ИранТүркілері



1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.1.тарау. ИранТүркілері

а) Азербайжандар

ә) Қашқайлар

б) Каджарлар

в) Шахсевендер

г) Түркмендер

д) Қара Көзділер

е) Афшарлар

ж) Хамсе Түркілері, Қарапапақтар

з) Қарайылер және басқалар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

5. Қосымша суреттер
Тарих беттерін сараптай отырсаңыз, мемлекеттік құрлымы, құрамы, өсуі, териториясы жағынан қай мемлекетті алып қарасаңыз да сол елдің халқы тек бір ғана ұлттан тұрып елдігін сақтап тұруы мүмкін емес, олай деуіміздің себебі тарихи үрдіс барысында бұрынғы хандық мемлекеттер үстемдік еткен заманнан, тіптен сонау Ғұндар мен Сақ заманынан бергі тарих беттерінде ешқандай мемлекет тек бір ұлттан құрылмағанын кµреміз. Және де құрыла қалған күнде де оның өмірі ұзаққа созылған емес. Өйткені толассыз атыс-шабыс пен бір-бірімен бақталасқан көрші елдер бірінің үстемдігін бірі мойындамай, көз алартысып жауласып жатқанынының кесірінен біз іздеген бір ұлтты мемлекетті жер бетінен таба алмаймыз. Қазір жаһандану деп жар салған жаршыларымыздың жалпылама саясаты кең етек алған, үздіксіз жалғасқан ішкі және сыртқы көш, әлем алпауыттарының жымысқы отарлау саясатын жүзеге асыру барысындағы құйтыртқы әрекеттері, әлем халқын қорадағы малы, қазандағы асы секілді бөліске салуы, бейбіт жатқан бейуаз халықтың соғыс зардабынан сормаңдай болып сапырылысқан босқындар заманы XXI- ғасырда дәләлді ұзақтан іздемеуімізге де болады.
Мен диплом жұмысымды «Иран Түркілері» деп алу себебім, өзімді де Көк Тәңірінен жаралған Көк бөрінің емшегінен нәр алған Көк Түріктің бір бұтағы деп сезіне отырып, түбі бір Түркі халқының өткенін жаңартып, өшкенін жандыруға теңізге тамған тамшыдай болса да себепкер болсам деген мақсат еді. Бастаған мақсат өз нәтежесін беріп жатса босқа тер төкпегенім болар еді. Жалпы түркінің атамекені Тұран жері екенін ескерсек атажұрттағы ағасы болып алыстағы ағайынның амандық-саулығын білу біздің парызымыз деп санаймын.
1. Adsiz N. Dokuzboy Turkler ve Osmanli Sultanlari tarihi. Istanbul, 1939.

2. Bridges H.J. The Dysnastic of Kajars. Londra, 1833.


3. Aziz bin Ardasir Astarabadi. Kazm u Razm. Istanbul, 1928.

4. Geferogli A. Iran Turkleri. Turk Kult. Derg, 4. № 50. 1966.

5. Mehmed Emin Resulzade. Iran Turkleri.
Turk Dunyasi Arastirmalari Vakfi. Istanbul, 1993.

6. Mirza Taki Han. Tarih-i Kacari-ya. Tahran, 1273.

7. Tebrizli M.N. Bugungi Azerbaycan davasi, esaslari vesebepleri. Istanbul, 1946.

8. Sumer F. Kacarlar devrinde Turk Oymaklari. Selcukli Arastirmalari, Derg.Cilt. 5

9. Sumer F. Iranda yasayan Turk oymaklari, Kaskaylar.
Turk Kult. Derg, 10 №120. 1972.

10. Sumer F. Avsarlar. Koprulu Armagani. Istanbul, 1953.

11. A.Zeki Velidi Togan. Umimi TURK TARIHI`ne giris. Istanbul, 1981.

12. A.Zeki Velidi Togan. Muaser Turk tarihi. Istanbul, 1983.

13. Ergin M. Kasgay Turkleri. Turk Kult. Derg, 1 №6. 1963.

14. Sumer F. Anadoluya yalniz gocebe Turkler mi geldi?
Belletten, 24. 567-594

15. Босворд К. Е. Мусульманские династии. Москва., 1971 г.

16. Дьяконов И.М. Очерки истории древного Ирана. Москва, 1961 г.

17. Ред.колл. История Ирана. Москва, 1972 г.

18. Иванов М.С. Очерки истории Ирана. Москва, 1952 г.

19. Иран и Иранцы. Алматы, 1998 г.

20. Очерки истории культуры средневекового ирана: писменность и литература (сборник). Москва, 1984 г.

21. Tavernier J.B. Iran sayahatleri. XVII asir ortasi


Мерзімді басылымдар

22. Континент. Журнал, 2005-жыл № 3,5,9

23. Континент. Журнал, 2006-жыл № 3

24. Азия и Африка сегодня. Журнал, 2005 г № 6,8,11

25. Проблемы Дальнего Востока. Журнал, 2005 г № 2,4,6,12

26. Мировой экономика и международный отнешения. Москва наука.
Журнал, 2006 г № 1,3,5

Интернет сайттары.


27. www.tyurki.fergana.ru
28. www.iran.ru.com
29. www.isam.org.tr
30. www.sufizm.ru
31. www.gamog.org
32. www. cultinfo.ru
33. www.azeri.ru
34. www.turan.info

