ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .3

І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары ... ... .11
1.3 Жергілікті өзін.өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде ... ... ... ... ...17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Жергілікті өзін.өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі ... ... ... ... ...47

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... 54
3.1 Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қаржылық.экономикалық үлгісін жасау ... ... 54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін.өзі басқару органдарымен өзара байланысы ... ... .67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... .79
Қазақстан Респкбликасындағы экономикалық реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі, елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты.
Осыған байланысты ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030: Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» жолдауында «министірлік ішінде орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға орталықтандыру» қажеттігі туралы айтып кеткен /1/.
Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл, ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты – жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытылы» психологиясын тудырады. Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталған/2/. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.
1. Кубаев К.Е. Формирование принципов и функций местного самоуправления в Республике Казахстан // Транзитная экономика, № 4-5, 2002г. бет 6.
2. Мамонов В.В., Табанов С.А. Конституция Республики Казахстан. Альбом схем. Алматы, «Жеті жарғы», 2001. бет 6.
3. Шугрина Е.С. Муниципальное право. Изд. «Дело». 1999г. бет 90.
4. Таранов А.А. Муниципальное право РК. Алматы, изд. «Жеті жарғы», 1999г. бет 5.
5. Универсальный учебник. Экономический словарь. Рекомендовано Академией гуманитарных наук в качестве учебного пособия для школ, лицеев и колледжей. Ростов-на-Дону, изд. «Феникс», 1996 г. б. 223.
6. Совершенствование принципов государственного управления //Казахстанская правда, 13. 03. 2003 г.
7. Ғали Ә. Қазақстан қоғамын демократияландыру деген не? // Мемлекет, №15 (2801). 11.04.2003ж. бет 3.
8. Закон Республики Казахстан «О местном самоуправлении в РК» (проект) // Газета юридической защиты, №36, 21-27 сентябрь 2000г.
9. Европейская Хартия о местном самоуправлении. Страсбург, 15 октября 1985 года // Материалы Общественного форума «Децентрализация и местное самоуправление в РК: выбор приоритетов». Стр 63-69.
10. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2002ж.
11. О концепции региональной политики Республики Казахстан на 2001 – 2006 годы: Постановление // Собрание актов Президента и Правительства РК. 2001г. №45-46, стр 226.
12. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения //АльПари №3-4, 2000 г. бет 27.
13. Елубаева Ж. Распределение расходных полномочий: краткий обзор теории и практики на примере италянской республики // Қаржы-Қаражат, №1, 2003 г. бет 39.
14. Белиспаев А.М. Децентрализация власти и развитие местного самоуправления в Республике Казахстан // Саясат, апрель-май, 2000 г. б. 53-54.
15. Кичкин Б. Разграничение компетенций органов местного самоуправления // Проблемы теории и практики управления, №4, 2000г. бет 79-80.
16. Уваров В.Н. Теория государственного управления. Часть 2. Учебное пособие. Алматы, 2001г. бет 6.
17. Мүсіреп Ғ. Орталықсыздандыру біртіндеп жүзеге асады // Егемен Қазақстан, 18. 01. 2002 ж. №11 (22914). бет 2.
18. Децентрализация: эксперименты и реформы. Под редакцией Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной и Восточной Европы. Том 1. Отпечатано в Будапеште, Венгрия, май, 2000г.
19. Козбаненко. В. Формы и методы государственного управления //Проблемы терии и практики управления, №2, 2000г. бет 46.
20. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства //Транзитная экономика, №4, 2001ж. Бет 49-50.
21. Чиркин В.Е. Государственное управление. Юристъ, Москва, 2002. б. 75.
22. Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией В.И. Кушлина. Москва, Экономика, 2000г. бет 238.
23. Концепция разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. Одобрена постановлением Правительства РК от 10 февраля 2003 года №147 // Собрание актов Президента РК и Правительства РК, №7, 2003.
24. Шайынғазы С. Басқару жүйесін жетілдіру – заман талабы// Егемен Қазақстан, 8.04.2003жыл.
25. Местные самоуправление в зарубежных странах. Под редакцией
26. Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан 2002жыл.
27. Жанузакова Л.Т. Компетенция местных представительных органов в области бюджета и финансов // Экономика и право Казахстана. №12, 2003г. бет 51-52.
28. Келімбетов Қ. Өкілеттіктерді айқын ажырату – бүгінгі күннің басты мәселесі // Егемен Қазақстан, №151 (23053) 2.07.2002ж.
29. Назарбаев Н. Билік жүйесі дамудың жаңа деңгейіне сай болсын //
Егемен Қазақстан, №77-78. 4.04.2003ж. бет 2.
30. Қазақстан Республикасының Статитика Агенттігі Қазақстан 1991-2002. Бет 502.
31. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. Алматы,
Ғылым, 2000г.
32. Концепция индустриальной политики Республики Казахстан на период 2010 год.
33. Статистикалық жылнама 1991-2002.
34. Никифорова Н. Предпосылки новой стратегии государственного
управления национальной экономикой // АльПари, №1, 2003.
35. Кубаев К. Е. Местное самоуправление. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. бет 44.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

Бітіру жұмысы

Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және
механизмі

Орындаған 4 курс
студенті
Батырғалиев Н.С.

Ғылыми жетекші
э.ғ.д., профессор ___________________ Бибатырова
І.А.

Норма бақылаушы
аға оқытушы ___________________ Заурбеков
М.С.

Кафедра меңгерушісімен
қорғауға жіберілді,
э.ғ.д.., профессор ___________________ Кубаев
К.Е.

