Кәсіпорынның ассортименттік саясаты



Кіріспе ... ... .
1. Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік
1.1 Ассортименттік саясаттың мәні және міндеттері.
1.2 Отандық нарықта өнімдер ассортиментін қалыптастыру бағыттары
1.3 Ассортименттік стратегияның бағыттары және принциптері.
1.4 Өнім ассортиментін анықтайтын негізгі факторлар.

2. Берік.Қара ЖШС.нің ассортименттік саясатын талдау.. ... ... ... ... ..
2.1 Кәсіпорынның даму тарихы.
2.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы.
2.3 «Берік.Қара» ЖШС техника.экономикалық көрсеткіштері.
2.4 Өткізілген қызметтің көлемін талдау..
2.5 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін талдау.
2.6 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін факторлық талдау..
2.7 Көрсетілетін қызметтің ырғақтылығы мен маусымдылығын талдау.
2.8 Жүргізілетін ассортименттік саясаттың кәсіпорынның қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау..
2.9 Өткізілген қызметтің көлемін экономика.математикалық талдау ... ... ... ... ...
3. Ұсынылатын шаралардың экономикалық тиімділігі
3.1 «Үйлерге барып жұмсақ мебелді химиялық тазалау» шарасы
3.2 «Мамық.қауырсынды бұйымдарды тазалау» шарасы
Қорытынды.
Әдебиет
Ассортименттік саясаттың негізгі мәселелерінің бірі – нарықтағы фирманың тиімді қызметін қамтамасыз ететін тауар топтарының жиынтығын анықтау. Әртүрлі кәсіпорынның өнім ассортименті нарықтағы өнім ассортименті құрамының бір бөлігі ретінде көрінеді. Оның өзгерісі сұраныстың өзгеруіне немесе бәсекелестердің нарықта тұрақтана алмауына байланысты. Әлеуметтік-экономикалық әлуеті нығайған кәсіпорын, нарықта қалыптасқан жоғарғы немесе төменгі деңгейлерге қосымша ену мақсатымен өз ассортиментін біртіндеп көбейте беруі мүмкін. Нарықтың жоғарғы сатысындағы кәсіпорынның өз ассортиментін арттыра отырып, төменгі сатыға енуі – бәсекелестерінің әрекетін тыю немесе жедел ұлғайып келе жатқан нарық сегменттерінен орын алу мақсатын көздегендігінің дәлелі. Сондай-ақ төменгі сатыдағы фирманың жоғары сатыға енуге қызығуы – ондағы өсудің жоғары қарқындылығы немесе көтеріңкі пайда түсіруге ұмтылушылық болуы мүмкін. Мұны, басқаша айтқанда, фирма өзін жеткілікті ассортиментте тауар өндіруші ретінде позициялауға көшкісі келеді деген сөз. Бірақ тым жоғарыға ұмтылудың да өзіндік қаупі бар. Өйткені нарықтың жоғары сатысындағы бәсекелестер өз позицияларында мықтап орнығып алған. Өнім ассортиментін кеңейту ісі, бір жағынан, күнделікті өндіріліп жүрген ассортименттік шеңберден шығудың нәтижесі болса, екінші жағынан, сол шеңбердің ішінде жаңа өнімді қосу есебінен жүргізілетін болады. Өнім ассортиментін кеңейтумен қатар, оны толықтыру да қажет.
Кәсіпорын маркетингтік стратегия шеңберінде белсенді тауар саясатын жүргізе отырып, өндіріс технологиясы мен өндірілетін тауар ассортименттерін нарық сұранысына, коньюктураның өзгеруіне сәйкес жаңартудан қол үзбегені дұрыс. Өйткені өндірістің тұтыну қарқыны мен талаптарға деген сезімталдық дәрежесі және оның тауарлық икемділігі бірден-бір стратегиялық бағыт болып табылуы мүмкін.
Ассортиментті қалыптастыру – бұл тауарлардың сорттарын, түрлерін халықтың сұранысына сәйкес оны толығымен қанағаттандыру мақсатында топтастыру процесі. Ассортименттік саясатты таңдау процесінің проблемаларын жақсы түсіну үшін кәсіпорынның ассортиментінің қалыптасуын анықтайтын негізгі факторларға тоқталу қажет.
1. Аврамова Е., Гурков И. “ Адаптация промышленных предприятий к рыночным условиям”.//Вопросы экономики-М.:11-1998.
2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности /Под ред. В.И. Стражева.- Минск: Высшая школа, 1999.
3. Архипов В., Ветошкова Ю. “ Стратегия выживания промышленных предприятий”.//Вопросы экономики.-М.: 12-1998.
4. Ашимбаев Т.А. “ Экономика Казахстана на пути к рынку”.А.:-1996.
5. Баканов М. И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник.- 4-е изд., перераб.и доп.-М.: Финансы и статистика, 1997.
6. Калдыбаев О, Темирбаев А, Экономика предприятия (фирмы).
7. Калдыбаев О., Темирбаев А.,”Экономика предприятия”.А.:-1997.
8. Коволев В.В. Финансовый анализ: управление капиталом, выбор инвестиции, анализ отчетности. –М.: Финансы и статистика, 1996.
9. Кравченко Л.И. Анализ финансового состояния предприятия.- Минск :ПКФ “Экаунт”, 1996.
10. Круглов М.И. Стратегическое управление компании: Учебник для вузов.-М.:Русская Деловая Литература,1998.
11. Любенецкий Л.Г. Анализ затрат на производство и эксплуатацию изделий М.: Финансы и статистика, 1995
12. Нусупов А. Без консервантов: Промышленность Казахстана- Деловая неделя.2001-16 февраль- С8.
13. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности промышленного предприятия.- Минск : ИСЗ, 1996.
14. Савицкая Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности .- Минск : ИСЗ, 1996.
15. Серпилин А. Основные подходы к разработке и внедрение стратегии развития предприятия// Проблемы теории и практики управления.-200-6-С8.
16. 16.Соколов В.П. Развитие пищевой и перерабатывающей промышленности// Пищевая промышленность –2003-3 C34.
17. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа предприятия М.: Инфра –М,1996.
18. Экономика предприятия: Учебник для вузов- Л. Я. Аврашков,
19. В.В. Адамчук, О.В. Антонова и др.; Под ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. В.А. Швандара.-2-е изд., перераб. и доп.- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998.
20. Экономика предприятия: Учебник для вузов/ Под ред. проф.
21. В.П. Грузинова.- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998.
22. Экономика предприятия: Учебник для вузов/ Под ред.
23. В.Я. Горфинкель, В.А.Швандара. 2-е изд.- М.:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Ассортименттік саясаттың мәні және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
1.2 Отандық нарықта өнімдер ассортиментін қалыптастыру
бағыттары ... ... ... ...
1.3 Ассортименттік стратегияның бағыттары және
принциптері ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Өнім ассортиментін анықтайтын негізгі
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

2. Берік-Қара ЖШС-нің ассортименттік саясатын талдау.. ... ... ... ... ..
2.1 Кәсіпорынның даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Берік-Қара ЖШС техника-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ...
2.4 Өткізілген қызметтің көлемін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ...

2.6 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін факторлық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...
2.7 Көрсетілетін қызметтің ырғақтылығы мен маусымдылығын
талдау ... ... ... ..
2.8 Жүргізілетін ассортименттік саясаттың кәсіпорынның қаржы нәтижесіне
тигізетін әсерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.9 Өткізілген қызметтің көлемін экономика-математикалық
талдау ... ... ... ... ...

3. Ұсынылатын шаралардың экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ...

