Күрделі етістік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Күрделі етістіктің зерттелу тарихы ... ... ...5
1.2 Күрделі етістіктің өзіндік сипаты (құрылымы, категориялары, негізгі белгілері)
1.3 Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктің ұқсастықтары мен айырмашылықтары ... ... ..25
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... .29
ІІ. Күрделі етістікті оқыту арқылы тіл дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1 Күрделі етістікті оқытуда қолданылатын жаттығулар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Тұжырым ... ... ... ... ... ...49
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ тіл білімінде күрделі етістіктерді арнайы зерттеген Н.Оралбаева мен оның шәкірті Б.Қасымова/20/, Н.Оралбаева күрделі сөздерге байланысты өзінің докторлық диссертациясында етістіктің аналитикалық формасында сөз болған. Мәселелерді талқылауда аналитикалық етістіктерден күрделі етістіктерді ажырату мақсатында күрделі етістіктерге тоқталынады. Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарлары бірдей қатысады. Бұлардың да құрамындағы сыңарлары – толық мағыналы етістіктер. «Күрделі етістіктің сыңарлары бірінен соң бірі жалғасатын екі қимылды білдірсе, ондай сыңарларды құрмалас сөйлемнің дара баяндауышы ретінде алып,сол ойды сақтауға болады». Ал, докторлық диссертациясында аналитикалық формалары мен күрделі етістіктерді ажыратып «Анализ факторов казахского языка показывает что в составе сложных до сих пор рассмотривались разное языковые явления. Например: 1)сложный глагол: келіп кет,айтып бар; 2 Составной глагол: жәрдем ет,қызмет қыл; 3) Устойчивые словосочитания: жүрек жұтқан,көзі ашылу,жүрек жалғау; 4) Аналитические формы глаголы: ала бер,келе сал».
Н. Оралбаеваның жоғарыдағы пікіріне қосылуға болады, кей пікіріне екі түбір сөзден жасалынатын сөздерді түсінсек, онда олардың бәрін күрделі деуге болады.Осы мағынадағы сөздерді А.Ысқақов, И.Е.Маманов, Кононов/18/, Н.А.Баскаков та күрделі сөздерді бір категорияда жинақтаған. Бұл жерде бір қағида еске алынбаған сияқты сөз деген тек аналитикалық категория болып саналынбайды, олар лексика – грамматикалық категория болып саналады. Демек сөздерді топтастырғанда грамматикалық қасиетін де есепке алу керек.
Аналитикалық форма мен күрделі етістіктің байланысы көп болса да, айырмашылығы да бар.Ол-семантикасы.Біріншісі-сөздерден жаңа сөз жасайтын сөзжасам категориясы болса, екінші тобы сөздерден жаңа сөз жасамайды, тек өзі тіркескен сөздерге грамматикалық мағына қосып, сөз түрленуші формаларға жуық мағына қосады. Дегенмен, айта салды, айтып келді,құлап қала жаздады дегендер бір сөз емес, екі не үш сөзден құрастырылған лексикалық бірлік.Ал, күрделі етістіктер мен құрама күрделі етістіктерді жеке түр етіп бөліп алуға негіз жоқ дейді. Екеуі де жаңа сөз жасайды, демек сөз тудырудың аналитикалық формасы .
1. Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары. Алматы. 1975ж.
2. М.Текучев. Методика преподавания русского языка. М; 1979.
3. А.Юлдашев Аналитические формы в тюркскомязыке. А.1966.
4. Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы:1966
5. Н.Сауранбаев Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы:1982
6. А.Ысқаоқов. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Қазақстан мектебі, 1963, №2.
7. К.Аханов Грамматика теориясының негіздері. Алматы: 1972.
8. М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы:1961.
9. С.Исаев. Етістік түбірінің кейбір грамматикалық ерекшеліктері. Қазақстан мектебі, 1987.
10. Б.Қасымова. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Канд., диссертация. Алматы,1992.
11. А.Леонтьев. Основы теории речевой деятельности. М., 1974.
12. Ә.Алдамұратов. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. А., 1982.
13. А.А.Леонтьев. Деятельность. Мышление. М.1975.
14. Е.Шаймерденұлы. «Мәңгілік мұрат» Алматы -2003.
15. Т.Сайрамбаева. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А.1991.
16. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы. 1993.
17. Е.М.Галкина –Федорук. Современныі русский язык. М. «Издательство», 1962.
18. А.Н.Кононов. Грамматика современного турецкого языка. М.-Л, 1956.
19. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1939
20. Қазақ тілінің грамматикасы. І Морфология. Алматы. Ғылым. 1998.
21. М.Лапатухин. Очерки по методике казахского языка в русской школе. А., 1940.
22. Н.И.Жинкин. Язык и мышление. Москва, 1964ж.
23. Ш.Сарыбаев. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1 бөлім. А.,1956ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.1 Күрделі етістіктің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Күрделі етістіктің өзіндік сипаты (құрылымы, категориялары, негізгі
белгілері)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..25
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ІІ. Күрделі етістікті оқыту арқылы тіл
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1 Күрделі етістікті оқытуда қолданылатын жаттығулар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...51

