Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі



КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
1.3 Қаржылық бақылау әдістері.
2. КӘСІПОРЫНЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 «Әділ» ЖШС техникалық. экономикалық көрсеткіштері
2.2 «Әділ» ЖШС 2010 жылдық қаржы жағдайына баға беру
3. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫН
ДАМЫТУ
3.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарын басқаруды және бақылауды ұйымдастыру перспективасы
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән – мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымға және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды. Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылау». Бұл мәселеде қаржылық бақылаудын негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс - тәсілдерін қарастырамыз. Осы дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсат – тақырыпты ашу, яғни қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымың қарастыру, бақылауды талдау әдісімен қарастыру, оның проблемалары мен даму перспективаларын анықтау [1].
1 Қазақстан Ресбликасының Бюджет кодексi. Қазапқстан республикасының кодексi.
2 Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы /Салық кодексi/, А, Юрист, 2002ж
3 Бабич А.М., Павлов Л.Н.,Финансы., Учебник., М, 2001
4 Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы, Учебное пособие.- Петербург: 2000
5 Гостенко Л.Н. Страхование, Учебное пособие. А, 2003 г
6 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001жыл.
7 Елубаева Ж.М. Бюджетная система РК. А, 2004г
8 Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система6 А,Каржы каражат, 1995г
9 Ильясов КК, Исахова ПБ. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. А, Экономика 2003г
10 Интыкбаева СЖ. Фискальная политика и ее роль в обеспечениее устойчивого развития экономики Казахстана.А, 2002г
11 Құлпыбаев С және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. А, Мерей, 2001ж
12 Құлбыбаев С, Ильясов Қ.Қ Қаржы, Оқулық. А,2005ж
13 Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния
предприятия., М.: Центр экономики и маркетинга, 1995 год.
14 Мамыров НК, Саханова АН и другие. Государство и бизнес.
Алматы. Экономика, 2002г
15 Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы:
Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003жыл.
16 Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия., Учебник,
М, 2005
17 «Әділ» ЖШС 2008--2010 жж Қаржылық есебі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мән – мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша
қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының
объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса
алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан
шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымға және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: Қаржылық бақылау.
Бұл мәселеде қаржылық бақылаудын негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс -
тәсілдерін қарастырамыз. Осы дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсат –
тақырыпты ашу, яғни қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымың қарастыру,
бақылауды талдау әдісімен қарастыру, оның проблемалары мен даму
перспективаларын анықтау [1].
Міндеті көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды
пайдалана отырып, қаржы ресурстары мен қорларға толық сипаттама беріп,
олардың қазіргі кезде еліміздегі даму жағдайын талдау, қаржы ресурстарының
тиімділігін қалыптастыру жолдарың қарастыру.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия.
Диплом жұмысының тақырыбы бойынша қаржылық бақылауды зерттеу объектiсi
Әділ ЖШС экономикалық талдау әдісін пайдаланып қарастырылды.
Дипломдық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың негізгі
бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні
мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады. Қорытынды берілген сұрақ және
мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.

1. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол
басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады.
Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау,
бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал
жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда
ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде:
Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады.
Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында
жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі - оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құнын бөлу және қайта бөлу
үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік
бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал
және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.
Қаржылық бақылау сонымен қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс - әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен
жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық
қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық
бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы
операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процесстері қамтып
көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
- қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
- қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
- есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып
табылады:
- бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп - бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау - бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс - әрекет етуін бақылау.
Оның міндеттері мыналар болып табылады:
-ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары
бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау [2].
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
-шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
- ресурстардың барлық түрлерін пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс
жұргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударысдар, салықтар және басқалар) оның предметі болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін
(бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық
органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау
және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған
бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны
жүзеге асыратын субъектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық
бақылау болып ажыратылады (1 кесте)
1 кесте
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у
М е м л е к е т т і к Қ о ғ а м д ы қ
Жалпымемлекеттік Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың:
Ішкішаруашылықтық кәсіподақтардың, партиялардың,
Парламенттік (депутаттық) бақылау жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың,
ғылыми-техникалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылық, ардагерлердің,
түрлі қорлардың бақылауы
А у д и т о р л ы қ б а қ ы л а у

