Византияның сыртқы саясаты мәселесі



КІРІСПЕ
І.ТАРАУ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ
ІІ.ТАРАУ. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ КЕЗІНДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
ІІІ . ТАРАУ. ВИЗАНТИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
IV.ТАРАУ. РИМ ПАПАСЫМЕН ЖӘНЕ ФРАНК МЕМЛЕКЕТІМЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС
ҚОРЫТЫНДЫ
Орта ғасырлардағы сыртқы саясат феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдеріне лайықты орнатылып, сол кезеңдердің ерекшеліктерін дәлме-дәл бейнеленеді.
Алдымен ол қатынастар бұрынғы Рим империясының қалдығындағы және Орталық, Солтүстік пен Шығыс Европада орнап, феодалдана бастаған варварлық державалардың мақсат-мүддесіне қызмет етті. Ақыры ірі феодалдық-абсолюттік монархиялардың өмірге келуіне байланысты орта ғасырлық дипломатия сол монархиялардың біріктіру саясатының құрамына айналды.
Ортағасырлық құрылыстың негізін крепостниктік қатынастар қалады. Бұл қатынастар оның алдындағы құл иеленушілік қатынастармен салыстырғанда едәуір озық қатынас болды. Феодалдық-крепостниктік қатынастар сонау ерте орта ғасырлардағы варварлық мемлекеттерде қалыптаса бастаған болатын. Бұл мемлекеттердің сыртқы саясаты да феодалдық-крепостниктік мақсат-мүддеге бағынышты болды. Неғұрлым көп жер басып алуға, әскери олжа түсіруге, тырысып, варварлық мемлекеттер бір-бірімен тынымсыз соғыстар жүргізді. Олар бұрынғы ұлы Рим державасының бір сынығы-шығыс Рим империясымен де қақтығысып отырды.
Дегенмен варварлық мемлекеттер өз сыртқы саясаттарын реттеу үшін өз ара да, көршілермен де еріксіз келісім жасауға мәжбүр болатын. Ерте орта ғасырлардағы жаңа саяси бірлестіктердің өте қарапайым түрін бейнелейтін дипломатия осылай туа бастайды.
Жас варварлық мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына кейінгі римдік империясының дипломатиялық дәстүрлерін ұстанған византия зор ықпал етті.
1. Агафий. О царствовании Юстиниана, / Пер., статья и примеч. М.В. Левченко / М., Л., 1953.
2. Византийская книга Эпарха. / Вступит. Статья, пер. И коммент. М.О. Сюзюмова / М., 1962.
3. Византийский земледельческий закон. / под. ред. И.П. Медведева / Л., 1984.
4. Константин Багрянородный. Об управлений империей. Текст, пер., коммент. / под. ред. Г.Г. Литаврина / М., 1991.
5. Лев Диакон. История / отв. ред. Г.Г. Литаврин / М., 1989.
6. Михаил Пселл. Хронография. Пер. Статья и примеч. Я.Н. Любарского. М., 1978.
7. Прокопий из Кесарии. Война с готами. Пер. С.П. Концратьева. Вступит. Статья З.В. Удальцовой. М., 1950.
8. Прокопий Кесарийский. Тайная история. / пер. С.П. Кондратьева / вестник древней истории, 1938, №4, 271-362 бб.
9. Эклога. Византийский законодательный свод 8 века. Вступит. Статья, пер., коммент. Е.Э. Липшиц. М., 1965.
10. Константин Порфинородный. Печенегтермен жақындасу. - Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. Алматы. 1998, 119-120 бб.
11. Бүркеншік Маврикий. Стратегикон (славяндар турлы). – Сонда, 124 б.
12. Византия жылнамашысы. Византия патшасы І-Роман мен болгар патшасы Симеонның кездесуі туралы. – Сонда, 124-126 бб.
13. Иордан. Ғұндардың шығу тегі мен Еуропаға келуі туралы. – Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. – Алматы, 1998, 28-29 бб.
14. Иордан. Еділ туралы. Сонда, 29-30 бб.
15. Прокопий Кесарийский. Жібектің құпиясы. Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. – Алматы. 1998, 72-73 бб.
16. Лиутпранд патша сарайындағы қабылдау туралы (949 ж.). – Сонда, 118-119 бб.

ІІ. ЗЕРТТЕУЛЕР:

1. Александренко В. Дипломатическое представительство пап. – «Журнал юридического общества» - СПб, 1894.
2. Ангелов Д. Методы Византийской дипломатии в отношениях с Болгарией по данным писем Константинопольского патриарха М. Мистика / В кн: Вопросы истории славян. Вып. 1, Воронеж, 1963 с. 60-68.
3. Дворецкая И.А. Эдикт Теодориха остготского как источник по социально – политической истории раннего средновековья / Уч. Зап. МПИ, 1964, № 217, с. 147-182.
4. История дипломатии. – М., - Л., 1945, т. 1
5. История Византии. В 3-х т. – М., 1973.
6. Курбатов Г.Л., История Византии. – М., 1984, т.1.
7. Пигулевская Н.В. Византия на рубеже VI и VIIІ вв. – М., - Л., 1946.
8. Удальцова З.В. Италия и Византия в VI в. – М., 1959.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Орта ғасырлардағы сыртқы саясат феодалдық мемлекеттердің даму
кезеңдеріне лайықты орнатылып, сол кезеңдердің ерекшеліктерін дәлме-дәл
бейнеленеді.
Алдымен ол қатынастар бұрынғы Рим империясының қалдығындағы және
Орталық, Солтүстік пен Шығыс Европада орнап, феодалдана бастаған варварлық
державалардың мақсат-мүддесіне қызмет етті. Ақыры ірі феодалдық-абсолюттік
монархиялардың өмірге келуіне байланысты орта ғасырлық дипломатия сол
монархиялардың біріктіру саясатының құрамына айналды.
Ортағасырлық құрылыстың негізін крепостниктік қатынастар қалады. Бұл
қатынастар оның алдындағы құл иеленушілік қатынастармен салыстырғанда
едәуір озық қатынас болды. Феодалдық-крепостниктік қатынастар сонау ерте
орта ғасырлардағы варварлық мемлекеттерде қалыптаса бастаған болатын. Бұл
мемлекеттердің сыртқы саясаты да феодалдық-крепостниктік мақсат-мүддеге
бағынышты болды. Неғұрлым көп жер басып алуға, әскери олжа түсіруге,
тырысып, варварлық мемлекеттер бір-бірімен тынымсыз соғыстар жүргізді. Олар
бұрынғы ұлы Рим державасының бір сынығы-шығыс Рим империясымен де
қақтығысып отырды.
Дегенмен варварлық мемлекеттер өз сыртқы саясаттарын реттеу үшін өз ара
да, көршілермен де еріксіз келісім жасауға мәжбүр болатын. Ерте орта
ғасырлардағы жаңа саяси бірлестіктердің өте қарапайым түрін бейнелейтін
дипломатия осылай туа бастайды.
Жас варварлық мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына кейінгі римдік
империясының дипломатиялық дәстүрлерін ұстанған византия зор ықпал етті.
