Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: поэтика және авторлық ұстаным ... .7

2 Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: көркемдік.эстетикалық сипаттары ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан халқының егемендікке ие болып, тәуелсіз, дербес мемлекет атануы тек саяси, экономикалық салада ғана емес, ұлттық рухани кеңістік саласында да айрықша маңызы бар құбылыс екені дау тудырмаса керек. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ, “Тәуелсіздік бізге бұрын-соңды көрмеген орасан зор мүмкіндіктер берді... Біздің санамызды, зейін-зердемізді, жанарымызды тұмшалап келген бірталай көнерген сарқыншақтардан, теріс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызға да күмән жоқ” [1,2].
Тәуелсіз ел атанған сәтте рухани ұлттық мұраларды саралап, бүгінгі уақыт биігінен бағалағанда кешегі тоталитарлық тәртіп аясындағы идеологиялық қағида, тұжырымдармен, олар әкелген зардаптармен тығыз байланыста алып қарастырудың маңызы зор екені белгілі.
Өткен ғасыр қойнауынан сыр шертіп, бүгінгі өмір сырларына да қанық ететін тарихи туындылар кешегі тоталитарлық тәртіп кезінде көп зардап шекті. Алайда XX ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары роман жанры Әуезов дәстүрінің ізімен тарихи болмысқа қарай ойысып, халқымыздың ұзақ сонар тарихи өткен жолын ұқтыруға бағытталды. Ол жекеленген адам тағдыры арқылы тұтас халықтың тарих көшіндегі кешегісі мен ертеңін суреттеуде соны көркемдік ізденістерге де эстетикалық бағыт-бағдар берді. Әсіресе, қандай да болмасын саяси және рухани қысымдағы Адам құдіретінің ғажайып болмысына үңілдіре білді. Халықтық құдіреттің әрі ар-намыстың киесі әйел адам болып табылатынын туынды тақырыбының басты концепциясына айналдыруда қаламгерлер сол Әуезов, Мүсірепов т.б. дәстүрін өрелі биікке көтере білді.
Адам – ерекше құбылыс. Адам – ерекше жаратылыс. Адам – феномен. Әйел адам – адамзат баласы мәңгі-бақи іңкәр болатын, “шыр” етіп дүниеге келгенде құштар болатын, қанына, жанына дарыған сұлулықтың символы. Қазақ фольклорындағы әйелдер образы да жаныңды разы қылып, жүрегіңді тебірентеді. Олардың тұрмыс талқысына мойымайтын қайсар мінезі, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік тумыс-бітімі, көркемдік бейнелеу құдіреті адам жанын еріксіз өзіне баурап алады. Батыл да қайсар қыз Назым, айнымас адал жар, қамқоршы, дос қыз Құртқа, жаны нәзік жас ару Қыз Жібек, Баян сұлу, апалы-сіңлілі Айман-Шолпан, ақылды, тапқыр Қарашаш [2] - асқақ шабыт үстінде шеберлердің қолымен асыл дүниеден қашап жасаған мәңгі өлмес образдар. Ал, жазба әдебиетінде Абай, Ыбырай шығармаларындағы сұлу арудың, мейірімді ананың махаббаты, С.Торайғыровтың Қамар, Апақай сияқты үлгілі оқыған қазақ қыздары, М.Дулатовтың Жамалы, С.Көбеевтің Ғайшасы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов жасаған “азат әйел”, “тың әйел”, “күрескер әйел” бейнелері мен Ж.Аймауытовтың Ақбілегі, Шәрбануы, Ғ.Мүсіреповтің [3] “ер ана”, “қайратты ана”, “батыр ана”, Ұлпан, Ақлима бейнелері – ақылы, сезімі, өжеттігі арқылы халқымыздың асыл қасиеттерін барша болмысына жинақтаған тың образдар.
1. Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. //“Егемен Қазақстан” 2001. 17 желтоқсан.
2. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Т.3, Батырлар жыры. -Алматы: Жазушы, 1987.-304 б.; Төрт батыр: Қазақ қаһармандық эпосы. Т.2.-Алматы: Жазушы, 2003.-192 б.; Ғашықтық дастандар. –Алматы: Ғылым, 1994.-440 б.; Шешендік шиырлары. -Алматы: Қайнар, 1993.-240 б.; Екі мыңжылдық дала жыры. Алматы: 2000.-752 б.;
3. Құнанбаев А. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ: Өлеңдер.-Алматы, 1990.-128 б.; Алтынсарин Ы. Бір уыс мақта: Әңгімелер. -Астана: 2003.-80 б.; Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. –Алматы: Ғылым, 1993.-200б.; Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1, -Алматы: Ғылым, 2002.-368 б.; Көбеев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. -Алматы: 2001.- ; Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.3, -Алматы: Жазушы, 1987.-472 б.; Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.1. –Алматы: Жазушы, 2002.-192 б.; Мұқанов С. Ботагөз. Роман. –Алматы: 1989.-480 б.; Аймауытов Ж. Ақбілек. Роман. -Алматы: 2003.-204 б.; Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.3. -Алматы: 2003. -248 б.;
4. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. -Алматы: 1969. -444 б.
5. Ауэзова Л.М. Исторические основы эпопеи “Путь Абая”. -Алматы:
6. Қирабаев С. Шындық пен шеберлік. –Алматы: :Жазушы, 1983.
7. Бердібаев Р. Роман және заман. –Алматы: 1967-216 б.
8. Қабдолов З. Әуезов және оның әсемдік әлемі. –Алматы: 1986.-352б.
9. Ахметов З. Роман-эпопея Мухтара Ауэзова. –Алматы: Санат. 1997. 288с.
10 Лизунова Е.В. Современный казахский роман. Алматы: 1964.-360с.
11 Мырзахметов М. Әуезов және Абай. –Алматы: Қазақстан. 1996.-272б.
12 Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. –Алматы: Санат. 1997.-432 б.
13 Елеукенов Ш. От фольклора до роман-эпопеи. –Алма-Ата: Жазушы, 1987.-352 с.
14 Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. –Алматы: Ғылым, 1975.
15 Шалабаев Б. Қазақ романдарының тууы мен қалыптасу тарихы, -Алматы: Жазушы, 1990.-312 б.
16 Рустемова Х. Поэтика прозы А.Алимжанова. –Алматы: 1998.- 244 с.
17 Дәдебаев Ж. Мұхтар Әуезов. –Алматы: Рауан, 1991.-88 б.
18 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. Фил. ғыл. докторы ғыл. дәреж. алу үшін жаз. дисс. -Алматы, 1997.
19 Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. –Алматы: Жазушы, 1987.-231 б.
20 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этно-мәдени пайымдау. –Алматы: Санат, 1997.
21 Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. -Алматы: Білім, 1998.-256 б.
22 Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.–Павлодар: Павлодар университеті баспасы, 1999. – 384 б.
23 Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма. Фил. ғыл.докторы ғыл. дәреж. алу үшін жаз. дисс. Алматы, 1999.
24 Хамзин М. Қазіргі қазақ романы, -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.-205 б.
25 Рақымжанов Т. Қазіргі романның поэтикасы. Фил. ғыл. докторы ғыл.дәреж. алу үшін жаз. дисс. -Алматы, 1993.
26 Жұртбаев Т. Талқы. –Алматы: Қазақстан, 1997.-308 б.
27 Жұмағали З. Уақыт және әдебиет. –Қарағанды: Қарағанды университеті, 1999. –336 б.
28 Тұрысбек Р. Ж.Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы, -Алматы: 1999.-
29 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. –471б.
30 Тахан С. Принципы развития художественного характера в современной казахской прозе. –Алматы: Ғылым, 1998.-207 с.
31 Тойшыбаева С. Образы женщин в дореволюционной казахской литературе. Автореферат. к.филол.н., Алматы, 1963.-30 с.
32 Тыныбаева Ө. М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер образы, Фил. ғыл. канд. дисс. Алматы, 1975.-176 б.
33 Екшембаева Л. Эволюция женского образа в героическом эпосе тюркоязычных народов. Дисс. к.филол.н. Алматы, 1987.-146с.
34 Исмаилова Ф.Е. Типология женских образов в казахской литературе 20-30г.г. Дисс. к.филол.н. Алматы, 1989.-150 с.
35 Тапанова С. Алғашқы қазақ романдарындағы әйелдер образының жасалу эволюциясы. Фил. ғыл. канд. дисс. Алматы, 1998.-126 б.
