Ежелгі Қытай мәдениеті туралы ақпарат



1 Ежелгі Қытай мәдениеті
2 Лао.Цзы ілімі
3 Каллиграфиялық белгіні қабылдау
4 Конфуцийлік.даосистік мәдениет
Ғаламда мәдениеттер көп болса, соның ең ежелгісі әрі терең білімділік пен мәдени өмірдің үлгісін көрсеткен ертедегі Қытай мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеолгиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерватролық (не кертертпа) және прогресшілдік, бірі – мистикалық, екіншісі – атеистік бағыттар. Алғашқы мареиалистер пікірінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, керісінше, идеалистер пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты. Ертедегі Қытай мәдениетінде конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций біздің заманымыздан бұрын 551-479 жылдар аралығы өмір сүрген. Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір-тіршілігінде конфуций төрт принципті қатаң ұстады: 1) бос қиялға салынбау; 2) «мен білемін» дегендіктен аулақ болу; 3) қасарыстық көрсетпеу; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау. Конфуцийдің 3000 шәкірті болды, олардың 72-сі ерекше жақын, ал 12-сі мәңгі қасында жүрді. Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, «Сұхбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің «Ұлы ұғыну кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған .

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ғаламда мәдениеттер көп болса, соның ең ежелгісі әрі терең
білімділік пен мәдени өмірдің үлгісін көрсеткен ертедегі Қытай мәдениеті.
Ежелгі Қытай мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда
болды. Оған дейін Қытай идеолгиясы мен саясатында екі бағыт айқындала
бастады: консерватролық (не кертертпа) және прогресшілдік, бірі –
мистикалық, екіншісі – атеистік бағыттар. Алғашқы мареиалистер пікірінше,
әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын
болса, керісінше, идеалистер пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы даоға
байланысты. Ертедегі Қытай мәдениетінде конфуцийлік бағыт басты рөл
атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций біздің заманымыздан
бұрын 551-479 жылдар аралығы өмір сүрген. Ертедегі Қытай мәдениетінің
дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады.
Өз өмір-тіршілігінде конфуций төрт принципті қатаң ұстады: 1) бос қиялға
салынбау; 2) мен білемін дегендіктен аулақ болу; 3) қасарыстық көрсетпеу;
4) өзінің жеке басы жайлы ойламау. Конфуцийдің 3000 шәкірті болды, олардың
72-сі ерекше жақын, ал 12-сі мәңгі қасында жүрді. Ол бірнеше кітаптар
құрастырды (Өлеңдер кітабы, Көктем және күз жылнамасы, Сұхбат және
пікір айту, т.б.). Конфуцийдің Ұлы ұғыну кітабы 75 қатардан тұрады. Оған
1546 түсіндірме жасалған .
Ол үш түрлі байланыстылықты жақтап көрсетеді: а) бастық пен
бағынышты; б) әке мен бала; в) ері мен әйелі. Осы үш салада үстемдік ететін
– біріншілер. Мақсат – императодың билігін заңдастыру еді. Оның ұстанған
жолы: 1) әділеттілік; 2) табиғатты сүю; 3) әдет-ғұрыпты сақтап, сыйлау. Бұл
кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: Барлық адамдар
өздерінің табиғаты жағынан бір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие
барысынан туындайды, - дейді. Жаңаны білу үшін ескіні зерттеу, Ойлаусыз
оқу – бекер іс, оқымай ойлану – бос әрекет деген болатын. Өзіңе
қаламайтынды басқаға жасама. Сонда мемлекетте қастандық жоғалады, сондай-ақ
ол отбасында да болмайды, - деді. Конфуций құрған мәдениетте ескі мен жаңа
бірдей, аралса кездеседі. Мәселен, ескі әдет-ғұрыптарды сақтау,
патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жастың үлкенді ұдайы тыңдауы, т.б.
