Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3

І. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы, қызметтері.
1.1. Коммерциялық банктер рыноктың экономикалық субъектiсi ретiнде ... ... 5
1.2. Банктің басқару құрылымы ... ... . 6

ІІ. Қазақстан Ресубликасындағы жетекші банктерінің іс.әрекеттері (қазіргі кездегі жағдайын талдау).
2.1. Қазкоммерцбанктің қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.2. ТұранӘлем Банкінің нарықтағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.3. Халық Банкі және оның жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің іс.әрекетін жетілдіру бағыттары.
3.1. Комерциялық банктің басқару құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2. Комерциялық жаңа өнім шығаруын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және комерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар комерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарында коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
“Коммерциялық банк ” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында “коммерциялық банк ” деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің “коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын жоғалтты. Ол банктің “іскер” деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер-нарық экономикасында қаржылық операциялармен қызмет көрсететін неиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Өнеркәсіптің дамуы барысында банктердің жаңа қызмет түрлері дами бастады. Бұл, ең алдымен, өндірістік циклды қысқа мерзімді несиелеумен байланысты банктердің операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикізат және матирал қорын жасауға, дайын өнім мен бұйымдарға, еңбекақы төлеуге ссуда беру кеңінен қолданыла бастады. Бірте-бірте несиелеу мерзімдері ұзара түсті, капиталды ұзақ мерзімдерге салу үрдісі байқала түсті. Сондықтан банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капиталға, бағалы қағаздарға және басқа да активтерге салым жасау үшін қолданыла бастады. Бұл жағдайлардың барлығы да “коммерциялық банк” терминінің бастапқы мәнінің жоғалуына алып келді. Бүгінде “коммерциялық банк” термині мүлде басқа мәнге ие болып, оның “іскерлік” сипатын білдіреді, яғни қазіргі коммерциялық банктер рынок субъектілеріне қызмет жасау түріне қарамастан барлығына бірдей қызмет көрсетеді. “Банк” ұғымына Қазақстан Республикасының Заңында төмендегідей анықтама береді:
1. Сайт Казахстанской фондовой биржи KASE www.kase.kz

2. Сайт департамента регулирования РЦБ НБ РК www.nsc.kz

3. Б.Көшенова. Ақша. Несие. Банк. Оқу құралы. Алматы. Экономика.1999.

4. Ільясов М .Құлпыбаев Р. Қаржы. Алматы. Экономика. 2003 ж.

5. Семь задач для финансистов: Тезисы выступлений на IV конгрессе финансистов Президента РК Н. Назарбаева и Президента Всемирного Банка Д. Вултенсона/ А. Донских //Казахстанская правда. - Астана, 2004. - 16 нояб. - С. 1, 2.

6. Казахстана на 2002-2004 годы: утв. Постановлением Правления Национального Банка РК №518 от 08.12.01 // Банки Казахстана. - 2001. - №12. - С. 9-12.

7. Егемен Қазақстан 2005 жыл: Қ. Р. Коммерциялық банктер. // № 9 – Б. 4-5

8. www. kkb. kz Copyright © 01.11.2005, "Қазкоммерцбанк" АҚ.
«БИЗНЕС LIGHTS-3» Қанат Тоқабаев, ҚазАқпарат, 06.11.2006ж., Астана

9. www. bta. kz "ТұранӘлем Банкі" "акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы Мекен-жайы : Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52"Б" Веб-сайты: www.ipoteka.kz 2007 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ақпарат

10. www. halykbank. kz. Халық банкінің баспасөз қызметі Исабаева А., тел: 2 590 000, іш.1498 Создание и поддержка сайта: ТОО «Time Line»

11. Сейтқасымов. Ақша. Несие. Банк. Оқу құралы. Экономика Алматы 2004ж.

12. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2006. №182-II);

13. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2005. №179-II);

14. Ұлттық Банктің Қаулысы «екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының минималды мөлшері» 02. 06. 2006. №192;
-30-
15. Қалғұлова Р. Ж. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп –Алматы, 2005;

16. Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – М: «Финансы и статистика». 2006

17. Словарь банковских и финансово-экономических терминов Под ред. Н. К. Мамырова.- Алматы: Экономика, 1999

18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Хабаршысы

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Статистикалық Бюллетень

20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Экономикалық шолу

21. Қазақстан Республикасының «Банки Казахстана»

22. «Деловая неделя» №5,8,16, 2005-2006ж.