36 Мордавцев Д. Русская женщина нового времени //Биб.очерк из русской истории// СПБ, 1974.-141 с.
37 Нарзуллаева С. Образ женщин в “Хомсе” Алишера Навои. Дисс. к.филол.н. Ташкент, 1948.-152 с.
38 Ризаева К. Некоторые приемы создания положительных образов женщин в послевоенной узбекской прозе. Дисс.к.филол.н. Ташкент, 1953.-131 с.
39 Рубашев Н. Образ советской женщины в художественной литературе. Дисс. к.филол.н. Москва, 1954.-128 с.
40 Аминова С. Женские образы в творчестве С.Айни. Дисс. к.филол.н. Москва, 1957.-146 с.
41 Капашвили Ш. Женщины княжницы в древней Грузии. Дисс. к.филол.н. Тбилиси, 1974.-234 с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
№148 мектеп – гимназия

Ғылыми жоба
Тақырыбы:Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі

Орындаған: Самарханова Шынар
Тексерген:____________________

Алматы қаласы
2009 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: поэтика және авторлық
ұстаным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2 Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: көркемдік-эстетикалық
сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38

КІРІСПЕ

Қазақстан халқының егемендікке ие болып, тәуелсіз, дербес мемлекет
атануы тек саяси, экономикалық салада ғана емес, ұлттық рухани кеңістік
саласында да айрықша маңызы бар құбылыс екені дау тудырмаса керек.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ, “Тәуелсіздік бізге бұрын-
соңды көрмеген орасан зор мүмкіндіктер берді... Біздің санамызды, зейін-
зердемізді, жанарымызды тұмшалап келген бірталай көнерген сарқыншақтардан,
теріс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызға да күмән жоқ” [1,2].
Тәуелсіз ел атанған сәтте рухани ұлттық мұраларды саралап, бүгінгі
уақыт биігінен бағалағанда кешегі тоталитарлық тәртіп аясындағы
идеологиялық қағида, тұжырымдармен, олар әкелген зардаптармен тығыз
байланыста алып қарастырудың маңызы зор екені белгілі.
Өткен ғасыр қойнауынан сыр шертіп, бүгінгі өмір сырларына да қанық
ететін тарихи туындылар кешегі тоталитарлық тәртіп кезінде көп зардап
шекті. Алайда XX ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары роман жанры Әуезов
дәстүрінің ізімен тарихи болмысқа қарай ойысып, халқымыздың ұзақ сонар
тарихи өткен жолын ұқтыруға бағытталды. Ол жекеленген адам тағдыры арқылы
тұтас халықтың тарих көшіндегі кешегісі мен ертеңін суреттеуде соны
көркемдік ізденістерге де эстетикалық бағыт-бағдар берді. Әсіресе, қандай
да болмасын саяси және рухани қысымдағы Адам құдіретінің ғажайып болмысына
үңілдіре білді. Халықтық құдіреттің әрі ар-намыстың киесі әйел адам болып
табылатынын туынды тақырыбының басты концепциясына айналдыруда қаламгерлер
сол Әуезов, Мүсірепов т.б. дәстүрін өрелі биікке көтере білді.
Адам – ерекше құбылыс. Адам – ерекше жаратылыс. Адам – феномен. Әйел
адам – адамзат баласы мәңгі-бақи іңкәр болатын, “шыр” етіп дүниеге келгенде
құштар болатын, қанына, жанына дарыған сұлулықтың символы. Қазақ
фольклорындағы әйелдер образы да жаныңды разы қылып, жүрегіңді тебірентеді.
Олардың тұрмыс талқысына мойымайтын қайсар мінезі, бір-біріне ұқсамайтын
өзіндік тумыс-бітімі, көркемдік бейнелеу құдіреті адам жанын еріксіз өзіне
баурап алады. Батыл да қайсар қыз Назым, айнымас адал жар, қамқоршы, дос
қыз Құртқа, жаны нәзік жас ару Қыз Жібек, Баян сұлу, апалы-сіңлілі Айман-
Шолпан, ақылды, тапқыр Қарашаш [2] - асқақ шабыт үстінде шеберлердің
қолымен асыл дүниеден қашап жасаған мәңгі өлмес образдар. Ал, жазба
әдебиетінде Абай, Ыбырай шығармаларындағы сұлу арудың, мейірімді ананың
махаббаты, С.Торайғыровтың Қамар, Апақай сияқты үлгілі оқыған қазақ
қыздары, М.Дулатовтың Жамалы, С.Көбеевтің Ғайшасы, С.Сейфуллин, Б.Майлин,
С.Мұқанов жасаған “азат әйел”, “тың әйел”, “күрескер әйел” бейнелері мен
Ж.Аймауытовтың Ақбілегі, Шәрбануы, Ғ.Мүсіреповтің [3] “ер ана”, “қайратты
ана”, “батыр ана”, Ұлпан, Ақлима бейнелері – ақылы, сезімі, өжеттігі арқылы
халқымыздың асыл қасиеттерін барша болмысына жинақтаған тың образдар.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихының күрделі
дәуірлерінде XX ғасырдың 60-80 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш
кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында
бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп
келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ романдары дүниедегі аса
құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына
назар аударумен ерекшеленді. Бұл тұстағы әдебиетке белсене араласып,
көркемдік үрдіске өзіндік стилімен өрнек берген І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов,
Ә.Әлімжанов, Ә.Әбішев, М.Мағауин, С.Сматаев, Ж.Тұрлыбаев, Ә.Кекілбаев,
Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов т.б. тарихи романдарын жазуда М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов
дәстүрін, шеберлік мектебін үлгі-өнеге етті. Өйткені “Абай жолы” романының
бүкіл құндылықтарын айтпағанның өзінде, ғажайып образдар галереясын,
әсіресе, көркемдік-эстетикалық ізденістер бастауына негіз болған әйелдер
образын жасауын айрықша айту қажет. Сұлулықтың, даналықтың, кемел ақылдың,
биік дүниетанымның символы - Зере, Ұлжан, Тоғжан, Әйгерім, Еркежан,
Керімбала образдары арқылы әлемдік деңгейде сұлулықтың танымдық, тағылымдық
қыр-сырларына үңілді. Әуезов әр қаһарманының бойына адамға тән барлық
қасиет, сипаттарды сіңірді. Ол ақылдылық, тәрбие бере алушылық, осы
саладағы тамырластық тағылымдары, сонымен бірге құштарлық, өткірлік,
беттілік. Әуезов жан-дүниесі аса күрделі Адам атты тіршілік иесінің
әрқайсысына тән түрлі сипаттарды осылар арқылы көрсетпек болған. Ал,
Ғ.Мүсірепов қайратты, сана-сезімі романтикаға толы, өршіл әйелдер образын
жасады. Ана туралы әңгімелерінен басталып, “Ұлпанға” ұласқан шоқ жұлдызды
шығармалар шоғырында әйел-аналардың сымбатты бөлек сұлулығы мен ұлылығы қос
өрім боп қабат өрілді. Міне, сол дәстүрдің шеберлік мектебі қазақ
қаламгерлері үшін тұтас көркемдік концепцияның поэтикалық арнасынан қуат
алатын бастау ретінде заңды жалғасын таба білді. Белгілі бір кезеңдегі
қазақ тарихи романдарында жасалған әйелдер бейнесін арнайы қарастырып
отырған зерттеу жұмысының өзектілігі де осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық әдебиеттану ғылымында қазақ
әдебиетінің табиғатына сипаттама беріп, поэтикасын, көркемдік қасиеттерін
талдап қарастырған М.Қаратаев [4], Л.М.Әуезова [5], С.Қирабаев [6],
Р.Бердібаев [7], З.Қабдолов [8], З.Ахметов [9], Е.Лизунова [10],
М.Мырзахметұлы [11], Р.Нұрғали [12], Ш.Елеукенов [13], М.Атымов [14],
Б.Шалабаев [15], Х.Рүстемова [16], Ж.Дәдебаев [17], Т.Сыдықов [18],
Б.Майтанов [19], А.Сейдімбек [20], Е.Қалижан [21], Қ.Жүсіп [22],
Қ.Алпысбаев [23], М.Хамзин [24], Т.Рақымжанов [25], Т.Жұртбай [26],
З.Жұмағали [27], Р.Тұрысбек [28], Д.Қамзабекұлы [29], С.Тахан [30] т.б.