Қазақ тіл білімінде күрделі етістіктерді арнайы зерттеген
Н.Оралбаева мен оның шәкірті Б.Қасымова20, Н.Оралбаева күрделі сөздерге
байланысты өзінің докторлық диссертациясында етістіктің аналитикалық
формасында сөз болған. Мәселелерді талқылауда аналитикалық етістіктерден
күрделі етістіктерді ажырату мақсатында күрделі етістіктерге тоқталынады.
Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарлары бірдей қатысады.
Бұлардың да құрамындағы сыңарлары – толық мағыналы етістіктер. Күрделі
етістіктің сыңарлары бірінен соң бірі жалғасатын екі қимылды білдірсе,
ондай сыңарларды құрмалас сөйлемнің дара баяндауышы ретінде алып,сол ойды
сақтауға болады. Ал, докторлық диссертациясында аналитикалық формалары мен
күрделі етістіктерді ажыратып Анализ факторов казахского языка показывает
что в составе сложных до сих пор рассмотривались разное языковые явления.
Например: 1)сложный глагол: келіп кет,айтып бар; 2 Составной глагол:
жәрдем ет,қызмет қыл; 3) Устойчивые словосочитания: жүрек жұтқан,көзі
ашылу,жүрек жалғау; 4) Аналитические формы глаголы: ала бер,келе сал.
Н. Оралбаеваның жоғарыдағы пікіріне қосылуға болады, кей пікіріне
екі түбір сөзден жасалынатын сөздерді түсінсек, онда олардың бәрін күрделі
деуге болады.Осы мағынадағы сөздерді А.Ысқақов, И.Е.Маманов, Кононов18,
Н.А.Баскаков та күрделі сөздерді бір категорияда жинақтаған. Бұл жерде бір
қағида еске алынбаған сияқты сөз деген тек аналитикалық категория болып
саналынбайды, олар лексика – грамматикалық категория болып саналады. Демек
сөздерді топтастырғанда грамматикалық қасиетін де есепке алу керек.
Аналитикалық форма мен күрделі етістіктің байланысы көп болса да,
айырмашылығы да бар.Ол-семантикасы.Біріншісі-сөздер ден жаңа сөз жасайтын
сөзжасам категориясы болса, екінші тобы сөздерден жаңа сөз жасамайды, тек
өзі тіркескен сөздерге грамматикалық мағына қосып, сөз түрленуші формаларға
жуық мағына қосады. Дегенмен, айта салды, айтып келді,құлап қала жаздады
дегендер бір сөз емес, екі не үш сөзден құрастырылған лексикалық бірлік.Ал,
күрделі етістіктер мен құрама күрделі етістіктерді жеке түр етіп бөліп
алуға негіз жоқ дейді. Екеуі де жаңа сөз жасайды, демек сөз тудырудың
аналитикалық формасы . Күрделі етістіктерді толығырақ зерттеген еңбек –
1989 жылы жарияланған Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесідеген кітап.
Біз қызыққан проблемаларға тереңірк үңіледі.Олар сөзжасамның синтетикалық
және аналитикалық жолмен жасалынады дей отырып, аналитикалық сөздердің өзі
түрлі топтардан тұрады. Олардың біріккен сөздер, кіріккен сөздер,қос
сөз,қысқарған сөз, күрделі сөздерді атауға болады,-деп атап
көрсетеді.(аталған еңбектің 29,82 беттерінде).
Бөлімнің авторы Н.Оралбаева аналитикалық сөз деген терминді қолданады
да Аналитикалық сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарынан
жасалады, бірақ екі сыңарындағы сөздердің әрқайсысының жеке тұрғандағы
мағынасымен сай келе алмайды,-деп түйін жасайды. Бірақ жаңа пайда болған
мағына қандай болған?
Екінші бір пікірі: Әр аналитикалық сөз екі сыңардан тұратындықтан, ол
сыңарлардың бірінің мағынасы жаңа лексикалық мағынасын жасауда басым,екінші
саған деуге болмайды, өйткені бір лексикалық сөз жасаған екі сыңардың
күрделі сөздің лексикалық мағынасын жасауға қатысы тең. Біздің автордың
бұл пікірі барлық күрделі сөздерге тиісті емес сияқты. Күрделі етістіктің
лексикалық мағыналарын талдауды басқа бөлімдерде жалғастырады. Біз
олардың қаншалықты бізге қатысты болу,болмауы туралы басқа бөлімдерде
сөз қыламыз. Тек жоғарыда айтылған пікірге байланысты салыстырып:
Күрделі етістіктің компанентері дара қалғанында да,басқа күрделі етістіктің
құрамында да бір мағынаны білдіреді.Мысалы, алып кел деген күрделі
етістіктің компаненттері дара ал, кел етістіктерінен басқа мағынада деп
айтуға келмейді.Ал,кел дара қимылды білдірсе, алып кел дегенде бірінен соң
бірі іле-шала жасалынатын біртұ-тас күрделі қимыл болып тұр. Бұлардың
әрқайсысы басқа күрделі етістіктерімен алсақ та сол мағына сақталады: алып
кел, барып кел, көріп кел, айтып кел т.б. Айтылған пікір дұрыс. Ал, бірінші
пікірлерге басқаша көзқараста болу керек. Демек, бұл мәселені яғни
семантиканы арнайы зерттеу қажет.
Б.Қасымова арнайы зерттеу объектісіне күрделі етістіктерді алған.
Біздіңше Н.Оралбаеваның пікірін толық қолдай отырып, өз пікірін толық
айтқан.. Себебі, күрделі етістіктің зерттелуін алып тастаса, онда бұрын
айтылған пікірлерді өз тілімен қайталау ғана болып шығады. Соңғы жиырма
жыл ішінде түркі тілдеріндегі күрделі етістіктерді зерттеген төрт
диссертациялық еңбек қорғалынды.
Қазақ тіліндегі, жалпы түркі тіліндегі күрделі сөздерді зерттеу
тарихына байланысты қысқаша шолуларды қорытынды жасай отырып, мынадай
пікірге келуге болады.
Бірінші күрделі сөздер жалпы түркі тілінде, сондай-ақ қазақ тілінде
де бірнеше ғалым-тілшілердің зерттеу объектісі болған.
Мысалы,А.А.Қазан-Бек, Алтай тілі грамматикасының авторлары,
П.М.Мелиоранский, А.Н.Кононов, В.А. Гордлевский,
Н.А. Баскаков, Н.Т. Сауранбаев, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов. Н. Оралбаева тағы
басқа.
Күрделі сөздер, солардың бірі ретінде күрделі етістіктерді талдауға
әрекет еткен ғалымдар А.Н. Кононов пен Н.А. Баскаков арнайы күрделі
сөздерге байланысты зерттеу еңбектерін жазбаған,тек оқулықтың талабымен
байланысты пікір айтқан.
Түркі тіл білімінің дамуына белгілі бағыт берген ғалым Н.А. Баскаков та
күрделі сөздерге, әсіресе, күрделі етістіктерге көп көңіл бөлген. Ол
қарақалпақ грамматикасын арнайы зерттеген түбегейлі еңбегінде күрделі
етістік (сложные глаголы) деудің орнына құранды етістік (составные глаголы)
деген терминді қолданған.
Составные глаголы состаят из именни или именной формы глагола и
вспомогательного глагола или связки, например:кул-лык эт- работать, йок эт-
уничтожать.
Сложные глаголы состаят из деепричастия на – а-е или на -ып,-ип,-п
основного глагола спрягимого вспомоготельного глагола, например алып кел
аъкел-приносить, алып кет аъ-кет-уносит демек бұл да А.Н. Кононов
сияқты құрама күрделі етістіктермен аналитикалық форма арқылы жасалынған
етістіктерді күрделі етістіктердің құрамына қосқан.Оның түрік тіліне
байланысты жазған алғашқы оқулығында-ақ күрделі етістікке арнайы беттер
беріп, ондай етістіктердің қолданылатындығын мойындайды. Сложным глаголами
называются глаголы состоя-щие именный или Verbum inpinirum (как правило
это деепри-частие)и вспомогательного глагола. К число сложных глаголов
относятся также и так назперефистические глаголы,-деп көр-сетеді.Бұл
оқулық 1956 жылы толықтырылып,қайта баспадан шығарылды.Онда күрделі
етістіктерді жеке бөлгенімен, оларды аналитикалық түрлер (глаголы
аналитические типа) деп көрсетеді. Қазіргі тәжірибесінде аналитикалық
етістіктерді А.Н. Кононовтан басқаша түсіндіреді. Бірақ А.Н.Кононов
аналитикалық етістіктерді Глаголы образованные аналитическими способом
-это составные (сложные) глаголы, состоящие из имени вспомогательный
глаголы - деп көрсетеді. Келесі бір көлемді еңбегі Өзбек тілі
грамматикасы.Бұл кітапта күрделі етістіктерді бөліп беріп, Сложные
глаголы (или глагола аналитического типология) лексика – синтаксический
комплекс, состаящие из лексической глагола образующий элемент в качестве
которого выс-тупают глагол қиммақэтмоқочень редко делать
белмоқделаться, становиться - деп анықтайды. Демек, Кононов күрделі
етістіктің бар екендігін мойындайды, берілген анықтамалар мен келтірілген
мысалдарды салыстырсақ, онда күрделі етістіктердің екі түрінің бар екенін
мойындаған. Бірінші есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесуімен
келетін (құрама) күрделі етістіктерді, екіншіден, толық мағыналы етістіктер
мен көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалынған етістіктерді
(аналитикалық формалар) күрделі етістік деп есептеген. Алғашқы екі ең-
бектен кейін жарық көрген еңбегінде күрделі етістіктің қосымша бір үшінші
үлгісі ретінде, тұрақты тіркестер арқылы жаса-лынған күрделі етістіктер деп
бөліп көрсеткен.
Соңғы кездерде түрік тілдеріндегі етістіктер туралы да зерттелуінен
басталады. Жалпы тіл білімінің барлық саласы бірдей дамығанымен тіл
білімінің тарихына байланысты ерекше көңіл бөлген және олардың зерттелуіне
игі әсер еткен.Тек 70-жылдардан бастап синхронды грамматика бойынша
ғылыми еңбек жария етіле бастады. Сондықтан Ж.Денидің салған жолынан сәл
ауытқып,жаңа бағытқа бет бұрылған еңбектерде ғана олардың грамматикасында
жаңа терминдер қолданылып, жаңа проблемаларға көңіл бөлген. Солардың бірі
ретінде, күрделі сөздер мен көмекші етістіктермен байланысты әрі күрделі
етістіктер туралы пікір айтылған. Көп уақыттан бері Ж.Денидің еңбегі, тіпті
күні бүгінге дейін, түркі тілшілерінің негізгі оқулығы болып саналған.
Ахмет Биджан Эрджиасун Құдатғу білік дастанының етістіктерін
зерттеген көлемді еңбегін жариялаған. Оның 35 беттік көлемінде күрделі
етістіктерге арнаған. Күрделі етістіктер екіге бөлінеді: 1) бір есім сөз,
екіншісі етістіктен (есім-етістік) құралған күрделі етістіктер; 2) екі
сыңары да етістіктен болған
(ет+етістік) күрделі етістіктер деп бөлген, бірақ күрделі етістіктерге
байланысты теориялық мәселелерге талдау жасамаған.
Бірінші топта ол - (болу),кіІ-(қылу), tut-(тұту) сияқты етістіктен тұратын
күрделі етістіктер туралы айтқан кезде agir bol-milte-ber ol mak (беделді
болу), аdas tut-(dost edinmek ) сияқты фразалық тіркестерге айналған
күрделі етістіктерге тоқталған. Бірінші топтағы күрделі етістіктерге Butan
bol,esen bol,agir kil;et kil,topug kil,adak ur,asig bir,kir dir сияқты
келтіреді.
Екінші топтағы етістік пен етістіктің тіркесуі арқылы күр-делі
етістіктерге ite bir,bolu,barkabin,kite bar,kalu kel деген мысалдар берген.