23. Қазақстан Ұлттық банкі туралы “ Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155

24. Егемен Қазақстан “Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері” 2006 ж. №8. 17-21 беттер

25. Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» Қазақстан президентінің елге жолдауы. Алматы, 2003

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы, қызметтері.
1.1. Коммерциялық банктер рыноктың экономикалық субъектiсi ретiнде ... ...
5
1.2. Банктің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 6
1.3. Банктердің атқаратын қызметтері Басқа да қаржылық қызметтер (лизинг,
      факторинг, траст, кеңес беру,
 ақпараттық) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ. Қазақстан Республикасындағы жетекші банктерінің іс-әрекеттері (қазіргі
      кездегі жағдайын талдау).
2.1. Қазкоммерцбанктің қаржылық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14

2.2. ТұранӘлем Банкінің нарықтағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2.3. Халық Банкі және оның
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің іс-әрекетін
      жетілдіру бағыттары.
3.1. Комерциялық банктің басқару құрылымын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. . 24
3.2. Комерциялық жаңа өнім шығаруын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 26

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 29

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 30

Кіріспе.

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және комерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар комерциялық, кооперативтік
және жеке банктер, банктік заңдылықтарында коммерциялық банктер деген жалпы
атпен біріктіріледі.
“Коммерциялық банк ” термині банк ісінің ертеректегі даму
кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне
қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер
болған (міне осында “коммерциялық банк ” деген атауға ие болды). Бірақ
өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де
сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің “коммерциялық” деген
атауы бастапқы мағынасын жоғалтты. Ол банктің “іскер” деген сипатын
білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық
банктер-нарық экономикасында қаржылық операциялармен қызмет көрсететін
неиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Өнеркәсіптің дамуы барысында банктердің жаңа қызмет түрлері дами
бастады. Бұл, ең алдымен, өндірістік циклды қысқа мерзімді несиелеумен
байланысты банктердің операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикізат
және матирал қорын жасауға, дайын өнім мен бұйымдарға, еңбекақы төлеуге
ссуда беру кеңінен қолданыла бастады. Бірте-бірте несиелеу мерзімдері ұзара
түсті, капиталды ұзақ мерзімдерге салу үрдісі байқала түсті. Сондықтан банк
ресурстарының бір бөлігі негізгі капиталға, бағалы қағаздарға және басқа да
активтерге салым жасау үшін қолданыла бастады. Бұл жағдайлардың барлығы да
“коммерциялық банк” терминінің бастапқы мәнінің жоғалуына алып келді.
Бүгінде “коммерциялық банк” термині мүлде басқа мәнге ие болып, оның
“іскерлік” сипатын білдіреді, яғни қазіргі коммерциялық банктер рынок
субъектілеріне қызмет жасау түріне қарамастан барлығына бірдей қызмет
көрсетеді. “Банк” ұғымына Қазақстан Республикасының Заңында төмендегідей
анықтама береді:
Банк – Қазақстан Республикасының “Банктер және банк қызметі” туралы
Заң күші бар Жарлығына сәйкес, банк қызметін жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ресми мәртебесі банкті ашуға Ұлттық банктің берген
рұқсатымен, заңды тұлғаны әділет Министрлігінде банк ретінде мемлекеттік
тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банкінің лицензиясы
болумен белгіленеді.
Коммерциялық банктер мемлекеттің несие жүйесінде үлкен рөль
атқарады. Олар ссуда капиталы рыногындағы әртүрлі секторларда қызмет ететін
ерекше кәсіпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының
басым бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне қызметтердің бірнеше түрлерін
(несие беру, салымдарды қабылдау, есептік қызметтер көрсету, бағалы
қағаздар
-3-
мен валютаны сату және сатып алу және т.б.) көрсетеді. Бүгінгі таңда
коммерциялық банктер клиенттерге екі жүзге жуық қызмет түрлерін ұсына
алады. Клиенттерге коммерциялық банктердің ақы негізінде көрсететін
қызметтерін жүзеге асыруына байланысты жүргізетін операциялардың дәстүрлі
және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлі емес формалары пайда
болуда. Осыған байланысты банк қызметтерінің “коммерциялық” сипаты артуда.
Екінші денгейлі банктердің басқа да құрылымдардан ерекшелігі,
олардың қызметінің басты мақсаты – пайда болып табылады (нарықтық
қатынастар жүйесіндегі олардың “коммерциялық мүдделері” де осында).
Сондықтан, “коммерциялық” деген термин екінші денгейдегі банктердің
қандайда болмасын меншіктің формасына жататындығымен емес, оардың ақылы
негізінде, клиенттеріне көрсететін қызметтерінің сан алуандығымен
байланысты.
Сонымен, коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше
кәсіпорын болып табылады.