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Бет
1. Кіріспе.
2-8

2. Негізгі бөлім.1-тарау. ИранТүркілері
9-12

а) Азербайжандар
13-15

ә) Қашқайлар
16-20

б) Каджарлар
21-24

в) Шахсевендер
25-26

г) Түркмендер
27-29

д) Қара Көзділер
30-31

е) Афшарлар
32-33

ж) Хамсе Түркілері, Қарапапақтар
34-36

з) Қарайылер және басқалар
36-38

3. Қорытынды
39-44

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
45-46

5. Қосымша суреттер

1. Кіріспе

Тарих беттерін сараптай отырсаңыз, мемлекеттік құрлымы, құрамы,
өсуі, териториясы жағынан қай мемлекетті алып қарасаңыз да сол елдің
халқы тек бір ғана ±лттан т±рып елдігін сақтап тұруы м‰мкін емес, олай
деуіміздің себебі тарихи ‰рдіс барысында б±рынғы хандық мемлекеттер
‰стемдік еткен заманнан, тіптен сонау Ғ±ндар мен Сақ заманынан бергі
тарих беттерінде ешқандай мемлекет тек бір ±лттан қ±рылмағанын кµреміз.
Және де құрыла қалған күнде де оның өмірі ұзаққа созылған емес. Өйткені
толассыз атыс-шабыс пен бір-бірімен бақталасқан көрші елдер бірінің
үстемдігін бірі мойындамай, көз алартысып жауласып жатқанынының кесірінен
біз іздеген бір ұлтты мемлекетті жер бетінен таба алмаймыз. Қазір
жаһандану деп жар салған жаршыларымыздың жалпылама саясаты кең етек
алған, үздіксіз жалғасқан ішкі және сыртқы көш, әлем алпауыттарының
жымысқы отарлау саясатын жүзеге асыру барысындағы құйтыртқы әрекеттері,
әлем халқын қорадағы малы, қазандағы асы секілді бөліске салуы, бейбіт
жатқан бейуаз халықтың соғыс зардабынан сормаңдай болып сапырылысқан
босқындар заманы XXI- ғасырда дәләлді ұзақтан іздемеуімізге де болады.
Мен диплом жұмысымды Иран Түркілері деп алу себебім, өзімді де
Көк Тәңірінен жаралған Көк бөрінің емшегінен нәр алған Көк Түріктің бір
бұтағы деп сезіне отырып, түбі бір Түркі халқының өткенін жаңартып,
өшкенін жандыруға теңізге тамған тамшыдай болса да себепкер болсам деген
мақсат еді. Бастаған мақсат өз нәтежесін беріп жатса босқа тер төкпегенім
болар еді. Жалпы түркінің атамекені Тұран жері екенін ескерсек
атажұрттағы ағасы болып алыстағы ағайынның амандық-саулығын білу біздің
парызымыз деп санаймын. Түркі халықтары ертеден-ақ көшпенділікті өз
еншіліріне алған халық, сондықтанда болар жайлым іздеп жан-жаққа жайыла
көшкені. Бұны біз жалпы Түркінің шығу тегі деп санайтын Сақтар мен
Ғұндардан бастау алған көштерден іздер едік. Орта Азиядан үдере көшіп
Анадолы топырғына табан тіреген Түркілерді бір саласы деп қарар болсақ,
келесі тармағы Каспийдің келесі бетімен Кавказ тауларын бойлай өтіп Шығыс
Европаға қоныс тепкен Түркілерді айтар едік. Бұны бірінші себеп деп қарар
болсақ, екіншіден Ислам дінінің кең қанат жайып оған Түркі тайпаларының
көптеп кіруінен және оны тарату барысында, көрші елдерді бағындыру, басып
алу жорықтарында ертеден-ақ жауынгер-жаужүрек Түркі халықтары алдынғы
қатардан көрініп, Африка елдерін, одан кейін сонау Шығыс Европадан
бастап, Оңтүстік Азияның кейбір елдерін және Орталық Азияны түгелімен
алып қаптаған қара Қытайларға барып тірелді. Ислам елдері халифаттарға
бөлінген заманда түркілер Батыс пен Шығыс болып екі үлкен мемлекеттің
негізін құрады. Одан кейін Селжұқтар атты түркі империясы өз дәуірін
бастан өткізді. Келесі себепті іздер болсақ, әрине аузымызға жаһанды дүр
сілкіндірген Шынғыс хан жорығы келер еді. Шынғыс хан жаулап алу
саясатының бірден-бір құралы ретінде көрші жатқан екі елді бір-біріне
айдап салу тәсілін қолданды. Онда да жауынгер түркілердің күшіне сүйенді.
Шынғыс хан сарбаздарының басым бөлігін Түркі тайпалары иеленді. Шынғыс
хан аттарының тұяғы тиген жерге дейін түркі баласының да аяғы тиды деп
білеміз. Одан кейінгі себепке келер болсақ, Ақсақ Темірді айтар едік.
Оның да сарбазының түгелге жуығы Түркілер болды. Бұл да өз кезегінде
Орта Азияны, Үндістанды қол астына алып түркілер қанатының жайылуына
себепкер болды.
Бүгінгі тақырыбымызға арқау болар өзекті мәселе, менің дипломдық
еңбегімнің тақырыбы ретінде қарастыратын тақырып ол: саяси-эконмикалық
саясатта әлем назарын аударуды қазіргі күнде тек өз еншісіне алған Иран
Ислам Республикасы, оның халқының құрамының жартысына жуығын құрайтын
түркі тілді халықтар жайлы болмақ. Қазіргі аумалы төкпелі заманда әркім
жақынын-туғанын, жанашырын іздер болса, бізде түбі бір Түркі халқы өз
тарихымызға көз салып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеп,
жыртығымызды бүтіндер заман келе жатқан сияқты. Бүгін әлемде түркілер
мемлекетін көптеп кездестіреміз. Олар дербес мемлекет ретінде немесе