3.1 Үйлерге барып жұмсақ мебелді химиялық тазалау шарасы ... ... ... ... ...
3.2 Мамық-қауырсынды бұйымдарды тазалау шарасы ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Ассортименттік саясаттың негізгі мәселелерінің бірі – нарықтағы
фирманың тиімді қызметін қамтамасыз ететін тауар топтарының жиынтығын
анықтау. Әртүрлі кәсіпорынның өнім ассортименті нарықтағы өнім ассортименті
құрамының бір бөлігі ретінде көрінеді. Оның өзгерісі сұраныстың өзгеруіне
немесе бәсекелестердің нарықта тұрақтана алмауына байланысты. Әлеуметтік-
экономикалық әлуеті нығайған кәсіпорын, нарықта қалыптасқан жоғарғы немесе
төменгі деңгейлерге қосымша ену мақсатымен өз ассортиментін біртіндеп
көбейте беруі мүмкін. Нарықтың жоғарғы сатысындағы кәсіпорынның өз
ассортиментін арттыра отырып, төменгі сатыға енуі – бәсекелестерінің
әрекетін тыю немесе жедел ұлғайып келе жатқан нарық сегменттерінен орын алу
мақсатын көздегендігінің дәлелі. Сондай-ақ төменгі сатыдағы фирманың жоғары
сатыға енуге қызығуы – ондағы өсудің жоғары қарқындылығы немесе көтеріңкі
пайда түсіруге ұмтылушылық болуы мүмкін. Мұны, басқаша айтқанда, фирма өзін
жеткілікті ассортиментте тауар өндіруші ретінде позициялауға көшкісі келеді
деген сөз. Бірақ тым жоғарыға ұмтылудың да өзіндік қаупі бар. Өйткені
нарықтың жоғары сатысындағы бәсекелестер өз позицияларында мықтап орнығып
алған. Өнім ассортиментін кеңейту ісі, бір жағынан, күнделікті өндіріліп
жүрген ассортименттік шеңберден шығудың нәтижесі болса, екінші жағынан, сол
шеңбердің ішінде жаңа өнімді қосу есебінен жүргізілетін болады. Өнім
ассортиментін кеңейтумен қатар, оны толықтыру да қажет.
Кәсіпорын маркетингтік стратегия шеңберінде белсенді тауар саясатын
жүргізе отырып, өндіріс технологиясы мен өндірілетін тауар ассортименттерін
нарық сұранысына, коньюктураның өзгеруіне сәйкес жаңартудан қол үзбегені
дұрыс. Өйткені өндірістің тұтыну қарқыны мен талаптарға деген сезімталдық
дәрежесі және оның тауарлық икемділігі бірден-бір стратегиялық бағыт болып
табылуы мүмкін.
Ассортиментті қалыптастыру – бұл тауарлардың сорттарын, түрлерін
халықтың сұранысына сәйкес оны толығымен қанағаттандыру мақсатында
топтастыру процесі. Ассортименттік саясатты таңдау процесінің
проблемаларын жақсы түсіну үшін кәсіпорынның ассортиментінің қалыптасуын
анықтайтын негізгі факторларға тоқталу қажет.
Кәсіпорынның ұқыпты дайындалған ассортименттік саясаты жетекшінің
басқару құралына айнала отырып кәсіпорын жұмысының жүргізілу бағытын
көрсетеді. Кәсіпорынның ассортименттік саясатының дұрыс таңдалуы кәсіпорын
үшін тиімді мүмкіндіктердің бекер кетпеуіне кепілдік болады. Жоғарыда
баяндалған мәселелер диплом тақырыбының қазіргі жағдайда өте өзекті
екендігін көрсетеді. Кәсіпорынның ассортименттік саясаты дұрыс таңдалған
уақытта тұтынушылардың сұранымы қанағаттандырылады, нәтижесінде пайда
алынады. Дипломдық жұмысты жазу үшін бұл тақырып бекер таңдалмаған. Себебі
бүгінгі күні ассортименттік саясат проблемасы жеткілікті зерттелмеген.
Сондықтан ассортименттік саясатты дипломдық жұмысымның тақырыбы етіп ала
отырып, оны жетілдіру проблемаларына тереңірек тоқталмақшымын.
Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қортындыдан
тұрады. Кіріспеде ассортименттік саясаттың бүгінгі таңда еліміздің
экономикасында алатын орнына тоқталдық. Бірінші бөлімінде нарық
жағдайындағы ассортименттік саясаттың мәні мен ассортименттің қалыптасуына
түсініктеме береміз. Екінші бөлімінде Берік-Қара ЖШС өндірістік
шаруашылық қызметіне талдау жасаймыз. Үшінші бөлімінде өнімнің
ассортиментін кеңейту және жаңарту бойынша шаралар жобасын әзірлейміз.

Тарау 1. Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік

1.1 Ассортименттік саясаттың мәні және міндеттері

Өндіруші кәсіпорынмен нарыққа ұсынылатын тауарлар жиынтығы ассортимент
деп аталады. Номенклатура немесе тауар ассортименті – бұл кәсіпорынмен
өндірілетін бұйымдардың барлық жиынтығы. Ол әр түрлі тауар түрлерінен
тұрады. Тауар түрі (автомобиль, трактор, металл өңдейтін станок)
функционалдық ерекшеліктері, сапасы мен бағасына сәйкес ассортименттік
топтарға (типке) бөлінеді. Әрбір топ ассортименттік позициядан (әртүрлілігі
немесе маркасы) тұрады. Мысалы, кәсіпорын мұздатқыш пен телевизор өндіреды.
Холодильник бір, екі және үш камерлі модельдер бойынша және
морозильниктерімен көрсетіледі. Соңғылары бірнеше маркалы, көлемі және
кейбір техникалық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Тауар ассортименті кеңдігі (ассортименттік топ санымен), тереңдігі
(әрбір ассортименттік топтағы позиция санымен) және салыстармалылығымен
сипатталады.
Ассортименттк сасаттың негізгі мәселелерінің бірі – нарықтағы фирманың
тиімді қызметін қамтамасыз ететін тауар топтарының жиынтығын анықтау.
Сонымен қатар нарықта жаңа тауардың және өсу, жетілу және құлдырау
стадиясындағы тауарлардық бір мезглде болуының қатынасы белгіленеді.
Ассортименттік саясат фирма өндіретін немесе сыртқы көздерден алынаты
тауарлардың шығуы туралы мәселелердің шешімін қажет етеді.