1. Күрделі етістіктің өзіндік сипаты

Күрделі етістіктер - тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгілі
сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып, күрделі қимылды білдіретін лексикалық
бірліктер. Олардың жасалуы мен беретін мағынасы тіл біліміндегі жалпы
күрделі сөз атауларының теориялық негізіне сай келеді. Күрделі
етістіктердің жасалуы тілдегі туынды сөздердің жасалу заңдылықтарымен
ұштасып жатады, теориялық тұрғыдан да сөзжасамның қасиеттері күрделі
етістіктерден аңғарылады.
Күрделі етістіктің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі,
белгілері бар.
Соңғы кезге дейін күрделі етістік құрамында аналитикалық формалы
етістіктер де (келе сал, айта бер, өте бер, келе бер, жүріп отыр, келе
жатыр ), фразалық тіркестер де (жүрек жұтқан, көз ілмеу, құлақ аспау, көні
кепті, қарны ашты, ойға салды, іші қимады), құранды етістіктер де қызмет
ет,риза қыл,жәрдем қыл, ғашық бол, көмек ет,сәлем айт т.б.), кейде еркін
сөз тіркестері де (күле қарау, жантайып жату, асыға кіру,күлімсірей кіру,
ашулана шықты т.б.) аталып келді.
Қазақ тіл білімінде бұларды бір-бірінен ажырата қарау Н.Оралбаеваның
еңбектерінен басталады.
Күрделі етістік пен аналитикалық формасы тілдің жалпы саласына жатады.
Бірі-сөзжасам нысанасы, екіншісі-морфология нысанасы.Сондықтан тіл
білімінің қазіргі жетістігі бойынша бұрын күрделі етістік саналып жүрген
сөздердің тобынан сөздердің аналитикалық формалы етістіктің бөлініп шығуы
күрделі өзіндік лингвистикалық табиғатын ашып, оның жолдарын көрсетіп
өзіндік белгілерін анықтауға әкелді. Күрделі етістік те екі сөздің
тіркесуінен жасалады. Бір лексикалық мағынаны біл-діреді.Екеуі қосылып жаңа
сапалы туынды күрделі етістікке айналды.
Күрделі етістіктер қазақ тілінің бай лексикалық қабаттарының бірі.
Көне жазба ескерткіштерінде күрделі етістіктің бірен-саран кездесетіні де
байқалады: Буны көру білің.Ofyr gafannin ati mur tar acidf ketti dakir
ketti. Он оқығлыңа татыңа тегі буны көру білің!. Табғarda adyryl ty
қаңлақту.
Келтірілген мысалдардан күрделі етістіктерді жасаушы тірек сыңарлар
көне түркі тілінде аз да болса күрделі етістік жасаушы элемент ретінде
қолданыла бастағаны байқалады. Қазақ ауыз әдебиетінің: эпос, қисса-
дастандар, шешендік сөздер, т.б жанрларында мынадай күрделі етістіктер:
алып келген, еріп келді, қайтып келді, жауып қойған,қашып барды, барып
кірді,кетіп барады, сұрап келді, ертіп апарды, кіріп келді, алып
көрді,іздеп келді, сұрай жетті, әкеп берді, жиылып келді, келіп түсті,
ертіп барып, алып берді, сатып алса, жиып келдім, жылап келді, қағып кетті,
естіп біл, алып қал, ілесіп барсын, жасап бер, тығып қой, арып сал, ашып
көр, ұрлап ал кездеседі.