АЛМАТЫ, 2006
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары ... ... .11
3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру
нәтижесі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық
міндеттемелерді бөлу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін
қалыптастырудағы мемлекет
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 47

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық
үлгісін
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 79

КІРІСПЕ

Қазақстан Респкбликасындағы экономикалық реформалардың басымдылықты
бағыттары мемлекеттік басқруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі
басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамытумен барлық
экономикалық жүйенің толық қызмет етуі, елдің тұрақты әлеуметтік –
экономикалық жағдайына байланысты.
Осыған байланысты ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің өзінің Қазақстан
халқына Қазақстан – 2030: Өркендеу, қауіпсіздік және барлық
қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолдауында министірлік ішінде
орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға орталықтандыру
қажеттігі туралы айтып кеткен 1.
Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын
алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы
болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі
уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға
қойылып отыр.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты
еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық
жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие.
Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері
бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің орталықтандырылған стандартты
жинағымен басқара, жоғарыда аталған факторларды ескере, мемлекет еліміздің
барлық аймақтарының қажеттіліктерін бірдей деңгейде оптималды
қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару деңгейлері
арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл,
ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты –
жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті
тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие
емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың
басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде уақытылы психологиясын тудырады.
Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру
мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын
орындауға бағытталған2. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін
өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне жаңа талаптар мемлекеттік
басқару жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі ретінде
ғана емес, сонымен бірге ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару жүйесі ретінде
ғылыми негізделген үлгіні жасау қажеттігін негіздейді. Бұған байланысты
мемлекеттік басқаруды реформалау және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту
мәсілілірін зерттеу облысындағы теориялық - әдістемелік және қолданбалы
зерттеулердің ролі өседі. Жоғарыда аталғандар диссертациялық зерттеу
тақырыбының өзектілігін негіздейді.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқару
жүйесін дамытудың теориялық - әдістемелік және ғылыми – тәжірибелік
аспектілерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыста келесі негізгі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік басқарудың қазіргі жағдайын талдау және мемлекеттік
биліктің барлық вертикалі бойынша туындап отырған мәселелерді анықтау;
- мемлекеттік билікті орталықсыздандыру қажеттігін және жергілікті өзін
өзі басқару жүйесін енгізуді негіздеу;
- муниципалды басқаруды дамыту мәселелері бойынша экономикалық дмыған
елдердің тәжірибесін зерттеу;
- ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту тенденциялары мен
перспективаларын анықтау;
- Қазақстандық нақтылыққа сай жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің
ұйымдастырушылық үлгісін жасау;
- жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту жолдарын анықтау мақсатында
жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет етуінің қаржылық –
экономикалық негізін талдау;
- жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің қаржылық – экономикалық үлгісін
жасау;
- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару органдарының
өзара әрекет ететін тиімді әдістерін анықтау.
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде жаһандану жағдайындағы мемлекеттік
басқарудың рөлі мен мәні, қажеттілігі қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың
бұл бөлімінде қазіргі кезеңде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған
орталықсыздандыру мәселесі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен
байланыстырыла отырып қарастырылады.
Бітіру жұмысының екінші бөлімінде Қазақстандағы мемлекеттік басқару
жүйесінің тиімділігін сипаттайтын үрдістер талданады. Бұл бөлімде
мемлекеттік басқарудың негізі ретінде бюджет жүйесіне үлкен мән беріліп,
жергілікті бюджеттер мен мемлекеттік бюджеттер арасындағы мәселелер
қарастырылған
Үшінші бөлім мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру сияқты күн
тәртібінде жүрген өзекті мәселеге арналған. Әрине, бұл бөлімде мемлекеттік
басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының арасындағы байланыс
тәрізді күрделі мәселеге де баса назар аударылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде мемлекеттік басқарудың жаһандану
жағдайындағы рөлін кеңейте түсуге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар
жасалынды.

1. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде бірінші рет
экономиканы дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша
реформалар жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде қазақстанның алғашғы
жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге,
халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар
жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы
ұлттық негізі құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі
жергілікті мемлекеттік басқару және ЖӨӨ жүйесін реформалау, яғни
мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселесін зерттемес бұрын,
мемлекеттік басқару, оның қағидарары мен қызметтері, әдістері және т.б
түсініктерін анықтауға тоқталған жөн.
Нарықтың азаттық, бәсеке және демократиялық тәртіп барын сипаттайтын
қазіргі экономикада маңызды орын мемлекеттік ықпалға берілген.
Осыған байланысты мемлкеттік басқару нарықтық механизмнің тиімді
қызмет етуін; таза нарықтық механизмдерді қолдану мақсатсыз және тиімді
емес әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды ретеуді; әлемдік
масштабында мемлекеттілікті және мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге
қызмет етуі керек.
Мемлекеттік басқару – мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды
тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-
әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер
етуі керек. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және
билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және
басқа өнімдерінің (тұтыну құндылықтарының) ұдайы өндіріс салаларында қызмет
ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді. 3
Мемлекеттік басқару тероиясындағы атақты маман Г.В Атаманчук осы
мәселе бойынша келесі мәселені береді: мемлекеттік басқару бұл –
мемлеукеттің адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру
мақсатында тәжрибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері. 4
Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: а) іс-
әрекеттін жүзеге асыру кезінде ол билікке басымдылық беретін
ұйымдастырушылық күшіне сенеді; б) басқарушылық әсерінен оның маңызды
тамырлы процестерін құбылыстарын, өзара байланысын реттей отырып, қоғамға
өзінің ықпалын көрсетеді; в) жүйелі қызмет етеді себебі екі күрделі
құрылымдардың, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет
етуін біріктіреді.
Француз ғалымы Р.Грегори монографиясында мемлекеттік басқаруға
мемлекеттік биліктің арнайы агенті болып қызмет ететін барлық қоғамның
мүдесіне дамуды реттеуге бағытталған ерекше әлеуметтік қызмет - деп
анықтама берген.
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен
мемлекеттік әкімшілік биліктің үш сферасын – заң шығарушы, атқарушы және
сотпен байланысты деп санайды. Мұндай бағытты Д. Вильсон, У.Дмон, Р.Горд,
Д.Гринбурд, Р.Григори, Л.Нигро, Ф.Нигро, М.Роскин, ұсынады 5]. Бұл
көзқарас әсіресе американ ғалымы Л.Нигро мен Ф. Нигронның Қазіргі
мемлекеттік әкімшілік атты монографиясында анық бейнеленген. Авторлар
мемлекеттік қызметке жан-жақты анықтама берген: мемлкеттік әкімшілік –
мемлекеттік істердегі 1) заң шығарушы, атқарушы, сот және олардың өзара
әсерімен байланысты. 2) мемлекеттік саясатты қалыптастыруағы маңызды мәнге
ие және саяси процестердің бір бөлігі болып табылатын 3) жеке секторлардың
әкімшіліктер ерекшеліктерін; 4) әртүрілі компаниялар мен ұймдарда жұмыс
істейтін жеке топтармен және индивиттермен тығыз байланысты ұйымдастырылған
топтық әрекеттерді білдіреді 5.
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдағы әлеуметтік процестерді
мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді.
Мемлекеттік басқару пәні саяси жүйе мен территроияның жалпылығымен
байланысты адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өмір сүруіне әсер
етудің нысандары мен әдістері болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұдайы өндірістердің барлық жақтарына әсер етеді;
өнірістік қатынастардың негізіне мемлекеттік нысандарын қояды.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, олардың
қызығушылықтарын қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тәжрибелік
қызмет етуінде көрінеді. Ол табиғи еңбек матиралдық ресурстарды қолданады,
халық шаруашылығы және әлеуметтік сфера салаларын басшылыққа алуда,
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті қорғауды
жақсартуға бағытталған. Мұнда ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, талдау
қызметтері орындалады және сендіру,ынталандыру, күштеу, жазалау әдістері
қолданылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері – бұл қағидалар құралддар
мен тәсілдердің органикалық жиынтығы. Талдаудың негізгі әдістері – жүйелі
талдаулар, синтез, анология, салыстыру, байқау тәжрибе және т.б. [5, 9-
10бет]
Мемлекеттік басқару саяси, құқықтық экономикалық әдістер жүйесі
ретінде адамдардың қоғамдық қызметін оптималдауға және олардың
қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталуы керек. Жоғарғы
ирархиялық құрылымның басқарушылық әсері басқарушы жүйесімен тікелей
байланыстар арқылыы жүзеге асырылады. Басқарушы әсерге баламалы ықпал
байланыс бойынша түсетін ақпаратпен анықталады.
Мұнда басқару субьектісі – мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен
оларда қызмет ететін лауазымды тұлғалар, ал объектісі – қоғамдық процесстер
адамдар, шаруашылық етуші субьектілер және т.б болып табылады.
Ресей ғалымы А.В Пикулькин мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын
көрсеткен:
1. Өкілеттіліктің жауапкершілікпен үйлесімділігі;
2. Бас звеноны бөлу;
3. Кешенділік;
4. Басқарушылық;
5. Бірлестік;
6. Иницативтік;
7. Мақсатпен оған жету құралдарының сәйкестігі;
8. Шешім қабылдау уақыттылығы;
9. Сызықтық және функциялларды үйлесімділігі;
10. Жаңа мәселелер туындайтындай басқарушылық тапсырмалар шешілуі
керек.
Отандық экономист Дауранов Н.Н мемлекеттік басқарудың келесі
қағидаларлын атап көрсететді;
1. мақсатқа бағытталғандық;
2. орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы;
3. бәсекелі таңдау, басқарушылық кадрлерді дайындау және бекіту;
4. басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен уақытылығы;
5. басқару мақсаты мен қызметтерімен ақпаратың сәйкестігі;
6. динамикалық тепе-теңдік;
7. қабылданған шешімдердің дұрыстығы;
8. жауапкершілік;
9. кезеңдік пен кері байланыс;
10. кешенділік
11. ирархиялық пен бөлінушілік;
12. басқаруды ұйымдартырудың ескі нысандарынан жаңасына көшу:
Мемлекеттік билік органдары жүйесі ішкі және сыртқы қызметтерді
ұйымдартырушылық және орындау мақсатында қалыптасады.
Жалпы қабылданған квалификациялауға сай, ішкі қызметерге жатады:
экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық салық салу және қаржылық
бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен
тәртіпті қамтамассыз ету.
Сыртқы қызметтер қамтиды: әлеуметтік экономикаға интеграция, мемлекет
қорғанысы, қандайда бір мәселені (экогогиялық, шикізаттық, энергетикалық,
демографиялық және т.б) шешудегі еліміздің басқа мемлекеттермен қарым
қатынасы. 6
Отандық ғалым Кубаев К.Е мемлекеттің келесі қызметтерін бөліп
қарастырады: қорғаныс пен құқық қорғаушылық қызметі және конфликтерде
үшінші жақ болады; қоғамдық игіліктерді өндіру; меншік құқығы спецификасы
мен оны қорғау; ақпаратық құрылымды қалыптастыру; тауар қозғалысы
арналарының инфрақұрылымын құру; ақша айналысы жүйесін қосқандағы шара мен
әдістердің меншік стандарттарын жасау.[7, 53бет]
Атқарушы билік органдары оларға басқару элементтері берілген жиынтық
бойынша бөлінеді және өзінің статусы бойынша министрлік, комитет, агенство
және басқа да болуы мүмкін. Әртүрілі критериялар – қызмет ету нысаны,
билікті бөлу қағидасы, ирархия, өкілеттілік мерзімі құзретін жүзеге асыру
тәжрибесі және т.б бойынша мемлекеттік органдарды топтау нұсқасы суретте
берілген.
Әлемнің барлық елдеріндегідей біздің мемлекеттің басқару құрылымы
шығындар мен оған қарсы әдістер жүйесін қолданатын билікті бөлу қағидасына
негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында;
Республикада мемлекеттік билік жалпыға бірдей, конституция және заңдар
негізінде жүзкге асырылады - делінген. Оны келесідей бейнелеуге болады.

ҚР –ғы мемлекеттік биліктің бөлінуі

1- сурет

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен
ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын
табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде
біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе
қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде
қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға
қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым
ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен,
әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін
көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің
белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын
зерттейді7.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты – адамдардың қоғамдық өмірін
басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының
объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір
адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар
жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне
қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді
ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген
аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін
қамтамасыз етеді. Мемлекет – адамдардың аумақтық ұйымдастырылуы. Осыған
сәйкес, біріншіден, ру-тайпалық қарым-қатынастар қоғамдық қатынастармен
ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік
белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет
адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.
1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Конституцияда мемлекеттік
басқару жүйесінің негізгі қағидалары мен бағыттары нақты белгіленген.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орталықтандырылған
жүйесінің схемасы 10