-4-

І. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы, қызметтері

1.1.Коммерциялық банктер рыноктың экономикалық субъектiсi ретiнде

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының
банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда
елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық
экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер
тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел
экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi қазақстанның эволюциялық дамуының
сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық
экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi
реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң
банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп
айтуға болады. қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына
арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн
реформалау нәтижесi бойынша: Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы
өзгерiстерге үшырады деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық
банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО
аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк қазақстан облысында
орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу
құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды.
Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi
айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын
жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. қазақстан аумағында
1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы
Орталық кооперативтiк банкi жатады. қазiргi кезде аталмыш банк
''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi
атқаруда.
1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi
туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық
банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу
құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң
қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты,
кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының
қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге
асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей
себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет
етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында
-5-
''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''қазақстан
Республикасында векселü айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк
қызметiнiң мәселелерi бойынша қазақстан Республикасының кейбiр заң
актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары
қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге
асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның
мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен
бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында
жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық
экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу
мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi
деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап
өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген
сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң
сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер
банкроттықа үшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң,
олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi.
Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi
ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық
банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере
алмаған банктер жабылып қалып жатты.

1.2. Банктің басқару құрылымы.
       Банкті басқарудағы жалпы басқару құрылымы банк заңдарымен
анықталады, бірақ көптеген басқару құрылымымен байланысты сұрақтарды
банктің өз бетімен шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық және басқару құрылымы банк
жарғысымен белгіленеді.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы басқару органы
акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.Олар жыл сайын, келесі
сұрақтарды шешу үшін шақырылады:
- жарғы мен жарғы капиталының көлемін өзгерту
- банк басқармасын (кеңесін) сайлау
- жылдық есеп берулерді бекіту
- банк табысын бөліп-тарату
- банк фирмаларын құру немесе тарату және т.б.
       Банк қызметіне жалпы басшылық жасау, сонымен бірге атқарушы және
бақылаушы органдардың қызметіне бақылау жасау мен байқау үшін акциянерлер
жиналысы банк басқармасын 5 жылдық мерзімге дейін сайлайды.
       Банк басқармасы банктің мақсаттарын айқындап, несиелік – есеп
айырысу, инвеститциялық, валюталық және басқа да қызмет түрлері бойынша
саясатын
-6-
жүзеге асырады, іскерлік әлеміне байланыстар орнатып, басқа да ұйымдармен
қызметтерін үйлестіреді.
       Басқарма банктің несиелік және инвеститциялық саясаты Қазақстан
Республикасының банктік Заңдары мен басқа да нормативтік актілеріне сай
келуіне жауапты болады. Ол, сонымен бірге кадрларды іріктеу, дайындау және
пайдалану сұрақтарын да шешеді.
       Акционерлер жиналысы басқарма құрамынан банк басқармасының төрағасын
немесе банк президентін таңдайды. Ол өзінің орынбасарлары арқылы банк
қызметінің нақты бөлімдеріне, басқармаларына, департаменттеріне жетекшілік
жасайды. Олардың барлығы да басқарма құрамына кіреді.
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгі бойынша құрылып,
департамент, басқарма және бөлімдерден тұрады. Олардың басшылары бұл
бөлімдердің буындарының қалыпты жұмыстарын қамтамасыз етумен айналысады.
Департамент директорлары, басқарма басшылары және олардың
орынбасарлары бөлімшелері мен қызметтердің қызметін үлестіреді, олардың
нақты мақсаттарын анықтайды, кеңес береді, бақылайды және жұмыстарына баға
береді.
Банктің бөлімшелері мен қызметтері жоғары білімді мамандардан
тұрады, олар банк операцияларының белгілі бір түрімен ғана айналысады.
Әдетте, несиелеу бөлімі, инвестициялар мен бағалы қағаздармен операциялар
жүргізу бөлімі, депозиттік және кассалық операциялар жүргізу бөлімі, сыртқы
экономикалық байланыс бөлімі, маркетинг бөлімі деп қарастырылады.
Несие беру үшін банкте нақты шешім қабылдайтын және тексеру бақылау
жұмыстарын жүргізетін несие комитеті мен тексеру комиссиясы құрылады.
Төменде коммерциялық банктің ықшамдап алынған басқару құрылымы
келтірілген (1 сурет).