Бұл шығыстық дипломатияның өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, оның
салтанатты рәсімі айлакерлігі мен қулық-сұмдығы, қиыннан қисынын
тапқыштығы, қарсыластарды татуластыру шеберлігі, өз мақсатына жету жолында
сауда-саттық, мәдени және діни байланыстарын пайдалана білу-осының бәрі
орта ғасырлық дипломатияға үлкен әсерін тигізді.
Орта ғасырлық дипломатияға римдік дәстүрдің ықпалын күшейтудің басқа
құралының бірі – күрделі халықаралық байланысы қалыптасқан, папалық
жүзіндегі шіркеу болды. Папалық тек діни ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік
те күш болды, өзінің территориясына арқа сүйей отырып, өте бай материалдық
қоры мен қалың тыңшылары жүйесін пайдаланып, папство өзінің бірлігі мен
халықаралық беделін Европада қайнап жатқан бытыраңқылық пен өзара қырқысқа
қарсы қойып отырды.
Папалық өз үстемдігін нығайта түсу мақсатында ол қырқыстарды онан әрі
өршіте түсуге бағытталған белсенді дипломатиялық әрекет жасап отырды. Осы
жолда папа Римнің ұлыдержавалық саясатындағы әдістерінен бастап, шіркеуден
аластау, сатқындық, тыңшылық және құпия қастандық сияқты қолынан келетін
барлық амалдар мен тәсіл-құралдарды кеңінен пайдаланды. Мәселе орта
ғасырлық қоғам негізінде натуралдық шаруашылық жүйесінің жатқандығында еді.
Ол жүйе нашар дамыған өндіріс құрал-жабдықтармен бірге Европадағы
экономикалық байланыс-тардың қалыптасуына кедергі жасап, саяси
бытыраңқылықтың басты бір себебі болды. Жаулап алу негізінде құрылған
мемлекеттік бірлестіктер берік болмай, оңай ыдырап кетіп жатты. Варварлық
корольдіктер тағдыры осылай болды. Ерте ортағасырлық ірі мемлекеттік
бірлестіктер: батыстағы Ұлы Карл Империясы мен Шығыстағы Рюриковичтер
державасының ақыры да солай болды. Кейініректегі дүниежүзілік папа
державасын, қасиетті Рим империясын құру әрекеттерінің сәтсіздіктері де сол
себептермен түсіндіріледі.
Ортағасырлық Еуропадағы бытыраңқылық кезінің дипломатиясы қалыптасқан
феодалдық-крепостниктік құрылыстың болмысын бейнелей-ді. Бұл кезде Еуроап
көптеген ұсақ дербес мемлекет-сымақтарға бөлініп кетті. Сеньорлық-
мемлекетке теңестірілді. Ірі жер иесі-тақсыр, ал мемлекет – оның вотчинасы
болды. Мемлекет пен жеке иелік арасындағы шекара жойылды, жеке бас құқы мен
көпшілік құқы арасындағы айырмашылық та жойылды. Осындай жағдайда жеке
бастар арасы мен халықаралық қатынастар арасындағы айырмашылықтар да
мәнісін жоғалтты.
Сюзерендер мен вассалдар қатынасын анықтайтын бағыныштылық жүйесіне
қарамастан, әрбір ірі сеньория азды-көпті тәуелсіз сыртқы саясат жүргізді.
Жеке бастар соғыс құқы жарияланды. Сүйтіп, құқ күшпен алмастырылды.
Бұл кездегі дипломатияның қызметі вотчинниктердің арасындағы көршісінің
жерін, халқын жаулап алу үшін жүргізген қақтығысын тоқтатуға, айтыс-тартыс,
дау-дамайды шешуге бағытталды. Кейде ол қызмет ірі мәселелерді, айталық,
тақсыр-вотчиниктердің арасындағы ортақ жауға қарсы күресте (Батыс
Еуропадағы мұсылмандар қаупі, феодалдық руське-татар-қыпшақ қаупі
төнгендігі) туған айтыстарды, қайшылықтарды шешуге де бағытталатын. Мұндай
дипломатияның үлгісін феодалдық Русь кезіндегі князьдік қатынастардан айқын
көруге болады.
Дегенмен бытыраңқы феодалдық қоғам ішінде орталықтануға итермелейтін
күштер де болды. Өндіргіш күштердің өсуі шаруашылық байланыстарының
нығаюымен бірге жүрді, еңбек бөлінісі күннен-күнге дами түсті, ақша-товар
қатынастары дамып келе жатты, ұлттар қалыптаса бастады, жаңа тап-буржуазия
қалыптаса бастаған қалалар қатары өсті. Бұл буржуазия ұлттық рынокпен бір
орталыққа бағындырылған өкіметтің құрылуына мүдделі болды. Бір орталыққа
бағындырылған күшті өкіметтің құрылуына ірі феодалдар қыспағынан құтылуға
тырысқан, өздерінің таптық үстемдігін нығайтып, шаруаларды қанауды
күшейтуді көздеген ұсақ феодалдар да мүдделі болды. Нығая бастаған
феодалдық монархияның одақтасы-шіркеу болды. Ол жергілікті сеньор билігінен
құтылуға ұмтылды, ол саудаға тартыла бастады.
Франция, Англия, Испания мен Киев сияқты ірі феодалдық монархиялардың
сыртқы саясаты мен дипломатиясы феодалдық бытыраңқылықты тоқтатуға,
мемлекет территориясын біріктіріп, онан әрі кеңейтуге, қарсыластарынан
әскери күш пен сауда жағынан қуаттылығын асыруға, одақтастар табуға
бағытталды. Мұндай жағдайда дипломатиялық қызмет маңызды мемлекеттік іске
айналды.
Оны ұйымдастыру мен қабылдауда жаңа заман дипломатиясына жақын белгілер
көріне бастады.
Орта ғасырлық Еуропа дипломатиясында әсіресе Италия қалалары өте үлкен
маңызды роль атқарды. Италияда басқа елдердегіден бұрын капиталисттік
қатынастар қалыптаса бастады. Онда сауда мен қол-өнері дамыған Венеция,
Генуя, Турин, Пьемонт, Флоренция сияқты тәуелсіз, дербес қалалар үздіксіз
бақталастыққа болып, сыртқы рынок үшін күрес жүргізді. Олардың ешқайсысында
– да қарсыластарын жеңіп, өзіне бағындырып, біртұтас Итальян монархиясын
құруға жеткілікті күш болмады. Мұндай біругіге папа мемлекеті кедергі жасап
бақты. Ватикан өте қарқынды сыртқы саудамен айналысатын Италия қалаларының
сыртқы қатынастарын реттеу қажеттігі шебер ұйымдастырылған дипломатияны
туғызды. Ол дипломатияда шығыс дәстүрі, оның ішінде Византия
дипломатиясының дәстүрі, басым болды. Ал Итальян қалаларының дипломатиясы
өз кезінде Европада қалыптаса бастаған абсолюттік монархиялардың
дипломатиялық практикасына зор ықпалын тигізді.
