Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті реформалау ... ... ... ... ..5
1.2.ҚР Бухгалтерлік есепті басқару орындарын реформалау ... ... ... ... ..10
1.3. Реформалау нәтижелері және алдағы уақытта ҚР .да бухгалтерліке есепті жетілдірудың бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі. [1]
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар кіреді. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезіндегі маңыздылығы курстық жұмыстың өзектілігін ашып көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу , нақты бір ұйымның қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты курстық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
1. «Бухгалтерлік есеп стандарты». Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Алматы 2013 ж.
2. «Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары». Алматы. Раритет 2014ж.
3. www.minfin.kz интернет желісі
4. А.К.Нурпейсова. ҚР-да банктік жүйенің дамуы. Алматы, «LEM» баспасы, 2013 жыл.
5. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы № 234 Заңы
6. Әбдіманапов. Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері». Экономика. Алматы 2013 ж.
7. Әжібаева З.Н.,Байболтаева Н.Ә.,Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Экономика. Алматы 2016 ж.
8. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадан № 422-V Заңы
9. Бименова А.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2013 ж.
10. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт, Д.О.Абленов «Аудит негіздері»; Алматы. Экономика – 2015 ж.
11. Дүйсембаев К.Ш. “Теория аудита” Алматы 2015 г.
12. Ержанов М.С. «Финансовая отчетность», оқу құралы. Экономика. Алматы 2013 ж.
13. К.Ш.Дюсембаев, С.К.Егембердиева, З.К.Дюсембаева «Аудит и анализ финансовой отчётности» Алматы. Қаржы-Қаражат – 2013 ж.
14. Кеулімжанов Қ.К., З.Әжібаева, Құдайбергенов.Н. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Оқу құралы. Алматы. Экономика 2013ж.
15. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Кұдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп» (Оқулық) Алматы – 2015 ж.
16. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2014.
17. Назарова В.Л. Алматы “Экономика” 2015 ж.
18. Назарова В.А. Как научиться бухгалтерскому учету. г.Алматы – 2013г.
19. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы-Алматы: Мерей, 2014 ж.
20. Құлпыбаев С.,Баязитова Ш.,Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы.- Алматы: Мерей, 2015 ж.
21. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы І бөлім, Алматы 2013ж.
22. В.Д.Мельников, Қ.Қ. Ілиясов. Қаржы «Экономика», Алматы 2014 ж.
23. Теория бухгалтерского учета. Журнал «Бико - Принт». 2013 г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Қаржылық есеп -1

Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта ҚР-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары.
Мамандық 5В050800 Есеп және аудит

Орындаған:
студент УА-21к Балмуханбет Ш.М

Ғылыми жетекші:
Магистр аға оқытушы Мусупова Л.К.

Қарағанды 2016ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті реформалау ... ... ... ... ..5
1.2.ҚР Бухгалтерлік есепті басқару орындарын реформалау ... ... ... ... ..10
1.3. Реформалау нәтижелері және алдағы уақытта ҚР - да бухгалтерліке есепті жетілдірудың бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі - толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз - меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі. [1]
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар кіреді. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес - кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезіндегі маңыздылығы курстық жұмыстың өзектілігін ашып көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу , нақты бір ұйымның қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты курстық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есеп берудің теориялық мәселелерін зерттеу;
- нақты кәсіпорынның экономикалық даму жағдайына зерттеу жүргізу;
- субъектінің қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының құрылымы мен мазмұнына зерттеу жүргізу және оны ары қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Курстық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық ғалымдардың еңбектері алынды.

0.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті реформалау

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы мемлекеттік
сектордағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруді талап етеді. Елдің қаржылық ресурстарын және мемлекет міндеттемелері менактив баланстарын құрастырудың ашық және айқын жүйесін қалыптастыруқажеттілігі туындады.
Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті қоғамдық сектордағы халықаралық қаржылық есептілік стандарты (ХҚЕС) бойынша құрастыруды жетілдіру, сондай-ақ,мемлекеттік секторда жүргізіліп жатқан реформаға сай. Реформалаудың мақсаты стратегиялық, транспарентті және кешенді бюджеттік процесті құрастыра отырып, мемлекеттік қаржыны басқару тиімділігін, жауапкершілігін, есеп беруін және ашықтығын кӛтеру болып табылады, ол үкімет қызметін бағалауда азаматтық қоғамда пайдаланылатын жоспарлаудан орындауға дейінгі қаржылық есептіліктің тұтас жүйесін білдіреді.