басқа мемлекеттің құрамында болып та кездеседі. Солардың бірі ресми дерек
көздеріне сүйенсек халқының отыз бес пайызын, ресми емес дерек бойынша
елу пайызына жуығын Түркілер құрайтын Иран мемлекеті, көп жылдық тарихы
мен өркениетті мәдениетті қалыптастырған, өз заманында гүлдену мен
дамыудың алдынғы қатарынан көрініп, білім мен өнердің ошағы бола білді.
Сонымен қатар ұлы держава ретінде жаулап алу, басқаның жеріне көз аларту
саясатынан да кенде болған емес. Қамшының екі ұшы болатынындай жеңу мен
жеңілістерге де иелік етті. Бірде бір шетінен бір шетіне айлық жол жүріп
жете алмайтын жерлерге иелік етсе, келесіде пұшпақтай ғана өз мекеніне
әзер ие болып қалып отырды. Көбіне Орта Азияны мекен еткен қоян-қолтық
қоңсы отырған түркілермен белдесіп қалып жүрді. Парсының ұлы ақыны
Фердоусидің Шахнамесінде айтылғандай Иран мен Тұран елі талай заманнан
бері көптеген айқасты басынан өткізді. Соның бір дәлелі ретінде Сақ
патшайымы Тұрандоттың (Томирис) Парсы патшасы Күрүшдің басын алып қанға
бөктіруі еді. Түбі бір Түркі халқының түп мекені Тұран жері екенін
ескерсек, Иран елінің кешегі мен бүгінгі тарихында Түркі халқының алар
үлесі зор болмақ.
Он төртінші ғасырдың басында Иран топырағында билікке келген
Түркілер жиырманшы ғасырдың бірінші ширегінде Реза Пехлеви таққа
отырғанға дейін жер мен ел билігін қолында болып өз үкімін орнатып келді.
Қазіргі күнде де елдің діни көсемі Хомейни де Тебриздік азербайжан
екенін ескерсек, әлі де билік басынан кеткен жоқ деп білеміз. Жергілікті
халықпен етене араласып кеткен Түркілер, соның ішінде афшарлар,
каджарлар, қашқайлар сияқты тайпалар тұрмыста парсылық әдеттер
қалыптастырды. Өз кезегінде парсылар да түркілік салт-дәстүрді бойлпарына
сіңірді. Ираннан басқа жердегі Түркілердің көбі Исламның сунниттік
бағытын ұстанатын болса, мұнда керісінше көбі шииттік бағытты қабылдайды.
Иран түркілері жайлы дерек өте аз кездеседі, өйткені Иран Ислам
Республикасының мемлекеттік тілі парсы тілі. Мұндағы түркілердің түгелдей
өз ана тілдерінде мектептері мен оқу орындары, балабақшалары жоқ. Бір
жағына ұсақ ұлтттарға деген биліктің қырын саясаты десек, екінші жағынан
ішкі үрейдің көрінісі деп білер едік.
Иран Түркілерін атаған кезде әрине алдымен аузымызға азербайжандар
түсері ақиқат. Өйткені Ирандағы түркі тайпаларының ішінде ең саны жағынан
да, тарихи үрдісте де, мәдениет пен өркениетте де, саяси-әлеуметтік
мәселеде де алдынғы орында тұрады. 1918-жылы 28- мамырда Иран мен Кеңес
үкіметі ортасында болған келіссөздер нәтижесінде Ирандық Азербайжан және
КСРО Азербайжаны болып екіге бөлініп шекаралары айқындалды. Дүниедегі
азербейжандықтардың саны он сегіз миллионға жуық. Соның ішінде ең көп
орналасқан қазіргі Иран Ислам Республикасының құрамында Батыс және Шығыс
Азербайжан болып екі провинцияға (остон) бөліне орналасқан олардың саны
он бір миллионға жақын. Одан кейінгі ретте Азербайжан Республикасында
сегіз миллиондай тұрады. Сонымен қатар Грузия, Россия; Өзбекстан,
Қазақстан, Украина, Түркменстан сияқты елдерде орналасқан. Тілі түрік
тілі, соның ішінде азербайжан диалектісі. Азербайжандар өз ішінен;
айрумы, афшарлар, баяттар, қарадағлылар, қарапапақтар, падарлар,
шахсевендер және тағы басқа топтарға бөлінеді. 7. 174
Он тоғызыншы ғасырдың аяғы- жиырмасыншы ғасырдың басында ресейлік
құжаттарда азербайжандар түріктер және татарлар деп ресми аталды. Діндері
Ислам діні, суннидтік және шииттік бағытты да ұстаушылар бар.
Азербайжандардың жазба деректері көне түрік жазуында, араб жазуында
кездеседі.
Афшарлар Ирандағы Түркі тайпаларының ішіндегі саны жағынан
азербайжан түріктерінен кейінгі екінші орынды иеленеді. Шашыраңқы отырған
афшарлар жалпы атауға ие болғанымен, қандай топтарға бөлінетінін айыру
қиын. Түркмендермен туыстас болып келетін афшарлар Бабыр басшылық
құрған Моғол хандығы заманында Азербайжанға қоныс аударған. Исмаил Шах
дәуірінде Иран тұтастығына қызмет еткен афшарлар Хорасан аймағына
орналастырылды. Осы жерге қоныстанғандардың ішіндегі Қырықлы тобынан
шыққан Имам Кули оғлы Надир Шах жоғары дәрежеге жеткен адам. Ол хиджренің
1148 жылында Сефевид әулетін құлатып таққа отырған адам. Сонымен қатар
Үндістанды да өзіне қаратып үлкен бір империя құра білді. Сондай үлкен
өлкені өз қол астына ұстай отырып, өз заманының жаңаша көзқарасты,
реформаторлық саясатымен танылған адам. Өзінің түбі бір Түркі екенін
ұмытпай көршілес Түркиямен де достық қарым-қатынаста болған. Надир Шах
заманын Афшарлар дәуірінің гүлденген заманы деуге болады. Надир Шах өлген