2 - сурет

Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы
жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын
біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін,
мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді8. Дамудың әр
кезеңінде бір жағынан, адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның
шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші
жағынан, қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың
қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің
міндеті болып табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен
өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның,
материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндірумен айналысатын
адамдардың проблемаларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз
қалап, қамтамасыз етеді.
Мемлекет үшін ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу,оның
әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты
екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге
асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады.
Қоғамдағы мемлекеттің ерекше мәртебесі мемлекеттік ұстанымдарға
міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері
арқылы ғана қалыптасып және бекітілетіндігінде. Мемлекет өзінің органдары
арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, оның жүзеге асуын
өзінің қолданатын барлық әдістерімен, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық-
құқықтық әдістері арқылы қамтамасыз етеді. Мемлекет заң шығаруда заңды
монополияға ие және оны орындату барысында мәжбүрлеу тәсілін қолданады деп
айтуға болады.
Мемлекеттің мәні сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге
асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын - ортақ қажеттіліктерді,
мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік-құқықтық
нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір
көлемде және жағдайда құратындығында, қолдайтындығында. Бұл аппараттың
күрделі құрылымы мен жан-жақты бағытталған қызметі бар. Оның бір бөлігі заң
шығару функциясымен, заңдардың орындалуымен және азаматтарға сот ісін
жүргізумен айналысады, яғни оның функционалдық түсінігінде мемлекеттік
басқарумен байланысты, ал екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық
деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Аппараттың жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан
алшақтауы, оның көлемі және иерархиялық құрылымы, қызметкерлерінің сапасы
және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік
басқару үшін маңызды.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының
ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншісі, мемлекетті ең кең
мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ
жоғары билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті
білдіру, жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның құқығы мен
бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде
сипаттайды. Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс-әрекеті мен
тәртібін реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың
жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси-құқықтық институт, саяси билік ұйымын
құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлекетті институционалдық
тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын
нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы
Л.Санистебан былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет небәрі нақты
уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің
бір түрі9.

2. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары

Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу
жария биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы
қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін
оның функцияларын қарастыруды көздейді.
Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің таптық және жалпы адами мәні
мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі
және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Бұл анықтамада мемлекет
функциясының маңызды белгілері көрсетілген:
1. мемлекеттің функциялары оның таптық және жалпы адами мәнін
тікелей ашып көрсетеді және нақтылайды; олардың мазмұны қоғам мүшелерінің
таптық, топтық (корпоративтік), ұлттық және жеке мүдделерін ескереді.
2. мемлекеттің функцияларында оның белсенді қызметтік рөлі
айқындалады, сондай-ақ ел ішіндегі және халықаралық аренадағы жан-жақты
практикалық қызметі жүзеге асырылады;
3. мемлекеттің функциялары оның тарихи міндеттері мен мақсаттарына
байланысты пайда болады және дамиды; мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін
өз қызметінің тұрақты қалыптасқан бағытын құрайтын тиісті функцияларды іске
асыру арқылы атқарады;
4. әр түрлі тарихи тұрпаттағы мемлекеттердің функцияларында оларға тән
даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани өзгерістердің деңгейі нақты көрініс табады.
Мемлекеттің әр түрлі көптеген функцияларды орындауына қарай оларды
ғылыми тұрғыдан жіктеу қажеттілігі туындайды. Функциялар бір бірінен
келесідей жалпы белгілері бойынша ажыратылады: біріншіден, мемлекеттік
әсер ету объектісінің ерекшеліктері, өзінің қызмет ету процесінде мемлекет
ықпал ететін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері бойынша; екіншіден, әрбір
функция мазмұнының, яғни мемлекет қызметінің біртекті, бір-біріне ұқсас
түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бойынша.
Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты,
атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді
дамыту – бұл оның ішкі функцияларын құрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті
қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің
сыртқы функцияларына жатады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының арасында негізгі және
қосымша функцияларын да атап өткен жөн. Негізгі функциялар – бұл белгілі
бір тарихи кезеңде түбірлі стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды жүзеге
асыру жөніндегі мемлекет қызметінің жалпы маңызды бағыттары. Оларға
бірқатар сипаттар тән: біріншіден, оларда мемлекеттің таптық және жалпы
адами мәні, оның әлеуметтік бағыты айқын көрініс тапқан. Мәселен, бір
жағынан байланыс құралдарын ретке келтіру, жол құрылысы мен жөндеуді
қамтамасыз ету, көлік жұмыстары, өсімдіктерді аурулардан қорғау жөніндегі
халықаралық конвенцияларға қатысу, эпидемияға қарсы күрес сияқты
қызметтерін, екінші жағынан, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік қызметін,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық нысандарын
қорғау, елдің қорғанысын жүзеге асыру іспетті қызметінің бағыттарын
салыстыру жеткілікті.
Екіншіден, арнайы органдар арқылы (мысалы, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, жоғары білім беру, дипломатия, сыртқы сауда және
т.б) іске асырылатын мемлекеттің көптеген функцияларына қарағанда негізгі
функциялар әр түрлі жағдайда мемлекеттік аппараттың көптеген буындары
арқылы орындалса да жалпы мемлекеттік қызметке жатады.
Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымы жағынан негізгі функция
кешенді, жинақы сипатта болады, сондықтан жүйелі талдауды қажет етеді. Ол
мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметінің шешуші, негізгі бағыттарының біріне
күш-жігерді шоғырландырады. Әлеуметтік өмірдің нақты саласындағы өзара
ұқсас ауқымды қоғамдық қатынастар оның негізгі объектісі болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің негізгі функциялары қоғамдық қатынастарға
мемлекеттік ықпал етудің басты бағыттары бойынша көптеген қосымша
функцияларға топтастырылады. Бұл функциялар негізгі функциялардың
құрылымдық бөліктері бола тұра, қоғамдық өмірдің нақты саласында
мемлекеттің міндеттерін орындау жөніндегі қызмет бағытын білдіреді.
“Қосымша” деген терминнің шартты түрде қолданылатынын ескерген жөн.
Ол көптеген сан түрлі функциялардың ішінен көлемі ауқымды, мазмұны бойынша
жалпы мемлекеттің негізгі функцияларын анықтау үшін қолданылады. Негізгі
функция әр қилы функциялардың жиынтығы емес, ішкі бірлігі бар, мақсатты
бағытталған мемлекет қызметінің көптеген бағыттарының жүйесі екендігін
атап өткен жөн.
Мемлекеттің негізгі және қосымша функцияларынан мемлекеттік
органдардың функцияларын, яғни мемлекеттік механизм мен қоғамның саяси
жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай жеке органдардың
құзіретін, құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын ажырата білу
қажет.
Өзінің мазмұны бойынша мемлекеттің негізгі функцияларының орындалуы
көптеген қосымша мемлекеттік функциялар мен жеке мемлекеттік органдар
функцияларының жүзеге асырылуының үздіксіз процесін білдіреді. Аталған әр
түрлі мемлекеттік функциялардың арасындағы қатынас мемлекет қызметіне тән
жалпылықты, ерекшелік пен бірлікті білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттің
негізгі функцияларын оның қызмет ету міндеттерімен және қағидаларымен
өзара байланыста қарастыру қажет.
Мемлекеттің функциялары мен міндеттері өзара тығыз байланысқан, бірақ
бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстар. Оларды бір-біріне қарсы қоюға да,
теңестіруге де болмайды. Мемлекеттің міндеттерінде оның әлеуметтік бағыты,
белгілі бір тарихи кезеңдегі миссиясы анықталады. Міндеттер функцияларға
қарағанда бастапқы мәнге ие және олардың тікелей алғышартын құрайды. Өз
кезегінде мемлекеттің функциялары оның міндеттерін жүзеге асыру, орындау
құралдары болып табылады. Функциялардың жүзеге асырылуы арқылы мемлекеттің
міндеттері орындалады.
Мемлекеттің тарихи дамуы барысында оның функциялары да өзгереді:
олардың кейбіреулері жойылады, басқалары - өзінің мазмұнын өзгертеді,
үшіншілері – қайтадан пайда болады. Бірақ барлық жағдайда олардың пайда
болуы нақты тарихи кезеңдегі қоғамның экономикалық және әлеуметтік –
таптық құрылымымен, мемлекеттің мәнімен және әлеуметтік тағайындалуымен
байланысты. Сондықтан мемлекеттің функциялары оның белгілі бір мемлекет
тұрпатына жататындығын ескеріп қарастырылуы қажет.
Қазақстан құқықтық негізі Конституцияда белгіленген өз мемлекеттігі
дамуының маңызды кезеңін басынан кешіруде. Бұл кезең түбірлі саяси,
әлеуметтік-экономикалық және рухани өзгерістерді жүзеге асырудың, адамның
құқықтары мен бостандықтары өзінің ең жоғары құндылығы болып табылатын
нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғам мен демократиялық,
әлеуметтік, құқықтық мемлекетті қалыптастырудың өтпелі кезеңінен бастау
алады. Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі уақытпен салыстырғанда Қазақстан
мемлекетінің функциясының өзгеруі және дамуы осы міндеттерді атқарумен
тікелей байланысты болды.
Нарықтық реформалар мемлекеттің экономикалық қатынастарға әсер ету
механизімінің шегін белгілеп, өзгертті, жеке меншік пен еркін
кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасады, экономиканы мемлекет иелігінен алуға
алып келді. Әкімшілік-әміршілдік жүйенің ыдырауы социалистік мемлекеттің
шаруашылық –ұйымдастырушылық функциясына тән экономиканы басқарудағы
мемлекеттік монополияны жойды, нарықтық қатынастардың дамуына жол ашты.
Экономикалық тәуелсіздік жағдайында материалдық игіліктерді тең бөлу
жүйесі жаңа экономикалық қатынастарға сай келмеді, олардың дамуын тежеуші
факторға айналды. Осыған байланысты еңбек мөлшері мен тұтыну мөлшерін
мемлекеттік бақылау функциясы қажет болмады. Жаңа жағдайда бұрын
әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі жүзеге асырған шаруашылық-
ұйымдастырушылық, мәдени-тәрбие және тағы басқа ішкі функциялардың мазмұны
елеулі өзгеріске ұшырап, күрделенді. Сәйкесінше функциялар жүйесін және
олардың атауларын нақтылау қажеттілігі туындады. Қазіргі кезеңде Қазақстан
мемлекетіне келесідей негізгі ішкі функциялар тән: экономикалық;
әлеуметтік; мәдениет, ғылым және білім беруді дамыту; салық салу және салық
жинау; экологиялық; азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау, барлық
меншік түрлері мен құқытық тәртіпті сақтау.

