қысқа деп айта алмаймыз. Десек те, ландшафт тамыры алыста жатыр және оның бай тәжірибесі мен мұрасы осы күнге дейін жетті.
Ландшафт дизайнының тарихы өзінің бастамасын Ассирия және Вавилония мемлекеттерінің өркендеу кезеңінен алады (Двуречья мемлекеттері). Бұл кезең Ассирия-Вавилон мәдениеті (б.э.д. 8-7 ғ.ғ.) деп аталады. Шикі кірпіш негізгі құрылыс материалы болды. Бұл осал материал болғандықтан, сәулет ескеркіштерінің тез жоғалып кетуіне әкеліп соқтырды. Двуречья қалалары домалақ, кейіннен тік үшбұрыш формасында болған, оларды екі қабатты немесе үш қабатты қамал қабырғаларының сақиналары қоршап тұрған. Сәулеттегі композицияны дамыту үшін кеңістікті көлденең жаю қолданылған. Осы кезеңге террасадағы құрылыс тән. Бұл көше үстін биіктетін жасанды үйінді платформалар. Бұл принцип сатылы мұнара бейнесіндегі храм-зиккураттар құрылысында қолданылған. Олар қатары бірте-бірте кеміп отыратын бірінің үстіне бірі қойылған квадрат немесе тік үшбұрышты платформалардан тұрады. Платформаның жоғарғы жағы храммен бітеді. Төменгі платформаның аяқ басатын жеріне периметр бойынша арнайы қазылған шұңқырға өсімдіктер отырғызды.
Семирамиданың аспалы бақтары ерекше танымал болды. Олар Навуходоносор II Оңтүстік сарайының ауласында (б.э.д. 605-562 жж.) жасалған. Бақтар жоғары қарай көтерілген террасалар қатарын құрады. Бақ қала дуалдарының солтүстік-шығыс бұрышына ұштасты. Оның оңтүстік бөлігі сарай бөлмелеріне шықты. Ол жоғарлаған сайын жіңішкеріп отыратын төрт сатылы терраса түрінде жасалды. Төменгі террасаларға ағаштар, ал жоғарғы террасаларға бұталар мен гүлдер отырғызылды. Террасаланған бақтар немесе аспалы бақтар жасау идеясы өз жемісін берді. Ол әрі қарай өз дамуын Парсы, Италия, Ресей (Мәскеу Кремлінің жоғарғы бақтары 17 ғ. аяғы) бақтарында жалғастырды.
Сонымен қатар Ассирия-Вавилон мәдениетінде б.э.д. 8 ғасырда Ассирия патшасы жасаған Хорсбад қаласының кең саябағы болды. Бұл жерде басқа елдерден әкелінген ағаштар: кипарис, кедр, платан, ива, терек, самшит және тағы басқа жеміс ағаштары отырғызылды. Аң аңлау мен атпен серуендеуге арналған кең саябақтар да болды. Бұл саябақтар орман саябақтарының екінші бейнесі болып табылады.

Египет
Египет мемлекетінде қала құрылысы, сәулет және өсімдік өсірумен қатар бақ өнері де дамыды. Ежелгі Египетте ландшафт дизайнындағы бақтар келесі принциптер бойынша қалыптасты:
Жүйелі жоспар. Ол симметрияны қолдануды, яғни композицияның осьтік құрастырылуын қарастырады.
Жабық композициялар қалыптасады.
Су қоймалары - бақтың негізгі бөлігі.
Ритм композициялық тәсіл ретінде қолданылады.
Аллеялық және қатарлы егу.
Өсімдіктер ассортиментінде экзоттар қолданылады.
Сарайларда, храмдарда, ауқатты адамдар үйлерінде бақ отырғызылды. Солар қаланы жасыл желекке бөледі. Ежелгі Египет бағы діни, утилитарлық (пайдалы) және эстетикалық функциялардың бірігуімен сипатталады.
Ежелгі Грекия
Ежелгі Грекияда бақ өнері Александр Македонскийдің жаугершілік жорығымен байланысты. Ежелгі Грекияның ландшафт дизайнына азиаттық бақ өнері қосылған.
Ежелгі Грекия геррондар (қасиетті тоғайлар), философиялық бақтар мен жекеменшік бақтар тәрізді көгалдандырумен сипатталады. Геррондар таза мемориалдық сипатта болды: скульптуралар, сәулеттік құрылыстар, бұлақтары бар орман массивтері. Қасиетті тоғайлар да мемориалдық сипатта болғанымен, уақыт келе олар спорттық саябақтарға айналды. Ғалымдық әңгімелер, пікір-таластар үшін философиялық бақтар салынды. Қалалық алаңдар жол шетіне орналасқан қатарлы жасыл шыбықтармен көгалдандырылды. Жекеменшік бақтар утилитарлық (пайдалы) сипатта болды: олардың негізгі көгалдандыруы гүлді өсімдіктер болды.
