Экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Мемлекеттік бюджеттің эконмикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы ұғым және оның құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. Бюджет тапшылығы оның орны және динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2.1 Бюджет тапшылығы туралы ұғым және оның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Бюджет тапшылығың салдарлары және оны жабу жолдары ... ... ... ... ... ... ..29

3. Дүние жүзі қаржылық дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасы бюджетінің жай.күйі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

Қолданған әдебиеттер тізімі.
Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Зерттеудің пәні - әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.Бюджетті әзірлеу кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе теңдігіне жету болып табылады.Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай күйін сипаттайды, ал оның болуы мына себептерге байланысты.Олар елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы,қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі,айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару,бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы,әскери өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы, көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы, ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 жаңа Бюджет Кодексі.
2. “Бюджет жүйесі туралы” 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
3. “Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” 2002 жылғы 29 қаңтарыңдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Финансы. Учебник. //под редакцией Радионовой В.М. –М., 1995. –432 с.
5. Худяков А. Финансовые право Республики Казахстан (Общая часть). –Алматы, 1995. –224 с.
6. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник. -Алматы, 1997. –472 с.
7. Государственной бюджет. Учебник. // Ильясов К.К и другие –Алматы, 1994. –267 с.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылы 19 сәуір.
9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. –Алматы, 1995. –160 с.
10. Эсберг К.Т. Курс финансовой науки. –Санкт-Петербург, 1913. –113 с.
11. Мельников В.Д., Ильясов К.К Финансы. Учебник. –Алматы, 2001. –512 с.
12. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2004 –2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысы
13. Воронин А.Г., Лапин В.А., Широков А.Н. Основы управления муниципальным хозяйством. –СПБ., 1992. –540 с.
14. Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан “ О республиканском бюджете на 2005 год”. Постановление Правительства от 31 августа 2004 года № 20/5532.
15. Брачева Т.В. государственные финансы. Учебное пособие. –СПб.: Питер, 2001. –288 с.
16. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы №917 қауылысы.
17. Хурсевич С.Н. Использование нормативного подхода организации бюджетного выравнивания. //Финансы. –1996. -№10. –С. 7-9.
18. Финансы. Учебник для вузов. //Под ре. Л.А. Дробзиной. –М., 2000. –257 с.
19. Бол Рой, Иохинес Ф.Ли. городские общественные финансы в развивающихся странах. –Нью-Йорк, 1992.
20. Ким И. Роль бюджета в развитии экономики и культуры. –Алматы77, -1967.
21. Баймуратов У.Б., Зейнельгабдин А.Б., Жансарбаев Б. Проблемы совершенствования механизмов налогово – бюджетного регулирования. //Экономические реформы: особенности переходного периода. В 2-х томах /под ред. Мамырова Н.К. Том 2. –Алматы: Экономика – 1999 –С. 96-105.
22. Алимбаева А.А., Утешев С.Б., Ахметов С.Н., Таубаев А.А. Региональная социально-экономическая система. –Караганда: Санат, 2002, Том 2. 409 с.
23. Исентаев Г.К. Особенности стратегического планирования регионов. //Реалии и социально-экономического развития Казахстана. /Сборник научных трудов. Отв.ред. Мамыров М.К. –Алматы: Экономика, -1999. –С.143-148.
24. Вустер Д. Реформа межбюджетных отношений в Казахстане. //Ал-Пари.-2000. -№2. –С.43-48.
25. Саткалиев М.А. Сущность и содержание финансовых ресурсов региона. //Экономические реформы: Особенности переходного периода. /Сб.научных трудов. под ред. Мамыров М.К. –Алматы: Экономика, -1999. –С.70-76.
26. Бримбетова М.Ж. Трансформация механизма бюджетного регулирования экономики. //Известия МО иН РК, НАН РК. –1999. -№3. –С.14-23.
27. Интернет
28. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов: Учебник.- Алматы:
Институт развития Казахстана, 2001-295с.
29. Исахова П. Мемлекеттік бюджет: Оқу құралы.-Алматы: Экономика,
1998-268с.
30. «Қаржы» С.Құлпыбаев Алматы 2007ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Мемлекеттік бюджеттің эконмикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы ұғым және
оның
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2. Бюджет тапшылығы оның орны және
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...21