Ассортименттік саясаттың міндеттері:
- тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру;
- фирманың технологиялық біліктілі мен тәжірибесін тиімді пайдалану;
- фирманың қаржылық нәтижелерін оптимизациялау, егер де ассортименттің
қалыптасуы күтіліп отырған рентабельділік пен табыс көлеміне негізделсе;
- нақты өндірістік бағдарлама ны пайдалану сферасын кеңейту жолымен
жаңа тұтынушыларды жаулап алу;
- фирма қызметі сферасын диверсификациялау есебінен икемділік принципін
сақтау;
- синергизм принципін сақтау, яғни белгілі бір технологиямен, кадрлардың
біріңғай квалификация және т.б. өзара логикалық тәуелділікпен байланысты
фирма өндірісі мен қызметі аумаған кеңейту. Бұл фирма шығындарын едәуір
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Өндіріс тиімділігін қарастырған тұста көп ретте олардың жалпы даму
деңгейіне ғана назар аударылып, интеграциялау мәселесі мүлде ескерілмеуі
жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, игілік атаулы қалай жасалатынына жете
көңіл бөлінбейді. Қазіргі тауар молшылығына әлдеқашан қол жеткізіп
үлгерген елдердің адамға қажеттінің барлығы өндірілуде деген тұжырымның
растығына сене қою қиын. Өйткені өндірістің қайсысы болсын, конвейерлік
жүйеде жаппай шығаруға үйір. Жекелей немесе дара тапсырыстар бойынша
тауарлардың бір үлгідегі көлемі өндіріс үшін ұтымды шамаға жетпегенге дейін
оларды өндіруге жете мән берілмейді. Демек, нарықты сегменттеу ісі қайткен
күнде де сұранысты қалыптастыру емес, бар сұраныстың өзін іріктеп-жинақтау
арқылы соған сай тауар өндіру жөнінде шешім қабылдау болып табылады. Ал
назардан тыс қалған қажеттіліктер сегменттен де тыс қалып, өндіріске
жетпейді. Сөйтіп, тұтынушының көңілі қалаған қажеттігінің бәрі табыла
қоймайды. Өйткені олар өндірістің бағдаламасына енбеген. Сондықтан
өндірістің жұмысына баға берген тауардың түр-түрін шығару ауқымына баса
назар аудару қажет. Және тұтынушылардың қажеттіліктерін тиісті тауарлармен
қанағаттандыру дәрежесін есепке алып отырға жөн. Шындығында, өндіріс пен
тұтынудың өзара мүдде жақындығы, байланыстылығы болмаса – маркетингтік
мақсат орындалмайды. Қайбірде тауар өндірушілер тек өз пайдасын ғана ойлап,
тиімді өнім өндіру мен өндірісті түрлендіру (ассортимент), интеграциялау
жағына көңіл аудармайды. Мұның ақыры тұтынушылар мүддесіне қысым жасауға
әкеліп соқтыруы мүмкін. Сөйтіп тұтынушылар бейтарап кейін танытады.
Сондықтан өндірістің интеграциялануын әрбір тауар шеңберінде мұқият
қадағалау қажет.
Өнімнің түр-түрін қарастыру - өндірістің интеграциялану дәрежесін
сипаттаумен қатар, оның нарықта табысты жұмыс істеуіне көп ықпалын
тигізеді. Өнім ассортименті ұғымы тауар түрлері деген түсінікке жақын. Ол
тауардың өмірлік бағыты мен өндірістік технологиясына қатысты өзара жақын
топтар болып табылады. Тауарды түрлендіру ауқымы (диапазоны) тауар
өндірушінің алдына қойған мақсатына, нарық төңірегіндегі қарым-қатынасының
көлемі мен өндіріс қуатының мүмкіндігіне қарай өзгеріп отыратынын
көрсетеді. Өз тауарларының жеткілікті түр-түрі арқылы абырой-беделін
арттыруға тырысып, нарықта қомақты үлес иемденуге немесе нарықтағы үлесін
одан әрмен кеңейте түсуге күш салатын тауар өндірушілер, әдетте, кейбір
тауарларының пайда әкелмейтініне онша көңіл бөлмейді. Ал пайда алуға
көбірек ден қойған кәсіпорын түсімі жоғары тауар түрлерінің шамалы бөлігін
ғана иемденеді. Сондықтан көптеген кәсіпорындар нарықта тұрақтану және
ондағы өз үлесін жоғалтпау мақсатымен тауардың түр-түрін көбейте түсетін
болады.
Тауар дегеніміз – рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етушітұлға десек те
болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық нәрменділігінің шынайы
көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі
жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға
байланысты болып отыр. Бұнымен бірге белгілі уақытқа дейін тауар зат
ретінде тұтынушыға ешқандай құндылық еместігін есепке алушуы тиіс. Дәлірек
айтсақ, рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажетті
қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың
қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Онымен тауардың
маркетингтік мақсаты - адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, кере
уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді
жарнамамен жеткізуі тиіс. Осыған орай, адамдардың сегменті бойынша тауардың
ассортименті қажет деп ойлаймын. Өйткені тауар ассортиментін жоспорлау,
құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс
мүнкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін
керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші –
кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп
атайды.
Тауар ассортименті – кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық
түрлері жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Тауар түрі (автокөлік,
трактор, станок, т.б) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына
қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын
көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан
тұрады. Мысалы кәсіпорын, тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді
деиік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т.б үлгілері болады. Олар
әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және көлемімен, ерекше техникалық
көрсеткіштерімен сипатталады. Тауар ассортиментін жоспарлау, құру және
басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне
қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде
нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші-касіпорын рынокқа
ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.
Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі және
салыстырмалылығы. Ассортимент ені - ассортименттік топтардың саны.
Ассортимент тереңдігі- әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент
салыстырмалылығы - тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату
арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың
арақатынасы.
Ассортиментті құру аркылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке
серияларының мәселелері, "ескі" және "жаңа" тауар. "күрделі" және "жай"
тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға,
сапа, кепілдеме, әсер жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін.
Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы
ассортименттік құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты,
техниканы қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп,
тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортимен қағида көрсеткіштері
жүйесімен сипатталады. Олар: тayapлap түрлері (тұтынушылардың түрлеріне
қарай), ассортимент жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне
белгіленген баға деңгейі және т,б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы
нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды
өндіруге бағыттау болады.
Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады; екі тереңдігі
және салыстырмалылығы. Ассортимент екі ассортименттік топтардың саны.
Ассортимент тереңдігі - әр ассортиментік топтағы жайғасым саны. Ассортимент
салыстырмалылығы – тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату
арналарына және бағаға байланысты ұсыған ассортименттік топтардың
арақатынасы.
Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке
серияларының мәселелері, “ескі” және “жаңа” тауарлар “күрделі” және “жәй”
тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға,
сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүнкін.
Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол
оңтайлы ассортименттік құрлымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп,
шикізатты, техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен
өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортименттік қағида
көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері
(тұтынушылардың түрлеріне қарай) ассортиментті жаңарту деңгейі мен оның
жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі мен оның жиілігі,
белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі және т.б. Ассортименттік
қағиданың мақсаты фирманы нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен
құрлымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.
Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан немесе рынокты
зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін
басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы
өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе
жаңартылған өнімді бар ассортиментке қосу немесе ассортименттегі ескі
өнімге айырбастауға ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы
болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау – кострукторлық
бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің
алдында оны тексеріп көреді.
Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну
қасиеттерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.
Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:

- пайданы өсіруге көмектеседі;
- қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше
қасиеттері бар;
- өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүнкіндік жасауы мүнкін;
- фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы
бар;
- маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу
арналарын жыл бойы тұрақтандырады;
- тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті
сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.