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан
Республикасының Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін
түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық
және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер,
олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар,
мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды
пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.Мемлекеттік
қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның
өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдылығын,
бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау – тексеріс жұмысының мән-
жайын бақылау, қарызсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін
бұлтартпау [3].
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни
нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда,
ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау
функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты
ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі
өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы
тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның
барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру
болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі
шаруашылықтық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер
міндеттерін және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы
ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік
кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалы және меншіктің басқа
нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.
Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек
кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке
ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.
Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге
байланысты болады.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктілік комиссиясы аттестаттаған аудитор біліктілігінің берілуі туралы
куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану
жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның
қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда
бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық – қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар – материал
құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын
қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген
ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау
шаруашылық – қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады [4].

1.3 Қаржылық бақылау әдістері.

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен,
оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану
қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының
ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда
болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
- тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін
тексеру);
- инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік
тексеру);
- қадағалау (кәсіпорынның қаржы – қаражаттың жай-күйімен жалпы
танысу),
- тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
- қарап шығу;
- қаржы жоспарларының жобалары;
- өтінімдері;
- қаржы – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
- баяндамаларды тыңдау;
- лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.
Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым
көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды
ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды
түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру
және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің
әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлап
бойынша жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген
мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері,
тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты,
атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит
органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық,
пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға
аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып
табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың
орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің,
кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық
қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы – кредит өзара байланыстарының
механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас
мәмілелері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық
бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен
шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер,
анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша
немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары:
- тексеру
- экономикалық талдау
- тексеріс ревизия.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-
қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық –
қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық – қаржы қызметіне баға
беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде
экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге
бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да
жүргізіледі.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша
немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу
жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер
негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезендегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерін мұқиат зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.
Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары
бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының
нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі
ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы
және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес,
сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем
тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны,
материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезендегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің
әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы
шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда,
мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-
шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен
бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-
жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны
талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу,
кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы,
нормативтік және ыңғайласпа тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқиат әзірленуі тиіс, өйткені олардың
сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды,
жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің
материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады;
ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің
ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы,
оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезендерден
тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты
қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін
объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық
қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру;
тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе
анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған
актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-
шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл
тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы
дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған
бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі
адамдарға шара қолданылады [5].

2. КӘСІПОРЫНЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2.1 Әділ ЖШС техникалық- экономикалық көрсеткіштері

Қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары:
тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық – қаржы қызметіне баға
беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде
экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге
бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да
жүргізіледі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады. Қаржы термині латынның financia деген
сөзіннен шыққан – ақшалай төлем. Мекеме қаржылары – бұл оның қимыл
сферасының, және оған тән функцияның экономикалық категориясы. Қаржылар –
бұл шаруашылық субъектісі мен мемлекетте ақша қорын құру барысында пайда
болатын ақша қатынасының жиынтығы. Ол өндірісті дамыту мақсатына,
ынталандыруға және қоғамның әлеуметтік қажетіне қолданылады. Қаржы
қатынасының барлық жиынтығынан үш ірі өзара байланысқан сфераны бөліп алуға
болады: шаруашылық субъектісінің қаржысы, қамсыздандыру, мемлекеттік
қаржылар.
Әділ ЖШС өндірістік-коммерциялық фирмасы 1997 жылы құрылған. Оның
негізін қалаушы мақта-мата өндірісінде мол тәжірибесі бар үш менеджер болып
табылады.
Өнеркәсіп Қазақстан Республикасында Алматы қаласында орналасқан
жауапкершілігі шектеулі серіктестік статусы бар қазіргі кезеңдегі
талапқа сай тігін өнеркәсібі болып табылады.
Өнеркәсіп құрамында үш өндірістік мекеме және Алматыдағы