Мысалы: Атамыз киік аулап кеткен екен,
Анамыздың мезгілі жеткен екен (Ғашықнама)

Қайт дегенге шытынап кете бермей,
Өлеңіңнің түбіне бір барып қайт (Айтыс).
Келе-келе кет,кел, жөнел, қайт сияқты етістіктер тілімізде етістік
жасаудағы белсенді сыңарға айналған.Мысалы: Бір-екі рет Ұлпаннан да бәйге
алып кетті.Бір-екі рет Біжікен де бәйгесін шешесіне әкеліп берді
(Мүсірепов).
Күрделі етістіктің пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Олар
сөзжасамдық заңдылықтарға негізделу нәтижесінде түзілген тұлғалар. Күрделі
етістіктер құрамындағы жеке сөздер сөйлемге дербес мүше болу қасиетінен
айрылып, сыңарлары жеке-жеке емес бір екпінмен айтылып, лексикалану
үрдісінен өту нәтижесінде пайда болған.
Сөз таптарының ішінде етістіктің алатын орны ерекше.Оның қолдану аясы
аса кең әрі мағыналық қорлары өте мол, көне замандардан келе жатқан тілдік
құбылыс. Мысалы, алып кет, беріп кет, кіріп шық, қашып шық т.б.деген
күрделі етістіктер семантикалық жағынан күрделі қимылды білдіреді.
Күрделі етістіктің сөзжасамдық құбылыс болуы оның тілдегі күрделі сөз
атауының жасалу заңдылығына сәйкес болуына байланысты. Осы тұрғыдан
алғанда күрделі сөздердің жасалуына ортақ заңдылық күрделі етістікке де
ортақ.
Күрделі етістіктердің сыңарлары лексикалық мағына беруі үшін бір-
бірімен тіркеседі, екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз
үлесін қосады. Мысалы: алып бар, кіріп шық, алып кел, бара кел, көре
кел, алып қайт, беріп қайт, алып қал, алып көр сиқты күрделі
етістіктерді талдап көрейік.
Осылардың құрамындағы сыңарлардың ешқайсысын қандай да болмасын
грамматикалық мағына беру қызметін атқарып тұр деп дәлелдеуге келмейді.
Бұл күрделі етістіктердің сыңарлары лексикалық мағына жасаушы – сөзжасамдық
тұлға қызметін атқарып тұр. Осы күрделі етістіктің ішінде алып бар
етістігін талдайық. Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы
алудың да, барудың да мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты.
Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, бару қимылына да тең емес,
олардың әрқайсысынан кең мағына. Өйткені, ол – біртұтас қимыл болып
түсінілетін, ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты.
Ол күрделі қимыл екі дара қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан.
Күрделі етістік талданып отырған алып бер етістігі, ал, бар етістігінің
мағыналары жымдасып, кірігіп күрделі қимылды білдіруге көшуі арқылы
жасалған.
Күрделі етістіктің лексикалық мағынасы оның құрамындағы ал
етістігінің сол сияқты бар етістігінің ешқайсысының жеке мағынасына сай
емес.15
Бұлар ұзақ уақыт біртұтас сөз ретінде қолданылып, халық санасында
ол бір қимыл ретінде әбден қалыптасқан. Сондықтан да олардың
кейбіреулерінің сыңарлары - дыбыстық жағынан да бірігіп кеткен.Мысалы, әкел
(алып бер), апар (алып бар), әкет (алып кет). Ал қалған күрделі етістіктер
мұндай дыбыстық жағынан кірігуге жетпегенімен, мағына жағынан тұтастыққа
кірігуге әбден жеткен, сондықтан оларды ешкім екі сөз ретінде
қабылдамайды, бір сөз деп біледі, солай айтады қолданылады. Олардың
қызметтері тілде дара сөздің барлық белгілеріне сәйкес келеді.
Сөйтіп, күрделі етістіктер – лексикалық мағына білдіретін, ең кемі екі
сыңардан жасалған, тілде жеке дербес сөздің қызметін атқаратын лексикалық
бірліктер. Тек күрделі етістіктің сыңарлары дыбыстық жағынан бірігіп
кірікпей, өздерінің ара жігін сақтаған. Бұл күрделі сөздердің сөз
ретінде танылуына кедергі болмайды. Өйткені сөз атаулыға тек қана
дыбыстық тұтастықта болуы керек деген талап қою мүмкін емес. Сөз
таптарының бәрінде де дыбыстық жағынан тұтастығы жоқ күрделі сөздер өте
көп күрделі сөздер тұтас тұрпаты да, бөлек тұрпаты да бола береді.
Күрделі етістіктердің ішінде мысалы аздаған сөздер ғана дыбыстық құрамы
жағынан кірігу дәрежесіне жетіп, қалғандарының ішкі сыңары өздерінің ара
жігін сақтаған. Бұл жағдайды басқа түркі тілдерінен де көруге болады.
Мысалы, сақырып ал, аип кет, киліп кер (башқ); алып чет, тооьтап,
кьал(құм); секирип тюс, услап кер,барып кер,кьыдгырып шык,айналып шыкь,
апарып бер(қарық); айып бер, чабып бар (қараш – балқ);бориб кел, кириб чик,
утиб кет (өзб); туктап кал укып чык,қайтып кит, йөреп кит, алыйп бир, алып
чыг (тат); сатып бер, алып бер, айта бар, ала бар (қырғ.); барып кел, сатып
кел (ноғ) т.б. Бұдан күрделі етістіктің сыңарларының лексикалық мағына
беруші тілдік бірліктер екенін, күрделі етістіктің сөзжасамға жататынын
көруге болады.
Олай болса, күрделі етістіктің құрамы да жасалу жолы да жалпы күрделі
сөздің барлық принцпіне сай. Сондықтан күрделі етістіктің өзіндік
белгілері мынандай:
Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді. Бұлардың
білдіретін күрделі қимыл ұғымы күрделі етістіктердің құрамындағы жеке
қимылдардың мағыналық қолданысынан туады.
Күрделі етістіктегі күрделі қимылдың мағынасы әрбір сыңардың жеке
мағыналарына тең емес. Өйткені ол күрделі етістік жасаушы сыңарлардың
бәрінің мағынасынан жасалып, олардың мағынасы тұтас мағынаға көшіп,
күрделі қимылдың атына айналған. Мысалы,
Адам екен демеңіз!
Түсіріп сау мал бермеңіз.
Қайтып кетсін еліне!
Бірің шығып ермеңіз (Ер-Сайын).
Осындағы қайтып кетсін сияқты күрделі қимыл ұғымын бірнеше жеке қимылдың
кірігуінен қалыптасқан. Бұл – бір күннің нәтижесі емес, ғасырлар бойы
тілдің сөзжасам қабілетінің дамуының жемісі. Күрделі етістіктердің
білдіретін мағынасы санамызда біртұтас қимыл ретінде қалыптасқан,
сыңарлары бір-біріне сәйкестеніп, ыңғайласып құрылады. Содан бір
лексикалық мағына шығады. Солай қабылдаймыз да. Мысалы, ағам тұрып,
шайын ішіп болды ма екен, біліп кел, деп жіберген жолдас жігіт
Әлмағанбет жаңа қайтып келген (Әуезов). Жақында Тәмбай мырзаның
кіресімен қалаға барып қайтып едім. Бір жақсы сыбыс естіп келдім
(Есенберлин). Осында қолданылған біліп кел, қайтып келген, барып қайтып,
естіп келдім сияқты күрделі етістіктер әрқайсысы бір күрделі қимылды
білдіреді. Бұлардың сөйлемде атқарған қызметі тілімізде қолданылып жүрген
жалаң етістіктер секілді. Осы сөйлемдерде күрделі етістіктердің бәрі де
сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ал олар бір лексикалық
мағына беретін сөз болғандықтан сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп
тұр. Дара етістіктер бір сұраққа жауап берсе, күрделі етістіктерде
сондай бір сұраққа жауап беріп, бір сөздің қызметін атқарады. Өйткені
күрделі етістіктердің құрамында неше сөз болса да олар бір сөз жасап
тұрған морфемалар. Бір сөзде бір ғана лексикалық мағына болуға тиіс.
Бұл жалпы заңдылық. Күрделі етістіктің бір лексикалық мағынасы болмаса,
оның сыңарларының әрқайсысы өзінше дербес мағына беріп, жеке-жеке
сұраққа жауап берсе ол күрделі етістік емес, сөз тіркесі болар еді.
Мысалы: ол қарқылдап күлді дегендегі қарқылдап күлді деген сөз
тіркесінің әр сыңары қалай күлді? Ол не істеді? деген сияқты әртүрлі
сұрақтарға жауап беріп тұр. Сондықтан бұл күрделі етістікке жатпайды
сөз тіркесі ғана
Күрделі етістіктер білдіретін күрделі қимыл ішкі мағыналық құрамы
жағынан:
а) бірінен кейін бірі жасалатын екі қимылдан тұрады: біліп кет,
кіріп шық, біліп шық, әкеп бер.
ә) әр мезгілде жасалатын қимылдан тұрады. Мысалы, шаба жөнелісті,
жетіп келді.
Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналық етістіктерден
жасалады. Сондықтан құрамындағы сыңарлары мағына жағынан тең болады.
Ұлпан сары жез самаурынды көтеріп, далаға шығып кетті (Мүсірепов). Үйіне
қайтып келді де, қасқыр көрпені айқара жамылып жатып қалды. Осы
мысалдардағы шығып кетті, қайтып келді деген күрделі етістіктіктердің
құрамындағы сыңарлары-мағыналары тең етістіктер. Сондықтан да олардың
әрқайсысы біртұтас күрделі қимылдың белгілі бір бөлігін білдіреді.
Күрделі етістіктердің білдіретін мағынасы адам санасында біртұтас қимыл
ретінде танылып, біртұтас қимыл ретінде қалыптасқан. Сондықтан ол неше
сыңардан жасалса да, бір лексикалық мағына деп түсініледі, бір қимыл
ретінде қабылданады. Мысалы, Кәлен болыс аулына қашып келген жылқышы
жігітпен Еламан мен Райды кемемен Қазалыға жөнелтіп жібергенін есітті.