ғалымдардың монографиялық еңбектері бар, ал әйел образын бөле-жара
қарастырып, авторлық ұстаным мен көркемдік ізденіс сипаттарына үңілген
еңбектер аз. С.Тойшыбаеваның [31], Ө.Тыныбаеваның [32], Л.Екшембаеваның
[33] Ф.Исмаилованың [34], С.Тапанованың [35] диссертациялық еңбектері бар,
алайда олар біз қарастырмақшы проблеманы зерттеуді мақсат еткен жоқ. Ал,
басқа ұлттар әдебиеттануы ғылымында жалпы тарихи шығармалардағы әйел
образының жасалу эволюциясы мен сыр-сипатына тоқталған еңбектер баршылық.
Оған Д.Мордавцевтің [36], С.Нарзуллаеваның [37], К.Ризаеваның [38],
Н.Рубашевтің [39], С.Аминованың [40], Ш.Капашвилидің [41] ғылыми зерттеу
еңбектері дәлел.
Аталмыш зерттеу еңбекте қазақ тарихи әдебиеттану ғылымында түбегейлі
де терең зерттеле қоймаған қазақ тарихи романында сомдалған әйелдер
образының жасалу ерекшеліктері, қазақ тарихи романында әйелдер образын
жасаудағы автордың ұстанымы, көркемдік-эстетикалық сипаттары сөз болмақ.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
- XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ тарихи романындағы әйелдер
бейнесінің жасалу ерекшеліктерін, авторлық ұстанымды ғылыми тұрғыдан
талдау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына мынадай нақты міндеттер
қойылды:
- ұлттық тарихи романдардағы әйелдер образының жасалу ерекшеліктерін
талдай отырып, әр қаламгерді көркемдік-эстетикалық ізденісіне, идеалына
баға беру;
- әйел адамның ішкі әлемін, рухани болмысын бейнелеудегі қазақ
романшыларының шығармашылық табыстарына саралау жүргізу;
- тарихи романдардағы әйелдер образын жасаудың көркемдік-эстетикалық
сипаттарына зерделеу жүргізу;
- романдағы бейнелеуші-көркемдеуші құралдар жүйесі мен авторлық
идеяның жүзеге асу жолдарын талдап көрсету;
- характер жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптеріне
талдау жасау;
- тіл көркемдігінің стильдік ерекшеліктермен байланысын айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу еңбекте алғаш рет XX
ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ тарихи романдарындағы әйелдер образы
зерттелді. Сол арқылы аталмыш кезеңдегі қазақ әдеби үрдісінің өзіндік
ерекшеліктері, негізгі даму бағыт-бағдары, көркемдік-эстетикалық жүйесі жан-
жақты сараланды. Қазақ әдебиетінде М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б. дәстүрінің
сабақтастығы, қазақ романшыларының көркемдік-эстетикалық ізденіс сипаттары,
адам концепциясын даралап суреттеудегі авторлық ұстанымы, дүниетанымы жан-
жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, тарихи
кейіпкердің алапат оқиғалар аясындағы сомдалу, характердің ашылу
принциптері қарастырылды. Міне, осы жайттар диссертациялық еңбекте алғаш
рет кешенді түрде ғылыми тұрғыдан талданды.
Әдебиет – адамтану ғылымы. Адам – күрделі, жұмбақ. Өлім – жұмбақ
емес, өмір – жұмбақ. Әлем-жұмбақтан адам-жұмбақ күрделірек. Әдебиеттің
мұраты – эстетикалық идеалды ұлықтау. Эстетикалық идеал - әйел. Ол – бүкіл
көркемдіктің, сұлулықтың, махаббаттың символы. Ендеше, әр автор өз
дүниетанымымен, эстетикалық ұстанымымен әйел характерін қалай аша алды?
Нендей көркемдік тәсілдерге жүгінді? Міне, осы жайттар біздің
диссертациялық еңбекте кешенді түрде өз шешімін тапты. Сол арқылы
қарастырылған кезеңдегі ұлттық әдеби үрдістің өре-деңгейіне талдау
жасалынды.
Зерттеу нысаны ретінде І.Есенберлиннің “Көшпенділер”, Ә.Кекілбаевтің
“Үркер”, “Елең-алаң”, “Аңыздың ақыры”, Ә.Әбішевтің “Найзағай”,
Ә.Әлімжановтың “Ұстаздың оралуы”, “Жаушы”, Қ.Жұмаділовтің “Соңғы көш”,
“Тағдыр”, “Дарабоз”, С.Жүнісовтің “Ақан сері”, З.Ақышевтің “Жаяу Мұса”
атты тарихи романдары алынды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық
және методологиялық өзегі Қазақстан мен шетел ғалымдарының көркем
әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық тұжырымдама, ұстаным жайлы
жазылған еңбектеріне негізделген. Қазақ әдебиеттанушы ғалымдар: М.Әуезов,
З.Ахметов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов,
Р.Нұрғали еңбектеріне ал, жалпы әдебиет теориясы, көркем шығарманың
поэтикасы жайлы еңбек жазған Аристотельден бастап, А.Веселовский,
А.Потебня, В.Виноградов, М.Бахтин, Д.Лихачев, М.Храпченко [42] еңбектерін
негізге алдық. Орыс әдебиетіндегі А.Герасименко, А.Бочаров, М.Кузнецов,
М.Пархоменко, В.Юдин, Ю.А.Андреев, Э.Г.Бабаев, Ю.М.Лотман [43]
еңбектеріндегі роман жанрының дамуы, оның заңдылықтары жайлы ой-пікірлеріне
сүйендік.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні. Зерттеудің ғылыми
нәтижелері мен негізгі тұжырымдары XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ
әдебиетінің тарихына арналған лекциялық және практикалық курстарға
теориялық-тәжірибелік, дәйектік негіз бола алады. Аталмыш кезеңдегі танымал
қазақ қаламгерлерінің шығармашылықтары туралы арнайы курстар мен
семинарларда пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Диссертацияны жазу барысында салыстырмалы талдау,
салыстырмалы типологиялық, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері
пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазақ әдебиетінде қалыптасқан М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б. дәстүрі мен
сабақтастығы жалғастық таба отырып, қазақ романшыларының әйел образын
жасауда ұлттық болмыс ерекшелігі көрінетін көркемдік-эстетикалық ізденістер
жүйесіндегі шығармалармен толыға түсті.
- Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, әйел-ананың дүниетанымы, ішкі рухани
әлемі ашылып, тарихи кейіпкерлер галереясы сомдалған.
- Қазақ тарихи романы, оның идеялық-тақырыптық мазмұны тереңдеп,
суреткердің көркемдік әлемі жаңа стильдік өрнектермен танылды.
- Қазақ тарихи романшыларының адам концепциясын даралап, суреттеуде
авторлық ұстанымы мен дүниетанымын айқын танытады.
- Тарихи роман авторлары шығармашылық үдеріс барысында көркемдік,
стильдік ерекшеліктері, өзіндік шығармашылық сипаттары, қаламгерлік дара
қолтаңбаларымен ерекшеленеді.
- Қазақтың тарихи сипаттағы шығармалары сомдаған әйел бейнесінің қыр-
сырына, танымдық-тағылымдық сипатына, көркемдік-эстетикалық әлеміне ғылыми
зерделеу жүргізе отырып, сол тұстағы ұлттық әдеби үдерістің өре-деңгейіне
саралау жүргізу жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысының сарапталуы, мақұлдануы мен жариялануы.
Диссертацияның тақырыбы бойынша 9 ғылыми мақала жарияланып, түрлі ғылыми
конференцияларда 6 баяндама жасалды. Жұмыстың негізгі мазмұны, нәтижелері
мен тұжырымдары республикалық ғылыми басылымдарда жарық көрді.
Диссертациялық еңбек Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің қазақ әдебиеті мен теория және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедраларында талқыланып, қорғауға
ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының міндеттеріне сай
диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: поэтика және ұстаным

XX ғасырдың 60-80 жылдары қазақ жазушылары үшін заман талабына
сай өмірдің елеулі оқиғаларына үн қосқан, адам психологиясын, оның жан
әлемін жан-жақты үңіле зерттей түскен кезең болды. Себебі, XX ғасырдың 60
жылдарынан басталған әлемдік деңгейдегі аса ірі өзгерістер, ауқымды
оқиғалар мен құбылыстар дүниежүзілік деңгейде адам концепциясына баршаның
назарын аударды, сол адам деген жаратылыстың күрделі екендігіне, жұмбақ
екендігіне тиісті дәрежеде көңіл бөліп, ғылыми зерттеулер жүргізіле
бастады. Аталмыш кезеңдегі жалпыадамзаттық ынтығушылық руханият саласында
түрлі жанрдағы, түрлі мазмұндағы, түрлі проблематиканы арқау еткен
шығармалардың тууына алғышарттар жасады. М.Бахтиннің сөзімен айтсақ, “...
