Қазақстан Республикасының ақша жүйелері



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
1.1 Ақшаның қажеттігі және шығу тегі, ақшаның мәні, қызметтері
1.2 Ақшаның негізгі түрлері
1.3 Коммерциялық банктердегі қолма.қолсыз ақшалар түсінігі және олардың жүргізілу тәртібі
2. Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі қолма.қол және қолма.қолсыз ақшалармен есеп.айырысуды талдау.
2.1 Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі колма.қол
және қолма.қолсыз ақшалармен есеп.айырысу жағдайларын талдау
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қолма.қол және
қолма.қолсыз ақшалармен есеп.айырысу жағдайлары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нэтижесінде пайда болгандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетедІ. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты жэне абстракты еңбектің, жеке жэне қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен қүнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас қүнның эр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бүл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мүнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Қазақстандық банктердің қолма-қол жэне қолма-қол емес ақшалармен есеп-айырысу жағдайларын талдау жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Алайда, банктердің несиелік портфелінің аталған өсімі ссудалық портфелді жақсартудың негізгі көрсеткіші емес, яғни бұл, банктің несиелік тэсекелінің көлемін де кеңейтеді. Қаржылык жағынан тұрақты жэне неғұрлым несие қабілетті кәсіпорындардың көпшілігі банктердің несиелерін пайдаланды.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі жэне айналысының болуына сэйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы қүралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бүл, оның табиғи қасиетіне тэн болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, онът өндіруге кететін енбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс жэне бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
1. Байгісиев Майдан-Әли, Халықаралық валюта
қатынастары, Алматы,2004.
2. Ғабжелов Хайролла, Теңге, Алматы, 2003.
3. Көшенова Баян, Ақша Несие Банктер. Валюта
қатынастары, Алматы, 2000.
4. Мақыш Серік Биханүлы, Ақша айналысы және несие,
Алматы, 2004.
5. Сахариев Сембай Сахариевич, Жаңа кезең
экономикалық теориясы, Алматы, 1999.
6. Сейітқасымов, Ақша,несие, банктер, Алматы, 2001.
7. Ілиясов Қ.Қ, Қаржы, ҚР Білім және ғылым министірлігі
ұсынылған, 2003.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық
валютасы//Алматы: Қаржа — қаражат,1995.
9. Қазақстан цифрларда // Қазақстан
Республикасыстатистика агенттігі, Бас редакторы
Қ.С.Әбдиев, Алматы, 2004.

10. Қазақстан жөне оның өңірлері // ҚР статистика
жөніндегі агенттігі, Бас редакторы Ю.Қ.Шоқанов,
Алматы, 2003, №3.
11. Сапаров С, Қазақстанның теңгесі қалай пайда болды?
// Ақиқат, 2002, 12 қараша.
12. Тобаяқов Б, Теңге шежіресі // Ақиқат, 2003, №10.
13. Назарбаев Нұрсүлтан Әбішүлы, Теңге ел
түрақтылығы мен тәуелсіздігінің белгісі // Оңтүстік
Қазақстан, 2003, 20 қараша.
14. Нысапбаев Ә,Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы //
Егемен Қазақстан, 2003, 13 қараша.
15. Банки Қазахстана // Ассоциация банков Республики
Казахстан, Алматы, 2005, №9.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

1.1 Ақшаның қажеттігі және шығу тегі, ақшаның мәні, қызметтері

1.2 Ақшаның негізгі түрлері

1.3 Коммерциялық банктердегі қолма-қолсыз ақшалар түсінігі және
олардың жүргізілу тәртібі

2. Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі қолма-қол және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысуды талдау.

1. Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі колма-қол
және қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу жағдайларын талдау

2. Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қолма-қол және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу жағдайлары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нэтижесінде пайда болгандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетедІ. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты жэне абстракты еңбектің, жеке жэне қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен қүнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас қүнның эр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бүл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мүнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Қазақстандық банктердің қолма-қол жэне қолма-қол емес ақшалармен есеп-
айырысу жағдайларын талдау жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Алайда,
банктердің несиелік портфелінің аталған өсімі ссудалық портфелді
жақсартудың негізгі көрсеткіші емес, яғни бұл, банктің несиелік тэсекелінің
көлемін де кеңейтеді. Қаржылык жағынан тұрақты жэне неғұрлым несие
қабілетті кәсіпорындардың көпшілігі банктердің несиелерін пайдаланды.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі жэне айналысының болуына
сэйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы қүралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бүл, оның табиғи
қасиетіне тэн болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек
болғандықтан да, онът өндіруге кететін енбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс жэне бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мэні, оның мынадай үш касиетінің
біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас қүнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі
қасиеті,
акшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын
сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бүл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек
қоғамдық жиынтық өнімді бөлу жэне пайдалану процесінде гана қолданылған.
Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын жэне т.б. сату
мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері,
ақшаның бұл қасиетінің камтитын уақымы біршама кеңейе түскен.
1. . Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