1.2 Отандық нарықта өнімдер ассортиментін қалыптастыру бағыттары

Әр түрлі кәсіпорынның өнім ассортименті нарықтағы өнім ассортимент
құрамының бір бөлігі ретінде көрінеді. Оның өзгерісі сұраныстың өзгеруіне
немесе бәсекелестердің нарықта тұрақтана алмауына байланысты. Ал әлеуметтік-
экономикалық әлуеті нығайған кәсіпорын, нарықта қалыптасқан жоғарғы немесе
төменгі деңгейлерге қосымша ену мақсатымен өз ассортиментін біртіндеп
көбейте беруі мүмкін. Нарықтың жоғарғы сатысындағы фирмаың өз
ассортиментін арттыра отырып, төменгі сатыға енуі – бәсекелестерінің
әрекетін тыю немесе жедел ұлғайып келе жатқан нарық сегменттерінен орын алу
мақсатын көздегендігінің дәлелі. Сондай-ақ төменгі сатыдағы фирманың жоғары
сатыға енуге қызығуы – ондағы өсудің жоғары қарқындылығы немесе көтеріңкі
пайда түсіруге ұмтылушылық болуы мүмкін. Мұны, басқаша айтқанда, фирма өзін
жеткілікті ассортиментте тауар өндіруші ретінде позициялауға көшкісі келеді
деген сөз. Бірақ тым жоғарыға ұмтылудың да өзіндік қаупі бар. Өйткені
нарықтың жоғары сатысындағы бәсекелестер өз позицияларында мықтап орнығып
алған. Олар бұл жағдайда қарсы шабуылға шығып, төменгі позицияларға ене
бастауы мүмкін. Потенциалды тауар алушылар жоғары сатыға жаңа келген
фирманың жоғары сапалы тауар өндірерлік қабілет-қарымына күдікпен қарап,
оған сенім білдірмеуі де заңдылыққа жатады. Және өз потенциалына сенген
нарықтың ортаңғы эшелонында әрекет ететін фирма өзінің өнім ассортиментін
бірден жоғары және төменгі эшелондарға тарату жөніндегі шешім қабылдауы
мүмкін.
Өнім ассортиментін кеңейту ісі, бір жағынан, күнделікті өндіріліп
жүрген ассортименттік шеңберден шығудың нәтижесі болса, екінші жағынан, сол
шеңбердің ішінде жаңа өнімді қосу есебінен жүргізілетін болады.
Өнім ассортиментін кеңейтумен қатар, оны толықтыру да қажет.
Ассортиментті толықтырудың мынадай себептері бар:
1. қосымша пайда алуға ұмтылу;
2. қолда бар ассортиментінің кемшіліктерін жою;
3. қолданамай жүрген өндіріс қуаттарын іске қосу;
4. жеткілікті ассртименті бар фирма атанудан үміттену;
5. бәсекелестерді алға жібермеу мақсатымен кемшіліктерді жоюға
тырысу.
Ассортиментті қажетті тауарлармен толықтыру күтілген нәтижелерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ оны шамадан тыс арттыру, бұған керісінше,
жалпы пайданы төмендетуге әкеліп соқтырады.
Тауардың бірнеше ассортименттік топтары жинақталған тұста тауарлық
номенклатура құрылады. Оны ассортименттік топтар мен тауар бөліктерінің
жиынтығы деп түсіну қажет. Тауар номенклатурасын үйлестіру дегеніміз - әр
түрлі ассортименттік топтардың ақырғы қолданылуы, өндірісті ұйымдастыруға
қойылатын талаптар, тауарды бөлу бағыттары немесе тауарлардың басқа да
көрсеткіштері жағынан өзара жақындық дәрежесі қажет.
Бұған қоса, тауар номенклатурасы: енділік, тұтастық және тереңдік
тәрізді қасиетімен сипатталады. Енділік кәсіпорын өндіретін тауарлардың
ассортименттік топтарының жалпы санын көрсетеді. Тұтастық – номенклатураны
құрайтын жеке тауарлардың жалпы саны. Тереңдік – ассортимент тобы
шеңберіндегі әрбір жеке тауардың ұсыныстарының түрлері деген түсінік
береді.
Тауар - өндіруші өзінің шаруашылық әрекеттерін мынадай төрт әдіспен
кеңейтулеріне болады:
1. тауарлардың жаңа топтарын қосу есебінен тауар номенклатурасын кеңейту;
2. қолда бар өнім ассортименті топтарын толықтыру арқылы ассортименті
жеткілікті кәсіпорындар қатарына жақындау;
3. өзінің тауар номенклатурасын кеңейту, яғни қолда бар тауардың
әрқайсысына қатысты ұсыныс түрін көбейту;
4. кәсіпорынның алға қойған мақсатына байланысты белгілі бір салада
орнықты жақсы атаққа ие болғысы келуі немесе бірнеше салада бірден
әрекет етуге ұмтылысы, яғни әр түрлі өнім ассортименті топтарын
азды–көпті өзара үйлестіріп отыруға қол жеткізуі.
Өндірілетін тауардың ассотименті мен номенклатурасы нарықтағы сұраныс
жағдайының және тауар түрлерінің нақты көрінісі болып табылады да, олар
тауар өндірушілердің нарықта жұмыс істеуінің табысты болуына ықпал
жасайтын, тұтыныушыларды қызықтыратын тәуір тауарлардан құралады. Нарық
конъюнктурасының қалыптасуына қарай тауардың әрбір өмірлік кезеңіндегі
түрлерінің салыстырмалы жағдайлары және алғашқы үлгілерімен жетілдірілген
түрлерінің қолайлы мөлшері белгіленіп әрі реттеліп отырады.
Өнім ассортиментіне қатысты алғандағы маркетингтің міндеті – нарықты
тереңдей сегменттеу және оны дифференциациялау (саралау) арқылы өнімнің
ассортименттік құрамы мен тұтынушылардың қажеттілігі арасындағы өзара
сәйкестікке қол жеткізу. Сөйте тұра маркетингтік айқындама ассортименттік
саясатты жүргізу барысында тауар өндірушілердің нарықтағы позициясын
нығайта түсу арқылы олардың сауда-саттық әрекеттерін дамыта отырып, сонымен
бір мезгілде кең ассортиментті өнім өндіруді дұрыс деп табады. Бұл жағдайда
тауар өндіруші тауардың өмірлік циклының бір кезеңінен екіншісіне өтуге
икемді келеді. Сөйтіп, ол тауар өндірудің бірінші сатысында тауар
алушылардың жоғары сұранысына ие болған бұрынғы үлгідегі ең өтімді
тауарларды өндіретін болады. Ал өсу кезеңінде өндірілетін тауарладың
ассортименті мен оның параметрикалық қатарлары кеңейе келіп, жетілу
кезеңінде параметрикалық қатардың тауар жинағының түгел нарыққа енуіне
әсерін тигізеді. Ақырында төмендеу кезеңінде, тек бірді-екілі өтімді
тауарлардың үлгілері ғана нарықта қалдырылып, нарықтан алынатын тауарларға
қамқорлық жасалады.
Ассортименттік саясат тауардың өмірлік циклінің кезеңдерінен өтетін,
әзірге нарықта сақталатын тауарлар жиынтығының ең жақсы салыстырмалы
деңгейін белгілеп отыруды талап етеді. Жаңалық деңгейлері әртүрлі, әйтсе де
нарықта бір мезгілде сатылатын тауар номенклатуррларын оптималдап отыру
тауар өндірушілерге тауар сату көлемі мен оған кеткен шығындарды өтеу және
пайда алу деңгейі жағынан біршама тұрақты жалпы жағдай туғызуға кепілдік
береді. Әрине, бұл кәсіпорынның тауардың неше түрі және қандай үлгісі бір
мезгілде айналымға түсетін тауарлардың өмірлік цикліне байланысты бііыңғай
жиынтығы жөнінде толық кепілдеме бере алмайды.
Ассорименттік саясат тұтынушылар талаптарына сай және тауарлардың
өмірлік циклне қарай ең тиімді ассортимент құрылымын құруды ұйғарады.
Шығарылатын өнімнің рационалды таңдалынған көптүрлілігі нарықта
кәсіпорнның бәсекелестік позицияларын күшейтеді. Нарықта бір уақытта
болатын, бірақ жаңалығы жағынан ерекшеленетін тауар ассортиментін тиімділеу
фирманң пайдалылығы мен жұмыс тұрақтылығына кепілдік береді.
Кейбір ғалымдар есебінше нарықта бір уақытта келесі тауар топтары болуы
тиіс:
1. негізгі - бас кәсіпорынға пайда әкелетін және жаңадан өсу
кезеңіндегі негізгі тауарлар;
2. сүйемелдеуші – сауда-саттық көмегімен алынатын пайданы
тұрақтандырушы және жетілу кезеңіндегі тауарлар;
3. стратегиялық бағыттағы – кәсіпорынның келешек пайдасын қамтамасыз
етуге бейімделген тауарлар;
4. тактикалық бағыттағы негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыруға
бейімделген және өсу мен жетілу кезеңінде тұрған тауарлар. Бұл
жағдайда жаңадан өндіріліп жатқан тауарлар тобы кездеспеуі
мүмкін. Әйтсе де олар нарыққа шығуға біртіндеп
дайындалатындықтан, кәсіпорынның ассортименттік саясатында мұны
да есепке алып отырған жөн.
Өнімдер тұтынушылардың әрқилы сұраныстарын қанағаттандыруы, жоғары
сапасымен, жақсы сыртқы түрімен ерекшеленуі, сән бағытына сәйкес болуы
қажет. Өнімнің сапасы және ассортименті, әрбір кәсіпорын қызметі
бағаланатын, негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады; бұйымның сапасы
және шығарылатын өнім ассортиментін өз уақытылы жаңартып тұрудан өнімді
өткізу жоспарының орындалуы тәуелді.
Өнім ассортиментін кеңейту және жаңарту процестері қазіргі өндірісте