соң тақ иелігі Каджар Түркілерінің қолына көшті. Бірақ одан кейінгі
замандарда да сарай маңынан алыстаған емес. Шах мәжілісі кеңес құрамы
немесе алдынғы қатарлы жауынгерлер сабынан Афшарлар табылып отырған.
10. 50-91
Афшарлар кең ауқымды територияны алып жатыр. Бүгінгі жаңа дәуірде
олардың мекен ететін өңірлері: Урмия көлінің солтүстік-батыс жағалаулары,
Хамсе аймағының оңтүстік бөлігі, Хамадан мен Керманшахтың таулы
аймақтарында, Себзебар мен Нишапур орталығында, Жумейдің солтүстігі мен
Керманның оңтүстігіндегі өңірлер. Осындай өте ауқымды арасы бір-бірінен
алшақ өлкені мекен ететін Афшарлар көшіп қонып жүрген.5. 20
Иран Түркілерінің ішінде Азербайжан, Афшарлардан кейінгі орында
Иран тарихында алар орыны ерекше Каджар түріктер тұрады. Өздерінің
аз санына қарамастан көп жыл билікте болған Каджарлар шығу тегін Иран
әмірлерінің түп тамыры болып келетін Серлак Ноянның ұлы Каджардың
есімімен байланыстырады. Ата жұрты Түркістан болған каджарлар, біраз
уақыт Сирия жерін мекен етті. XIV-XV ғасырларда Иран жеріне қоныс
аударды. 1400- жылдары Шамды басып алған Ақсақ Темірдің тегеурініне
шыдамаған Каджарлар Түркістанға кері көшуге мәжбүр болды. Бірақ бұл
көштің кесірінен бір тобы Азербайжанда ( Генжеде), ал бір тобы Ирак
жерінде қалды. Тимурлықтар биліктен кетісімен, Каджарларға туыстас болып
келетін Аккоиунлылыр тайпасының көсемі Хасан бей мемлекет егемендігін
алды. Бұл оқиға Каджарларға да тың күш әкелді. Иран деректерінде бұл
заманды Сефевитердің Шах Аббас I заманына тұспа-тұс келеді. Шах Аббас
дәуірінде бұл Түркі тайпасы Мауренахрдан Кавказға дейін созылып жатты.
Бірақ әмірлер бұл жерлерде мұндай саны да көп, өздері орасан күшке ие
тайпаның болуын қаламай, оларды Горган қырлары мен Естрабадқа ығыстырды.
Бұл көшірудің астарлы саясаты болды, ол Каджарлармен туыстас болып
келетін Анадолы түріктерінен алыстатып, керек жағдайларда Түркмен мен
Өзбек ұлыстарына қарсы пайдалану болды. Бірақта сол уақытта Генже,
Қарабағ, Хорасан, Мерб, Исфахан сияқты экономикалық және саяси орталықтар
бұлардың ғұзырында еді. Біздің білетініміздей 1794 жылдан 1920-1925 жылға
дейін Иран тағына иелік етті. Сол жылдардан бастап Иран астанасы Тегеран
аталды. Тіптен Сұлтан Сүлейменге елші болып барған және Түркия мен Иран
достастығына қол қойған ақын Шах Кули хан да Каджар еді.8. 45-75
Азербайжандар, афшарлар және каджарлардан басқа Иран Түркілерінен
қашқайларға азырақ тоқтала өтсем, олардың саны милионға жуық. Иранның
парсы аймақтары аталатын Шираз бен Исфахан өлкелерінде орналасқан олар өз
салт-дәстүріне өте берік, сонымен қатар ұлттық сана сезімі, түркілік
белсенділігі, діні мен тіліне жанашыр болып келетін олар Иран тарихында
да алар орындары бір төбе. Жиырмасыншы ғасыр басында елге Ағылшын
басқыншылары кіре бастаған кезде ең алдымен бас көтерген Қашқайлар еді.
Өздерін көшпенді түркілер санатына жатқызатын Қашқайлар жайлы Мехмед Емин
Ресулзаде еңбектерінен білеміз.5. 25-33
Иран топырағын мекен еткен Түркі тайпаларының бірі Қара Көзділер.
XVI-XVIII ғасырлардың деректерінде көшпенді тайпаларының біріне осы ат
таңылды. Олардың шығу тегі Сефевиттер шах заманының Шамдық тайпалардан
болып келеді. Олардың Шамдық Бек тілі тобынан шығуы жайлы деректер
бар. Қара Көзділердің түпкілікті мекені Хамадан өлкесі. Белгілі бір
уақыттарда Парсыда да осындай атты кішкентай бір топ өмір сүргені жайлы
деректер бар. Қара Көзділер XIX-ғасырдың басында көшпенді өмірлерін
отырықшылыққа айырбастады. Шахтарының Хамадан өлкесінде үлкен және өте
тамаша мекені бар еді. Бірақ тайпа бірлігі ең жоғары деңгейде өмір сүрген
басқа тайпалар сияқты, бұлар да өз орталарынан Ғашықты және Қажылы деп
екіге бөлінді. Барлық Қара Көзділерді зерттеушілер олардың өте өсімтал
халық екендерін жазады. 1807-1809 жылдары Дюпре олардың он екі мыңдай
адам болғанын жазса, 1810-жылы Макдоналд Киннеир жеті мың сарбазы
болғанын жазады. Сондай-ақ 1800- жылдардың ортасында Лади Шеил төрт мың
үй болғандарын айтады. 1930-жылы Қара Көзділер үш миллион адамға жеткен.
Саяхатшылар олар жайлы ең жауынгер халық болғанын айтады. Сондай-ақ
Макдоналд Киннеир олардың ханның ең сенімді адамдары болғанын айтады. 5.
52-60
Бұлардан басқа көп жыл Иран топырағын мекен ететін Түркілерден
Шахсевендер, Қарапапақтар, Қарадағлылар, Қарайыллер және басқа үлкенді-
кішілі топтарға кейінгі тарауларымызда жеке тоқталатын боламын. Иран
Түркілері тарихтың ашылмаған парағы, айтылмаған сырлары деп білемін.
Біздің білетініміз бір мысқал болса, білмегеніміз жүз мысқал болар еді.