(Нүрпейісов).
Күрделі қимылды бір қимыл деп тану керек, оның мәні шектеуге
келмейді. Сондықтан да күрделі етістік білдіретін мағына біртұтас
лексикалық мағына болады. Ал осы біртұтас лексикалық мағына оның
құрамындағы алғашқы дербес мағыналы етістіктердің мағынасының кірігіп
жымдасуынан, абстракцияланып біртұтас лексикалық мағынаға көшуінен
жасалған.
Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол барлық дербес сөздер
сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Оның құрамындағы
сыңарлары сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспейді,
жеке-жеке сөйлем мүшесі болмайды. Біртұтас бірлік ретінде бір сөйлем мүшесі
болады. Өйткені ол - бір сөз. Мысалы, Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды
да, атына мініп кетті (Әуезов). Мен Кенжесінің нақсүйері едім ғой, азын-
аулақ еншімді бөліп берсін (Сонда).
Ағаның қарлығашы інісіне, Ақ қанат періште болып ұшып жеткен
(М.Мақатаев). Дайыр түні бойы қашқындарды алып кеткен қайықшыны тосумен
болды (Әуезов).
Жоғарыдағы мысалдардан күрделі етістіктердің сөйлемнің барлық
мүшелері бола алатындығын байқаймыз. Бұл қасиет жалпы күрделі сөзге тән.
Олай болса, бұл күрделі етістіктердің де соған жататындығын дәлелдей
түседі.
Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді, сөз
түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң, оның соңғы сыңарына
жалғанады. Мысалы, мына бір жоба кестеден көруге болады. Кел- тірек
сыңарымен келген күрделі етістікті алдық.

Күрделі етістік Оған қосылатын қосымша

Ауыспалы Байланыс-тыру
Сыңар шы Тірек сыңар жұрнақ жалғау
элемент
Ал -ып Кел -гіз -іңіз