заңды. Олар әлеуметтік-экономикалық (тұрғындардың табыс деңгейі, нарықтың
тауармен толықтырылуы деңгейі, тұтынушылық сұраныс, сән) сияқты, және де
өндірістік-техникалық (ғылыми-техникалық прогесс қарқыны, өнеркәсіптің
шикізаттық және ұйымдық-техникалық мүмкіндіктері) факторладың әсерімен
байланысты.
Өнім ассортименті термині екі тура келмейтін түсінікпен
түсіндіріледі. Ол қандай-да бір белгілерімен (өлшемі, маркасы, түрі,
сапасы, сыртқы әшекейі және тағы сол сияқтылар) ерекшеленетін белгілі бір
түр немесе атаудағы өнім түрлерінің жиынтығы деп қарастырылады. Бұл
жағдайда өнім ассортименті түсінігі өнім номенклатурасының толық түсінігіне
ұқсас . Ол өнім түрлерінің жиынтығы және олардың кәсіпорынның жалпы
шығару көлеміндегі ара-қатынасы деп түсіндіріледі.
Келтірілген түсініктерден номенклатура түсінігі өнімнің
ассортимент түсінігі: біріншісі бұйым түрлерінің тізімін сипаттаса, ал
екіншісі өнімнің жалпы массасындағы әрбір түрінің үлес салмағын да
ескереді, яғни ассортимент құрылымының көрсеткіші болып табылады.
Кәсіпорындағы және саладағы өнім түрлері санын қарастырғанда номенклатура
түсінігін қолдану қажет; осы өнім түрлері тізімін ғана емес, олардың
әрқайсысының шығару көлемін енгізетін өндірудің оптимальды жоспарын
анықтауға ассортимент түсінігін қолдануға болады.
А.Хоксинг тауар ассортиментінің келесі анықтамасын береді- бұл
бір-бірімен төменде аталған белгілердің біреуімен болса да тығыз
байланысты тауар топтары: ассоциацияланған қолдану (қызмет ету деңгейі),
жалпы тұтынушылық топ, жалпы өткізу арнасы, ұқсас баға диапазоны.
Жахова О.Н. ассортимент бұл кәсіпорындағы, өндіріс саласында немесе
қандай-да бір тауар тобындағы өнімде бұйымдардың жеке түрлерінің құрамы
және ара қатынасы деп есептейді .
Ассортимент түсінігі қазіргі уақытта өнеркәсіп өндірісі заттарын,
тұтыну тауарларын және тағы басқа белгілеу үшін әртүрлі облыстарда кең
қолданылады. Мысалы, тігін өнеркәсібінде әйелдер киімінің ассортименті ,
көйлектер ассортименті, сыртқы киім ассортименті. Келтірілген мысалдан
көріп тұрғандай, ассортимент термині әрқашан қандай да бір нақты
объектіге бағытталып тұр. Бірақ бұл терминді қолдану, егер обьект
жүйеленбеген болса, объект туралы анық түсінік бермейді.
Обьектіні айқындау ассортимент түсінігін қолдану кезінде обьект
алатын көптік жүйесіндегі жағдайға тәуелді. Мысалы, халықтық тұтыну
тауарлары ассортименті сөзі барлық көптүрлі тауарларды білдіреді, киім
ассортименті -көп тауарлардың арасындағы белгілі бір тауарлар тобын
білдіреді, көйлек ассортименті - тағы нақтырақ белгілеу және тағы
басқалары.
Ассортименттік консепция маңызын анықтау үшін тауар ассортименті
түсінігін қалыптастыру маңызды. Тауар ассортименті әртүрлі түрдегі, бір
түрдегі сорттағы, шикізаттық, өндірістік, тұтынушылық немесе басқа
белгілері бойынша бұйымдар жиынтығы деп анықталады. Тауар ассортименті екі
бағытта дамуы мүмкін- оның кеңдігі немесе тереңдігі жағдайына қарай.
Кеңдігі деп ассортимент құрамында түр, класс, топтар санының көбеюін
айтамыз. Тереңдігі бұл бір-бірімен қандай да бір белгісі бойынша
ерекшеленетін тауар модификациясының санының көбеюі.
Бұл түсініктер ассортимент дамуында екі бағытты көрсетеді-
интенсивті және эксентивті. Қазіргі заман талабына сай тауарлық ұсыныс
негізінен интенсивті бағыт бойынша дамуы керек. Ассортименттік жай түрлері
нарықтың бұзылуына, мақсатсыз өндірістік шығындарға әкеледі. Сұраныс және
ұсынысты теңестіру міндеттерін шешу үшін нақты тұтынушылар тобының әр түрлі
талғамдарын қанағаттандыруға кепілдік беретін оптимальды тауар
ассортиментін жоспарлауда жүйелік тәсілді іске асыру әдістерінің бірі болып
табылады. Бұл тәлілдің мәні ассортимент тауар және тауар топтарының жеке
жиынтығы ретінде емес, ол белгілі бір кешендерден құрылған, функционалдық
белгісі бойынша белгіленетін (жұмыс, спорт және тағы басқа киімі) және
тұрғындардың әртүрлі контингенттерінің тұтыну ерекшеліктерін есепке алатын
заттар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Ассортиментті қалыптастырудың екі тәсілі бар: номенклатуралық және
ассортименттік.
Тауар ассортименттін қалыптастыту төңірегінде зерттеуер авторлары
мәселені ассортименттік тәсіл көмегімен шешуді ұсынады.
Ассортименттік тәсіл қоғамның әрқашан ауыспалы қажеттіліктеріне
сәйкес бұйымның жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болатын
классификацияны құру міндетін қояды. Жұмыста классификация мақсаты болып
дайын емес, белгілі бұйымдарды жүйелендіру табылады, ол жобалау объектісі
материалды және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы ретінде
қарастырылады.
Ассортименттің, оның өндіріс және тұтыну жағдайына тәуелділігін
зерттей келе ассортиментті қалыптастыру бойынша жұмыс авторлары былай деп
есептейді:
• ассортиментті өндіру және тұтыну талаптарына қарама-қайшылық бар,
бірақ ол абсалютті емес және тәжірбиеде шешімі бар. Мәселенің шешімі-
оптимальды ғылыми негізделген номенклатураны жасау және тауардың
оптимальды ассортиментін қалыптастыру;
• тауар белгілері шеңбері бойынша ассортименттің сандық және сапалық
сипаттамаларын зерттеу қажет;
• ассортименттік деңгейде негізгі статистикалық база зерттеушілерге
ассортиментті қалыптастыру және жетілдіру бойынша негізделген
ұсыныстар беруге көмектесетін қажеттіліктер қозғалысындағы
өзгешеліктерді есепке алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ассортимент термині ғылыми жұмыстарда кең
қолданылады. Әдетте ассортиментке тұтынушылардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыру үшін өнеркәсіппен шығарылатын киімнің барлық түрлерінің
жиынтығын қабылдайды.
Тауар ассортименті құрамы мен құрылымын қалыптастыру үшін
аналитикалық, синтетикалық және бақылау-тексеру әдістері және де соңғысы
алынған нәтижелерді талдау және бағалау мақсатында қолданады. Тауардың
оптимальды ассортиментін қалыптастыру әдістері жұмыс жүргізу түрі және
тәсілі бойынша келесілерге бөлінеді: эксперттік, жобалық және бағдармалы-
мақсаттық.
Эксперттік әдістерді дәл ғылым әдістерінің бірыңғай жүйесіне
келтірмейтін талаптар және мәліметтерге негізделген. Тәжірбиелі мамандардың
талап ететін шешімдерді қабылдау үшін қоқолданылады.
Жобалық әдістерді тауарлардың типологиясын жасау типтік
өлшемдерді,типаждық тізбектерді жобалық материалда алынған нәтижелерді
апробациялаумен анықтауда жобалар жасауда қолданылады.
Бағдарламалы-мақсаттық әдістер ассортиментті жасау процедуралар мен
кезеңдерді бірыңғай циклге жалпы мақсатты ұстаным негізінде біріктіріледі.
Көптеген форма қалыптастырушы элементтеі форма элементтеріне және
мазмұн элементтеріне бөлінген. Форма элементі ретінде адам денесінің
сыртын шартты түрде кескіндеу элементтері ұсынылған. Шартты сыртқы
кескіндеу және одан туындаған формалар кез-келген киім түрі үшін бірыңғай
болып табылады және өнеркәсіп пен саудада жоқ киімнің біріңғай кодтық
классификациясы кезінде қабылдауы мүмін.
Нарықтың қызмет ету жағдайында, сыртқы орта өзінің қиындылығымен,
қозғалысымен, белгісіздігімен, кейде алдын-ала болжамдығымен сипатталған
кезде сұранысқа сәйкес тауар және қызметті өндіруге баытталған кәсіпорын
қызметін ұйымдастыруға жүйелік тәсіл қажеттігі білінеді. Рационалды
ассортиментті қалыптастыруға әртүрлі факторлардың әсерін есепке алу қажет,
ал бұрынғы шектен тыс орталықтандыру кезіндегі жоспарлау, оның ішінде
өнімді шығаруды жоспарлау, барлық ресурс түрлерін бөлістірудегі үстемшілік,
қызметінің тәртібін белгілеу, кәсіпорындарда мұндай қажеттілікті керек
етпеді. Осыған байланысты зерттеу процесінде ассортиментті жасауға әсер
ететін факторлар анықталады. Бұл ішкі және сыртқы факторлар, яғни қандай
да бір процестің, оның сипаты немесе жеке белгілерін анықтайтын қозғаушы
күштері.