1.1 Ақшаның қажеттігі және шығу тегі, ақшаның мэні, қызметтері

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нэтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты жэне абстракты еңбектің, жеке жэне қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табигатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас қүнның эр түрлі формаларьтн тугызды. Айырбас - бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардьщ баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне сапасына, формасына жэне тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың кұны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын жэне сол затқа айналып отырған коғамдық еңбек жатады. Тек
қогамдық еңбек кана (жек адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды.
Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға
еңбектің шығындалғандығын, ягни екі тауардың да құнының барлығын көрсетедІ.
Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жүмсалған еңбек эр түрлі
болып, нэтижесІнде олардың құндары да, бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық
еңбекті немесе кұнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас
құнының (Імал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны - бүл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық түсында өнім тек өндірушінің жэне оның жан-ұясының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну кұны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі түсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның түтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың тұтыну күны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айьтрбасқа арналған болса, онда, оның
өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін түтыну кұны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
• Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына
тән құнның жай жэне кездейсок формасы. Айырбастың бүл
формасына бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей
айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға
айырбасталды.
• Екінші формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен
сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы жэне өндірістің
өсуі
нэтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі.
Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың
айырбасында жүрген. Мьтсалға:
1 қап бидай = 1 қойга = 1 балтага = 1 қүмыраға жэне
т.б.
• Үшінші формасы - бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар
өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет
жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті
нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде
жүретін тауарлар ығысып шығады. Мүндай тауарлар ролін, кей
халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерге,
славяндарда,
моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда,
ертедегі
Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік
Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның
кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу
үшін
жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой
пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уакыт
жүрмеген, себебі олар тауар айналысының
талаптарын
толығымен қанағаттандыра алмайды жэне өздерінің қасиеттеріне
байланысты баламальщ шартына сэйкес келмейді.
• Қүнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық
тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар элемінен ерекше бір
тауар - ақшалай формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы
металлдар: алтътн жэне күміс атқарды. Сонымен, ақша дегеніміз
- бүл барлық тауарлардың қүнын белгілейтін, жалпыға балама
ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі жэне айналысының болуына
сэйкес қалыптасты. Ақша — бұл тауар айналысы құралы жэне ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шықканымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бүл, оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, эдеміліғі жэне таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, онын құны өте жоғары,
сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек
шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс жэне бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мэні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастыгынан көрінеді:
4) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
5) айырбас құнының дербес формасы;
6) еңбек өлшемінІң сыртқы заттай (материалдану) формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі
қасиеті,
ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын
сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек
қоғамдык жиынтық өнімді бөлу жэне пайдалану процесінде ғана қолданылған.
Себебі, ол уақытта кэсіпорын, жер, орман, жер койнауын және т.б. сату
мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері,
ақшаның бүл қасиетінің қамтитын уақымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бүл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шыгындары эр түрлі жолдармен
қаржыландыруда ¥лттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге
сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің акша көмегімен
өлшеуге болатын кұнын сипаттайды.
1.2 Ақшаның негізгі түрлері

Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы)
ақшалар жэне құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар).
Нағыз ақшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мүндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл
ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып
табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және ЕртедегІ Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
- X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ.екінші жартысында өтті. Бүл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге жэне алтынның ақша
қызметін атқаруына, оның кымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері
себеп болған: оңай бөлінетіндІгі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі,
сакталғыштығы арқасында толық бағалы ақшалар барлык бес қызметті де бірдей
атқарады.
Алтын айналысы тұсында кұнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
• Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толык өтей алмады.
• Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ қүнды айналымға қызмет
көрсете алмады.
• Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті жэне тауар айналымы
ынталандырмады.
Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып,
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нэтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (қүндық белғілері) - номинальдық құны нақты
қүнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
• құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болған. Бүл қағаз ақшалардың айналыста
жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс кұралы қызметін атқару
ерекшеліктеріне байланысты болды.
Металл ақшалардың кағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:
• металл ақшалардың тасымалдап алып журу қолайсыздығы;
• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған
әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу
мақсатында металлдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға
қарағанда өте қымбатқа түсуі;
• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны
мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында
қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың
шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары
болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда жэне 1769 ж. Ресейде пайда
болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде
шығарылды. Қазіргі кезде ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ,
Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж.
болған ақша реформасы неғізінде қағаз ақшалар , яғни 1, 3, 5 рубльдік
қазыналык билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991 -92 жж. ақша реформасы нэтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазътналық билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек кана айналыс құралы жэне төлем кұралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста үлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз акшалар өзінің табиғаты жағынан түрақсыз
жэне қүнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың күнсыздану себептеріне:
айналыска басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі жэне төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
жэне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мэні — ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель банкнота, чектер, және
несиелік карточкалар.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жэне
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордын жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екІ түрі болады: жай вексель жэне аудармалы вексель.
Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) қарызды
алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға
(ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдІреді. Трассат тратта бойынша
төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табыладьт. Аудармалы
вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы
қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардың көбеюіне
байланысты вексель айналысы ұлғая түседі жэне мұндағы эр индоссант, векселъ
бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай веексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері
болып табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналык,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель - белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын қарыздык
міндеттеме.
Қазыналық вексель - бүл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналык
вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достык вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір біріне
беріледі.
Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген карыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
• абстрактылық, яғни вексельде мэміленің нақты түрі көрсетілмейді;
• даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін
істі шара колданылған дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге

• айналымдық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу
арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік
міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды. Банкнота - қазіргі
уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталық банктен
шығарылатын, несиелік айналыс қүралы.
Ол вексельден және қағаз акшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса
(3-6 айлык), ал банкнота - мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
1.3 Коммерциялық банктердегі қолма-кол емес ақшалар түсінігі жэне
олардың жүргізІлу тэртібі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның эр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмүнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағьт ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) қүн өлшемі жэне басқа масштабы;
2) айналыс кұралы;
3) төлем қүралы;
4) қорлану жэне қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жагынан салыстыруға келетін тауарлар қүнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне мартеиал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың қүнын өзіндік құны бар нақты акшалар
(алтын жэне күміс) өлшей алады.
Тауар күнының акшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге жэне сатуға қажетті коғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде жэне олардың қозғалысында қүн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі - бүл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Қүн өлшемі қызметі қүн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бүл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың күнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшІн қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабьт арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы, үлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген
нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды жэне олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Акшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті қүны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар қүнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс қүралы қызметі. Айналыс кұралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай
процесстерді камтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, жэне

11
тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы
формулада келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) - А (ақша) - Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды бІртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз жэне несиелік ақшалар
атқарады, екіншіден, нақты жэне қолма-қолсыз акшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындыктан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы жэне бағасы негізінде
анықталады. Ал егер, айналыстағы акша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға гана сатылмайтыны белгілі. Себебі эртүрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ак бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісІнде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нэтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу жэне сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
кұралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) - Т
(тауар).
Ақшаның төлем қүралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем күралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық мІндетемме арқылы өтеу, сату жэне
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтык кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек кана тауар айналысына кызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы жэне несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша
қарыздық міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• экімшілік және сот алдындағы жэне баскддай міндеттемелер.
Ақшаның төлем қүралы қызметін тольтқ багалы емес, яғни кағаз жэне
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау
қүралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинактау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды
сату жэне сатып алу қозгалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті кұны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР ¥лттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану кызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кэсіпорындар мен үйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай
каражат қалдықтары түрінде қоғамдық корлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған
жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы
серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына
себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортак төлем құралы, жалпыға ортақ
сатып алынатын қүрал жэне жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
құралы болып табыладът. Халықаралык төлем қүралы ретінде дүниежүзілік
ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.
Халықаралық сатып алынатын кұрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер
арасындағы накты ақшамен төленетін тауарлар жэне көрсетілетін қызметтер
айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қьізмет етеді. Жалпыға ортақ
қоғамдық байлықты кұрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір
елге займ немесе субсидиялар беруі барьтсында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс
өз еңбегінде: ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы
ретіндеғі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді -
деп жазады. Сондай-ақ бүл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет
етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша кызметін алтын жэне
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары жэне ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ - доллары, неміс
-маркасы, ағылшын - фунт стерлингі, Еуропалык Одақтың қазіргі валютасы
-еуро, сол сияқты СДР атқарады.
Ақша айналысы - бұл шаруашылықтағы тауарларды өткізуге сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді жэне есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол жэне қолма-колсыз ақша формаларындагы ақшаның қозғалысын білдіреді.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар элемі: тауар жэне ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне жэне жалпы үлттық жэне дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм түсында ақша айналысы да әрі қарай
дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық
жиынтык қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дэнекер болады. Ақшаның қолма-
қол жэне қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ак
ссудалық жэне жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Жалпы ақша айналысы: қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар
айналысына бөлінеді:
Қолма-қол ақшалар айналысы - бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар жэне кағаз ақшалар (қазыналык бидеттер) қызмет
етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едэуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - бұл қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысын білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшалар деп - чектер, несиелік карточкалар электрондық
аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған
ақшаларын (депозиттерін) айтуға болады.
Ақша айналымында сондай-ақ вексельдер, сертификаттар, кейбір елдерде -
басқа да міндеттемелер және талаптар қолданылады.
Нақты ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара
тэуелділік бар. Яғни, оны ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші
біріне өтіп отыруынан байқауға болады. Айталық, нақты ақшалардың банктегі
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал
банктен жалақы, жэрдемақы, степендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін акша
алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар нақты ақшаларға ауысуы байқалады.
2. Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі қолма-қол және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу жағдайларын талдау

2.1 Қазақстан Республикасының екінщі деңгейлі банктеріндегі қолма-қол
және қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу жағдайларын талдау

Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен
кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімІмен жүзеге
асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дэлел болады; келісім-шарттағы
жағдайлардың бүзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға күқық
беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі
есебінен ашылады, егерде төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса.
Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады.1
- банк кепілдемесін беру аркылы аккредитив формасын пайдалану барысында
есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банк кепілдемесінің
негізінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау жэне аккредитивтІң ашылуын
Банктің кепілдемесі және тапсырмалары деген баланстан тыс шоты бойынша
көрсету; 3 - аккредитив ашылғаны жэне аккредитивтің ашылуының баланстан тыс
шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 - жабдықтаушыға аккредитивтің
ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе кызмет көрсету; 6 —
келісім шартқа сэйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп
айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу жэне жабдықтаушының шотына
қаражатты есептеу; 7 - есеп айырысу қүжаттары сатып алушының банкіне
жіберіліп, онда сатып алушының шотьтнан қаражат шегеріледі, шотында
қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 -қүжаттарды сатып
алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шеғергендігі туралы хабарды
жеткізеді.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай
анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып
табылады. Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-
банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бүл аккредитив сатып
алушының мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жоя алмайды. Себебі, мүндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған больтп табылады.
Сонымен қатар, бүл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:
сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның
шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы
бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша,
өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және онын сақталуы да қосымша
шығындарды қажет етеді.
Чекпен есеп айырысу. Чек - бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің
чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға (қаражат алушыға) төлеуге өзінің
банкісіне берген жазбаша бүйрығын білдіреді.
Чекті есеп айырысу барысында төлем қүралы ретінде заңды жэне жеке
тұлғалар пайдалана алады. Заңды түлғалар арасында көбіне есеп айырысу
чектері қолданылады.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
• егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей,
ал
жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісІ келмеген
жағдайда;
• сатушы белгісіз болған жағдайда.
Чекті пайдалану үшін банкте шот иесіне чектік кітапша беріледі. Ол үшін
шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Банк чек бойынша
төлеуге тиісті соманы жеке бір шотқа аударады. Сөйтіп, клиент банктен
сомасы көрсетілген чектік кітапша алады.
Қаржылық жағдайы тұрақты жэне төлем тэртібін бүзбаған клиенттерге
банктің кепілдемесімен, яғни қаражатты аудармай-ақ чектік кітапша берілуі
мүмкін.
Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі
тиіс.
Чек бойынша есеп айырысудың тэртібі арнайы сызбамен берілген (5-сурет).