басты мекемесімен қатар Текелі мен Риддер қалаларында филиалдары бар. Басты
кәсіпорында пішу және екі тігін участкесі бар екі қабатты ғимаратта бүгінгі
күн талабына сай Германия, Жапония, Чехия, Ресейден әкелінген тігін
машиналарымен жабдықталған.
Сонымен қатар құрал жабдықтар мен маталар, дайын өнім сақтайтын
қоймалар, асхана мен дүкендер жүйесі, автомашина паркімен қамтамасыз
етілген.
Компания шығаратын өнімнің дизайны қазіргі заманға сай сән үлгісімен
қатар ежелгі түркі халықтарының салт-дәстүріне негізделіп, төмендегідей
киім үлгілерін басшылыққа алады:
- әсіпқой спортшыларға арналған спорт киімдері;
- демалысқа арналған спорттық стильді киімдер;
- промоутерлерге арналған киімдер;
- балаларға арналған және мектеп оқушыларына арналған киімдер;
- әртүрлі ведемстволар мен кәсіпорындар жұмысшыларына арналған
арнаулы киімдер түрлері.
Өнеркәсіп өнімі жеткілікті түрде кең ауқымды болып келеді.
Жаңа модельдер үлгісін жасау барысында европалық сапа мен
микроқұрылымы жоғары дәрежедегі маталарды пайдалану басшылыққа алынады.
Сонымен қатар табиғи шикізаттардан жасалған мата өнімдерін кеңінен
пайдалану жолға қойылған.
Түрлі-түсті гаммалы өрнектерді қолдану арқасында матаға трафаретті
белгі салуда компания бәсекеге сай келетін спорттық киімдер шығаруға қол
жеткізеді.
Фирмалық дүкендерде спорт пен демалысты үгіттеу мақсатында үнемі
ұйымдастыру шаралары өткізіліп тұрады.
Әділ ЖШС рынокта өз өнімін беделді түрде көрсете отырып, спорттық
киімдер түрлерінің кең таңдауына жол ашуда.
Кәсіпорын құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Кәсіпорын құрылымы

-негізгі өндіріс -қызмет
көрсету бөлімшесі
-жанама және
- көмекші өндіріс қосалқы бөлімшесі
-басқарушылық қызметі
және бөлімшесі

1 сурет. Кәсіпорынын құрылымы

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына
тәсілмен жұмыс істейді:

Ресурстар Өндіру Өткізім

2 сурет. Өндірістін жұмыс істейтін тәсілі

Бұл тәсілде ең негіздісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі
өнім шығарылымының көлемі болып саналады.
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл
жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-
қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты жұмыс істеуге
тәсілдері
Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің
өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдайын, сатып алушылардың сұрау
салуларын, нарық сыйымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдері сапалылығының
және тағы басқа нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену
қажет [7].
Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі
қоцылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік,
әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты
болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі
модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:қаржылық есепті экспресс-
талдау;каржылық жағдайды тереңдетіп (нақтылап) талдау.
Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы
мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс-талдаудың 3 кезеңде жүргізілуі орынды:
- дайындық;
- қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
- экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржы ресурстарын құру, қалыптастыру және
оларды бөлу кезіндегі жағдайы.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы кәсіпорынның өндірістік коммерциялық және
басқа да қызмет түрлерімен айналысу үшін қажеттік қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілгендігімен олардың тиімді және мақсатты жұмсалуына баға
береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы дегеніміз - қаржы ресурстарының бөліп
орналастырылуын және қолданылуын көрсететін көрсеткіштердің жиынтығы болып
табылады.

2. Әділ ЖШС 2010 жылдық қаржы жағдайына баға беру

Әділ ЖШС 2010 жылдық мәлімет арқылы қаржы жағдайына баға беру 2
кестеде көрсетілген.