Ежелгі Грекияның ландшафт дизайнында бақтардың пропорционалдығы (сәйкестігі) қатаң түрде сақталды. Оларды жасау үшін тепе-теңдік, ритм және симметрия принципі қолданылды. Ежелгі Грекия бақшаларында (Египет бақшаларынан айырмашылығы) террасалау қолданылды. Террасаларға үлкен ағаштар, гүлдер отырғызылып, фонтандар орналастырылды. Бұл жерде қарапайым әрі еркін композиция қарастырылған: декоративтік, жасыл аумақтарды қоршалау, иілген басқыштар және көптеген әшекейлер.
Ежелгі Рим
Римдік бақ-саябақ өнері грек өнерінен көптеген элементтермен айрықшаланады, мысалы, олар композициядағы ландшафт дизайнының монументальды және орасан зор конструкцияларын қолданды, яғни олар табиғатты бағындырғылары келген сияқты.
Ауқатты адамдардың көптеген виллалары алуан түрлі декоративтік жұмыстардан тұрды: фонтандар, су толқындары, отырғызылған гүлзарлар, ағаштар мен бұталарды қырқу өнері, перголдар, жабық аллеялар, декоративті скульптура, отырғыштар және тағы басқалар.
Отырғызылған бұталардың, ағаштардың, гүлдердің ассортименті өте көп болды. Бақтары, 700-ден астам бассейні, 500-ден астам фонтаны және акведуктері бар монша кешені (терма) ландшафт сәулетінің жоғары дамығанының куәсі болып табылады. Осы уақытқа дейін көптеген көпірлер мен акведуктер көлік тасымалдауға қолданылады. Жүйелі бақтарды, саябақтарды жасаудың, жермен, өсімдіктермен, су конструкцияларымен жұмыс істеудің көптеген тәсілдері өз бастамасын ежелден алады және жасанды ортаны жасаудың негізі болып табылады.
Сонымен, антикалық және эллинистикалық дәуірі тек қана Еуропа елдеріне ғана емес, сонымен қатар әлемнің көптеген аймақтарына зор ықпал етті.
Араб Испаниясы
Испан-мавритандық бақтар сипаттамасы - бұл қарапайым жоспарлау мен шешім жекелігі. Бақтың негізгі мотиві - су. Жүйелі жоспарлауда міндетті түрде ішкі аула (патио) болады. Нүкте суреттері салынып, аркадалар безендіріледі. Климаттық жағдайға сәйкес экзотикалық өсімдіктер (мандариндер, кипаристер, апельсиндер, олеандр). Олар еркін түрде отырғызылды, оларды қырқу негізінен қолданылмады. Климаттың өте ыстық болуына байланысты газон қолданылмады, территория декоративті тас төсеумен безендірілді - бұл Араб Испаниясы бағының маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Орта ғасыр
Орта ғасырдағы бақ-саябақ өнері дегеніміз - монастырлар мен қорғандар жанындағы кішігірім бақтар.
Монастырлық бақтар. Жоспары өте қарапайым, геометриялық, ортасында бассейні мен фонтаны бар. Бақ негізінен төрт бөлікке (жолдарға) бөлінген. Жолдардың тоғысқан ортасына роза бұталарын отырғызды немесе Иисус Христың кресін орнатты. Бақ-лабиринт қалыптасты. Ол шеңберге немесе алты бұрышқа салынған ою-өрнектерден, суреттерден тұрды, оларды өте қиын жолмен ортаға әкеліп орналастырды. Ерте орта ғасырдағы осы суретті храмның еденіне салды, кейінірек жолдары қырқылған бұталардан жасалған дуалдармен бөлінген баққа әкелінді. Соңынан жүйелі және пейзаждық саябақтарда бақ-лабиринт кең өріс алды.
Феодалдық бақтар. Қорған жанындағы бақтарды оның территориясының ішінде жасады. Олар кішігірім және жабық болды. Бақтарда жүзімнен, розариядан жасалған жабық аллеялар салынды, алма ағаштары, арнайы суреттер бойынша клумбаға отырғызылған гүлдер өсірілді. Гүлзар, трельяж, пергол тәрізді декоративтік элементтер пайда болды. Ірі феодалдар қорғандарында кең көлемді бақтар - прато жасалынды. Кейінірек орта ғасыр алғашқы университеттердің ашылуымен сипатталады (Болонья, Париж, Оксфорд, Прага).
