Ұлттық киімдердің түрлері



1. Ұлттық киімдердің түрлері
2. Киімге байланысты ырымдар
3. Ұлттық киім: талғам және талап
4. Қазақтың ұлттық киімінде қандай сыр бар?
5. Талғамсыз киімнен ұлың ұялып, қызың қысылады...
6. Қорытынды
Ұлттық киімдердің түрлері: Бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қалпақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
1. Ұлттық киімдердің түрлері
2. Киімге байланысты ырымдар
3. Ұлттық киім: талғам және талап
4. Қазақтың ұлттық киімінде қандай сыр бар?
5. Талғамсыз киімнен ұлың ұялып, қызың қысылады...
6. Қорытынды

Ұлттық киімдердің түрлері: Бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім - тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім - төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім - қалпақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім - бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім - тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия - шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында Қызай тақия бар.
Қалпақ - ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ - екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән - салтанатқа киеді.
Тымақ - аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 - 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын - бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы - лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай - аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшыраспайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. Күлә парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні - күләпара, қысқа киетін түрі - жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер башлық деп атаған.

Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың үкі-дей үлбіреген, тотыдай таранған деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс - қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі - кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды
ақ жаулықты аналар деп ардақ-тайды.
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.
Жібектен шашақтап тоқылғаны - бөртпе.
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі - салы.
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі - шәлі.
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны - бөкебай.
Ақ матадан тігілгені - шаршы шыт.
Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қау-ырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү-рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі.
Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да Зере деп атаған.
Баскиім әшекейлері
Жыға - түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы.
Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:
1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.
Жырға - 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал-ған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.
Көз отаға - ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.
Қолазы - сал-серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.
Маңдайша - сәукеленің маңдайы-на тағатын асыл тасты күміс әшекей.
Сәукеленің сырғасы - салпын-шағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әше-кей (сырға).
Талмоншақ - тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ.
Тана - дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына, бөркіне, омырауына, жағасына тағады.
Төбелдірік - сәукеленің төбесін-дегі тәж тәрізді әшекей бергек.
Былқылдақ - үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та-ғады.
Есектас - көз тимесін деп жас ба-лалардың бөркіне тағатын жонынан қырланған көк тас, әшекей.
Шеттік - кимешек жағына қадай-тын күміс.
Шоқ - алтын әшекей, асыл тас. Оны баскиімге тағады.
Шырмауық - ілгекті оқа, әше-кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.
Шытыра - асыл тасты не тассыз күміс әшекей.
Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.

Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін сал-
майды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: Киімің күй-рек, жаның берік болсын! деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды, Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, жолын ашу ырымын жасайды.
Екіқабат әйел ұл табамын десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе - қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып жол ашу ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға бас киімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Бас киімін сыйлауға да болмайды.

