Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен өзгеруі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі ... ... ... ... ... ... .6
2 Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Сұраныс өзара әрекет етуі. Рыноктық тепе . теңдік ... ... ... 15
2.2 Икемділік түсінігі. Сұраныс икемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Тұтынушылық мінез . құлық теориясының негіздері ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың бір кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының,сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1 – кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
1. С.С Мәуленова. «Экономикалық теория» Алматы 2003 ж.

2. С.Қ Бекнолдин. «Экономикалық теория» Алматы 2003 ж.

3. Е.Қ Құдайбергенов «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2003ж.

4. Н.Қ Мамыров «Микро экономика» Алматы 2000ж.

5. Қ.С Есенғалиев «Микро экономика» Алматы 2000ж.

6. М.Ә Тілеужанов «Микро экономика» Алматы 2002ж.

7. Б.М Мұхамадиев «Микро экономика» Алматы 2003ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1 Сұраныс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...4
1.1Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі
... ... ... ... ... ... .6
2 Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Сұраныс өзара әрекет етуі. Рыноктық тепе – теңдік ... ... ... 15
2.2 Икемділік түсінігі. Сұраныс икемділігі
... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Тұтынушылық мінез – құлық теориясының негіздері ... ... .19
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...26
Пайданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыс бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар
болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналған.
Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауардың әр данасы бірдей
бағамен сталыда деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей
алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге
түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу
механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл
талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен
бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар
тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін
қарастырамыз.

1 Сұраныс

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу
қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей
байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесет түрінде
былай көрсетеді.

1-кесте

Шұжыққа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға, кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғанда) оны сатып алу көлемі өзгеретінін көрсететін мәліметтер
берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне
байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін
көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз,
мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ
оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан
тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай
бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым
төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр.
Шұжықтың бір кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг
шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға
шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін
көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл
тұтынушының,сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын
кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек,
мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1 – кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп,
бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы
деп атаймыз.

Баға (теңгемен)

900
800
700
600 В
500 А
400 D
300
200
100

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 (кг, айына)

1 – сызба. Сұраныс қисығы.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынытын бағасы мен
оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетді. Егер баға 500 –
ден 600 теңгеге дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін
көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап,
сатыпала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс
заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып
алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты
ақиқаттармен дәлелденген гипотиза болып табылады. Мысалы:

1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп
мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға
ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейдегі
баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді,
ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат
алады. Мысалы, сідің бірінші жеген буырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал
екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қнағат әкеледі. Бұл
жағдайда тауардың шекті пайдалығының азаюы принципі тұтынуға әсер етеді.
Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төменднген
жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы
түсіндіруге де болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек
тауарды керегінше аады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының
төмендуіақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан
тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп алуға шамасы келеді.
Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың
орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар
алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен
ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда
тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол
еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі).
Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да
алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).

Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі

1 – сызбада сұраныс қисығы шұжықтың бағасы мен тұтынушылардың бір айда
сатып алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер
ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда).
Егер де факторлардың кез келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі
аасындағы тәелділікке де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа
сұраныс кестесін құрып, жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
Cұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп
аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің
өзгеруін анықтайды.
1 – сызбадан көретіміз, шұжықтың бағасы 500 – ден 600 теңгеге дейін
өскенде, сұраныс көлемі 5,5–тен 5 кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс
қисығын бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Осы келтірілген
мысалымызда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты
зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін факторлар өзгермейді деп ұғардық.
Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз ол
төмендегідей түрде жазылады.

QD = f (P),

Мұнда, QD – сұраныс көлемі;
Р – зертеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол
берілген тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Ра , Рв . . .) ,
тұтынушылардың табысы ( І ) және олардың талғамы ( Т ). Осы жоғарыда
айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады,
бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны
былай көрсетеді:

QD = f ( P, Pa, Pb, ...,I,T )

Мұнда, QD – белгілі бір уақыттағы берілген тауарға деген сұраныс
көлемі;
Р1, Ра, Рв..., - берілген тауардың және басқа тауарлардың
бағасы;
І – тұтынушының табысы;
Т – тұтынушының талғамы, бағалауы.
Біз бұдан келтірген мысалымызда, қарастырып отырған тауардың бағасы мен
осы тауарға деген сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік және
сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұғардық.
Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді дейік. Мысалы,
басқа тауарлардың бағасының өзгеруі. Екі тауарға деген сұраныс қисығы
көрсетілген. Сиыр етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңге болып, белгілі бір
уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік. Соның нәтижесінде сиыр
етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кеміді. а
сызбадан көріп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс
көлемі А нүктесінен В нүктесіне жылжиды және осы тауардың бағасы
жоғарылаған уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды.
Сиыр етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа
факторлар тұрақты болғанда сұраныс азаяды, қозғалыс сұраныс қисығының
бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді
деп ұғарғанда тұтынушылар сиыр етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс
қисығы түгелімен оңға жылжиды.

P P

250
250

200 B
200

150 A
150

A1 B1
100
100

D2
50 D
50 D1

0 10 20 30 40 50 Q 0
10 20 Q

2 – сызба. Сиыр етінің бағасы өсуінің құс етіне деген сұранысқа тигізетін
ықпалы

Ал осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген
сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Сиыр етінің қымбаттауына байланысты,
құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қисығы түгелімен D1 –ден D2
–ге дейін оңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінің бағасы
тұрақты деп ұғарамыз. Сиыр етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар
айына 10 кг құс етін алатын болған (D1 қисығының бойындағы А нүктесі), ал
сиыр еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін
сатып алған (D2 қисығында В нүктесі).
2а – сызбада сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс
көлемінің өзгеруі деп, ал 2ә – сызбадағы сұраныс қисығының түгелімен
жылжуын – сұраныс өзгеруі деп атайды.
Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының
өзгеруі нәтижесінде болады (вертикальды осьте көрсетілген айнымалы шама).
Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының түгелімен жылжуы) графикте көрсетілмеген
бағадан басқа фактор әсер еткенде болады.
Келтірілген мысалымызда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс
етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір – бірін ауыстыра алады.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға
деген сұраныс көбейтетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін –
бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сары май мен
маргарин, пиджак пен свитер және т.б.
Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда
басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автомобиль мен бензинді қарастырайық.
Бнзиннің 1 литрінің бағасы 30 теңге болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр
алады дейік, ал ьаға 40 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30
литрге дейін кемиді. өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады.

P P

50

В
40

400
30 A
B’ A’

300
20
D1
D
200 D2
10

100

0 20 30 40 80 100 Q 0
10 20 Q

3- сызба. Бензин бағасы өсуінің автомобильге деген сұранысқа әсері.
Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін
жоғарылағанда, оған деген сұраныс көлемі 40 л-ден 30 литрге дейін
төмендейді. Бұл жағдайда сұраныс көлемі өзгереді және өзгеріс сұраныс
қисығының бойында болады. Ал енді осы уақытта автомабиль нарығында да
өзгеріс болады, басқа факторлар тұрақты деп ұғарғанда автомобильге деген
сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды.
Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автомабильдің бағасы
өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды. 3 – сызбада көрсетілгендей сұраныс
қисығы түгелімен солға D1 – ден D2 – ге дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі А
нүктесіндегі 100 бірліктен В нүктесіндегі 50 автомобильгедейін кемиді.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылған уақытта, екінші тауарға
деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауарларды бірін – бірі
толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз.
Бірін – бірі толықтыратын тауарларға төмендегідей мысалдар келтіруге
болады: автомобиль мен бензин, теннис ракетасы мен добы және т.б.
Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер
етеді. Бұл көрсеткішке байланысты таурларды төмендегідей екі түрге бөлеміз:
1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған
тауарға дген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды (табыстан басқа
факторлар тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.
Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын сиыр етіне деген сұранысы
көбейеді. Себебі сиыр еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам
болғандықтан тұтынушылардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды (бағасы
өзгермеген жағдайда).
4 – сызбадан көріп отырғанымыз табыс өзгергенде сиыр етіне деген
сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1 –ден D2 –ге дейін оңға
қарай жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес
20 кг сиыр етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне
сәйкес 40 кг ет алады. Сызбадан көріп отырғанымыздай сиыр етінің бағасы А
және В нүктелерінде тұрақты 200 теңгеге қалпында қалады.

P

200 A B
150
100 C D
50
D2
D1

0 20 40
Q

4 – сызба. Тұтынушылар табысы өсуінің сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін
ықпалы.

Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарларға деген
сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы солға жылжиды.

Р

В А

200

D1
D2

0 15 20
Q

5 – сызба. Тұтынушы табысы азаюының сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін
әсері.

Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар
да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сары май алады да,
ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын
тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сұраныс азаяды, себебі
тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай
тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай
тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы жылжиды.

P

B A

Q
6-сызба. Табыс өскен уақыттасапасы төмен тауарға деген сұраныс өзгеруі

Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта
анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады.
Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық
көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданыңөзгеруінен немесе жаңа ақпараттың
пайда болуынын өзгеруі мүмкін.
Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде
адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ).
Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны
күтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс
қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген
сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.
Бағаның өзгеруін күту – бұл фктор да сұраныс қисығына әсер етеді.
Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол
тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе
керісінше.
2 Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері туралы ақпарат
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы
Сұраным мен ұсыным заңы
Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Микроэкономика пәні,әдістемесі
Пәндер