ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)



КІРІСПЕ ... ... ..3.6 бб

1.тарау. 1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... .7.21 бб

1.1. Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері


1.2. 1916 жылғы ұлт.азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесі ... ... ... ... ..14.21 бб



2.тарау. 1917.1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫ: ТАРИХЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ


2.1. Большевиктер үкіметі жүргізген әлеуметтік.экономикалық шаралар . босқынышылықтың басты себебі (1917.1930 жж) .22.37 бб

2.2. Қазақтардың шетелге ауа көшулері, мәселелері ... ... ... .37.43 бб


ҚОРЫТЫНДЫ ..


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңде өткен тарихымызды қайта таразылап, оны жан-жақты саралап, кеңінен зерттеуге мүмкіндіктер алғаны баршамызға мәлім. Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтардың бірі. Себебі 1992 жылдың 28 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында болып өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында: «...бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интелектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне» /1/ жұмсауға шақырғандығы осыны анық аңғарта түседі. Қазіргі таңда бүкіл әлемде шашырап жүрген қандастарымызды жеріне топтастыру, ата-бабасының туған жері мен топырағына қайта оралту мәселесі қозғалған тұста қазақ диаспорасының пайда болу жағдайлары мен мәселелері тарихымыздың өзекті мәселелерінің қатарында екендігі айқын.
Яғни қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, өткенінінде әртүрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санынының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспорамыздың қиын мәселелерін көтеру тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық мүддеміз тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау сияқты маңызды мәселелерге қажет.
Әсіресе ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы дүние жүзінде болып жатқан саяси оқиғалардың, түрлі жағдайдағы халықаралық қатынастардың ықпалына ұшырап, қилы кезеңді басынан өткергені баршамызға мәлім. Сан мыңдаған қандастарымыз 1916-1933 жылардың тұсында ең әуелі Ресей империясының, кейін большевиктердің қысымынан ата қонысынан ажырап, көршілес жатқан алыс-жақын шетелдерге үдере көшуге мәжбүр болды. Соның ішінде Қытай мен Монғолияға қарай қазақ жұртының сарытабан үркіншілігі негізінен азамат соғысы жылдары кенеттен жаңаша күйге түскен. Тағы да басқа анығын айтсақ, бұл кейініректе әміршілдіктен кең етек жайған қызылтабан босқыншылық пен қызыл қырғынның бастамасы еді.
1. Қасымбаев Ж.Қ. Қытайға кеткен қазақтардың қайтып оралуы. // Қазақ әдебиеті. 1992 жыл, 30-қазан.
2. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997
3. Казахская диаспора. Под. ред. Т.Есмаганбетова. Алматы, 1997
4. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925
5. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997
6. Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., және басқалары. Қаһарлы 1916 жыл. Құжаттар мен материалдар жинағы. 2 том. Алматы, 1999
7. Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, 1993
8. Хафизова К.Ш. Китайская дипломатия в Центральной Азии (ΧІ-ΧІХ вв.)Алматы, 1995
9. Алтай Х. Ата жұрттан Андолыға дейін. Алматы, 1995: Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 1990
10. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов. Москва, 1960
11. Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., және басқалары. Қаһарлы 1916 жыл. Құжаттар мен материалдар жинағы. 2 том. Алматы, 1999
12. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997
13. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. Алматы; «Атамұра», 2002. 591-593 бб.
14. Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстана посленей трети ΧІΧ-начала ХХ вв. (1867-1907гг.) Алматы, 1963. 35-б
15. Бұл да сонда... 35-37 бб
16. Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана. Алматы, 1979. 69-б
17. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. Алматы; «Атамұра», 2002. 593-594 бб.
18. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. Алматы, 1965, 171-б
19. Бұл да сонда... 171-172 бб
20. Бұл да сонда..., 172 б
21. Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстана посленей трети ΧІΧ-начала ХХ вв. (1867-1907гг.) Алматы, 1963. 37-б
22. Бұл да сонда... 37-38 бб
23. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. Алматы; «Атамұра», 2002. 595 -б.
24. Бұл да сонда..., 596-б
25. История КазССР, т 3. 411-б
26. Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, 1993
27. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 81-б
28. Бұл да сонда.., 81-83 бб
29. Бұл да сонда.., 83-б
30. Қозыбаев М. Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихын зерделеу проблемалары. // Отан тарихы. № 4, 1999 ж.16-17 бб
31. Бұл да сонда.., 17-б
32. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. Алматы; «Атамұра», 2002. 636 -б.
33. Тынышбаев М. История казахского народа. Алматы, 1993. 41-б.
32. Бұл да сонда., 41-42 бб.
33. Восстание 1916 года в Средней Азий и Казахстана. Сб. материалов и
документов. М., 1960. 300-б.
34. Бұл да сонда., 301-б.
35. Бұл да сонда., 304-б.
36. Тынышбаев М. История казахского народа. Алматы,1993. 42-б.
37. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 84-б
38. Бұл да сонда.., 84-85 бб
39. Рыскулов Т. Восстание тузеемцевсредней Азии в 1916 г. Бишкек., 1991 г.
9-10 бб.
40. Сулейменов Б.С, Басин Б.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. –Алма-
Ата, 1977. 84-б.
41. Восстание 1916 года в Средней Азий и Казахстана. Сб. материалов и
документов. М., 1960. 303-б.
42. Бұл да сонда., 304-б.
43. Қозыбаев М. Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихын зерделеу
проблемалары. // Отан тарихы. № 4, 1999 ж.16-17 бб
44. Бұл да сонда.., 18-б
45. Асфендияров С.Д. Националбно-освободительное восстание 1916 г. в
Казахстане. М.-А., 1936.75-б
46. Бұл да сонда.., 75-76 бб
47. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 84-85бб
48. Бұл да сонда.., 85-б
49. Казахская диаспора. Под. ред. Т.Есмаганбетова. Алматы, 1997. 112-б
50. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 86-87бб
51. Қасымбаев Ж.Қ. Қытайға кеткен қазақтардың қайтып оралуы. // Қазақ әдебиеті. 1992 жыл, 30-қазан.
52. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 88-б
53. Бұл да сонда.., 88-89 бб
54. Чокаев Мустафа. Туркестан под властью Советов. Алма-Ата, 1993. 86-б
55. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 221-
222 бб
56. Бұл да сонда.., 223-б
57. История советского крестьянства. М,1969. 2-том. 202-б
58. Бұл да сонда.., 238-б
59. Бұл да сонда.., 238-240 бб
60. История советского крестьянства. М,1969. 2-том. 203-204бб
61. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 248-
249 бб
62. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестиянства. Алма-Ата, 1992. 33-б
63. Бұл да сонда.., 33-37 бб
64. Козыбаев М.К. История и современность. Алма-Ата, 1991, 225-б
65. Татимов М. Социальная обусловленность демографических процессов.
Алма-Ата, 1989. 124-б
66. Бұл да сонда.., 124-126 бб
67. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 248-
251 бб
68. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 93-б
69. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.
251-б
70. Бұл да сонда.., 252-б
71. Бұл да сонда., 252-253 бб
72. Бұл да сонда.., 253-б
73. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 93-б
74. Бұл да сонда.., 93-94 бб
75. Абилтаин Минис. Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері. // Шалқар 1993, 14-ақпан
76. Ғабитханұлы Қ. Қытайдағы қазақтар. // Ана тілі, 1993. 14-қаңтар
77. Конквест Р. Жатва скорби реестр смерти – «Вопросы истории», 1990, № 4. 87-88 бб
78. Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Киселев И.Н. Полвека молчания. – «Социологические исследования», 1990. № 6. 6-б
79. Төлепбаев Б., Осипов В. Асырмай да жасырмай да айтылатын шындық. –Нәубет, 105-б
80. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. Алматы, 1993. 64-б
81. Бұл да сонда.., 64-65 бб
82. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 275-б
83. Тәтімов М. Халықнама немессе Сан мен Сапа. Демографтың ой-толғаныстары. Алматы, 1992, 11-б
84. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 93-б
85. Сарманова Н. Қытайға ауған қазақтардың 50-жылдық өмірі. // Ленин туы. 1993 жыл. 28-қазан
86. Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, 1993. 49-53 бб
87. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.
275-277 бб
88. Бұл да сонда.., 279-б
89. Алтай Х. Ата жұрттан Андолыға дейін. Алматы, 1995. 122-б
90. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 1990. 233-б
91. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение казахской диаспоры. Алматы, 1997. 93-94 бб

