Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту



І. КІРІСПЕ
ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЖЕДЕЛ КІРУІ . УАҚЫТ ҰЙҒАРЫМЫ
ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢАРТУ
3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
4. РЕЙТИНГТІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ҮДЕРІСТЕ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАРДЫ ЕНГІЗУ
6. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТУ
Тәуелсіздік жылдары біз мемле¬кет¬тік құрылыста, әлеуметтік-экономи¬ка¬лық өркендеуде, түрлі этностар мен кон¬¬фессиялар арасындағы келісімде әлем жұртшылығы таныған нәтиже¬лер¬ге қол жеткізіп, халықаралық қоғам¬дас¬тық¬¬қа толық хақылы мүше ретінде кірдік.
Мұның барлығы “Қазақстан-2030” Стра¬тегиясының шеңберінде атқарыл¬ған нақты да айқын іс-әрекеттердің, “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы¬ғарған” ұйымшыл команданың және бар¬ша азаматтарымыздың жанқиярлық ең¬¬бегі мен ауқымды қоғамдық қолдауы¬ның арқасында мүмкін болды.
Соның негізінде біз басты мақ¬са¬ты¬мыз – Қазақстанды әлемдегі бәсекеге ба¬рынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге кірісіп те кеттік. Наурыздағы Жолдауымда мен экономикамызды да¬мы¬тудың басым бағыттарын баяндап бер¬ген болатынмын. Енді Үкіметтің осы стратегиялық мақсатқа қол жеткі¬зе¬тін нақты іс-шаралар жоспары болуға тиісті.
Әрине, Жолдауда алға қойылған маңызды міндеттерді орындау үшін бізге іскер Үкімет қажет.
“Қазақстан-2030” Стратегиясында мен дамуымыздың негізгі басымды¬лық¬тарының бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтауды алға қойған едім. Қазір біз өтпелі кезеңді табыспен аяқтап, дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басқан кезде бұл міндеттің маңызы бұрынғыдан да арта түседі.
Сол себепті мен әкімшілік реформа жасау жөнінде бастама көтердім.
Германияның канцлері Отто фон Бис¬марк 19-ғасырда айтқанындай: “Қауқарсыз заңдар мен қарымды ше¬неу¬ніктер арқылы елді басқару мүмкін болар-ау, алайда, қауқарсыз шенеу¬нік¬тер¬мен ешқандай заң да көмектесе алмайды”.
Осы тұрғыда біз мемлекеттік басқаруды жаңартудың нақты жолдары мен оны одан әрі дамытудың іс-шараларын жасауымыз қажет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
2006-09-02:
Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының
негізінде МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢАРТУ
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
Республикасы Парламенті 3-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

І. КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДІ ТАБЫСТЫ АЯҚТАП, ӨЗ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА
КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ТҮРДЕ ҚАДАМ БАСТЫ
 
Сіздерді Парламенттің үшінші сессиясы жұмысының басталуымен құттықтай
отырып, өткен сессия барысындағы жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.
Сіздер мемлекетіміздің алдына қойылған іргелі міндеттерді шешу және
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
мақсатын іске асыратын аса маңызды заңдарды қабылдауда айтарлықтай қызмет
жасадыңыздар.
Тұтастай алғанда, Парламенттің екінші сессиясының жұмыс қорытындылары
айрықша бағалауға лайық.
Алайда, жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалуға болмайды. Алда бізді
күрделі де маңызды заң шығару жұмыстары күтіп тұр.

ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА
ЖЕДЕЛ КІРУІ – УАҚЫТ ҰЙҒАРЫМЫ
Тәуелсіздік жылдары біз мемлекеттік құрылыста, әлеуметтік-экономикалық
өркендеуде, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы келісімде әлем
жұртшылығы таныған нәтижелерге қол жеткізіп, халықаралық қоғамдастыққа
толық хақылы мүше ретінде кірдік.
Мұның барлығы “Қазақстан-2030” Стратегиясының шеңберінде атқарылған нақты
да айқын іс-әрекеттердің, “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған”
ұйымшыл команданың және барша азаматтарымыздың жанқиярлық еңбегі мен
ауқымды қоғамдық қолдауының арқасында мүмкін болды.
Соның негізінде біз басты мақсатымыз – Қазақстанды әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге кірісіп те кеттік. Наурыздағы
Жолдауымда мен экономикамызды дамытудың басым бағыттарын баяндап берген
болатынмын. Енді Үкіметтің осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін нақты
іс-шаралар жоспары болуға тиісті.
Әрине, Жолдауда алға қойылған маңызды міндеттерді орындау үшін бізге іскер
Үкімет қажет.
“Қазақстан-2030” Стратегиясында мен дамуымыздың негізгі басымдылықтарының
бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтауды алға қойған едім. Қазір біз
өтпелі кезеңді табыспен аяқтап, дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басқан
кезде бұл міндеттің маңызы бұрынғыдан да арта түседі.
Сол себепті мен әкімшілік реформа жасау жөнінде бастама көтердім.
Германияның канцлері Отто фон Бисмарк 19-ғасырда айтқанындай: “Қауқарсыз
заңдар мен қарымды шенеуніктер арқылы елді басқару мүмкін болар-ау, алайда,
қауқарсыз шенеуніктермен ешқандай заң да көмектесе алмайды”.
Осы тұрғыда біз мемлекеттік басқаруды жаңартудың нақты жолдары мен оны одан
әрі дамытудың іс-шараларын жасауымыз қажет.

ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢАРТУ
Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүдделері барынша ескерілетін
мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын боламыз. Мемлекеттік
аппарат корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру
қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс
істеуі тиіс.
Менің наурыздағы Жолдауымнан кейін бұл бағытта маңызды құрылымдық
өзгерістер жасалды.
Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қор мен бюджет жаңа ереже бойынша
жұмыс істеуде.
“Самұрық” қазақстандық холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры”
акционерлік қоғамдары құрылды. Олардың міндеті – мемлекеттік активтерді
корпоративтік түрде басқарудың сапасын халықаралық деңгейге көтеру.
Тап осындай қағидаттар бойынша аграрлық секторда “ҚазАгро” холдинг
компаниясын құру қажет.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылуда. Жуырда Қарағанды
облысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның ізашар жобасы ретінде
“Сарыарқа” корпорациясы іске қосылды. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін
еліміздің барлық аумақтарын қамтитын жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
құрылуға тиіс.
Құрылымдық өзгерістердің мазмұны мен сапасына басты басымдылық берілуі
керек.
Мемлекеттік басқаруды жаңарту мақсатында Үкіметке мынадай шараларды жүзеге
асыруды тапсырамын.

1. Мемлекеттік органдар ҚҰрылымын жетілдіру

2. Мемлекеттік ҚызметшілердіҢ жалаҚысын еҢбегініҢ наҚты нӘтижелеріне Қарай
ҰлҒайту
Екінші. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне
қарай, қазақстандық ірі жекеменшік компаниялармен салыстыруға келетін
деңгейге дейін ұлғайту.
Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында
мемлекеттік органдардың бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі өзгерістерге
түседі.
Мемлекеттік органдар мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі
енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен
орындайтын жұмысының тиімділігіне ғана байланысты болуы қажет.
Саяси мемлекеттік қызметшілер бойынша мемлекеттік органдар қызметін
рейтингтік бағалау нәтижелерінің негізінде жылдық бонустар төлеу жүйесін
дайындау қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтіп,
мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың біртұтас жүйесін қалыптастырғаннан
кейін Үкімет мемлекеттік аппаратты қысқартудың есебінен жалақыны жекеменшік
сектормен салыстыруға келетін деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеру жөнінде
ұсыныс енгізуі тиіс. Мемлекеттік аппаратты қысқартудан түскен барлық қаржы
жалақыны көтеруге жұмсалады. Менің есебім бойынша мемлекеттік
қызметшілердің 30%-ға жуығы қысқартылатын болады.
Еңбекақы төлеу қорының құрамында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді
ынталандыру үшін арнайы қор қалыптастырылуы мүмкін. Оны жоғары жұмыс
нәтижелері үшін сыйлық беруге және келісім-шарт бойынша қосымша
қызметкерлер жалдауға пайдалану қажет.