Византия империясы мың жылдан астам уақыт өмір сүрді. Сол кезде оның
сыртқы саясатының озық үлгісі жасалды. Ол үлгі тек Византияға қарыздар
славян халықтары ғана емес, тәуелсіздік алғанына жиырма жыл да толмаған
бұрынғы Кеңес Одағының республикалары үшін де өте пайдалы. Себебі
Византияның сыртқы саясатындағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді
білу, ескерту бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар бола алады. Сондықтанда
Византия дипломатиясын терең зерттеп, оның озық үлгілерін меңгеру жас
Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды мәселе деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осындай маңыздылығына қарамастан
Византияның сыртқы саясаты мәселесі біздің елде зерттелмей келеді. Сол
себепті де біз диплом жұмысымызды әрі қызықты, әлі зерттелмеген осы
мәселеге арнадық. Аталмыш мәселе славян елдерінде (Болгария, Ресей, т.б.)
біраз зерттелген. Біз ол зерттеулерге диплом жұмысымыздың бірінші тарауында
толығырақ тоқталамыз.
Тақырыптың деректік негіздері. Диплом жұмысымызды жазуда латын, грек
тілдерінен орыс тіліне аударылған дерек көздеріне сүйендік. Олар
Юстинианның құқ жинақтары, Эклога, Егіншілік заңы, Василики деген
құқтар жинағы, прохирон деген заңдар жинағы, Эпанагога деген жарғы,
Анна Комнинаның Алексиадасы, Прокопий Кесарийскийдің Война с готами
деген еңбегі, т.б. Бұл деректерге сипаттама диплом жұмысымыздың бірінші
тарауында берілді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында
ерте орта ғасырларда ең қуатты болған, бірақ дамыған феодализм дәуірінде
құлдырай бастаған Византия деп аталып кеткен Шығыс Рим империясының
сыртқы саясатындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып көрсету мақсатын
көздедім. Ол мақсатқа үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек
болды:
- Византия империясының құрылуын анықтау;
- жаңа империясының халықаралық жағдайын саралау;
- империяның халықаралық аренадағы көздеген мақсатын, оны жүзеге асыру
жолдарындағы әдіс-тәсілдерін талдау.
Бұл мақсат, міндеттерді орындап шығу үшін тарих ғылымында қалыптасқан
талдау, салыстыру, статистика, т.б. әдістерін қолдандым.
Диплом жұмысының құрылымы. Алға қойылған мақсат міндеттерге сай диплом
жұмысымыз кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап
алынған тақырыптың маңыздылығы ашып көрсетілген, диплом жұмысының мақсат-
міндеттері мен зерттеу әдістері, зерттелу деңгейі баяндалған. Бірінші
тарауда дерек көздеріне және Византия империясының тарихына қысқаша шолу
жасалған. Екінші тарауда халықтардың ұлы қоныс аударуы кезіндегі сыртқы
саясатқа талдау жасадық. Үшінші тарауда Византия дипломатиясының
принциптері баяндалады. Соңғы, сөртінші тарау Рим папасымен және франктер
мемлекетімен қарым-қатынас кезіндегі саясаттың әдіс-тәсілдеріне арналды.
І-ТАРАУ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

Византия империясының оның сыртқы саясатының негізі болып табылатын
әлеуметтік экономикалық қоғамдық құрылысы туралы біраз құнды дерекнамалар
біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Солардың ең алғашқылардың бірі –
Юстинианның азаматтық құқ жинақтары. Ол 529 жылы жазылып біткен, 534
жарияланған, 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім – Дигесталар (лат. собранное) 50 кітаптан тұрады. Оларда
атақты Рим заңгерлерінің еңбектерінен алынған ережелер мен қағидалар
келтірілген. Дигесталар кейінгі Рим мен Византияның империясы жайлы өте
құнды деректер кездестірді. Олардың негізгі жеке бас құқының мәселелері
құрайды. Мұрагерлік өсиет, неке – отбасы, мүлік, өзара айырбас, сауда-
саттық, қарыз алу, беру мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ қылмыстық құқ пен іс жүргізу көптеген халықаралық құқ
мәселелерін де қарастырған. Бұл құжаттық ескерткіш ІҮ-ҮІ ғасырлардағы
қоғамдық қатынастардың даму барысын көрсетеді.
Жинақтың ІІ бөлімі Юстиниан кодексі. Ол құқ мәселелерінің кең шеберін
қамтиды. Басты назар жеке бас құқына аударылған, әкімшілік қылмыстық
құқыққа аз мән берілген. Кодексте құқықтың негізі мен жоғарғы әкімдердің,
ұлықтардың міндеттері ерекше атап көрсетілген. Юстиниан кодексінің кең
көлемді мазмұны оны өте құнды тарихи дерекке айналдырған. ІІІ бөлімнің
Юстиниан институциялары құрайды. Ол Рим құқын пайдалануға басшылық
материал. Өзінің заңды бұлжытпай орындау жөніндегі нұсқауларында Юстиниан
жаңа қабылданып жатқан заңдардың мәні-маңызын, бұрынғы заңдармен байланысын
көрсетеді. Бұл құжат ҮІ ғасырдың ІІ жартсында жазылған. Сол кездегі
Византиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді зерттеуде өте құнды
дерек боп табылады. 169 Юстиниан новеллалары дәл сол күйінде сақталған.
Олар грек тілінде жазылған.
Новеллалар бойынша неке және мұрагерлік құқтарын елеулі өзгерістер
енгізілген. Құлдардың, колондардың және еріктілердің жағдайында жаңа
өзгерістер болды. Новелларларда шіркеу істеріне, үстемдік етуші дінді
қорғауға көп көңіл бөлінген.
Көптеген новеллалар өкімет басшылығындағы өзгерістерге арналған. Жаңа
басып алынған жерлердегі азаматтық және әскери билік мәселелеріне ерекше
новеллалар арналған.
Византия империясының қалаларындағы қоғамдық құрылыс туралы құнды дерек
Х ғасырдың басында жазылған. Эпарх кітабы. Ол қалалық басқарманың
шығарғын жинағы. Қолөнер мен сауда корпорацияларға біріккен. Корпорацияға
қосылмаған қолөнершілер ешқандай артықшылықтармен пайдаланбаған және өкімет
тарапынан сүйеушілік көрмеген. Ондай қолқнершілер корпорация тарапынан
қуғынға ұшырайтын. Қолөнершілерден гөрі саудагерлер корпорациялары көп
жеңілдіктермен пайдаланған. Кейбір ауқатты шеберлер құл еңбегңн, сол сияқты
жалдамалы қызметкерлер – мистилер еңбегін пайдаланатын болған.
Корпорациялар өздеріне заказ беретін өкіметке тікелей тәуелді болды.
Мемлекет корпорациялардың ұсақ-түйек мәселелеріне шейін кірісетін және
оларға қазымырлықпен бақылау жасайтын.