Күрделі етістіктердің сыңарларының арасында басқа сөздер тұра
алмайды. Мысалы, келіп кірді, жүріп кеткен, қайтып берді - күрделі
баяндауыштар, күрделі қимылдың бір мезгілде, жалғасы болғанын баяндап тұр.
Күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уақытта бір құрамда қолданылады,
оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды, олар инверсияға түспейді: алып
кет, жүріп кет, көріп кел, жүріп кел, жазып бер, сатып бер, қайтып ал,
сұрап ал, айта бер, ала бер т.б.
Тіліміздегі күрделі сөздер бір ғана екпінге ие болады. Мысалы, қара
ала, қырық буын (өсімдік), келіп кет, алып бер т.б. Бұл да күрделі
етістіктің негізгі қасиеті, белгісі болып саналады.
Күрделі етістіктің құрылымы жағынан оның сыңарлары негізгі түбірлер
де, туынды және біріккен түбірлер бола береді. Бұларды құрылымы жағынан
өзіне ұқсас күрделі тілдік құбылыстардан ерекшелейтін негізгі белгісі-
лексикалық бірлік ретінде күрделі қимылды білдіреді. Күрделі қимыл адам
санасында біртұтас қимыл ретінде қабылданып, бір қимыл ұғымын білдіреді.
Мысалы, Өлдім-талдым дегенде, бір бұзаулы сиыр бермек боп бүкірді алып
қайтқан(Ж.Аймауытов). Осындағы алып қайтқан күрделі қимылды білдіретін,
лексикалық бірлік, бір уақытта жасалатын бір тұтас қимыл іштей екі
кезеңнен тұрады: біріншісі - алу, екіншісі - қайту. Кітапты басынан аяғына
дейін бір қарап шықты(Сонда). Соңғы мысалдағы Қарап шықты-аналитикалық
формалы етістік, себебі, негізгі мағына қара етістігінде де, -п шықты
грамматикалық мағына береді.
Күрделі етістіктер көне замандардан бері әбден қалыптасқан
заңдылықтар бойынша жасалады. Күрделі етістіктер белгілі модальдар (үлгі)
арқылы түзілген. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын модель:
етістік+көсемшенің жұрнағы+етістік.
Күрделі етістік жасайтын сыңарлардың сөзжасамдық қызметі әр түрлі,
өйткені күрделі етістіктің құрамына кіретін сыңалардың қызметінде өзіндік
ерекшелік бар.
Қазақ тіліндегі күрделі етістіктерге жасалған талдау күрделі
етістіктердің соңғы сыңары ретінде тілде бір топ етістіктер ғана
қолданылады, ал олардың алғашқы сыңары түрлі етістіктерден бола береді:
Мысалы, алып келді, көріп келді,айтып келді,байқап келді,беріп келді, біліп
келді, бітіріп келді қарап келді т.б.
Келтірілген күрделі етістіктердің алғашқы сыңары өзгеріп отыр, ал
соңғы сыңары олардың бәрінде қайталанады. Соңғы сыңарда қайталанатын
етістіктердің саны да аумағы да белгілі, ондай етістіктер тілде 20 шақты.
Бұлар күрделі етістік жасаушы етістіктер. Олар түрлі етістіктерге тіркесіп,
күрделі етістік жасайды.
Етістіктердің бір-бірімен тіркесуі, өзара байланысуы қалай болса
солай емес, белгілі бір тәсілдер, тілдің грамматикалық жүйесінде
қалыптасып, орныққан заңдылықтары бойынша іске асады.
Күрделі етістіктердің сыңарларын өзара байланыстыратын көсемше де
күрделі етістік мағынасының қалыптасуына өзіндік үлес қосты.
Күрделі етістіктің құрамындағы сыңарлар бірімен-бірі үне-мі көсемше
арқылы байланысады.Олар көсемшенің –ып, -іп, -п, -а, -е,-й қосымшалары.
Көсемше сөйлемдегі негізгі қимылдың қалай жасалғанын білдіретін сөз.
Көсемшенің осы қасиеті оның басқа етістіктердің алдынан тіркесуін
қалыптастырған. Мысалы, Бұрынғы дағдысындай кейде суырылып, кейде
сапылдай сөйлеп кетті (Әуезов).
Көсемшенің негізгі қызметі оның өзінен соң етістік тұруын
қалайды.Себебі,ол қимылды сипаттайды, пысықтайды. Мысалы, күле кірді,
сөйлей кірді, ашуланып кірді, т.б. Осы сияқты байланысқа түскен көсемшенің
негізгі етістіктің алдынан келіп тіркесуі оның етістік сөз тіркесін
туғызған. Бұл тіркестерде бір негізгі қимылды түрліше сипаттап көрсетіп
тұр.
Осы нұсқадағы секілді тіркестер ұзақ уақыт жиі қолданыла келе
етістікке көшкен. Келе-келе көсемше байланыстырушы элементке айналған.
Сақыш мені іздеп келді (Есенберлин). Ауылдар жазғытұрым қонатынүйлеріне
көшіп келді(Мүсірепов)
Осы мысалдардағы күрделі етістік бірімен-бірі –ып, -іпжәне –й элементі
арқылы байланысып тұр.
Тілімізде тірек сыңар арқылы жасалған күрделі етістіктердің жалпы
саны 2000-ға жуық.Мұның өзі тірек сыңардың күрделі етістік жасауда өнімді
қызмет атқаратынын көрсетеді және күрделі етістік жасаудағы ерекшелігіне
қарай тірек сыңарлар өте өнімді, өнімді, өнімсіз деп үшке бөлінеді.
Өте өнімді тірек сыңарларға кел, кет, қайт, шық, ал, бер сияқтылар
жатады. Өте өнімді тірек сыңарлар түрлі семантикалық топтағы етістіктерден
күрделі етістік жасайды. Сондықтан олардың сөзжасам мүмкіндігі мол,
солардың қатысуымен тілімізде өте күрделі етістік жасалған.
Өнімді тірек сыңар болатын етістіктерге: таста, өт, әкел, әкет,
жібер, қой, бар, жөнел, қал етістіктері жатады. Бұл топтағы тірек сыңарлар
сөзжасам аясы біріншімен салыстырғанда аздау. Ал, үшінші топтағы тірек
сыңарлары өнімсіз түрге жатады. Оған мына етістіктер кіреді:түс,кір, қаш,
бер, қара. Соның өзінде тірек сыңарлардың кейбіреулері 30-дай, кем дегенде
10-ға дейін күрделі етістік жасаған.
Тірек сыңар болатын етістіктердің мынандай ерекшеліктері бар. 1)
Тірек сыңар болатын етістіктер-көне замандардан бері келе жатқан байырғы
сөздер.
Зарланған Шахзаданың даусын естіп,
Есіктен кірді келіп төкті жасты.
Бейшара ата-анасы жетіп келіп,
Баласын халі мүшкіл көрді дейді. (Ғашықнаме).
2)Тірек сыңар болатын етістіктер-жалпы мағыналы сөздер. Бұлардың тірек
сыңарға айналуына жалпы мағынасы себеп болған деп ойлаймыз. Басқа
етістіктермен салыстырғанда, тірек сыңар болатын етістіктердің жалпылық
қасиеті күшті, мысалы, бар, сөйле, сана, күл етістіктерімен салыстырсақ,
соңғы етістіктердің деректілік мағынасы басым екені көрінеді.
3)Тіліміздегі күрделі етістік жасайтын тірек сыңар болатын
етістіктердің тағы бір ерекшелігі олар негізгі түбір етістіктер болып
табылады.: ал, бер, кел, қайт, қал, кір қой, жөнел, жібер, өт, таста, түс,
шық тағы басқа.
4)Тірек сыңар күрделі етістікке аяқтауыш сыңар элемент болып саналады,
сондықтан сөйлемде сөз түрлендіруші қосымшалар тірек сыңарға қосылады.
Мысалы, Ол келіп кетті (С.Мұқанов)29.
5)Тірек сыңардың мағынасы ол арқылы жасалған барлық күрделі етістікте
мағына байланыстылығын туғызады. Мысалы, көріп кел, жазып ал, жасап
ал,қарап ал,сұрап ал сияқты күрделі етістіктердің бәрінде алу тірек сыңары
арқылы туатын мағына олардың мағына байланыстылығын туғызып тұр. Мысалы,
Қараған деген шілік бар, қазып аласыңдар да төсек етесіңдер (Ғ.М).
6)Күрделі етістіктердің тірек сыңарлары бірнеше күрделі етістіктердің
жасалуына қызмет етеді, олардың бәріне ортақ болады:жұлып таста, алып
таста, бөліп таста, лақтырып таста т.б.
7)Күрделі етістіктің тірек сыңары тілде күрделі етістік жасаушы негізгі
нұсқа. Оның қызметі сөзжасамның синтетикалық тәсіліндегі сөзжасамдық
жұрнақтың қызметімен сәйкес келеді. Етістік сөзжасамында синтетикалық
тәсілде сөзжасаушы нұсқа тірек сыңар қызметін атқаратын етістіктер.
8)Тірек сыңар болатын етістіктер төмендегідей екі мағыналық топты құрайды.
А)амал-әрекет: ал, бер, қара, таста, қой, Жұртқа көмір немесе сексеуіл тиеп
береміз.(Қанахин).
ә)қимыл-қозғалыс: бар, әкел, кел, әкет, кет, кір, жөнел, қайт, жібер, қаш,
өт т.б.

Күрделі етістік өзіндік белгілерін көрсетіп оның сөздің танылу белгілеріне
сәйкестігін анықтау керек.

1. Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы: Осы кезде
шай жиылған және Мағаштың әлдебір кезде ағам тұрып, шайын болды ма
екен,біліп кет ,-деп жіберген жолдас жігіті, жас әнші Әлмағамбет
жаңа қайтып келген (М. Әуезов). Жақында Тәмбай мырзаның кіресімен
қалаға барып қайтып едім, бір жақсы сыбыс естіп келдім (І.
Есенберлин). Ызалы жігіттер сыртқа жүгіріп шыққалы оқтала бергенде
аржағынан бір топ кісі сау етіп кіріп келді (Ә. Нұрпейісов). Осында
қолданылған біліп кел, айтып келген,барып қайтып , естіп келдім, кіріп
келді сияқты күрделі етістіктер әрқайсысы бір күрделі қимылды
білдіреді. Дара етістіктер қалай бір сұраққа жауап беріп тұрса,
күрделі етістіктер солай бір сұраққа жауап беріп тұр. Күрделі
етістіктер құрамында қаншама сөз болса да олар бір сөз жасап тұрған
морфемалар. Егер күрделі етістіктің бір лексикалық мағынасы болмаса,
оның сыңарлары әрқайсысы өзінен дербес мағына беріп, жеке-жеке сұраққа
жауап берсе, ол күрделі етістік емес сөз тіркесі болады . Мысалы: Ол
қарқылдап күлді, десек қалай күлді? не істеді?деген сияқты сұрақтарға
жауап береді.
2. Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден
жасалады. Сондықтан олардың құрамындағы сыңарлары мағына жағы-нан тең
болады. Мысалы: Ұлпан сары жез самауырды көтеріп далаға шығып кетті
(Ғ.Мүсірепов). Үйіне қайтып келді де қасқыр көрпені айқара жамылып
жатып қалды (Ғ.Мүсірепов). Бұл оны итеріп тастады да, ішке кіріп барды
(Ә. Нүрпейісов). Осы келтірілген мысалдардағы шығып кетті,
қайтып келді, кіріп барды деген күрделі етістіктердің құрамындағы
сыңарлары мағыналары тең етістіктер.
3. Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол барлық дербес сөздер
сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Оның құрамындағы
сөздер басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспейді, жеке - жеке
сөйлем мүшесі болмайды, бір ғана сөйлем мүшесі болады. Өйткені, ол-
бір сөз. Мысалы: Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды да, атына мініп
кетті (М.Әуезов). Кенженің нақсүйері едім ғой, азын-аулақ еншімді
бөліп берсін (М.Әуезов).
Оңалмай жүргенімді ісім көптен,
Шағымда сағым сынып, күшім кеткен.
Ағаның қарлығашы інісіне,
Ақ қанат періште боп ұшып жеткен (М.Мақатаев).
Бұл мысалдардан күрделі етістіктің сөйлемнің барлық мүшесі
болатындығын көреміз. Бұл қасиет күрделі сөзге тән. Олай болса күрделі
етістіктің соған жататынын дәлелдей түседі.
4. Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді. Сөз
түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң жалғанады.

5. Күрделі етістіктің сыңарларының арасында басқа сөздер тұра алмайды.
Мысалы, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп еді (Ғ.Мүсірепов).
Сатыпалды ертеңіне атпен ферма орталығына жүріп кеткен (Қ. Жұмаділов).
Бүркіт браунигті қайтып берді (І. Есенберлин). Келіп кірлі, жүріп
кеткен, қайтып берді-күрделі баяндауыштар. Күрделі етістік бір
сөзжасам арқылы жасалған сөз болғандықтан, оның сыңарлары бір сөзді
жасаушы құрал болған соң, бір сөздің ортасын жарып қосымша қосылу
сияқты заңдылық тілімізде жоқ. Сондықтан күрделі етістіктің арасына
басқа сөз кіре алмайды.
6. Күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уақытта бір құрамда қолданылады,
оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. Олар инверсияға түспейді:
алып кет, жүріп кет, беріп қайт, көріп кел, жазып бер, сатып бер,
айтып ал, сұрап ал, айта бар, ала бар т.б. Мысалы: Кабинетке әнеукүнгі
әдемі хатшы қыз бірге еріп келген (І. Есенберлин). Шеген театр
маңайын екі рет айналып келді (Ғ. Мүсірепов).
7. Күрделі етістікке бір ғана екпін түседі, ол түсінікті. Бұл да сөздің
қасиетімен байланысты, тілде бір сөзге бір екпін түседі. Мысалы: бала,
базар, кел, айт, малшы, сулы, көрме тағы басқа. Сол сияқты күрделі
етістік те бір екпінмен айтылады. Мысалы: қара ала, қырық буын
(өсімдік), келіп кет, алып бер т.б. Бұл да күрделі етістіктің негізгі
қасиеті, белгісі болып саналады. Мысалы: Бір уақыттаүлкен үйдің қара
ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі (М. Әуезов). Ал
алқапты сүйредік, қырықбуын, ебелек, аңқаудан басты (С.
Мәуленов).

1.3. Күрделі етістіктің аналитикалық формалы етістіктен айырмасы

Аналитикалық формалы етістік тіл білімінде ұзақ уақыт бойы күрделі
етістік деп саналып келді, олардың бұл сыртқы ұқсастығы зерттеушілердің
назарын өзіне аударып, ішкі ерекшелігінің назардан тыс қалуына және тіл
білімінде сөздің аналитикалық формасы тек аналитикалық тілдерге ғана қа-
тысты деген пікірдің үстемдік алуына байланысты болған. Қазір тюркологияда
күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістік дамуы жағынан тілде екі
түрлі сатыда тұрғаны, қолданылу мақсаты да, тілде атқаратын қызметі де
басқа-басқа құбылыстар екені дәлелденген. Аналитикалық формалы етістіктер
мен күрделі етістіктердің мынадай ұқсастықтары бар: 1) екеуі де ең кемі екі
сыңардан тұрады: келіп кет\ті\, күйіп ке\ті\, 2) екеуінің де құрамындағы
сыңарларының дыбыстық құрамы дербес сөз қалпында : кіріп шық,оқып шық, 3)
екеуінің де сыңарлары бір-бірімен көсемше арқылы байланысады:келе кет,
жығыла кет,алып келеді, өсіп келеді, 4) екеуінің де сыңары бөлек жазылады:
барып қайт, жылап жіберді, 5) екеуі де сөйлемнің бір мүшесі болады,
6) екеуінің де сөйлемдегі басқа сөздермен сөз тіркесін жасауда айырмасы
жоқ.
Салыстырып отырған бұл екі объектінің екеуі де екі сыңардан
құралғанымен,айырма осы екі сыңарлардың сапасында.Күрделі сөздің
компоненттері толық мағыналы сөздер болса, аналитикалық формалы сөздің
құрамындағы сыңарлары толық мағыналы сөз бен көмекші сөзден тұрады.
Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарларының бірдей қатысады.
Бұлардың да құрамындағы сыңарлары – толық мағыналы етістіктер. Күрделі
етістіктер оның құрамындағы жеке сыңарларының мағынасының жиынтығынан
жасалған бір күрделі қимылды білдіреді.
Күрделі етістіктің құрамындағы жеке сыңарлары күрделі қимылдың белгілі
бөлімін білдіреді деуге болады. Әдетте күрделі етістіктің бірінші сыңары
күрделі қимылдың алғашқы бөлімін, екінші сыңары оның соңғы бөлімін
білдіреді. Мысалы, барып кел күрделі бір қимылды білдірсе,ол қимыл екі
бөлімнен тұрады,яғни алдымен бару қимылы жасалады, іле-шала келу қимылы
жасалады,бұл – бір кеңістікке екі бағытта жасалатын бір қимылдың
кесінділері. Оны былайша көрсетуге болады.