3

5-сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы.

1 - сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған
қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 - банк оған чектік кітапша береді және
төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 -жабдықтаушы
тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 — тауарлар мен қызметтер үшін
чекпен есеп айырысады; 5 - жабдыктаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк
сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп оны жабдықтаушының шотына
Әлемдік банктік тэжірибеде чектерді мынадай түрлерге бөледі: атаулы,
ордерлі жэне мэлімдеуші.
Атаулы чек бойынша төлем чекте көрсетілген түлғаның пайдасына ғана
есептеледІ. Ордерлі чекте төлем чекте көрсетілген түлғаның пайдасына,
сондай-ақ оның бұйрығы бойынша, яғни келесі бетінде жазылған басқа бір
тұлғаның пайдасына есептелуі де мүмкін. Мэлімдеуші чектер бойынша төлемді
банкке кім мәлімдесе сол тұлға иеленеді. Атаулы чекті басқа біреуге беруге
болмайды. МәлІмдеушІ чек басқа бір тұлғаға қарапайым түрде беру жолымен өте
береді. Ордерлі чек басқа тұлғаға аударып жазу (индоссамент) арқылы
беріледі.
Вексельде қолма-қолсыз есеп айырысу формасының жатады. Себебі, вексельдің
атқаратын басты қызметі - төлем құралы. Есеп айырысу барысында
пайдаланылатын вексельдің түрлеріне өзара айырмашылыктарын қарастырып
өтейік.
Бұл вексельдердің өзара айырмашылықтары мынада:
• Жай вексель бүл қарапайым түрдегі борышқордың борыштык
қолхаты, яғни төлеуге берген сөзі. Аудармалы вексель -
бүл
кредитордың қарыз алушыға төлеушіге тиісті ақшалай қаражатын
ремитентке төлеуі туралы үсынысын білдіреді.
• Жай вексельде екі тұлға қатынасады: вексель беруші (қарыз алушы)
жэне вексель ұстаушы (кредитор). Аудармалы вексельде кемінде үш
немесе одан жоғары тұлға қатынасады.: вексель беруші (кредитор) -
трассант, төлеуші (борышқор) - трассат, вексель ұстаушы (вексель
бойынша қаражатты алушы) - ремитент.
• Жай вексельде вексель беруші - бүл вексель ұстаушыға қатысы
бойынша төлеуші (борышқор) немесе вексель ұстаушының үкімі
бойынша үшінші бір түлғаға қатысты алғанда ол
эрдайым
вексельдегі қарызды өзі төлейді, сондықтан да бұл жерде вексельдІ
акцептеу қажет етілмейді.
• Аудармалы вексельде вексель беруші - бұл кредитор, бірак та ол,
өзінің борышқорына қарызды өзіне емес, яғни өзі борышқор болып
табылатын үшінші бір түлғаға (вексель ұстаушыға) төлеуіне үсыныс
жасайды. Бұл дегеніміз ол, өзінің қарызын өзі төлемейді, бірақ та ол
төлемді оның өтініші бойынша басқа бір тұлға жасайды. Аудармалы
вексель арқылы қарызды төлеу басқа тұлғаға өтеді. Осыдан келіп,
оның аудармалы деғен аты туындайды. Вексель берушінің міндеті
мынадай да бір өзіндік шартты: Егер де төлеуші қарызды төлемесе,
мен төлеймін деген сипатқа ие.
Соған сэйкес аудармалы вексельдің бет жағында төлеушінің қолы түрінде
акцептің болуы талап етіледі.
Енді жай жэне аудармалы вексельдің айналысы процесіне мән берелік. Ол
көрініс 6-шы жэне 7-ші суретте берілген.

6 - сурет. Жай вексельдің айналыс процесі.