Өндірістің аумағы, шеберханалардың көлемі және шикізат запасы, сауда
жасайтын орын мен уақыт бәрі-бәрін корпорациялар емес, қалалалық эпархтың
чиновниктері белгілейтін және оны мемлекеттік қазынаның мүддесімен
ұштастырып отыратын. Осы кезеңдегі константинопольдік корпорацияларда батыс
европалық цехтармен біршама ұқсастық байқалатын еді.
Келесі құнды дерекнамалардың бірі – Эклога. Ол 726 жылы император ІІІ-
Лев Исаврийский басып шығарған қысқа заңдар жиынтығы. Жинақтың мақсаты –
жеке меншіктік принципін нығайту болды. Бірақ эклогада семья басшысының
билігі шектелді.
Сүйтіп ол патронимияның беделін төмендетті. Кіші, шағын семьяны
қолдады. Бұл әрекет славяндар ықпалының нәтижесі еді. ІҮ-ҮІ ғасырлардағы
көп сөз болатын тәуелді шаруалар колондар туралы эклогада ештеңе
айтылмаған. Эклоганың кейбір статьялары сол кездегі саяси жайғдай талабын
– халифатпен соғыс кезіндегі мұқтаждықты бейнелейді. Жауға қарсы соғысқа
қатысқан құлдарға бостандық берілетін болды; соғыста түскен олжаны бөлу
тәртібі белгіленді.
Эклога орталық басқару жүйесін нығайтуды да көздеді. Оның кіріспе
бөлімінде төрешілердің халықтан пара алмауы ескертіледі. Құдайдан
безгендерді жазалау шаралары белгіленген. Әсіресе манихейлер мен
монтанистер қатаң қудаланды.
ІХ ғасырдағы Византия империясының қоғамдық құрылысы туралы құнды
дерекнама – Эпанагога. Ол 880 жылдары император І-Василийдің (867-886)
атынан құрастырылған византиялық құқтар жинағы. Кейін Василийдің балалары
ҮІ Лев (886-912) пен Александр (912-913) бұл жинақты толықтырған.
Эпанагоганың көп бөлігі компилятивті сипатта құрылған. Ол көптеген Прохирон
мен Эклога нормаларын қамтыған. Біраз жаңа ережелер де енгізілген. Мысалы
патриарх билігі туралы дінбасылардың құқы жөнінде Патриарх билігі
император билігін толықтырады деп көрсетілді.
Византия империясының қоғамдық құрылысы жөніндегі ең құнды
дерекнамалардың бірі Егіншілік заңы. Ол ауылдық жердегі құқ қатынастардың
белгілейтін қысқаша юридистикалық жинақ. Кіші Азияда ҮІІ ғасырдың аяғы,
ҮІІІ ғасырдың басында құрастырылған болса керек. Кәдімгі құқты Рим құқтық
нормалармен, библиялық қағидалармен ұштастыра отырып жазылған. ҮІІ
ғасырдағы Византияға славян және басқа халықтардың келіп қосылуынан кейінгі
деревняны зерттеу жөніндегі өте құнды дерек. Ол византиялық шаруалардың
күнделікті өмірінде басшылыққа алып отыратын құжатты. Бұл заңның нормалары
Юстиниан заңдарының жинағынан кейінгі аграрлық қатынастардағы өзгерістерді
көрсетеді.
Византия империясы 395 жылы құрылды. Сол жылы император Федосий-І
қайтыс болды. Ол өлер алдында империясының Батыс бөлігін үлкен ұлы
Гонорийге, Шығыс бөлігін кіші ұлы Аркадийге берген болатын. Шығыс бөлігінің
астанасы Константинополь қаласы болды. Ол алғаш Византий деп аталған. Оның
негізі біздің заманымызға дейінгі 660 жылы қаланған 324 жылы Рим
империясының астанасы деп жарияланды. 330 жылдан бастап Константинополь деп
аталды.
Бұл қала астанаға айналғаннан бастап Рим империясы жікке бөлінді. 395
жылы бұл жікшілдік бөлінумен тынды. Империяның Шығыс бөлігі көбінесе оның
астанасының бұрынғы атымен Византия деп аталып кетті. Рим империясының
астанасын Босфор бұғазына көшірудің экономикалық, мәдени, саяси маңызы
болды. Себебі ол Европа мен Азияның арасындағы Қара теңізбен Эгей теңізі
арасындағы жолдарының қиылысатын жерінде болды. Ол Шығыс пен Батыс
аралығындағы Алтын көпір деп аталады. Константинополь құрғақтан да, судан
да жақсы қоршалған әскери-стратегиялық орталық болды.
408 жылы 1 мамырда император Аркадий-ІІ өлді. Енді таққа жасы кәмелетке
жетпеген Кіші ІІ-Феодосий отырды. (408-450). Билік тізгіні бұрынғысынша
Анфимидің қолында болды. Иранмен ара қатынас жақсара түсті. Осы мақсатпен
император Аркадий өлер алдында парсы патшасы І-Иездегерді (399-420) өзінің
артында қалып бара жатқан жас баласы Феодосийдің қамқоршысы, тәрбиешісі
болуын өтініп еді.
Иездегерд келіскен. Сол себепті Персияда христиандарға деген көзқарас
та өзгерді. 412 жылы оларға Персия мемлекетінің ішінде ерекше христиан
шіркеуін салуға рұқсат етілді.
414 жылы өкімет билігінде елеулі өзгеріс болды. Енді билік тізгіні жас
императордың әпкесі 16 жасар Пульхерияның қолына көшті. Ол өте қу, айлакер
еді. Жас император толығымен Пульхерия ықпалында болатын. Сондықтанда оның
әпкесі барлық билікті інісі атынан өзі жүргізді.
Пульхерия төңірегіне пайда табуды ойлаған пысықтар құмырсқадай
үймеледі. Пульхерия кезінде қандай да болса қызмет аукционнан сатылғандай
таратылатын еді*, дейді оппозициядағы тарихшылар. Константинополь
провинцияларды майлы жілікше соруын бұрын соңды болып көрмеген дәрежеге
жеткізді. Жергілікті кұл иеленушілерді күйзеліске ұшыратып, елді жиі-жиі
ашаршылыққа ұшыратты. Әсіресе 419 жылғы ашаршылық күшті болды. 416 жылы
әкімшілік аппаратта тазарту жұмысы жүргізілді. Үмітті ақтамаған, көңілден
шықпаған, сенімсіздік танытқан әкімдер жұмыстан қуылды. Осы кезде
Константинопольдің ктиторлар қызметті ақшаға сатып алып, қарық болып қалды.
Ерікті адамдар сауда-саттық істерінде бай адамдардың қолжаулығына
айналды. Байлар солардың атынан мал-мүлік, т.б. иеліктерді сатып, немесе
алып отырды. Қала тұрғындарының арасында патронций деген тарай бастады.
Кейбір қолөнершілер мен саудагерлер хрисаргирден құтылу үшін бұл салықтан
босатылған ақсүйектер үйінің мүшесі болып жазылуды шығарды. Бұл әрине тегін
емес, бірақ ақсүйекке хрисаргирден әлдеқайда аз ақы берді.