Ұлттық киім: Талғам және талап

Әдетте біз кей нәрселерге ұсақ-түйек қой деп жете мән бере бермейміз. Соның салдарынан кейде мемлекеттің мәдени саясатына нұқсан келіп жатады. Ұсақ түйектен маңызды нәрсе жоқ, - дей - ді қытай халқының мақалы. Тарихи санамыз - дың мәңгүрттенуінен қазір қолданыста жүрген, яғни сахнадан, теледидардан көріп жүрген қазақ - тың ұлттық киімі шынайы дәстүрден алшақтап кеткеніне мән бермей отырмыз. Осы мәселе шын мәнінде эстетикалық бақылауға алынбағандықтан, әр адам қиялына ерік беріп, ұлттық киімді артық қыламын деп тыртық қылып жүр. Негізінен бұл үрдіс Кеңес дәуірінен басталған. Осындай келеңсіздіктерді жойып, тиісті салалар мен мамандар осы істі қолға алса нұр үстіне нұр болар еді.
Дәстүрлі киімдер өз ережелері бойынша тігілуі керек. Олардың жалпы нұсқасына, пішіміне, бір-бірімен сәйкестігіне өзгерістер енгізуге бол - май - тынын әнші, күйшілеріміз, әртістер, т.б. тү - сінуге тиіс. Әрине, заманға сай жеңілдету, өзгерту (стилизация) әсіресе, эстрада әншілері үшін керек те шығар. Әйтсе де, оны үлкен талғаммен жүзеге асыру керек. Жалпы, мерекелік шараларда ұлттық киімге қатысты өрескел бұрмалау - лар әрдайым көзге ұрып тұрады. Театр киімілгіштен басталады демекші, ұлттық мәдениетімізді насихаттау, тіпті ұлттық намысты тірілту осы ұлттық киімнен басталмай ма? Тарих - шы ретінде туындап отырған басты келеңсіздік - терге назар аударуды жөн көрдім.
Бас киімдер. Әсіресе, қыздардың бас киімдері сын көтермейді. Қазақ қызының классикалық бейнесін білдіретін зер тақия соңғы жылдары мүлдем жоғалып кетті. Оның орнын бүгінде абажадай бөріктер алмастырды. Жалпы, байқасаңыз, бізден басқа еш халық қыстық киімді тұрақты ұлттық костюм етіп алған жоқ, яғни сахна төріне шығармайды (әйтпесе орыстар да малақай мен тон киген). Әрине, солтүстікте тұратын жұрт болса бір сәрі, себебі, олар жаз дегенді білмейді. Ал қазақ - тың барлық салтанатты жиындары, ойын-сауығы, алтыбақаны, т.б. жазда, жайлауда өткен. Әйел қауымы нағыз сәнденіп шығатын кезең негізінен жаз болған. Оның үстіне тақия бізді барлық Орта - лық Азия халықтарымен байланыстырып тұрған мәдени символ іспеттес. Оны өзбек қызы, түркі - мен қызы, татар қызы да киген. Әрине, қазақ дәс - түрінде қыздың тақиясы ерекше өнер туындысы болған: оны қымбат тастармен, зермен әшекей - ле - ген, көбінесе төбесіне бір шоқ үкі тағып қойған.
Бөріктің жайына келсек, оның да түпнұсқасын ешкім ұстанып жүрген жоқ. Кезінде ақын Тұрсынхан Әбдірахманова осы мәселені көтеріп, бөрікті ақ түлкінің терісімен көмкерген қай қазақты көрдің - дер?, - дегені бар еді. Сосын, шошақ бөрік деген бас киім кейбір өңірлерде кездескені рас, бірақ оның да ақылға сыятын көлемі, биіктігі бол - ған. Яғни, көшпелі қоғам мүшесіне эстети - калық тұрғыдан да, практика - лық тұрғыдан қолайлы әрі әдемі киім болғаны анық. Ал бүгінгі әртістеріміз тай қазандай бас киімдерін қалай көтеріп жүр деп ойлайсың. Көп жағдайларда тіпті еш кезде бол - маған, әжелеріміздің түсіне де кірмеген батырдың дулығасы тәрізді бас киімдердің түр-түрін көріп таңғаласың.
Ер адамдардың бөріктерінің де пішіні өзгеріп кеткен. Әбден жауыр болған қалпақтарды алсақ, шын мәнінде бұл бас киім түрі тек белгілі бір кезеңде және нақты бір әлеуметтік ортада (шонжарлар арасында) орын алған сияқты. Сондықтан оны жалпыұлттық, қазақы бас киім деуге мүлдем келмейді. Өкініштісі, ешкім мұражайларға барып немесе ескі фотосуреттер мен арнайы зерттеулерді ақтарып, аталарымыз бен әжелеріміз киген шынайы киім үлгілерін анықтауға құлықсыз.