ХҚЕС қолдану мемлекеттік қаржыны басқарудағы, ақшалай қаржы мен
активтерді тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырудағы, мемлекеттік басқарудың барлық секторының қаржылық ақпаратын жинақтаудағы атқарушы билік органдарының тиімділігін бағалау қажеттілігінен туындап отыр. қоғамдық сектор үшін ХҚЕС енгізу арқылы халықаралық стандарттарға сай келетін бухгалтерлік есеп жүйесін құру, басқарушылық шешімдерін қабылдау барысында қажет, сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ортақ бюджеттік жіктеме кірістер шығыстар, активтер және міндеттемелер бойынша қаржылық ағымды білдіреді. Бұл ретте ҚазақстанРеспубликасының Бюджеттік кодексінің 127 бабына сәйкес республикалы бюджеттің атқарылуы туралы есепті министрліктердің, агенттіктерді есептік мәліметтерінің негізінде Қазақстан Республикасының қаржs министрлігі жасайды және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп құрамында Үкіметке ұсынылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілер базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банк секторындағы бухгалтерлік есепті реформалау бойынша жұмыс басталды. Бастапқы кезеңде Ұлттық Банктің мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі өзегі ретінде екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) бухгалтерлік есеп жүйесіне баса назар аударғанын атап өту керек. [2]
Бухгалтерлік есепті реформалау кезінде қаржы ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп әдіснамасын әзірлеуде Нәйлия Құрманбекқызы Абдулинаның жіті басшылығымен құрамына Рахметова С., Чеусов П., Жаукенов Б., Мұсаев Р., Құрманбаева Э., Сүлейманова Г. кірген Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының ұжымы елеулі үлес қосты. Бұл ұжым - Ұлттық Банктің және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілік жасауда Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшуі - өмірлік ісінің басты мәніне айналған бірінші ұжым болды [2].
Қазақстан Республикасының қаржы секторында бухгалтерлік есеп реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1) дайындық кезеңі - басқа елдер жүзеге асырған реформаларды зерделеу және солардың негізінде банк жүйесі бухгалтерлік есебінің халықаралық стандарттарға көшуінің оңтайлы нұсқасын әзірлеу;
2) негізгі кезең - есептің нормативтік және әдіснамалық базасын жасау, ХҚЕС талаптарына және банк ісінің әлемдік практикасына сәйкес келетін жаңа принциптерді іс жүзіне енгізуді жүзеге асырудың басталуы;
3) халықаралық талаптарға сәйкес қолданыстағы нормативтік және әдіснамалық базаны жетілдіру және жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, коммерциялық банктердің бухгалтер қызметкерлерін бухгалтерлік есепті және халықаралық стандарттар бойынша қаржылық есептілік жасауға оқыту.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚСХҚЕС және есептеу әдісіне сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін реформалаудың кейбір мәселелері бойынша түсіндірулерді жолдайды.
ҚР Қаржы министрі бекіткен 2011-2015 жылдарда ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің көшуін жүзеге асыру туралы іс-жоспарының II.3. тармағы бойынша:
Мемлекеттік мекемелердің есептеу әдісіне көшу бағдарламасын іске асыру мақсатында бухгалтерлік есепті жаңа әдіснамасы бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік органдарда және ведомстволық мекемелерде нормативтік құқұқтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленген өнімді қолдану қажеттілігі, ал ол бағдарламалық өнім бар болған жағдайда - бухгалтерлік есепті есептеу әдісі бойынша ұйымдастырудың жаңа талаптарына сәйкес жетілдіру қажеттілігі туралы Қаржы министрлігі 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № ДМБУА-316217 хатымен жолдаған болатын.
Бұл ретте, ҚСХҚЕС және есептеу әдісіне сәйкес әдіснамалық негізді құрайтын барлық негізгі нормативтік құқұқтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бекітілген, Әділет министрлігінде тіркелген, БАҚ жарияланған және www.minfin.kz сайтында орналастырылған (ҚСХҚЕС бөлімінормативтік құқұқтық актілер). [3]
Программалық өнімдерге негізгі талап НҚА сәйкестігі болып табылады, оның ішінде қаржылық және бюджеттік есептілік нысандарының және алғашқы есептік құжаттардың нысандарының, Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомында айқындалған мемлекеттік мекемелерде есептеу әдісі бойынша талдамалық және синтетикалық есептеуді жүргізу үшін бухгалтерлік есепке алу регистлерінің бар болуы болып табылады.