418 жылғы 21 тамыздағы жарлық бойынша патронцийге қатаң тиым салынды.
Әскер ісінде де біраз өзгерістер болды. Енді варварларды әскерге
бұрынғыдай тайпасымен, көсемімен емес, жеке-жеке алатын болды. Офицерлер
негізінен грек ұлтынан дайындалды. Әскерді ұстау қымбаттай бастады. Өкімет
адерация саясатын жүргізді. Бұрынғы азық-түлікпен, мал-мүлікпен төленетін
салықтар ақшалай салықпен алмастырылды.
1) Пульхерия сыбайластары Константинопольдік текті ақсүйектердің мақсат-
мүддесін қорғады. Олар Константинопольдің астаналық жағдайын
__________
*История Византии. М., 1967. т.1 стр. 186
тиімді пайдаланып қалуға тырысты.
2) Бұл топқа императрица Евдоксия (ІІ-Феодосийдің әйелі) мен Кир деген
префект (әкім) бастаған ктиторлар (ірі меншік иелері, шіркеу старосталары),
зиялылар (интеллигенция) қарсы тұрды.
3) Египеттің ірі саудагерлерімен тығыз байланыстағы константинопольдік
іскерлер (дельцы) партиясы жоғарыда аталған 2 топқа бірдей қарсы тұрды. 425
жылы Константинопольдегі жоғарғы оқу жүйесін кеңейту жөнінде жарлық шықты.
Константинополь университетінің материалдық жағдайы нығайтылды. 429
жылы заңдар жинағын жасау комиссиясы құрылып, іске кірісті.
Ол комиссия 438 жылы ақпанда жинақты жасап шықты. Кодекс елді
басқаруды, сауда-саттық қатынастардың жақсартуға үлес қосты.
413 жылы Константинопольде Феодосий дуалдары – қабырғалары
тұрғызылды. Дунай өзені бойында да қамалдар тұрғызылып, флот құрылды.
Балқан жарты аралығындағы қалалардың айналасында да қабырғалар (дуалдар)
салынды. 441 жылы билік Александрия патриархын ашық қолдаушы Хрисафий деген
евнухтің қолына тиді. Оның саясаты константинопольдік сауда-қаржы иелерінің
мүддесін көздеді. Олар Египеттен байланысты нығайтуды қалады. Хрисафий
билігі кезінде 446 жылы сенаттың заң актілерін міндетті түрде 2 қайтара
оқып шығып, талқылауы керектігі туралы жарлық шықты. Пульхерия бастаған топ
Хрисафий билігіне қарсы тұрды.
Сарай топтарының бұл өзара кикілжіңіне цирктік ұйымдар да тартылды.
Олардың арасында қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл спорттық
бірлестіктер мен қоғамдардың белсенділігінің артуы Ү ғасырлардың 40
жылдарындағы гундер қаупіне байланысты болды. Осы сыртқы қауіптен қорғану
мақсаты спорттық қоғамдардың саяси қоғамға айналуына себеп болды. Олар
димдер деп аталды. Бастылары венеттер (ақсүйек-әкім-билерден құрылған), мен
прасиндер болды. Соңғысы қолөнершілер мен саудагерлер мүддесін қорғады.
Бұл партиялар цирктерде, ипподромдарда құрылған, қазіргі фанаттар
сияқты. Ойындар мен ат жарыстарының барысында жанкүйерлер партиялары
қалыптасты. Ол партиялар возницалардың киімдерінің түсіне қарай бөлінді.
Венет - көк, ал прасиндер - жасыл. Димдердің сайланып қойылатын
басшылары болды.
Сондай-ақ қызметкерлері мен күйме артистері, қонақ үйге ұқсас үйлері,
аттары, ақша қазынасы болды. Алғаш димдер таза спорт ұйымдары болды.
306-337 жылдарда билік құрған император Константин акклимация туралы
жарлық шығарған. Акклимация деген – халықтың цирктерде жарияланатын
үкімет қаулыларын дауыс шығарып қолдауы, немесе, керісінше, қарсы болуын
білдіруі. Осы Акклимация иуралы жарлықтан соң ІҮ ғасырдың аяғынан бастап
димдер әлеуметтік мақсат-мүддені білдіретін саяси партияларға айнала
бастады. Жалпы 4 димдер болған. Бірақ бір-біріне қарсы тұрған негізгі 2
партия (венеттер мен прасиндер) болды.
Ү ғасырдың аяғында, ҮІ ғасырда венеттер мен прасиндер арасындағы
бақталастық күресі күшейе түсті. Әсіресе стасиоттар деп аталған жастар
отрядтары қызбалық көрсетіп отырды. Қайсыбір кездерде әлеуметтік қарама-
қайшылықтар венеттер мен прасиндер партияларының қатардағы мүшелерінің
бірігуіне әкеліп соқты. Олар өз басшыларына, өкіметке қарсы щығып отырды.
Ең алғашқы партиялар арасындағы қантөгісті белгілі тарихшылар Марцеллин мен
Иоанн Малала 445 жылға жатқызады. 40 жылдарда Хрисафидің Египетке
қолдаушылық саясатын ұстанған, өкімет жағындағы партия-прасиндер болды.
Венеттер партиясы, керісінше, тек Константинополь үстемдігі үшін күресті.
Цирктік партияларды нығайту қауіпті бола бастады. Пульхерияның
жалдамалы варварлардан тұратын әскери отряды бар Аспар дегенмен одағы
қалыптаса бастады.
Хрисафий құлатылғаннан кейін көп ұзамай кезекті бір аң аулау кезінде ІІ
Феодосий апатқа ұшырап, қайтыс болды. Оның соңында ұл баласы қалмады.
Аспардың күшімен таққа Пульхерия отырды. Бұл кезде Пульхерия 52 жаста еді.
Оған күйеуге тию талабы қойылды. Үкімет басына келген соң Пульхерия 449
жылғы Эфес Соборінің шешіміне қарсы шықты. Бұл істе ол константинопольдік
ақсүйектердің қолдануына ие болды. Патриарх Анатолий де бұрынғы
египеттіктерді жақтаушылығынан тайып, Пульхерия жағына шықты.
Маркиан ІІ-Феодосий тұсындағы қызмет орнын өте қымбат бағаға сатып
алуды тоқтатты. Сенаторлыққа сайлану үшін төленетін салықтың мөлшерін
төмендетті.
Империяның Ү ғасырдағы ішкі және сыртқы жағдайына алдымен аграрлық
қатынастардың ықпалы зор болды. Бұл кезде ыдырай бастаған құлдық қоғам
негізінде ауылшаруашылығында феодалдық қатынастар тез қалыптаса бастады.
Византиядағы аграрлық қатынастардың ерекшелігі – ерікті шаруалардың
сақталуы. Колонаттың кең таралуы, ұзақ мерзімді аренданың қанат жаюы болды.