-7-

Банктегі бөлімдер саны банк қызметінің көлемі сипатына, банк
операцияларының күрделілігіне, клиенттерге көрсететін қызметтерінің жан-
жақтылығына байланысты болады. Жоғары білімі жоқ, заң тәртібімен өтелмеген
немесе алынып тасталмаған соттылығы бар; банк және шаруашылық заңдарынан
жеткілікті білімдері жоқ; бұрын банкрот болған заңды тұлғаның немесе заң
талаптарын орындамағы үшін ашуға берілген рұқсаты қайтарылып алынған
банктің басшы қызметкері болған тұлға атқарып жүрген қызметіне сай келмейді
деп танылады. Сонымен бірге жұмыс түріне сай келетін жоғары намесе арнаулы
орта білімі бар адамдар банк қызметіне тағайындалуы тиіс. Әдетте
басқарманың төрағасы мен бас есепшінің еңбек стажы – үш жылдан, төрағаның
орынбасары мен бас есепшінің жұмыс стажы екі жылдан кем болмауы тиіс.
Банктің құрылымын банктің басқару апаратының құрылымымен шатастыруға
болмайды. Банк құрылымын – оның ерекше кәсіпорын ретінде қызмет етуіне
мүмкіндік беретін құрылғылары ретінде қарастыруға болады. Бұл мағынада банк
құрылғылары төрт міндетті бөліктерді қамтиды:
1. Банк капиталы, ол үнемі қозғалыста болады.
2. Банк қызметінің өзін қамтиды, ол басқа кәсіпорындар қызметінен
ерекшеленеді.
3. Банк ісі саласында арнайы білімі бар мамандардың ерекше тобы.
4. Өндірістік бөлік деп атауға болады, бұл жерге банк техникасы,
құрылыстар мен ғимараттар, байланыс және коммуникация құралдары,
ішкі және сыртқы ақпарат көздері жатады.
Өзінің клиенттеріне ссуда бере отырып, банктер қаржы делдалдарының
ролін атқарады, себебі бос ақша ақша капиталдарын тікелей ссудаға беру
шаруашылық өмірде мүмкін емес. Банктердің мұндай қызметтері салымшыларға,
банктерге және қарыз алушыларға тиімді болып табылады. Олардың арасында
несиелік қатынастар пайда болады.
       Бізге несиенің екі формасы белгілі: тауарлы және ақшалай. Осыған
байланысты несиелеудің екі түрін ажыратады: тікелей, банктік және жанама
несиелеу.
Несиелік функцияларын атқару барысында коммерциялық банктер
айналымға несие ақшаларын шығарады, яғни қарыз алушыларға ссуда беру
кезінде жалпы ақша массасы артады, ал қарыз алушының ссуданы өтеуі
нәтижесінде ақша массасы азаяды. Оның себебі, қарыз алушыға берілетін ссуда
клиенттің банктегі шотына түседі, яғни банк депозит құрайды, есесіне
банктің қарыз міндеттемелері ұлғаяды. Депозит иесі банктен қолма-қол ақша
алуы арқылы айналымдағы ақша санын көбейтеді. Сонымен, несиелеу функциясын
орындай отырып, коммерциялық банктер несие ақшалары эмиссиясын жүзеге
асырады. Депозиттік – несиелік эммиссияны жасауымен банктер басқа қаржы
институттарынан ерекшеленеді.
Коммерциялық банктердің келесі маңызды функциясы – нақты ақшасыз
есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу болып есептеледі, яғни есеп айрысу
мен төлем жасау механизмің қамтамасыз ету. Төлем жүргізуде делдал қызметін
атқаратын банктер өздерінің клиенттеріне есеп айырысуымен байланысты
операцияларды жүзеге асырады. Банктің бұл функциясы тікелей бірінші
функциямен байланысты. Коммерциялық банктер клиенттердің тарсырмасы бойынша
шоттардың бірнеше түрлерін ашады: есеп шот, ағымдағы шот, депозиттік шот,
контокорренттік шот және жеке шот.

-9-
1.2. Басқа да қаржылық қызметтер (лизинг, факторинг, траст, кеңес беру,
       ақпараттық)

       Банк операцияларын жүзеге асыру банктің қызметі болып табылады. Банк
қызметін клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындау деп
сипаттауға болады. Кез-келген банк өкімінің негізінде клиенттің қандай да
болмасын қажеттігін қанағаттандыруы жатады.