Бақ ісі және ботаника дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, алғашқы ботаникалық бақтар ( 1525ж. Пиза қаласында) пайда болды.

Қайта өрлеу дәуірі
Қайта өрлеу дәуірінің бақ-саябақ өнері сәулет ансамблінің жоспарлы және композициялық бірлігімен сипатталады. Итальяндық бақ - бұл біртұтас көркем шығарма. Мұнда табиғат пен өнер өз үйлесімін тапқан. Итальяндық Ренессанс бақтарына ландшафт дизайнында қолданылатын жалпы белгілер тән.
Бақтар бір-бірімен басқыш арқылы байланысқан террасаларда орналастырылды. Қабырғалар (дуалдар) тастармен қаланды, украшают нишами, устраивают гроты. Балюстрадалармен, скульптуралармен безендірілген террасалар итальяндық бақтардың негізін қалады.
Су қайта өрлеу дәуірі бақтарының негізі болып табылады. Су фонтандарда, каскадтарда, бассейндерде және әртүрлі су тоғандарында жалтырауықтармен, музыкамен берілді. Су итальяндық бақтардың композициялық ортасы болып саналады.
Ширококронные ағаштар қолданылды: платандар мен емендер, кейде кипаристер, табиғи тірі қоршау жасау үшін лаврды, самшитті, кипаристі қолданды. Сонымен қатар жапырақты және жеміс, май ағаштары отырғызылды. Осы жаңа тәсіл - боскет пайда болды. Боскет - жүйелі жолдармен шектелген геометриялық контур. Ішкі жағына қатар-қатарымен отырғызылған егінділермен немесе тірі табиғи қоршаумен қоршалған ағаштар отырғызылды. Алуан түрлі гүлдер ассортименті отырғызылды.
Жүйелі итальяндық бақтар жабық болды. Бақтар сәнді және бай болды. Бақтың колористикасына, түрлерге баса көңіл бөлінді.
Еуропалықтар үшін көптеген крест жорықтары Шығыстан жаңа мәдени серпін алып келді. Осы жағдай Еуропада Қайта өрлеу дәуірінің басталуына әкеліп соқтырды. Басқалардан сәл ертерек, XIV ғасырда Италияда мәдени өрлеу басталды, бұл бақ-саябақ өнерінде Барокко стилінің пайда болуына ықпал етті. Аталған стиль бойынша бақ сарайдың жалғасы болуы керек, яғни бөлмелер, дәліздер, сәнді, салтанатты заттар болуы керек. Бақты ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалған материалдық шығын зәулім сарай соққанмен бірдей болды. Аймақтың таулы болуына байланысты бақтарды тік және жоғары террасаларда текпешік түрінде орналастыру қарастырылды. Террасалардың жалпы саны әртүрлі болды, атап айтқанда, Фарнезе вилласындағы бақтарда - үшеу, Ланте вилласында - бесеу, Д'Эсте вилласында - сегіз. XVI ғасырдың аяғына дейін итальяндық бақтардың көлемі 1 - 3,5 Га болды. Сол кездегі аллеялар тар және қысқа болды, сарай жер телімінің орталық осінде орналасты. Бақтарға қалың ағаштар, бұталар отырғызылды, бұл олардың визуалдық жабықтығын қалыптастырды. Айналадағы ландшафт түрлері белгілі бір нүктелермен, бағыттармен шектелді. XVII ғ. Басына қарай итальяндық бақтар көлемі жағынан өсе бастайды, бұл жоспарлаудағы өзгерістерде өз көрінісін таба бастады. Аллея үлкен маңызға ие болды, өз араларында жасыл залдарды біріктіріп қана қоймай, мақсатты түрде қызықты нысандардар бағытына қарай бақ ішіндегі қозғалысты ұйымдастыра отырып, олардың керемет бай анфиладасын біріктірді.
Итальяндық барокконың классикалық бақтарының айрықша сәулеті контрастық рельефті, плиталармен жабдықталған жолдар мен алаңдарды қолдануда көрініс тапты, көбінесе тас құрылысында: биік қабырғалар, павильондар, гроттар, балюстрадалар, басқыштар.
Декоративтік бассейндер мен су құрылыстары: каскадтар, каналдар, фонтандар және т.б. санының көп болуы қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Барокконың өрлеуі дегеніміз - топиарлық (топиарного) өнердің гүлденуі, өсімдік фантастикалық формаға ие болды. Ширококронные ағаштар қолданылды: платандар мен емендер, кейде кипаристер, табиғи тірі қоршау жасау үшін лаврды, самшитті, кипаристі қолданды. Сонымен қатар жапырақты және жеміс, май ағаштары отырғызылды. Осы жаңа тәсіл - боскет пайда болды. Боскет - жүйелі жолдармен шектелген геометриялық контур. Ішкі жағына қатар-қатарымен отырғызылған егінділермен немесе тірі табиғи қоршаумен қоршалған ағаштар отырғызылды. Алуан түрлі гүлдер ассортименті отырғызылды.