Сондай-ақ Батысқа қарағанда құлдарға жердің жедел үлестірілуі болды. Ол
пекули деп аталды. Яғни, Батыс Рим империясына қарағанда мұнда ерікті
шаруалар әлдеқайда көп болды. Сондықтан да шығыстағы жерлердің құнарлығы
көп кемімеді, өнімді молырақ берді. Жалпы алғанда, Византиялық деревняда
ірі құл иеленушілердің жер иеліктері ҮІІ ғасырларда ыдырай, ал кейбір
жерлерде түбімен жойыла бастады. Бұрынғы ірі жер иелігінің орнына
шаруалардың қауымдық жер иеліктері орнай бастады. І кезеңнің аяғына қайрай
ірі жер иеліктеріндегі колондар мен құлдар еңбегі бірітіндеп ерікті
шаруалар еңбегімен ығыстырыла бастады. ІҮ-Ү ғасырлардағы Византия қаласы
ежелгі құл иеленуші полис қала берді.
ІҮ ғасырдың аяғынан бастап кішігірім полистер жойыла бастады. Ал Ү
ғасырда пайда болған қалалар енді полистер емес, сауда-саттық, қолөнер және
әкімшілік орталығы болды. Византияда Ү ғасырда тіршілігі қайнаған, халқы
көп Константинополь, Антипохия сияқты ірі қалалар болды.
Сауданың, қолөнерінің, жалпы қалалалық өмірдің қызулығы жағынан
Византия Батыс Европа елдерінің ең алдында болды. (Ү-ҮІІ ғасырларында).
Мұнда ол кезде Батыста бұрын-соңды таныла қоймаған қолөнер түрлері: шыныдан
жасалған ыдыс-аяқтар, жүн және жібек маталары, зергерлік бұйымдар, папирус
өндірілді. Византия қолөнершілердің даңқы шартарапқа тарап жатты.
Византия саудагерлері Иранмен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жасау арқылы
байыды. Оларды Батыс Еуропада жақсы білетін. Олар мұнда Шығыстың қымбат
товарларын әкеліп отыратын. ІҮ-Ү ғасырлардағы Византия орталықтанған әскери-
бюрократиялық монархия болды. Барлық үкімет билігі императордың қолнда
болды. Императордың кеңесші органы санат болды. Мемлекет шаруалар мен
қолөнершілерден көп салық жинады, ал көпестерден баж салығын алды. Империя
үлкен армия мен күшті флот ұстады. Осы себепті Византия өз шекараларын
варварлардан қорғай алды, өзі де шапқыншылық соғыстарын жүргізіп отырды.
ІІ-ТАРАУ. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ
КЕЗІНДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

ІҮ ғасырдың аяғынан бастап Рим Империясының шекарасына жинақталған
қалың германдық тайпалар оның ішіне баса көктей еніп, барлық облыстарын
толтырды. Құл иеленушілік қатынастардың дағдарысымен, құлдар мен
коландардың күннен-күнге өсе түскен революциялық күресімен күйзеліске
ұшыраған Империя оның жерінің құнарлылығына, виллалары мен қалаларының
тұнып тұрған байлығына қызыққан варварлардың жаңа қарқынды тегеурініне
шыдап тұра алмады.
Құл иеленушілік шаруашылықтың дағдарысы асқынып кеткен, экономикалық
даму жағынан біраз артта қалған батыс империя бір облыстан соң бір
облысынан айырылып жатты. Варварлардың жаңа соққыларынан Шығыс империя да
ең соңғы күшін салып, әрең қорғанып жатты. 375 ж. император Валенттің1
келісімі бойынша (мәжбүр болғандықтан) Дунайдың оңтүстігіне қарай
вестготтар қоныстанды. Олар 376 ж. өкімет қысымшылығына қарсы көтеріліс
жасады. 378 ж. вестготтар мен оларды қолдаған империя халқының отрядтары
Адрианапольде Валенттің әскерін талқандады.
379 ж. көтерілісті басыға испан-рим аристократиясының өкілі қолбасшы
Феодосий басқарған әскер жіберілді.
380 ж. варварлар көсемдерінің біраз талаптарын орындау рақылы
ткөтерілісті басқан соң Феодосий император деп жарияланды.
Вестготтар королі І-Алархи ()370-410 395 ж. Феодосий өлген соң Фракияға
басып кіріп, Афиныны алды, Коринфты, Аргос пен Спартаны талан-таржыға
салды. Шығыс Рим императоры Аркадий І-Аларихпен бітім шартын жасап, оған
Иллириктегі армияның магистры деген атақ берді. Иллирикке федераттар
ретінде вестготтар қоныстандырылды.
_________
1Валент Флавий (328-378) Рим империясының шығыс бөлігінің императоры
401 ж. І-Аларих Италияға шабуыл жасады. Бірақ оған Стилихон Флавий (360-
408) (Рим әскери қолбасшысы мемлкеттік қайраткер. Вандал Феодосий өлген соң
жас Гонорийдің (395-423жж. батыс рим империясының императоры) қамқоршысы
болып тағайындалып, барлық билікті өз қолына шоғырландырды. 402ж. екі-рет
Полленций мен Веронде І-Аларихте жеңді, 406ж. Фьезол маңында Радагаис
бастаған варварлар бастаған тайпасын талқандады. Сарай ішіндегі интрига
нәтижесінде Гонорийдің бұйрығымен өлтірілді.) тойтарыс берді. 408 ж. І-
Аларих Италияға екінші рет басып кіріп, Римді үш рет қоршады. 410 ж. 24
тамызда І-Аларих римді үш рет қоршады, оны 3 күн бойы тонауға салды. І-
Аларих 410 Оңтүстік Италияда Сицилия мен Африкаға жорыққа дайындық кезінде
өлді.
Испания мен Оңтүстік Батыс Галлияда вестготтар Рим империясының
территориясындағы ең бірінші варварлық мемлекет өз корольдықтарын құрды
(507ж.).
Олардың артынша Вандалдар, Свевтер, Бургундар, Франктар Империяның
облыстарын бірінен соң бірін басып алып жатты. Ақыры гунндар Еділден
(Волга) Рейнге дейінгі аралықты басып алып, империяның шекарасына тақап
келді. Олар алым-салық талап етіп, Империяның өміріне қауіп төндірді.
Батыс, Шығыс империялар варварлармен тек соғысып қана қоймай, олармен
дипломатиялық қатынастар жасап та отырды. Әдетте варварлар империяға
басқыншылар емес, васалдар, немесе одақтастар ретінде енетін. Себебі алғаш
вассал ретінде келгендер ертесінде бүлікшілерге, тіпті жаулап алушыларға
айналып отыратын. Сондықтан да олармен келісім жасау, оларды сатып алу,
олардан қалайда құтылу керек болатын. Ал олар өз кезегінде, қоныстану үшін
жаңа жерлер, алтын, күміс талап етіп отырды. Мұның бәрі варварлар мен Рим
империясының, дәлірек айтқанда екі рим империясы арасындағы дипломатиялық
қатынастар орнатудың қажеттігін туғызды.
Батыс империя облыстарына орналасқан варварлар көп жалтақтамастан жаңа
қоғамдық тәртіптерге көше бастады. Оларда таптар тез қалыптаса бастады,
Король билігінің беделі өсті, мемлекеттілікке дейінгі тайпалық одақтардан
мемлкеттік бірлестікке көтерілді. Құрылып жатқан корольдықтар арасындағы
шекаралар дәл белгіленбеді, талас-тартыстар тек қарумен ғана емес,
келіссөздер арқылы да шешіліп отырды. Варварлар корольдықтарының өз
дипломатиясы қалыптаса бастады.
Римдік әлеммен варварлар қақтығысы халықаралық қатынастардың ерекше
түрін туғызды. Тарихта шығыс империя сарайының Ғұндар көсемі Аттиламен
дипломатиялық қатынасын суреттеген естеліктер қалған. Алдымен Аттила туралы
бірер сөз. (1996ж. қарашада Әуезов атындағы академиялық драматеатрында
В.Замятиннің екі бөлімді Еділ (Аттила) патша трагедиясы қойылды). Аттила
434-453 жж. патшалық құрған Ғұн тайпалық одағының көсемі. 445 жылға дейін
Бледа деген інісімен бірге билік құрған, ал 445 ж. ол інісін өлтірткізіп,
өзі жеке дара билік құрды. Шыққан жері Еділ бойы. Аттила аталуы Еділден
шыққан деген мағына береді. Негізінде бұлар Орта Азия, Батыс Сібір
жерлерінен шыққан, мал бағып күн көрген түркі тілдес тайпалар. Сол Ғұндар
Батыс Европа елін де жаулап алған. 443, 447-448 жылдары Шығыс Рим
империясына жорық жасап, салық төлеп отыруға көндірген. Соннан кейін Аттила
Галлияға жорық жасап, 451 ж. Каталаун алқабында шайқаста жеңілді.
452 ж. Римге тақап келді, бірақ алымсалық алып, кейін қайтты. Аттиланың
Европадағы патшалығының орталығы қазіргі Венгрия жері болған.
Гот тарихшысы Иорданның хабарлауынша Аттила ұзын бойлы, қара торы,
қысық көзді, сирек қырау салған сақалды, имек мұрын, кең кеуделі, тағам
қабылдауда қанағатшыл, сөзді кесіп, түйіп айтатын, өтінішпен келгендерге
рахымшыл, қарапайымдылық көрсетіп, қол астына өткендерге кешірімшіл, тіпті
қамқор бола білген адам. Ал Аттила ордасында Рим елшісі Прийск мәліметіне
қарағанда, ол тағам талғамайтын, қонақтарына төрден орын беріп, алтын күміс
табақтарға салынған ас тартылғанда, кімге бас, кімге жілік дегендей,
ретімен бергізіп, қымыз шараппен сыйлайтын Аттила, өзіне келгенде тағамды
ағаш табаққа салғызған, және қарапайым болған.
Екі тарихшының да пікіріне қарағанда, Аттила бойын тік ұстайтын, киімі
қарапайым болғанымен сымбатты, өзіне қонымды, бірақ айбарлы қарайтын, аз
сөйлеп, көп байқайтын мінезімен айналасына, тіпті басқа елдерге үрей,
қорқыныш тудыратын сұсты адам болған.
Аттиланы 453 ж. Ғұнндар қаратқан Бургун королі Зигфридтің әйелі Йлдихо
(Кримхильда) күйеуінің, аға-інілерінің кегін алу үшін өлтірген. (Аттиланың
өз әйелінің аты Кіреуке). Аттила патша ордасының тілі түрікше болған.
(Мыс., Аттила айналасындағы Ғұн көсемдерінің аттары; Берік, Ойбарыс,
Мынзак... Оның әйелдері мен балаларының аттары: Ескеалма, Ұзынтұра,
Елназар, Өте, Теңіз, Ернақ...). Аттила жайында түрлі аңыз, өлеңмен жазылған
шығармалар кең тарап, ғасырдан ғасырға енді.
Константинополь сарайы мен Аттила арасындағы дипломатиялық қатынастар
өз көзімен көрген сарай қызметкері Присктің естелігінде өте дәл
бейнеленген. Оның әңгімелерінен варварлардың рим дипломатиялық
қатынастарының ереже дәстүрін, салтын қалай меңгергенін байқауға болады.
Империяға да варварлар дәстүріне бейімделуге тура келді. Приск шығыс
императоры ІІ-Феодосийдің 433 ж. Ғұндарға жіберілген елшілігін әңгімелейді.

Ғұндар аттан түспей ақ сөйлесеміз деген ұсыныс айтты. Рим елшілері де
өз намысына тырысып, аттан түспестен мәселені шешуге кірісті - дейді
Приск. Империя үшін өте ауыр бітім жасалды: империя Ғұндарға барлық
қашқындарды қайтарып беруге, жыл сайын 700 фунт алтын төлеуге міндеттенді.
Соңында екі жақта, арқайсысы өз ата-бабаларының салт-дәстүрі бойынша,
жасалған шартты бұзбауға ант берді.
Варварлар рим дипломатиясын меңгере отырып, одан тіпті кей кезде дерек
түрінде болса да, өздері үшін пайда табуға тырысты. Империяда елшілерге
сыйлық тарту дәстүрі бар болатын. Аттила Константинопольге елшілер жіберіп,
қашқындарды қайтарып беруін талап етті. Елшілерге бай сыйлықтар беріліп,
қашқындар жоқ деген жауаппен қайтты. Аттила ІІІ, ІҮ-рет елшіліктер жіберді
римдіктердің жомарттығын біле, олардың қалай бітім шартын бұзбауға
тырысатынын ескере отырып, Аттила кімге жақсылық жасағысы келсе, соны елші
етіп Римдіктерге жіберіп отырды. Сүйтіп, әртүрлі сылтау-себептер тауып,
бірнеше елшіліктің сыйлық алуына мүмкіндік жасады, - дейді Приск. Аттила
империямен келіссөздер жүргізуге ол тек қулық-сұмдықты игеріп қана қойған
жоқ. Приск Аттиланың қасында Аэций1 жіберген Констанций деген хатшы болған
дейді. Ол Аттилаға латын тіоінде грамоталар құрастырып беріп отырса керек.
Келіссөздер жүргізу үшін Аттила бұл істе тәжірибесі бар Империя
облыстарынан қолға түскен римдіктерді пайдаланып отырды. Приск Аттиланың
448 ж. ІІ-Феодосийге жіберген елшілігі туралы өте дәл, толық жазған.
Елшілікті Ғұн Эдикон басқарды. Оның соғыстағы батырлығымен даңқы шыққан
болатын. Онымен бірге жақында ғана Аттиланың қол астынан көшкен
облыстарының бірінің тұрғыны Орест деген римдік (азамат) жіберілді.
Эдикон императорға таныстырылды. Ол императорға Аттиланың грамотасын
тапсырды. Грамотада Ғұндар көсемі қашқындардың қайтарылмауына өкініш
білдіріп, Ғұндар мен империя арасында жаңа сауда пунктерін ашуды талап
етті.
Император латын тілінде жазылған грамотаны оқып шықты. Сонан соң Эдикон
онда жазылғандарға өз сөзімен біраз пікірлер қосып, толықтырды. Оның өз
сөздерін ғұн тілін білетін сарай қызметкері Вагилла
_________
1 Аэций Флавий (ок. 390-454), Батыс-Рим империясының әскери қолбасшысы.
451ж. ол варварлар әскерінің көмегімен Қаталаун алаңында Аттила басқарған
ғұндарды талқандаған.
2 (401-28.07.450) Византия императоры. Оның тұсында мемлекетті алғаш
әпкесі Пульхерия (428 ж. дейін), оннан соң әйелі Евдоксия (441 ж. дейін)
ақара – Хрисафий деген евнух басқарды. ІІ-Феодосий басқарған кезде
Константинополь қалың, күшті Феодосий қабырғасымен қоршалды; 438 ж.
Феодосий кодексі деген заңдар жинағы қабылданды. 431, 449 ж.ж. ІІ-
Феодосий әлемдік соборлар өткізді.
аударды.
Бұл елшіліктің тағдыры византиялық дипломатиялық қабылдау рәсімін
сипаттау үшін өте құнды. Константинопольдік үкімет басылары императордың
келісімімен Эдиконды Аттиланы өлтіруге үгіттеді. Ол үшін өте көп байлық
беруге уағдаласты (уәде). Эдикон бұл ұсынысты өтіріктен қабыл алған болып
келісті. Өз еліне құрамына Вагилла кірген императордың елшілігімен бірге
қайтты. Вагилла ғұндар көсемін өлтіру жөніндегі ұсыныстың ең басты тұлғасы
болатын. Эдикон еліне келісімен Аттилаға барлық шындықты жайып салды.
Аттила императордың елшілігіне ашулана тіл қатып, Вагилланы ағашқа шаншып
өлтіруге, құзғындарға жем қылуға болатынын, бірақ елшілік құқын бұзбау үшін
олай істемейтіндігін айтты. Осыдан келіп, варварларда сол кездің өзінде-ақ
елшілердің ешкім ешқандай жағдайда тиісе алмайтын ерекше құқтарын
мойындағандығын көруге болады.
Аттила өзімен келіссөз жүргізуге жәй қарапайым қызметкерді емес,
консулдық атағы бар белгілі ақсүйектерді жіберуді талап етті. Елшілер
келіссөз кезінде көрнекті ақсүйектердің ғана елші болуы міндетті емес,
әскери адамдарды елші етіп жібере береді деп көндірмек болған әрекеттерінен
ештеңе шықпады: Аттила өз дегенінде тұрды. 449 ж. оған Анатолий және Ном
деген патрицилер жіберілді. Олардың атақтарын құрметтей отырып Аттила
шекарадан елшілерді қарсы алды. Алғаш Аттила елшілермен менмендікпен
сөйлескенімен, кейін біраз жібіп, ақыры Константинополь үшін тиімді келісім
жасады. Қоштасарда елшілерге бағалы сыйлықтар – қымбат аң терілері мен
жылқылар берді. Сүйтіп, Империямен қатынас жасай отырып, варварлар бірте-
бірте римдіктердің елшілік қабылдау, келіссөз жүргізу жөніндегі тәртіптері
мен ережелерін, салт-дәстүрі мен рәсімдерін меңгере берді.
476 ж. Батыс Рим империясы өмір сүруін тоқтатты. Герман-варварлық
жасақтың көсемі Одоакр1 Батыс Рим империясының соңғы императоры Ромул
Августулды2 тақтан түсірді. Италияны басып алған Одоакрдың ең алғашқы
әрекеттерінің бірі – Шығыс Рим (Византия) империясымен дипломатиялық
қатынастар орнату болды. Константинопольге императорлық белгі-тәж бен
алтынмен қапталған шаран жіберді. Бұл енді Батыста дербес император
болмайды деген ұсынысы еді. Өзі үшін Одоакр патриции деген атақ берілуін,
Италияны билеп-төстеуге рұқсат өтінді. Шығыстың императоры Зенон (474-475,
476-491) Одоакрға қарсы шытырман қастандық жолына түсті. Ол остготтардың
көсемі Теодорихты3 Италияны жаулап алуға бағыттады. Оның алдында Теодорих
Константинопольге қауіп төндірген болатын. Сүйтіп, екі мазасыз көрші-
варварлар бір-біріне қарсы айдап салынып, империяға төнген қауіп жойылды.
Константинопольге ұзақ уақыт тұрған Теодорих византия дипломатиясының
принциптерін жақсы меңгергендігін көрсетті. Толық жеңіске жете алмаған
Теодорих Одакрға Италияны бірлесіп басқару жоспарын ұсынды. Ол жоспардың
қабыл болу құрметіне жасалған бойда Теодорих Одакрді өз қолымен өлтірді.
Зұлымдық пен сатқындық арасында Италия остготтар қолына көшті.
Теодорихтің римдік саяси формаға берілгендігі жақсы белгілі. Өз атында
жаза алмайтын бұл варвар өзінің төңірегіне рим оқымыстылары мен білімді
мамандарын жинап алып, барлық әкімшілік пен елшілік ісін сол римдіктерге
тапсырды. Остгот корольдігінің халықаралық жағдайы өте қиын болды. Византия
императоры жаңа күшті көршісіне ұрейлене қарады. Римнің ірі жер
иеленушілерінен олардың иеліктерінің үштен бірін
__________
1 Одоакр (431-15.03.493, Равенна) 476-493 ж.ж. Италияның үкімет
басшысы. Германдық скирлер тайпасынан шыққан. Батыс Рим империясының
армиясындағы жылдамалы германдық отрядтың қолбасшысы болатын. 476 ж. 23
тамызда Р.Августулды тақтан құлатып, өзінің Италия королі деп жариялады.
Одоакрды остготтар көсемі Теодорих өлтірілді.
2Ромул Августул 475-476 ж.ж. 23.03. Батыс Рим империясының императоры.
3 Ұлы Теодорих (454, Паннония, 26.08.526, Равенна) 493 жылдан остготтар
королі.

Остготтардың тартып алуы Рим аристократиясының күші наразылығын туғызды.
Аристократтар Византия императорын өздерінің қорғанышы деп санап, Оны
тезірек Италияны келімсектерден азат етуге шақырды. Ариандық Теодорих
католик шіркеуіне төзімділікпен қарағанымен, дінбасылары Византия
интервенциясын қолдап, ол (Византия) католик шіркеуінің үстемдігін қалпына
келтіреді деп үміттенді. Бұл үміт Остготтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Византия тарихының Византия тарихы, соның ішінде император
Византия империясының құлауы
Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының тарихы
Ортағасырлық Византия қалалары
ІҮ – ҮІІІ ғасырлардағы Визвнтияның ішкі хал – ахуалы
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Византия мемлекетінің құрылуы
Іv-хіі ғасырлардағы византия империясы
4-7 ғасырлардың бірінші жартысындағы византия империясы
Абу Бакирдің жаулап алу саясаты
Пәндер