Қазақтың ұлттық – санасы, құндылығы және мүддесінің қазіргі жағдайы



1. Ұлттық сана.
2. Ұлттық құндылық.
3. Ұлттық мүдде.
Біздің қазіргі ресми қоғамдық ақпарат құралдарының айтуына қарағанда бәрі ойдағыдай. Қоғамымыз демократиялық жолмен дамып, экономикамыз қарқынды өсіп, рухани мәдениетіміз гүлденіп келеді екен. Ал, опозициялық ақпарат құралдарының айтуынша бәрі керісінше. Қоғамымыздағы саяси жүйе афтаритарлық жолға түсіп, билікте бюрократтар күш алып кетіпті, экономикада біз әлі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы көрсеткіштің деңгейіне жеткен жоқ екенбіз, рухани мәдениетте халқымыз моральдық азғындыққа түсіп, ұлттық қасиетінен айырылып, ассимиляциаланып барады екен. Олай болса осы қарама- қайшы пікірлердің қайсысы дұрыс және ақиқат-шындық кімнің жағында, соған жауап іздеп көрейік.
Бұл сұрақтарға дұрыс жауап табу үшін, біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.
Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.
Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады.
Қазіргі кезде жер бетінде түгелдей бір тектес ұлттан тұратын мемлекет жоқ десе де болғандай. Көп мемлекеттерде бірнеше ұлт өмір сүреді, немесе бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Бірақта көпшілік мемлекеттер сол мемлекетте өмір сүретін ұлттардың біреуінің атымен аталады және ол мемлекет құрушы, титулды ұлт болып саналады. Сондықтан ол мемлекеттің халқы бір ортақ тілде, яғни мемлекет құрушы ұлттық тілінде сөйлеп, алдарына бір ортақ мақсат қойып, сол үшін куреседі.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

қазақтың ұлттық - санасы, құндылығы және мүддесінің қазіргі жағдайы

Биыл біз еліміздің тәуелсіздігінің жиырма жылдығын атап өткелі отырмыз. Бұл тарихи өлшем бойынша онша ұзақ уақыт емес, бірақ қазіргі ХХІ-ғасырда уақыттың космостық жылдамдықпен өтуіне қарағанда аз да уақыт емес. Сол кезде дүниеге келген сәбилер қазір ер жетіп, білім алып, жұмысқа тұрып, отбасын құрып, өмірдің екінші сатысына аттап жатыр.
Яғни бұл осы уақыт ішінде елімізде бір ұрпақтың өсіп жетілгенін көрсетеді. Олай болса осы жиырма жылда қазақ халқы өзінің саяси тәуелсіздігін нығайтуда, әлеуметтік экономикасын дамытуда, рухани мәдениетін жетілдіруде қандай жетістіктерге қол жеткізді немесе неден кенже қалды осы мәселелер жөнінде бүгін сөз қозғауға тура келеді.
Біздің қазіргі ресми қоғамдық ақпарат құралдарының айтуына қарағанда бәрі ойдағыдай. Қоғамымыз демократиялық жолмен дамып, экономикамыз қарқынды өсіп, рухани мәдениетіміз гүлденіп келеді екен. Ал, опозициялық ақпарат құралдарының айтуынша бәрі керісінше. Қоғамымыздағы саяси жүйе афтаритарлық жолға түсіп, билікте бюрократтар күш алып кетіпті, экономикада біз әлі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы көрсеткіштің деңгейіне жеткен жоқ екенбіз, рухани мәдениетте халқымыз моральдық азғындыққа түсіп, ұлттық қасиетінен айырылып, ассимиляциаланып барады екен. Олай болса осы қарама- қайшы пікірлердің қайсысы дұрыс және ақиқат-шындық кімнің жағында, соған жауап іздеп көрейік.
Бұл сұрақтарға дұрыс жауап табу үшін, біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.
Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.
Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады.
Қазіргі кезде жер бетінде түгелдей бір тектес ұлттан тұратын мемлекет жоқ десе де болғандай. Көп мемлекеттерде бірнеше ұлт өмір сүреді, немесе бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Бірақта көпшілік мемлекеттер сол мемлекетте өмір сүретін ұлттардың біреуінің атымен аталады және ол мемлекет құрушы, титулды ұлт болып саналады. Сондықтан ол мемлекеттің халқы бір ортақ тілде, яғни мемлекет құрушы ұлттық тілінде сөйлеп, алдарына бір ортақ мақсат қойып, сол үшін куреседі.
Мемлекет құрушы ұлт сол мемлекеттің территориясында тарихи қалыптасқан және ұлттық құрамы басқа ұлттарға қарағанда сан жағынан анағұрлым басым болуға тиіс.
Бүгінгі Қазақстан республикасындағы мемлекет құрушы қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында осы белгілердің бәрі бар. Ортақ территориясы, экономикасы мәдени-тілдік ортасы дегендей. Бірақ та қазақ халқының ұлт болып қалыптасуындағы бір әлсіз жері, ол тарихи даму барысында қоғамдық-экономикалық формациалардың капиталистік сатысынан өтпеуі. Соның салдарынан оның ұлттық санасы берік қалыптаспай, ұлттық құндылықтарын онша бағаламай, ұлттық мүддесін қорғауға келгенде онша белсенділік танытпай отыр. Мұның басты себебі қазак халқының бірнеше ғасырлар бойы патшалық Ресейдің, онан кейін қызыл империяның отары болып, өзінің басында билігінің болмауы. Соны пайдаланып Қазақстан егеменді ел болғаннан бері қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері, соның ішінде орыс ұлтының диаспоралары қазақтардың мемлекет құрушы титулды ұлт екенін онша мойындамай, біз де мемлекет құрушы ұлтпыз, сондықтан орыс тіліде мемлекеттік тіл болуы керек деп, қазақстанда ұлттардың бірігіп, алдарына ортақ мақсат қойып, берік қоғам құруына қарсылық көрсетіп келеді.
Әрине, жетпіс жылдың үстінде қызыл империяның құрамында болға кезде республикамызда индустрия дамып, өндіріс орындары, қалалар салынғаны рас. Бірақта қалаларда тұратың халықтың, өндіріс орындарында істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі басқа ұлт өкілдері болып, қазақтар ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысуға мәжбүр болды. Осындай себептердің салдарынан қазақ халқының әлеуметтік құрылымы негізінен шаруалар табы болып, олардың қоғамдық дүниетанымы онша дамымай, ұлттық санасының уақыт талабынан кенже қалуының себебі сондықтан.
Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек.

1. Ұлттық сана. Егерде ұлттық санаға келетін болсақ, біз бірінші кезекте оған-идеологияны, психологияны, менталитетті, патриотизмді, тәрбиені жатқызамыз.
Қазақ халқы өз алдына дербес мемлект болып, көшпенді өмір салтымен өмір сүргенде онда негізінен рулық сана басым болды. Сол кезде қазақ қоғамының өмір салты соған беймделген болатын және ол кездегі адамдар аталас, рулас болып топтасып өмір сүрді. Бұл үрдіс Ресейге отар болғаннан кейін де өзінің жалғасын тапты. Тек жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде большевиктердің қазақтарды күштеп ұжымшар, кеңшарларға орналастыруына байланысты және тоталитарлық жүйенің интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана әлсіреп, космополиттік сана күш ала бастады.
Қазіргі кезде қоғамымызда идеология жөнінде сөз бола қалса адамдардың санасына кеңес одағы кезіндегі комунисттік идеология елестейді. Ол идеология бір жақты, таптық мақсатқа бейімделген идеология болатын. Оны кеңес одағының комунисттік партиясы орыстардың ұлы державалық, шовинисттік саясатының ықпалын дүние жүзіне тарату үшін пайдаланды. Сонымен қатар олардың мақсаты кеңес одағында тұратын басқа ұлт өкілдерін орыстандыру үшін оларды советтік өмір салтымен өмір сүруге, яғни орыс тілінде сөйлеп, орыстардың мәдениетін қабылдап, солардың салт-дәстүрімен өмір сүруге мәжбүрлеу болатын.
Жетпіс жылдың үстінде тоталитарлық биліктің жүргізген саясатының салдарынан адамдардың психологиясы өзгеріп, көп адамдар демократиялық принциппен өмір сүруге болатынына сенімсіздікпен қарады. Оның үстіне қазақ халқының санасында феодалдық-патрихалдық дәуірден қалған, шығыс халқына тән менталитет те бар болатын. Ол менталитеттің негізгі сипаты - әлеуметтік өмірдегі енжарлық, қоғамдық өмірдегі самарқаулық және жай халық билікке қарсы келмей, шенеуніктердің заңсыз әрекетіне төзімділік көрсетіп, олардың айтқанын екі етпей орындауға тиіс деген түсінік.
Қазақ халқының осындай көнбістік менталитетін пайдаланып, қазіргі шенеуніктер өз міндеттеріне жауапсыздықпен қарап, көбіне өзінен жоғары басшыларға қайткенде жағынудың қамын ойлап, халыққа ойына келгенін істеуде. Сонымен қатар қазақтар қоғамдық-экономикалық формацияның капиталисттік сатысынан өтпегендіктен олардың санасында бұрынғы рулық қауымдағы ағайыншылдық, туысқандық психология әлі сақталған. Сондықтан қоғам ішінде заңдардың орындалмауы, әділеттіктің болмауы салдарынан адамдар билікке сенімсіздікпен қарап, көбіне өз шаруаларын тез шешу үшін қайткенде шенеуніктерге пара берудің жолын қарастырады. Осыдан кейін қоғам ішінде заңсыздық пайда болып, адамдардың отанына деген патриоттық сезімі әлсіреп, әркім өзінің жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеден жоғары қоятын болады. Мұның бәрі қазақтың ұлттық санасының қалыптасуына зиянын тигізіп, ұлттық идеологиямызды жасауға кедергі келтіруде.
Халықтың басын біріктіретін ұлттық идеяны қалыптастыру үшін біз тәрбие жұмысына баса назар аударуымыз қажет. Тәрбие дегенде бұрынғы кеңес одағы кезіндегі интернационалдық идеологиядағы тәрбие емес, әр халықтың ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан өзінің ұлттық болмысына, психологиясына, менталитетіне жақын, күнделікті өмір салтында толық көрініс табатын, ұлттық тәрбие болуы керек.
2. Ұлттық құндылық. Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық санадан кейінгі маңызды орын алатын ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, өнерін, музыкасын, спортын жатқызамыз.
Егерде ұлттық мәдениетке келетін болсақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген ежелден өзінінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды. Ол мәдениет негізінен көшпенді өмір салтына бейімделген болатын. Сондықтан қазіргі қазақ мәдениетін еуразиялық ұлы дала көшпенділерінің мұрагері деуге болады.
Қазақта ата-қоныс деген ұғым бар. Яғни, ата-қоныс қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлердің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазаққа өте ыстық, әрі қасиетті болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқы аңыз-әңгімелерінде, өлең-жырларында өзінің өмір сүретін табиғат ортасының сұлулығы мен әсемдігін творчествалық шығармашылыққа арқау еткен.
Бұрын қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған. Әдебиет, былайша айтқанда көркем сөз өнері қазақ халқының өмірінде жоғары бағаланып, рухани мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі сөз болды.
Қазақта ертеректе жазу-сызу онша дамымай, адамдардың көбі сауатсыз болған кезде көпшілік арасында ауыз әдебиеті кең тараған болатын. Ауыз әдебиетінің ішінде, әсіресе фольклор, поэзия айрықша орын алды, және аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер де жоғары дамыды.
Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде өте жақсы дамыған ұлттық өнер болатын. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты. Себебі өнер халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды.
Әрине, өнердің түрі өте көп, соның ішінде күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде - ағаштан, теріден істелінген ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т.б.
Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты - сөз өнері, сәулет өнері, күй өнері, сән өнері, бейнелеу өнері сияқты өнердің басқа да түрлері өте көп.
Ертеде қазақтар өзінің ұлттық табиғи өмір салтымен өмір сүргенде осы айтылған өнер туындылары күнделікті тұрмыста қолданыста болып, дамып жетіліп отырған болатын. Бірақ та соңынан қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы Ресейдің бодандығында болып, өмір салтына өзгерістер енгеннен кейін қазақтың төл ұлттық қол өнері басқа рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, қазір көбі ұмыт бола бастады,.
Ұлттың рухани мәдениетін дамытуда музыка өнерінің алатын орны ерекше. Себебі музыка халық өмірінің әр кезеңінің тыныс-тіршілігінен хабар береді. Халық ән-күйдің әуен-сазы арқылы өзінің күнделікті өмір салтын, тарихи уақиғаларды келесі ұрпаққа осы өнер арқылы жеткізіп отырған.
Ауылдық жерде тұратын адамдар бос уақыттарын көңілді өткізу үшін талантты өнер қайраткерлерін, соының ішінде - ақын, жырау, жыршы, күйші, әнші адамдардың өнерін тамашалайтын болған. Бұл дәстүр өз кезінде халық арасынан талантты өнер қайраткерлерінің көптеп шығуына себебін тигізген. Сол кездегі күй шығаратын композиторлар әрі ақын, әрі әнші болуға тиіс еді. Себебі ол өзі шығарған әніне сөз жазып, әрі бірінші орындаушы да болды. Сондықтан ол адам күйші-композитор болуымен қатар, өзінің шығарған күйін орындайтын шебер домбырашы да болатын.
Егерде жаңадан шыққан ән-күй көпшілікке ұнап, адамдардың жүрегіне жол тапса, ол халық арасына тез тарайтын. Ол өнерді шебер орындайтын талант иелерін халық өте жоғары бағалап, үлкен құрмет көрсетіп, оларды сал-сері деп атайтын болған.
Ұлтымыздың құндылықтарының бірі, ол - спорт.
Спорт адамдардың денесімен қатар, рухын да шынықтырып, олардың дамып жетілуіне жағдай жасайды. Әр адам өмірде денсаулығы мықты болып, денесінің сымбатты болғанын қалайды. Адмадарға оған тек спортпен айналысу арқылы қол жеткізуіне болады.
Қазақ халқы бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасты. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты болатын. Атап айтар болсақ - бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. Қазақ қоғамында онан да басқа спорттың түрлері көп. Мысалы, қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, тағы басқа.
Спорт ойындарының маңызы сол, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» туралы Заң жобасын талқылау
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
Қазақ халқының қолөнері
Фольклорлық практика есебі
Ұлттық психология
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Ұлттық сананың қалыптасуы және оның дамуы
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Пәндер