сияқты әдет-ғұрыптарды дәріптеді. Мәселен, - дейді ол, - адам өмірі –
тағдырдың, ал байлық пен танымды болуы – көк аспаннан. Бүкіл Шығыс
мәдениетіне тән пікірді Конфуций де қайталап, әлемді, адамдарды билеуші -
Көк Аспан, - дейді. Конфуций пікірінше, Аспан мен Жер үйлесімде, ал адам
осы екеуінің ортасынан шығады. Конфуций философиясында космология,
онтология, гносеология, логика проблемелеры қарастырылмайды. Олардың орнына
басты назар этикаға, адамгершілік мәселелеріне аударылады. Конфуций іліміне
қарама-қарсы Мо-Цзы біздің заманымыздан бұрын 479-400 жылдарда өмір сүрген
ұлы философ, ойшыл. Оның пайымдауынша күні бұрын белгіленетін өмір жоқ,
әрбір адам тағдыры оның іс-әрекетінен, жаппай сүйіспеншілігінен
туындайды, деді. Біздің барлық біліміз екі нәрсеге – сезімге (у-лу) және
ойлауға (син) байланысты дейді. Таным да көп жағдай ат қоюдан туындайтынын
айтады. Мәселен, олар жалпы атау, рулық атау, жеке тау бар дейді. Жеке атау
нақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзы-лықтар пікір
айту категориясын, былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады. Олар
жаугершілік соғысты адам баласына жасалған ұлы қастандық деп қарады.
Сонымен қатармузыкаға да еңбектенуден алаңдатады деп, қарсы болды.
Иделизм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша
айтқанда, Дао жөніндегі Дао-Цзы (VI-Vғғ.) ілімі дүниеге келді. Оның
пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. Дао –
заттардың табиғи өну, өсу, өшуі, ол Цзы сустанциясымен бірге әлемнің
негізін құрайды, - деді. – Бүкіл әлем сол заңға бағынады. Лао-Цзы пікірі
бойынша, адам заттардың табиғи процесіне араласпауы қажет. Ал кімде-кім
оған араласып, оны өзнің жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам
сәтсіздікке ұшырайды, - дейді. Лао-Цзының пікірінше, зиян мен сәтсіздік
адамның заттардың табиғи тіршілігіне араласуынан. Өйткені олар Дао заңын
бұзады деп түсінеді.
Лао-Цзы ілімі – қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол кертартпа
рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды,
дамуды қолдайды. Ертедегі Қытай мәдениетіндегі тұрпайы материализм өкілі
Сюнь-Цзы біздің заманымыздан бұрын 298-238 жылдар аралығы өмір кешкен.
Конфуций ілімінің материалистік бағытын қолдады. Ол Көк Аспанды нақты
заттар ретінде – жұлдыздар, Күн мен Ай, жыл мезгілдері, жарық пен қараңғы,
жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі құбылыстар белгілі
заңдылықпен жүреді, деді. Таным сезімнен басталады, ал сезімді тудыратын –
табиғи заңдылықтар. Сана сезімді билейді. Адам табиғатында не жақсы, не
жаман қасиеттер жоқ. Олар кейін пайда болады. Ал данышпан адам конфуций
дағдысы бойынша жақсы қасиеттерді тәрбиелейді. Конфуций ілімін иделистік
бағытта да, материалистік бағытта да дамытқан ойшылдар болды.
Тарихтан белгілі ежелгі Қытайда Ата-бабаларға табыну кеңінен
орын алған. Осы бір ежеелден қалыптасқан дәстүрдің мзмұны мен түрін
өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір
Қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тіртіп нормасына айналдырды.
Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген Сяо - яғни Балалар
құрметі ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, сяо ережелері –
ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды ли дәстүрімен жерлеуді және
дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң
талап етеді. Сяо тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі
ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы
шарт.
Уақыт өткен сайын сяоның ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік
қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне
бөленді.
Қытайдағы түрлі мәдени дәтүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм
мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршендігін танытты. Бірақ, конфуций
ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай
болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып
үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем болып, Қытай қоғамында ерекше орынға
ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға
мүлде болмайды, олай болатын себебі бұл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны
басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты
бағыныштылықты ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуніктер
аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға
да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда
шексіз берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса,
немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда
экокнмикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөтіп өзінің сүреңсіз
әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын
еді. Міне, сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай өркениеті
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
САҚ ӨНЕРІ
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Мәдениеттану
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Пәндер