USAID жобасының сарапшысы және Австралияның сертификатталған бухгалтері, Австралияның мемлекеттік секторында есептеу әдісін енгізуде тікелей қатысқан және ҚСХҚЕС қолданудың халықаралық тәжирибесі бойынша 2012 жылдың ақпанында Астанада өткен семинарға қатысқан Дженифер Остин IT - жүйелер ҚСХҚЕС талаптарын сақтауға қажетті ақпаратты ұсынуы керек деп кеңес берді. Бұл ретте, IT - жүйелеріндегі өзгерістер функционалға және функционалдыққа сүйенуі тиіс.
Халықаралық Валюталық Қордың халықаралық консультанттары болып табылатын, Жаңа Зеландияда есептеу әдісін енгізген және ҚСХҚЕС бойынша консультант болып табылатын - Джон Зохрабтың, сондай-ақ, IT - жүйелері бойынша маман болып табылатын және әртүрлі мемлекеттерде ҚСХҚЕС енгізу бойынша тәжірибесі мол - Пол Кроудың кеңестері бойынша IT - жүйелері есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес әзірленген есептеу әдіснамасының талаптарына сәйкес келу керек. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеу әдісін уақытында енгізу, мемлекеттік мекемелердің көшу сәтіндегі реформаның құлау тәуекелін төмендету үшін, мемлекеттік сектор бухгалтерлері арасында қолданыстағы (таныс) бағдарламалық өнімдердің негізінде есептеудің жаңа әдіснамасына сәйкес жетілдірілген бағдарламалық өнімдерді қолдану қажет.
Есептеу әдісіне көшу кезінде негізгі құралдарды алғашқы мойындау бойынша түсіндіру
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясаты және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес келеді, оны USAID (Марк Притчарт), Deloitte, ХВҚ халықаралық консультанттардың қорытындылары растап отыр.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ҚСХҚЕС 17 (96- тармақ) өтпелі ережелердің талаптарына сәйкес ҚСХҚЕС сәйкес есептеу әдісін алғаш рет қолданып отырған субъект негізгі құралдарды алғаш рет нақты шығындар бойынша немесе әділ құны бойынша мойындауы тиіс.
ҚСХҚЕС сәйкес НҚА кассалық әдістен есептеу әдісіне негізгі құралдар қалдықтарының іс жүзіндегі шығыстары бойынша көшірілуін көздейді.
Ережеде есепке алу объектілерін есептеу мен бағалаудың барлық баламалы әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылған, олардың ішінде іс жүзінде қолдануға міндеттілерін барлық мемлекеттік мекемелерге бірдей болып табылатын Есеп саясаты айқындайды.
Ережеде негізгі құралдардың кейінгі есебі үшін екі модель көзделген: нақты құны бойынша есеп моделі және қайта бағалау құны бойынша есеп моделі, олардың ішінде бекітілген Есеп саясаты бойынша нақты шығындар бойынша есеп моделін қолдана отырып негізгі құралдарды есептеудің бірыңғай тәртібі қолданылуы тиіс.
Негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен активтерді бағаланған жағдайларда рұқсат етіледі. ҚР Үкіметі (2013 жылдан кейін) кассалық әдістен есептеу әдісіне көшіру күніне негізгі құралдарды қайта бағалауды (бағалауды) өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, негізгі құралдардың құнын көрсету ретроспективті түрде жүргізілуі тиіс.
ҚСХҚЕС және Ережеге сәйкес негізгі құралдардың объектісін қайта бағалау кезінде осы актив тиесілі негізгі құралдардың бүкіл сыныбы (тобы) қайта бағаланады.
Қайта бағалауды (бағалауды) Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялары бар кәсіби бағалаушыларды тарта отырып жүргізілуі тиіс.