Барокко Италиядан Францияға көшіп келді, айтатын болсақ, Андрэ ле Нотрдың король Людовик XIV арнап салған Парижге жақын орналасқан Версаль бағы ең көрікті нысан болып саналады. XVI ғаысрдың 20-шы жылдарынан бастап, еуропалық монархтардың көпшілігі Версаль стиліне еліктей бастады. Соңғы 100 жылда Версальда жасалған негіз жетілдіріле бастады. Берілген бағыт бойынша бүкіл әлемге танымал стиль - Француз классицизмі дамыды.
XVIII ғасырдың соңғы он жылдығында Англиялық мәдениеттің жаңа серпіні ландшафт дизайнының пейзаждық стильдің пайда болуына әсер етті. Негізге оның табиғылығы таңдалды. Алаңқайлар мен шалшықтар жасалды, топтық ағаштар отырғызылды, қисық сызықты жолдар, ирелең жағалауымен су қоймалары салынды. Әңгімелесу орындары (беседка), павильондар, трельяждар секілді кіші сәулеттік формалар қолданылды. Уильям Кент пен Ланселот Браун ландшафт дизайнындағы жаңа бағыттың әйгілі өкілдері болып саналады. Кент құрастырған бақты жоспарлау концепциясы табиғатқа түзу сызық тән емес деген тұжырымға негізделген. Браун Латон Худағы 1600 акр жер көлемін алып жатқан әйгілі бақтың авторы болды. Осы бақта көптеген әртүрлі су тоғандары, төбелерге отырғызылған жасыл желектер, топтық ағаштар отырғызылған ирелеңдеген алқаптарды кездестіруге болады. Осы жерде керемет әсем тас және су өсімдіктер, розарий, гүлдеп тұрған бұталар да (түкті шие, рододендрондар, азалиялар) кездеседі. Ағаштар көлеңкесіндегі шалғында баданалы өсімдіктер отырғызылған. Үлкен емес көлдерде дамба соғу арқылы өзендер салу, көптеген жерлерді қазу, жоғары эстетикалық талаптарға сәйкес ормандар отырғыза отырып, пейзаждық стильдегі бақтар мен саябақтарды жоспарлау кең көлемде жүргізілді.
XIX ғасырдың басында ландшафт сәулетіндегі Браунның әдісіне (манерасына) деген қызығушылық төмендей бастады.
Бір жылдық өсімдіктер симметриялы түрде отырғызылған викториандық бақ пайда болды. Бұл жерде қалған компоненттер гүлзардың орналасқанына тәуелді болды. Бірақ осы жағдайда бақтар ұзақ өмір сүре алмады. Ағылшындардың ландшафт дизайнының дамуына қосқан негізгі үлесі - бұл бір жылдық шөптесін өсімдіктерден тұратын газондар мен бордюрлар.
Пейзаждық стильде қолданылған ландшафты қалыптастыру прициптері батыс өркениетінде кең өріс алды және осы уақытқа дейін зор ықыласпен қолданылады. Айта кету керек, Шығыста (Қытай, Жапония, Корея) ландшафт өнері табиғилық концепциясына ұқсас өз принциптерін ұстанды.
XIX - шы жүз жылдық барысында қала өмірі кең қанат жая бастады, сондықтан қалалық сәулетті жоспарлауды ландшафттық бағбаншылық дәстүрімен қосу қажет болды және ландшафт сәулеті мен дизайнына қазіргі керемет мәртебені берді. Осы тенденцияларды ескере отырып, XIX ғасырдың екінші жартысында америкалық сәулетші Фредерик Лоу Олмстед қазіргі ландшафт сәулетіне үлкен әсерін тигізетін бақтар топтамасын бітірді.
XIX - XX ғасырлар аралығында ландшафт өнерінің көптеген стильдері мен бағыттары туындады, олардың басым көпшілігі уақытша, ал кейбіреулері қазірге дейін сақталды, атап айтсақ, бізге белгілі - модерн.
XX ғасырда ландшафт дизайны техникалық және мәдени прогресс серпініне жауап бере отырып, тез өзгеріске ұшырайтын әлемнің эмпириялық моделін өзінде іске асыра отырып, қазіргі постмодерндік дәуіріне бізді әкеле отырып, дамыды, әрі өзгерді.