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы
-
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)

Орындаған: 4 курс
студенті Ж.А.Тлеуова
Ғылыми жетекшісі:
т.ғ.к, доцент
Ф.А.Қозыбақова

Қорғауға жіберілді “ ” --------------- 2006 ж.
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.д., профессор Қ.С.Қаражан

Алматы-2006

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- ----------------------------------3 -6 бб

1-тарау. 1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ-----------------------------7 -21 бб

1.1. Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері ----------------------------------- --------------------7-13 бб

1.2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесі ----------------------------------- --14-21 бб

2-тарау. 1917-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫ: ТАРИХЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ----------------------------------- -------------------22-43 бб

2.1. Большевиктер үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралар – босқынышылықтың басты себебі (1917-1930 жж) –22-37 бб

2.2. Қазақтардың шетелге ауа көшулері, мәселелері -------------37-43 бб

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ---------------------------44-45 бб

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ----------------------------- ----------------------------------- ------------------------------ 46-49 бб

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңде өткен тарихымызды қайта таразылап, оны жан-жақты саралап, кеңінен зерттеуге мүмкіндіктер алғаны баршамызға мәлім. Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтардың бірі. Себебі 1992 жылдың 28 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында болып өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында: ...бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интелектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне 1 жұмсауға шақырғандығы осыны анық аңғарта түседі. Қазіргі таңда бүкіл әлемде шашырап жүрген қандастарымызды жеріне топтастыру, ата-бабасының туған жері мен топырағына қайта оралту мәселесі қозғалған тұста қазақ диаспорасының пайда болу жағдайлары мен мәселелері тарихымыздың өзекті мәселелерінің қатарында екендігі айқын.
Яғни қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, өткенінінде әртүрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санынының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспорамыздың қиын мәселелерін көтеру тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық мүддеміз тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау сияқты маңызды мәселелерге қажет.
Әсіресе ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы дүние жүзінде болып жатқан саяси оқиғалардың, түрлі жағдайдағы халықаралық қатынастардың ықпалына ұшырап, қилы кезеңді басынан өткергені баршамызға мәлім. Сан мыңдаған қандастарымыз 1916-1933 жылардың тұсында ең әуелі Ресей империясының, кейін большевиктердің қысымынан ата қонысынан ажырап, көршілес жатқан алыс-жақын шетелдерге үдере көшуге мәжбүр болды. Соның ішінде Қытай мен Монғолияға қарай қазақ жұртының сарытабан үркіншілігі негізінен азамат соғысы жылдары кенеттен жаңаша күйге түскен. Тағы да басқа анығын айтсақ, бұл кейініректе әміршілдіктен кең етек жайған қызылтабан босқыншылық пен қызыл қырғынның бастамасы еді.
Жалпы диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағананы білдіреді. Олай болса сол шашыранды өсу немесе ата қонысынан еріксіз басқа елдің қоластына барып паналау арқылы күн кешкен қазақ диаспорасының маңызды мәселелерін қарастыру, салмақтау, зерттеу қазақтың біртұтас тарихының белгілі бір тарихи дәуірінің мазмұнын байытуға негіз болады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: ХХ ғасырдың бас кезеңдегі қазақ диаспорасының пайда болуы мен мәселелері турасында арнайы зерттеу еңбегі бар деп айту әлі ертерек. Жалпы мәселеге тікелей қатысы бар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1929-1931 жылдар аралығында болып өткен халық наразылықтары мәселелері, қазақ босқындарының пайда болуы жайындағы түрлі көзқарастар мен пікірлер төңерегінде жазылған бай тарихнамасы бар. Әйтсе де, Ресей, Қазақстан мен шетелдік ғалымдар тарапынан жазылған біраз еңбектер мәселенің басқа қырларынан шешуде қоланысқа ие бола алады.