3. Мемлекеттік Қызмет кӨрсетудіҢ жоҒары сапасына Қол жеткізу
Үшінші. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу.
Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетудің салалық
стандарттары әзірленуге және енгізілуге тиіс.
ИСО халықаралық сапа стандарттары, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы
және олардың қоғам алдында есеп беру қағидаты кезең-кезеңімен енгізілетін
болады.
Әрбір мемлекеттік органның өз даму стратегиялық жоспары болуға тиіс, онда
нақты мақсаттар мен міндеттер, соларға қол жеткізудің жолдары, сондай-ақ
даму мүмкіндіктері көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтауды бақылау мақсатында,
қарапайым халық пен кәсіпкерлер арасында жүйелі әлеуметтік сауалдама
жүргізу жолымен де жүргізілетін ішкі және сыртқы аудит жүйесі құрылатын
болады.
Барлық жерде “электронды үкіметті” енгізу азаматтар мен ұйымдарға сапалы
мемлекеттік қызметке жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Рейтингті жӘне бюджеттік Үдерісте жаҢа Ұстанымдарды енгізу
Төртінші. Мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік үдерісте
жаңа ұстанымдарды енгізу.
2007 жылы орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері қызметін
тұрақты негізде рейтингілік бағалау жүйесі енгізілетін болады. Бұл жұмыс
үдерісін ішкі әкімшіліктендіруді жақсарту, бюджет қаржысын жұмсау
тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету
мақсатында жасалады. Аталған шара мемлекеттік органдарды өз қызметінің
тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.
Бюджеттік жоспарлауда қатаң бюджеттік шектеулерге барудан гөрі нақты түпкі
нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру жүйесіне көшуге баса мән беріледі.
Мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың нақты мақсаты
мен индикаторлары болуға тиіс. Бюджеттік қаржыны жұмсау мен тиісті
бағдарламаларды іске асыруға бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтіліп,
пәрменді бақылау жүйесі құрылуы керек. Мұнан басқа, әрбір мемлекеттік орган
өз қызметінің өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқартуға
міндетті болады.

5. Мемлекеттік аппараттыҢ тҰраҚтылыҒын, тҰрлаулылыҒын жӘне басҚарымдылыҒын
арттыру
Бесінші. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және
басқарымдылығын арттыру.
Орталық мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысы тағайындайтын, олардың
аппараттарындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс-хатшы жоғары
әкімшілік лауазымы енгізілуі қажет.
Статс-хатшы мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік жасайтын
болады, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және стратегиялық
мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың тетіктері
енгізіледі, сондай-ақ олардың орталық пен аймақтық құрылымдар арасында
алмасып отыру тетігі әзірленетін болады.