каждая эпоха имеет свой ценностный центр в идеологическом кругозоре, к
которому сходятся все пути и устремления идеологического творчества. Именно
этот ценностный центр становится основной темой или, точнее, основным
комплексом тем литературы данной эпохи. А такие тематические доминанты
связаны, как мы знаем, с определенным репертуаром жанров” [44,171]. Олай
болса, XX ғасырдың 60-ыншы жылдарынан басталған әлемдік деңгейдегі аса ірі
өзгерістер, ауқымды оқиға-құбылыстар, бәрінен бұрын, қаламгер санасына
серпіліс пен сілкіністі туғызды. Қаламгерлер адам өмірінің мазмұнына,
мақсаты мен міндетіне, мәні мен маңызына ерекше назар аударып, сол адамды
түрлі қырынан қарастыруға тырысты. Адам, өмір, дүние, қоғам туралы өз
көзқарастарын шығармаларына арқау етті.
XX ғасырдың сол тұстағы кезеңінде әдебиеттің ауқымды жанры -
роман дүниеге көптеп келе бастады, тарихи романның көптеп тууын
Н.Добролюбовтың мына сөзімен түсіндіргеніміз дұрыс. “Халық өзінің өткен
өміріне көз жіберіп, ой елегінен өткізген кезде тарихи роман дүниеге
келеді” [45,528].
XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы тарихи романшылар үшін әлемдік
әдебиеттің қорына қосылған М.Әуезовтің “Абай жолы” тарихи роман-эпопеясы
мен басқа “алыптар тобы” қаламынан туған шығармалар шеберлік мектебі болып
қалыптасты.
Аталмыш кезеңде халқына эстетикалық қуаты, көркемдік деңгейі
жоғары туындылар берген қаламгерлер – І.Есенберлин, Ә.Әбішев, Ә.Әлімжанов,
З.Ақышев, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов, Қ.Жұмаділов т.б. Ықылым замандардағы
бабаларымыз ғұмыр кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын
алатын кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау бола
алды. Тарихи романшылар шығармада суреттелетін өмір құбылыстарының мәнін
дәл де нақты образдар мен ұтымды көріністер арқылы айқын бейнелейді. Дәл 60
жылдардан бастап адамды жан-жақты зерттеу, оның аса күрделі де қиын
жаратылыстың жан әлеміне айрықша көңіл бөлу үрдісі біртін-біртін жүзеге аса
бастады. Ал, “Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір
сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар,
бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше
оның қаламынан туған шығармалар да бір емес, бірнеше тақырыпқа жазылады;
бір емес, бірнеше проблемаға құрылады. Оның көркем туындыларының мазмұны
мен пішіні де, жанры мен жанрлық түрлері де осыдан келіп шығады” [46,38] –
деген академик З.Қабдоловтың пікірін еске алсақ, әлемдегі ауқымды осынау
құбылыстардан қазақ әдебиеті өкілдерінің тыс қалуы мүмкін емес. Тарихи
романшылар тарихтың сан-салалы, қатпар-қатпар беттеріне үңіліп, оны осы
заман тұрғысынан танып, ой елегінен өткізіп, тарихи тұлғаның жан-дүниесін
кескіндеп, рухани әлемін шебер бейнеледі.
Әдебиеттану ғылымында әйел бейнесін зерттеу мәселесі ешқашан назардан
тыс қалған емес. Өйткені әдебиет өз алдына адамтану мәселесі болып танылса,
сол әдебиеттің нысаны – адам. Сан ғасырлық әдебиетімізде әйел-ананың жан-
дүниесі, сырлы әлемі, нәзіктігі, сұлулығы, даналығы, ерлігі, адамгершілік
сапалары ерекше тақырып ретінде қалыптасты.
Шекспир мен Диккенс, Гете мен Шиллер, Толстой мен Пушкин, Тургенев пен
Достоевский, Әуезов пен Айтматов өз шығармаларында әйел жанының сұлулығын,
пәктігін, жоғары адамгершілік сапаларын жырлау арқылы Джульетта, Дездемона,
Гретхен, Анна Каренина, Наташа Ростова, Татьяна, Маша Миронова, Лиза, Елена
Стахова, Ася, Соня Мармеладова, Зере, Ұлжан, Тоғжан, Найман-Ана, Жәмила
сияқты өшпес образдар сомдаған. Н.Усачева: “Литературный идеал мадонны
встречается в двух видах: ангел-хранитель домашнего очага, мать, нежно
прижимающая к себе ребенка или кормящая грудью младенца. ...И второй тип
мадонны: дама, светская красавица, в сиянии своей недоступности,
загадочности, хрупкости, изысканности, утонченности и надменности:
бесполезный мотылек грез и мечтаний поэтов, она не живет, а позирует,
являясь вечным образцом “гения чистой красоты” [47,185,186] – деп жазады.
Өзінің құпияға толы болмысымен, нәзіктігімен әрқашан жырға арқау, туындыға
тұғыр боп келген әйелдің жан дүниесі, сырлы әлемі, ғасырлар бойына әдебиет
әлемінде өзгеше тақырып ретінде тереңінен тамыр жайды.
Академик-жазушы М.Әуезов: “Адамның ғұмыр кешірмек кәсібінің терең
түбіне қарасақ, хайуанша күндік қоректі таспен атып, ағашпен ұрып аң аулап
жеп немесе жеміс теріп жеп, қарны тойса, аңша бір жерге жата кетіп жүрген.
Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап,
үйлік ұйымның басын құраған - әйел” [48,46] – деп жазады. Қазақ халқының
ұлт болып ұйысуына, халық боп қалыптасуына әйел-ананың сіңірген еңбегін
жеткізу қиын. Сондықтан да халқымыз қасиетті жерін, киелі Отанын,
ұлттығының өлшемі тілін асыл да ардақты, мейірімді де шуақыты Анаға
теңейді. Ал, ұлы суреткер өшпес әңгімелеріне дейін-ақ, авторлық ұстанымын
нықтап, “Адамдық негізі - әйел” деп ой толғады. Адамның адамдығы,
адамгершілік қасиеті әйелге-анаға деген қарым-қатынасымен, көзқарасымен
айқындалатына мән берді.
Қазақ әйелі нендей ауыртпалықты болса да халқымен бірге көтеріп,
жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде
бесік тербетіп, ұл-қызын дала даналығына баулыған. Оған дәлел көп. Ежелгі
эпостық шығармалардан бастап, бергі дәуірдегі Домалақ ана, Айша бибі мен
Абақ ана, тарихтағы Қасым ханның анасы Жаған бике, Есім ханның анасы Жақсы
бике, одан беріде ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай
мен ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз жұрт жадында есімі қалған сол
әйелдердің бір шоғыры ғана.
Жер бетіндегі бар тіршіліктің бастау көзі, қамқоршысы мен ұйытқысы –
ана. “Ана мен Киелілік егіз ұғымдар. Қазақ халқының ұлттық болмысында ананы
от басының қамқоршысы, елдің ұйытқысы, береке-бірліктің бастаушысы деп
санаған. Көне түркілерде Ұмай ананы шаңырақтың желеп-жебеп жүрер киесі,
қасиетті қорғаушысы деп ұққан” [49,110] – деп жазады ғалым Н.Келімбетов.
