ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МАБ ЖӘНЕ ҰБТ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН АРТТЫРУ



1 Қалай нәтижелі оқытуға болады?
2 Қазақ тілі мен әдебимет сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалануы
3 Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген ынталылығын арттыру жолдары
4 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияның элементтерін қолдану
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.
Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. 9-шы сынып
оқушылары МАБ тапсырады. Осы МАБ-да жоғары көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек.барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса,
оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Дөнгелек үстелдің тақырыбы:
Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы МАБ және ҰБТ дайындықтарын арттыру
ББ әдіскері Г.Уразбаева

Қалай нәтижелі оқытуға болады?
Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек.
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.
Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. 9-шы сынып
оқушылары МАБ тапсырады. Осы МАБ-да жоғары көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек.барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса,
оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.
Технология гректің teche- өнер, шеберлік және logos- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни шеберлік туралы ғылым деген мағына-ны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап іздесе,
оқыту технологиясы Қалай нәтижелі оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері-мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де
жиі қолданылады.
Мысалы: қалыптасқан әдістер:
а) сұрақ-жауап;
б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;
в) аударма
г) сөйлем және сөзді толықтыру;
д) мәтін бойынша әңгімелесу;
е) тест сауалдарымен жұмыс;
ж) мақал- мәтелдер жарысы;
з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.
Жаңама жаңғыртып оқыту әдісі
а) пікірсайыс (дебат) әдісі
б) коммуникативтік әдісі
в) драматизация әдісі
г) іскерлік әдіс
д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі
е) жобалы сабақ өту әдісі
ж) саралап оқыту әдісі т.б.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білім-
ін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себе-
бі, МАБ-ы кезінде жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де
тиімді. Жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің
шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабыл-
дап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша талап етеді.

№23 ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ержанова Р.К.

Қазақ тілі мен әдебимет сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалануы
Қазақ тiлi мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны тиiмдi пайдаланудағы өз тәжiрибемдегi сабақ жоспары.
Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
11-сыныпта қазақ тілінен Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі деген тақырыпта сабақ өткіздім.

Сабақтың тақырыбы:
Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі
Сабақтың мақсаты:
Іскерлік қарым-қатынасқа орай сөз әдебін игерту, оқушы қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы:
Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір-бірінің пікірін сыйлауға баулу.
Сабақтың типі:
Аралас сабақ.
Сабақтың түрі:
Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:
Топтастыру, сұрақ - жауап, пікірталас, шығармашылық бес жол өлең, іскерлік ойын.
Сабақтың көрнекілігі:
Кестелер, үлестірмелі қағаздар, мультимедия комплексі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар:
1. Қыпшақ - ноғайлы тілдері тобына қандай тілдер жатады?
2. Адамдар арасындағы қарым - қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Тілдік қарым - қатынаста сөз мәдениетін неше түрге бөліп қарауға болады?
4. Ауызекі сөйлеу мен жазба тіл дегенді қалай түсіндірер едіңдер?
5. Адамдар арасында тілдік қарым - қатынастағы сөздерді қолданылу аясына қарай қанша түрге бөліп қарастыруға болады?
6. Әлеуметтік - тұрмыстық тіл дегенге түсінік беріңдер.

Мұғалімнің сөзі:
Іскер адамдар кімдер? деген сұраққа жауап аламын.

Саясаткерлер
Ғалымдар
Өнер адамдар
Іскер адамдар: Депутаттар
Банк қызметкер
Емшілер
Жазушы
Әкімдер
Зауыт қызметкерлер
Сауда қызметкерлер
Бұл сөздер плакатқа жазылады.
Оқушылар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын әр топ өздеріне ат қоюы керек.
1 топ Оқушылар тобы
II топ Ғалымдар тобы
ІІІ топ Саясаткерлер тобы
Топ жетекшілерінің сайысы
Бас болмақ оңай, бастамақ қиын
Сайыстың шарттары:
1. Топ жетекшілер сайысы
2. Бес жолды өлең және С.К.Т алты сөзге.
3. Іскерлік ойын.
4. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу және сол сөйлемге синтаксис талдау.
5. Ділмар (шешендік сайыс).

І топ Егер мен білім министрі болсам...
ІІ топ Егер мен қалалық білім басқармысының бастығы болсам...
ІІІ топ Егер мен мектеп директоры болсам...