2. Негізгі бөлім
.
1-тарау. Иран түркілері

Үш мыңжылдық тарихы бар жалпақ әлемге танымал және мәдениет пен
өркениеттің ошағы болған Иранда тұрақты әлеуметтік және экономикалық
географияда, халықтар топтамында және ата-жұрт мекенінде отырғандардан ең
алда келе жатқан топ, олар Түркілер болып табылады. Ресми емес дерек
бойынша жалпы Иран халқының жартысына жуығын, ал ресми дерек бойынша 35
пайызын құрайтын Түркі тайпалары болады. Иранның едәуір өлкелерінде
тұрақты орналасқан және танылған түркілер ішіндегі саны жағынан ең
үлкені Азербайжан түркілері. Ирандағы түркілер Россиядағы түркілер
секілді өздері жеке дара автономия болып отырған жоқ. Олар тіптен
шоғырланып та отырғандар емес. Ең ішкі парсы аймақтары болып келетін
Шираз бен Исфаһан төңірегінен де Түркілерді кездестіруге болады. 27
Саяси оқиғалар нәтижесінде оңтүстік және солтүстік болып екіге
бөлінген азербайжандар өздеріне тән азербайжан тілінде сөйлейді. 1918-
жылы 28-мамырда болған Иран мен Кеңес үкіметі ортасында болған
келіссөздер нәтижесінде ортақ тілі бір, ділі бір мәдениеті мен салт-
дәстүр, тұрмыс ұқсастықтарына қарамастан, азербайжандықтар Кавказдық
және Ирандық Азербайжан болып екіге бөлінді. Кавказдық азербайжандықтар
қазіргі Азербайжан мемлекетінің негізін құраса, Ирандық азербайжандықтар
екі провинцияға, яғни Шығыс және Батыс азербайжан болып бөлінеді.
Азербайжандықтар өз мәдениеті мен салт-дәстүрін қалыптастырған, әлемдік
тарихта алар өзіндік орыны зор, дербес мемлекет болып қалыптасқан ұлт.
Азербайжан топырағы қандай да бір түркі көшінің қақпасы ретінде орын
алды. VI ғасырдан бұрын Ыстамбұлға аяқ басқан Түркілер солтүстік
Азербайжан өлкесін көш көпірі ретінде пайдаланғаны секілді, Бұлғар
Түркілірі де солтүстік өлкелерін біраз уақыт мекен етіп Хазарлар атты
күшті бір мемлекет құрды. 18. 150-170
Бір аралық бұл өлкеге топтасқан түркілер Ислам дінін таратушылар
тарапынан ұсақ мемлекеттерге бөлінді. XI жүзжылдықта бұл қалыптасқан
система Селжұқтар келген соң ылдырады. Азербайжан Селжұқ империясы мен
Монғол ұлысы замандарында өзіндік мемлекетін қалыптастырып экономикасы
мен мәдениеті алға жылжыды. Сефевитдер заманында азербайжандықтар
мәдениеті мен барлық жағынан да түріктендіріліп, түрік тілін мемлекеттік
тіл ретінде қабылдады. Орталық Иран териториясының үлкеюіне байланысты
өздерін дербес санап келген Ганджа, Қарабақ, Шеки, Баку, Талыш, Ереван,
Ибсуй сияқты өлкелер бір орталыққа бағынды. Бір аралық Шеки ханы орталығы
Тебриз болатын дербес Азербайжан мемлекетін құрмақ болған әрекетінен
нәтиже шықпады. 4. 18-22
Жалпы Түркі тайпаларының Иран топырағына орналасуы сан алуан
түрмен жүзеге асты. Олардың саяси тарихы, шығу тегі, экономикасы мен
мәдениеті әркімді де қызықтырар болмақ. Шыңғыс хан шапқыншылығы
жылдарында өз мекендерін тастап шығуға мәжбүр болған немесе одан кейін де
Ақсақ Темір салған ойранды жылдарда келіп орналасқан Түркілер деп
айтылады. Иран топырағында XIV-ғасырдың ортасында ақ Севебиттер
династиясын құрып тақ иелігін өз қолдарына алған Түркі тайпалары XX
ғасырдың бірінші жартысына дейін өз үстемдіктерін орнатып келді. Хандары
түркі тайпаларынан болғанымен халықтың көп бөлігін парсылар құрайтын
болғандықтан жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап олардың кейбір
тұрмыс-салт, мәдениеттерін өздеріне сіңіре білді. Ал жергілікті парсылар
да өз кезегінде түркілер мәдениетін қалыптастырды. Ресми тіл парсы тілі
болды. Бес жүз жыл Иран тағында отырған Түркілер иранданып, ал
Парсылармен тең дәрежеде өмір сүріп келеді. Діни наным-сенімі жағынан
алып қарасақ Түркімендерден басқа Иран түркілері түгелге дерлік Исламдық
шиизм бағытын ұстанады. Әсіресе Ирандық азербайжандар мен қашқайлар осы
бағытта. Шииттік бағытындағы түркілер парсыланғандары соншама, қазір
өздерін түркіленген парсылармыз деп атағысы келеді.
- Өз кезегінде парсылар тек мәдениет саласында ғана қалып қойған
жоқ, олар мемлекет ісіне де араласты. Мәселен Каджарлар заманында бас
уәзірлер тек парсылардан тағайындалатын болды. Каджар шахтары тек екі
ғана бас уәзірді түркілерден тағайындады. Оның бірі Мехмед Шах
заманындағы Хажы Мирза Аға болса, екіншісі де Музафараддин Шах
заманындағы Айну*д Девле еді. Сондай-ақ Иран әскерлерінің қатарын
жауынгер түркілер толтырып тұрды. Ең көп сарбазы болған Насреддин Шах
заманында жүз мың сарбаздың отыз үш мыңын азербайжандар беріп тұрған. -
деп жазады Мехмед Емин Расулзаде өз еңбегінде. 5. 75-108
Каджарлар заманында бірнеше адам Европаға сапар шегіп ол жақтың
жақсы жасақталған жауынгерлер өнерін өз сарбаздарына үйретпек болды.
Олардың бірі Аббас Мирза еді. Ол Каджарлар әміршілерінің алғашқысы Фатих-
Али Шахтың ұлы еді. Ол тек қана әскери өнерді ғана енгізген жоқ, сонымен
қатар басқа да озық ойларын ортаға салды. Оның бастамасымен Тебризде
кітап басу өнері қолға алынды. Тебриз қаласы сол кездегі Иран
мемлекетінің маңызды қалаларының бірі еді. Каджар әмірлері Тебризде туып,
сонда ер жеткендер еді. 8. 20
Алты ғасыр ата-баба топырағында болмаса да, жат жұртта жарлығын
жүргізіп, билігін мойындатып келген түркі тайпалары 1-дүние жүзі соғысы
әсерінен және бір жағынан Ағылшын, Португал, Америка Қүрама Штаттары
басқыншылары бас сұғуынан, екінші жағынан орыс отаршылары әсерінен өз
күшін жойды.
Бұл күнде Ирандағы Түркі топтарының мәселесі өзекті мәселенің
бірі болуда. Иран Ислам Республикасының құрамындағы ұсақ ұлттарға деген
ұстанған саясаты және жаппай парсыландыру пиғылындағы іс-әрекеттеріне
сәйкес мәселе шиеленісе түсуде. Олардың саяси тарихы, шығу тегі,
экономикасы мен мәдениеті әркімді де қызықтырары хақ. Иран түркілерінің
бір дені өз атамекенін кеңейте отырып ішкерлей орналасып қалғандар болса,
ал келесілері Шыңғыс хан шапқыншылығы жылдарында өз мекендерін тастап
шығуға мәжбүр болған немесе одан кейін де Ақсақ Темір салған ойранды
жылдарда келіп орналасқан Түркілер болмақ. Иранның әр өлкесінде
шоғырлана орналасқан Түркі тайпалары бір-бірінен тұрмыс-салт, дәстүрлері
және өзіндік тілдік диалектілерімен-ақ ерекшеленіп тұрады. Оларға келесі
тарауларымызда нақтылы тоқталып өтетін боламыз. Бүгінгі Иран топырағын
мекен ететін ірі Түркі тайпалары мыналар: Азербайжандар, Қашқайлар,
Афшарлар, ҚараКөзділер, Қарапапақтылар, Каджарлар, Түркмендер,
Шахсевендер, Қарайылар, Хамселер, Қаршойлылар, Байеттер және тағы басқа
тайпалар.28