Франция, 17-ғасыр
Итальяндық бақтардан алынған барокко стиліндегі бақтар қалыптаса бастады. Оларды жоспарлау өте қарапайым, бірақ олар гүлзарлармен қымбат әшекейленген. Гүлдерден әсем партерлер - бродери жасалады. Орман . алқаптары атпен серуендеуге және аң аулауға қолданылды. Су каналдар мен су партерлерін жасауға қолданылады.
Өткен уақыттағы бақ-саябақ өнерінің жүйелі стилі болашақ бақтарын жасауға әсерін тигізді.
Англия, 18-ғасыр
Англияда пейзаждық саябақ дами бастады. Бұған жұмсақ климат пен ылғал ықпал жасады: топтық ағаштармен, бұталармен безендірілген кең көлемді шалғындар жасалынды. Шалғындар қойлар бағатын жайылым ретінде пайдаланды.
Англия бақтар жасауда жүйелі стильден бас тартты, олар пейзаждық бақтарды жетілдірді. Табиғилық - олардың негізі болды. Алаңқайлар мен шалшықтар жасалды, топтық ағаштар отырғызылды, қисық сызықты жолдар, ирелең жағалауымен су қоймалары салынды. Әңгімелесу орындары (беседка), павильондар, трельяждар секілді кіші сәулеттік формалар қолданылды. Оларды саябақта орналастырды. Сонымен қатар кейде фонтан орнатты.
Пейзаждық саябақты құрудың өз принциптері бар - бұнда ландшафттың табиғи сұлулығы айрықша көрсетіледі, еркін жоспарлау, саябақтың барлық элементтері біртұтастыққа бағынады.
19-20 ғасырлардағы Батыс Еуропа, АҚШ
Осы кезеңде Францияда пейзаждық саябақтар, яғни ландшафт саябақтары құрылды. Олардың негізгі жетістіктері - өсімдіктер. Бақтар жаңа ағащтармен, бұталармен толықтырылды. АҚШ-та, керісінше, көркемдік танымы төмен түсіп кетті. Бұл жерде өсімдік глобустары, кілем клумбалары, құм сағаттары жасалды. Бұл пейзаждық саябақтың табиғилығына мүлдем келмейді.
Қытай және Жапония
Қытайдың, Жапонияның және Кореяның ландшафт дизайнының еуропалықтан айырмасы бар. Олардың табиғат деген көзқарасы философиямен, дінмен байланысты болды.
Қытайдың бақ өнері пейзаждық стиль бағыты бойынша дамыды. Қытайдың солтүстік бөлігінде үлкен бақтар дамыса, оңтүстігінде кіші бақтар дамыды. Бірақ олардың арасында кейбір ұқсастық болды. Бақтың негізгі бөлігі - су қоймалары. Олар өте көп болды, олардың жан-жағына сарайлар тұрғызылды. Бұл жерде саябақ құрылыстарын пайдаланды: Әңгімелесу орындары (беседка), платформалар, көпірлер, верандалар, галереялар. Қанық түстермен боялған құрылыс нысандары саябақ жасыл желегімен әдемі үйлесімін тапқан. Өсімдіктің көптеген түрлерін кездестіруге болады: қылқан жапырақты (қарағайлар, можжевельниктер және т.б.), жапырақты (үйеңкі, қытай емені, кедр және т.б.), және жеміс (қара өрік, алмұрт, шие және т.б.) ағаштар. Әсем гүлдейтін бұталар мен гүлдер өте көп. Скульптуралар (мүсіндер) сирек қолданылады, безендіру үшін негізінен тастар жиі қолданылады. Тастармен су қоймаларының жағаларын, тас бақшасын безендіреді.
Жапон бағы да пейзаждық стиль бағытында қалыптасқан. Жапон бақтары тегіс және қыратты болып келеді. Осы бақтардың негізгі бөлігін су мен тастар құрайды. Су су қоймалары, су құламалары түрінде қолданылады, ал таспен бақтың пластикалық кеңістігін құрастырады. Құрғақ бақтарда ұсақ тастар мен құмдар суды бейнелейді. Жапон бақтарындағы өсімдіктер ассортименті өте бай. Әсем гүлдейтін ағаштар мен бұталар жиі кездессе, гүлдер өте аз кездеседі. Бақ құрылыс нысандары көптеп қолданылады: отырғыштар, қоршаулар, көпірлер, қақпалар, тас шамдар. Бақтың өзіне тән белгісі - жапондық символика.
