Популяциялар экологиясы (демэкология) туралы ақпарат



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Популяция туралы түсінік
2. Популяцияның негізгі қасиеттеріПопуляцияның саны, биомассасы және жастық құрлымы
3. Популяциялардың динамикалық сипаттамалары:
4. Популяциялардың өсуі және санының реттелуі
ҚОРЫТЫНДЫ
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populs – халық, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.
Біздің өмірімізде және осы дүниенің ең маңызды бөлігі болатын популяцияға байланысты екен. Яғни осыншама негізгі міндет атқаратын популяция жайында, және оның саны, тығыздығы, өсіп-өнуі мен туылымына жөніне ерекше мән берген дұрыс деп қараймын.

ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ (ДЕМЭКОЛОГИЯ)
2.1 Популяция және экологиялық қуыс туралы түсінік
Демэкология, яғни популяциялық экологияның зерттеу объектісі популяция болып табялады. Экологияда популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайда санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзалардың элементарлық тобы.
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populs – халық, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.
1. “Экология” .…… Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозтатаева Алматы 2002 ж
2. “Экологтя негіздері” З.М.Молдахметов А.М.Газалиев, С.Д. Фазылов Қарағанда 2002ж
3. “Экологтя негіздері” Ж.Ж. Хатқанбаев Алматы 2003 ж
4. “Экология” А.Ж. Ақбасова, Ғ.Ә. Сайнова Қарағанда 2002ж

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Популяция туралы түсінік
Популяцияның негізгі қасиеттеріПопуляцияның саны, биомассасы және жастық
құрлымы
Популяциялардың динамикалық сипаттамалары:
Популяциялардың өсуі және санының реттелуі
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populs – халық, тұрғындар деген
мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда
тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір
генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.
Біздің өмірімізде және осы дүниенің ең маңызды бөлігі болатын популяцияға
байланысты екен. Яғни осыншама негізгі міндет атқаратын популяция
жайында, және оның саны, тығыздығы, өсіп-өнуі мен туылымына жөніне ерекше
мән берген дұрыс деп қараймын.

ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ (ДЕМЭКОЛОГИЯ)
2.1 Популяция және экологиялық қуыс туралы түсінік
Демэкология, яғни популяциялық экологияның зерттеу объектісі популяция
болып табялады. Экологияда популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым-
қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге
жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция –
бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайда санын тұрақты ұстап
тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің
ағзалардың элементарлық тобы.
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populs – халық, тұрғындар деген
мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда
тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір
генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.
Популяциялардың алып жатқан территориясының көлеміне байланысты
элементарлық, экологиялық және географиялық популяциялар бөлінеді.
Элементарлық (локальды) популяция – біртекті кішкене учаскені алып жатқан
бір түрдің жиынтығы. Экожүйеде білтекті жағдай көбейген сайын, элементарлық
популяция аз болады.
Экологиялық популяция – элементарлық популяцияның жиынтығы, яғни нақты
биоценозға қатысты түрлер арасындағы топтар.
Географиялық популяция – экологиялық популяциядан тұрады және географиялық
біркелкі жағдайда тіршілік ететін оргаризмдердің тобын қамтиды.
Географиялық популяциялар бір-бірімен бөлектеу орналасқан, генетикалық
алмасуы жоқ, сондықтан популяциялардың физиологиялық т.б. айырмашылығы
болады.
Экологиялық қуыс. Популяциялардың тіршілік жағдайында қойылған талаптардың
жиынтығы (экологиялық талаптардың құрамы мен режіміне) және осы талаптар
орындалатын орын. Экологиялық қуысқа организмдердың тіршілік етуіне қажет
физиалық, химиялық және биотикалық факторлар кіреді. Экологиялық қуыс
дегеніміз түрдің экожүйедегі энергия тасмалдауында атқаратын ролі.
Экологиялық қуыс – кеңістік, қоректік және гиперкеңістік (көп өлшемді)
түрлеріне бөлінеді. Кеңістік қуыс – организмдердің тұрақты мекені,
қоректені ерекшелігіне байланысты қуыс, көп өлшемді қуыс –
гиперкеңістіктегі аймақ, оның өлшемі экологиялық факторға байланысты. Бір
экологиялық қуысты екі түр иелене алмайды. әр түрдің бәсекелестік күрестегі
табысы абиотикалық факторлардың әсерімен байланысты. Түрдің маңызды
көрсеткіштерінің бірі – оның экологиялық қуысының ауқымдығы болып табылады.
әр түрге жататын екі организм бірдей ресурстарды пайдаланған жағдайда
олардың қуысы қабаттасып кетеді.