Азербайжандар

Азербайжандар қазіргі Азербайжан Республикасының негізін құрайтын
халық. Азербайжандардың негізгі этносын айрумдар, афшарлар, байеттар,
қарадағлылар, қарапапақтар, шехсевендер құрайды. Азербайжандардың әлемдегі
жалпы саны 17200 мың. Негізгі көп орналасқан мемлекеттері Иранда 10430 мың,
Азербайжан Республикасында 5805 мың, Россияда 336 мың, Грузияда 307 мың,
Қазақстанда 90 мың, Өзбекстанда 44 мың, Украинада 37 мың, Түркменстанда 33
мың, Қырғызстанда 16 мың және тағы басқа көршілес жатқан Армения, Түркия
сияқты мемлекеттерде табылады. Тілдері түркі тектес, соның ішінде
азербайжан диалектісі. Діндері мұсылман-шииттер, арасында сунниттік бағытты
ұстанатындар да кездеседі. Азербайжандарды этногендік тұрғыдан алып
қарасақ, олар көне Атропеттер мен Кавказдық Албандарға тіреледі.27
Одан кейін де б.з.б 1-жылдықтан б.з 1 жылдық аралығында өмір сүрген
киммерлер, скифтер, ғұндар, бұлғарлар, хазарлар, оғыздар және тағы басқа
сол сияқты тайпалық одақтардан жалғасын тапты. Азербайжандар көп ертеден-
ақ Парсылармен қоңсы отырған халық. Олардың ең көп бөлігі Тәуелсіз
Азербайжан Республикасы мен Иран Ислам Республикасында шоғырлана
орналасқан. Ирандық азербайжандар Иранның солтүстік, солтүстік-батысында
орналасқан. Солтүстігінде өздерін Азербайжан Республикасымен бөліп тұрған
Аракс өзені мен Каспий теңізінің түйіскен жері Талыш таулары бөліп тұрады.
Батысында Түркия топырағымен шектессе, ал шығысында Каспий теңізі арқылы
Иранның Гилан провинциясымен шекараласады. 1936-жылдан Батыс және Шығыс
провинциялар ( остон) болып екіге бөлінді. Шығыс провинциясына Тебриз,
Ардабил, Серап Гермруд, Ехер, Мішкін, Астара өлкелері, Батыс правинциясына
Халхал, Маку, Хой, Селмас, Урмие, Сабушбулак, Мерага өлкелері жатады.
Олардың ертеден танымал, сауда-саттық пен білім-ғылымы, өнеркәсібі дамыған
қаласы Тебриз еді. Азербайжандар жанұясында жан саны көп және тығыз
орналасқан халық. Бір километрге шаққанда 40-45 адамнан келеді. Халқының
көп бөлігі егіншілік пен сауда-саттықты кәсіп етсе де, ішін ара Шахсевен,
Қарадағлы, Хамсе сияқты топтары көшпенді өмірлерін жалғастырып малмен
айналысады. Қыс қыстауда болып, жаз жайлауға көшеді. Егіншілікке арналған
жері аз болса да топырағы өте құнарлы болып келеді. Олар арпа, бидай, күріш
өсіреді. Жүзім және жеміс бақтарын баптайды. Тері өнімдерін, ұсталық-
зергерлік өнерді, құмырашылық кәсіптерін жетік менгерсе, әйелдер жағы өз
кезегінде кілем тоқу, әр-түрлі ою-өрнекпен әшекейленген тұрмыс-салт
бұйымдарын жасайды. Азербайжан кілемдері мен кілемшелері қымбат, құнды
заттар санатында. Оған әркім де қол жеткізуге асық болады. Азербайжандар
өте жұмыскер, ізденімпаз болып келеді. Сауда жолымен, басқа да жұмыс
сапарларымен көршілес мемлекеттерге немесе Иранның ішкі өлкелеріне көп
жолға шығады. Оның бір айғағы өздерінің бас қаласы Тебризде индустрия мен
өнеркәсіп жақсы дамығаннын көрсетеді. Ирандық азербайжандардың орналасқан
жері Иран үкіметінің көршілес мемлекеттермен ара-қатынас жасауына ыңғайлы
болғандықтан да оларға транзит жол үсті болғандықтан көп жағынан тиімді
болып келеді.11. 24-126
XX-ғасыр басыннан мемлекет істерінде азербайжандар алдынғы қатарда
көрінеді. 1906-жылы құрылған Азербайжан Қозғалысы -ның алар үлкен рольі
бар. Ұлтының біртуар ұлы шейх Мухаммед Хиабани Ирандағы революция
басталған 1905-1911 жылдары өз саясаттағы жолын бастады. Ол әкесі сауда
жасайтын Махачкалада туып, сонда өссе де кейіннен Тебризге көшіп келді. Ол
сол кездегі Иран Азербайжанындағы революция лидерлерінің бірі Сиггат-оль-
Исламмен танысып, оның арнайы үй мектебінен өтті. Ол өзі ертеден
Махачкалада болған кезінен білетін ұстаз тұтатын адам қажы Али
Давафурушаның ақыл-кеңесі бойынша өз ұлтының тағдырына белсене араласты.
Ең алғаш құрылған Ұлттық Кеңес мәжіліс басшысы Саид Хасан
Такизаде отырғанынан-ақ саяси өмірде азербайжандардың алдыңғы қатарда
болғанын білеміз. 1908-жылы 23-қыркүйекте Орыс күшіне сүйенген Мехмед Али
Шах Каджар Ұлттық Кеңесті тарату мақсатымен Тебриздегі Азербайжан
Қозғалысын Тегеранға қарсы қойды. Бұл ісі он бір айға созылды. Тебризде
басталған бұл әрекет Ирандағы басқа да түркі тайпаларын ұйқысынан оятты.
11. 24-126
Бірінші дүние-жүзілік соғыста ресим Тегеран бейтарап саясат ұстанса
да, Иран дұшпан күшінің соққыларына алаңдаушылық танытты. Орыс, Ағылшын,
Америка үштік блогы мен герман-түрік армияларының соғыс алаңы мен тартысты
әрекеттерәне тап болды. Бір уақыт Осман империясы Азербайжанды өз қолына
алды. Олардың қолынан орыстарға өтті. 1917-жылы Россияның өз ішкі ахуалы
нашарлап Азербайжанды тастап шығуға мәжбүр болды. 1918-жылы Азадстан
үкіметін құрмақ болған Шейх Мухаммед Хиабани әрекеті Тегеран тарапынан
болған соққыға шыдамай тоғыз айлық үкіметі құлады. Бұдан кейін де Лахути
атты қозғалыс басшысы Реза Шах Пехлеви үкіметін мойындамай қарсылық
көрсетті. Лухути өзіне Шейх Мухаммед Хиабани жақтастарын тауып, оларды
пайдаланбақ болды. Бұл әрекеттерінен еш нәтеже шықпай ақыры 1922-жылы
Советтік үкіметті барып паналады.
Екінші дүние жүзілік соғысы жылдары Қызыл Армия 1941-жылы 25-тамызда
Азербайжан арқылы Тебризге келіп, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания
және Кеңес Одағы келісімге келді. Онда АҚШ пен Ұлыбритания әскерлері 1945-
жылға дейін Иранды тастап шығатын болды. Қызылармия қазіргі Азербайжан
Республикасы жерінде қалып Азербайжан тарапынан Иранға қарсы әрекеттерді
тыйятыны туралы келісілді. Доктор Пишовари тарапынан құрылған коммунистік
Азербайжан үкіметі екі жылға жуық ғұмырын аяқтады. 1946-жылы 6-мамырда Иран
мен Кеңес Одағы келісімге келіп, Кеңес армиясы біржола Ираннан шығарылатын
болды. 17
Қашқайлар