Орыс бақ-саябақ өнері
Ежелгі Ресейде бақ негізінен утилитарлық сипатта болды: жер огородқа, жеміс ағаштарына бөлінді, уақыт өте келе, декоративтік ағаштар пайда бола бастады. Қоршау ретінде жасыл желектен немесе ағаштан жасалған қоршаулар пайдаланылды. Тоғандар балық өсіру, суға түсу және суару үшін жасалынды.
ХVII ғасырда Ресейде көңілді немесе қызыл бақтар құрылды (Коломенское, Измайлово). Кремльде - Төменгі және Жоғарғы Набережье бақтары , аспалы бақтар. Ең танымалысы - Мәскеудегі Измайлов бағы. Бұнда бәрі бар: аңдар бөлмесі, ботаникалық бақ, лабиринт, көптеген су қоймалары мен жүзімдіктер.
Петр I кезінде орыс бақ-саябақ құрылысы ландшафт дизайнындағы классикалық жүйелі бақ құруға көшеді. Бұл Петродворец, Стрельня, Ориенбаум, Царское село. Петербургтегі жүйелі бақтар құрылысын шетелдіктер жүргізді. 1710 жылы Ресейде Бақ кеңсесі құрылады. Бұл кеңсе Мәскеу мен Петербургта бақ құрылысын жүргізу үшін қажетті өсімдіктерді сатып алумен айналысты.
Ландшафт дизайнының стильдері
Бақ стилін таңдау жер телімінің ландшафттық ерекшеліктеріне байланысты (оның конфигурациясына, аймағына, көлеміне) және негізгі құрылыстың сәулеттік стилін анықтайды. Кейбір кең тараған стильдер бағытына - классикалық және заманауи - сипаттама берейік.
Жүйелі (формальдық) стиль
Осы стильде орындалған ландшафттық композициялар негізгі оське қатысты элементтердің дұрыс орналасуын, ландшафт элементтерінің геометриялық формаларының қатаң сақтаулуын көздейді. Ағаштар мен бұталарды квадрат, тікбұрыш немесе шахмат схемасы бойынша отырғызады, содан кейін оларды міндетті түрде геометриялық фигуралардың формаларын (шар, эллипсоид, куб, пирамида, конус және т.б.) бере отырып, оларды қырқу қажет. Су қоймалары міндетті түрде симметрия, тікбұрыш формасында жасалынады, жолдар мен аллеялар тік және тегіс болуы керек..
Классикалық ландшафттың негізгі элементтерінің бірі партер - горизонтальды жазықтықтағы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегі композиция. Партер атауы француздың екі сөзінен par және terre пайда болған, жер бойынша деген мағынаны білдіреді. Партер газонды, гүлді немесе шілтерлі, әртүрлі материалдардан жасалған алуан түсті оюлар түрінде болады.
Жүйелі стилінде жер тілімін гүлдермен безендіру оншалықты қиын емес. Біршама уақыт гүлдейтін (бархат, петуния, виола) бір немесе екі түсті бір жылдық өсімдіктермен, бордюрлерді төселінетін өсімдіктермен безендірілді.
Өсімдіктерді контейнермен отырғызу әдісі жиі қолданылады. Контейнерлер керамикалық, болуы керек, оларды симметриялы схема бойынша бір ритмде орналастырады.
Жүйелі стиліндегі бақтар биік дуалдармен, жасыл желектен жасалған қоршаулармен қоршалады, кейде бұл элементтер жер теліміндегі ішкі зоналарды бөлуге қолданылады. Көптеген жағдайда ландшафтты безендіру үшін бір-бірімен басқыштармен, көпірлермен байланысатын көп деңгейлі террасаларды қосады. Оларды декоративтеу үшін мүсіндер, фигуралы құйылған қоршаулар, гүлді контейнерлер қолданылады.
Версаль бақтары, Париж бақтарының кейбір бөлігі жүйелі ландшафт стилінің жарқын өкілі болып табылады. Ресейге келетін болсақ, Петербургтың және оның жанындағы бақ-саябақ ансамбльдері, Мәскеудің кейбір усадьбалары осы стильге жатады.
Итальяндық стиль
Жүйелі стиль тақырыбының нұсқасы. Бұл дегеніміз вилла немесе саябақ жанындағы дуалмен немесе жасыл желекпен қоршалған кішігірім бақ.
Итальндық бақтың үсті диагональ және тік жолдары бар қарапайым геометриялық формаларға бөлінген. Композиция ортасына су қоймасы немесе фонтан орналасады, оның айналасына гүлзарлар немесе тасталған алаңқайлар жасалады.