Кесте 1 - Экономиканы мемлекеттік реттеуді қажетсінетін факторлар*
Факторлар топтамасы Факторлардың мазмұны
1. Экономиканың нарықтық нарықтық үрдістердің берекесіздігін шектеу.
сектор мәселелерін шешуменЖиынтық сұранымның, нарық конънктурасын
байланысты тиімді болуын қамтамасыз ету.
Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық талаптар
мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.
Нарықтық ашықтығын, бәсекеге қолдау көрсету.
Әлемдік нарықта бәсекені күшейту.
2. Экономикалық Экономиканың жалпы дамуына жағдай жасау,
тұрақты-лықты, кеңейтілгенжиынтық капиталдың қызмет етуінің экономикалық
ұдайыөндіріс үрдісін тиімділігін қамтамасыз ету, шаруашылық
қамтамасыз етуші факторларсубъектілердің ойын тәртібін анықтаудың
қажеттігі.
Экономиканың циклге қарсы дамуын қамтамасыз
ету.
Ұзақмерзімді экономикалық өсуді, іскерлік
белсенділікті ынталандыру.
Халық шаруашылығының оңтайлы құрылымын
қалыптастыру.
Макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдау.
Экономиканың мемлекеттік секторын тиімді
басқаруды қамтамасыз ету.
Ақша айналысын реттеу.
Ғылымның, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
қосылу.
3. Әлеуметтік мәселелерді Табыстарды ұтымды қайта бөлуді қамтамасыз ету.
шешумен байланысты
факторлар Әлеуметтік шиеленісті қысқарту, әлеуметтік
тұрақтылықтың экономикалық негізін қамтамасыз
ету.
Халықты толық еңбекпен қамту.
Жұмыс күшінің кеңейтілген ұдайыөндіріс
шарттарын қалыптастыру, адамның
интеллектуалдық қабілеттерін дамыту (денсаулық
сақтауды, білім беруді, мамандарды қайта
дайындауды және тағы басқалар).

* Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией
В.И. Кушлина. Москва, Экономика, 2000г. бет 238.

Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы мемлекеттің
рөлі толық көрініс тапқан. Бұл функция Қазақстанның экономикалық
механизімін түбірлі өзгеріске ұшыратқан нарықтық реформаға негізделген.
Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың кейбір маңызды элементтері:
экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы
белгіленген болатын. Сонымен қатар экономикалық процестерге мемлекеттің
араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін
тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға
толық басқару жүргізген әміршіл-әкімшіл мемлекеттің шаруашылық-
ұйымдастырушылық функциясымен салыстырғанда қазіргі кездегі мемлекеттің
экономикалық функциясының басты ерекшелігі де осы.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса
қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік
маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын
кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және
әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық
секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге деген жеке меншік
құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу
сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің
қалыпты жағдайын жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен
денсаулығын қорғауды, еңбекақының кепілденген төменгі мөлшерін белгілеуді,
отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау
көрсетуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды,
мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау
кепілдіктерін белгілеуді мемлекет өз мойнына алады. Сонымен бірге
мемлекеттің әлеуметтік функциясы халықтың өмір сүру деңгейін
тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізуге
бағытталған.
Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту функциясы мәдениет
пен әдебиеттің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың,
радио, телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына
мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи-мәдени мұраны, тарихи кешендерді,
қорықтық аумақтарды, музейлерді сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның
дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына мемлекеттік
қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы мектептердің
шығармашылық қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен
фундаментальды теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің
ғылыми потенциалын тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің
жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған
функциясына жатады.
Ғылыми-техникалық революцияның дамуы және оның адамға тигізген
салдары мемлекеттің экологиялық функциясына немесе табиғатты қорғау және
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану функциясына деген қажеттілікті
тудыратын объективті фактор болып табылады. Адамдарға орасан зор игіліктер
әкелетін ғылыми техникалық революцияны жедел дамыту қоршаған табиғи
ортаны қоғамдық өндіріске көптеп тартумен байланысты, ал ол өз кезегінде
су және су көздерінің ластануына алып келеді, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер төндіреді. Осы
жағдайда экология мәселесіне жеке ел шеңберінде ғана емес, сондай-ақ
ғаламдық, халықаралық ауқымда басты назар аударылып, адамзатты сақтау,
қоршаған ортаны қорғау ғаламдық проблемаға айналды. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қызметті үйлестіру мен мемлекеттік басқару, табиғатты
пайдалануды реттеу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған
ортаның сапасын жақсарту экологиялық функцияның негізгі бағыттарын
құрайды. Мемлекет заңнамалар арқылы табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық
режимдерін белгілейді, азаматтардың салауатты өмір сүретін дұрыс ортасын
қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.
Салық салу және салықтарды жинау функциясы мемлекеттің шаруашылық-
ұйымдастырушылық қызметін қарастырғанда қамтылған болатын. Қазақстан
дамуының жаңа кезеңінде аталған функция рөлінің өсуіне, көлемінің ұлғаюы
мен мазмұнының күрделенуіне байланысты экономикалық функциямен тығыз
байланыста бола отырып, жеке негізгі функциялардың біріне айналды. Ол
салықтардың барлық түрі, оның ішінде барлық меншік түріне негізделген
кәсіпорындардың табыс салығы, қосымша қаржылық алым, баж салығы, төлемдер
есебінен мемлекеттік қазынаны қалыптастыру мен толтыруды білдіреді.
Экономикадағы қазіргі кездегі дағдарысты құбылыстар қарастырылып отырған
функцияның алдына қазынаға салықтарды тиімді жинау міндетін қоюда. Бірақ
жағдайдың біртіндеп тұрақтануына байланысты салық функциясының экономикаға
реттеуші ықпалы орын алады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық
нысандарын, құқықтық тәртіпті қорғау функциясы. Бүгінгі таңда осы
функцияның бір-бірімен өзара байланысты үш құрамдас бөліктері елеулі
өзгеріске ұшырап, даму үстінде.
Соңғы уақытта тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем өзгерді. Ғаламдық
тайталастық пен ядролық соғыс қаупінің уақыты өтті. Сәйкесінше біздің
мемлекетіміздің де негізгі сыртқы функциялары өзгерді. Халықаралық
қатынастарда ашықтық және ынтымақтастық арқылы ұлттық мүддені жүзеге
асыру, елдің ішкі дамуы мен реформаларды жүргізуге қолайлы жағдай жасау
қазіргі кезеңдегі Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының міндеттеріне
жатады. Осыған сәйкес ол келесідей сыртқы функцияларды жүзеге асырады:
елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті
қолдау, ТМД елдерімен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас
жасау, әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды
шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.
Қорғаныс функциясы. Халықаралық ахуалдың жақсаруына қарамастан
Қазақстанның сыртқы саяси проблемалары да жоқ емес. Біздің мемлекетіміздің
сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарының бірі – оның әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы функцияға сәйкес Қазақстан
Республикасының Қарулы күштері басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп
пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұруға және елдің егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның халықаралық
келісімдерге сәйкес міндеттерін орындауға арналған.
Бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау функциясы.
Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті қамтамасыз ету қызметіндегі басым
бағыттары – жаңа ғаламдық соғыстың болуына жол бермеу, жаппай қырып-жою
қаруының және жаңа әскери технологиялардың таратылмауын қадағалау.
ТМД елдерімен ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарды нығайту
функциясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты пайда
болды. Осыған орай тәуелсіз мемлекеттермен жаңа қатынастар орнату мәселесі
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Аталған
функцияны жүзеге асыра отырып, Қазақстан мемлекеті, ең алдымен,
экономикалық одақты, ТМД-ның ортақ нарығын, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін
құру, шекараны бірлесіп қорғау, адам құқығы, азаматтық және қоныс
аударушыларды қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды бұрынғы
Одақтың барлық аумағында сақтау, мемлекеттен тысқары жүрген
қазақстандықтарды қорғау мәселесін кешенді шешу, ортақ ақпараттық
кеңістікті құру бағытында ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады.
Әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды шешуде
басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту функциясы. Халықаралық байланыстардың
жаңа сипаты экономика, сауда, бизнес, ғылыми-техникалық салада мүдделерді
тиімді жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ашты. Осы бағытта әрекет
ете отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға мүше
болды. Қазіргі таңда ол Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Европа
елдерімен қатынастарын бекітіп, іс-қимылдарды үйлестіру бағытында
жұмыстар жасауда. Дүние жүзінің жетпістен аса елімен орнатқан қауырт
сыртқы экономикалық байланыстары оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке
интеграциялануының негізгі факторы болды.
Әлемдік экономикаға ену отандық рынокты әлемдік рынокпен
байланыстыратын оның сыртқы экономикалық қызметінің барлық механизімін
қайта қарауды қажет етті. Сыртқы экономикалық байланыстардағы мемлекеттің
монополиясы жойылды.