2. Бес жолды өлең әдісімен үш топ өз аттарын таныстырады,
І топ: 1. оқушы (фонологиялық)
2. әдепті, білімді
3. оқиды, көреді, жазады (математикалық)
4. білімді оқушы өрге жүзер
5. шәкірттер
ІІ топ: 1. Ғалымдар (фонологиялық)
2. ойшыл, дана
3. ізденеді, зерттейді, қорғайды.
4. ғылымның тұңғиығына бойлаған ғұламалар
5. оқығандар (математикалық)
ІІІ топ: 1. Саясаткерлер (фонологиялық)
2. ақылды, айлалы
3. ойланады, сөйлейді, бағындырады
4. саясатты сараптай білетін серкелер
5. депутаттар (математикалық)

1. Іскерлік ойындар.
Оқушылар тобы:
Біз бұзақы бала гүлді сындырды. Сындырған бала кетіп қалып, сен қалдың. Сынып жетекшісі келіп саған дауыс көтерді. Сен қалай жауап берер едің?
Ғалымдар тобы:
Балың жетіп тұрса да қалаған оқу орнына іліге алмадың, соның себебін білу үшін, әділдікке жету үшін институт ректорына кірдің. Осы жағдайдағы ректормен әңгімені көрсетіңдер.
Саясаткерлер тобы:
Ұжымда жер бөліс мәселесі шешілуде. Сен шұрайлы жерден өз үлесіңді алу үшін ұжым басшысына барып, өзің қалаған жерді сұрауың қажет. Ролдік ойын түрінде осы жағдайда әңгімелесу

2. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және сол сөйлемге синтаксис талдай жасау.
3. Ділмар. Шешендік сайыс

Т Білімді жас өз орнын таба ала ма?
Р
А
Ф
Қасиетті - ана тілім атты тақырыпқа эссе жазу.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге: Мәдениет мәйегі осы сөзге түсініктеме жазып келіңдер.

Сабақтың тақырыбы:
Ғ.Мұстафиннің өмірбаяны.
Сабақтың мақсаты:
Жазушы өмірімен, өмір сүру жылдарымен танысу. Толық мәлімет алу. Қосымша өз білімдерін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты:
Ақын өмірімен таныса отырып, оқушыларды жазушының шығармашылығы арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Ойын толық жеткізе білуге және толық айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Шығарманы көркемдеп түсініп оқуға және еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:
Ақпараттандыру пәні, тарих.
Сабақтың көрнекілігі:
Үнтаспа, тірек сөздер, кітап көрмесі, компъютер.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап әдісі, сыни тұрғысынан ойлауды ақпараттандыру құралы арқылы жүзеге асыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар компъютерде сөзжұмбақ терілген. Сол сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі өтетін жазушының атымен танысамыз.
а.сөзжұмбақты шешу.
ә.тақырыбын айту
б.мақсатын жеткізу
Тақтадағы эпиграф арқылы сабақты бастау.
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше-ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш қуатымды халық мүддесіне бағыштаған жазушымын. Менің шығармашылым-
ның өзегі - арқауы негізгі жаңа заман, жаңа адам.
ІІ. Жаңа сабақ.
-Ал енді балалар өздеріңнің ізденіп келген білімдеріңді ортаға салсаңдар.
(өздері әкелген материалдарды талдау).
ІІІ. Мағынаны тану.
1-топқа және 2-тоқа мәтін үлестіріледі.
1-топ.
Новосибирьде, орыс арасында болған бес-алты жыл уақыт тәжірибе білім жағынан маған үлкен университет болды. Соның нәтижесінде 1938 жылы Алматыға келе сала, Өмір мен өлім романын жаздым. Өмір мен өлім роман жазу жолындағы бірінші қадамым. Толстой мен Гюгоден үлгі алдым. Әкем ұзақ түндерде Хикмет кітабын бар дауысымен оқып маған әділдік, уәдешілдік, кішіпейілділік туралы айтып отыратын.
2-топ
Өндіріс тақырыбында-Отанымыздың үшінші көмір алабы-Қарағандыға оңай келген жоқ. Ой арнасы кеңігекн кезде келдім. Қарағанды маған бала күнімнен таныс. Біздің ауыл осы маңда болатын. Менің көзқіммен сүйсіне сезгендерім Қарағанды романын жазғызды.
Не білдім
Не білгім келеді
Не білдік
Қарағандыға оңай келмегендігі;
Бала күнінен қаланың таныс болуы;
Козловтың жұмысқа алуы;
Машинист, токарь
Болып жұмыс істеуі; Басқа ұлт өкілдерінің қазақ еліне көмектесуі
Шығармаларымен терең танысқым келеді.
Жазушының өмір тәжірибесін көзбен көріп сүйсіне сезгендері.
1-топта, 2-топта компьтерде толтырып шығады.
Топ басшыларына тексерту.
-ал,енді балалар Ғ.Мұстафиннің шығармашылығы туралы оқулықта былай делінген:
-Ғабиден Мұстафин мұрасы 20-40 жылдарыдағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық-дән салмағынан басын көтере алмай, маужырап тербелген қалын бидай мен басын көтере алмай гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып туған өлкеге көз жібереді. Еңбекке толы уақытты көресіз. Ғ.Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Аянбай ат салысты.
-олай болса,өздерің Ғ.Мұстафиннің еңбегі туралы не айтар едіңдер