Біз қарастырып отырған мәселеге тікелей қатысты еңбектердің алғашқы қатарында Г.М.Меңдіғұлованың Тарихи тағдыр – қазақ диаспорасының шығу тегі мен дамуы 2 атты докторлық еңбегін атауға болады. Аталған еңбек арнайы қазақ диаспорасының пайда болуы мен үрдістері мәселелерін қарай отырып, диаспораның шығу тарихы мен себептеріне теориялық пайымдаулар жасаған. Зерттеуші қазақ диаспорасының мәселелеріне тоқтала отырып, ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, оның ішінде Столыпин аграрлық реформасы, 1916 ұлт-азаттық қозғалыс, Кеңес үкіметінің орнауы мен азамат соғысы және ұжымдастыру сынды науқандардың қазақ диаспорасының пайда болуына үлкен екпін бергендігіне қысқаша тоқталып өтеді.
Сондай-ақ Т.Есмағанбетовтың редакциялауындағы Қазақ диаспорасы 3 атты еңбекте шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан жалпылама жазылған зерттеулер қатарынан аталған кезең туралы қысқаша ой-пікірлер кездеседі.
Ал қазақ елінің аталған кезеңдегі демографиялық жағдайлары туралы мәліметтер М. Тынышбаевтың 4 еңбегінде кездеседі.
Қазіргі кезеңде қазақ тарихының жаңарған тарихы туралы түрлі зерттеу еңбектерін ұсынып жүрген танымал ғалым Т.Омарбековтың 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті 5 атты зерттеу еңбегінде қазақтардың шетелдерге ауа көшуі туралы мол мәліметтер жұмыстың түрлі қырларын ашуда пайдаланылды. Әсіресе, аталған еңбекте қазақ шаруаларын күшпен және жаппай ұжымдастырудың ауыр саларыныан көптеген қазақтардың көршілес Қытай асып кетуі нақты архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі.
Сол сияқты М.Қ. Қозыбаев., Қ.С. Алдажұманов., Ж.Б. Әбілқожиндердің біріккен “Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық” 6 атты шағын зерттеу жұмысында 1929-1931 жылдардағы халық наразылықтарына қатысқан тұлғалардың босқыншылық әрекеттері аталынып өтеді.
Белгілі демограф-ғалым М.Тәтімовтың Қазақ әлемі 7 атты еңбегінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуымыздың жай-жапсары турасындағы мәліметтерінің қатарында қазақ диаспорасы туралы да аздаған мәліметтер келтіріледі.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері Алтай Халифа 8 мен Хасен Оралтайдың 9 еңбектерінде кезіндегі Қытай билеушілерінің езгісіне мойынұсынғаннан гөрі азапты да азат жолды қалаған қазақ босқындарының Такламан шөлінен өтіп, Гималай асып, Үндістан, Ирак, Сирияны басып Туркияға және де алыс-жақын шетелдерге өтулері туралы баяндалады. Аталған еңбектер тікелей зерттеуімізге қатысы болмаса да, тақырыпты өзге тұрғыдан қарастыруда мол мүмкіндіктер бере алады.
Соңғы жылдары қазақ диаспорасының түрлі кезеңдері туралы мерзімді баспасөз беттерінде Г.Ахметбекқызы, Х.Алтай, Т.Зәкенұлы, Н.Мұхаметханұлы, Ж.Қасымбаев, Қ.Қалтабайұлы және тағы да басқа зерттеушілердің еңбектерінде түрлі мәліметтер кездеседі.
Бітіру жұмысының деректік негізі осы кезеңдегі тарихи оқиғалардың белгілі шындығы мен ғылыми сипатын толықтыратыны сөзсіз. Негізінен жұмысты жазу барысында 1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстандағы көтеріліс (материалдар мен құжаттар жинағы) 10 атты жинақтан қазақ босқындарының ұлт-азаттық қозғалыстан тұсында пайда болуы жайында мәліметтер кездестіреміз. Сондай-ақ М.Қ. Қозыбаев., Қ.С. Алдажұманов және басқалар бірлесіп баспаға дайындаған Қаһарлы 1916 жыл (құжаттар мен материалдар жинағы) 11 атты еңбектен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың орын алу себептері мен оның қазақ диаспорасының пайда болуына қатысты мәліметтер кездеседі. Ал 30 жылдар турасындағы архивтік материалдар топтамаларын зерттеуші Т.Омарбековтың 12 еңбектерінен кездестіретінімізді баста атап өткен болатынбыз.
Жалпы ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының әр түрлі кезеңдегі деректік базасы мен 20-30 жылдардағы саяси оқиғалар базасы толықтай игеруді әлі де болса қажет етеді. Мұның өзі маңызды тақырыпты зерттеуде теориялық-методологиялық көзқарас әзірлеуге белгілі бір дәрежеде әсер етеді деп ойлаймыз.
Бітіру жұмысының хронологиялық шегі ΧХғасырдың алғашқы кезеңі, яғни 1910-1930 жылдарын қамтиды. Себебі аталған кезеңде патшалық империя қысымы мен артынша орнаған Кеңес үкіметінің саяси жүйесі қазақ диаспорасының одан әрі тереңдеуіне жол ашып берген еді.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты ХХ ғасырдың басындағы түрлі тарихи жағдайлардың орын алуына байланысты қазақ диаспорасының пайда болуы мен олдан әрі тереңдей түсуі турасында саралай отырып, аталған мәселенің кейбір қырларын ашуға мүмкіндіктер жасау болып отыр. Айқындалған мақсатымызға байланысты мынандай міндеттерді шешуді белгіледік:
- Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері мен мәнін ашу;
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесіне тоқталу;
- 1917-1930 жылдардағы большевиктер үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралардың қазақ босқындарының артуындағы басты себептерінің мәнін ашып көрсету;
- 1930 жылдардағы қазақ диаспорасының қалыптасу мәселесінің қырларын айқындау;
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