Киімге, әсіресе қыздардың көйлегіне қатысты айтар болсақ, қазақ етек-жеңге шамадан тыс желбір салмаған. Қосетек көйлекте тек бір ғана желбір болған. Тіпті мұражайлардағы заттарды, фото - құжаттарды қарасаңыз, етегі де, жеңі де адамның өзіне шақ, ыңғайлы көйлектерді ғана көресіз. Сол сияқты, қамзол, бешпент, шапан, т.б. киім түр - лері - нің де өзіндік ерекшеліктері бар және олар мүмкіндігінше бұрмаланбауы керек. Әйелдің де, еркектің де көйлегінде тік жаға болған, ешқандай ойық жоқ, т.с.с. Қысқы киімдерді (мысалы, спектакльдерде, кинода, бейнеклиптерде көрсеткенде) қазақ ешқашан киімді жүнін сыртына қаратып кимеген. Түлкі ішік, қасқыр ішік, жанат ішік дегендердің барлығында аңның терісі астарына салынып, киімнің сырты барқыт секілді қалың матамен қапталған. Үстіне аңның терісін жамылған еркек - қазақ қоғамының көрінісі емес.
Киімнің түсі мен әшекейленуі. Қазақ қоға - мын - да ер адамдар қызыл, жасыл, ақ, сары сияқты ашық түсті киім кимеген. Ер-азаматтың киімі көбінесе қара, қоңырқай, қара көк болып келген. Тек ішкі киім ғана (жейде, дамбал) ақ матадан тігілген. Бүгінде сахнаға домбыра ұстап шығатын кейбір әртістер, айтыскер ақындар сыпайылықты, ер адамға тән ұстамдылықты ұмытып, жұрт алды - на әлем-жәлем болып шығады. Ақ киімді қазақ арасында тек диуаналар, кейбір молда-сопылар киген. Әрине, сал-серілер киген болар. Бірақ олар - дың да басым көпшілігі шектен шықпаған. Оның үстіне олардың киімдері бүгінгі идеоло - гияға, мәдениетке қажет тұрақты ұлттық киім нұсқасы ретінде қабылдан - байды. Келесі бір мәселе - ою-өр - некке, әшекей - леу - ге қатысты. Қазақ халқы еш - қашан үстіне алабажақ киім кимеген. Камзолға да, тақияға да ою-өрнек, әсіресе сырмақ-текеметке са - латын қошқар мүйіз жапсырмаған. Бұл халық - тың мәдениетінің, эстети - ка - лық талғамының өте биік болғанының айғағы (кейде орынды жерінде ұсақ өрнек, алтын жіптермен зер кесте қыздардың киіміне салынған. Сол сияқты хан-сұлтандар салтанатты жиындарда зер шапан киіп шыққан). Соңғы кезде Көшпенділер, Біржан сал сияқты жаңа тарихи фильмдерде қазақтың киімдері ғылы - ми-этнографиялық негіздер бойынша түзеліп, біршама тарихи шындыққа жақындай түскені қуантады (Тарихи картиналарды, сериалдарды түсіргенде киім-кешектің сол заманға сәйкестігін қатаң талап ететін әлемдік киноин - дустрияның ережелерін ескерген болар). Аталмыш фильмдерде қазақ бұқарасының киген сыртқы киімдерінде ою-өрнек атымен жоқ. Ер адамдардың бас киімдері нағыз дәстүрлі үлгімен сырылып тігілген кәдімгі тақиялар. Ендеше, әртістеріміз бен әртүрлі салта - натты шараларда ұлттық киімді насихаттай - тын бикештеріміздің киімдерін де осы жолмен жөндеуді тезірек қолға алу керек сияқты.
Көне дәуірлердің киімдері қазақтың ұлттық киімі болып санала ма? Бізде сақ дәуірін, көне түркі дәуірін насихаттаушылар жеткілікті. Алайда дәс - түрлі киім нұсқасын нақтылап, оны жалпыға бірдей ортақ үлгі ету үшін сол халықтың әбден қа - лыптас - қан, мәдениеті тұрақтап, гүлденген тарихи кезеңі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ костюм тарихы
Ұлттық бас киімдерінің негізгі композициясы
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері жайында материал
Қазақтың дәстүрлі киімі
Ересектерге арналған киімдер
Киімге қойылатын талаптар
Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету рөлі және адам физиологиялық кейбір мәселелері
Пәндер