1.3 Ассортименттік стратегияның бағыттары және принциптері

Маркетингтің аса маңызды айқындамалық белгісі ретінде нарықтық
сұраныстың өсу қарқынын, кәсіпорынның нарығындағы үлесі мен оның негізгі
бәсекелесінің нарықтағы тиісті үлесінің ара қатынасын, тауар өндіруге
арналған инвестиция мен пайданың мөлшерін т.б. атауға болады. Мұндай
көрсеткіштер кәсіпорынның нарыққа шығаратын тауарларының кластарына және
олардың жетілу деңгейлеріне нарықта қалыптасқан тауар сұранысына т.б.
байланысты. Мысалы, фирма бір мезгілде нарыққа тауардың мына төмендегі төрт
тобын шығарады дейік:
а) нарыққа жаңадан шығарыла бастаған және едәуір инвестицияға мұқтаж
тауарлар. Олардың саудасы әжептәуір жүргенімен, әзірге бәлендей пайда түсе
қоймайды;
ә) сұраныс жедел өсіп келе жатқан жағдайда сатылып жатқан тауарлар.
Сондықтан да олар қаржыландыруға мұқтаж болады да өндіруге жұмсалған
шығынды сатылымнан түскен пайданың есебінен жартылай немесе толық өтей
алады;
б) нарықта тез сатылып, кәсіпорынға елеулі пайда келтіріп жатқан
тауарлар. Бұл тауарлар инвеситицияға аса мұқтаж емес, өйткені олардың
өндіріс тәсілі ақырына дейін аяқталып біткендіктен, өндіріс және тауар
өткізу шығындары шамалы болып, тауар сатылымынан алынған түсімдер басқа
тауар топтарын қаржыландыруға жұмсалады;
в) сұраныс назарына аса іліге қоймайтын және біртіндеп нарықтан
шығаруға жататын, тұтынушыларын табу қиынға соғатын тауарлар. Мұндай
тауарлар қажет деп табылған жағдайда арнайы маркетингтік шараларды жүзеге
асыру арқылы өз қалпына келтіріліп, басқа тауар тобына өтуі мүмкін.
Өнімнің ассортименттік стратегиясының қалыптасу бағыттары мына
төмендегі әрекеттерден тұрады:
1. тауарлық саралау;
2. тауардың белгілі бір түрін ғана өндіруге мамандандыру;
3. тауарлық диверсификация;
4. тауарлық тік интеграция.
Тауарлық саралау кәсіпорынның өз тауарларын және көрсететін қызметтерін
бәсекелестердің тауарларынан өзгешелеу етіп беріп, оларды өздеріне ыңғайлы
санаған жеке сұраныспен қамтамасыз ету әрекетіне байланысты болады. Саралау
факторлары бәсекелес фирмалардың тауарларына мынадай белгілері бойынша
ерекшеленеді: 1) ерекше тұтыныс қасиеттері, 2) айрықша түрде жақсартылған
сапасы, 3) технологиялық және ғылыми-техникалық артықшылықтары, 4)
өндірісті ұйымдастыру артықшылықтары, 5) шикізат материалдарының сапа
жағынан басым түсуі, 6) тауардың сенімділігі, 7) тауар сатылымына сабақтас
қызметтердің ыңғайлылығы, 8) тауардың халыққа неғұрлым танымал болуын
қамтамасыз ету және т.б.
Тауардың белгілі бір түрін өндіруге мамандану кәсіпорынның санаулы
сегменте жұмыс істеуіне және тауар өткізу ықпал аймағының шектелуіне
байланысты. Бұл кәсіпорындағы технологиялық процесстің өзгешелігінен,
тауардың өзіндік ерекшелігінен немесе оны өндіруді жалғастыру үшін
жеткілікті жағдайдың жоқтығынан, қайбірде кәсіпорынның тауар номенклатурасы
әбден толыққан тұста әрекет етуге мүмкіндігі жоқтығынан туындайтын
жағдайлар және ол тауарлық шектеулі мамандандыру саясатты еріксіз
қолданатын шара ретінде түсіндіріледі. Әйтсе де мұның басты себебі
кәсіпорын тауарының нарықта терең сегменттелуінде болуы мүмкін. Қайбірде
тауарлық шектеулі мамандандыру шағын кәсіпорынның ұтымды жұмыс атқаруына
немесе оның нарықты жақсы игеруіне, енді бірде сұраныстың өзгеру ыңғайына
бейімделу үшін – шектеулі мамандық түрін өзгертіп отыратын қолайлы жағдайға
көшуіне әсер етеді.
Тауарлық диверсификация – кәспорынның шаруашылық әрекеттерінің ауқымды
болуы, тауар және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым жеткілікті әрі олардың
бір-бірімен байланысы жоқ түрлерінің пайда болуын қарастырады. Сонымен
қатар сұраныстың бәсеңдеуі мен дағдарысқа душар ететін жағдайлардың алдын
алу арқылы кәсіпорынның тұрақты және қалыпты болуын қамтамасыз етеді.
Саясатты осы бағытта жүргізу өзінен басқа өндірістерде жинақталған басқару,
өндірістік, коммерциялық, маркетингтік және т.б. озат тәжірибелерді
пайдалануға жағдай туғызады. Кәсіпорынның өндірістік табыстар мен қаржылық
мүмкіндіктерінің нығаюын айқындай отырып, оның беделін көтеруге септігін
тигізеді.
Тауарлық тік интеграция – шаруашылықтың көлденең дамуы емес, кәсіпорын
әрекеттерінің тік өрлеуі, яғни өндірісті немесе қызмет көрсетуді белгілі
бір технологиялық тізбекте игеру. Тауарлық тік интеграция арзан шикізат пен
дайын өнімнің негізгі сыңарын және озат технология мен интеграцияланатын
өндірістердің тәжірибесін, жаңа тауар өткізу жүйесін жаңа нарыққа ену үшін
пайдаланады. Бұл әрекет тауар өндіру мен оның айналымына жұмсалатын
шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Соның есебінен өндірісте жоғары
пайда алуға жағдай жасалады. Тік интеграция саясатын Қазақсан Республикасы
жеңіл өнеркәсібін дамыту шарттарында өндірісті тұрақтандыру мен саланы
әрмен дамыту мақсатында қолдануға болады. көлбеу интеграция мақсаты –
анықталған бәсекелестерді бақылау немесе жою жолында фирма позициясын
күшейту.
Оптималды ассортимент саясаты мен тауарлық номенклатураны, сондай-ақ
шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймағы мен кәсіпорынның келешектегі
кәсіптік қызметін айқындау барысында ең алдымен бір-бірін өзара толықтыра
түсетін әрі жоятын екі бірдей принцип әрекет етеді. Олар: синергизм (өзара
ішкі байланыс) және стратегиялық икемділік принциптері.
Синергизм принципі - өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
номенклатурасы өзара іштей ұштастырылып отыруын және жекелеген тауар түінде
көрсетілетін қызмет түрлерінің бір-бірін толықтыра түсуін жүзеге асырады.
Бұл принцип әртүрлі тауар топтарын немесе шаруашылық қызметтерінің бір-
бірін өзара қолдауы есебінен кәсіпорынның өндіріс шығындарын кеңінен
үнемдеуін қамтамасыз етеді. Синергизм принципі тек өндіріс қуаты мен ғылыми-
техникалық базаны және жалпы тауар өткізу мекемелерін ғана пайдалануы
мүмкін. Осылайша ол кәсіпорынның жұмсаған капиталынан өзара байланыссыз
шаруашылық қызметтерінің қайтарымына қарағанда, әлдеқайда жоғары қайтарым
алуына мүмкіндік береді. Бірақ ассортименттік саясат пен кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің стратегиялық аймақтарын белгілеудің мұндай жүйеде
құрылуы – конъюнктураның кенетен тербелуі және нарықтық шиеленіс жағынан
қауіпті.
Стратегиялық икемділік принципі – шаруашылық жүгізудің әртүрлі
технологияға тәуелді стратегиялық аймағы мен тауар номенклатурасының
конгломераттық құрылысына негізделеді. Сол себепті ол жоғарыда аталған
қауіптен тыс тұрады, әр текті экономикалық, мәдени және саяси жағдайлар
қалыптасуына түрткі болып тұрақты тауарлық талаптарды теңестіруге күш
салады. Сондықтан бір өрістегі күтілмеген оқиға екінші өрістің дамуына және
кәсіпорынның жиынтық іс-әрекеттерінің нәтижесіне зиянды әсерін тигізбейді.