2.1 Бюджет тапшылығы туралы ұғым және оның
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ...21
2.2 Бюджет тапшылығың салдарлары және оны жабу
жолдары ... ... ... ... ... ... ..29

3. Дүние жүзі қаржылық дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасы
бюджетінің жай-
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 66
Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзекті мәселесінің бірі - ол қаржы
жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджеттің болуында. Осы қаржы
жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін
орындауға мүмкіндік беріп, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын
әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында
алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке
өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды
механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада
нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді.
Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып
табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын
дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және
де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке
негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің
элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік
саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Зерттеудің пәні - әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін
теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.Бюджетті әзірлеу кезде негізгі мәселе
мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе теңдігіне
жету болып табылады.Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын тудырады.Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының
дағдарыстық жай күйін сипаттайды, ал оның болуы мына себептерге
байланысты.Олар елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы,қоғамдық
өндіріс шығындарының өсуі,айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны
шектен тыс шығару,бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес
келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы,әскери өнеркәсіп кешенін
ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды басқару шығыстарын қаржыландырудың
қомақты ауқымы, көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы, ұлттық
шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Диплом жұмысының мақсаттары- экономикалық өсімнің тұрақты
қарқындарын ұстауға жәрдемдесу; мемлекет функциясының толық көлемі орындалу
қамтамасыз етілетін деңгейде шығыстарды қолдау.
Мемлекеттік бюджеттің маңызы- мемлекеттік бюджеттің сан қырлы
маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы
жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механикалық жиынтық
ұғымы ретінде қарауға болады.
Мемлекеттік бюджеттің ресурстары мен олардың қалыптасуы, борыштың
түрлері, қозғалысы, бюджетті дұрыс пайдалану – қайта өндіру процесінің
жүзеге асырылуының аса маңызды құралы,оның көмегімен әлеуметтік
бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне,
ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және
басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан
шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген
бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті
жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан тұрады.
Зерттеудің жалпы мемлекеттік бюджеттің ролі мен олардың
ортасы, маңыздылығы туралы толық мәліметтер берілген. Сол сияқты,
біздің еліміздегі экономикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта
құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман
талаптарына сәйкестігіне тәуелділігін айқын көруге болады. Жалпы
мемлекеттік бюджеттің құрамы,олардың түрлері және атқаратын қызметтері
қаралған.
Зерттеу обьектісі – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің
функциялары және оның құрамы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – бюджет тапшылығының деңгейін төмендетуде
бюджет кіріс және шығысын қарастыру.

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және функциялары

Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен
жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң
актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы
дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық
өндіріспен алдынала объективті анықталған.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы
қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық
салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат
пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып
жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін,
мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған
қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы -
адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің
қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған
объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық
орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық
ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және
үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші
кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі
қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар
дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді
телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет
қзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды
қанағаттандырады.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету
және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы
жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары
өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды;
өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған
қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен
шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға
кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың
аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие
болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске
асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен
қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен
сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу
қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру
мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен,
экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары
арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты
емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол
уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық
қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам
дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта
өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен
салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды
алуда.Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша
қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша
экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет
орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын
жергілікті бюджет болып бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс
сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық,салықтық емес түсімдер
жатады,ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар,
шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар,
субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар),
мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен
шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б. Мемлекетте салық салу
шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың
көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен
кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің
шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ
болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін
ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы
тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің
ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет
экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде
шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық
банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен
алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол
бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым)
ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін
экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті
құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек.
Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай
есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база
эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ
болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай
құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше
есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар
арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының
базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау
керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері
табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз
үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да
(мысалы, салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп
атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді.Мысалы:
салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында
қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде
өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе
өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық
табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат
үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі
салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген
деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан
түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы
осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу
арқылы есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда
олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық
қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау
процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың
экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің
эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз
төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен
анықталады.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория
сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі
болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып
табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заң).
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта
бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен
ұлттық табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді және қайта бөлінеді.
Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді
мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық
әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз
қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары
бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене
байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы ұғым және оның
құрамы

Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық
және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет
жүйесі үш буыннан – федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен
сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Кесте 1
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қайнар көзі: ҚР Ұлттық банк

Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және
дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
- ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын,
орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері
мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры. Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы
қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын,
облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті
мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен
функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік
саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі
маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджеті болып табылады.
2. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті
бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы
төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
1. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
2. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және
оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер
туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген
ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде
төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
2009 жылы Жер шарының 40 млн. тұрғыны кедейшiлiктiң қамытын кимек. Ал
дағдарысқа қарсы күрес жоспарын күнi кеше қабылдаған бiздiң билiк қыруар
ақшаның қайда кетiп жатқанын қадағалауға құлықсыз.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының әлемдiк экономикалық ахуалға қатысты дайындаған
есебiне сәйкес, 2004-2007 жж. 3,5 - 4 пайызға дейiн қысқарған, ал 2008 жылы
2,5 пайызға азайған әлемдiк экономиканың өсу қарқыны 2009 жылы 1 пайызға
дейiн төмендейдi. Дүниежүзi үкiметтерiнiң қаржылық дағдарыстың екпiнiн
бәсеңдетуге бағытталған барлық айла-шарғылары экономикалық көрсеткiштердi
көтеруге дәрменсiз. Әсiресе, дамушы елдердiң халi мүшкiл. Дамыған елдердiң
экономикасында 2008 жылдың екiншi жартысында басталған рецессия дамушы
елдерге де керi әсер еттi. АҚШ пен Батыстың жиi-жиi бас қосып, аса ауқымды
шаралар жүргiзгенiне қарамастан, бiр айдан кейiн есiк қағатын 2009 жыл
дамушы елдерге аса қиын тиедi. БҰҰ мамандары дағдарыстың алдын алуға
бағытталған халықаралық шараларды жүйелеуге шақырады. Бұл экономикасы әлсiз
кедей елдердiң дағдарыстан шегетiн зиянын азайтуға; қаржы алаңындағы
құрылымдарды бақылауды барынша күшейтуге, халықаралық қаржы ұйымдарынан
бөлiнетiн қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге; халықаралық ақша
қорын қалыптастыруға; әлемдiк экономиканы басқару жолдарын жақсартуға және
қаржылық дағдарыстың қайталануынан сақтануға мүмкiндiк бередi.
Өкiнiшке қарай, Дохадағы кездесуде тығырықтан шығар жолды iздеуде
ауызбiршiлiк жетiспедi. Дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы
қабылдануы тиiс шараларға қатысты туындаған пiкiр қайшылығы, еуропалық
кеңiстiктегi беделдi елдер басшылары мен Халықаралық қаржы қоры мен
Дүниежүзiлiк банк басшыларының кездесуге келмеуi әлемнiң әлi де ортақ
мүддеге топтасуға дайын еместiгiн көрсетедi. Бұған дейiн Парижде, Лондонда,
Вашингтонда т.б. астаналарда өткiзiлген сан саммиттен келген пайда жоқ.
Әлем “жалғыздың – үнi, жаяудың шаңы шықпайтынын” бiлсе де, “аққу – көкке,
шортан – көлгенiң” керiн келтiруден танбайды. Ресей сияқты кейбiр мемлекет
дағдарыстың өзiнен пайда тауып қалуға жанталасуда. Энергетикалық қорларды
тасымалдау жолдарын әлемдiк саясатқа шығатын төте жол деп бiлетiн Кремль
өзiне тиiмдi ұсыныстарын тықпалаудан арыға аса алмайды. Бұған дейiн әлемдiк
“полисмен” кейпiндегi АҚШ-тың қазiргi халi “балапан – басына, тұрымтай –
тұсына”– мен тең. Оның үстiне, өзгеге ақыл айтып, жөн сiлтейтiн жөнi тағы
жоқ. Ипотекадан басталып, қаржылық салаға, одан ары әлемге ұласып кеткен
дағдарыс Құрама Штаттардан басталған едi. Еуропалық Одаққа төрағалық етушi
елдiң президентi Николя Саркози ЕО экономикасына америкалық қаржылық
дағдарыстан келген зиянды 3 трлн. долларға бағалап қойды. Алайда, кейбiр
тәуелсiз сарапшылар Саркози асырасiлтеушiлiкке ұрынды, шығын тым көп емес
деп жұбатса, кейбiр сарапшы “жалпы шығын 5 трлн. доллардың көлемiнде”
дейдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы дағдарыстың кесiрiнен 2009 жылы 40 млн. адам
сирағы шыққан кедейге айналады дейдi. Лайым, Қазақстаннан бетi аулақ
болғай. Десек те, етек-жеңiмiздi қымтап, дағдарыстың дауылына тас-түйiн
дайын отыру керек. ҚР Үкiметi өткен аптада (2008 ж. 25 қарашада) қаржылық
дағдарысқа қарсы жоспарын бекiттi. Негiзi 2007 жылдың күзiнде-ақ қолға
алынуы тиiс бұл шараның бiр жылға неге кешiктiрiлгенi жұмбақ. Министрлер
кабинетiнiң әп дегеннен-ақ “Қазақстанға әлемдiк қаржылық дағдарыстың
ешқандай қатысы жоқ, қазақстандық экономикаға еш зияны тимейдi” деп неге
бет бақтырмағаны және түсiнiксiз. Тек ҚР Президентi Н.Назарбаев әлемдiк
қаржылық дағдарыстан қазақстандық экономиканың да зиян шеккенiн айтып,