Популяцияның негізгі қасиеттері
Даралар кеңістікте таралуы. Популяцияның күйі мен тіршілігі популяцияның
жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.
Популяцияны құрайтын даралар кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін. Ол
даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік
қатынастарға реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың топтарының таралуы
кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Аңзалардың таралу типін
білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.

Іріктеп алу алу деп популяцияның тығыздығын бағалауға арналған
эксперименттер қатарын айтамыз.
Іріктеу санын n белгілейміз. Егер әр іріктеудегі даралардың орташа санын m
деп белгілесек, онда даралардың кеңістікте таралу сипатын көрсететін s2
дисперциясын мына формула бойынша анықтайды.

мұндағы: s2 - таралу шамасы
х - шамасының орташа m ауытқуы (дисперция)
n – әр эксперименттегі даралар саны
Бірқалыпты таралу жағдайында s2 нөлге тең болады. Себебі әр іріктеудегі
даралар саны тұрақты және орташаға тең.

Бірқалырты
s2 = 0

Кездейсоқ таралу кезінде орташа m мен дисперция s2 тең (n – іріктеу саны
жергілікті болғанда).

Кездейсоқ
s2 = m

Топтық таралу кезінде дисперция орташадан жоғары және неғұрлым жинауға
қабілеті күшті болса олардың айырмашылығы да үлкен болады.

Топтық
s2
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта сирек кездеседі. Ол көбінесе әр
түрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай таралу типі
жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда
юоладын.
Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ
түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ
болады.
Топтық таралу – табиғатта жиі екздеседі. Топтардың өзі кездейсоқ
немесе жиналып таралуы мүмкін. әсіресе ағаштардың орман кеңістігіндегі
таралуы жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын
бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе
олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды.

2.3 Популяцияның саны, биомассасы және жастық құрлымы

Популяциялар саны – берілген территория немесе көлем бірлігіндегі
даралардың жалпы саны. Популяция тығыздығы – популция алып жатқан аудан
немесе көлем бірлігіне шаққандағы организмдер саны.
Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжылдық, периодтық емес (мысалы,
зиянкестердің санының шектен тыс көп өсуі) өзгерістерге қшырап отырады.
Популяция санының осындай өзгеруі оның санының динамикасы болып табылады.
Популяция санының өзгеру себептері:
азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының өсуіне әкеледі, бірақ
өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының
жетіспеуі популяция санының азаюына әкеледі.
Популяция санының өсуі мен азаюы тіршілік ету ортасы үшін бірнеше
популяциялардың бәсекелес болуына байланысты.
Абиотикалық факторлардың (температура, ылғалдық т.б.) әсері.
Популяция тығыздығының белгілі бір оптимумы болады. Осы оптимумнан
ауытқы пайда болғанда оны реттеу үшін популяцияның ішкі механизмдері іске
қосылады. Популяция тығыздығының өсуі көптеген бунақ денелердің мөлшерінің
кішіреюіне, өнімділігінің төмендеуіне, даму жылдамдығының өзгеруіне, соның
нәтижесінде популяцияның белсенді бөлігінің азаюына әкеледі. Популяция
тығыздығының шектен тыс асып кетуі каннибализм (фр. адам жегіш) құбылысын
туғызуы мүмкін (мысалы, ұн құрттары өз жұмыртқаларын, ал кейбір балықтар өз
тұқымдарын жейді).
Популяцияның ішкілік реттеуші механизміне эмиграция жатады. Эмигарция
– берілген аеардың қолайсыздау бөліктеріне популяцияның бір бөлігінің орын
ауыстыруы. Тығыздық артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (тышқан
тәрізді кеміршгіштер) мен құстар орын ауыстырады.
Экстремальды (төтенше ) жағдайларда популяциялар саны өзгеруі мүмкін. Ал
ондай жағдай болмаса, популяциялар саны өзгеруі аз болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Жалпы экология
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экология ғылымы туралы мәлімет
Пәндер