Лизингтік операциялар. “Лизинг” ағылшын тілінен аударғанда жалға
беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді
пайдаланылатын зарттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,
компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден ол негізгі қорларға ақша
жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір
уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті
пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құны бір жылғы төлеуден
басталады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы
техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті
формасы. Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары
мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы – мүлік иесі (лизинг беруші), екінші
– мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші – мүлікті сатушы. Олардың
өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша
қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол
лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін лизинг алушыға
төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі
ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға
(оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің
несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің
барлық принципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық).
Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті
төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл
өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып
моральдік төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар
табылады.
2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар
өз құрал-жабдықтардың амортизатциялық тозу мерзімі мен сәйкес келеді.
Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг
алушы мен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға
беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны
бойынша бағаланады.
-10-
Лизингтік бизнестің даму үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік
компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды
сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің
артықшылығы – лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу
үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын
жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен нақты
материалдақ қамтамасыз етілген.
Факторингтік операциялар. Факторингтік операция – клиентпен
төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді
талап ету құқын басқаға (банкіге) беру. Факторингтің мәні – банктер өз
клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қарызын) пайыздық ақы
үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-
шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз
көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Банктер алғашқы факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап
көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО – Промстройбанктің жүйесі
айналысқан. Факторинг – жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін
шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988
жылы жеке құқықты жүйеленудің халықаралық институтымен қабылданған
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі
қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1) қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиеленудің
болуында;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу
есебін;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;
4) несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие беруші, борышқор.
Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80%
бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда).
Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар,
банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді,
талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар
жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін
комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.
Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы
келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ
қатынастан болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды:
күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік
түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір
мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу.
Регресстік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы
-11-
- факторингтік компания жабдықтаушы көрсететін несиелік тәуекелді
сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды
жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі –
агенттік келісім немесе көтерме факторинг туралы келісім. Бұл жағдайда
жабдықтаушы факторингтік компанияға тек несиелік тәуекелдің қорғау
функциясын береді, ал қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол
факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті
болады.
Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық несие
конференциялдық шот- фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін.
Факторингтік компания үшін шот-фактураларды дисконттау өте тәуекелді болып
келеді.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді
тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері
үшін әр түрлі қызметтер орындайды. “ Траст” – сенім дегенді білдіреді.
Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді)
оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни
траст деп, банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды
басқару мен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан, оның мүддесі
үшін сенімді тұлға ретінде басқа да қызметтер көрсетуін айтады. Бұл
операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп
аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқтарға ие болып мүліктің,
капиталдың, бағалы қағаздардың иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға
мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар
болып мүліктің иесі, яғни сенім иесінің өзі немесе үшінші тұлға болуы
мүмкін.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін
айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша
қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін
айналысады.
Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы
фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына,
қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада
табысты активтерге орналастырады.
Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан
басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.
Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және заңды
тұлғалар, жәрдем қорлары, басқада қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер
трасталық қызметтерді әр түрлі клиенттердің кеңірек тобына көрсетуге
мүдделілік танытады.
Комерциялық банктер өз клиенттерінің сенімхаттары бойынша келесі
операцияларды жасай алады:
- жеке тұлғаларға сенімхат бойынша акциялар, басқада қорлық
 құндылықтар түріндегі мүлікті, қозғалмайтын және басқада
мүлікті
-12-
- (жауапты сақтауға берілген немесе хат бойынша) басқару;
- акционерлік қоғамдардың тапсырмасы бойынша сенімділік функцияларды
орындау;
- фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді көрсету.
Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды
тұлғаларға.
Жеке тұлғалар үшін трасталық қызметтердің негізгі 3 категориясы бар:
1) иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;
2) мүлікті сенімді негізде басқару;
3) агенттік қызметтер. Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып
келеді: сеніп қалдыратын, бүкіл өмірлік, сақтандыру, корпоративтік
институцияналдық, коммуналдық.
Банктер іскерлік фирмалар мен компанияларға мынадай агенттік
қызметтер көрсетеді:
- трансферт бойынша агент – облигацияларды, акцияларды, олар бойынша
құқты бір иеден екінші иеге беру;
- акцияларды тіркеуші – банк шығарылған бағалы қағаздардың есебін
жүргізеді;
- депозитарий, яғни қаржылық қайта ұйымдастыру кезіндегі құндылықтарды
сақтау ретінде;
- акциялар бойынша дивиденттерді және облигатцияларға пайыздарды
төлейтін агент.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға
дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде,
басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне
банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы,
инвестициялау, несиелеу, есеп айырылысу, есеп жүргізу және есеп беруге
байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк
ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық
түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты
көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникатциялар,
компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде
коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен
қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі
мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі
ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды,
клиенттер оған қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.