Негізгі құралдарды қайта бағалауды (бағалауды) өткізу қомақты бюджет қаражатын талап етеді.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесінің 249 тармағы бойынша түсіндірсек: Ережеге сәйкес егер актив айырбасталмайтын операция жолымен, яғни қайтарусыз негізде сатып алынса, оның өзіндік құны деп сатып алу мерзіміндегі әділ бағасы танылады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар объектілерін таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды.
ҚСХҚЕС талаптары бойынша тегін сатып алынған негізгі құралдар үшін құн болып объектінің сатып алу күніне адал құны болып табылады.
Айтылғанның негізінде, ҚСХҚЕС осы талабы тек тегін алынған активті сатып алу күніне ғана қолданылады және бір әдістен екінші әдіске көшу күніне қолданыла алмайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашада № 422-V Заңында көрсетілгенмен бір мезгілде, қаржы ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу құқығы Ұлттық Банкке заңды түрде бекітілген болатын. Бұл Ұлттық Банкке уәкілетті орган ретінде қаржы жүйесіне қатысушыларға арналған нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік берді [3].
Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін қаржылық есептілік нысандары; банктерден, кредиттік серіктестіктерден және ипотекалық компаниялардан басқа барлық қаржы институттары жататын қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары; ХҚЕС-на сәйкес шетел валютасын қайта бағалауда іске асырылған бағамдық айырмашылықты есепке алу бойынша ұсынымдар; зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Есеп саясатын жасауы бойынша ұсынымдар; жинақтаушы зейнетақы қорының Есеп саясатын жасауы бойынша ұсынымдар; жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін кастодиан-банктердің есепке алуы және оларды қаржы құралдарына орналастыру және басқалар бойынша ұсынымдар әзірленді және бекітілді[4].
Сонымен бір мезгілде, Ұлттық Банк тұрақты негізде ХҚЕС қолданудың әлемдік тәжірибесін, сондай-ақ қаржы ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік базаны уақтылы жетілдіруге мүмкіндік беретін әлемнің түрлі елдеріндегі бухгалтерлік есептің өзге стандарттарын зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Осылайша, бүгінгі күні қаржы жүйесінде бухгалтерлік есепті реформалау қаржылық есептілікте жасалған, талданатын ақпараттың шынайылығын, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, бухгалтерлік есептегі жаңалық экономиканың айқындығына және ашықтығына жеткізіп, қазірдің өзінде уақыт талабына айналды. Экономиканың ашықтығы туралы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі немесе басқа статистикалық қатынастар бойынша сөз етіп қана қоймайды, сол сияқты осы экономиканың деректері барлығына қаншалықты қолжетімді, оны кімдердің қажетсінетіндері және осы деректердің сапасының соншалықты жоғары екендігі бойынша да сөз етеді. ХҚЕС-на барынша көп жақындау Қазақстан банктеріне халықаралық аренада шетелдік банктермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Осының бәрі елдің экономикалық гүлденуіне, Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің жоғарылауына және нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуіне және әл-ауқатының артуына жағдай жасайды [5].

0.2. ҚР бухгалтерлік есепті басқару органдарын реформалау

Қазақстан Республикасы бойынша бухгалтерлік есепті реформалау екі бағытта жүзеге асты:
1. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп мамандары мен жоғары және арнаулы оқу орындары оқытушылары мен студенттерін даярлау және қайта даярлаудың жобасы жасалынып, іске асырылады
2. Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесіне өзгерістер енгізіліп, нәтижеде 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты қабылданған.
Бірінші бағыт бойынша 1994 жылы Қазастанда Шотландияның ант беруші бухгалтерлері институтының жасаған жобасы бойынша 1999 жылға дейін бухгалтерлік есеп мамандығы оқытушыларын, салық органдары мамандарын, қаржы саласының мамандары, барлығы шамамен 1200 жуық мамандар Алматы, Тараз,Қарағанды және Астана қалаларында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша қайта даярланды.
