Зат есімнің меншік категориясы



1 Зат есімнің тәуелдік категориясы
2 Сөздің тәуелдік жалғауымен түрленуі
3
Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Меншіктілік, тәуелділік мағына барлық тілдерде бар болғанымен, ол мағынаның грамматикалық категория, оның грамматикалық көрсеткіші арқылы берілуі тілдердің бәріне қатысты емес, славян, орыс тілдерінде бұл категория жоқ. Қазақ тілінде меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін грамматикалық категория бар. Ол – тәуелділік категориясы. Тәуелдік категория деп бір я көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін білдіретін категория аталады. Мысалы, менің үйім, сенің балаң, сіздің кітабыңыз, оның киімі дегендерде үйім, балаң, кітабыңыз, киімі деген сөзтұлғалар үй, бала, кітап, киім заттарының мен, сен, сіз, ол жіктеу есімдіктері атаған заттарға меншікті екенін білдіреді. Бұл грамматикалық сөзтұлғалар тәуелдік категориясының грамматикалық көрсеткіштері арқылы жасалған. Өйткені тәуелдік категориясының меншіктілік мағынасын осы категорияның тәуелдік жалғаулары, меншікті заттың иесін ілік септік білдіреді Жоғарыда келтірілген сөзтұлғалардың бәрінің құрамында тәуелдік жалғаулары бар: үй+ім, бала+ң, кітаб+ыңыз, киім+і. Осы сөздердің құрамындағы тәуелдік жалғаулары ол заттардың біреуге меншіктіліні білдіріп тұр. Ал, менің, сенің, сіздің, оның деген ілік септік тұғасындағы сөздер меншікті заттың иесін білдіреді. Менешікті зат болған жерде ол заттың иесі де болады. Заттың иесінің түрлілігіне байланысты тәуелдік категориясының ішкі мағыналық құрамы күрделі.
1. Оралбай Н, Қазақ тілінің морфологиясы, А., 2007ж
2. Ысқақов А, Қазіргі қазақ тілі, А., 1991 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты

Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Зат есімнің меншік категориясы

Орындаған:
Қоңырбаева Құндыз.
Тобы: 310-15
Қабылдаған:Омар Базаркүл

Шымкент-2007
Зат есімнің тәуелдік категориясы

Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің, оның ішінде
қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Меншіктілік,
тәуелділік мағына барлық тілдерде бар болғанымен, ол мағынаның
грамматикалық категория, оның грамматикалық көрсеткіші арқылы берілуі
тілдердің бәріне қатысты емес, славян, орыс тілдерінде бұл категория жоқ.
Қазақ тілінде меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін грамматикалық
категория бар. Ол – тәуелділік категориясы. Тәуелдік категория деп бір я
көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін білдіретін категория аталады.
Мысалы, менің үйім, сенің балаң, сіздің кітабыңыз, оның киімі дегендерде
үйім, балаң, кітабыңыз, киімі деген сөзтұлғалар үй, бала, кітап, киім
заттарының мен, сен, сіз, ол жіктеу есімдіктері атаған заттарға меншікті
екенін білдіреді. Бұл грамматикалық сөзтұлғалар тәуелдік категориясының
грамматикалық көрсеткіштері арқылы жасалған. Өйткені тәуелдік
категориясының меншіктілік мағынасын осы категорияның тәуелдік жалғаулары,
меншікті заттың иесін ілік септік білдіреді Жоғарыда келтірілген
сөзтұлғалардың бәрінің құрамында тәуелдік жалғаулары бар: үй+ім, бала+ң,
кітаб+ыңыз, киім+і. Осы сөздердің құрамындағы тәуелдік жалғаулары ол
заттардың біреуге меншіктіліні білдіріп тұр. Ал, менің, сенің, сіздің, оның
деген ілік септік тұғасындағы сөздер меншікті заттың иесін білдіреді.
Менешікті зат болған жерде ол заттың иесі де болады. Заттың иесінің
түрлілігіне байланысты тәуелдік категориясының ішкі мағыналық құрамы
күрделі. Ол жақ арқылы көрінеді. Үш жақ, анайы, сыпайы жақтар білдіретін
меншіктілік мағына категорияның ішкі құрылымы болып саналады. Осымен
байланысты тәуелдік жалғауының үш жақта, анайы, сыпайы түрден, жекеше,
көпше түрден құралатын парадигмасы бар. Ол парадигма төмендегідей:

Сөздің тәуелдік жалғауымен түрленуі
Жекеше
1-жақ: -ым, -ім, -м кітабым, дәптерім, атам
2-жақ: -ың, -ің, -ң кітабың, дәптерің, атаң
Сыпайы: -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз кітабыңыз, дәптеріңіз, атаңыз
3-жақ: -сы, -сі, -ы, -і кітабы, дәптері, атасы

Көпше
1-жақ: -ымыз, -іміз, -міз кітабымыз, дәптеріміз, атамыз
2-жақ: -дарың, -ларің, -ларың кітатарың, дәптерлерің, атаңларың
Сыпайы: -дарыңыз, -леріңіз, кітатарыңыз, дәптерлеріңіз,
-ларыңыз, аталарыңыз
3-жақ: -тары, -лері, -лары кітаптары, дәптерлері, аталары

Меншіктілік екі жақты құбылыс болғандықтан, сөйлемде ол екі сөздің
тіркесі арқылы көрінеді. Меншіктілік мәнді сөз тіркесінің 1-сыңары меншікті
заттың иесін, 2-сыңары меншікті затты білдіреді. Мысалы, менің ыдысым,
сенің көйлегің, сіздіңетігіңіз, оның анаы, біздің Отанымыз, сендердің
өлеңдерің, сіздердің киімдеріңіз, олардың ұлдары. Осы келтірілген 8 сөз
тіркесінің бәрі бір заттың меншіктілігін білдіреді. Олардың 1-сыңарлары
менің, сенің, сіздің, оның, біздің, сендердің, сіздердің, олардың –
меншікті заттың иелері.
Меншіктілік мәнді, сөз тіркеснің мүшелерінің мағыналарын білдіретін әр
мүшенің құрамынд белгілі қосымша, грамматикалық көрсеткіш бар. Олар: 1)
иелік мәнді білдіретін ілік септік жалғау, ол сөз тіркесінің 1-сыңарына
жалғанады ( менің, сенің, сіздің, оның, біздік, сендердің, сіздердің
олардың). 2) меншіктілік мәнді білдіретін тәуелдік жалғау, ол сөз
тіркесінің екінші мүшесіне жалғанады (ыдысым, көйлегің, етігіңіз, ағасы,
Отанымыз, өлеңдерің, киімдеріңіз, ұлдары).
Меншіктілік мәнді сөз тіркесінің бірінші, екінші жақтағы мүшесі
тұрақты болады, олар: мен сен, сіз, біз, сендер, сіздер жіктеу есімдіктері.
Ал 1-жақта иелік мәнде ол, олар жіктеу есімдіктері де, түрлі зат есімдер де
қолданылады. Мысалы, Болаттың киімі, ағаштың бұтағы, әкенің баласы,
Әсеттің кітабы қыздың шашы т.б.
Меншіктілік мәндегі матаса байланысқан сөз тіркесінің екі мүшесінің де
сөз тұлғасын жасайтын грамматикалық көрсеткіштері өте тұрақты. Сөз
тіркесінің иелік мәндегі сыңары үнемі ілік септік жалғауымен, меншіктілік
мәндегі сыңары(мүшесі) үнемі тәуелдік жалғауымен қолданылады. Мысалы;
Ағамның малы, сенің дәптерің, біздің жеріміз, сендердің аудандарың т.б.
Тілдік бірліктердің қолданыста осы жүйедегі, тілдің құрылысындағы қалпына
өзіндік өзгеріс, түрлену енгізуі бар белгілі, сондықтан да қазір әр тілде
қолданбалы грамматика мәселесі көтеріліп отыр. Қолданыстың ілік септік,
тәуелдік жалғауларына да әсері бар. Қолданыста ілік септік, кейбір тәуелдік
жалғаулары түсіп қалып, сөз нолдік тұлғада тұрса да, тәуелдік мәнін
білдіретіні белгілі жағдай. Мысалы,
Танып ниет теңізін,
Біз бәріміз бір ағаштың бұтағы
Үлкен – іні,
Кіші – аға тұтады. (Қ.М).
Осы өлең жолдарында ниет, біз деген сөздер – ілік септіктің нолдік
тұлғасындағы сөздер. Ал, бұтағы деген сөз – тәуелдік категориясының 1-жақ
көпше түрдегі нолдік тұлғасындағы сөз.
Тәуелдік катергориясының 1-жақ көпше түрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Латын тілінің шығу тарихы жайлы
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Қатыстық сын есімдер
Пәндер