2 кесте
Әділ ЖШС 2010 жылдық қаржы жағдайына баға беру

№ Көрсеткіштер өлшем өткен есеп беруауытқуыөсу
бірлігі жылы (+); қарқы
жылы (-); ны
1 2 3 4 5 6 7
1 Тауарлы өнім көлемі Мың 36 39 011167582 803681 320,9
теңге
2 өнім өткізуден түскен мың 324380 1121079 796699 345,6
кіріс теңге
3 өткізілген өнімнің өзіндікмың 256 765 1074702 817 937418,6
құны теңге
4 жалпы кіріс мың 676 15 463 77 -212 3868,6
теңге
5 мерзімді шығындар мың 618 78 209 023 147 145337,8
теңге
6 негізгі қызметтен түскен мың 5737 -162616 - -
кіріс теңге
негізгі емес қызметен мың 4995 5536 5041 1118,4
7 түскен кірісзиян теңге
Кірісзиян мың 6232 -157110
8 теңге
9 қызметкерлердің орташ адам 1673 1379 -294 -
тізімдік саны
10 еңбекақы қоры мың 161 400 209879 -294 -
теңге
11 қызметкерлердің орташа мың 96,5 152,2 55,7 157,8
жылдық жолақысы теңге
12 негізгі құралдың 303571 443306 1397345146,03
орташажылдық құны
13 қор қайтарымы 1,19 2,6 1,41 218,5
14 материал шығындары 87724 831054 743330 947,4
15 материал қайтарымдылығы 4,14 1,4 -2,74 -

Қорытынды 2009-2010 жылдық қаржы экономикалық көрсеткіштеріне баға
берген кезде бұл кәсіпорынның кірісі есеп беру кәсіпорынның кірісі есеп
беру жылы – 157110 мың теңгені құрап отыр. Себебі өнімді өткізуден түскен
кіріс 112079 мың теңгені, жалпы кіріс 46377 мың теңгені құраған. Сондай-ақ
осы кәсіпорында негізгі қызметтен түскен кіріс 162646 мың теңгені , негізгі
емес қызметтен түскен (кіріс) зиян -0-ге тең болып тұр.
Осы кәсіпорында қызметкерлердің орташа жылдық төзімдік саны 294
адамға кеміді. Ал еңбекақы қоры 48479 мың теңгеге өскен. Бірақ осыған
қарамастан, яғни еңбекақы қорының өсуіне сан қызметкердің орташа жылдық
жалақысы 55,7 (152, 2-96,5) мың теңгеге келіп отыр. Негізгі құралдардың
орташа жылдық құны 1397345 мың теңгеге өсіп отыр.
Сондықтан біз бұл кәсіпорынның негізгі құралдары тиімсіз
пайдаланылған деп табамыз.
Сондай-ақ материал шығындары 743330 (831054 – 87724) мың теңгеге келіп
отыр. Кемігені материалдардың тиімді пайдаланғанын (1,4-4,14) 2,74 теңгені
құрап отыр.
Негізгі құралдардың қозғалысына баға беру үшін негізгі құралдар мен
материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есеп формасында жүргізіледі.
Негізгі құралдардың 2 түрі бар:
- өнеркәсіптік өндірістік құралдары.
- өнеркәсіптік негізгі емес өндірістік құралдары.
Әділ ЖШС- ің негізгі құралдардың қозғалысы 3 кестеде қарастырылған.
3 кесте
Әділ ЖШС- ің негізгі құралдардың құрамы мен қозғалысы

жыл басы Жыл соңы ауытқуы (+); (-)
сапасы үлесі сапасы үлесі сапасы үлесі
мың тг % мың тг % мың тг %
Өнеркәсіптік 322052 100 496347 100 174295 -
өндірістік негізгі
құралдар.
өнеркәсіптік емес
өндірістік құралдар - - - - - -
Барлығы: 322052 100 496347 100 174295

Кестедегі мәліметтер бойынша Әділ ЖШС 2009-2010 жылғы негізгі
құралдарына баға бергенде барлық негізгі құралдар 174295 (496347-322052)
мың теңгеге өскен. Өсу себебі өнеркәсіптік өндірістегі негізгі құралдардың
174295 (496347-322052) мың теңгеге өсуіне байланысты болған, ал бұл өз
кезегінде кәсіпорын үшін тиімді.
Негізгі құралдардың жай –күйін анықтау үшін төмендегідей коэффициентті
аықтау керек:
- тозу коэффициенті;
- жарамдылық коэффициенті;
- жаңарту коэффициенті.
- негізгі құралдарды есептеу шығару коэфициенті.