1.1. Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи этно-демографиялық жағдайы – алғашқыда отарлық күштеп бағындырудың әсерінен, кейін келе лениндік ұлт саясатының бұрмаланып, республикамызда әр түрлі ұлттардың миграциялық толқынының орталығына айналуы сталиндік зұлматтың қияметтей болған қиындыған қатты өзгеріске ұшырағаны белгілі. Нәтижесінде қазақ ұлтының еріксіз шашырап өмір сүруге немесе қазақ диаспорасының пайда болуына әсер еткен кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы тұсы деп көрсете аламыз. Себебі ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жеткен болатын. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты мен одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған түрлі қаулылары себеп болды. Ресей аудандарынан жаппай шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарына қоныстандыру үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл мәселе негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болды. Оларға Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тиым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы Сырдария, Ферғана және Самархан облыстарныдағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берген еді 13. Бір ғажабы сол заңды талқылау барысында үкіметтік комиссария 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер артык болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың карамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру аркылы, — делінген түсініктемеде, — қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді камтамасыз ету үшін өз қалауынша артык алкаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру жөне Егіншілік Бас Баскармасының карамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды 14 деп айтылғанындай, 1891 жылғы Дала Ережесін карау кезінде 120-бапка ескертудің өзі байырғы халыктан жерді алып коюды заң жүзінде негіздеу үшін жеткіліксіз болған еді. Дегенмен, бұл заң шығарудағы мағынасыздык заңнан заңға көшіріліп отырды.
Мемлекет үшін стратегиялык маңызды аудандарға катысты бұрынғы қаулылардағы сиякты, Түркістан өлкесіне артыкшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін ерекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едөуір — суармалы жердің үш десятинасына дейін шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдык жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар жыл бойы салық жеңілдіктерімен қамтамасыз етілді және өскери қызметтен босатылды.
Көші-қон еркіндігін күшейту үшін 1904 жылғы 6 шілдедегі Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уақытша ережелердің зор маңызы болды, оның заң күші бар еді. Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкіметоргандары-ның рұксатынсыз еркін кетуіне рүксат етілді, ол 1889 жылғы Ережеде бекітілген болатын.
Алайда үкіметтің барлық күш-жігеріне карамастан, қоныс аудару козғалысы ұйымдасқан түрде емес, бұрынғысынша неғұрлым стихиялы түрде жүре берді. Мәселен, 1905 жылы өз бетімен коныс аударушылар саны Акмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында - 61,5%-ы, Торғай облысында — 88,6%-ы болды 15. Сондықтан XX ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйьмдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зертгеушілер қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан зандар мен екімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыла-рға жеткілікті дәрежеде ыкпал ете алмады, сейтіп ез бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді деген тұжырымға келеді. Үкімет коныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жок, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр, — деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға зандык құқык беру жөніндегі үкімет органдарының әрекетгері туралы ашық айтылды 16.
Қазақстанда XIX ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар бос деп белгіленген жерлерде коныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болатын. Бос жерлер дейтіндерді далалык облыстарды зерттеу женіндегі экспедиция, басқаша айтканда Ф.А.Щербинаның экспедициясы анықтауы керек еді. Экспедицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, өсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Солай бола тұрса да, ішінара осы есептеулер бойынша 1893—1905 жылдарда далалык облыстарда 4074180 десятина, оның ішінде Акмола коныстандыру ауданында — 2550202 десятина, Семейде — 499 566 десятина, Торғай-Орал ауданында — 1024412 десятина жер тартып алынды. Барлығы 18 миллион десятина алынуға тиіс болатын 17. Алайда көп ұзамай бұл цифрлар үкіметті қанағаттандырудан қалды. Қазақтардың жер пайдалану нормаларын, оларды кеміту жағына қарай қайта қарау туралы жөне жаңа экспедициялык зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойылды. Дегенменде, мұндай нормаларды әзірлеу кезінде қандай да болсын ғылыми сипат берудің өзіне де қарсы дауыстар естіле бастады. Мәселен, Егіншілік жөне Мемлекеттік мүлік министрлігі егіншілік департаментінін директоры Н.А. Крюков қазақтарды жерге орналастыру туралы мәселе жөніндегі кеңесте Дала өлкесіндегі зерттеулердің қандайына болсын, жалпы земство статистиктеріне қарсы шықты, мұнысын көшпелі тұрмыс жойылуға тиіс жөне барлық көшпелілер жер иеліктерінің белгілі бір шекарасына ығыстырылуға тиіс , өйткені көшпелі тұрмыс... басқаша айтқанда, ешнәрсе кысым жасамайтын кезбелік деп дәлелдеді 18.
Нәтижесінде күштілердің әлсіздерден жерді тартып алуы кауымдар деңгейінде де жүріп жатты. Мөселен, Акмола облысының Көкшетау уезінде қауымдардың үштен екісінде жер жеткіліксіз болды, ал қалған үштен бірі жермен орташа деңгейден сәл жоғары келемде қамтамасыз етілді. Жоғары топтың жер көлемі теменгі топтың жер көлемінен 41 есе асып түсті 19.