Пейзаждық (ландшафттық) стиль
Әртүрлі, соның ішінде әдебиет дерек көздерінде пейзаждық стиль XVIII ғасырда Англияда пайда болды деп көрсетеді. Сол уақытта ағылшын жаратылыс іздеушілері мен натуралистері Шығыстан мәдениеттің жаңа серпінін алып келді, бұл ландшафттық жобалауға жаңа көзқарас қалыптастыруды жүзеге асыра отырып, Англияның әдебиеті мен сыршырайында (живопись) өз көрінісін тапты. Англиялық пейзаждық стиль дегеніміз - бұл Шығыстан алған идеялар жемісі емес, әлемнің табиғилығы мен көркемдігі, оларды жасаған адамдар туралы түсінікті өзінде қалыптастырған англиялық мәдениеттің өзіндік құбылысы.
Аталған стиль ландшафт элементтерінің еркін, табиғи орналасуын қарастырады, тік сызықты, формалардың дұрыс әрі симметриялы болуы міндетті емес. Англиялық ландшафт стилінің негізгі белгісі - пейзаждың жасандылығының болмауы. Хаотикалық әдісі жиі қолданылады, детальдар мен элементтердің орналасуына көп мән береді. Аталған стильдің міндетті белгісі - аймақтың терең сайлары (жар) жасанды және табиғи төбелері, бірдей емес су қоймалары бар рельефі. Композиция былай жасалады: жолдар мен соқпақ жолдар бойынша жүріп келе жатқанда көз алдыңда жолдың әрбір қиылысында жаңа әсер және ландшафт жасау өнеріндегі кездейсоқ шешімдер кезедеседі. Элементтердің үйлесім табуы пейзаждың аяқталғанының негізгі өлшемі. Жер телімінде орналасқан жолдар ирелең құрылымды болуы керек, бірақ бұрылыстар кенеттен болмауы керек, жол материалы табиғи немесе соған ұқсас болуы қажет. Аталған жағдай қазір ежелгі Қытай ғылымы фен-шуймен келіседі.Осы ғылымның ережесіне сәйкес жай бұрылатын соқпақ жолдар мен жолдар адамның қоршаған ортамен өзара байланысы кезінде гармониялық жағдайын қамтамасыз ететін Ци энергиясының керемет жолсерігі бола алады. Жай және ирелең сызықтар ландшафттың барлық элементтерінде бар болуы қажет - ағаштардың жылап тұрған формаларында, табиғи тастарда, үйлердің шатырлары да назардан тыс қалмауы керек.
Пейзаждық стильдің ландшафттық композицияларында су нысандары: тоған, жылға, үлкен емес су құламасы, каскад, декоративті батпақ (барлығы табиғи көрінуі керек) маңызды рөл атқарады
Отырғызатын өсімдіктерді таңдау кезінде сол климаттық зона үшін табиғи көрінетін түрлерін пайдалану керек. Дегенмен, жерорта теңіздері, жапондық немесе басқа стильдегі тақырыптық композицияны жасау кезінде пейзажға қосымша колорит беру үшін жердің сол бөлігіне тән өсімдіктерді отырғызу қажет, бұл дизайнердің шабыт көзі болып табылады. Осындай жұмыс жүргізу Ресейдің Орта алқабы үшін қыстап шығу, өсінділерді күтіп-баптау тұрғысынан өте қиын.
Ландшафтты пейзаждық стильде безендіру мысалы үшін ескі англиялық усадьбаларды алуға болады. Бұрынғы Кеңес Одағы территориясында стильдерін ағылшындардан алған қырым бақтарын атауға болады. Ал XIX ғасырдың 30-жылдарындағы жобалаудың француздық классикалық стилі наполеондық жаугершіліктің салдарынан ландшафттық жобалаудың әлемдік ұстанымын жоғалтып алды.
Жапондық стиль
Еуропада жапондық бақтар сәні ұзақ сақталды, қазіргі таңда да осы стильге деген қызығушылық азайған жоқ. Аталған стильдің негізін жапондар қытайлардан алған, олар оны әрі қарай өздерінің дүниетанымы бойынша дамытты. Алғашқы жапондық бақтарды философ-даналар жасады. Олар тұрмыстың құпиясын ашу табиғатты тануда деп санады. Жапондықтар әрқашан тауға, су құламаларына, ағаштарға (бұларды олар адам мен жауарлар қатарына қосты) табынған.
Жапондық бақтар негізіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұл тастар, су, ағаштар, жыл мезгілдері, мүк бақтары болуы мүмкін. Бір бақта жоғарыда аталған элементтерді араластыруға болады, бұл жерде тастардың орналасуына көп көңіл бөлу керек. Әрбір тастың өзіне тән келбеті, мінезі, жағдайы бар деп есептеледі. Оларды оңнан солға орналастыру керек, өйткені дәл осылай адам өз көзқарасын алмастырады.