Сан ғасырлық әдебиетте әйел – зұлымдық пен бақытсыздықтың бастаушы
көзі (сиқыршы, жын-пері, құбыжық, жалмауыз кемпір) бейнесінде немесе әйел
таңғажайып сұлулықтың символы ретінде суреттеледі (Венера, Дева Мария,
Мадонна, Жібек, Баян, Құртқа). Е.М.Мелетинский шығыс эпостарының
көне пластарын айқындауда әйел бейнелерін: әйел-ана, әйел-құбыжық, әйел-
туыс ретінде сипаттап көрсетеді [50,10]
Көркем әдебиетте тарихи-философиялық ұғымға ие қос категория – мазмұн
мен пішін бар. “Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының
тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла
жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі” [51,149] –
деген пікірге сүйенсек, авторлық ұстаным қазақ романшыларының өз
туындыларында әйелдер образын сомдаудағы негізгі мазмұнмен, көтерген рухани-
әлеуметтік проблемалармен шебер ұштасқанын баса айтуымыз керек. Бұл –
мәселенің бірінші жағы болса, әр автордың өз қаһарманын жан-жақты
кескіндеп, ұлттық болмысқа негізделген характерін ашудағы талпынысы оның
әйел образын жасаудағы эволюциялық өсу жолын үнемі назарда ұстағанынан
көрінеді. Мысалы, Кенесарының қарындасы ержүрек Бопай, Мәди үшін кепілге
ұсталып, түрмеге түсетін Самал, Демежандай ерін қадірлеп, оның ұрпағын
өрбіту үшін, Ырысқанды тоқал етіп алдырып, оны туған сіңлісіндей
қастерлейтін Бибі, көп тобырдың қолынан ардагер Ақанның мерт болмауын
тілеп, Жалмұқанға еріксіз қосылатын Ақтоқты бейнелері шығарма дамыған сайын
әр қырынан ашыла түседі.
Дүниедегі ең ардақты адам – ана. Перзентке әлемнің жарығын сыйлайтын
болғандықтан да ол - құдіретті адам! Ана - ақ сүтімен нәрестеге нәр беріп,
түн ұйқысын төрт бөліп әлдилейтін, бесігін тербетіп, туған тілін құлағына
сіңіріп, перзентін шексіз махаббатқа, мейірім, шапағатқа бөлейтін ардақты
жан.
Академик Р.Нұрғали: “Әр заманда, әр дәуір сол кезеңдегі өнерден өз
келбетін, өз рухын, өз жүрегінің дүрсіл тынысын, қан тамырының бүлкілді
ағысын көруге құштар. Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты ешбір
суреткер аттап өте алған емес. Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін
ақтарып, соларды шығармасына тиек қылған жазушының өзінің мақамынан,
ұқтырмақ, ұсынбақ мұратынан оның дәуірімен қаншалықты ет бауырлықта,
үндестікте екенін аңғару қиынға соқпайды” [73,355] – деп атап көрсетеді.
Ә.Әбішев, С.Жүнісов, І.Есенберлиндер уақыт шындығын типтендіріп, жекелеген
белгілі бір кейіпкер арқылы танытады. Сондықтан да аталмыш тарихи
романдарда қыз теңдігі, қыздың бостандығы шынайы суреттелген.
Ғалым Г.П.Макогененко А.С.Пушкиннің 1830 жылдары жазылған
шығармаларын зерттеп, “Капитан қызындағы” Гриднев пен Машаның арасындағы
махаббат – пәк, таза, адал махаббат дей келіп: “Впервые у Пушкина появилась
героиня, борющаяся за счастье. ...Поэтому Пушкин и назвал свой роман именем
Маши Мироновой “Капитанская дочька” [75,415] – деп жазады. Өзінің бақыты,
адал махаббаты, сүйген адамы үшін ашық күреске түскен орыс әдебиетіндегі
үлгілі образ - Маша Миронова сынды қазақ әдебиетінде оқырман жүрегінде
берік сақталатын кейіпкерлер – Қамар, Апақай, Жамал, Үмітей, Мәкен, Салиқа,
Самал, Ұрқия, Торғын, Зипа т.б.
Халықтық эстетиканың да мұраты қашанда адамгершілік, гуманизм болған.
Өйткені әлеуметтік теңсіздік жекеленген адамның бас бостандығын биік қоюдан
басталады. Сол себепті де ауыз әдебиетімізде көркем қыздарымыздың образы
жігіт таңдау, өзіне ақылды да батыр жар таңдау үстінде көрінеді.
Халқымыздың тарихында ақылдылығымен, парасаттылығымен танылған қыздардың
бейнесі ауыз әдебиетінің үлгілерінде көркем сомдалған. Алпыс жастағы шалдың
он үш жастағы қызды айттырып, оны алмақ болған ойын білдіргенде, тәккаппар
қыз өзіне төленетін қалың мал құнын өзі айтқан жұмбақты ойы шебер
өрнектелген. “Менің қалың малым үшін он үш жүген, қырық ноқта, алпыс арқан,
жетпіс шідер бересіз, - дейді. Бұл жұмбақтың шешуі де керемет: он үш жүген
бер дегені – менің жасым он үште дегені, қырық ноқта дегені – жігіт қырықта
толып болады дегені, алпыс арқан бер дегені – бұл күнде арқандаулы ат
болдың дегені, жетпіс шідер бер дегені – енді он жылда жетпіске шығасың,
сонда шідерлеген аттай боласың дегені” [76,57]. Өзінің ойы мен тілегін
жұмбақтап жеткізіп, басына бостандық алған қыздың тапқырлығы шынайы, көркем
әрі халық идеалының айқын үлгісі деуге болады.
Әрбір шығарма көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман
сипатын, адамдардың өзара қатынасын, олардың қақтығыстары мен сезім
дүниесін ашуды көздейді. Өз теңін тауып, сүйгеніне қосылуды арман еткен
Тоғжан, Ақтоқты, Ұрқия, Қадиша, Самал, Назгүл, Бәну, Күнбөпе, Нұрбике
образдарынан олар өмір сүрген дәуір шындығын көру қиын емес. Туындыда
бұлардың ізгі ниеті, адал сезімі, асқақ арманы, бас бостандығын аңсаған
тілегі көрініс беріп, әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен танылады.
Қ.Жұмаділов қазақ дәстүрінде орын алған екі әйел алу салтын бәйбіше
мен тоқалдың арасындағы күндестікке әкеп тіремей, әрбір адамның өз
бойындағы асыл қасиеттерін зерделеу негізінде таныта алған. Бұл – жазушының
өзіндік ұстанамын көрсетеді. Қаламгер романда Ханбибі-Майсара, Мүней-
Қарқара, Бибі-Ырысқан арасындағы жарасымды сыйластықты көркем кестелеген.
Қабанбайдың атақ-даңқы шықпай тұрғанда қосылған Ханбибі - кербездікке
кемел, сұлулыққа сырбаз, қазақтың кең етек әйелі. Балаларын бағып, ақылымен
жарына жағып, аулының береке-бірлігін аялап, үлкенге келін, кішіге жеңге,
“күндесі” – Майсараға ақылшы әпкелігінен жаңылмай, қасиетін керімсал мінез-
құлқымен арттырып жүрген ауыл анасы. Тағдыры жорық жолында табыстырған
Майсара - ерлігі, өрлігі, ерке-еркін мінезімен, салтанат-сұлулығымен, тілі-
ділімен де нағыз жаугершілік заманның ыстығы мен суығы, қасіреті мен
қуанышына шақтап пішілген перизат. Қабанбай әулетінің отбасындағы бар
салмақ Майсараның мойнында. Қанды ұрыстарға ағасы Малайсары, күйеуі
Қабанбаймен тізе қосып қайталанбас ерлік жасап, тарихта “Гауһар қыз” деген
атпен жырға, аңызға кейіпкер болған өз жауынгерлік рухын қызы Назым, келіні
Мүнейге сіңірген аяулы ана, асыл жар. Ғалым Т.Жұртбай: “Ары, жаны, тәні
таза әйел – ұлттың тазалығының кепілі. Анасы азбаған елдің, қызы да
тозбайды” [88,240] – деген пікірімен келісе отырып, Ханбибі, Майсара, Мүней
инабаттылық, көнбістік, биязылық, мейірімділік, нәзіктік, байсалдылық,
сымбаттылығы жағынан Абақ, Қарқабат, Ақкелін, Домалақ ене тәрізді елге ұран
болған әйелдердің қатарын өсіріп, тың қасиеттерімен толықтыра түскенін атап
айтар едік.
Шығармада аналардың күн нұрындай шұғыласы, аналық мейірімі, махаббаты,
қазақ әйеліне тән жайдары мінезі Айтолқын, Майсара, Балжан, Бибі образдары
арқылы көрініс тапқан. Әйелдер бейнесінен олардың шығыс қыздарына тән
нәзіктігі мен сыпайылығы, басқа түскен қиындыққа төзе білетін табандылығы
шығарманың өн бойынан көрініп тұрады.