А---------------------------------- --------
----------------------------------- --------Б
Күрделі етістіктің сыңарлары бірінен соң бірі жасалатын екі қимылды
білдірсе, ондай сыңарларды құрмалас сөйлемнің дара баяндауышы ретінде
алып, сол ойды сақтауға болады. Үйге кітапты алып қайт, кітапты алып, үйге
қайт. Ыдысты үйге алып бар, гүлді алып бер, гүлді алып, маған бер.
Келгеніңді жазып кет, келгеніңді жазып, үйіңе кет.
Бұл келтірілген мысалдардан француз ғалымы А.Мейенің күрделі сөздер
бағыныңқы сөйлемді қолданбауға мүмкіндік бе-реді деп санауы дұрыс екенін
көреміз.
Ал аналитикалық формалы етістіктің құрамындағы сыңарларын бөліп, оның
әрқайсысын құрмалас сөйлемнің жай сөйлем-дерінің баяндауышы етіп, сол
мағынаны сақтау мүмкін емес, өйткені оның соңғы сыңарының лексикалық
мағынасы жоқ, сондықтан ол жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды.
Күрделі етістіктің сыңарлары бір мезгілде болатын қимылды да
білдіреді: қуып жібер,лақтырып таста, сөйлей отыр, біле жүр, айтып бар т.б.
Ал аналитикалық формалы етістік болса, тең емес сыңарлардан
құралады да, оның екінші сыңары лексикалық мағынасынан айрылған сөз
болғандықтан, онда күрделі етістіктегідей бірінен кейін бірі немесе қатар,
бір мезгілде болатын екі қимыл туралы сөз болмайды,онда дербес етістік
білдіретін бір қимыл туралы айтылады,бір ғана лексикалық мағына болады.
Мысалы, айта сал,дегенде тек айту қимылы ғана бар,яғни онда айту
етістігінің ғана лексикалық мағынасы бар.Бұрын зерттеушілер мұндай
аналитикалық формалы етістіктерді күрделі етістікке жатқызғандықтан,
күрделі етістікті екіге бөлуге мәжбүр болған:
1) тең сыңардан, 2) тең емес сыңарлардан жасалған күрделі етістер.
Зерттеушілер бұл тіл фактілерінің айырмасы барын көрген, бірақ
олардың сол айырмасына қарай әрқайсысын өз орнына қойып тілдегі екі түрлі
құбылыс деген дәрежеде танымаған.
Күрделі етістіктің ортақ сыңарларының абстракциялануы-нан ол
лексикалық мағынасынан айрылған,бұл оның сыңарларының мағына теңдігін
жойып, оны күрделі етістік қатарынан шығарып,аналитикалық формалы
етістікке айналдырған.Аналитикалық формалы етістік пен күрделі етістіктің
тең я тең емес сыңарлардан жасалуы – негізгі айырмашылығы, оларды
ажырататын белгі.
Етістіктің аналитикалық формасы мен күрделі етістіктің сыңарлары түрлі
қызмет атқарады.
Аналитикалық формалы етістіктің бірінші сыңары лексикалық мағына
береді, екінші сыңары оған грамматикалық мағына қосады. Күрделі сөздің
құрамындағы сыңарлары сол сөздің лексикалық мағынасын жасайды. Күрделі
етістік пен аналитикалық формалы етістіктің тағы бір айырмасын мына
схемадан байқауға болады:


Лексикалық мағына Грамматикалық мағына
Күрделі етіс-тік айтып бар
Аналитикалық
формалы етіс-тік
айт -а сал

Күрделі етістіктің сыңарлары дара қолданылғанда да, күрделі
етістіктердің құрамында да бір мағынаны білдіреді.
Мысалы, алып кел деген күрделі етістіктің сыңарлары дара, ал, кел
етістіктерінен басқа деп айтуға келмейді. Ал, кел дара қимылды
білдірсе, алып кел дегенде олар бірінен соң бірі ілешала жасалатын бір
күрделі қимылды білдіреді де, өз мағыналарын сақтайды:алып кел – барып
кел, көріп кел,беріп кел, айтып кел немесе сатып ал, сұрап ал т.б.
Аналитикалық формалы етістікте күрделі етістіктің сыңарларының бүкіл
ерекшелігі жоқ. Мысалы, оның оқығысы келеді, ол оқи алады дегендегі кел, ал
сыңарларының мағынасы мен жоғарыда келтірілген күрделі етістіктің
сыңарындағы мағынасына ешбір ұқсастығы жоқ. Аналитикалық формалы етістік
өзінің екінші сыңарының абстракты мағынасы арқылы оған ұқсас күрделі
етістіктен ажыратылады.
Күрделі етістік тілде сөз жасау тәсіліне жатады, аналитикалық формант
сөз түрлендіруші морфемалардың қатарында тілдегі түрлі грамматикалық
категориялардың көрсеткіші болып табылады. Етістіктің барлық аналитикалық
форманты етістіктің түрлі грамматикалық категорияларынан орын алады да,
сол ка-тегорияларға жататын аналитикалық формалы сөз жасайды. Мысалы,
алып кел, алып бар, алып шық сияқты күрделі етістіктер – тілдегі
лексикалық единицалар,олар ешбір грамматикалық категорияның формасы емес.
Ал келсе игі еді, келсе екен, келгім келеді сияқты аналитикалық
формалы етістіктер қалау рай мен модальдылық категориялардың аналитикалық
формасында тұр.Сол сияқты оқып жүр, оқып тұр, оқып жатыр дегендегі
аналитикалық формада тұрған оқы етістігі етістіктің шақ категориясының
аналитикалық формасында тұр. Осыны оқи алады, оқи алмайды сияқты
аналитикалық формаға ауыстырсақ, ол етістік модальдылық категорияның
аналитикалық формасына көшеді. Бұл етістіктен оқи бер, оқи сал, оқып
жібер сияқты аналитикалық форма жасаса, ол қимылдың өтуін,барысын
білдіретін,қимылдың өту сипаты категориясына ауысты. Қорыта
келгенде,күрделі етістіктер тілдегі лексикалық единицалар болса,
аналитикалық формалы етістіктер – етістік категорияларының формасында
қолданылған сөздер.
Күрделі етістік, барлық басқа түбірлер сияқты, грамматикалық мағына
беретін көрсеткіштерді өзінің соңғы сыңарынан соң қабылдайды: алып келгіз,
алып келсе, алып келме, алып келгісі келеді, алып келіп еді,алып келе
береді,алып кел-е сал т.б.
Аналитикалық етістіктің жағдайы басқаша.Мұнда етістіктің
аналитикалық формасын жасайтын аналитикалық формант сөз түрлендіруші
басқа қосымша сөзден қандай орын алса, ол да сондай орын алады.
Күрделі етістіктің соңғы сыңарынан соң жалғанатын етіс жұрнақтары
аналитикалық форманттың алдынан, түбірден соң тіркеседі: айтқыза салу,
оқыта беру, оқыта бер, жуына қой т.б.
Сол сияқты барлық сөз тудырушы жұрнақтар аналитикалық форманттан
бұрын орналасады: кездей бер, жас-ар-а бер, өзге-р-е сал, жылы-н-а қой т.б.

ТҰЖЫРЫМ

Сөз таптарының ішінде етістіктің алатын орны ерекше. Ол қолданылу аясы
аса кең әрі мағыналық қырлары өте мол көне замандардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістік категориялары
Сабақты және салт етістіктер
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Пәндер