Тастар бағының ішіндегі танымалысы XV ғасырдың аяғында XVI ғасырдың басында Жапонияның ескі астанасы Киотода салынған Реандзи монастырінің бағы болып саналады. Бақ - верандасы бар үй жанында 23х9 метр ауданды алып жатқан тікбұрышты алаң. Веранда оның пісіп-жетілу орны, артқы жақта жоғары емес қабырға, оның артында фон есебінде ағаштар топтамасы орналасқан. Ақ құм төселген алаңқайда 15 тас топпен орналасқан. Құм арнайы тырмамен тегістелген. Ең маңыздысы веранданың қай жеріне барсаңыз да, бір уақытта 15 тастың 14-нін ғана байқауға болады. Жалпы бақ бір топ аралы бар теңізді еске түсіреді, немесе, керісінше, сіз жоғарыда тұрып, арасынан биік тау бастары көрінетін бұлттар бүркенішін бақылап тұрғандай сезінесіз. Композиция және түс жағынан жапон бақтары сыршыраймен тығыз байланысты және сыршырай заңы бойынша көру кеңістігін қабылдауға есептелген. Сырлардың жұмсақтығы, түстердің жабықтығы осындай бақтарды бір түсті тушьпен орындаған картинаға ұқсатуға болады.
Жолдар, көпірлер, отырғыштар, шамдар, қоршаулар, қақпалар бақтың бөлінбес бөлігі болып табылады. Олар табиғи материалдардан: бамбуктен, әртүрлі ағаштар түрлерінен, тастан (көп кездесетін материал), кейде металлдан, әсіресе шойыннан жасалады. Материалдарды лактеуге болмайды. Ландшафт элементінің кәрілігі - тастардағы мүктер, металлдардағы таттар, ағаштардың қараюы және т.б. бағаланады.
Спорттық стиль
Жалпы алғанда, ландшафт дизайнында спорттық стиль деген ұғым жоқ. Жер телімінің спорттық стиль деп аталатын белгілі бір зонасы абаттандырылады. Бұл жерде ешқандай шектеу қойылмайды, ойыңа келгеннің бәрін дизайнға айналдыруға болады.
Шығармашылық ой барлық жерде жер телімін жоспарлау және рәсімдеу деген атпен экипаждың алдына шығады.
Қытай стилі немесе Фен-шуй
Қытай стилі немесе Фен-шуй - ежелгі египеттік және вавилондық бақ өсіру тәсілдерімен қатар қазіргі ғылымға белгілі әлемдегі ежелгі тәсілдердің бірі. Мыңдаған жылдар бұрын Қытайда пайда болған, ол Қытайда өркениет дамыған кез болса, ал Еуропа территориясында әлі де болса жабайы тайпалар өмір сүрген. Негізгі ереже: Адам мен табиғат бір-бірімен үйлесімде болуы керек, тұрмыстың барлық болмысын Ци деп аталатын көзге көрінбейтін оң энергия басқарады. Осы күш бізді қоршаған барлық затта бар және адамдардың аман-есендігі, бақыты, денсаулығы, байлығы үшін қажет. Аспан болу үшін таза ци көтерілді, ал жер болу үшін лай әрі ауыр ци төмен түсті, екеуі үйлесімді қосылып, адам болды, - деп Лао-Цзы ежелгі Қытай трактатында айтылған. Адам ци арқылы қалған әлеммен байланысқан, цидің қиын ағымдары ауру әкелуі мүмкін. Осы ғылымға сәйкес цидің кедергісіз ағынын қамтамасыз ету үшін әрбір нәрсе өзіне тән формасы және тұратын орны болуы керек.
Осы стильдегі бақтардың дәстүрлі еуропалық бақтардан айырмашылығы бар. Үйлесім мен тепе-теңдік басымдылық алады, ал жер телімінің ауданы мен өлшемі маңызды емес. Қытайлықтар өмірді бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі тепе-теңдіктің инь (ер) және ян (әйел) бастауы деп түсінеді. Әрбір өсімдік және ландшафт элементтері міндетті түрде жер шарының жақтарына сәйкес орналасуы керек.
Жер телімін жоспарлауда маңыздысы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт дизайнының тарихы
Ландшафтық дизайн
Архитектуралық дизайнның негізгі принциптерін және олардың тұрғын және жазғы ғимараттарға қолданылуын түсіну
Мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңының маңызы
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Мекеме дизайны
Еуразия сауда орталығының дизайнын жобалау
Интерьер дизайны
Басты бет дизайны
Дизайн кезеңдері
Пәндер