3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру
нәтижесі ретінде

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарында оның әлеуметтік-
экономикалық өмірінде, экономикалық және саяси жүйелерінде ауқымды әрі оң
бағытта өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздің алған жылдарда жүргізілген
экономикалық реформалардың аймақтарды мамандандыру бағытында дамытуды
таңдап алуына көпшілігі төтеп бере алмады, тек салалардың даму деңгейлері
ғана өзгерді. Қазақстан экономикасының негізгі салалары болып табылатын
мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай химия салалары барлық облыстар
өнеркәсіп өнімдерінің 90% пайызын құрайтын Атырау мен Маңғыстау облыстары
қарқынды даму жолына түсті. Қазірде Ақтөбе облысында хром рудасы, мұнай
мен газ өндіріледі, ал Қызылорда облысының негізгі өнеркәсібіде мұнай
өндіруге негізделіп отыр. Қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылық
(Көкшетау, Ақмола облыстарында), металлургия өнеркәсібі (Жезқазған,
Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында) және мұнай өндіруші салалары
(Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында) қарқынды даму жолында.

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары экономикасының негізгі
салалары қара және түсті металл өндіру болып табылады. Бұл облыстардың
аумақтарында түсті және қара металдардың көптеген кен орындары орналасқан.
Қазақстанның минералды-шикізаттық тізімінде мыс бірінші орында, оның едәуір
қоры Қарағанды облысының кен орындарынан табылады. Павлодар облысы
елімізде көмір өндіру бойынша алғашқы орында. Оның елдегі көмір өндірудегі
үлесі 72,3%-ды, одан кейін Қарағанды облысы 23,9% және Шығыс Қазақстан 3,4%-
ды құрайды. Ғылыми-техникалық, интеллектуалдық потенциалы жоғары және
жабдықтардың моралдық және физикалық тозуға аз ұшыраған Батыс, Солтүстік
Қазақстан облыстары және Алматы қаласында қорғаныс кәсіпорындары
орналасқан. Республиканың астық өндірісі солтүстік облыстарда – Қостанай,
Солтүстік Қазақстан және Ақмолада шоғырланған, олар тауарлы бидай, жарма
және жемшөп өндіруге бағытталған. Ауыл шаруашылығына маманданған, әсіресе,
көкөніс пен жемістерді өсіру бойынша республиканың аграрлы өңірлері Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан болып табылады. Еліміздің аумақтық еңбек
бөлінісінің жалпы сипаты осындай.
Еңбектің аумақтық бөлінісі мен аймақтар экономикасының құрылымын
сипаттайтын жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) және әр жан басына шаққандағы табыс
мөлшері сияқты көрсеткіштер қолданылады. ЖАӨ әр жан басына шаққандағы
өндірісі бойынша еліміздің облыстарының арасындағы едәуір алшақтық бар.
Мәселен, ЖАӨ әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері бойынша 2001 жылы ең
жоғары көрсеткіш Атырау облысында – 581,7 мың теңге және ең төменгі
көрсеткіш Жамбыл облысында – 50,2 мың теңгені құраған, яғни екеуінің
айырмашылығы 11,6 есеге дейінгі шаманы көрсетеді12

Мемлекетті және оның экономикасын басқаруды орталықсыздандыру-дың
саяси, әкімшілік және әлеуметтік астарлары бар екендігі, сондықтан оларды
өзара үйлестіре отырып қарастырудың басқарушылық қатынастарды жетілдірудегі
рөлінің ерекшелігі әмбеге аян. Дей тұрғанмен осы күрделі мәселені шынайы
түрде күн тәртібіне қоя бастағанда оны шешу жолдары мен методологиясының
ғылыми негіздерін анықтап алу қажеттігі туындайды. Оларды анықтауда
шаруашылық жүргізудің және оны басқарудың дүниежүзілік тәжірибесін
талдаудың да рөлі зор екені белгілі. Елімізде осы мәселенің теориялық
негізін анықтау мен практикалық нәтижелеріне аса назар аударылып, оны жан-
жақты талдау жұмыстары да жүргізілуде. Сондықтан осы мәселелерді кешенді
зерттеудің кейбір нәтижелеріне тоқталамыз.

Егер мәселенің саяси астарын қарастыратын болсақ, онда
орталықсыздандырудың жолдары, бағыттары, қағидалары мен механизмдері мына
шарттардан туындауы тиіс:

сеператизмге жол бермеу;

аймақаралық экономикалық қатынастардың құқықтық негіздерін жасақтау
және олардың тиімділігін ынталандыру;

жергілікті мүдделерді мемлекеттік мүдделермен ұштастыру;

халықтың өмір сүру деңгейінің аймақтық көрсеткіштерінің алшақтығын
жою;

макроэкономикалық тұрғыдан келгенде өндіргіш күштерді
орналастырудың тиімділігін арттыру және тағы басқалар 13.