Топтастыру әдісін кұрып көрейік

Ғ.Мұстафиннің еңбектері

-ал, енді Шығанақ Берсиев ағамыздың ақ тарысы туралы қандай - мақал мәтелдерді жаттап келдіңіздер?
Тары - мығым ас.
Бидайдан бір тамғанда, тарыдан екі тамады.
Кеспе көже күн батқанша, ең құнарлысы тары.
Тарыны етке қоссаң нан.
-ал, енді балалар, осы Шығанақ Берсиевтің ағылшындар қызығып сатып алған сүйікті қазақ халқының ұлттық тағамы мынау - тары. Ал осы тарыдан жасалған мынау талқан. кесеге салып көрсету
-Құрметті оқушылар! Енді бәріміз бір сәт ойымызды жинақтай келіп, 5-шумақ өлең жазамыз.
Ғ. Мұстафин өзі Талпынған жаңа талантты көзім шалса болғаны, оны шығар биігіне шалдықтырмай жеткізу үшін талабына кілем болып төселгім келеді деген екен
-Ендеше іске сәт!
-Ал балалар осы біздің кемеңгер жазушымыз тәрбие туралы не деген екен?.
-Енді аға өсиетін көңілімізге түйе отырып, ашық хат жазамыз.
-Сонымен бүгінгі сабақтағы Ғабиден аға туралы өз замандастары, қаламгерлері не айтқан екен Соны үнтаспадан тыңдап көрейік
Үнтаспадан: Ғабиденмен 1938 жылдан бері Алматы қаласында тұрып, бірге жасап, әлеуметтік, жазушылық істердің біразын бірге атқарып келеміз. Осындай ой үстіндетүсініскенде, түсініспегенде де кейде жақын, кейде алшақ жүрген кездерімізде болады.
Ғабит Мұсірепов

Құрметті оқушылар!
Ғ. Мұстафин жаңа заманды, жаңа адамды шығармасына арқау еткен.Шығанақ романындағы Шығанақ Берсиев Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғыны болған. Әкесі де, атасы да егіншілікпен айналысқан екен. Бидайдың түрлерін егіп, жастарға ақыл-кенес беріп отырған жан. Ол кісіні тары дәрігері деп те атаған.
Биыл тыңға 50 жыл! Біздің еліміз егеменді ел. Ғ. Мұстафинің Шығанағы секілді ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев, Жазықбек Қуаныанышбаев атақты өзіміздің жерлесіміз Амангелді Исақов, Жансұлтан Демеев, Кәмшат Дөненбаева еңбекте алдына жан салмаған жандар.
Ал Елбасы Н. Назарбаевтың 2030 үндеуіне зер салсақ: 2030 жылы ауыл көркейіп гүлденеді деген. Ата арманы да орындалып егеменді елдің өндіріс орындары көбейіп сендер секілді азаматтар ертең сол өндірісте қызмет етері анық.
Ал, енді компьютерде берілген Ғабиден атамыздың әзіл анкетасын оқып отырып бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.
І-топ:
а Шығарманы қалай жазасыз?
2-топ:
а машинка түгілі башпаймен жазатындар бар, мен әлі қолмен жазамын.
1-топ:
а сіздің тілегіңіз?
2-топ:
а жылда жер семіз, ел семіз болғай, еңбек қырманы тасығай-ақ.
б ары қарай компьютердегі сұрақтарға жауап беріп шығады.
Сабақты топ жетекшісі бағалайды

№1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Балтабаева Ш.А.

Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген ынталылығын арттыру жолдары
Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.
Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.
Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.
Мен аралық мемлекеттік бақылауға дайындық жұмысын оқушы білімін бақылауда үй тапсырмасын сұраудан бастап, сабақты бекітуге дейін жүргіземін. Ол жалпы сыныптық сұрау, бақылау, өздік жұмыстары, белгілі бір тақырып бойынша жекелеген тапсырмалар, диктанттар. Бұл әдістердің жетістіктерімен қатар жүретін кемшіліктері де жоқ емес.
Ол кемшіліктердің бірі - мұғалімнің уақыты мен еңбегін жоғалтатын, оқушы қабілетін дұрыс бағалауға қиындық тұғызатын білімді бағалаудың бес балды жүйесі.
Орыс тілінде оқытылатын мектептердің 9-сыныптарында қазақ тілінен аралық мемлекеттік бақылау өткіздің негізі - тестік бақылау. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. әрине, тест ең керек ақпаратты береді. Тест жасаудың өзіне тәжірибе, ғылым керек. Тестті жасайтын мамандардың тәжірибесі мол болуы шарт. Меніңше, тест - өте жақсы әдіс. Бірақ, бізге тестің түрлерін әлі де болса жетілдіру қажет. Еліміздегі тест жүйесін әлі де реттеу керек және болашақта әр деңгей бойынша әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін тест түрлерін дайындап, қазақ тілін оқушылардың білім дәрежесін көтеру керек.
Оқытудың коммуникативтік әдісінін енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған білуі мақсатында жүргізледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:
1. тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
2. сөйлеу тілі тесту көбіне ситуативтік тақыраптағы сұрақ-жауап тапсырмаларынан тұрады.
Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің практикумы
Сатылай кешенді талдау технологиясына анықтама
Сатылай оқыту технологиясы
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ
«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер жайлы
Сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлері
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Пәндер