Абылай, Қабанбай ұлы, күшті, парасатты болса, сол арқа сүйеген еліне,
үрім-бұтағын өсіріп, дос-жаранын төңірегіне үйіріп, тілеуін тілеп,
абыройына абырой, даңқына даңқ қосып, рухын үстем етіп жүрген теңі жоқ
жолдас, түбі жоқ сырлас, сыртқы келісті келбетіне ішкі жан сарайы үйлес
жақсы әйелдерге қарыздар. Қ.Жұмаділов жаугершілік заманды суреттеп
отырғанынан болар, әйелдер бейнесіндегі бояу құбылысы, спектіріне олардың
қайтпас қайсар, ерлік қасиеттерін топтап, жинақтаған. Майсара, Назым,
Күләйім, Мүнейлердің қимылы шымыр, сексеуілдің шоғындай жайнап, түтеп,
жалындап, кесек оқиғалардың өтінде жүріп, кесек характерімен көрінеді.
Ғалым Қ.Алпысбаев: “Әйелдің бағасы еркектің рөлін атқарғанда емес, ең
ақырына дейін әйел болып қалғанда артпақ. Әйелге тән қасиеттерді ескермей,
оның бойындағы еркекке тән қасиеттерді “дәріптейтін болсақ, бұл біз үшін
залал” деген Ж.Ж.Руссоның пікірімен ойын тұжырымдайды [66,70]. Қаламгерлер
сомдаған Майсара, Назым, Мүней, Сәния, Күләйім сияқты батыр қыздар
ерлігімен бірге адал жар, ибалы келін, аяулы ана бола білді.
Әйел – ердің тірегі, отбасының – ұйытқысы. Тарихи романдарда сұлу,
адал жардың үлгісі - Әйгерім, Ұрқия, Бибі бейнелері арқылы зерделенген.
Тарихи романдарда Абай-Әйгерім, Ақан-Ұрқия, Бибі-Демежан желілері шебер де
тартымды бейнеленеді. Әр қилы характер сырлары ашылып, образдар сипаты
даралана түседі. Өмір атты ұлы көште жақсылық пен жамандықтың қатар
жүретіні сияқты, ерлі-зайыптылар арасында да жарасты сыйластықпен қатар бір-
біріне ренжіп, кейіген сәттері де кездесіп жатады. Ғалым Р.Бердібаев:
“Алғашқы махаббаты – Тоғжанға байланысты сезімдер бітпес шердей, ескі
айықпас дерттей Абайды сан рет тебіреніске түсіреді. Ақ жарқын ашық мінез
Қуандық та, ерекше сәнді, саналы сұлу Салтанат та Абай жүрегін өзіне тарта
алмайды. Ол Әйгерімге Тоғжанның баламасы көріп, өкінішті арманын орындамақ
ниетпен үйленеді. Әйгеріммен өткізген жарастықты жылдар ақын өмірінде аса
жемісті болғаны белгілі. Міне, сол сүйген жары сырт өсекке иланып, суық
тартқан кезінде Абай үлкен рухани қиналысқа түседі. Кей уақытта ол дүниенің
өткінші баянсыздығын ойлап, торығады” [93,82] – деп жазады.
М.Әуезов Абай мен Әйгерім алғаш ренжіскен шақта Абай: “Әйгерімнің
ренішке мұншалық қатты екенін ол бұрын сезбеген екен. Қанша қиналса да
жұбата алмайтынын білді. Ендігі өмірден әлденеше шошынып, тірегінен
айрылғандай. Діңгегі құлап, күйреп бүлініп бара жатқан тұрмысын көргендей
болды. Тұңғиыққа кетіп бара жатқандай сол ойына үркек жүрекпен бойлап
кетіп, бірталай уақыт үнсіз мелшиіп қалып еді” [52,434]– деп толғанады.
Адам өмірінде қуаныш, қайғы мен мұң қатар жүреді. Қамшының сабындай ғана
қысқа ғұмырында адамдар бірі-бірінің көңіліне кірбің түсірсе, ал сол жақын
адамы өмірден өткен соң аһ ұрып, өкініп жатады.
Тарихи роман өткен күннің шындығына неғұрлым бойлап барса, соғұрлым
тарихи қасиетке кенен. Қалмақтармен екі жүз жылға таяу бірде соғысып, бірде
бейбіт қатар өмір сүріп, етене жақындаса түсуі қазақ әулеті тарихында терең
ізін қалдырған. Жорықта қалыңсыз қыз алып, шаңырақ көтеру – ол кездің
пешенесіне жазылған, қалыпты тірлігі. Бұл - кешегі өмір шындығы. Сондықтан
да қазақ шаңырағына құт әкелген қалмақ қыздары бейнесінің жазушы
Қ.Жұмаділовтің “Соңғы көш”, “Дарабоз” романдарында көркем сомдалуы да
заңды. Автор жаугершілік жылдары Қайыңбайды аяусыз қанішер қалмақ
нояндарының қолынан аман алып қалған қалмақ кемпірі, Қабанбайдың болашақ
өніп-өсер ұрпағының құт-беркесіне айналған Мүней, Қабанбайдың аталас туысы,
шаруаға бас-көз болып жүрген Шағалаққа екі ұл, үш қыз тауып беріп,
қағанағын қарқ, сағанағын сарқ еткізетін Шохор (Шойқара) қазақша сөйлегенде
түбін түсіріп, жасы үлкендерге сәлем бергеніне қарап қалмақ қызы деуге
аузың бармайды Абылайға Қасым төре, Кенесары, Наурызбайдай немере сыйлаған
Топыш сұлудың бейнелері арқылы ана мейірімін, ұрпағы үшін жанын қияр ана
болмысын көркем бейнелейді.
“Қолбасыны бұл жолы таңдандырған – Мүнейдің мергендігі де емес, төркін
жұртына, кешегі қандас бауырларына қарсы қолы қалт етпей оқ атуы. Жас
келінді өз тілегі бойынша осы жорыққа ертуін ертіп шықса да, ұрыс кезінде
өзін қалай ұстар екен деп іштей алаңдап жүруші еді. Бүгін көңілі
орныққандай болды. Обалы кәнекей, Мүней алғашқы сыннан сүрінбей өтті.
- Бұлар айтқан сертінде нық тұратын бір беткей халық қой. Мұсылман
дінін қабылдап қазақтың бесігін тербеткен екен ол жолдан ешқашан айнымайды”
[94,361]. Қазақ ешқашан да өзге елге қару көтеріп, баласы мен анасын аяусыз
жазаламаған. “Қолға түскен тұтқынды, ұрыста ұлы қаза тапқан ана талап етсе
босатып жіберетін. Демек, ана мейірімі өз ұлын өлтірушіге кешірім жасап,
тұтқынның өмірін сақтап, аман құтылуына кеңдік еткені ғой” [65,236].
Тұтқынға түскен балаларды өздеріне бала етіп алса, қыз-келіншектерді
“таңдау заңы” бойынша ұнатқан жігіттеріне қосып, жаңа отау көтеріп, халық
санының кемімеуіне көп көңіл бөліп отырған. Шығармадағы қалмақ қыздары
Барын мен Шырын, қырғыз қызы Тұмар - қазақтың батыр жігіттерін таңдап,
оларға өмірлік жар болған қыздар. Бұл да халық ретінде құрып кетпей,
жаугершілік жылдары саны азайған халқының орнын толтырудан туған әрекет әр
заман талабы болса керек.
Қыз өзінің қылықты қылығымен, сиқырлы сөзімен де, кескін-келбетімен
де Ноян көңілін еріксіз өзіне тартып алды. “Жас жігіттің бойын бір ыстық
леп шарпып әкеткендей, ат үстінде ауытқып барып, өзін әзер ұстап қалды.
Құралай да жаудыраған қарақат көзін Ноянға қадап қалып еді. Кенет қыздың да
екі бетінің ұшы қызарып, бойын бір тәтті сезім өртеп кетті” [56,426]. Жас
Ноян ағасынан сауға сұрап, қызға өз тілегін білдірген де қыздың көз алдынан
Баян салған көк найзадан өліп бара жатқан әке, жер құшақтап боздап, жылап
қалған ана кетпеді.
Жас Ноянға қыз өз тілегін былайша білдірген еді: “Екі жүйрік ат әкел.
