Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Негізгі бөлім
І. Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 ІІ. Тәрбие мақсаты түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІІ. Педагогтың кәсіби . құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.
2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000
3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004.
4. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылымдарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. — Қарағанды, 2005.
5. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1997.
6. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.
7. Бержанов Қ., С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы. Мектеп, 1984.
8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.
9. Подласый И. Педагогика. Книга 1. Москва., 2000.
10. Мұсаева С.А., Бегалиев Т. Жас ерекшелік педагоги

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары

Қарағанды - 2015 жыл

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
Негізгі бөлім
І. Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 ІІ. Тәрбие мақсаты түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІІ. Педагогтың кәсіби - құзыреттілігі -- өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
-- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
-- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
-- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
-- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Сабақ -- оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

Негізгі бөлім
І. Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері.
Қазіргі заманғы мектеп көпнұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда. Білім беру жүйесінде ізгілендіру процесі жүруде, мұнда оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру, жеке қабілеті мен дарынын, тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту үрдісі болып саналады.
Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик және басқа педагог-ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық тұрғыдан педагогикалық міндеттер үш топқа бөлінеді:
1.Стратегиялық (грек- қандай да болса мақсатқа жетудің басшылық өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытты талап етеді.
2.Тактикалық (грек- мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады.
3.Оперативтік ( латын- тез іс-қимыл арқылы шешу) міндеттер - бұл іс-әрекеттерді тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен тез шешу. Педагогикалық міндеттерді орындау барысында негізгі мақсат-жас ұрпаққа тәрбие және білім беруді естен шығармау, соны орындау.
Оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтасу педагогикасы идеясын жүзеге асырады. Бұл мектептегі басты қиындықтың бірі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында кездесетін қиыншылықты жояды. Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес, сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесін айрықшалап ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырады. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән беріледі. Мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық - дидактикалық теориялар т.б. жатады.
Мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т.б. айғақтар ерекшелігіне бейімдеп оқыту жүйесін құру мәселесін қойды. Бейімделу ішкі - сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.
Мектепте қалыптасқан озық дәстүрлердің тәрбиелік және білім беру мүмкіндігін пайдалану, оқушыны ауылдағы әлеуметтік - оқу ортасын өзгертуге қатысушы ретінде дамыту, оның жеке тұлғасының парасаттылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасын жасаудағы жасампаз бейімдеу қимылдары - кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшелігіне қарай, өз оқушыларының жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгерте отырып, түрлі пәндер бойынша практикалық жұмыстар енгізе отырып, нақты жергілікті материалды, балалардың икемділігін шеберлікпен ұйымдастыра отырып, ол оқушыларды өз танымдық тәжірибесін пысықтауға итермелейді.
Ал, жалпы алғанда мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді.
Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемелық оқыту әдістері т.б. болып табылады.
Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен енгізіп, жауап береді. Мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады.
Диалог - оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанымен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқу мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен - өзі диалог құрады.
Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама - қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.
Мектепте сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Бастауыш сынып оқушылары рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады.
Сонымен қатар, "Ертегі" әдістемелік амалын мұғалімдер бастауыш сыныпта кеңінен қолданады. Яғни ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ал, ойын үлгілерін жаңа білімді меңгерту, білімін пысықтау, білігі мен дағдысын бақылау үшін қолдануға болады. Бастауыш сынып балаларының қиялы мен ойлауы ұшқыр болады. Қиын тақырыптарды олар ойын арқылы да игереді. Оқу мақсаты мұндай сабақтарда сәтті жүзеге асады.
Сөйтіп, орта мектеп үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы - оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту, ал бұл - айырмалап оқыту технологиясы жүйесіне жатады. Бұл бағдарламалар оқушы қабілетіне қарай бейімделген.
Біз оқыту үрдісін мектеп оқушысын бейімдеп оқыту жүйесі деп қараймыз, ол оқушының жеке тәжірибе мен танымдық күшін қамтамасыз етуге арналған.
Жалпы орта мектепте бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты орта мектеп мұғалімінің негізгі мақсаты - өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, болашақта үлкен ортаға бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметінің жүйесі бар. Ол жан-жақты оқу-тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын, өзара байланысты оқу-тәрбие шараларының жиынтығы, сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын (саяси-идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, т.б.) қамтиды.
Оқушыларды жан-жаақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оларды зерттеп білу қажет. Оларды зерттеп білу, сынып жетекшісінің өз қызметін ойдағыдай атқарудың басты шарты. Сынып жетекшісі балалар туралы мынандай мәліметтерді білуі қажет:
* оқушының денсаулығы;
* отбасындағы тұрмыс жағдайы;
* ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
* мінез-құлқы, темпераменті, қабілеті, еркі, зейіні, т.б.
* ата-ана, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы;
* әдептілігі, адамгершілігі;
* еңбекшілдігі;
* интеллектуалдығы;
* саяси сауаттыллығы;
* эстетикалық талғамы.
Осы айтылғанның бәрін сынып жетекшісі педагогикалық зерттеу әдісін қолдана отырып жинақтайды.(бақылау, әңгімелесу, эксперимент, т.б.)
Сынып жетекшісі тек шәкірттермен қызметтес болмай, сонымен бірге жалпы ұстаздармен де қызметтес болғаны дұрыс. Мұндай жағдайда бала туралы пікір алмасады, дұрыс мәлімет жинақтауға болады. Сынып жетекшісінің мақсаты- бала тәрбиесі мен білімін жетілдіру, іске асыру, ұйымдық қызмет атқару.
Сынып жетекшісінің шәкірттердің ата-аналарымен қызметі де үлкен ізденісті талап ететін тақырып. Сынып жеткшісі отбасымен жиі қарым-қатынас жасаушы тұлға. Ата-аналарға шәкірттердің оқу жұмыстары, тәрбиесін мәлімдей отырып, ата-аналармен бірлесіп сол кемшіліктерді жоюға атсалысады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері көп; отбасына барып тұру, жағдайын білу, ата-аналармен сөйлесу, пікір алмасу, педагогикалық тұрғыда сауаттандыру, сұрақ-жауап кештерін өткізу, т.б.
Сонымен сынып жеткшісі- мектеп басшыларының қызмет жобаларын іске асыратын белгілі тұлға. Ол шәкірттермен, ұстаздармен, ата-аналармен, жұртшылықпен қызметтес бола тұрып, сол қызметті ұйымдастырады. Соны атқару барысында мына мәселелерді қарайды.
oo ұйымдық;
oo саяси-тәрбиелік;
oo талдау-қорытындылау;
oo үйлестірушілік, хабарлаушылық;
oo психологиялық;
oo дем беруші, тежеуші, реттеуші;
oo шығармашылық импровизация, т.б.
Сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны сынып ұжымын ұйымдастыруымен байланысты. Осыған орай сынып ұжымын топтастырудың жолдары, оның үш кезеңі, мақсаты, қос ықпалы бар екенін еске түсірген жөн. Сынып жетекшісі шәкірттердің білім сапасын арттыруына көмектеседі. Оқу еңбегіне саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді, күнделікті тәртіпке үйретеді, оқуда өзара жолдастық көмек ұйымдастырады, өз сыныбының ұстаздарымен тұрақты байланыс және ынтымақтастық жасауға шақырады.
Сынып жетекшісі өз жұмысын жоспар арқылы іске асырады. Оның өзіндік үлгі құрылымдары болады:
А) Сыныптың қысқаша сипаттамасы, шәкірттер жайында жалпы мәліметтер;
Б) Сынып ұжымының қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері;
В) Тәрбие міндеттері;
Г) Сыныпта дәріс беретін ұстаздармен қызмет;
Д) Ата-аналармен жұмыс, жұртшылықпен ынтымақтастық, сыныптан, мектептен тыс мекемелермен байланыс;
Жоспар әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ негізгі мәселелер жоғарыда көрсетілген құрылымдардың төңірегінде болуы тиіс. Сынып жетекшісінің жоспары әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ жоспарда сынып, ұлт, жас, дербес, т.б. ерекшеліктерді ескеріп, шәкірттердің өздерін соған жұмылдырып, істелген істің нәтижесін күнделікке жазып, қорытынды шығарып отырғаны дұрыс.
Мектеп басшылары тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушылар болып табылады.
Олар шәәкірттермен, ұстаздармен, ата-аналармен, жұртшылықпен қызметтес бола тұрып, сол қызметті ұйымдастырады.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге шағын аудандарда, ата-аналардың жұмыс істейтін кейбір еңбек ұжымдарында жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, баланың дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.
Мектеп іс-әрекетінің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (адамгершілік, ұлттық, отансүйгіштік, дене, еңбек, эстетикалық, т.б.) байланыстылығын күшейту. Осының нәтижесінде олардың кешенді түрде мақсаттары және міндеттері жүзеге асады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Мәселен:
oo ата-аналар және олардың белсенділермен жұмысы;
oo бастауыш сыннып мұғалімдерімен қатар сынып жетекшілерінің отбасымен жұмысы;
oo мектептен, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары,
oo еңбек ұжымдарымен және жұртшылықпен балалар тәрбиесіне байланысты жұмыстар: түрлі іс-шаралар, ата-аналарды педагогикалық тұрғыда сауаттандыру, т.б.
Осы жұмыстардың барлығына мектеп ұжымы басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті мамандармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бала тәрбиесінде қоғамдық тәрбие институтарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары:
* педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті, үлкен кеңес мүшелері, кәсіпорын басшылары, шағын аудандағы жұртшылық бірігіп, тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады;
* мектеп, кәсіпорындағы және шағын аудандағы жұртшылық тәрбие жұмысыны бірігіп зерттейді, нәтижесін арнайы мекткп, отбасы, жұртшылық талқысына салып шешім қабылдайды, іске асырады;
* мектеп ата-аналарды және жұртшылық өкілдерін үнемі балалармен
* жұмыс істеуге даярлау үшін, оларды психологиялық-педагогикалық біліммен қаруландыруды, тәрбие жұмысына барлық жұртшылықты қатыстырады, әсіресі жаңашыл мамандарды, өндіріс озаттарын, спорт, өнер салаларындағы адамжарды, соғыс, еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, олардың тәжірибесін кеңінен пайдаланады, жалпы басшылық жасап, тәрбие жұмысын басқарады.
Мектеп - отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығына тікелей басшылық ететін бірдін бір орган. Ынтымақтастықпен жұмысты жүргізудің формалары көп. Біз тек солардың бірнешеуін ғана атап өтейік. Олар:
* ата-аналар жиналысы;
* мұғалімдердің оқушылардың үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысу;
* педагогикалық насихат, ата-аналарға педагогикалық білім беру, т.б.
Осы жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін мектеп жанындағы үлкен кеңестің жұмысына дұрыс басшылық жасау, кеңес беру керек. Ол аудан, ауыл көлеміне жүргізілетін жұмыс.
Бала тәрбиесіне ықпал ететін көптеген орта бар. Олар: отбасы, мектеп, аула, дос-жарандар, көрші, ағайын-туыстар, еңбек ұжымдары, жұртшылық, тағы басқалар. Қысқасы бала тәрбиесінде мектептің, отбасының, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының бірікке тәрбие жұмысы қажет. Осыны ұйымдастыратын - мектеп ұстаздары.
Олар сол жұртшылықты педагогикалық тұрғыдан сауаттандырып, жалпы тәрбие жұмыстарына жұртшылықты жұмылдырып, педагогикалық тұрғыдан сауатты басшылық жасауы тиіс.