-13-

ІІ. Қазақстан Республикасындағы жетекші банктерінің іс-әрекеттері (қазіргі
кездегі жағдайын талдау).

2.1. Қазкоммерцбанктің қаржылық жағдайы.

"Қазкоммерцбанк" АҚ тарихы

Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес,
1990 жылдың 12 шілдесінде   Медеу Банкі АҚ (Медеу банкі)  деген атаумен
ашық акционерлік қоғам ретінде  құрылды. Банкті құру мақсаты банктік
секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі  басқаша атаумен –
Қазкоммерцбанк АҚ  болып қайта тіркеуден өтті және   банктік
операциялар жүргізуге   ҰБК-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия
алды. Банктің Әділет министрлігі берген  №4466-1910-
АҚ  тіркеу туралы  куәлігі бар.
Банк, сондай-ақ оның бас офисі  мына мекен-жай бойынша
тіркелген: Гагарин даңғылы, 13 ж., Алматы, 480060, Қазақстан, банктің
телефон номері: + 7 3272 585-670 және 585-185, факс + 7 3272 585-
229. Қазкоммерцбанктің Интернеттегі  мекен-жайы:  http:w ww.kkb.kz.
       2001 жылы Банк
елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті
жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.        2002 жылы
Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін ол
Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті. Сондай-ақ Қазкоммерцбанк
Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен (Москоммерцбанк КБ),
оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық
ынтымақтастық  туралы  Келісімге қо л  қойды.
       2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік
капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және одан әрі Банк шығарған
15% жай акцияны сатып алды.

Басшылық.

       Жарғыға сәйкес, банктің Директорлар Кеңесі – банктің
басқару органы, Басқармасы, банктің атқарушы органы, және Аудиторы
бар. Директорлар Кеңесінің мүшесін акционерлер сайлайды. Ал Директорлар
Кеңесі, өз кезегінде, Басқарманы сайлайды, сондай-ақ, акционерлердің
мүддесін қорғайды. Кеңес банктің жалпы басқармасы үшін жауапты, және оның
стратегиялық, әрі шұғыл жоспарын бекітеді. Басқарма Банктің ағымдағы жұмысы
үшін толық жауап береді. 
    

-14-

Қазкоммерцбанк көлемі 300 миллион еуро құрайтын облигацияны айналымға
шығарды.