Таңды күтпей біздің елге қашайық. Тірі болса, кәрі анамның батасын алайық,
өлі болса, басына қызыл гүл қоялық. Содан кейін мен мәңгі сендікпін”
[56,426]. Сүйген жарының тілегін орындамақ болған Ноян қалмақ еліне бет
алып, елден қашқан еді. Ашу қысып, намыс қамшылаған Батыр Баян екі бірдей
өрімдей жасты жайратып салды. Неге? Ол – ел намысы, махаббат оты.
Кейіпкер характері сюжет дамуы арқылы ашылады. Образдың даму
эволюциясы да сол сюжет дамуы, оқиға өрбуі арқылы көрінеді.
Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын, уыздай жас нәзік қалмақ қызын
мерт қылды. Қазақ батыры, ер азаматы ел намысы, ел азаттығы үшін өзін де
құрбан етті емес пе?
Тарихи романшылар ақылдылығымен, көркемдігімен көзге түскен әйел-ана
бейнелерімен қатар қаталдығы мен кесірі, құштарлығы мен өсегі талай адамға
жүк болған жат мінезді әйелдердің де образын жасаған.
Халық басына қиын қыстау күн туып, ерінің басына қиыншылық түскенде
Мақпал, Сәния, Майсара, Мүней сынды қайсар қыздар қолына қылыш алып, үстіне
сауыт киіп, бұрымын дулығаның астына жасыратын да, хас сарбаздай қасына
еріп, жорыққа бірге аттанатын.
Ер басына күн туып, елдің ер-азаматтарына жалған жала жабылып, ату жазасына
тартылып, жатқан қиын-қыстау кезеңде ерлерін қорғап, қолдап отырған қазақ
қыздары, әйел-аналары аз болмаған.
Тарихи романдар - өз кезеңінің көркем шежіресі. Ықылым замандардағы
бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын
кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау болды.
60-80 жылдардағы қазақ прозасында ақын-жазушы, сал-сері, әнші-
сазгерлер өмірін арқау еткен шығармалар аз жазылған жоқ. Осы шығармалардың
қайнар бастауында атақты “Абай жолы” роман-эпопеясы, М.Әуезовтің
суреткерлік мектебі, қаламгерлік дәстүрі тұрды. Осы дәстүрге табан тіреген,
осы суреткерлік мектептен нәр алаған қазақ прозасы, оның белгілі өкілдері:
І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Ә.Әлімжанов, С.Сматаев, М.Мағауин, Ә.Әбішев,
З.Ақышев, С.Жүнісов, Қ.Жұмаділовтер әр ғасырда өмір кешкен өз ұлтының,
халқының қамын ойлап, мұңын жоқтаған тарихи тұлғалардың, батырлардың, өнер
адамдарының қайталанбас бейнесін сомдауды мақсат етті.

Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: көркемдік-эстетикалық сипаттары

Сан ғасырлық әдебиетімізде әйел-ана, ару бейнесі көркем сомдалды.
Өзінің құпияға толы болмысымен, нәзіктігімен әрқашан жырға арқау, туындыға
тұғыр болып келген әйелдің жан дүниесі, сырлы әлемі, ғасырлар бойына
әдебиет әлемінде өзгеше тақырып ретінде тереңінен тамыр жайды.
Ж.П.Сартр: “...нет никакого другого мира, помимо человеческого мира,
мира человеческой субъективности” [61,343 б.] – деп атап көрсеткеніндей. XX
ғасырдың 60-80 жылдардағы қазақ романдары адамың ішкі әлеміне терең
бойлауымен, адам жанын, болмысын шынайы суреттеуімен ерекшеленді. Көркемдік-
эстетикалық танымның басты назарында Адам атты құдіретті де нәзік, асқақ та
өр жандар болды. Адам – ұлы! Адам - киелі, қасиетті, құдіретті жан. Адам
болмысы, адам жаны, жүрегі - түпсіз теңіз, шетсіз әлем, шексіз құпия. Жер
бетінде ғажайып жаңалықтар ашып, ұлы ерліктер жасайтын құдіретті жаратылыс
– адам.
XX ғасырдың 60-80 жылдарында роман жанры Әуезов ізімен тарихи
болмысқа қарай ойысып, халқымыздың ұзақ сонар тарихи өткен жолын, тағдырын
ұғынуға бағытталды. Тарихи тақырыптың ауқымы барынша кеңейе түсті. Ол бір
ғасырмен шектелмей тұтас дәуірлер құпиясына бойлады.
Аталмыш кезеңде қаламгерлер тарихи туындыларда көркемдік- эстетикалық
ізденістерге негіз болған әйел-ана образын, қазақ әйелінің ұлттық болмысын,
ішкі рухани әлемін жан-жақты сомдауда ілгерілеу жолында болды.
“Абай жолында” “Әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны
сондай, әрқайсысы бір ғана адам емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп
оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады. Шығармада мейірім-
шапағатқа толы, қауымның шын ықыласына ие Зере - әжелердің типтік үлгісі,
сабырлы, ақылды Ұлжан – аналардың үлгісі, ал ару Тоғжан – адал, таза
махаббаттың үлгісі, Абай ақынның асыл да аяулы жары Әйгерім – сұлу жардың
үлгісі” [46,48 б.] десек, романда Абай-Зере, Абай-Ұлжан, Абай-Тоғжан, Абай-
Әйгерім, Абай-Ділдә желілері арқылы көркем бейнеленіп, кейіпкер характерін,
табиғи болмысын ашуда Әуезов аса зор суреткерлік ізденістерге барды.
Абайдың аяулы әжесі Зеренің немересіне деген терең мейірімі мен
анасы Ұлжанның салқын ақылы, сабырлы мінезі романда әдемі өрнектелген. Қос
ана тәрбиесі - Абайдың алғашқы білім мен тәрбиенің ұрығын сепкен мектебі,
тәрбиешісі. Оқудан қайтқан шәкірт баланың топ ішінен асыға іздейтіні де сол
анасы “... бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты
соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!” [5,10 б.]. “Үш
күндік жолға барын салып”, ауылға асыққан шәкірт баланың еліне, анаға деген
сағынышын, психологиясын автор философиялық тұрғыдан шебер сомдаған.
Ғалым З.Жұмағали: “Рухани ұстазы Әуезов те ақ жаулықты аналар
тағдырына үлкен жанашырлықпен, қамқорлықпен қараған. ...қоғам іргесінің
берік, қабырғасының биік, білім, мәдинетінің жоғары сатыға бет түзеуі апа-
қарындастардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтып та, жазып та
жүрген. Ол Кебек, Сырым, Абай, Дәрмендердің образын бүкіл болмысымен
бауырына басып, емірене қалай сомдаса, Еңлік, Тоғжан, ӘЙгерім,
Мағрипалардың образын да сондай қалтқысыз, ыстық сезіммен мейірлене сомдап,
мәңгілік тұғырға көтерді” [106,65 б.] – деген ойын салмақтай келе, “Абай
жолында” Ұлжан бойындағы қонақжай, кеңпейіл қасиеттері ел мен елді
достастырып, ағайын арасын біріктіре отырып, дәулет пен билік, әмір иесі –
Құнанбай беделін өсіріп отыратын. Тарихи шығармаларда қолы ашық, дастарқаны
мол аналар Кенесары, Керімбай, Демежан, Қанағат сынды ел ағаларының қатал
мінезінен ығысқан жұртты маңайына қайта жинап отыратын. Ерінің артық кем
кеткен жерін білдірмей, ағайын арасын біріктіріп, ерінің беделін қашанда
арттырып отыратын қазақ әйелінің болмыс бітімі, рухани әлемі шығармаларға
арқау болуымен бірге оған соны идеялық желі дарытты.
Эпопеяда қос ана ата қамын ойлағандықтан, өздерін айыпты
сезініп, ағайын арасын біріктіру үшін бүкіл Ырғызбай атынан Бөжей асында
тік тұрып, қызмет жасағанын білеміз. Мейірімді әже қашанда Абайға жақын
ағайын Бөжейді сыйлап тұруын, үлкендер арасында болатын кикілжіңді жүрекке
сақтамауын үйретіп, санасына жасынан құйып отырған ана тәрбиесі бір
шаңырақтың қамын күйттегендіктен емес, бүтін бір рудың сыйластығын, ауыз
бірлігін ойлаған ананың терең психологиясын автор шебер жеткізген. Тарихи
романдарда ананың қамқорлығы шаңыраққа тіреу, отбасына береке екені
суреттеле келе, ана мен бала арасындағы сыйластық Жаған бике-Қасым, Аққозы-
Мұхамед-Шаибани, Махмұд-Сұлтан, Ажар-Демежан, Майсара-Әлі, Жаңыл-Ақан,
Дәмелі-Ақтоқты, Балжан-Естай, Сақыпжамал-Дүрия желілері арқылы көркем де
кестелі бейнеленген. Ана баласы үшін отқа да, суға түседі. Ана - баласы
үшін айлар бойы кірпік ілмеуге, нәр татпауға бар ұлы сезімнің, ұлы жүректің
иесі.