Иранның Парсы аймақтары болып келетін Хорасан, Исфахан, Керман
аймағындағы жергілікті халықпен көрші бола отырған түркі тайпаларының
бірі Қашқайлар болады. Иран топырағында шоғырлана отырған олардың саны
миллионға жуық. Қашқайлардың белгілі бір жазылған тарихы жоқ. Ауызекі
бірден-бірге жалғасып келе жатқан үздік-үздік тарихтары бар. Сонымен
қатар әр заманда жазылған саяхатшылардың естеліктерінен үзінділер біле
аламыз.
Белгілі түріктанушы, тарихшы Орхынлы Г. жазбаларына сүйенсек
Қашқайлар Шыңғыс ханнан бұрынғы замандарда Шығыс Түркістанды мекен еткен,
олар кейін шегініп Ауғанстан мен солтүстік Иранға қоныс тепкен. Ол
жерлерге Азербайжандар орналаса бастаған соң 1600 жылдардың басында
шығысқа қарай ысырылып қазіргі мекендеріне орналасты. Қашқай атауына
байланысты әркім әртүрлі жобалар айтады. Қашқариядан Надир шах заманында
қоныс аударылып әкелінгендер деген деректер де бар. Бұл өлкелердің
батысында Сабе сілемдері қырларында Түрікше сөйлейтін бір халық бар
екенін растайды. Кейбір аңыз әнгімелерде біздің заманымыздың 300
жылдарының басында Иран жеріне орналасып, Кавказ етегіне дейін созылған
Ардабил жерін мекен еткен Аккоиындар мен де байланыстырады. XVI- ғасырдың
басында Шах Исмаил заманында оңтүстік-шығыс Иранға көшіріледі. Оның
Шығыс көршілеріне қарсы сілтер шоқпары болып, және де басқа да сарай маңы
қызметтерін де атқарған. Жергілікті Парсы халқымен араласа қоныстанған
олар солтүстіктен шығыс-оңтүстікке дейін созыла орналасты. Қашқайлар
өздерін тілдік тұрғыдан Түркі тілдері семьясына, оғыз тіл тобына
жатқызады. Қашқай атауын ақ ер-тұрманды ат мінгендеріне байланыстырады.
Олардың түп атасы болып танылатын Халаштар X-ғасырда Ауғанстан мен
Үндістан жеріне дейін созылып жатты. Анадолы мен Азербайжан жерінде де
бұл атқа иелік етер жерлер бар. Бұл деректерге сенсек, Қашқайлардың
Монғол шапқыншылығынан бұрын өмір сүріп, Селжұқтар заманында бұл жерлерге
орналасқанын білеміз. Қашқайлар атауы жаңа бір топ атауы ретінде XVIII-
ғасырдан бері ресми деректерге енді. Түп тамыры Сане өлкесін мекен еткен
Халаштардан болған бір топ Парсы жерінде өмір сүретіні XIX-ғасырда
анықталды. Бірақта Қашқайлардың дәл қай топтан болатынын дөп басып айту
қиын. Тек Парсы жерін мекен еткен Түркімен жинақтарында XVIII ғасырдың
басында Ауған жеріндегі Халаштардың күшті бір тобы болғанын айтады.
Шашырап кеткен Қашқайлар XVIII-ғасырда Жанй Ага тарапынан топтастырылды.
Шахлу руынан болған бұл адам Қашқайлардың алғашқы Илханы болды.13. 18-
72
Қашқай халқы санын дөп басып айту қиын. Оған бірінші себеп Иран
үкіметі халық санын анықтауда бөле-жармай жалпылама санақ жүргізуінде
болса, екінші себеп ұсақ ұлттарға деген жымысқы саясаттың бір көрінісі
болмақ. Әр заманда жасаған зерттеушілер әр түрлі сандық көрсеткіш береді.
Мысалы, Дюпре (1807-1809жж) Қашқайлар санын 120-150 мың аралығында десе,
Лади Шейл (XIX-ғасырдың ортасы) оларды 30-40 мың шатырлардан тұратынын
айтқан, Мамафих Журзон (1889 ж) қашқайлардың 60 мың жанұядан тұратынын
және 120 мың сарбаз шығара алатынын айтады. Бірақ бұл сандардың қай-
қайсысыда дәл есептік көрсеткіш деп айту қиын. Бірінші дүние жүзілік
соғыста Ағылшындармен арада болған шайқаста Қашқайлардың елу мың атты
әскерлері болғаны анықталады.
Белгілі түркітанушы және саяхатшы Мехмед Емин Расулзаде өз еңбегінде
Қашқайлар жайлы былай дейді;- Иранның дәл ортасында Саади мен Хафиз өмір
сүрген Шираз өлкесінде Парсы мемлекетінің қол астында ұлттық салт-
дәстүрін еш өзгертпестен өмір сүріп келе жатқан бір Түркі елі бар,
Ирандықтардың көбісінің олар жайлы білері аз және онда кішкентай бір
Түркістанның болғанынан хабарлары да жоқ. Бұл мақаламда өзінің Түркі
туысқандарынан жырақта қалса да бұкіл Түркі әлеміне аты шыққан бұл
Түркістан жайлы сөз қозғамақпын. Олар Қашқайлар еді..5.18-22
Ол өз мақаласын ары қарай жалғастырып ; - Қашқайлар жаз
жайлауда, қыс қыстауда отырып, көшпенді өмірін жалғастырып келе жатқан,
саны жарты миллионға жуық үлкен бір Түркі тайпасы болады. Көшпенді өмірге
қолайлы Алашық деп аталатан шатырларда өмір сүреді. Негізгі
шаруашылығы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығын негізгі
кәсіп еткен. Көлік күші ретінде жылқы, түйені пайдаланады. Жылдың сегіз
айында шатырлар мен, қостарда өмір сүріп, тамыздың аяғына қарай қыстаққа
көшеді. Бұл көш бейне бір әскери оператция сияқты ұйымдастырылады. Әр
жерде бытырай орналасқан Қашқайлар, ауыл ақсақалдарының әмірлерімен бір-
біріне хабар бере отырып, бір мезгілде көш басын жолға салады. Жүктерін
тең-тең қылып тиеген олар сыртына қыз-келіншектер қолынан жаңа шыққан
кілемдерді жабады. Жайлаулары орталық Иран қалалары Исфахан мен одан
оңтүстікке қарай жатқан Ададе, Ғумше, Мемесени атыраптарынан бастау алып
Казирун жазығынан бітер. Ал қыстаулары Казирун, Дешти, Дештистан және
Ферашбенд қырқалары болады. 5. 18-22
Қашқайлар жанұясында әйелдер ролі өте маңызды. Олар бала тәрбиесі,
үй шаруасы және еркектер тапқан табысты ұқсата біліп, жаратуды өз
міндетіне алады. Көршілерге көмектесу, мереке кезінде қонақ шақыруды да
өздері шешеді. Олар кейбір манызды мәселені шешуде еркектермен қатар
отырып, өз ойларын ортаға салады. Қашқайлар қоғамында бітпей жатқан
шаруаны жабыла жасау, көмекке келу өте маңызды. Қашқайлар әйелдері үй
шаруасынан қолдары босаса кілем тоқумен айналысады. Үйлері көшпенді
тұрмысқа лайық шағын болғандықтан үлкен өрмек құра алмайды, сондықтан
кішкентай кілемшелер тоқиды. Оны базарға апарып сатып немесе өздеріне
қажетті басқа бұйымдарға айырбастайды. Жұмыла жабылып арасында Деде
деп аталатын қалың және үлкен кілемдер де тоқиды. Көбіне өздеріне тән
ұлттық киім киеді. Еркектері Бұхара каракулына ұқсас тері қалпақтар
киеді. Ал әйелдер қызыл, жасыл, көк түсті көйлектер киеді. Тұрмысқа қажет
дүниелердің көбін өздері жасайды. Жанұя құру жоспарын баласы ата-
анасымен ақылдаса отырып шешеді. Жастайынан атастыру салтын да қолданады.
Негізінен ер балаларды жоғарғы оқу оқуына жол береді, ал қыз балалар орта
білімді мектеп қабырғасынан алған соң ары қарай жалғастыруы сирек
кездеседі. Тіпті кей кездерде шала сауаты бар адамдар да кездеседі.
Иранның оңтүстігін мекен ететін басқа да Арап, Бахарлы, Басырлы,
Инанлы, Нефер тайпаларынан қарағанда Қашқайлар өзіндік тұрмыстық салт-
дәстүрін қалыптастырған, тілі, мәдениеті, ұстанымдарымен-ақ алда келе
жатқан тайпа болып табылады.