4 кесте
Негізгі құралдардың құрылымы

рс жыл басы Жыл соңы ауытқуы
(+);
(-)
сапасы үлесі сапасы үлесісапасүлесі
мың тг % мың тг ы мың%
% тг
1. Үйлер - - - - - -
2. Ғимараттар 23414 7,2 5,27 5257410,5929160
3. Өткізгіш 275484 85,54 414271 83,4613878-2,08
тетіктер 7
машина мен
жабдықтар
4. Көлік 17839 5,54 20301 4,09 2462 -1,45
құралдары
5 өндірістік 5315 1,65 9201 1,85 3896 0,2
және
шаруашылық
мүлік
6. Күш малы - - - - - -
7. Өнім беретін - - - - - -
өсімдіктер
8. негізгі - - - - - -
құралдардың
басқа да
түрлері
барлығы: 322052 100 496347 100 17429100
5

4 кесте Әділ ЖШС 2009-2010 жылғы мәліметтері бойынша барлық негізгі
құралдардың жекекленген құрылымдарының сапасының жыл аяғында өсуіне
байланысты болып отыр.
Негізгі құралдардың жай –күйін анықтау үшін төмендегідей коэффициентті
аықтау керек:
- тозу коэффициенті;
- жарамдылық коэффициенті;
- жаңарту коэффициенті.
- негізгі құралдарды есептеу шығару коэфициенті.
- негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлес салмағы.
Негізгі құралдардың тозу коэффициентін анықтау үшін бухгалтерлік
баланстағы тозу сомасын аламыз.
Тозу коэф. (есеп беру жылы)
Жылбасындағы тозу сомасы негізгі құралдардың жылбасындағы бастапқы
құны = 101182 295007 = 0,03445
Жарамдылық коэффициент (есеп беру жылы) = 1-тозу коэффициент = 1-
0,03445 = 069655
Жаңару коэффициент (есеп беру жылы) есеп беру жыл ішінде түскен негізгі
құралдар құны негізгі құралдардың жыл аяғындағы бастапқы
құны
Негізгі құралдардың есептен шығу коэффициент =
Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлес салмағы =
Негізгі құралардың тиімді пайдалануына баға беру үшін 3 көрсеткішке
талдау жасаймыз:
Қор қайтарымы (өткен жыл) = тауарлы өнім көлемі Нн =363901 303571= 1,19
Қор қайтарымы (есеп беру) =
Қор сыйымдылығы (өткен жыл) =
Қор сыйымдылығы (есесп беру жылы) =

Материалдық-технологиялық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін
талдау белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынның өндіріс өнімін өндіру үшін
керекті шикізаттар, көмекші материалдар, запас бөлшектер, отын және энергия
сияқты қажеті материалдық технологияның жабдықтарымен дер кезінде
қамтамасыз етілуін талдаудан басталады.
Талдау кезінде кәсіпорынға келіп түскен материалдық саны мен сапасы
келісім-шартта көрсетілгендей уақытылы жеткізілу мерзімінің материалдық
–технологиялық мәліметтеге сәйкес келуі анықталады.
Талдау барысында кәсіпорынның негізгі материалдарымен және керекті
жабдықтар мен жабдықтау деңгейі (к) әріпімен белгіленеді және келесі
формуламен анықталады.
К= (1)
Корпорацияда материалдың орташа жылдық құны келесі формуламен
анықталады.
М (2)
Бір айдағы материалдың орташа тұтынылуы;
Қормен қарулану (өткен жылы) = (3)
Қормен қарулану (есеп беру жылы)
5 кестеде негізгі құралдары пайдалану тиімділігі қарастырылған
5 кесте
Негізгі құралдары тиімді пайдалану
(мың, теңге)