1.4 Өнім ассортиментін анықтайтын негізгі факторлар

Кәсіпорынның өнім ассортиментін, тауар номенклатурасын кеңейту және
диверсификациялау қажеттігін белгілейтін негізгі факторларға мыналар
жатады:
- нарықтың нақты сегменттерінің талаптарына сәйкес жетілдірілген тауар
мен технологиялық процесстерді, жаңа машина жасау мен өндіріске енгізуге
арналып игерілген теориялық білімдерді пайдалануға бейімделген қолданбалы
ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- кәсіпорындардың ұқсас өнімдер шығарумен бірге, тауар саясатын да өз
қолына алып, тауар номенклатурасын оптималдау және оның ассортиментін
жаңартуына байланысты бәсекелес фирма тауар ассортиментіндегі өзгерістерін
ескеру;
- кәсіпорын шығаратын өнімдеріне нарықтағы сұраныс өзгеріп тұрады.
Соған сәйкес тиісті шара қолдануды қажет етеді. Демек, нарықтың таралуына
қарсы тұрып, оның кеңейу мүмкіндіктерін пайдалана білу;
- кәсіпорын үйреншікті іскерлік қарым-қатынастарды жалғастырудан қол
үзбеуі тиіс; түрлі келісім-шарттар жасасу барысында уақытты үнемдеу,
техникалық қызмет көрсетудің қолайлылығын арттыру, көп таарды бір
кәсіпорыннан немесе тауар жеткізушіден алуға тауарды тұтынушылардың ынта-
ықыласы мен қажетсінуі;
- тауар өткізетін мекемелердің бірнеше тауар түрлерін бір мезгілде
қатар сатуының қолайлылығы. Сонда тауар әрбір тауар алушыға шаққандағы
сатылымның көбейюінен жарнамаға жұмсалатын қаржы үнемделеді. Айналым шығыны
төмендеп, бұл іске көтерме және бөлшек тауар алушылар көбірек тартылу
себебінен тауарлардың шектеулі түрін сату жұмысында кездесетін қауіп-
қатердің азаюы;
- алдын-ала белгіленген қасиеттері мен сапасы бойынша дербес жасалатын,
жекелеген тұтынушылардың арнайы тапсырмасымен орындалатын тауарлар
сатылымын дамыту жолдарын қарастыру. Келешекте осы дербес үлгідегі тауар
кәсіпорынның тауар номенклатурасын кеңейтетін қосымша тауар ассортиментіне
айналатын болады;
- басқа да қосымша тауар түрін өндіру себебінен қолда бар, бірақ
қолданылмай келген немесе толық пайдаланылмай келген өндіріс қуатынан
құтылуға тырысу. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті өрістетуге және алынатын пайданы
жарым-жартылай жаңа тауар игеруге жұмсауға талаптану.
Жоғарыда аталған факторлар, сыртқы бола отырып кәсіпорын өндіретін
бұйымдардың тауар номенклатурасын кеңейтуді ынталандырады. Фирманың өзі
маркетингтік стратегия шеңберінде белсенді тауар саясатын жүргізуі және
өнім ассортиментін кеңейту, жаңартуды жоспарлап отыруы қажет. Тауар саясаты
Егер ұзақ уақыт бойы өндірістік қуат шектен тыс пайдаланылса; негізгі
табыс тек бірнеше (екі-үш) тауар есебінен болса; нарық мүмкіндіктері мен
сұраныс көлеміне сәйкес келетін тауар көлемі жеткіліксіз болса; фирманың
өткізу көлемі мен табыс көлемі үнемі төмендесе тауар саясатына өзгерістер
енгізу қажет.
Кәсіпорын маркетингтік стратегия шеңберінде белсенді тауар саясатын
жүргізе отырып, өндіріс технологиясымен өндірілетін тауар ассортименттерін
нарық сұранысына, конъюнктура өзгеруіне сәйкес жаңартудан қол үзбеген жөн.
Өйткені өндірістің тұтыну қарқыны мен талаптарына деген сезімталдық
дәрежесі және оның тауарлық икемділігі бірден-бір стратегиялық бағыт болып
табылуы мүмкін.
Тауар ассортиментінің кеңдігі фирма мәселелері мен мақсаттарына
тәуелді. Нарықтың көп үлесіне ие болғысы келетін фирма үлкен тауарлық
көптүрлілікке ие болуы тиіс, егер оны тек пайда ғана қызықтырса, онда
табыстық тауарлардың тар көптүлілігіне ие болған жөн. Уақыт өтісімен
фирманың тауар ассортименті көбінесе кеңейеді және ол өңдеу мен толтыру
сияқты екі әдіспен жүреді. Тауар ассортиментін өңдеу жаңа тауар фирма
өндіретін көптүрлілілік шегінен шыққанда болады.
Екінші рөлдегі әрекет ететін фирмалар және төмен нарық эшелонданыда
әрекет етеді. Нарықтың жоғары эшелондары өткізудің неғұлым жоғары ырғақтары
мен жоғары пайдалылықтан тартылады. Жоғары өңдеу үлкен қорлар мен
тәуекелділіктерді талап етеді, себебі жетекші рөлдегі бәсекелестер осы
эшелонда әрекет етеді. Мүмкін болатын сатып алушылар төменгі эшелондағы
фирмалар жоғары сапада тауарлар өндіре алатынына сенбеуі мүмкін. Ең бастысы
фирма қызметкерлері мен делдалдарында нарықтың жоғары эшелондарына қызмет
көрсету үшін шеберліктері және біліктіліктері жетпеуі мүмкін.
Көптеген фирмалар жетекші рөлдерді иемденуге тырысып, нарықтың жоғары
эшелодарына орналасады. Бірақ өз өндірісін кеңейту мөлшері және фирманың
тауар көптүрлілігі бойынша басқа нарық эшелондарын қамтуға тырысады. Төмен
өңдеу фирмамен бәсекелестерге кедергі ету мақсатында роындалып. Нарықтың
тез өсуші сегменттеріне өту үшін немесе жоғарыға тырысады.
Орта эшелонда әрекет ететін фирмалар жоғары және төмен бір уақытта
тауар көптүрлілігін өңдеу жайлы шешім қабылдауы мүмкін. Сол үшін фирма
нарықтың төмен эшелондарында әрекет ететін бағалар бойынша сататын жетілген
тауарлар өңдеуі қажет.
Тауар ассортиментін кеңейту барлың нарықтар үшін жаңа тауарлар өндіру
есебінен жүруі мүмкін.
Фирманың тауар ассортиментін кеңейту үшін бірнеше белгілер болуы
мүмкін:
- пайданы өсіру;
- ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдарды қанағаттандыруға тырысу;
- фирманың әрекет етпейтін өндірісін қолдану мүмкіндіктері;
максимал тауарлық көптүрлілікпен жетекші фирма болуды мақсат ету;
- бәсекелестер әекетін ырықтандыру.
Тауар ассортиментін кеңейту кезінде шығарылатын тауарлардан жаңа
өнімнің ерекшеліктерін есепке алу қажет. Бұдан басқа тауар ассортиментінің
тттолуы жалпы пайданың азаюына әкеледі, өйткені тауарлар өзара бәсекеге
түсіп, ал сатып алушы оларды таңдап алуда қиындықтарға кездеседі.
Тауар ассортиментін толықтыру жайлы шешімдер қабылдау тауар
номенклатурасы түсінігімен тығыз байланысты.
Тауар номенклатурасы – бұл нақты сатушылар мен тұтынушыларға ұсынылатын
тауар бірліктері және тауар топтарының барлық көптүрліліктерінің жиынтығы.
Таура номенклатурасы кеңдік, толу, тереңдік және гармониялықпен
сипатталады.
Тауар номенклатурасының тереңдігі бұл фирма шығаратын тауардың
ассортименттік топтарының жалпы саны.
Тауар номенклатурасының гармониялы тарату тораптары, өндірісті
ұйымдастыруға талаптар, соңғы қолдану көзқарасында әр түрлі ассортименттік
тауарлар арасындағы жақындық дәрежесі.
Тауар номенклатурасын сипаттайтын осы төрт көрсеткіш фирмаға тауар
саясатын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасын кеңейтіп
тауарлардң жаңа ассортименттік топтарын енгізіп, әр түрліліктер санын
көбейтіп, осы кезде толуға ықпал етеді.шығарылатын тауарлардың көп
вариантын орау салмағы және әртүрлі қоспалар қосу арқылы фирма өз тауарлық
номенклатурасын тереңдетеді. Фирма мақсатты түрде әр түрлі ассортименттік
топтар арасында гармониялыққа жете алады.
Нақты өнім – бұл сипаттамалары нақтыланған тауардың базалық физикалық
мәні. Жалпыланған өнім тауардың нақты сипаттамалары ғана емес қызмет
көрсетуді де енгізеді. Толықтырылған өнім – бұл таурадың неғұрлым кең
маркетинг коцепциясына сәйкес анықтамасы.
Өнім саясаты, фирма шығаратын өнім түрінің сапасы, сыртқы түрі,
маркировкасы және орамын енгізеді.
Сатып алушы үшін сапалы тауар – бұл тұтынушылықтар мен күтулерге жауап
беретін тауар. Өнім сапасының келесі негізгі көрсеткіштерін сепке алу
қажет:
- функционалдық сәйкестік: өз базалық функциясының орындайтын тауар
қабілеттілігі;
- ормалар мен стандарттарды нормативтік қадағалау;
- сенімділік., берілген уақыт ішіндегі жұмыстарды дефекттердің болмауы;