Қазақстандағы жер қатынастарын қиындатқан елеулі себептердің бірі жердің бір белігінің казак әскерлеріне тиесілі болуы еді. 1917 жылға карай Орынбор әскерінде 7,4 миллион десятинадан астам, Жетісу әскерінде — 681,5 мьщ десятина, Сібір әскерінде — 4,9 миллион десятина, Орал өскерінде — 6,4 миллион десятина, Астрахан әскерінде — 808 мың десятинадан астам жер болды 20.
Алайда бұл ашкөздік империя саясаты мұнымен тоқтап қалмаған еді. Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлык реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қоз-ғалысын күшейту болатын.
1906—1911 жылдарда Министрлер Кенесінің төрағасы және Ішкі істер І министрі болған П.А. Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын, П.А.Столыпиннің аграрлык саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді, бұл — Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 карашадағы Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып I жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы жарлык, ол III Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы заң етіп толықтырылды және қайта өнделді. 1911 жылғы 29 мамырда Жерге орналастыру туралы заң қабылданды. Аграрлық реформа бой\ынша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін І906 жылы басталды. 1907 жылғы 1 каңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінін, күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыкхан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу кұқығын жариялады 21. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері - шаруаларды азат етті жөне олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құкығын беріп, қоныстандырушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нөтижелерінің бірі - шаруалардың шет аймақтарға, атап айтканда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Казақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде өр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының кұзыретгі шенеунігі В.А. Трес-вятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға карай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күшпен тартып алуға арналған 22. Алайда Оралдың арғы жағына қоныс аудару жөне жерге орналастыру бойынша шолулар деректеріне сүйеніп Ә.Б.Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906—1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақтылы алы-нған қазақ жерлері 15,8 миллион десятина болған. Оның үстіне Жетісу қоныстандыру округінде — 3,3 миллион десятина, Сырдария округінде — 2,5 миллион десятина жер тартып алынған. Қорытынды цифр 21 206 118 десятина болды 23. Б.С. Сүлейменов те нақ осы деректерді келтіріп береді. Жер-гілікті халықтан тартып алынған жер 9111 учаскеден тұрды. Жалпы қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан казак әскерлеріне арналған орман, саяжайларына жөне басқа да казыналык қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алын-ған жерлерді қоса есептегенде қоныстандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлык жердің 52%-ы, Ақмола уезінде — 73%-ы, Қостанай уезінде — 54%-ы болды жөне т.б 24.
Нәтижесінде мұндай көзсіз қазақ жерін талау 1912-1914 жылдары Қытай еліне қарай ағылған халықтық миграцияға әкеліп соқты. Мәселен, Русское Слово газеті өзінің 1912 жылғы 21 желтоқсандағы санында Шымкент уезіндегі бір шенеунік жергілікті қырғыздар (қазақ) жерін күштеп тартып алғандығы, нәтижесінде қорлық көрген халықтың Қытай еліне көш түзегендігі туралы атап өтеді. Мұндай халықтың өз ата қонысынан ауа көшуі болашақ қазақ диаспорасының ұлғаюына себепші болған еді. 1911 жылғы санақ бойынша Қытай еліндегі қазақтар саны 224 мың 900 адамды құраған 25.
Келесі кезекте А.Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сөтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.
Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның сал-дары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытын-дысы болды және бұл халықтың шашыранды болып өмір сүруіне үлкен себеп болды деуге болады. Олай дейтініміз, жерсіз қысылған халық еріксіз қарсылықтар көрсетіп баққан еді. Қарсылыктың стихиялық көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар телеуден бас тартудан, малды айдап әкетуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқықтарын заңды әдістермен - өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты, оларды көп мөлшерде мұрағат корларында кездестіруге болады. 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали Оспанов ез ауылының атынан Торғай-Орал ауданы коныс аудару ісінің меңгерушісіне Шыңғырлау болысының № 4 ауылы қырғыздарының еңжақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып алынды, ал бізге жарамсыз жерлер ғана қалдырылды деп шағым жасап, учаскелер кесіп беруді сұрады. Іс жүзінде қалған өтініштер сияқты, бұл өтінішке де бас тартылған жауап кайтарылды 26.
Қорыта келгенде, жер пайдалану ушін қоныс аударушылар мен қазақгар арасында да, жергілікті халық арасында да даулар мен қактығыстар пайда болды. Мәселен, Белоярск жөне Каменск поселкелерінің шаруалары Қостанай уезінің Кеңарал болысы қазақтарының жерлеріне ез бетімен қоныстанып алып, бастапқыда олардан жерді жалға алды, ал сонан соң 1905-1907 жылдар кезеңінде Ресейде шаруалардың жерді басып алуы жөнінде естіп, жергілікті түрғындардан өздері ұнатқан учаскелерді күшпен басып алуға тырысты. Олар Луганск поселкесі казактарының жерлеріне де осындай ниетте болды. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін олар Ресейден әлі де бір өте батыл адамдардың келуін күткен еді.