№ көрсеткіштер өткен жылы есеп ауытқу өсу қарқыны
беру жылы (+);(-) %
1. тауарлы өнім 363901 1167582 803671 320,85
көлемі
2. Н.Қ. 303571 443306 139735 146,03
3. қор қайтарымы 0,12 2,63 2,51 2191,67
4. қор сыйымдылығы 0,83 0,38 -0,45 45,78
5. Қормен қарулану 28 353,5 69,8 124,6

5 кесте мәліметтері бойынша өндірістің негізгі құралдары қаншалықты
тиімді пайдаланғанын көре аласмыз. Есеп беру жылы құрамдардың орташа жылдық
құны, 139735 мың теңгеге, ал зор қайтарымдылығы 2,51 мың теңгеге өсіп, қор
сыйымдылығы – 0,45 мың теңгеге кеміп отыр.
Бұл жағдайда қор негізгі құрамдарды тиімсіз пайдаланған деп атаймыз.
М (өткен жылы) =
М(есеп беру құны) =
Өндіріс процесі кезінже өндіріске бөлінген материалдық-техникалық
жабдықтарды тиімді пайдалану өндіріс көлемін ұлғайтуға өнімнің өзіндік
құнын кемітуге және өндіріс тиімділігін арттыруға бірден-бі ықпал жасайтын
фактор - материалдық ресурстар.
Сондықтан материалдарды пайдалану үшін материал қайтарымдылығы мен
материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың сипаттайтын көрсеткіш. Ендігі 6
кестеде материал ресурстарының тиімді пайдалануы көрсетілген.

6 кесте
Материал ресурстарының тиімді пайдалануы
рс көрсеткіштер саныөткен жылы есеп беру ауытқуы өсу
жылы қарқыны
сатудан немесе
1 қызметкөрсетуден 324380 1121079 796693 345,60
түскен кіріс
2 материал шығыны 87724 831054 74330 947,35
3 материал 3,7 1,3 -2,4 35,14
қайтарымдылығы
4 материал 0,27 0,74 0,47 274,07
сиымдылығы

Кестедегі көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, өндіріс процесі
кезінде өндіріске бөлінген материалдық ресурстардың тиімді пайдаланғанын
көріп отырмыз.
Корпорациялық еңбек ресурстары
Еңбекақы туралы есеп формасы төмендегідей алты 6 тармақтан тұрады.
- еңбекақы қоры және жұмыс істейтіндедің саны.
- тізіидік саны мен жұмыс істейтіндердің құрамы;
- келісім бойынша жұмыс істейтіндердің саны;
- жұмыс істейтіндердің еңбекақы қорының құрамы;
- жұмыс уақытының пайдлануы;
- жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың құрамы.
7 кестеде жұмыс күшінің қозғалысы қарастырылған.
7 кесте
Жұмыс күшінің қозғалысы

рсКөрсеткіштер өткен жылы есеп беру ауытқуы өсу қарқыны
жылы (+); (-) %
1 2 3 4 5 6
1. Іс жүзінде
жұмысшылардың 1859 533 -1326 28,67
жұмысқа қабыл.
2. Іс жүзіндегі
жұмысшылардың 168 519 351 308,92
жұмыстан шыққан оның
ішінде: -өз еркімен
же еңбек тәртібін
бұзғандары
3. Орташа жылдың
жұмысшылардың 1379 1679 300 121,75
тізімдік саны
4. Айналым коэфц.
а) қабылдануы бша 0,12 0,31 0,19
б) жұмыстан шығаруы
бша
в) тұрақтамаушылық 271 551 280
бойынша

Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша есеп беру жылы өткен жылмен
салыстырғанда жұмысшылардың жұмысқа қабылдануы – 1326, жұмысшыға келіп, ал
жұмыстан шыққан жұмысшылардың саны 351 жұмысшыға өсіп отыр.
Осының бәрін қорытындылай келе жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік
саны 300 жұмысшыға артқан.
Жұмыс уақтысының шығын болуының себептеріне баға бергенде жұмысқа
себепсіз шықпай қалушылыққа және жұмыс уақытының жоспарланбаған
шығындарына, әкімшілік рұқсат берген демалыстарға, жұмысқа себепсіз шықпай
қалушылыққа, күні бойы және смена ішіндегі бос
қарап тұрушылыққа ерекше назар аударылады. Жұмыс уақтысының тиімді
жүргізілуі еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етеді.
Еңбекті пайдалануының тиімді көрсеткіші еңбек өнімділігі. Еңбек
өнімділігі арқылы еңбектің ұйымдастыру деңгейі өндірісіне жаңа
технологиялық енгізумен құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі арқылы
анықталады [8].
Еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне мыналар жатады:
1 жұмысшының орташа жылдық =
1 жұмысшының орташа жылдық (есеп беру жылы)
Қүндік еңбек өнімділігі (өткен жылы)
күндік еңбек өнімділігі (есесп беру жылы)
Сағат еңбек өнімділігі (өткен жылы)
сағат еңбек өнімділігі (есеп беру жылы)
Өнімнің өзіндік құны
Өнімнің өзіндік құны экономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңызды
көрсеткіші.
Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өнім өндіруге және сол өнімді
өткізуге жұмсалған шығындардың ақшаға шаққандағы жиыны.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі - оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында. Өнімнің өзіндік құныны талдау үшін қозғалысына баға беру
қажет. (8 кесте)
8 кесте
Материал шығындарын талдау
рсКөрсеткіштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқуы (+); (-)
сомасы үлесісомасы үлесі сомасы үлесі
1 2 3 4 5 6 7 8
1. Шикізат пен - - - - - -
материал
2. Жартылай 7526 8,75 13760 1,69 6234 -7,06
фабрикаттар
3. Отын 19176 22,2830146 3,701 109,70 -18,579

4. энергия 9534 11,08705363 86,606695829 75,526

5. табиғи - - - - - -
шикізаттар-ды
6. пайдалану
көмекші - - - - - -
материалдар
басқа да
7. шығындар 49819 57,8965181 8,003 15362 153041,4

басқа да
шығындар

Қорытынды: 8 кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның маттериал шығынның
жыл соңына біршама азайғанда мына көрсеткіштер бойынша көрсетуге болады.
Шикізаттар мен материалдар жы аяғына 6234 (13760-7526) сомаға кеміген.

Басқа да шығындар жыл соңына мүлдем 15362 (65181 – 49819) сомаға тең.
9 кестеде өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығыны
9 кесте
Өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығыны
рсКөрсеткіштер өткен жылы Есеп беру Апуытқуы өсу қарқыны
жылы (+); (-) %
1 2 3 4 5 6
1. Сатудан түскен түсім324380 1121079 1088641 3356,07

2. Өнімнің өзіндік құны256765 1074702 807937 418,55

3. өнімнің 1 теңгесіне 0,13 1,04 0,91 100
шаққандағы шығыны

Қорытынды: кестедегі мәліметтерге сүейене отырып, есеп беу жылы
сатудан түскен түсім (қызмет көрсетуден) 797 699 (112107-324380) теңгеге
артып, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын 0,91 (1,04-0,13) теңгеге өскен
Мекеменің қаржы жағдайы.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржы ресурстарын құру, қалыптас-тыру және
оларды бөлу кезіндегі жағдайы.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы кәсіпорынның өндірістік коммерциялық және
басқа да қызмет түрлерімен айналысу үшін қажеттік қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілгендігімен олардың тиімді және мақсатты жұмсалуына баға
береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы дегеніміз – қаржы ресурстарының бөліп
орналастырылуын және қолданылуын көрсететін көрсеткіштердің жиынтығы болып
табылады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесі
Қаржы жүйесінің ұғымы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Интеграциялық процестердің қаржылық аспектілері жайлы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Коммерциялық емес сфераның қаржысы
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Пәндер