Үкiметке дағдарыстың алдын алу шаралары туралы нақты нұсқаулар бергеннен
кейiн ғана қозғала бастаған Мәсiмовтiң командасы 2008 жылдың 25 қарашасында
ҚР Үкiметi экономика мен қаржы саласын тұрақтандыруға қатысты шаралар
жоспарын бекiттi. Қолында дағдарысқа қарсы күрес туралы нақты жоспары жоқ,
бағыт-бағдары бұлыңғыр Үкiметтiң халық қазынасына тиесiлi қыруар қаржыны
қалай бөлiске салғаны түсiнiксiз! Тағы бiр маңызды жайт, былтыр “Даму” қоры
арқылы отандық шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған 4 млрд.
долларға жылға жуық уақыт өтсе де, кез келген кәсiпкер қол жеткiзе алмай
отыр. Өйткенi, “Даму” банктерге қаражатты пайыздық көрсеткiшпен
беретiндiктен, пайда табуды ғана көздейтiн жекеменшiк банктер өздерiнiң
ескi “әуенiне” тағы басты. Соның кесiрiнен несиелер кәсiпкерлерге 25
пайыздық көрсеткiшпен үлестiрiлуде. Онда да түрлi банктердiң түрлi
кедергiлерiнен өткендердiң ғана “бағы жануда”. Мемлекеттiк көмек ретiнде
бөлiнген қаражатты 2008 жылдың 1 қарашасына дейiн отандық банктердiң
ешқайсысы тым болмаса, 50 пайызға игерiп үлгермептi. Екiншi деңгейлi
банктерге қаражатты игеру үшiн 1 ай уақыт берген ҚР Премьер-министрi
үстiмiздегi жылдың 1 жетоқсанында кәсiпкерлерге үлестiрiлiп үлгермеген
қаражаттың “Даму” қорына керi қайтып, басқа банктерге таратылатынын
ескерткен. Белгiленген мерзiмнен 10 күн асып кеттi, Үкiмет өз мақсатына
жұмсалмаған халықтың қаржысы туралы жұмған аузын ашар емес. Ал банктердiң
көпшiлiгi: “Мемлекеттiк бюджеттен қаржылық көмек ретiнде бөлiнетiн
қаражатты үлестiруде мемлекеттiк органдардың өздерi бюрократтық дертке
ұрынады. Арнайы қордан бөлiнетiн ақша қолымызға жетем дегенше, жүйке
жұқарып, төзiм таусылады. Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға арналған
қаражатты бизнесмендерге дер уақытылы тарата алмауымызға осы келеңсiздiк
кiнәлi” деп ақталады. Әрине, мемлекеттiк құрылымдардағы сыбайлас
жемқорлықтың дендеп кеткенiн ешкiм жоққа шығара алмайды. Бiрақ қаржылық
дағдарыс жағадан алғанда, жемқорлардың балаққа жабысуы ауыр қылмыспен тең.
“Жұмыртқадан жүн қырқатын” банктердiң пайда табуда кез келген айла-шарғыға
баратыны тағы бар. Демек, Мәсiмовтiң командасы мемлекеттiк бюджеттен қыруар
қаржыны бөлумен ғана шектелмей, халықтың қалтасынан шығатын қаражаттың
мақсатты түрде жұмсалуын қатаң қадағалауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив
түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспғанда, өзге де
мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру
функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің
және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің
қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына
әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін
төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып
айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы
ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық
валютамен жүзеге асырылады.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару
туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге
асырады. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің
арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып
табылады. Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі
бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау,
бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі
тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған
бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің
барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлық
түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық
қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін,
бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады;
жариялылық қағидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары
туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі
кезеңде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып
отыр деп тұжырым жасауға болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі
бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне
айналды. Сондықтан бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке
бөлім арналып отыр.
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрайды. Бұл комиссия
Эконмиака және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген
республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін
қарастырады.Бюджеттік процесте басты роль Қаржы Министрлігіне келеді. Ол
ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория
дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі
параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және
ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің
барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша
практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының
Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей
қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл
Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал
сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-
графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика
дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды
шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың
болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың,
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік
эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып
экономиканың фактілі көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда
болған өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды
жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасы
басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.Және
заңдамамен көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың сала аралық
координациясын басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға
республикалық бюджет жобасын құрастырады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министерствасының құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат
және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі
өкілетті органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық
Банкісімен келісіп жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және
бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен
тұрады.Бірінші этапта алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады.
Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына,басқа да
мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық
индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін,
формасын жібереді. Одан кейін Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге
арналған экономика дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын
жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді.
Республикалық индикативті жоспардың маңызды көрсеткіштерінің болжамы
бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік
мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік
органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта
жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық
бағаларының нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын
ескере отырып, бөлімдердің корректировкасы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік
заявкалардың қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың
ары қарай нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде
төлемсіздік тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет
құрылатын. Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар
болуы тиімді жоспарлау сұрағын бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы
бір соманы қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын,
сөйтіп, олар коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және, көбінесе, өздерінің
негізгі функцияларына тиімсізң жұмыс істеген.
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін
шешуге көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың,
және іске асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету
сұрақтарын шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық
приоритеттер есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр
түрлі бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге
шығындалған. Бұл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған
шығынның сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек
қана қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы
туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық
бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының
қаржыландырылусыз қалды деген сөз.Қаржы Министрлігігің есебі бойынша мұндай
қаржылық диетаданң зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс және жер
қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек жартысы
ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған
ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық
кеңістік (70%-дан аз).
Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің "аймақтық"
қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс
Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және
Алматы қалалары. Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы
бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы
үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары
шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық
бөлімшелеріне қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ
екенін дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары
жүргізіле басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты
тиімді және нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне
енгізілді. Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті
осы мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты
мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын,
салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік
табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік
бағдарламалау әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама
әкімшіліктері арасында ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару
мен құру үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік
бағдарламалаудың артықшылығы құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын
қамтамасыз ету, бағдарлама жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты
ақпаратты қоғамға көрсете алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы
болып табылады.
2 Бюджет тапшылығы оның орны және динамикасы