        Жуырда Қазкоммерцбанк АҚ-ы Қазақстандағы екінші деңгейдегі
банктер ішінде алғашқылардың бірі болып, көлемі 300 млн. еуро құрайтын
қамтамасыз етілмеген облигацияны айналымға шығарды. Бұл туралы бүгін
Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталған банктің Басқарма
төрағасы Нина Жүсіпова мәлім етті. Өтеу мерзімі 5 жылға арналған бұл
облигацияның купондағы жылдық өсімі 5,125 пайызды құрайтын болса, ал оның
таза кірісі алдын ала болжамдар бойынша 5,289 пайыз деңгейінде
қалыптаспақ.    Бұл шығарылым біздің банктің инвесторлық базасын одан әрі
әртараптандыруға жағдай туғызды. Соның арқасында біз бұған дейін қаралмай
келген бірқатар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық, деді
Қазкоммерцбанк АҚ-ы Басқарма директоры Андрей Тимченко.  Оның айтуынша,
осы облигациялардың айналымға шығарылуына байланысты банк жыл сайынғы шағын
және орта бизнесті қолдауға бөлінер қаржы көлемін біршама арттыруды көздеп
отыр.
Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты жаңа
бағдарлама қабылдады
Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті несиелендіру жөніндегі
талабын түбегейлі өзгертпек. Кәсіпкерлердің белгілі бір бөлігі бұған дейін
пайыздық қайтарымы жоғары болғандықтан банктен несие алуға қауіптенетін.
Енді Қазкоммерцбанк осы ахуалды өзгертуге әрекет жасауда. Оны олардың шағын
және орта бизнесті несиелендіруге арналған Сізге орайластырылған деп
аталатын жаңа бағдарламасынан аңғаруға болады. Бағдарламада несиенің
бірнеше түрі қарастырылған. Жедел-микронесие, микронесие, шағын несие және
меганесие. Онда несиелендірудің валюта бойынша жылдық мөлшерлемесі 15-27
пайыздан 13,5-16 пайызға, ал теңгемен 18-36 пайыздан 15-18 пайызға дейін
төмендетіліп отыр. Несие беру мерзімі де 3-84 айдан 10 жылға дейін
ұзартылған. Банк өткен жылы шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемін
60 пайызға арттырып, оны 424 миллион доллардан асырған болатын. Соның
нәтижесінде өз бизнесін қаржыландыру үшін несие алған кәсіпкерлер саны да
үш есеге өсіп, 15 мың адамға жетті.
Қазкоммерцбанк тапқан табысын дамуына жұмсауда
Қазкоммерцбанк жай атаулы акциялар бойынша акционерлерге өткен жыл
үшін дивиденд төлемейтін болды. Мәлімдемеде бұл шешімді 28 сәуірде болған
банктің жалпы жылдық жиналысында банк ационерлері қабылдағаны баса
айтылған. Банк ационерлері пайданы капиталдандырудың көп жылғы саясатын
жалғастыра отырып, жай атаулы акциялар бойынша дивиденд төлемей, 2005
жылдың салық төлеуден кейінгі таза табысын ҚКБ-ны одан әрі нығайту мен
-15-
дамыту мақсатында банктің меншік капиталын толықтыруға жұмсау жөнінде
ұйғарым қабылдады. Мәлімдемеде ҚКБ-ның 2005 жылы тапқан жинақталған таза
пайдасы Deloitte & Touchе тәуелсіз аудиторлық тұжырыммен расталған
халықаралық стандарттарға (МСФО) сай 20,6 млрд. теңге (154,8 млн.$) екені
айтылады. Пайданы алдын ала капиталдандыру, сондай-ақ жай және
артықшылықтағы акцияларды 11,4 млрд теңгеге сату ҚКБ-ның өткен жылы меншік
капиталының 52,5%-ға артуына негіз болды. Нәтижесінде ол 87,4 млрд. Теңгеге
жетті. Бұл банк секторындағы ең ірі капитал болып қала береді. Сондай-ақ,
ҚКБ-ге елдегі анағұрлым тұрақты қаржы институтының бірі болып қалуына
мүмкіндік жасайды. Жиналыста акционерлер қазіргі уақытта Ұлттық банк
талабынан асып түсетін және 2,015 млрд. теңге (ағымдағы 121,26$1) болатын
ҚКБ резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін төмендетпеу жөнінде шешім
қабылдады. ҚКБ елдегі ең ірі банктердің үштігіне кіреді. "Интерфакс-1000:
ТМД банктері" рэнкингінде, "Интерфакс-ЦЭА" әзірлеген 2005 жылдың 1-
жартыжылдығының қорытындысы бойынша , ҚКБ актив көлемі бойынша ТМД-ғы
алғашқы алтылыққа кірді.
Қазкоммерцбанк АҚ-ы 850 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз алды
Жақында Қазкоммерцбанк АҚ-ы Citibank, Deutsche Bank, ING, Mizuho
секілді банктерден 18 айға 850 миллион АҚШ доллары көлемінде синдицияланған
қарыз алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Банк баспасөз қызметінен
хабарлағандай, бастапқыда қарыз көлемі 500 миллион доллар болған, алайда
несие нарықпен айырықша қабылданғандықтан оның көлемі 850 миллион долларға
ұлғайтылған. Алынған қаражат түрлі импорт-экспорт келісім-шарттарын
қаржыландырумен қатар, Қазкоммерцбанк клиенттерінің жалпы корпоративтік
мақсаттары үшін пайдаланылмақ.

-16-
Халықаралық марапаттары


2005 Қазақстандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері
Екінші деңгейлі банктерінің экономикадағы рөлі
Қаржылық менеджменттің принциптері
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
Кепілдіктегі жылжымайтын мүліктің алымы
Банктердің басқару құрылымы
Қызметтерді өндірістік тұтыну
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Пәндер