Жерін тартып алып қысым көрсету және дәстүрлі көшу жолдарынан айы-ру көшпелі халық арасында да толып жатқан жанжалдарға әкеліп соқты. Жерінен айырылған ел еріксіз осылай жасауға мәжбүр еді. Алайда олар көбінесе қайғылы аяқталып, соңында сормаңдай қазақ ұлты бас сауғалау әрекетіме көрші елдерге бас сауғалап кете барды. Мысалы, 1907 жылы Торғай облысының Ырғыз уезінде солай болды, онда күзеу ретінде пайдаланылатын Қаракөл алқабы үшін даудың салдарынан екі адам қаза тауып, ал бас көтерген біршама азамат бас сауғалау әрекетімен еріксіз елден кетуге мәжбүр болған 27.
Сол сияқты жергілікті әкімшілік тарапынан жасалынып отырған түрлі қысымшылық әрекет те қазақ босқындарының артуына себепкер болды. Мәселен, Жетісу облысының Жаркент уезі Аралтөбе селосының шаруалары шаруашылық жургізуге арналған ақшалай қарыздын төленуін екі жыл күтті, әбден қайыршыланған олар Жаркент ауданының коныс аударушыларды жер-ге орналастыру бөлімнің меңгерушісі Тепловка барады. Олар оны күтіп қабылдауына кіріп екі әйел мен бір шаруа оның алдында кұдай ананың алдындағы сияқты тізерлеп тұрып, жәрдемақы беруді сұрағанда, оған жас балалары аш-жалаңаш деревняда қалғанын айтып жалынғанда бастық мырза шаруаларды балағаттап қуып шыққан.
Қоныстандыру саясатының проблемаларын жұртшылыктың кең тал-қылағанын айтып өткен жөн, бұл өр түрлі түсініктегі толып жаткан жари-яланымдардан көрінді. Үкіметтің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретінде бүл мәселе Мемлекеттік Думада өте қызу айтыс туғызды. Аграрлык мәселені шешу Ресей империясының шет аймактарын мекендеген ха-лықтардың саяси құқыктарын қарастырумен ұштасты. Бұған Үкіметтің Ресейдегі шаруалардың жерге деген мұктаждығын кедейлерді шығысқа жаппай коныс аудару жолымен канағаттандыруға тырысуы себеп болды. Жергілікті түрғындардың мудделері мүлде ескерілмеді. I Мемлекеттік Думаның отырыстарында (1906) Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников қазақ халқының да, орыс қоныс аударушыларының да мудделерін қорғау туралы мәлімдеді, ол жүз мындаған казактар сөздің тура мағынасында жерсіз болып табылады. Ал егер жері аз қазақтарды алсақ, олар миллионнан кем болмайды деп мәлімдеп жұртшылыктың назарын жер пайдалану мөселелеріне аударды. II Мемлекеттік Думада да (1907) аграрлык мөселе талқылаудың өзегі болды. Оншыл депутаттардың бір бөлігі 1906 жылғы 9 карашадағы столыпиндік занды корғап шықты. Алайда Қазакстаннан сайланған депутаттар бұл көзқарастарға өз карсылықтарын білдірді. Орал облысынан сайланган депутат И.И.Космодамианский Столыпинді бүкіл заң шығарушы жиналыстың, бүкіл елдің жөне бүкіл орыс халқының жауы деп жариялады, өйткені үкімет өз саясатының зардаптарымен титтей де санаспай... қырғыз жерлеріне қоныстануды жөне оған шаруаларды кенінен қоныс аударуды ұсынып отыр 28. Аграрлык комиссияның мүшесі Б.Қаратаев коныс аудару әдістерін сынап сөз сөйледі, ол бүл үрдісті күштінің өлсізге зорлығы деп атап көрсетеді. III Мемлекеттік Думада (1908) қазақ халкы тіпті Думаға ез өкілдерін сайлау құкығынан да айырылды. Дегенмен, қазақтардың жерге құқықтарының бұзылуы туралы өткен думалык айтыстардың қызу өткені соншалык, Думаның бюджет жөне қоныс аудару комиссиясы кіметке қазақтардың жерге орналасты-рылуы туралы заң жобасын өте тез арада әзірлеп, қабылдау жөнінде ұсыныс енгізеді.
Әйтсе де, депутаттардын бір бөлігі билеуші топтардың мудделерін қорғ-ап, жағдайды жағымды турде бейнелеуге тырысты. Қазақтың белгілі ғалымы, көсемсөзші жөне саяси қайраткер Ә.Бөкейханов Казақстандағы қоныс аудару ісінің жағдайымен терең таныс болды. Ол Ф. А.Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты, I Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Өзінің барлық дерлік еңбектерінде, ғылыми монографияларында немесе газет беттерінде жарияланған мақалаларында даланы шаруалар арқылы отарлаудың зардаптарын анықтап, бұл үрдісті үкіметтің аграрлық саясатынан бөліп қарастырды. Ол Петербургте отырып алып, бірнеше десятина жарамсыз жерді қолайлы жер деп есепке алуды практикаға енгізу арқылы казақ өлкесінің жерін ойыншық еткен, ешнәрсеге күмәнданбайтын адамдар туралы терең мысқылмен жазады. Шаруаларды шөлейт және сортаңды далаларға қоныстандырудың көптеген фактілерін салғастыра келіп, Ә.Н.Бөкейханов жерсіз аш халыққа сусыз қазақ даласын ұсынатын үкіметтің қоныс аудару саясатының санаулы күндері қалды деген пікір білдіреді. Өз халқының мүдделерін қорғай келіп, ол былай деп жазды: қазақтар казіргі уақытта қоныс аудару учаскелерін кесіп беру кезінде болып жатканды ессіздік деп санайды... жұмыс жүргізушілер учаскелерде мал шаруашылығы үшін ең бағалы алаптарды: шабындықтарды, қысқы жайылымдарды, егістіктерді, жақ-сы суаттарды учаскелерге межелеп алып... қазақтарға тау-тасты, сор-таңтарды, батпақтарды, сусыз даланы қалдырады29.
Ақырында, ресми органдар қоныс аудару саясатының оған артқан үмітті ақтай алмағанын мойындады. Бірақ бұл қазақ ұлтының болашағы үшін өте кеш еді. Ресейдің ішкі аудандарыныан ағылып келіп жатқан қоныстанушылар тобы қазақтың шұрайлы аймақтарының үлкен бөлігін иеленіп, қонысқа айналдыра берді. Жерсіз қалған қазақ елі көрші елдерден пана іздеп, ендігі тұста күнкөріс қылып отырған аз малын жоғалтқысы келген жоқ. Нәтижесінде халықтың Іле мен Алтай аймағына жақын орналасқан бөлігінің біразы Шыңжаң аймағына еріксіз кетуге мәжбүр болды. Олар енді Қытай еліне келіп, қолындағы бар малымен күнкөріс қамын қылып, болашақ ұрпағы мен салт-санасын жоғалтқысы келмеген шашыранды халыққа айналған еді.