Мехмед Емин Расулзаденің жазбасына сүйенсек, олардың Илхандары
(басшылары) Шынғыс хан ұрпақтарынан жалғасын тауып, өздерінің
басшыларының басқа тайпадан болуына еш жол бермеген. Қашқайлардың ана
тілдері түрік тілі, өз орталарында түрікше сөйлеседі, Шираз маңында олар
Түрік аттарымен–ақ белгілі. Олар Иран елінің заңы бойынша өз ана
тілдерімен қатар парсы тілін де жетік біледі. Қашқайлар денелері мығым,
күшті және сұлулықтарымен ерекшеленеді. Ираннның айтулы ақындары Хафиз
бен Саади ғазалдарында Түрік сұлуларын көп бейнелейді. Оған мысал
ретінде алар болсақ;
- Егер ол Түрік қызы менің жүрегімді қабыл етсе,
Самарқант пен Бұхараны тарту етер ем мен оған. Шираз
шайырларының тамсана айтар сұлулары олар Қашқай қыздары еді.
Қашқайлар өз
ішінен көптеген топтарға бөлінеді. Олар; Дершури, Алтыбөлік (Шешбөлік),
Кешкулі, Парсымаден (Парсыша білмейтіндер), Амеле, Сафихане, Игдар,
Хашымхани, Байат, Коиунлы, Карабанды, Рахими, Ориад, Хараханды, Қожабектер,
Мухаммед заманды, Шахлы және тағы басқалады айтуға болады. Әр тайпаның
басында Келантер атты бір басшы болады. Олар орталық бір басшы Илханға
бағынады. Илхан ру басшылар ортасынан, яғни Келантер ортасынан сайланады.
Илхан өз қызметін атқара алмаған жағдайда немесе қайтыс болса оның орнын
басқа бір Келантер дауысқа салу арқылы ауыстырады.
Қашқайлар өз Илхандарын ерекше құрмет тұтады. Жыл сайын Наурыз
мейрамы қарсаңыңда зекет, садақа немесе салық ретінде әр жанұя бір-бір
қойдан Илханға тарту етеді. Бұдан басқа да Илханға тарту-таралғы
жасайтын көптеген әдет-ғұрыптар бар. Қашқай хандары оңтүстік Иранның ең
байлары қатарына жатады. Алғашқы басшылар болған Насир хан мен оның інісі
Исмаил хан Керим хан Зенд заманында өмір сүрді. Одан кейін де көптеген ел
басшылары өмір сүріп, Қашқай халқының дербес ұлт болуында өшпес із
қалдырды. Олардың ішінде ең көрнектісі Сұлтан Мухаммед хан болды (1867-
1868 жж). Бірінші дүние жүзілік соғысының соңына қарай Қашқайлар Иран
үкіметінің дербестігі үшін Ағылшын басқыншылармен соғысып жеңіліске
ұшырады. Бұл соғыс тарихта Қашқайлар көтерлісі деген атпен қалды.18
Қашқайлар Иранның ішкі істеріне араласудан, Түркі дұшпанына қарсы
тұрудан бас тартқан емес. Реза Шах дәуірінде басқа да ұсақ ұлттар сияқты,
бұлар да қыспақтың астында қалды. Көптеген басшылары Шах қаһарына
ұшырады. Бұл амалдардың жалғасы ретінде Ильхан Саблату*т –Девле Тегеранға
әкетілінген соң, оның ұлдары Иранды тастап шығуға мәжбүр болды.

Каджарлар

Өздерінің аз санына қарамастан, Иран мемелекетінің тарихыда ұзақ
уақыт билікте болған Түркі тайпаларының бірі Каджарлар. Негізі Иран
әмірлерінің түп тамыры болып келетін Серлак Ноянның ұлы Каджардың
есімімен тайпаның атын байланыстырады. Ата жұрты Түркістан болған
Каджарлар, біраз уақыт Сирия жерін мекен етті. XIV-XV- ғасырларда Иран
жеріне қоныс аударды. 1400- жылдары Шамды басып алған Ақсақ Темірдің
тегеуіріне шыдамаған Каджарлар Түркістанға кері көшуге мәжбүр болды.
Бірақ бұл көштің кесірінен бір тобы Азербайжанда ( Генжеде), ал бір тобы
Ирак жерінде қалды. Тимурлықтар биліктен кетісімен, Каджарларға туыстас
болып келетін Аккоиунлылыр тайпасының көсемі Хасан бей мемлекет
егемендігін алды. Бұл оқиға Каджарларға да тың күш әкелді. Иран
деректерінде бұл заманды Сефевиттердің 1-Шах Аббас заманына тұспа-тұс
келеді. Шах Аббас дәуірінде бұл Түркі тайпасы Мауренахрдан Кавказға дейін
созылып жатты. Бірақ әмірлер бұл жерлерде мұндай саны да көп, өзедері
орасан күшке ие тайпаның болуын қаламай, оларды Горган қырлары мен
Естрабадқа ығыстырды. Бұл көшірудің астарлы саясаты болды, ол
Каджарлармен туыстас болып келетін Туркия түріктерінен алыстатып, керек
жағдайларда Түркмен мен Өзбек ұлыстарына қарсы пайдалану болды. Бірақ та
сол уақытта Генже, Қарабағ, Хорасан, Мерб, Исфахан сияқты экономикалық
және саяси орталықтар бұлардың ғұзырында еді. Біздің білетініміздей 1794
жылдан 1920-1925 жылға дейін Иран тағына иелік етті. Тіптен Сұлтан
Сүлейменге елші болып барған және Түркия мен Иран достастығына қол қойған
ақын Шах Кули хан да Каджар еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Пәндер