6. Сыбайлас жемҚорлыҚты азайту
Алтыншы. Сыбайлас жемқорлықты азайту. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы
және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
бағытталған.
Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “сөзбұйда” мен шектен тыс
тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз.
Шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын
енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де
күшейтілетін болады.
Бейіндік емес активтер мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік
ортаға беру жөніндегі жұмыс 2006 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.
Көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін біз “Мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау туралы” Заң қабылдадық. Адамдар құпиялылықтың қатаң
сақталатынына сенімді болуы керек. Өз басым Мемлекет басшысы ретінде бұған
кепілдік беремін. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны жария ету
тәжірибесі мұны қуаттай алады. Құпиялылықты сақтау мәселесін күшейту және
мүлікті жария ету акциясының мерзімін 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту
үшін Парламенттен “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы”
Заңға тиісті өзгерістер енгізуді сұраймын.
7. Мемлекеттік ҚызметтіҢ оҢ имиджін Қалыптастыру жӘне ныҒайту
Шенеуніктікті асқақтата көтеру немесе келемеж ету жақсы мінездің кейпіндей
көрінетін әсер аз кездеспейді. Солай болса-дағы Қазақстан бүгінде мақтаныш
тұтатын нәтижелерге сол мемлекеттік қызметшілердің де еңбегінің арқасында
қол жетті. Ондаған мың мемлекеттік қызметшілер барлық деңгейде өз парызын
адал атқарып жүр, алайда, БАҚ-тың, жұртшылықтың назарына негізінен мүлдем
басқа тұрғыдағы мысалдар түсіп жатады.
Егер мемлекетке үлкен корпорация ретінде қарайтын болсақ, онда оның
менеджерлерінің іскерлік беделі – аса маңызды капитал екені айдан анық. Біз
мемлекеттік қызметшілер корпусын ортаңғы, төменгі деңгейлерде өзінің
мемлекеттік қызметін жоғары кәсібилікпен, патриоттықпен, адал атқарудың
үздік өнегелерінде тәрбиелеп, оларды жұртшылыққа кеңінен танымал етуге
тиіспіз. Үкімет осы бағытта да тиісті шаралар қабылдауы қажет деп білемін.
Бұл айтылғандар – әкімшілік реформаның негізгі бағыттары. Таяу арада мен
оны жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Өкімге қол
қоямын, ол заңнамада айтарлықтай өзгерістер жасауды талап етеді.
Бұған қоса, әкімшілік реформа жөніндегі жұмыс тобына үстіміздегі жылдың
соңына дейін әкімшілік жүйені жаңартудың осы қағидаттары бойынша құқық
қорғау жүйесі мен бюджеттік саланы – бірінші кезекте, білім беру мен
денсаулық сақтауды реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізуді
тапсырамын.
Әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы табыс барлық билік тармақтарының
қызметіндегі ретке келтірушілікке байланысты болады.
Мен сіздерді әкімшілік реформаның заңнамалық базасын жетілдіру жөніндегі
жұмыста белсенділік танытуға шақырамын.

2008-11-07:
БІЛІКТІ МАМАН – ӨНДІРІС БОЛАШАҒЫ

Бүгінде елімізде кәсіптік-техникалық кадрлардың тапшылығы
айқын сезіліп отыр. Өзекті де өткір бұл проблема бірқатар
жылдардан бері көтеріліп келеді. Өйткені, қазіргі кезде
жұмыс істейтін арнаулы орта білім беру оқу орындары
еліміздегі еңбек рыногының сұраныстарын қанағаттандыра
алмайды. Биік мінберлерден бірнеше мәрте айтылғандай, бұдан
шығудың басты жолы – қажетті мамандарды жұмыс берушілердің
тікелей өздері дайындауы болмақ. Көптеген отандық ірі
компаниялар өздерінің мақсаттарына жету стратегияларын
дайындау барысында ең тиімді тәсілдің бірі ретінде адам
ресурстарын дамытуды алған болатын. Олардың қатарында
Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша негізгі оператор –
“ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы да бар.

“ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы ел экономикасының құбыр
желісі секторында аса ірі компания болып табылады.
Қызметкерлер мен мамандарды оқытып, олардың біліктілік
деңгейін көтеру мәселесі компанияның басым бағыттарының бірі
саналады. Қазіргі кезде акционерлік қоғамға қарасты
кәсіпорындарда отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен
бейіндік колледждерде, сондай-ақ компанияның оқу-курстық
комбинаттарында мақсатты дайындықтан және қайта дайындықтан
өткен біліктілігі жоғары мыңдаған мамандар еңбек етіп жүр.
Мысалы, тек 2007 жылдың өзінде компанияның екі жарым мыңға
жуық қызметкері әртүрлі курстар мен семинарларда оқып,
дайындық пен қайта даярлаудан өтті. Ал осы жылдың тоғыз
айында тағы 2150 маман қосымша білім алу үшін біліктілікті
көтеру курстарына жіберілді.
Жалпы, “ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы өз қызметкерлерін
оқытуды бірнеше бағыттар – менеджмент, экономикалық
жоспарлау және мұнай шаруашылығын басқару, кәсіби деңгейін
көтеру, озық технологияларды игеру, тағы басқа да салаларға
мамандандыру бойынша жүргізеді.
Орта буын қызметкерлердің біліктілігін көтеру үшін Ақтау
қаласында орналасқан оқу-курстық комбинаты (ОКК) жұмыс
істейді.
Бұл оқу-курстық комбинаты құқықтық жағынан мұнай-газ
секторындағы мамандарды дайындау және қайта даярлауды жүзеге
асыратын ең үздік бейіндік мекеменің бірі болып есептеледі.
Ал комбинаттың негізгі мақсаты – жұмысшы персоналдарды қайта
даярлау және олардың біліктілігін көтеру үдерістерін
қамтамасыз ету. Осыған байланысты оқу жүйесін ұйымдастырып,
оқуға тартылғандардың білімін тексеру, мемлекеттік
қадағалаушы органдарды нормативтік құжаттарына сәйкес жұмыс
істеуге баса назар аударылады.
Оқу-курстық комбинатта жыл сайын тиісті бағдарлама бойынша
оқу мен білімдерін тексеруден 1000-ға дейін адам өтеді.
Олардың 400-ге жуығы инженер-техник қызметкерлері. Биылғы
жылы аталған оқу-курстық комбинатында 626 маман оқыды,
сондай-ақ 415 инженер-техник қызметкерлер мен мамандар
мақсатты курсты аяқтады.
Оқу-курстық комбинаты құрылып, жұмыс істей бастағаннан бергі
19 жыл ішінде мұнай саласында істейтін 20 мыңнан астам
қызметкер-мамандар осында оқыды, қайта даярлаудан өтті және
өздерінің біліктілігін көтерді. Ал соңғы он жылда әр жыл
сайын комбинаттағы тыңдаушылар саны еселеп артып отырды.
Нақты мысал келтірейік, 1997 жылы Ақтаудағы оқу-курстық
комбинатта ай сайын 35 адам қайта даярлау және біліктілігін
көтеру курстарынан өткен болса, биылғы жылы комбинат әр ай
сайын “ҚазТрансОйл” компаниясына қарасты Батыс және Шығыс
филиалдарының 200-ден астам қызметкерлерін оқытты.
Атап өтетін тағы бір мәселе, оқу-курстық комбинаттан түрлі
мамандықтағы жұмысшы-кадр өкілдерінің өтетіндігі. Мұнай
компаниясы басшылығының атап өтуінше, комбинаттың қазіргі
кездегі материалдық-техникалық базасы жылына 2,5 мың
тыңдаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпылай алғанда,
оқу-курстық комбинаттың жабдықталуы заман талабына толық
сәйкес келеді. Жүз елу орындық жеті аудитория, компьютерлік
сынып, бейнеаппаратуралар, сондай-ақ мемлекеттік тіл – қазақ
тілін үйренуге арналған жеке сынып тыңдаушы-мамандар
игілігіне қызмет етеді. Сонымен қатар, комбинаттың
кітапханасы жыл сайын жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттермен,
бейнефильмдермен толықтырылып отырады.
“ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамының басшылығы
қызметкер-мамандарды оқытумен қатар, оларды тәжірибе жүзінде
үйретуге де ерекше назар аударып келеді. Бұдан бөлек
комбинатта компания қызметкерлері оқитын шағын полигон мен
дәнекерлеу цехы бар. Оқитындар тәжірибелік бейімділігін
нығайту үшін Батыс филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі
өндірістік алаңдар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен
арнаулы техникаларды да пайдаланады. Оның ішінде орталық
химиялық зертхана, “Ақтау” мұнай айдау стансасындағы
резервуар паркі, өндірістік қызмет көрсету базасы, сондай-ақ
технологиялық көлік және арнаулы техникалар цехы да бар.
“ҚазТрансОйл” компаниясы тарапынан жасалып жатқан осындай
қолдаулар мұнай саласына аса қажетті, біліктілігі жоғары
мамандарды дайындауға, оған қоса көптеген жұмысшы кадрлардың
екінші аралас мамандықтарды меңгерулеріне мүмкіндік жасап
келеді. Осы тұста айта кетейік, бұл оқу-курстық комбинаттан
қаладан тыс жерлерде тұратын тыңдаушылар да оқу курстарынан
өтеді. Олар үшін жатақханада бір және екі бөлмелі жатын орын
беріледі.
Оқу-курстық комбинаты 2004 жылдан бастап жұмысшы
персоналдарды кәсіптік қайта даярлау мен олардың
біліктілігін көтеруді халықаралық ІSO 9001 және 14001
стандартына сәйкес жүзеге асырып келеді. “ҚазТрансОйл”
акционерлік қоғамы атап көрсеткендей, оқытудың барлық
бағдарламаларын Батыс филиалдың мамандары типтік оқу жоспары
базасында және кәсіптік-техникалық училищелер мен өндірісте
жұмысшыларды кәсіптік оқыту бағдарламаларына сай жасаған.
Комбинаттың мұғалімдер құрамына тоқталатын болсақ, олардың
құрамы соңғы жылдары едәуір жақсара түсті. Тыңдаушыларды
оқыту үдерістеріне комбинат мұғалімдерімен қатар,
аттестаттаудан өткен Маңғыстау мұнай басқармасы мен оның
құрылымдық бөлімшелеріндегі мамандар тартылған. Компания
атап өткендей, оқу-курстық комбинаттағы барлық мұғалімдердің
ұстаздық қызметі мен өндірісте үлкен тәжірибесі бар, өз
істеріне аса жауапкершілікпен қарайтын жандар.
“ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы мамандардың кәсіби
шеберлігін жетілдіру мақсатында көпшілікке үлгі болатын игі
шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып келеді. Сондай
шаралардың бірі – Маңғыстау мұнай басқармасының өндірістік
нысандары мен оқу-курстық комбинаты базасында 1999 жылдан
бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан “Үздік кәсіп
бойынша” конкурсы. Бұл конкурс бүгінде халықаралық сипат
алып отыр. Бұған өткен жылы осындай конкурсқа
қазақстандықтармен қатар, Ресей, Украина және Белоруссия
елдеріндегі мұнай саласы мамандарының қатысып, бақтарын
сынауы дәлел болады. Мұндай конкурс биыл да ойдағыдай
өткізілді.
“ҚазТрансОйл” компаниясы кәсіптік білім беру жүйесіне
осылайша үздіксіз қолдау көрсету арқылы сапалы қағидаларға
негізделген ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Мұндағы
басты мақсат – мамандардың кәсіби біліктілігін көтере
отырып, корпоративтік басқару мен техникалық жарақтандыру
жұмыстарын жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, бұл –
“ҚазТрансОйл” компаниясының бүгінде және болашақта
тұтынушыларға мұнайды кідіріссіз жеткізуде персоналдық
сапалы қызмет көрсету олардың біліктілігі мен жеделдігіне
тікелей байланысты болатындығын күні бұрын болжағандығын
көрсетеді.

Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі
болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық
төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде
салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет
етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып
келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он
жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және
оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.
Қазақстан Республикасының Бюджетке төленетін салықтар және басқа да
міндеті төлемдер туралы кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне
енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады.
Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің
жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу
механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы
салық төлеуден жалтаруға әкелді.
Нарық жағданында акциз салығының төлеу шарттарының қалыптасуына байланысты
заңдық және іс-тәжпребелік сұрақтарды зерттеудің жетіспеушілігі зерттелетін
жүмыстың тақырыбын таңдауды айқындап, мақсатын және қарастырылатын
сұрақтардың аясын анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының салық жүйесі ішіндегі мәнін ашу
және оны алудың жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқан келесі шаралар қатарын
шешу керек:
1.салықтың маңызы мен мәнін ашу;
2.салық жүйесінің түсінігін, ерекшеліктерін және принциптерін зерттеу;
3.Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ішіңдегі акциздің ерекшелігін
қарау;
4.акциз салығының құрылу негізін қарастыру;
5.акциз салығының бюджет кірісіндегі орнын анықтау;
6.салық жүйіесінің мәселелерін қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Жұмыстың зерттеу пәні болып мемлекет пен салық төлеуші - азаматтар
арасындағы қаржылық, қатынастар жүйесі табылды.
Ақпараттық, базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері,
Қазақстан Республикасының салық кодексі, Қазақстан Республикасы Табыс
министірлігі мен Қаржы министірлігінің салық жөніндегі инструкциялары,
қазақстандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялық әдебиеттері
мен ғылыми мақалалары қолданылды.
Практикалық (тәжірибелік) негізіне Қазақстан Республикасы Табыс
министірлігінің жоспарлық және есеп беру мәліметтері қолданылды.