1.2 . 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесі

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлтының тағы да бір ата қонысынан еріксіз кетіп, басқа елге барып пана іздеуінің тағы да бір себебі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс болған еді. Аталған қозғалыс туралы акакдемик-ғалым М.Қозыбаев: 1916 жылғы патша өкіметіне қарсы наразылық жалпыхалықтық сипат алды. Күн тәртібінде ұлт бостандығы қойылды, қазақ мемлекеттілігінің хандық құрылымын қалпына келтіруге талпыныс болды. Шын мәнінде, 1916 жыл ХХ ғасыр басында қазақ халқының саяси тәуелсіздік пен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болды...
Жетісу, Шу-Талас бойында көтеріліс барысында жергілікті халықпен (қазақ, қырғыз, дұнған, ұйғыр) қара шекпенді көшіп келген орыс шаруалары, казак орыстары мен қан төгіс шайқастар жүрді, ұлтаралық араздықты патша өкіметі әдейі ушықтырды, ұлы державалық шовинизм жаңа белеске көтерілді. 1916 жылғы патша өкіметі геноцид саясатын жүргізді, қазақ сахарасы от шарпылған жер мен ел тактикасын қолданды. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны 446 мыңға кеміді 30,- деп көрсетеді.
Бұл ірі қозғалыстың тууының өзіндік әлеуметтік-экономикалық себептері болған еді. Жалпы көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі “бұратана” ер-азаматтарын тыл жұмыстарына ( қорғаныс құрлыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) “реквизициялау туралы” жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне жарлықта “жұмылдыру”, “әскерге шақыру” деген сөз емес, қайта әңгіме бейне бір малды реквизициялау (өткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, “реквизиция” (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Оталық Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкеде қазақ шаруашылықтарының саны 70 мыңнан сәл асатын әрбір үшінші шаруашылық қызыметінен айырылатын болды.
Жалпы көтерілістің басталуына бұған дейін елде орын алған саяси-экономикалық қатынастар бірден-бір себеп болған еді. Яғни, 1914 жылы бастаған бірінші дүние жүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет алып келді. Елде әлеуметтік және ұлттық езгі күшейе түсті. Ауылшаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жерін көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды 31.
Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеушілігінен болатын. Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39 %- ы шақырылды. Қазақстанның басқа аймақтарында да нақ осының көрінісі байқалды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жалпы жылқы өсіру қысқарды. Сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болды, үлес салмағы жөніне жылқы саны 48,5%-ға кеміп кетті, осы кезеңнің ішінде Ордада ірі қараның саны тиісінше 25%-ға кеміді. Маңғыстау уезінде, Сырдария және Жетісу облыстарында нақ осындай көрініс байқалды 32.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың малы мен мүліктері тартылынып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең жартысы алынып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығында да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Көптеген қожалықтар мүлде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз қалды.
Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-күйі, олардың күш-көлігі мен қамтамасыз етілуіне байланысты еді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті 336.
Сол сияқты Қазақстанның өнеркәсіп орындары да патша үкіметі үшін жұмыс атқарды. Салықтың жоғарғы қатынас жолдарының қашық, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептермен алтын кеніштерінің саны қысқарды және алтын өндіру 30%-дан төмендеп кетті. Мәселен, Жетісудағы өнеркәсіп деңгейінің дамуы төмен деңгейге түсті. Ауыл шаруашылық шикізатының және табиғи пайдалы қазбалар байлығына қарамастан өнеркәсіп дұрыс жолға қойылмады. 1913 жылы Жетісуда өнеркәсіп өнімі 4 млн. 123 мың сом құрайтын 4 мың 200 жұмысшысы бар, 1 мың 310 өнеркәсіп орны болды. Олардың басым көпшілігі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндірумен айналысты 34.
Ал бұдан байқайтынымыз Жетісудың Ресей империясы үшін тек шикізат көзі ретінде ғана қалып отырғандығы. Ол заңды да болатын. Өйткені, патшалық Ресей Жетісуды отарлағанда жалпы Қазақстан мен Орта Азия елдерін отарлағанда оларды өсіп-өркендету жайлы алдына мақсат етіп қоймағандығы белгілі.
Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліске шығуына бұрыннан келе жатқан жер дауы немесе өз жерлерінен айырылу мүмкіндіктері де үлкен себептердің қатарында болды. Ресейдің орталығында аграрлық мәселенің шиеленісуін патша үкіметі өзінің шет аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды да отарлау жолымен шешуге тырысты.
Олардың бұл саясаты бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да жалғасты. Бір ғана Жетісу облысында 1914 жылға қарай 2703226 десятина шұрайлы жер тартылып алынды. 1917 жылға қарай Семей, Торғай, Ақмола облыстарында және Бөкей Ордасында қазақтардан 40,638 миллион десятина жер тартылып алынды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да гөрі зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, кулактар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен қазақтар саны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар тіркелінген 35.