2.1 Бюджет тапшылығы туралы ұғым және оның себептері

Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы
саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және
бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі
бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы
заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар
болып табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы
қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету-
пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің
жергілікті органдары анықтап, бекітеді.
Тапшылық формуласы.

D =(d-z)-(bk-pk)-(nf-pf)

D-тапшылық
d-кіріс
z-шығыс
d-z

-операциялық сальдо

bk-бюджеттік кредит
pk-кредитті өтеу
Bk-pk

-таза бюджеттік несиелеу

nf-мемлекеттік сатып алынған қаржылық активі
pf-мемлекеттің өзінің қаржылық активі

nf-pf

-қаржылық актив операциялық сальдосы
Қайнар көзі:Мемлекеттік қаржы оқулығы.

Бюджет тапшылығы әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлі-
гін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс. Баланс
– бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің
ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады.
Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен
басым болуын білдіреді. Егер кірістер мен шығыстар тең болса – бұл
теңестірілген бюджет. Шығыстар кірістерден көп – теріс айырма – бұл
дефицит.
Дефицит әр түрлі болуы мүмкін:
1. экономиканы дамыту үшін ірі мемлекеттік салымдар салу қажеттілігіне
байланысты болуы мүмкін.
2. дефицит төтенше жағдайлармен байланысты.
3. дефицит экономикадағы дағдарысты білдіруі мүмкін.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар.
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді;
3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді.
Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздеу.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы
2) мемлекеттік займдар
3) шетел займдары
4) ұлттық байлықты пайдалану
Кесте 2
2006-2009 жылдар аралығындағы бюджет кіріс және шығыс деңгейі.
Көрсеткіштер 2006 2007 2008 2009
Б.кірісі 1.445 2.42 2.684 2.8
Б.шығысы 1.583 2.2 2.889 2.868

Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Сурет 1. 2006-2009ж аралығындағы бюджет кірісітері және
шығыстары көрсеткіштерінің деңгейі.
Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Сурет 2. 2006-2009ж бюджет
көрсеткіштері салыстырмалы түрде.
Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Кесте 3
2006-2009 жылдар аралығындағы инфляция деңгейі.
Көрсеткіштер 2006 2007 2008 2009
инфляция 7% 10% 8% 11%

Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Сурет 3. 2006-2009ж аралығындағы инфляция
деңгейі.
Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі
Кесте 4
2006-2009ж аралығындағы бюджет тапшылығы.
Көрсеткіш 2006 2007 2008 2009
Б.тапшылығы 113800 117900 197600 573600

Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Сурет 4. 2006-2009ж аралығындағы Бюджет тапшылығы
Қайнар көзі:ҚР Ұлттық Банкі

Бюджет тапшылығының себептерін анықтау үшін мемлекеттікбюджеттің
кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау қажет. Мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар -
бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық
бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі
сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер
мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес
бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен
– айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін жеке-дара
нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен
және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың
түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан
тұрады:
1) түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер
бойынша (қайтару негізінде берілген - бұрынғы жылдардағы несиелендіру)
мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай
қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың щығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет
ету" функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар –
қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны
үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып
жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық
бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте -
функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Өнімнің ассортиментін, құрылымын және сапасын талдау
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасындағы болжау мен жоспарлаудың дамуын талдау
Қазақстандағы экономикалық өсу: мәні мен ерекшеліктері
Пәндер