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті
заңның негізінде, сондай-ақ, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды
және жеке түлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізінде
бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Осы берілген түсінікті жан-жақты
талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталамыз.
Көптеген экономистер салықтардың түсінігін, мәнін ашуға тырысты. Алғаш рет
салықтардың мәні Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. "Салықтар - ел
капиталы немесе кірісінен алынып, үкімет иелігіне түсетін өнімнің бөлігі"
деп көрсетті ол.
Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев
Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: " Салық - қоғамның немесе
мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған
басшылық жасауға және салық салуға құқық берді ".
Ал А. Соколов: " Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономпкалық
саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік алым " деп көрсетті.
Соколовтың бұл анықтамасы салыктың түпкі мәнін көрсетеді. Ол тек ғана
салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы
Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге қолдану қажеттілігін
айтады.
Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынадай
түсінік береді: " міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке түлғалардың
кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының
бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу ".
Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан тиісті деңгейде
бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым
Пепеляев С.Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет
билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында,
мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және
дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген
тәртіппен алынатын меншіктері”.
Осы автордың айтуы бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу
заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу заңсыз болып табылады.
Ал салық телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі
де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан
шығатын әлеуметтік міндеті.
Қазақстандық, белгілі экономист-ғалым Қарағүсова Г.Ж. " салықтар деп, жалпы
мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде
мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген
анықтама береді.
Қаржылық қүқық саласының Қазақстан бойынша берілетін бір әйгілі ғалымы
Худяков А.М. өз еңбегінде салықтардың түсінігін беріп қана қоймай, олардың
басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті ерекшеліктерін ашып көрсеткен.
Бұл ерекшеліктер салықтардың өз қүқылық және экономнкалық табиғатына тән
белгілер болып табылады
1 Салық-әрқашан мемлекет тарапынан енгізілінеді және алынады. Бұл жерде
мемлекет саяси субъектісі ретінде көрінеді.
2 Салық-мемлекеттің біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет
салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайды. Осы айтылған жағдайлар
Конституция баптарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен түрлері
Әкімшілік - мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару : өзара іс-қимылдың арақатынасы мен тетіктері
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Мемлекеттік басқару нысандары
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
Пәндер