- ұзақ шыдамдылығы;
- тауар қызметініңпайдалы мерзімі;
- сервис: диапазон, жылдамдық және сатуға дейінгі мен кейінгі қызметтер
тиімділігі мен жылдамдығы;
- көркемділігі: дизайн, түрі, түсі, дәмі және т.б.
- тауар имиджі.
Тауарлардың сапасын жақсарту жаңа позитивті қаситтерді алумен жүреді.
Тауар сапасын жоғарлату бұын өндірілген тауарлардың ескіруіне әкеп
соқтырады. Сән өзінің күрт өзгерісімен өз мерзімдерін өткермеген
тауарлардың нарықтан шығып кетуіне ықпал етеді. Кейбір жағдайларда өнімнің
жәй қартаюы әрекет етеді. Тауар сапасы ең алдымен өнім ядросы түсінігімен
сипатталады. Өнім ядросы физикалық және химиялық қасиеттерді енгізеді:
материал құрамы, салмағы, дәмі, исі, икемділігі, конструкциясы, қуаттылығы,
өнімділгі. Материал сапасы, оның құрылымы және түспен байланысытауардың
қабылдануына әсер етеді. Өнім функциясы көп жағдайда оның белгіленуімен
анықталады.
Сыртқы көрінісі маңызды фактор болып әрекет етіп, тауарды сатып
алушының қабылдауына әсер етеді. Ол өз кезегінде қалып, түс, дизайн, мөлшер
және өнім оамы сәтті үйлесуіне тәуелді.
Қалып саны шексіз. Оларды геометриялық фигураларды қолданып жасауға
болады. Физиологтардың пайымдауынша көзге ыңғайлы және аз қозғалысты
қамтитын өнім тарымды болады. Түс - өнім вариациясының қарапайым құралы.
әлемде 7,5 млн. түстер және 2800 атаулар бар. Түстер Адам психикасына,
ооның көңіл күйіне әсер етіп, сезінуге ауыр немесе жеңіл болады. Кейбір
кездері олар әлеуметтік символ ретін атқарады.
Қазіргі уақытта орам фирманың маркетингтік іскерлігінде айтарлықтай
орынға ие болады. Жақсы орам тұтынушыларға қосымша ыңғайлылық үшін қызмет
етіп, ал фирма үшін тауарларды өткізуді ынталандыру құралы ретінде әрекет
етеді.
Орамға келесі талаптар қойылады:
- орамда өнімнің қолдану аумағы мен белгіленуі, функцияларын,
жарамдылығын, сақталу мерзімін белгілеу қажет;
- оны сақтау, тасымалдау және ұтыну үшін ыңғайлы қылып істеу керек;
- уақытқа сай, әрі тартымды және сырт көрінісі өнім мағынасына сәйкес
келуі керек;
- өткізу тараптарына талаптар және ерекшеліктерін есепке алу қажет;
- тұтынушылар әдеттері мен талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Орам фирма іскерлігінде шешуші роль атқарады. Ол тауарды сақтау,
құралдарды үнемдеу, тауарды қолдану ыңғайлығы мен оны үгіттеуге ықпал
етеді. Орамдар металл, ағаш, былғары, шыны, керамика, тас, пластмасса және
т.б. табиғи емес металлдардан дайындалады.

Тауар стратегиясы болашаққа жасалады, сондықтан релевантты
факторлардың даму болжамына негізделеді. Мұндай даму болжамдары алғышарт
ретінде шығады, яғни тауар стратегиясы алғышарттар жиынтығына, болашақтағы
байланыс және өзара әрекеттестік оқиғаларының дамуы туралы жоспарларға
негізделеді. Оны жасай отырып және тауар саясатын іске асыра отырып,
кәсіпорын нарық ортасындағы келешектегі өзгерістерді анықтауға және болып
жатқан өзгерістерді іскерлік негізінде байқайды ал кейде орта талаптарына
тек бар ішкі өндірістік резервтерді ыңғайлауды ғана емес, сонымен бірге
өзінің сыртқы ортасын өзгерту бағытында белсенді әрекет ету мақсатын
көздейді. Ассортиментке кәсіпорынның арнайы өндірістік мүмкіндігінің оның
анық нарықтық бейімделуімен сай келуін нақтылы түрде көрсетілуі
жинақталады. Сондықтан нарықтық тәсіл аталған факторлардың әсерін нақтылау
және мұқият талдауды қажет етеді.
Кесте 1-ден көрініп тұрғандай, ішкі фаторларға шикізат ресурстары,
өндірістің техникалық және технологиялық деңгейі, ЭТП жетістіктеріе қолдану
кадрлармен қамтамасыз етілу және олардың кәсіби деңгейі жатады, ал сыртқы
факторлар-бұл экономикаға тән даму циклділігі, тұтынушылық сұраныс,
бәсекелестік және нарықты мемлекеттік реттеу.
Өнім ассортиментін жоспарлау кәсіпорынмен шығарылатын өнімнің жеке
түрлерінің үлес салмағын белгілеумен түсіндіріледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Ақмола-Феникс АҚ-ың өткізу нарығын қалыптастыруды талдау
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Сыра зауытының тауар ассортименті
Пәндер