Соғыс жылдарында жергілікті патша шенеуліктерінің озбырлығы арта түсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария мен Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартылып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді. 1916 жылдың ортасына қарай патша үкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді 36.
Яғни, жердің жарамды, құнарлы бөлігінің орыс переселендерінің үлесіне тиуі қазақ шаруашылығына тағы да бір нұқсан келтірген еді. Қазақтардан тартылып алынған жерлерден басқа соғыс шикізаты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты.
Осы айтылған оқиғаларды көзімен көріп, куә болған Жетісу өңірінде өмір сүрген ақын Албан Асап патша үкіметінің отарлық саясатының қасіретті нәжесін өз аймағының мысалында былай деп өлеңге қосқан:
Күнге күнге албаным,
Заманың сенің тарылды.
Өр көкірек, кең қоныс,
Дәуірің сенің қалғанды.
Кең қоныстан айырылып,
Ұшып кетер жерің жоқ
Қанатың сынып қалғанды.
Екі көзің телміріп,
Мойныңа шынжыр салғанды.
Қайсыбірін айтайын
Ішімде толған арманды 37.
Міне, осындай саяси-экономикалық жағдайлар шиеленісіп, ұлттық езгінің күшейе түскен шағында патша үкіметінің 1916 жылғы маусымда Қазақстан мен Орта Азия халықтарының азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы жарлық шығаруы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына тікелей себеп болды. Оның басталуындағы себеп-салдарлары ғасырлар, жылдар бойы жинақталған халықтың ашу-ызасы еді.
Жоғарыда аталған түрлі ауыртпашылықтар ендігі кезекте еріксіз халық миграциясының тереңдеуіне жол ашқан еді. Әсіресе халықтың жаппай атамекенін тастап, еріксіз бас сауғалау әрекеті 1916 жылыдың шілде мен қыркүйек айларының аралығында өскен еді. Мәселен, аталған уақыт аралығында Жетісу аймағынан Қашқарға бет алған қазақтар жолда аштық пен малына жем-шөптің уақтылы табылмауына байланысты ешбір дүние-мүліксіз қытайлық басқарушылар қолына келіп жетеді. Ал халықтың екінші бір тобы Текес бойына бағыт алып, малының біраз тобын сақтап қалады. Алайда екі бағытқа қарай босқан халық жолай көшпелі қалмықтар тобынан қысымшылық көрсе, екіншілері қытай шенеуліктері мен жол торитын қарақшылар тарапынан қысымшылықтарға ұшырайды 38.
Сондай-ақ Қытай еліне қарай қазақ босқындарының бас сауғалау әрекеті Семей облысының аумағында да орын алады. 1916 жылдың қазан айында патша әскерінен қысым көрген 60 тарта қазақ босқындары шекара сызығын кесіп өтуге мәжбүр болады 39.
Тіпті патша үкіметі халықтың әлеуметтік құрылымы тамырына балта шабумен қатар елдегі ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне себепкер болды. Оған мынадай фактілер келтіруге болады. Жетісу облысында көтерілістің ең өршіген жерлері переселендер көп орналасқан аудандар боды. Қарапайым халық орыс селоларына шабуылдар жасап, осы арқылы өзінің патшалық биліктің отаршыл саясатына деген шексіз наразылығын білдірді. Соның салдарынан мәселен, Прежевао уезінде жиырма төрт мың адам өлтіріліп, мал ман мүліктері талан-таражыға түсті. Сондай-ақ көтерілістің шығуына отаршыл әкімшілік қолымен жасалған ұлтаралық араздық себепші болғанын көтерілісшілердің өздері де айтқан. Мысалы, Нарындық қырғыздарының көтерілісін басқарған Қанат Абукин сотта берген жауабында көтеріліске шейін-ақ жер мәселесіне байланысты “өзара наразылығын орыстар ашық білдірсе, қырғыздар кегін ішінде сақтады” 40 деп жазды.
Нәтижесінде қарсылық әрекеттер өлкенің әр түрлі аудандарында стихиялық бас көтеруден ұйымдасқан қарулы көтеріліске барып ұласты; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша үкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресей жұмысшы табы мен шаруаларының соғысұа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты 41.
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекеленген өкілдері қатысты. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарда (Жетісу және Сырдария облыстарын) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.
Сонымен, Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары - Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәменке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар мен басқалар) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жаньосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде-стихиялы наразылық көріністері; 2) тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы; 3) қырқүйек-қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады 42.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай Қазақстанда орын алған халық көтерілісі тікелей Ресей империясының отарлау саясатына арналып, бұғанға дейінгі орын алған түрлі әлеуметтік-эконмикалық және саяси шиеленстердің жемісі болды. Алайда халықтық сипаттағы орын алған ұлт-азаттық қозғалыс жеңіліс тауып, көтеріліске қатысушылар жаппай жазалауға ұшыраған еді. Мәселен, 1916 жылы Қарқара жәрмеңкесін 200 атты қазақ көтерілісшілері қоршауға алады. Қарқара жәрмеңкесінің төрт жағынан орын алған 82 пулемет, 4 зеңбірек қазақтарға қарай от жаудырып көп қырғынға ұшырайды. Манай, Мұқан, Жансейіт, Қартбай сияқты көтерілісшілер шиті мылтықтарымен пулемет ұясын құртады. Көтеріліс нәтижесінде 5000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қазақ тарихына шолу
Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Күрділердің мәдени орталықтары
Пәндер