1 - сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сатушыға
ұсынады; 2 — сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға, (тапсырыс берушіге)
тауарын, өнІмін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3- сатушы
вексельде көрсетілген, яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды
төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 - сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

1

Нау-шоттар — бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер. Нау-шоттың
мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
шот түрі бойынша пайыз төленеді;
шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға
ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы
талап
етілдмейді;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап
етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куэландырылған чектерді төлеу
сақталатын банктердегі талап етуіне дейІнгі депозиттік шоттағы
қаражаттарды білдіреді:
Куэландырылыған чектер - бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын
чектер арқылы куэландыуы.
Американдық банктік тэжірибелерде жаңа депозит түріне
ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:
• акша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
тттпт
РН
• салымдардың сақтандырылуы;
• иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет
аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көішіріп жазу
жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзімді депозит - бүл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бүл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
колма-қол ақша түрінде еркІн аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бүл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пүл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндеттІ резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескерілетін мерзІмді депозиттер.
Меншікті депозиттер сақталу мерзіміне карай жіктеледі:
-30 күнге дейін;
-30-90 күнге дейінгі;
-90-180 күнге дейінгі;
-180 күннен 360 күнге дейінгі;
-360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау
депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты
алдын ала келісіледі жэне депозит бойынша, соған сэйкес пайыз белгіленеді.
Әдетті, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары больтп келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есетт айырысу үшін пайдаланылмайды, эрі мүндай
шоттарға
ешқандай да есеп айырысу қүжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналад;
- түрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Үлттық банкі тарапынан
ретеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бүл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменғі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі — жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жок, каражатты алуда ескертуін талап тепейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу жэне алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
рэсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту жэне ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинак салымдармен бсқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама түрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдардың түрақты мерзімі болмайды. Бүл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинак салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдрдың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражаттът алдын ала алу барысында ешқандай де
ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде
ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасынң
болуы талап етіледі.
Отандық банктік тэжірибеде жинақ шоттары тек жеке түлғаларға ғана
ашылады. Ал шетел тэжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
жэне іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тэжрибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым
операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- аұшалай-заттай үтыс салымдары;
- мақсатты жіне ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар,
- валюталық салымдар.
Ерзімд жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа
жинақ алымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бүл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уэде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бүл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде жэне т.с.с.) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мүндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Отандық банктер тэжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадай салымдардың түрлерін жеке
тұлгаларға үсынады:
- НАРОДНЫИ салымы - жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар жэне оны мерзімнің
соңында төлетін, мерзІмді салым. Төменгі сомасы -
2000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3,6,12 жэне 24
ай.
- СЕШМ-ПЛЮС салымы - ай сайын пайыз төленетІн мерзімді
салым. Төменгі сомасы - 1000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50
еуро. Мерзімі: 3,6,12 жэне 24 ай.
- НАКОПИТЕЛЬНЫИ ПЛЮС салымы - қорлану мерзімі: 1 жыл, 3
жыл, және 5 жылдық қорлану салымдары. Төменгі соамыс - 2000
теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл
және 5 жыл.
- ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы — салымды ашқан күні пайызды
төлейтін мерзІмді салым. Төменгі сомасы — 1000 теңге не 100 АҚШ
доллары немесе 100 еуро. Мерзімі: 3 жэне 6 ай.
- ПРИЕМИАЛЬНЫЙ салымы- сыйлық ақы мөлшерлемесі бар
әмбебап талап етуге дейінгі салым. Төменгі сома- 500 теңге.
- ЗОЛОТОИ ВОЗРАСТ салымы - 50 жасқа толған адамдар мен
зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым - 100 теңге.
Мерзімі: 90 күн.
- АҚ БОТА салымы - арнайы балаларға арналған салым. Төменгі
салым - 500 теңге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- ИНТЕРНЕТ салымы - Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған
салым. Төменгі салым 10000 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30
күн, 90 күн, 180 күн, 270 күн, 360 күн.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік жэне
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік жэне жинақ сертификаты - бүл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты жэне оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін жэне оның шотындағы ақшалай каражатының барлығы куэландыратн банк-
эмитенттің жазбаша куэлігі.
Депозиттік және жинак сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мэлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мэлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол каражаттың иесі олып саналады.
Депозиттік және жинақ сертиикаттары сатылған тауарлар жэне көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем қүралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңд түлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай түрі
бар:
- аударылатын;
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке үсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертиикатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығн қүрайды.
Жинақ сертификат тек жеке түлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік жэне жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мүндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Төлем жіберуші банк
Төлем жүйелері ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Банкаралық ақша аудару жүйесі
Пәндер