Бүкіләлемдік банкі сарапшыларының пікірлері бойынша
орталықсыздандырудың келесідей бағыттары белгілі. Біріншіден, саяси, ол
азаматтық бостандықты, саяси құқықтылықты, демократиялық плюрализмді
білдіреді. Екіншіден, қаржылық бағытта бюджет ресурстары, бюджеттің
дербестігі, бюджет шешімдерін қабылдау сияқты мәселелер қарастырылады.
Үшіншісі ол – басқарушылық, мұнда басқару құрылымы мен жүйесі, басқаруға
қатысушылық, басқарушылық шешім қабылдау секілді мәселелер қозғалады.
Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың бірнеше түрлері бар. Мәселен,
кейбір авторлардың пайымдауынша ол географиялық, әкімшілік шешім қабылдау
жүйесі және бюджеттік деп бөлінеді [35]. Ал кейбір талдауларда локалды
(жергілікті), идеологиялық және әлеуметтік деп бөліп көрсетеді [36].
Географиялық және локалдық (жергілікті) орталықсыздандыру түрлері бір
біріне ұқсас. Мәселен, географиялық орталықсыздандыру қаланың негізгі
аумағына еш қатыс жоқ, аудандардың экономикалық дамуының белсенділігін
білдіреді. Субсидия және салық жеңілдіктерінің көмегімен шығындарды
төмендетіп аудандардағы бизнесті дамыту олардың инвестициялық тартымдылығын
арттырады. Локалды орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының дербес
іс-әрекетін, өкілеттілігін және көптеген шешімдерді орталыққа тәуелсіз жеке
қабылдау мүмкіндігінің барлығын білдіреді. Әкімшілік шешім қабылдауды және
оны орындау жүйесін орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының
өкілеттіктерін кеңейтуді білдіреді. Бұнда белгілі бір шешім қабылдануы үшін
көптеген сатыдан өтеді, міне, бұл осы процестің қысқаруын және мемлекеттік
жергілікті басқару органдарының жұмысын көтермелеуді білдіреді.
Идеялогиялық орталықсыздандыру кеңес үкіметінің құрамында болған барлық
елдердің тәжірибесінде болды. Идеялогиялық орталықсыздандырудың қауіптілігі
сонда, оның нәтижесі саяси жіктелуге әкеп соғуы мүмкін және ондай жағдайды
көптеген мемлекеттер бірнеше рет кездестірді. Дегенмен оның өзіндік
артықшылығы да бар: ол пікірталасу ортасына, интеллектуалдық жарысқа және
еркіндікке жол ашады. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының қаржылық жүйесін нығайтуды талап етуші басқару жүйесі
мен халықтың арасындағы тығыз қарым-қатынасты құрайды. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына салық салу сферасы бойынша және қаржыларды жұмсауға
белгілі бір өкілеттіктер, сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігін дербес
анықтауға мүмкіндік беріледі. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының бюджет-салық сферасында тәуелсіз шешім
қабылдауларына мүмкіндік беретін белгілі бір деңгейде автономиялы екендігін
білдіреді. Бюджеттік орталықсыздандыруға орталық билік араласады:
- біріншіден, белгілі бір топтардың мүдделерінің қалыптасуы екіншілеріне өз
кедергісін тигізеді, яғни жергілікті билік органдарының біржақты бағытта
жұмыс жасауларын болдырмау үшін;
- сыртқы әсер етуші факторларды есепке алу үшін;
- жергілікті (локалды) қоғамдық игіліктерді теңестіру үшін.
Мемлекеттік билік құрылымдарының басты мақсаты халыққа нарық
қамтамасыз ете алмайтын қызмет түрлерін көрсету болып табылады 15.
Мысалы, Италия мемлекетін өз елімізбен салыстырсақ, оның пайдалы қазбасының
тым аздығына қарамастан, онда ауыл шаруашылығына климаты аса қолайлы және
туризм жақсы дамыған. Бұл мемлекеттің бір ерекшелігі күні бүгінге дейін
экономиканың 50%-ы, ал банк жүйесінің 70%-ы мемлекеттің бақылауында болды.
1992 жылы үкімет басына еркін нарықтың жақтаушысы Сильвио Берлускони
келгеннен кейін экономика оң бет бұрыс ала бастады. Оның саясаты “қатаң
экономикалық саясат” деген атқа ие болды. Елдегі жемқорлықпен күресе
отырып, мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріле бастады. Салық салу
жүйесінде де өзгерістер болды. Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 53,2%-
дан 37%-ға дейін төмендетілгенімен, қосымша құн салығы көтерілді. Салықтар
жалпы ішкі өнімнің 41%-ын құрады. Елдің алдында тұрған басты мәселелердің
бірі ұлттық шаруашылықты дамыту үшін аймақтар арасындағы айырмашылықты жою
болды. Италияда көптеген мемлекеттермен салыстырғанда аймақтар арасында
үйлесімсіздік бар екені анық байқалып тұрады. Мәселен, оның Ломбардия,
Пьемонте және Венеция облыстары елдің жалпы іщкі өнімнің 40%-ын, ал экспорт
бойынша Ломбардияның үлесі 30%-ды құрайды. Сонымен бірге, Ломбардия мен
Валле д’Аоста облыстарында жан басына шаққандағы табыс жалпы ішкі өнімде 22
мың доллардан астам. Ал Сардания, Колабри және Сицилияда 14 мың доллардан
төмен. Осыдан облыстардың бір-бірінен айырмашылығы айқын көрініс беріп тұр
. 1970 жылдардан бастап бұл мемлекетте облыстар атынан аймақтардың
жергілікті саясат жүргізуге, әлеуметтік қамтамасыз етуге, медициналық
қызмет көрсетуге, еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлауға, қаланың
дамуын жоспарлауға, сумен қамтамасыз етуге және су қорларын қорғауға және
тағы басқаларға заңмен бекітілген құқығы бар. Атап өткен функциялар
(әсіресе, жергілікті саясат жүргізу, әлеуметтік қамтамасыз ету) жергілікті
билік органдарына 1977 жылдан бастап берілген және олар осы күнге дейін
шығындарын орталық үкіметтен бөлінетін гранттардың үлесінен жауып отыр. Ал
басқа функцияларды (еңбекпен қамту, кадрларды қайта даярлау, тұрғын үй –
коммуналды шаруашылық) облыстар коммуналарға заңды түрде табыстаған.
Оларды қаржыландыруға гранттар облыс бюджетінен аударылады 14.

Кесте 2- Италиядағы аймақтық бюджеттердің табыстар мен
шығындарының экономикалық жіктемесі (ЖІӨ-ге пайызбен)*
Облыстар Аймақтар
1990 1991 1992
1 Салықтық түсімдер 266161 75,6
2 Республикалық бюджеттен
субвенциялар 73118 20,8
3 Салықтық емес түсімдер 12388 3,6
БАРЛЫҒЫ 351867 100

2 кестеден көргендей, жергілікті бюджетттің табысы құрылымында мәнді
орынды салықтық түсімдер алады – барлық түсімдердің ¾ жуығы; субвенция
түріндегі ресми трансферттер екінші орында 15 алады; салықтық емес
түсімдер ролі аз – 3,6 %.
1995 жылы қаылданған Бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер
туралы ҚР-ның Заңына сай, салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып
бөлінеді. Келесі 5 жалпы мелекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі
Инвестициялық саясат туралы
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Шағын бизнестің экономикалық мазмұны
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау
Пәндер