Белгілі жазушы Ғ.Мүсірепов: “Әрбір жазушының ойында әр кезде
өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда
Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге
тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі,
мейірімі т.т.” [107,469 б.]. Осы пікірге сүйенсек, аталмыш қазақ
романдарындағы әйелдер образы – шығарма арқауындағы бас қаһармандар образын
толықтырушы, әр түрлі қырынан көрсетуші ғана емес, сонымен қатар авторлық
ұстанымға орай әр түрлі ракурста кескінделген. Шынайы махаббатына
адалдығымен ғана емес, биік адамгершілік – адами қасиетімен, рухани жан
әлемінің тазалығымен, шынайылығымен, өткірлік пен өрлікті, турашылдық пен
ерлікті, ақылдылық пен сұңғылалықты мойнына тұмар етіп таққан биіктігімен
дараланатын Ақтоқты, Ұрқия, Сапар, Бәну, Сәния, Бопай, Самал, Бибі, Аққозы,
Жаған бике т.б. әр автордың алуан түрлі көркемдік тәсілдерге баруына
жетекші рөл атқарғанын баса айту қажет. Ал, бұның өзі ұлттық
әдебиетіміздегі М.Әуезов сомдаған Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбала,
Ұлжан, Зере, Ғ.Мүсірепов сомдаған Ұлпан, Ақлима т.б. образдар қатарына және
Л.Толстой сомдаған бір ғана Анна Каренина, Наташа Ростова, Тургенев
сомдаған Лиза, Елена, Наталья т.б. образдар галереясына тың көркем
бейнелердің қосылғанын айғақтаса керек. Әрине, бұл айтылғандар әдеби
үрдісті ұлттық шеңберден кең ауқымда қарастырғанда көкейге келген ойлар.
Ал, шын мәнінде қандай сәтті шыққан образ болса да, ол ұлттық руханият
әлемін өзіндік кескін-келбеті, болмыс-бітімі, даралық сипатымен байытатыны
мәлім.
Ғалым А.Г.Цейтлин Тургенев сомдаған Наталья, Лиза, Елена,
Марианна образдарын талдай келе, “В сфере создания женских характеров
наваторство Тургеневе было особенно значительным. Он “показал что такое
русская женщина, какие сокровища таятся в ее сердце и уме, и чем она может
быть, как вдохновительница мужчины” [106,138] – деп тұжырымдама жасайды.
Ақан - әдемілікке, әсемдікке, өмірдегі сұлулыққа ғашық. Ақан – сері, әнші.
Қазақ о бастан-ақ шын мәніндегі серілікті қатты қадірлеген халық. Бұның
екінші жағында өмірдегі, табиғаттағы, адам бойындағы әсемдікті, пәктікті,
сұлулықты қадірлегендік жатқан жоқ па? Баптап қырын құс ұстауы, желмен
жарысқан алғыр тазы жүгіртуі, үкілеп бәйгеге сәйгүлік атын қосуы, шүйгінді
жерлер мен мөлдір сулы бұлақ бойын, шалқар өзендер мен көлдер бойын жағалай
көшіп-қонуы тегін емес еді. Бұл да табиғатқа деген іңкәрлік сезіммен
астасып жатыр. “Ақын да арадай бағбан. Ол гүлдің қанатын сындырмайды,
аялайды, арадай ұшып жүріп ән салып, гүл жырын, әсемдік жырын жырлайды.
Менің гүлім сендерсіңдер – балауса қыздар!” [62,76 б.], - деген Ақан
махаббатты, өнердегі пәк тазалықты, сұлулықты жырлайды. Романда ел
ұғымындағы әсемдікті білдіретін табиғи заттарға қыз сұлулығын теңеу
сипатталған, атап айтсақ, жазушы қыздарды “таңшолпанға”, “тотыға”,
“аққуға”, “раушанға” теңейді. Аққу, гүл сұлулық, әсемдік туралы эстетикалық
әсер тудырады. Ақан, Мәди, Мұса сұлулықты жырға арқау етті. Олар сұлудың
сипатын, қылықты қылығын, назды күлкісін жырлады.
Ғалым Ж.Дәдебаевтың пікірінше, “Қазіргі қазақ романында
шығармашылық өнер өкілдерінің өмірі мен қызметін суреттеуде олардың әдеби
мұраларын басты дерек көзі ретінде пайдалану елеулі көркемдік-эстетикалық
табыстарға қол жеткізді. Творчество адамының басты шығармаларының туу
процесін, оның ойлауының кезең-кезеңдері мен әсерлі, бейнелі сипатын
суреттеу барысындағы суреткерлік ізденістерінің маңызы мен мәні бүгінгі
қазақ романы үшін аса жоғары” [109,279 б.]. “Абай жолының” алғашқы
кітабында Тоғжан бейнесі – жас ақынның саналы өмірі мен шығармашылығына
үлкен мән-мағына беріп, соған арқау болған сұлу. Сүйіндік аулында Абай
“аппақ жүзді, қырлы мұрын қара көз, жіп-жіңішке қасы айдай боп қиылған”
[52,109 б.] Тоғжанмен кездеседі. Майбасардай ағаның қалыңдық жайында айтқан
қалжыңынан қатты қысылып жүретін Абайдың әйел затына көз тоқтатып қарай
бастағанын алғаш осы Сүйіндік аулында байқаймыз. Сезіміне әсер еткен
Тоғжанға деген “Ақ етің аппақ екен атқан таңдай”, “Ғашықтық тілі - тілсіз
тіл” деген өлең оралымдары осы сәттен бастау алған. Абай сезімі – құр желік
емес, үлкен махаббатқа толы кіршіксіз, ақындық сезім.
Адамның рухани дүниесі мен сыртқы дененің үндестігі, іштей
үйлесімі іс-әрекеттегі, адам өміріндегі, тұтас бір денедегі детальдың
поэтикасын құрайды. Кейіпкердің ішкі сана-сезімінің сәулесінен туындап
жататын сыртқы сұлбасын, түр-тұлғасын, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, ишара-
емеурінін т.б. денедегі детальдарды дәріптеу арқылы суреткер адамзатқа тән
табиғи психологиялық, эмоционалдық сезімдік құбылыстарды тап басып тереңнен
танытады. Сұлу тәнде орналасып, содан нәр алған адамның өзі де, табиғаты да
сұлу келетіні секілді сұлулыққа іңкәр суреткерлердің Тоғжанға, Ақтоқтыға
деген көңілі ерекше. Ақан нәзік, сезімтал, “қыздардың ортасында мойнын иіп
тастап балдыр сүзген ерке сұлу, аққудың көгілдіріндей” [68,50 б.] Ақтоқтыны
Тастан байдың үйінде шілдеханада алғаш рет көруі, Ақтоқтының портреттік
суреттемесі ішкі рухани әлемімен астасып, ақынның ғашықтық сезімін оятады.
Абайды, Ақанды табындырып, сүйіспеншілік сезімін оятқан Тоғжан, Ақтоқты
портреті – суреткер талғамының лирикалық ырғақпен жасалған жанды суреттері.
Қаламгер С.Жүнісов Ақан сері мен Ақтоқты арасын, сондай-ақ олардың
сүйіспеншілігінің мұндай ерекше сипатын таныту үшін, жазушы ақын-
композитор, әнші кейіпкерінің махаббат тақырыбына жазылған шығармаларының
ішінде аса үздігін, мазмұны, мәні жағынан да, көркемдік қуаты жағынан да
жоғары деңгейлілерін іріктеп алады. Ақан сері шығармашылығының ішінде
“Қалқа бала”, “Сырымбет” өлеңдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Боран романы енді
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Ұлпанның жаратылысы басқа
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Т. Ахтанов прозасындағы қаһарманның адамгершілік әлемі
Пәндер