ІІ. Тәрбие мақсаты түсінігі
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны натқылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бығдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, онды солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешуде, кейде ол мәселе тіпті естене шығарылады, осыдан мақсат тәрбие, яғни жол жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтың кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалармен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншілкті іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу керек.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болмады. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зерсалмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай: Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас. Бір мақсатты жалау еткен пегогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы - тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкіндігінше нұсқасын анықтау - байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің нәтижесінде әсерлердің нәтижесінде өмірде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты - кең әлеумет пен ғылымының араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатаның мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсытының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивиллизованность), оның демократикалық сипатына, эканомикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеалық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздікіз ауыспалы дүниемен, сонымен өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік қозғалмалы байланыста болады. Тәжірибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі - субъект сол байлыққа жету жолында өзінің өзгеріп, жатқанын байқай бермейді. Мысалы, педагог кеше де, бүгін де қщін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болған айдан анық байқалады. Өмірдің өтпелі ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпты өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерістер байланыстылығын сақтап, тәрбиелі адамның жеке образын баламастырып, қарауға, айқындауға мүмкіндік береді.
Момын да, тынымсыз, беймаза жасөспірімде, менменсінген данагөй жоғары сынып шәкірті де бәрі мұғалім бастаған бір даму жолын бастап өтеді, әңгіме сол жолдың кең болып, күтілген жеке адамдық әртірлілікті сыйғыза алуында. Осы мысалды көптеген әр жас деңгейіне байланысты күтілген нәтиже - нақты мақсатқа байланысты 6 жастағы балаусының мектеп жолын түгілдей басып, 17 жасында жетілетін нәтижесі - жалпы мақсаты өнімі.
Мақсаттың қозғалмалы және ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсатты, көркемдеп, айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың бітуі - рухани не заттай жойылуы деген сөз.мақсат өзін белгілейтін субъект - адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектініңөрлеуімен мақсат та жоғарыла бастайды. Өссем деген кәсіптерге тән қасиет: көңіл толмау, күйзелу, алас үру; ал тоқтаған кәсіп иесі - мәңгі талшықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес - мақсат-мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып, шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос арманшылардың қатары толыспас үшін, сақсат жалпы сипатқа ие болуы керек сонда ғана ол ілгерілген сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары
МЕКТЕП БЕЙНЕСІ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы
Білім социологиясының ғылыми-теориялық негізі
Басқару ұғымы мен құрылымы
Адамда психологиялық жағынан талдау - таным, еңбек және қарым - қатынас субъектісі ретінде тану
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін әлеуметтік институт ретінде зерттеу
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәндер