Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3


1.Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде ... ... ... ... ... ... ..6


§ 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы және олардың даму тарихы ... .6


§ 2. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ... ... ... ... ..12


§ 3. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық қатынастар ... ... ...28

2.Тарау. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ... ... ... ... .39

§ 1. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

§ 2. Авторлық және сабақтас құықтарды қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

§ 3. Авторлық және сабақтас құқықты қорғау бойынша
уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Қорытынды ... ... ... ... .65
Қолданылған әдебиет
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз тәуелсіздігін алғалы қаншама заңдарды қалыптастырсада «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау» мәселесі өзекті болғандықтан осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 1-бабында осы Заң санаткерлік меншік саласындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді деп атап көрсетеді..
Авторлық құқық (ағылш. copyright) – адамның творчестволық қызметінің объективтендірілген нәтижелерін материалды емес объект ретінде қорғайтын құқықтық институт; ұлттық заңдар мен халықаралық конвенциялармен реттелетін азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады .
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
1. Барихин А.Б. Большой юридический энциклопедический словарь. М.; “Книжный мир”, 2002. 10 б.
2. Вильнянский С.И. Лекции по советскому гражданскому праву. Харьков, 1958
3. Гражданское право России. Под ред. Цибуленко З.И., М., 1996.
4. Гражданское право России. Отв. Редактор Садиков О.Н., М., 1996.
5. Гражданское право. Учебник. Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого, часгь 1, М. 1997.
6. ГрибановВ.П. Пределы осуществленияи защиты гражданскихправ. М., 1992
7. Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. Из-во МГУ, 1972
8. Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңы.
9. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Алматы: “Жеті Жарғы”, 2001.
10. Материалы Республиканского регионального семинара по проблемам авторского права и смежных прав в г. Шымкенте. Алматы: “Өнер”, 2001.
11. Материалы Республиканского регионального семинара по проблемам авторского права и смежных прав в г. Петропавловске. Алматы: “Өнер”, 2000.
12. Материалы Республиканского регионального семинара по проблемам авторского права и смежных прав в г. Актобе. Алматы: “Өнер”, 2001.
13. Н. Назарбаев. Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп оркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1997.
14. Оразалинов С. Авторды қорғау руханиятты қолдау. Алматы: “Жеті Жарғы”. 2000.
15. Сергеев А.П. Защита гражданских прав. Гражданское право. Учебник (под ред. Ю.К.Толстого, А.П. Сергеева). М., 1996.
16. Свердлык Г.А., Страунин Э.Л. "Понятие и юридическая природа самозащиты гражданских прав." Государство и право", № 5, 1998, 22-бет.
17. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: “Жеті Жарғы”, 2001.

Нормативтік құқықтық актілер
18. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі, ерекше бөлімі). – Алматы, 2002.
20. Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), комментарий. Книга 1. – Алматы: “Жеті Жарғы”., 1998.
21. Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), комментарий. Книга 1. – Алматы: “Жеті Жарғы”., 1998.
22. Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть), комментарий. – Алматы: “Жеті Жарғы”., 2000.
23. Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңы.
24. Қазақстан Республикасының 11 мамыр 2001 жылғы № 201-II “Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы” Заңы.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйекте №1249 “Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы” қаулысы.
25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 ақпан 2001 жылғы № 179 "Интеллектуалдық меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы қаулысы.
26. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 ақпан 2001 жылғы № 303 “Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлік Интеллектуалдық Меншiк Ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы” қаулысы.
27. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 наурыз 2001 жылғы № 411 “Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері” қаулысы.
28. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының “Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 23 қаңтардағы №34 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылымминистрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы
құқығы институты

"Азаматтық-құқықтық пәндер " кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы : Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

Заңтану факультетінің СП-41а
тобының студенті
Тойшыбекова З.
Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., доцент
Абдуллина З.К.

Шымкент 2005 ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1-Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

§ 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
және олардың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6

§ 2. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас
құқықтарды құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12

§ 3. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
саласындағы халықаралық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28

2-Тарау. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтарды
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..39

§ 1. Азаматтық құқықтарды қорғау
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...39

§ 2. Авторлық және сабақтас құықтарды
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 44

§ 3. Авторлық және сабақтас құқықты қорғау бойынша
уәкілетті мемлекеттік орган және оның
құзырлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..65
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз тәуелсіздігін алғалы
қаншама заңдарды қалыптастырсада Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
мәселесі өзекті болғандықтан осы тақырыпты таңдадым.

Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы” Заңының 1-бабында осы Заң санаткерлік меншік
саласындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық),
қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар
тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейді деп атап көрсетеді..

Авторлық құқық (ағылш. copyright) – адамның творчестволық қызметінің
объективтендірілген нәтижелерін материалды емес объект ретінде қорғайтын
құқықтық институт; ұлттық заңдар мен халықаралық конвенциялармен реттелетін
азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады[1].
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы” Заңының 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды
сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi
тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу алдарынан
тапқан табысты өндiрiп алу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, жалақының
жиырмадан елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi, ал ЭЕМ-ға арналған
бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны кезде
жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi сомасында өтем
төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты
өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген
өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Іс қаралғанға дейін судья туындылармен фонограммалардың
контрофактілік деп жорамалдаған даналардың жауапкердің дайындауына,
көшірмелеуіне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым
шығаруға құықылы. Судья туындылар мен фонограммалардың контрофактілік деп
жорамалданған даналарын, сонайақ тайындау мен көшірмеулеуге арналған
материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қойу туралы
ұйғарым шығаруға да құқықлы.
Сот туындының немесе фонограмманың контрафактілік даналарын, сонай-
ақ оларды көшірмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркелеу
туралы шешім шығарылуы құқылы. Туындының немесе фонограмманың
контрофактілік даналары оның талап етуі бойынша авторлық немесе сабақтас
құқықтардың иесіне берілуі мүмкін не сотың шешімі бойынша жойылуға тиіс.
Оларды көшірмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар сотың
шешімі бойынша жойылуға не мемлекет кірісіне берілуге тиіс.
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес авторлық құқықтарды қорғау құқығы
бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттермен жүзеге
асырылуы мүмкін (өзін-өзі қорғау).
Бұдан басқа, құқығы бұзылған адам, егер заңда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Сонымен қатар осы бап құқығы бұзылған азаматтың өкімет билігі немесе
басқару органына, бұзылған құқықты қоғау үшін, өтініш жасау мүмкіндігін
растай отырып, мұндай өтініштің құқық қорғау туралы талап қойып сотқа
жолдануға кедергі жасамайтындығын белгілейді. Біз осы жұмысымызда бүгінгі
таңдағы авторлық құқықты қорғау саласындағы туындап отырған түйінді
мәселелерді, оларды шешу жолдарын қарастыруды көздеп отырмыз. Туынды
авторының құқықтарын қорғау кез-келген өркениетті мемлекетте алдыңғы
қатарлы орынды алатындығы көпшілікке мәлім деп ойлаймыз. Дегенімен де
авторлық құқықтң әлі күнге дейін толығымен зерттеліп бітпеген мәселелері
жетерлік деп айтуға болады. Бұл саладағы мемлекетіміздің заңнамасы да толық
қалыптастырылды деп те айтуға болмайды. Себебі мемлекетіміз санаткерлік
құқық, соның ішінде авторлық құқық саласындағы қатынастарды реттейтін
кейбір халықаралық құжаттарды әлі күнге дейін бекітпеген.

1-Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық
құқық жүйесінде.
§ 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы және
оның даму тарихы
Шығармашылық бар жерде, туындыгерлердің иелігіндегі меншікті дүниесі
бар жерде оны сақтау мақсатында қандайда бір жұмыстардың жасалғаны ақиқат
нәрсе. Мысалы, ежелгі Греция мен Римде автордың, жеке мүліктік құқығы, оған
алатын сыйақысы ескеріліп отырған. Біреудін шығармасын ұрлап, иемденген
адамды — арсыз деп танып, жұрт алдында дүре соққан. Римде авторлар
шығармаларымен атағын ғана шығарып қоймай, табыс та тауып отырғанын
зерттеушілер дәлелдейді.
Авторлық және сабақтас құқық қазақтың жыраулық поэзиясы қалыптасқан
кезде де өмір сүріп келді десек қателеспейміз.
Халықаралық деңгейде авторлық құқық және сабақтас туралы идея Еуропада
кітап басу ісімен байланысты XV ғасырда пайда болды. Бұрьн баспа ісі жоқ
кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек
кездесетін. Кейіннен кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару
күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Творчестволық еңбек саудаға
айналды. Жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің
жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы
бәсекелестік алғашкы әдебиет карақшыларын тудырды. Баспа өнімдерінің
экономикалық пайдасымен қоса, саяси және әлеуметтік күш-қуатын тани білген
билік иелері XV ғасырдың аяқ шенінде өздеріне ыңғайлы жеке баспагерлерге
ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің
жарлығы арқылы тежеп, реттеп, басқарып отырды.
Авторлық және сабақтас құқық саласында Еуропадағы алғашқы Заң XVII
ғасырда Англияда дүниеге келді. Ағылшынның баспагерлері мен кітап
саудагерлері компаниясының автор құқын қорғауға байланысты талаптарына
сәйкес әзірленген заң жобасы 1709 жылы талкыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде
Королева Аннаның статуты деген атпен күшіне енді. Бұл Заң тек
баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық
туралы заң Англияда 1735 жылы қабылданды.
Әдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен ол 1777
жылы XVI Людовиктің алты пәрменімен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз
шығармасын басып шығаруына және сатуына деген құқы заңдастырылды. Ал 1791
және 1793 жылғы декреттерде автор ез шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет
басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған.
Германияның әртүрлі аймақтарында автордың құқын мойындайтын құжаттар
1686 жылдан бастап қабылданғанымен Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы
жарық көрді. Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін
күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқы өмір бойы сақталды.
1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап
шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті. Россияда авторлық құқық
туралы тұңғыш Заң 1828 жылы қабылданды.
Ал бүгінгі заманда авторлық құқықты қорғауда өз жүйесін жасаған
Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған
болатын. Содан бері талай өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған ол заңның
бүгінгі күш-қуаты орасан. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі
қазір әлемнің өркениетті елдерінің барлығына өз ықпалын тигізіп отыр.
Себебі жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін
санаткерлік меншікке иелік жасап, өз елінің рухани қазынасын, ғалым мен
жазушының, суретші мен кино шеберлерінің, т.б. азаматтарының көкірегін
жарып шыққан көркем дүниесін, ғылыми жаңалықтарын, өнер табыстарын қорғау
арқылы ел байлығын еселей түсетінін олар жақсы біледі. Сондықтан бұл істі
дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аяп қалмайды.
Шынайы көркем туынды, әдеби шығарма, музыка, сурет пен сәулет,
талантты әнші, сахна шеберлерінің өнері ешқашанда томаға тұйық қалпында,
бір халықтың ғана құшағында қала алмайды. Ел мен елдің байланысы дамыған
сайын, олардың өнері де бір-біріне ауысып, рухани қазынасын байытады.
Халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны
тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни
осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың
қажеттігін тудырды. Міне, сондай тұңғыш Заң 1886 жылы қабылданған, әдеби
туындылар мен керкем шығармаларды қорғайтын Берн конвенциясы болатын. Қазір
бұл заңды 140-қа жуық мемлекет мойындап отыр. Әлемнің 175 елін біріктіріп,
үкіметтерімен жұмыс жүргізетін және санаткерлік меншікке байланысты
жүздеген қоғамдық ұйымдардың мүддесін қоса қорғайтын Дүниежүзілік
Санаткерлік Меншік ¥йымының (WІРО-ВОИС) құрылуына да осы заң түрткі
болғанын айту қажет.
Авторлық құқықтар жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс
берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде
1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар
жүйесі 1917 жылғы 29 желтоксанда қабылданған Мемлекеттік баспа туралы
декреттен бастау алады. Қазіргі мемлекеттік кешенді заң жүйесіндегідей
емес, ол кездегі заң ережелері әлемдік, сондай-ақ аймақтық дәрежедегі
көкейтесті мәселелерді шешуге, авторлық құқық саласының көптеген
проблемаларын реттеуге дәрменсіз еді.
Қазақстандағы авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың мемлекеттік
негізі 1973 жылы Букілодақтық Авторлық құқық женіндегі Агенттіктін (ВААП)
Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталады. Шағын ғана
топтан тұратын бұл бөлімше авторлардың қаламақысын реттеумен шұғылданып,
Мәскеуден келетін нұсқауларды орындаудан аса алған жоқ. Өз тарапынан
авторлық құқықты реттейтін бірде-бір құжат әзірлеген емес. Оған
мүмкіндіктері де жоқ еді. Дегенмен де бұл мекеменін өмірге келуі — әдебиет
пен өнер өкілдерінін, творчестволық еңбегінің ақысын қорғау мүмкіндігін
тудырды. Баспа мен газет, журналдарда, радио мен телевидениеде, театр
сахнасы мен эстрадада жарық көрген туындылары үшін автор мен сабақтас құқық
иелері — актерлер, әншілер, цирк ойыншылары, т.б. өз енерінің жемісін
үкімет белгілеген мөлшер бойынша алатын дәрежеге жетті. Бөлімшеде Қазакстан
авторлары мен орындаушылардың, олардың шығармаларының аса мол деректері
жинақталды[2].
Авторлық құқықты және сабақтас қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның
тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің
қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар жөніндегі Мемлекеттік Агенттігі құрылды. Облыс орталықтарында
өкілдері бар, орталық аппараты әлденеше есе көбейген бұл мекеменің мойнына
жүктелген міндеттер зор болса да, бес жыл бойына мардымды іс тындырған жоқ.
Авторлық құқық саласындағы мемлекеттік саясатты кең ауқымда жүргізудің
орнына ескі сүрлеуден шыға алмай, бұрынғыша қаламақы жинаумен ғана
шектелді. Тәуелсіз мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа кіруімен
байланысты санаткерлік меншікті корғаудың алуан түрлі мәселелері ескерусіз
қалды. 1996 жылғы маусым айында қабылданған Авторлық құқық және сабақтас
құқық туралы заңның жобасын әзірлеуден басқа кырықтан аса адамы бар бұл
мекеме өз қолдарынан келетін, авторларды қорғайтын аса зәру нұсқаулықтар
шығаруға да көңіл бөлген жоқ. Республикамыздағы авторлық және сабақтас
құқықтың мән-жайын талдайтын, тіпті, істелген жұмыстары мен алдағы
атқаратын кызметтерін анықтайтын құжаттар да бірде бір рет әзірленбеді.
Бұған, Агенттіктің бір жыл ішінде екі министрліктің, Экономика министрлігі
мен Энергетика, өнеркәсіп және сауда министрлігінің құзырында көшіп-қонып
жүруі де зиянын тигізді. Бір-бірімен мақсат-мұраттары түйіспейтін
министрліктердің Агенттікке басшылық ықпалы да, пайдасы да тие қойған жоқ.
Келесі оңтайластыруда, яғни 1999 жылдың басында, Агенттік, Әділет
министрлігінің құрамына беріліп, енді Авторлық құқық жөніндегі комитет
деп аталды.
Мемлекет құрылымдарын реформалаудын басты мақсаты — басқару жүйесін
жетілдіріп, басы артық, қосалқы құрылымдарды қысқартып экономикалық жағынан
тиімді болуын көздеу әркімге белгілі жай.
Экономика министрлігіне қосар кезде реформаторлар Агенттіктен түсетін
азын-аулақ пайданы есептеп, ең дұрыс жол осы деп дәлелдесе, жарты жылдан
соң (1997 ж.) оның саудаға қатынасын ескеріп, Энергетика, өнеркәсіп және
сауда министрлігінің құрамына берлді. Содан бір жыл өтпей Авторлық құқық
деген сөзді негізге алып Агенттік Әділет министрлігінің құрамына енгізілді.
Қазір Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымына (ВОИС) мүше болып
отырған 175 мемлекеттің 98 пайызында бұндай мекемелер Президентке, немесе
парламентке, жиі үкіметке тікелей бағынып, осы саладағы мемлекеттік
саясатты жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та авторлық құқық мекемесі Конгреске
бағынса, Қытайда екі жыл бұрын Мемлекеттік комитет болып қайта құрылды.
Ал Россия мен Белоруссияны қоспағанда бұрынғы КСРО-ның құрамында
болған елдердің бәрінде де Үкіметке тікелей башнатын Авторлық құқық,
жөніндегі Мемлекеттік Агенттіктер жұмыс істеп келеді. Россия өткен жылы
өздері бір кезде жойып жіберген авторлық құқыққа қатысты мемлекеттік
органды коғамдык ұйымдардың талап етуімен Үкіметке қарайтын Роспатенттің
құрамында қайтадан ашуға мәжбүр болды. Әрине бұл жартыкеш шара болғанымен,
оның келешекте кеңейетіні сөзсіз. Белоруссияда ғана Авторлық құқық
жөніндегі Комитет Әділет министрлігінің құрамына кірген.
1999 жылы Қазақстанда авторлық және сабақтас құқықты қорғауды
жетілдіріп, дамытудың таяу жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекіп,
кең ауқымды бағдарлама жасалды. 1999 жылы маусым айында Үкімет қаулысымен
бекіген Комитеттің Ережесіне сай бұл Бағдарламада Қазақстандағы авторлық
құқыққа қатысты заңдарды жетілдіру, халықаралық қатынастарды күшейту, жеке
авторлардың құқығын қорғау, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын
ұйымдардың кызметін бақылау, республикамызға ендеп кіре бастаған дыбыс-
бейнетаспаларды заңсыз сататын қарақшылық топтармен күресті өрістету,
құқық қорғау, заң орындарымен қарым-қатынасты күшейтіп, бірлесе қимыл
жасау, т.б. мәселелер қамтылып, оны жүзеге асыру үшін көлемді қаражат
бөлгізуге қол жетті. Бұл санаткерлік меншікті қорғауға байланысты
үкіметіміздің аса игі қадамы болды. Соның нәтижесінде 2000 жылы
республиканың барлық аймақтарындағы әділет, прокуратура, құқық қорғау, заң,
кеден, салық мекемелерінің жауапты қызметкерлерінін, басын қосқан семинар-
кеңестер өтті. Облыстардағы, ірі қалалардағы авторлық құқықтың қорғалуын
тексерген шаралар жүзеге асты.
Әрбір өркениетті ел өз халкының ғасырлар бойы жасаған әдебиет, өнер
және ғылыми мұрасын, өз азаматтарының творчестволық еңбегін қолдап қана
қоймайды, оны сұқ кез, сумаң қолдардан қорғап та отыруы керек. Халықтың
абырой-атағын оның әдебиеті мен өнері, ғылымы дүниеге жаятын болса,
мемлекеттің әлемдік қауымдастык алдындағы бет-бейнесі, беделі халқының
рухани қазынасын қалай қорғауына да байланысты. Бұл мәселе мемлекеттің тек
ішкі шаруасы десек қателескеніміз. Көркем өнердің шекараны мойындамайтыны
сияқты, оны қорғаудың шаралары да бір елдің ауқымына сыймайды. Сондықтан
біздін жас мемлекетіміз бұл істе тоқырап қалмай, әлемдік қауымдастықтағы
озық үлгілерге ден қойып, дамыса, ешкімнен кем болмаймыз.

§ 2. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас
құқықты құқықтық реттеу

Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогресстің жедел дамуы салдарынан
санаткерлік құқық саласында көптеген заң бұзушылықтар орын алып отыруда.
Жай ғана қарапайым мысал ретінде, қазіргі кездегі нарығымзды қаптап отырған
арзан қарақшылық дыбыс және бейне-дыбыс өнімдерін келтіруге болады.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы” Заңы авторлық құқыққа мынандай сипаттама берген:
авторлық құқық - автордың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi
мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол
сияқты);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық
және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк,
оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне
- немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты)
түрiндегi жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да
қолданылады.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi
мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындылары және дербес қолдануға болатын туынды
бөлiгi (оның атауымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң,
әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне
қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi
меншiктену құқығымен байланысты емес.
Материалдық объектiнi меншiктену құқығының немесе материалдық
объектiнi иелену құқығының өзгеге берiлуi, сол объектiде көрсетiлген
туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздiгiнен әкеп соға
алмайды.
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы” Заңы авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар
анықтаған.
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары (кино-, теле- және бейнефильмдер,
диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар);
7) мүсiндеме, кескiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да
туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен
жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға,
топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен
объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда
жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар,
рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және
басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе
өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына
қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Сабақтас құқықтардың объектілеріне мыналар да жатады:
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға,
эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың
мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына
қарамастан қолданылады.
Сондай-ақ аталмыш заңда авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар
тізімі де келтірілген. Олар:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот
сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ
олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер,
ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
“Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңға сәйкес авторлық
құқық:
1) авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерiнiң азаматтығына
қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не
жарияланбаған, бiрақ қандай болсын объективтi нысандағы туындыларға;
2) жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс
жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады
және Қазақстан Республикасының азаматтары авторлар және олардың құқық
мұрагерлерi деп танылады;
3) жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа
мемлекеттердiң азаматтары авторлар (олардың құқық мұрагерлерi) деп
танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған
күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында
жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес
қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз
болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша
анықталады.
Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогресстің жедел дамуы салдарынан
санаткерлік құқық саласында көптеген заң бұзушылықтар орын алып отыруда.
Жай ғана қарапайым мысал ретінде, қазіргі кездегі нарығымзды қаптап отырған
арзан қарақшылық дыбыс және бейне-дыбыс өнімдерін келтіруге болады.
Ғылым, әдебиет және өнер шығармасына авторлық құқық оның жасалу
дерегiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы
үшiн туындыны тiркеу, өзге де арнайы рәсiмдеу немесе әлдебiр шарттылықтың
орындалуы талап етiлмейдi.
Айрықша авторлық құқықтардың иесi өзiнiң құқықтарын хабарлау үшiн
авторлық құқық қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр
данасына қойылады және мынадай үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша "C" әрiп: с;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Туындыға авторлық құқықтың немесе қандай да бiр айрықша құқықтың иесi
жарияланған немесе жарияланбаған туындыға авторлығын, туындының жариялану
фактiсi мен мерзiмiн немесе автордың туындыға құқығына қатысты жасалған
шарттарды куәландыру үшiн авторлық құқығы қорғалатын мерзiм iшiнде кез-
келген уақытта оны ресми тiзiмдемелерге тiркей алады.
Тiркеудi белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес уәкiлдiк
берiлген орган жүзеге асырады.
Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе
данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.
Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың
бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда),
туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған
кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде
автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы
бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және
өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.
Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын
жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол
бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк
берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны
өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi.
Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен
шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының
бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие
бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан
пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады. Ал
егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы
туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға
құқылы.
Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең
авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы
белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние
болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi
негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына)
шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды
iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық
құқық берiледi.
Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды
авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.
Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген
туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана
беруге құқылы.
Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды
басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе)
орналастыруына кедергi жасамайды.
Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы
жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және
басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай
басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай
басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге
немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға
қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына
өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден
немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта
жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды
авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық
құқықты пайдаланады.
Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық
құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi
болмайды.
Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
1) сценарий авторы;
2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының
(мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер);
3) қоюшы-режиссер;
4) қоюшы-оператор;
5) қоюшы суретшi болып табылады.
Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының
құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу
туындысының тең авторы болып саналады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық
беруге авторлық шарттың жасалуы, осы туынды авторларының (немесе бұрын
жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң)
дыбыс-бейнежазу туындысын дайындаушыға, егер авторлық шартта өзгеше
көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне
әкеп соғады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын дайындаушы бұл туынды кез келген жағдайда
пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн
талап етуге құқылы.
Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының
(мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу
туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның
көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының жалға
берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар
(сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс
процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар
авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады.
“Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңның 14-бабына сәйкес
қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын
орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке
құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi.
Егер жұмыс берушi мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше
көзделмесе, қызметтiк туындыны пайдалануға мүлiктiк құқықты жұмыс берушi
иелендi.
Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз
атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
Туынды табыс етiлген кезден бастап он жыл өткеннен кейiн, ал жұмыс
берушi келiскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушiмен жасасқан шартқа
қарамастан, оның туындыны пайдалануға және авторлық сыйақыны алуға толық
көлемде авторлық құқығы болады.
Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк
тапсырмаларын орындау тәртiбiмен энциклопедияларды, энциклопедиялық
сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң мерзiмдi және жалғастырыла беретiн
жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды
жасауға бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары
болады:
1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде,
егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез
келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы
тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың
шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап
ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу
құқығы);
3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез-
келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ
автордың ар-ожданына яки беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген
қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).
Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның
iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны
жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу
құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны керi қайтарып
алатыны туралы жария түрде хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте ол туындының
бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.
Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке
құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша
құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.
Туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң сол туындыны
кез-келген нысанда және кез-келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша)
құқығы бар.
Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi
жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын
бiлдiредi:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез-келген әдiспен тарату;
сату, жалға өткiзу, көпшiлiкке уақытша пайдалануға беру және басқалар
(тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе
авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын
импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап
хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария
хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi
хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе)
кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель
арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта
өңдеу (өңдеу құқығы) құқықтарын бiлдiредi.
Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы
азаматты айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келiсiмiнсiз және
сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi.
Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке
жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:
1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
4) деректер базасының;
5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне
берiледi.
Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша
құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.
Туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн авторлық сыйақының мөлшерi мен
есептелу тәртiбi авторлық шартта, сондай-ақ пайдаланушылар мен авторлардың
мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар жасайтын шарттарда
белгiленедi.
Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туындының меншiк иесiнен өз
туындысының көшiрмесiн жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруiн талап
етуге құқылы (қол жеткiзу құқығы). Бұл орайда туындыны меншiк иесiнен
туындыны авторға жеткiзiп берудi талап етуге болмайды.
Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу
өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы)
қайталап сатқан әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену
құқығынан бiрiншi рет айырылғаннан кейiн автордың немесе оның
мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының бес процентi мөлшерiнде
сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы). Авторды тiрi кезiнде аталған
құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi
бойынша авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi.
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы” Заңының 18-бабы – туындыны жеке мақсатта автордың келiсiмiнсiз
және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу жағдайларын көздеген. Мәселен заңды
түрде жарияланған туындыны автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы
төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне
жол берiледi. Бұл ереже:
1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түрiндегi сәулет өнерi
туындыларын көшiрмелеуге;
2) деректер базаларын немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге;
3) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге;
4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға
қолданылмайды.
Сонымен қатар бұл заңда туындыны автордың келiсiмiнсiз және авторлық
сыйақы төлемей пайдалану мүмкіндіктері де қарастырылған. Атап айтсақ,
автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы
пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде
көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма
түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта,
баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған
үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз
алу;
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған
үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда,
дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер
бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды
немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық
назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге
немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп
басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi,
баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай
көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу,
эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай
туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы
оқиғаларды суретке түсiру құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық
назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа
сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар.
Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы
сақталады;
6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе
зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу
үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу.
Автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей, бiрақ туындысы
пайдаланылатын автордың есiмi мен қай деректен алынғаны мiндеттi түрде
көрсетiле отырып, туындының жалғыз данасын:
1) заңды түрде жарияланған туындыны кiтапханаларда және архивтерде
қалпына келтiру, жоғалып кеткен немесе бүлiнген даналарды ауыстыру, өз
қорындағы туындыны белгiлi бiр себептермен жоғалтып алған басқа
кiтапханаларға туындының даналарын беру үшiн;
2) кiтапханалар мен архивтердiң жинақтарда, газеттерде және басқа
мерзiмдi басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын
көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша
үзiндiлердi (суретпен немесе суретсiз) жеке тұлғалардың оқып-үйрену және
зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша;
3) жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзiмдi басылымдарда заңды
түрде жарияланған жекелеген мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды
түрде жарияланған жазбаша туындылардың қысқаша үзiндiлерiн (суретпен немесе
суретсiз) бiлiм беру мекемелерi дәрiсханалардағы сабаққа пайдалану үшiн,
пайда алмай репродукциялауына жол берiледi.
Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн
пайдалануға жол берілуі мүмкін. Нақтылап айтсақ – туындыны бейнелеу осындай
көшiрмелеудiң, эфирге таратудың немесе жалпы жұрттың назарына кабель
бойынша хабарлаудың негiзгi объектiсi болатын немесе туындыны бейнелеу
коммерциялық мақсат үшiн пайдаланылатын реттердi қоспағанда, еркiн кiрiп
көруге ашық орындарға тұрақты қойылған сәулет, суретке түсiру, бейнелеу
өнерi туындыларын автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей
көшiрмелеуге, эфирге таратуға немесе жалпы жұрт назарына кабель бойынша
хабарлауға жол берiледi.
Заңды түрде жарияланған музыкалық туындыларды ресми және дiни
рәсiмдер, сондай-ақ өлiктi жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында сол рәсiмдердiң
сипатына сәйкес келетiн көлемде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге
де иесiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол
берiледi.
Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай мақсатқа
белгiленген көлемде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де иесiнiң
келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеуге жол берiледi.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының данасын заңды
түрде иеленетiн адам автордың немесе өзге айрықша құқықтар иесiнiң рұқсатын
алмай және қосымша сыйақы төлемей туындыны пайдалануға:
1) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына оны
пайдаланушының техникалық құралдарында жұмыс iстеу мақсатында ғана жүзеге
асырылатын өзгерiстердi енгiзуге, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе
деректер базасының жұмыс iстеуiне байланысты оның мақсатына сәйкес кез-
келген iс-әрекеттi, соның iшiнде ЭЕМ-нiң (бiр ЭЕМ немесе жүйенi бiр
пайдаланушы) зердесiне жазу мен сақтауды, сондай-ақ автормен жасалған
шартта өзгеше көзделмесе, көрiнеу қателердi түзетудi жүзеге асыруға;
2) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының көшiрмесiн
тек қана архивтiк мақсатқа және ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе
деректер базасының түпнұсқасы жоғалып, жойылып кеткен немесе пайдалануға
жарамай қалған жағдайларда заңды түрде алынған дананы ауыстыру үшiн ғана
жасауға құқылы. Бұл орайда ЭЕМ-ге арналған бағдарлама мен деректер
базасының көшiрмесiн осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетiлгеннен басқа
мақсаттарға пайдалануға болмайды және ЭЕМ-ге арналған бағдарлама мен
деректер базасының данасын иелену заңды деп тану тоқтатылған жағдайда ол
жойылуға тиiс.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама данасын заңды түрде иеленетiн адам
автордың немесе өзге де айрықша құқықтар иесiнiң келiсiмiнсiз және қосымша
сыйақы төлемей объект кодын көшiруге және бастапқы мәтiнде өзгертуге (ЭЕМ-
ге арналған бағдарламаны керi жазып шығуға) немесе, егер олар осы адамның
ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше жасаған бағдарламасының керi жазылып шыққан
бағдарламамен өзара iс-әрекет жасай алатын өзге бағдарламалармен өзара iс-
әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажет болса, мынадай шарттарды сақтаған
жағдайда ол бұл iс-әрекеттi жүзеге асыруды өзге адамдарға тапсыруға құқылы:
1) өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажеттi, бұл адам бұрын
басқа деректерден ала алмаған ақпарат;
2) аталған әрекеттер ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның керi жазылып
шыққан, өзара iс-әрекет қабiлетiне жету үшiн қажеттi бөлiктерi жөнiнде ғана
жүзеге асырылады;
3) керi жазып шығу нәтижесiнде алынған ақпаратты ЭЕМ-ге арнап өз
бетiнше жасалған бағдарламаның өзге бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау
қабiлетiне қол жеткiзу үшiн ғана пайдалануға болады, ЭЕМ-ге арнап өз
бетiнше жасалған бағдарламаның басқа бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау
қабiлетiне қол жеткiзу үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оны өзге
адамдарға беруге болмайды, сондай-ақ оны өзiнiң түрi жағынан ЭЕМ-ге арнап
керi жазылып шыққан бағдарламаға едәуiр ұқсайтын ЭЕМ-ге арналған
бағдарламаны әзiрлеу үшiн немесе авторлық құқықты бұзатын басқа да кез-
келген әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдалануға болмайды.
Бұл ережелерді қолдану ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер
базасын қалыпты пайдалануға орынсыз залал келтiрмеуге тиiс және автордың
немесе ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына айрықша
құқықтың өзге де иесiнiң заңды мүдделерiне негiзсiз қысым жасамауға тиiс.
Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де
иесiнiң келiсiмiнсiз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйымның эфирге
таратуға құқы алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшiн жазбасын мынадай
жағдайларда:
1) жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегiмен және
өз хабарлары үшiн дайындаған;
2) егер жазылған туынды авторымен неғұрлым ұзақ мерзiмге келiсiлмесе,
мұндай жазбаны ол әзiрленгеннен кейiнгi алты ай iшiнде жойылған жағдайларда
жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәнi ерекше болса, мұндай жазба
туынды авторының келiсiмiнсiз-ақ ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн.
Туынды авторының, орындаушының және фонограмма жасаушының
келiсiмiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе
туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта көшiрмелеуге жол берiледi. Мұндай
көшiрмелеу үшiн сыйақыны осындай көшiрмелеу үшiн пайдаланылатын жабдықтарды
(дыбыс және бейнемагнитофондарды, өзге де жабдықтарды) және материалдық
жеткiзгiштердi (дыбыс және (немесе) бейнетаспалармен касеттер, шағын
дискiлер, өзге де материалдық жеткiзгiштер) дайындаушылар немесе
импорттаушылар төлейдi.
Бұл сыйақыны жинау мен бөлудi авторлардың, фонограмма жасаушылардың
және орындаушылардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын
ұйымдардың бiреуi осы ұйымдар арасындағы келiсiмге сәйкес жүзеге асырады.
Егер бұл келiсiмде өзгеше көзделмесе, аталған сыйақы мынадай шамада
бөлiнедi: авторларға - қырық процент, орындаушыларға - отыз процент,
фонограмма жасаушыларға - отыз процент.
Сыйақының мөлшерi және оны төлеудiң шарттары, бiр жағынан аталған
дайындаушылар мен импорттаушылардың және екiншi жағынан авторлардың,
фонограмма жазушылардың және орындаушылардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық
негiзде басқаратын ұйымдар арасындағы келiсiмде белгiленедi, ал тараптар
мұндай келiсiмге келе алмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының уәкiлдiк
берiлген органы белгiлейдi.
Шетке шығарылған жағдайда республиканың ұлттық мүдделерiне зиян
келтiрiлетiн, тiзбесi белгiленген тәртiп бойынша анықталатын туындыларды
қоспағанда, туындының данасын автордың немесе өзге де құқық иесiнiң
келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей тек қана жеке адамның өз мақсаттары үшiн
шет елге шығаруына жол берiледi.

§ 3. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы
халықаралық қатынастар
Халықаралық байланыстың дамуы авторлық және сабақтас құқық субъектісін
анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты
реттеудің, яғни осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды
қабылдаудың қажеттігін тудырды. Міне, сондай тұңғыш Заң 1886 жылы
қабылданған, әдеби туындылар мен керкем шығармаларды қорғайтын Берн
конвенциясы болатын. Қазір бұл заңды 140-қа жуық мемлекет мойындап отыр.
Әлемнің 175 елін біріктіріп, үкіметтерімен жұмыс жүргізетін және
санаткерлік меншікке байланысты жүздеген қоғамдық ұйымдардың мүддесін қоса
қорғайтын Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік ¥йымының (WІРО-ВОИС) құрылуына да
осы заң түрткі болғанын айту қажет. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың
өзінде-ақ біздің еліміз әлемдегі ең беделді халықаралық ұйымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
Авторлық құқық туралы ақпарат
Авторлық құқық жайлы
Авторлық шарттың жалпы ережелері. Авторлық қадағалауды жүргізу тәртібі және жетілдіру жолдары
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық. Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Сабақтас құқықтар
Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
Пәндер