Екінші бағыттың іске асырылуы біршама қиындықтарды туғызса да, ойдағыдай орындалды, біздің елімізде бухгалтерлік есептің дамуында шетелдік қаржы салымшы инвесторлар белгілі бір дәрежеде Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінен, Қарды министрлігінен, т.б. басшы органдардан қолдау таба отырып, еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесін реформалауды және бухгалтерлік есепті халықаралық стандарт жүйесіне көшіруді ұсынды. 1 қаңтарда 1997 жылдан бастап (дайындық мәселелрі 1992 жылдан) Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлер қауымы Халықаралық бухгалтерлік стандарт жүйесінің негізіне қарай жұмыс істей бастады. Ал, Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы № 234 Заңына байланысты бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейтін бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың жаңа принциптері, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелері белгіленді. Ірі бизнес субъектілеріне қолданылатын халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС) атар, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұлттық стандарттар енгізілуі көрсетілген. Осы заңға сәйкес іс-әрекет ету аясықолданылатын субъектілердің кеңейтілген бөліністерінің Заңда келтірілгенін айта кету қажет. Әрбір топ үшін бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың бір тәртібі белгіленеді. Бір жолға талон немесе патент негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимі қолданылатын жеке кәсіпкерлер (жылдық табысы 200 айлық ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын) бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауда жүзеге асырылмауға құқылы. Шаруа(фермер) шаруашылықтары эәне салық заңнамасына сәйкес арнайы салы режимін қолданылатын ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар бұған дейін қаржылық есепті жасамайтын. Осы заңға сәйкес олар қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына (ҰҚЕС) сәйкес құрастырады. [6]
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінде 2012 жылғы 18 - 20 маусым аралығында Дүниежүзілік банк әкімшілік ететін SAFE Трасттік қорының ҚСХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі MDTF № TF099938 грантының (Мемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті реформалау жөніндегі жоба шеңберінде кадр әлеуетін дамыту) шеңберінде аяқтау сапарымен ҚСХҚЕС жөніндегі комитет төрағасы - профессор Андреас Бергманн, сарапшылар - Ирис Рускайло және Сандро Фухс Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұловпен және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаментінің мамандарымен кездесуі кезінде әзірленген ұлттық бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік стандарттарын есептеу әдісінің негізінде ҚСХҚЕС сәйкес салыстыру нәтижелерімен Қазақстан Республикасының қоғамдық секторының қаржылық есептілігін (REPF), жалпыға бірдей қабылданған халықаралық іс-тәжірибемен салыстыра отырып, қолданыстағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін шолуды, қосылған құн - ҚСХҚЕС енгізу пайдалары мен басымдықтарын жетілдіру туралы есеп, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі техникалық ұсынымдар қалыптастырылды.
Есеп қорытындысында әзірленген ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары барлық ҚСХҚЕС қамтиды және сәйкес келеді деп қол жеткізілген ілгерілеу атап өтілді:
- бухгалтерлік есепті реформалау үшін тиісті заңнамалық база құрылды;
- есептеу әдісі бойынша қаржылық есептіліктің негізгі элементтері қабылданды;
- оқытуға тиімділігі жоғары көзқарас қалыптастырылды;
- пилоттық жоба іске қосылды және жұмыс істеуде.[7]
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашада № 422-V Заңында көрсетілгенмен бір мезгілде, қаржы ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу құқығы Ұлттық Банкке заңды түрде бекітілген болатын. Бұл Ұлттық Банкке уәкілетті орган ретінде қаржы жүйесіне қатысушыларға арналған нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік берді [8].
Нарықтық жағдайда шаруашылықтанудың жаңа талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті.
Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар өз қызметінің нәтижесіне толық жауап беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік - қаржылық қызметінің тиімділігіне деген басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім көмектеспейтін болды. Өндірістік - шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында ұйымның жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп өндірістің регионалдық процесстерін, тұтыну, тарату процестерін, ұйымның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын сипаттайды және ұйымның қызметін жоспарлауға негіз болып келеді. Бухгалтерлік есеп ұйым қызметін көрсетіп қана қоймай, оған әсер етеді. Бухгалтерлік есеп ұйымның мүлкінің бар болуын жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің қосымша резервтерін айқындаушы құрал болып келеді.
Бухгалтерлік есеп пен аудитті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі - ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Тоқсаныншы жылдың басынан басталған ХХІ ғасырдың есігін ашқан, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық экономика мен қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар мен ақпараттар жүйесін қазақстандық ұйымдардың шаруашылық өміріне енгізді [9].
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңымен реттеледі.
2005 жылдан бастап Қазақстанның көптеген ұйымдары Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдана бастады.
Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Салалық нұсқау ережелер және жоғарыдан түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай әрі қарай жетілдіру мақсатына түсті.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін, яғни табыстылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер