2- сыныпта ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Бастауыш сынып оқущыларына эстетикалқ тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік ... ..6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.тарау. 2.сыныпта «Ана тілі» пәні материалдары арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары
2.1. Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты ... ... ... ... ... 22
2.2. Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу тәжірибесі ... ... .38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .58

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...60
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда- жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдекті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.
Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем өнер, олардың пікірінше, адамда көтеріңгі рух туғызады, өңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен ерлікке рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды және айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркем өнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген олар, эстетикалық тәрбиені жүргізуде әсіресе көркем өнердің екі саласы- поэззия мен музыка арқылы жүргізудің мәнін көрсетті.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, ролін және орнын түсінудің негіздері А.В.Лунчарский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий қалаған болатын.
Қоғам дамып отырады, бір қоғамдық құрылыстың орнына басқа қоғамдық құрылыс келіп, адамдардың көзқарастары мен түсініктері, оның ішінде әсемдікке, оның адамға әсер ету жолындағы көзқарасы да алмасып отырады. Бірақ эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басылмады, творчестволық ізденгіш ой оның табиғатын, жеке адамға әсер ету жолдарын барған сайын тереңдетіп аша береді.
Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми- техникалық ревалюция болып табылады. Ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті сықылды болып көрінеді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие мәселелеріне деген ынта- ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. А., 1998.
2. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.
3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004.
4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
5. Шәкірім Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы «Қазақстан» және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991, 80 б.
6. Аймауытов Ж. Бес томдык, шығармалар жинағы. 4-том. Психология /ред. алқасы С. Қирабаев М.Базарбаевт.б. Алматы: Ғылым, 1998, 4486.
7. Неменский Б.М. Әдемілік даналығы. – М., 1981ж.
8. Гачев Г. Шығармашылық, өмір, өнер. –М., 1980ж.
9. Неменский Б.М. Адам дамуындағы әсерленушілік –бейнелік таным. – М., 1990ж.
10. Мұғалімдерге арналған «Эстетикалық мәдениет және эстетикалық тәрбие» кітабы. – М., 1983ж.
11. Кукушин В.С. Мәскеу. – Дондағы Ростов., 2004ж.
12. Эстетикалық сөздік
13. Бабанский Ю.К. Педагогика. – М., 1988ж.
14. Лихачев Б.Т. Педагогика. Дәрістер курсы. ИПК және ФПК тыңдаушылары мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. –М.: Юрайт, 1999ж.
15. Шацкая В.Н. Мектепте эстетикалық тәрбиелеудің жалпы мәселелері. –М.: ПҒА РСФКР, 1995ж.
16. Киященко Н.И., Лейзеров Н.Л. Эстетикалық шығарма. – М.: Знание, 1984ж.
17. Эстетикалық мәдениет және эстетикалық тәрбие. Мұғалімдерге арналған кітап. А.М. Лабковскийдің редақция басшылығымен. – М.: Просвещение, 1972ж.
18. Лихачев Б.Т. Эстетикалық тәрбие. –М.: Педагогика, 1972 ж.
19. Чукман Е.К. Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы өнер рөлі. –М., 1985 ж.
20. Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу. А.И. Буров редакция басшылығымен. –М.: Педагогика, 1984 ж.
21. Шацкий С.Т. Общие вопросы эстетического воспитания в школе. М.:Педагогика, 1974, c. 1-50.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор

_______________ Қ.А.Аймағамбетова

_____________________ 2010ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 2- сыныпта ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу
жолдары

Орындаған: 050102- Бастауыш оқытудың

педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

5 жылдық 5 курс (сырттай бөлім) студенті

Умбеталиева Келбет

Ғылыми жетекшісі б.ғ.к., доцент Э.Б.Исламкулова

Алматы - 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 тарау. Бастауыш сынып оқущыларына эстетикалық тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

1. Эстетикалық тәрбие туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің
мүмкіндіктері мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2-тарау. 2-сыныпта Ана тілі пәні материалдары арқылы оқушыларды
эстетикалық тәрбиелеу жолдары

1. Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты ... ... ... ... ... 22

2. Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .58

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 60

Кіріспе

Зертеудің көкейкестілігі. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда- жас ұрпақты
өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі,
көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдекті көре білетін, ұға
білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп
тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.

Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің
келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде
эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық
және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем өнер, олардың пікірінше,
адамда көтеріңгі рух туғызады, өңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен
ерлікке рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды
және айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркем
өнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген олар,
эстетикалық тәрбиені жүргізуде әсіресе көркем өнердің екі саласы- поэззия
мен музыка арқылы жүргізудің мәнін көрсетті.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, ролін
және орнын түсінудің негіздері А.В.Лунчарский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий
қалаған болатын.
Қоғам дамып отырады, бір қоғамдық құрылыстың орнына басқа қоғамдық
құрылыс келіп, адамдардың көзқарастары мен түсініктері, оның ішінде
әсемдікке, оның адамға әсер ету жолындағы көзқарасы да алмасып отырады.
Бірақ эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басылмады, творчестволық ізденгіш
ой оның табиғатын, жеке адамға әсер ету жолдарын барған сайын тереңдетіп
аша береді.
Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми- техникалық ревалюция
болып табылады. Ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде
эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті
сықылды болып көрінеді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие
мәселелеріне деген ынта- ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны
мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі,
қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез- құлқындағы әсемдікті дұрыс
қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы
деп есептеу қажет.

Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірде терең де жан-
жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамдық
қалыптастырудағы алғы шарты болып табылады.

Адамдардың әсемдікті жасауға белсене қатысуынсыз шын мәніндегі
эстетикалық тәрбиені көзге елестетіп те болмайды. Сондықтан эстетикалық
тәрбиенің жүйесі өзінің сапалық құрамына балалар мен ересектердің
эстетикалық іс-әрекетінің элементін қамтиды. Эстетикалық тәрбие процесінде
пайдалы (ақылға сыйымды) және эмоциалы (сезімді) элементтерді дұрыс
түсінудің аса зор маңызы. Педагогика бұл мәселені шешуде адамның жан-
жағдаятының бөлшектенбес бір тұтас екендігін, оның өмірінің барлық жағынан:
ақыл-ойы, идеясы, адамгершілігі және эстетикалық жағынан өзара байланысты
екендігін негізге алады. Осының барлық жағынан үндестікпен дамуы- жеке
адамның гүлденіп өсуінің маңызды шарты.

Қазақ халқының эстетикалық ой- пікір тарихы жөніндегі деректер ақын-
жырыаулардың шығармасында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан қайғының,
Доспанбет Ақтамберді, Бұхар т.б қазақ жырауларының жыр- толғауларында,
еңбекшіл бұқараның ой-арманы, әстетикалық ұғымдары жан-жақты бейнеленген,
қазақ халық поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.

Көне түркі мәдениетінің құдатқу білік, диуани хикмет үлгілері қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.

Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып
қадырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси- қоғамдық ғылыми және әдеби
еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму
барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзарасы мен
орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз
байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан
туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың
эстетикалық тәрбиенің жан- жақты жүйелі талдап зерттеулерінде емес,
керісінше мүмкіңдігінше сол мәселелер жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен
пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.

Қазақ халқының ұрпақтап-ұрпаққа ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп
отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамды ең алғаш қазақ ағартушылары:
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде
талданды.

Соңғы кезде М.Х.Балтабаев, Ұзақбаев С.А. Ахметова З.Р. Еспаев Я.Ж
С.Әбенбаев, Ш.Әлібековтар болашақ мұғалімнің эстетикалық тәрбиесін,
мәдениетін философиялық, педагогикалық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізуде.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында туған өлке табиғатын
аялау арқылы, оқушының көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық
қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі болғандықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын: 2- сыныпта
ана тілі сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу жолдары,- деп
алдық.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие
берудің мүмкіндіктері мен шарттарын айқындау және оны жүзеге асырудың
жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мән-мағынасын
сипаттау.

3. Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдарын
қарастыру.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеудің пәні: Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеудің әдістері:

1. Педагогикалық әдістемелік әдебиеттермен танысу, пайдалану.

2. Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау.

3. Бақылау, әңгіме.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Бастауыш сынып оқущыларына эстетикалық тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

1. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім
берудің басты міндеттерінің бірі оқушының айналадағы дүниемен дара
тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік
нормаларын меңгеруін қамтамасыз ету екндігін атап көрсетілген.

Қазіргі кезеңде оқушылардың эстетикалық қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін дамытудың маңызы ерекше. Эстетикалық қызығу- адамға қажетті
эстетикалық құндылықтар мен құбылыстары танып-білу мақсатымен өз қалауы
бойынша өмірде, болмыста жасалатын нысаналы іс-әрекет. Эстетикалық
қызығушылықтың негізі эстетикалық қажеттілік болып табылады, ал бұл
екеуінің бір-біріне ауысуы кезінде эстетикалық ляззаттану жатады. Адам
ляззатталған соң ол үшін қызығу объектісі маңызды эстетикалық құндылыққа ие
болады да, онымен қайта кездесуге асығады, қызығушылығы артта түседі.

Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, ролін
және орнын түсінудің негіздерін А.в.Лунчарский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий
қалаған болатын сол кездегі бір тұтас еңбек мектебі туралы деклорацияда
–эстетикалық білім дегенді қайдағы бір оңайтылған, балалар өнерін үйрету
ғана деп түсінбей, балалардың сезім мүшелері мен творчестволық
қабілеттілігін үнемі дамытып отыру, бұл сұлулыққа рахаттана білу
мүмкіндіктерін молайтып, оны өздері жасай білу деп түсінген.

Қазақ халқының эстетикалық ой-пікір тарихы жөніндегі деректер ақын-
жыраулардың творчествасында әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан қайғының,
Доспанбет Ақтамберді, Бұхар т.б. қазақ жырауларының жыр толғауларында,
еңбекші бұқараның ой-арманы, эстетикалық ұғымдарды жан-жақты бейнеленген,
қазақ халқы поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.

Көне түркі мәдениетінің Құдатқу білік, Диуани Хикмет үлгілері қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.

Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып
қадырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси- қоғамдық ғылыми және әдеби
еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму
барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзарасы мен
орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз
байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан
туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың
эстетикалық тәрбиенің жан- жақты жүйелі талдап зерттеулерінде емес,
керісінше мүмкіңдігінше сол мәселелер жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен
пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.

Қазақ халқының ұрпақтап-ұрпаққа ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп
отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамды ең алғаш қазақ ағартушылары:
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талдап
қорытындылады.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңрді.
Ал, халық ауыз әдебиеті жастардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда
айрықша роль атқарады. Сонымен қатар, ол осы мұраларға бірінші болып ғылыми
пікір айтушы болды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы-ғалым
Ы.Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей
түсті.

Ы.Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінің барысында халық мұрасына:
ауыз екі шығармашылыққа, салт дәстүрге, әдет ғұрыпқа ерекше зер салып
отырып жастардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету жағын қарастырды.

М.Жұмабаев өзінің Педагогика еңбегінде Әр адамның сұлулық сезімдері әр
түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі – музыкадан, біреудікі- сұлу
суреттен, ал біреудікі- поэзиядан... деп ерекше назар аударған.

Эстетика- гректің эстетиз деген сөзінен алынған, ол сезімдік,
сезімнен қабылдайтын дарындылық деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет
эстетика ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің осы
аттас кітабына сәйкес қолданылады, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте
дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда
болды.

Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар
еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымның ерекшелігі туралы айтыс осы
күнге дейін толастаған жоқ: әсемдік дегеніміз не?

Әсемдік- бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін
жоғары дәрежедегі терең сезімі. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз
еңбек процесін көреміз: әркім айналысқан ісіне орай сурет салған, - аң
аулау, балық аулау, жермен айналысу т.с . Соған орай Өмір деген тамаша
афоризмімен келіспеуге болмайды. Бірақта әсемдік жайындағы түсінікте
субъективтік те кездеседі. Себебі әсемдік жайындағы ұғымды анықтауда
көптеген маңызды әлеуметтік- психологиялық факторлардың ықпалы болған:
дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге
тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшілігі. Дегенмен де әсемдік жайында
жалпы адамзаттық өлшем бар : ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық
музыка және т.б.

Әсемдекті тану (эстетика)- табиғатта, қоғамда, адамның іс-әрекетінің қай
түрінде болмасын, оның қарым-қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және
құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым боп
табылады. ақиқат дүниені, ондағы құбылыстар сырын адамның тануы тек ақыл
арқылы ғана емес, сонымен бірге түйсік арқылы беріліп, көңіл-күй сезімімен
біртұтас қабылданады. Соған сәйкес заттың немесе құбылысытың жетілгендігі,
идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адам баласына
әсемдіктің ляззатын алып келеді.

Әсемдікті тануға тәрнегібиелеу (эстетичечкое воспитание)- оқушының
бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі
көңіл-күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру үрдісі. Мақсаты – оқушы
тұлғасының әсемдікті тануын, білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға,
көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.

Тәрбиенің бұл саласын жүзеге асыруға табиғат, еңбек, тұрмыс, қоршаған
орта, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар зор рөл атқарады.

Эстетикалық тәрбие өмірдің барлық әралуан әдемілігімен ляззат алу
қабілетін тәрбиелеу, қоғамның игілігіне шығармашылықпен еңбек ету
қажеттілігінің болуын және барлық қабілеттердің үйлесімді дамуына тырысуы-
дейді М.Овсянников.

Оқушыларды эстетикалық тәрбиесі- біздің қоғамның негізігі бір міндеті.
Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаныңы жан- жақты үйлесімді
дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, эстетикалық тәрбие тұлғаны
жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде этикалық, эстетикалық,саяси
сенімдері, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы.

Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған, керісінше ол
ақиқат дүниені оқу- тәрбие процесінде тану арқылы қалыптасып дамиды. Біздің
елде оны ерте кезден қолға алады: отбасында, балабақшада әдемі
ойыншықтармен, суреттермен, балалар әдебиеттермен, музыкамен,
мультфильмдермен танысу барысында жүзеге асырады. Одан әрі белсенді түрде
жүзеге асырылады.

Мектеп жасындағы балаларда әдемілік сезімдерін ұғыну процесінде өзіндік
ерекшеліктеріне қатысты жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті тану
қабілеттеріне түсінік беріледі. Сондықтан эстетикалық тәрбиесінің сапасын
көтеріп, әсемдік жайлы сезімдері және қажеттіліктерін дамыту, соған сай
эстетикалық білім беру мәселесі- бүгінде бастауыш мектепті реформалау
жағдайының өзекті бір мәселесіне айналуы тиіс.

Эстетикалық тәрбие- деп жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының
қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын
түсінеміз.

Оқушылардың эстетикалық мәдениетінде жоғары дәрежеге қол жеткізу, оқу
орындарында идеялық- тәрбиелік жұмыстарының бағытына да байланысты.

Практика жүзінде идеялық- тәрбиелік жұмыстары эстетикалық тәрбиеде
төмендегідей жеке қарастырылады:

- Эстетикалық білім, ондағы мақсат тұлғаның эстетикалық мәдениетінің
теориялық және құндылық негіздерін қалыптастыру;

- Көркемөнер тәрбиесі, мақсаты тұлғаның дағдылары, білімдері, құндылық
бағыттары және талғамдарының бірлігінде біртұтас көркемөнер мәдениетін
қалыптастыру;

- Эстетикалық тұрғыда өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу,
мақсаты тұлғаның өзін-өзі жетілдіру;

- Шығармашылық қажеттілік пен қабілетті тәрбиелеу- мақсаты шығармашылық
мәдениетті, өзінің әрекетіне эстетикалық көзқарасты, шығармашылық
себепті, белсенділікті дамыту.

Дегенмен де жастардың эстетикалық тәрбиесіне қатысты мәселеде, алдымен,
тәрбиенің кез келген түрлерінің маңызды принциптері:
тәрбиеленушііііііілердің жеке басының ерекшеліктерін, олардың
қажеттіліктерін, эстетикалық сананың ерекшеліктерін ескеру қажет.

Олардың эстетикалық дамуында, оның қажеттілігі ақиқат дүниені
эстетикалық тұрғыдан меңгеру және қайта жасаудың белсенді көзі болады. Бұл
қажеттілікті қанағаттандыру процесінде тұлғаның эстетикалық санасының
барлық элементтері актуалданады және дамиды- көңіл күйінің әсерленуі,
эстетикалық көзқарастары, мұраттары.

Қажеттілік, қабылдау немесе эстетикалық құндылықтарды жасау процесінде
бұрынғы кезіндей емес, керісінше қайта өңделеді, соның ішіде тікелей
қабілеттердің дамуы рқылы кеңейтіледі және күрделенеді. Жаңа қажеттіліктер,
қабілеттердің өзгеруі негізінде, қозғаушы күшке айналып, эстетикалық
мәдениеттің жаңа даму деңгейіне жетуге түрткі болады.

Тұлғаның эстетикалық дамуында (қалыптасуында) қажеттілікті қалыптастыру
тетігі (механизмі) маңызды рөл атқарады. Ол тұлғаның эстетикалық тұрғыдан
қанағаттандыруда оның белсенді әрекетімен тікелей байланыста болады.
Мысалы, көркемөнер қажеттілігі ең алдымен қызығушылық формасында болады. Ол
тұлғаның эстетикалық көзқарастары, мұраттары негізінде дамиды.

Сондықтан, жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының барлық
кезеңдерінде жалпы орта мектептің жоғары сыныптарынан бастап өскелең жас
ұрпақтың эстетикалық тәрбие жұмысының маңызды саласы болып табылатын
көркемөнер қажеттіліктерін дамыту шарт.

Эстетикалық мәдениеттің ары қарай дамуына ықпал етуде мәдени-бұқаралық
шаралары эстетикалық тұрғыдан тартымды етіп ұымдастырудың да маңызы ерекше.
Бастауыш мектепте атқарылатын әрбір бұқаралық шара эстетикалық мәнге ие
болып, оның күнделікті өмірі адамгершілік-эстетикалық мазмұнға толы болуы
тиіс. Соның барысында оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамытуға бағдар
беріп отыру қажет, қорытындысында ол эстетикалық және жалпы тәрбие
жұмысының жазылмаған заңы мен нормасына айналуы керек.

Тұлғаның эстетикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде эстетикалық
мінез-құлық, мінез-құлық мәдениетімен де байланысты.

Оқушылардың эстетикалық даярлық сапасының қабілеттері мен
көзқарастарының және снімдерінің қалыптасуына, сонымен бірге жанұясы мен
құрбы-құрдастарынан да ықпалынан болады.

Бұлардың арасында ең маңыздысы- мәдени-эстетикалық әрекет. Әрекеттену-
жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени-
эстетикалық әрекет деп, әдетте, мәдени құндылықтарды өндіруге, таратуға,
тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды.
Мәдени құндылықтармен үнемі қарым-қатынас орнату және оларды жасау
нәтижесінде адам өзінің де эстетикалық деңгейін көтереді.

Осы әрекеттің қайнар көзі, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның
талап мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерін бөліп қарастырады. Осылардың
қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен
мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс,
альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Жеткіншектер рухани-практикалық әрекеттердің негізгі субъектісі. Олар
көркемөнер құндылықтарын жасау және таратуда, өндірісте, тұрмыста,
демалыста эстетикалық формаларды ұйымдастыруда негізгі рөл атқарады.

Олай болса, рухани- практикалық әрекеттің негізгі бір түрі- эстетикалық
әрекет болса, оған: кәсіби және көркемөнер шығармашылығы, көркемөнерпаздар,
көркемөнерді жобалауды жатқызамыз. Осылардың ішінде көркемөнерпаздар
эстетикалық әрекеттің көпшілік түрі. Ал, көркемөнер шығармашылығы мен
көркмөнерді жобалау көбінесе осы саланың кәсіби мамандарына ғана ыңғайлы
болып келеді.

Сондықтан, кемеліне келген қоғам жағдайында оқушылардың күнделікті
өміріндегі, тұрмысындағы, демалысындағы қолдары жететін әрекеттерінің
эстетикалық аспектілерінің сырын ашып білуге деген талпыныстары мен
қабіліеттерін оятып, ынталандырып отыру айрықша маңызға ие болуы қажет.

Эстетикалық тәрбие деп- жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының
қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын
түсінеміз.

Қоғам дамып отырады, бір қоғамдық құрылыстың орнына басқа қоғамдық
құрылыс келіп, адамдардың көзқарастары мен түсініктері, оның ішінде
әсемдікке, оның адамға әсер ету жолындағы көзқарасты да алмасып отырады.
Бірақ эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басылмады, творчестволық ізденгіш
ой оның табиғатын, жеке адамға әсер ету жолдарын барған сайын тереңдетіп
аша береді.

Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми-техникалық революция болып
табылады. ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде
эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті
сықылды болып көрінді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие
қазіргі адамдарды ғылым техникадан ешбір кем қызықтырмады. Эстетикалық
тәрбие мәселелеріне деген ынта-ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.

Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны мен
элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық
өмірдегі және де адамның мінез-құлқындағы әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай
білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы деп есептеу қажет.

Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірді терең де жан-
жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамды
қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.

Адамдардың әсемдікті жасауға белсене қатысуынсыз шын мәніндегі
эстетикалық тәрбиені жүйесі өзінің сапалық құрамына балалар мен
ересектердің эстетикалық іс-әрекетінің элементін қамтиды. Эстетикалық
тәрбие процесінде пайдалы (ақылға сыйымды) және эмоциялы (сезімді)
элементтерді дұрыс түсінудің аса зор маңызы. Педагогика бұл мәселені шешуде
адамның жан-жағдаятының бөлшектенбес бір тұтас екендігін, оның өмірінің
барлық жағынан; ақыл-ойы, идеясы, адамгершілігі және эстетикалық жағынан
өзара байланысты екендігін негізге алады. Осының барлық жағынан үндестікпен
дамуы –жеке адамның гүлденіп өсуінің маңызды шарты. Білім мен бейнелі ықпал
жасау жүйесі арқылы өсіп келе жатқан кісі адамдарға, Отанға, мәдениеттің
өмірде қайталанбас бағалы заттарына деген көзқарасты қабылдайды, өз бойына
сіңіріп жетілдіреді.

2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері
мен шарттары.

Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге
арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу
эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.

Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс
қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім
мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықтыжасау, оған қатысу қабілетін,
қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

- Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге
көзқарасына, түсінік- құлықтарына игі әсер ету.

- Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу
қабілеттерін дамыту.

- Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге
тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.

- Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына
көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау,
пайдалану үшін жастардың сауатты терң білімді болуы қажет, тіпті
көркемөнер салалар: әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті,
кино мен театр түсініп, олардан жанға рухани азық, ляззат ала білу
үшін де сезім –түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр білімді адам болуы керек.

Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өміріне зор рөл атқарады. Әседікті
көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді.
Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені
сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты, оның
салалы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп әсемдікке шынайы
көзқарасты мен мұраттарының болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу-тәрбие барысының
зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамның
тек қана көзқарасы емес, еңбек, қоғамдық қатыстар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа көзқарасын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбек кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе.
Ол әр дайым бойларында әсемдік құндылықтары бір қатар құрбыларына,
ересектерге електейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекетіне тиімді және сапалы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдап деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Мұғалім балаларға еңбек әсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, балалардың
еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты
тәрбиелеудің экономикалық мәселелеріне әрі тікелей, әрі жанама қатынасы
бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және
материалдық қажеттіліг қанағаттандыруға бағытталғандықтан туындайды.
Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағынан үлкен әсер етді.
Мұның өзі әр баланың білім алуына белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас
мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым- қатынасы қоғамдық
идеяны алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету
жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік
сана мен талғамды, оны қадағалау мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған
процесі. Эстетикалық процсті тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді
дамытудың жалпы жүйесіндегі ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-
әрекеттің барлық түріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдіке
көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін,
шындықтың объктивтік жағынан, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-
әрекетінде қоғамдық мұраттағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі
сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға
көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған адам дыбыс үйлесімділігінің
сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениетті және гигиена негіздері арқылы
бала адам денесінің тән сұлулығын таниды.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамуының жалпы
жүйесінде жанама қызметі де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-
әрекетін белсенді және тиімді деп берушісі де болады. Оқушы өнегелінің
әсемдігі, оның жан-дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға
тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі еңбек
іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі
адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалмен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе-оқу,қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы адам сезімі мен санасына
әсер етіп, оның көзқарасына және оны қалыптастыруға жәрдет етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен
тығыз байланысты. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар
әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу-адамдардағы
әсемдікті еңбек мазмұны мен процесі танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты
тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден,
белсенді іс- әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау
қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек нәтижесінен
көруді және ляззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде әсемдікті
жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең
жақсысын қабылдау, одан ляззат алу эстетикалық тәбрие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарас
қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі- эстетикалық
сезімді және эстетикалық қабылдауды үйрету. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті
сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әлемдікке үңіле қарап,
оның сырын білуге тырыспады да, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді,
қалай болса солай қарап, жаннан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін оған
түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласын әр бір адамда
білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен
қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы
дүниеге сезімталдық, эстетикалық дамуының негізі.

Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру эстетикалық
тәрбиенің тағы бір міндеті. Әдемілікті сүю, оны түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан балаға бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты бұл эстетикалық терең түсінуге
тырысады, пайымдай жйне бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
зор. Эстетикалық таным- бұл өмірдегі, еңбектегі, табиғаттағы сыртқы
әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына
жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни
бірінші баға-көркемдігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға –мәнерлеп
сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде орындағаны үшін қойылады. Әрине
орындаушылардың еңбегіне әділетті баға қою үшін мамандардың әсіресе
төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не
тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі
баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға
өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика еңбек, табиғат эстетикасы,
адамдар қатынасы және жай жағдай эстетикасы адамды сүйсіндіреді. Адам
белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны
көріксіздікпен, ұсқынсыздықпен қорғауы қажет.

Оқушылардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас процесте
дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы эстетикалық бағытта тиімді
ұйымдастырылса, ол өз өміріме әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті-өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары- әдебиет және өнер. Олар зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді.
Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр-түрлі құралдар
арқылы әдебиетте-проза, поэзия, кескіндеме-жанр, баталия, пейзаж; мүсіндеу-
бюст т.б. музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі.

Белгілі орыс суретшілері п.А.Федотовтың, В.Г.петровтың, И.Е.Репиннің,
В.В.Веращагиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері
Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б шығармашылығымен байланысты
бейнелеу өнері оқушылардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М.Горький, М.А.Островский, А.А.Фадаеев, М.А.Шолохов ,М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов т.б еңбектеріндегі адам баласының бақытты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты
шарттарының бірі болып табылады.

Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарастары қалыптастыруда табиғат зор рөл
атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады. Эстетикалық
түсінігін байытады. Адам табиғаты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы
сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін қабілетін
адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріссіз жасауға жұмасуы қажет. Мысалы:
қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру,
мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу-бұл зор эстетикалық қамқорлық.

Оқушылардың эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан
қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекеттерімен байланысты екенін көрсетеді.
Мәселен өзі шешу мүмкіндігін болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі
әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық бала үшін
көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың
қорғаушы күші, дем беруші ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ляззат және құлықтық
шығармашылық қабілеттері артады. Қажетті білікттері мен жағымды әдет-
дағдыларымен бірге қатар эстетикалық сезімдері қалыптасады.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке
қарап әңгіме құрауды әсер алған уақиғаларды айтып беруді қиын да жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып
олардың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік- әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі, ержүрек сезімдерден
ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады.
Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка
пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілеттерін дамытуды
көздейді. Бастауыш сынып мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы
болуы керек немесе музыка сабақтарында тікелей қатысып, ол пәнді жүргізуші
мен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда сыныптан тыс жұмыстарда
музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуге ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін сызықтық суреттер, сәулет өнері
туралы құралдарымен бірге өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар
мұраттарына күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезінуі, алған әсерлерін бейнелеу,
сызықтық сурет салу сауатын меңгеру жеке балаларда кескін, мүсін сызықтық
суреттерде әсемдікті жасау қабілеті олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу
өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытады.

Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға
үміттендіреді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды,
таным ынтасының бейімділігін, қабілетінің дамуына ықпал жасайды.

Мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролі
орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

Мектептегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының
жүйесінде кеңінен пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен
көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер-олар әдебиет, музыка
хореография, бейнелеу өнері т.б.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі-көрмелер,
сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба
журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер,
әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін
тұтандырады.

Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем
галерея, мұражай, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын,
талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып,
сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітпаханасының мүмкіншілігі
бар.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік,
қызығушылық, бейімділік принциптері іске асырылады.

Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар да әсер
етеді, сынып бөлмесі, әдемі мектеп жиһаздары, демалыс бөлмелері, қолайлы
жұмыс орны, оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізігі көзі.

Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың
бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана
оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын жасайтын адам екенін
түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарту құралдарын және
баспасөз материалдарын кеңінен пайдалануға болады.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы
уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.

Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы:
қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты
өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу,
жайылымдардың күйін анықтау, ауа-райының өзгерісін алдын-ала болжау,
өсімдіктің атын дәл қойып табу т.б.

Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста
еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оның
әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлігі таңқаларлықтай. Олар бос
уақытты пайдаланып жас ұрпаққа тәрбие беру ісіне қызмет етті. Халқымыздың
тұрмысынан енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейлкніп жасалуы
эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері өңдеу, металл өндеудегі
өнері әлемге белгілі.

Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Жеке адамның жалпы мәдениеті яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары,
ізеттілік, ұқыптылық, шырайлылық, қайырымдылық, тазалық сақтау т.б. Жалпы
эстетикалық мәдениет- бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-
жағдай эстетикасы, манера (өін ұстай білу үлгісі), дене қимылы т.б.

Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдер мен басқа
адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай балалардың
күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптсады, эстетикалық сезіміне үнемі
әсер етеді. А.С.макаренконың айтуы бойынша адамдармен шырайлы қарым-
қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу осының бәрі
моралдық эстетиканың басты саласы.

Әрбір үйелменде өз үйіне жылы жағдай жасауға тырысады. Әр түрлі үй дүние-
мүліктерінің өз орнында әдемі ыңғайлы тұруын ыңғайластырады. Жұмыс істейтін
және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелменде балаларды
үй ішінде өзінің жеке заттаррын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге,
үйді жинауға тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түріне
балаларды қатыстыру әке мен шешенің , ересектердің басты міндеті.

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық
сұлулықтың белгісі.

Оқушылардың эстетикалық танымын, сезімін мәдениетін, білімін, көтеруде ең
басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып
эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұны, формаларының және әдістерін жетілдіру
жолдарын іздестіріп жүзеге асырады.

Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы, оның эстетикалық
мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән қазіргі өмір талабына сәйкес
болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның
сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану-бұл әдемілікті сезу, өмірге
адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.

Артық сәндену, түрлі формаларға, түстерге еліктеу адамға абырой
әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауға, өскелең өмір талабына
жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алуы керек. Басқаша айтқанда, адамды қымбат
мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім-кешек эстетикасында
сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық
сұлулықтың белгісі.

Оқушылардың эстетикалық танымын, сезімін мәдениетін, білімін көтеруде ең
басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып
эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұны, формаларының және әдістерін жетілдіру
жолдарын іздестіріп жүзеге асырады.

2-тарау. 2-сыныпта Ана тілі пәні материалдары арқылы оқушыларды
эстетикалық тәрбиелеу жолдары

1. Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты

Әдебиет сабағында оқушылардың қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Егер біз
әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен
интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасын, кейіпкерлердің
тағдырына ортақтасады, көркемдігін терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін
бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз
болмақ. Осы жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен де келісеміз. Жанындағы ойды,
әсерді жарыққа шығаруға ынталы бала не жарытылыстан алады, не искусстводан
алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болады.
Эскурсцияға бір план бойынша барып, белгілі бір заттарды, яки көріністерді
бақылау үшін. Мысалы, көктің түсін, бұлттың түрін, құмырсқаның ұясын,
құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай
бақылау уақыттарында әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың
аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе дей келіп ғалым-жазушы
ойын әрі қарай жалғастырады.

Искусство. Бала искусстводан көп нәрсе алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу
картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет
түрлерін тыңдасын. Осылай жалаңаш әсер алып, дағдыланған соң мұғалім
фәлсафа соқпай, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған жалаңаш әсерін
анық ұқтырсын. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ
іздейді,- деді М.Жұмабаев. қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен
көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский оқу процесі мен тәрбие процесінің
бірлігін сақтай отырып, көркем шығарманың, ауыз әдебиеті үлгілерінің,
халықтық педагогика өнегесінің оқушыларды өздерін қоршаған ортамен,
табиғатпен етене тұтастыратынын айта келіп, оны этико-психологиялық негіз
деп көрсетеді. Сенім мен қайырымдылықтың қайнар көзі бізді қоршаған
ортаның сұлулығында,- дейді ол. Құстардың қалай әндетіп, бұлақтардың қалай
сылдырлайтынын естімей өскен, көк шөптің жер қыртысынан қалай жарып шығып
келе жатқанын көрмеген, гүлдердің әсем бояуын тамашаламаған, батып бара
жатқан күннің шапағының, қарағайлы орманды алтындай түске бояғанын көрмей
өскен ұрпақтың қиял сезімі тас қараңғы, соқыр, өлі жандарға ұқсас болып
кетерін ескермедік. Мұндай сезімі селт етпес ұрпақтан қиялы қалықтаған
ғалым да, сөзі сел боп аққан ақын да шықпайды. Өйткені шығармашылық
сезімді оятатын таңырқау мен қызығудың сүйсінудің, ляззатқа бөленудің, ой-
қиялдың анасы-табиғат.

Л.В.Заноков өзінің дидактикалық жүйесінде психология ғылымында әсерленуге
эмоцияға берілетін сипаттамаға сүйене отырып, ең тиімді әдістеме ретінде
оқушының әсерленушілік-еріктік жан дүниесіне, рухани қажеттігіне қозғау
салатын. Әдістемені жақтайтынын атап көрсетеді және өзінің дидактикалық
жүйесін осындай әдістемемен құрдым деп есептейді.

Әсерлену- субъектінің көңіл күйін, объектіге деген қатынасын бейнелейді
және рахаттану, жирену, шаттану, жабырқау, қуану, қайғыру т.б. сияқты адам
жанындағы қарым-қарсылықты сапаны, яғни оң немесе жағымсыз өзгерістерді
көрсетеді. Осымен байланысты әсерлену-адамның психикалық әрекетінің және
дүниеге қатынасының түріне қарай интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық
әсерлену болып бөлінеді.

Көркем шығармалар, көркем образдар, суреттер, сипаттаулар мен тілдің
бейнелі құралдары арқылы сана мен сезімге, психикаға әсер етіп, адамда
эстетикалық, адамгершілік әсерленуді тікелей туғызады.

Көркем шығарманың басты міндеті оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы
жақсы қылыққа, мінезге баулу, өмірдің сырын аңғарту, әдебиет арқылы бала
бойына жұғатын жақсылықтың бәрі осы жолмен келеді, -дейді С.Қирабаев.

Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас-жеткіншектердің эстетикалық
тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие
саласында жиған бай тәжірибесін негізгі алу қажет деген пікірді
ұстанғандардың бірі ы.Алтынсарин.

Ы.Алтынсариннің де эстетикалық тәрбие проблемеларын қозғайтын арнайы
еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Бірақ Ы.Алтынсариннің эстетикалық
көзқарастары оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Қазақ
хрестоматиясына енгізіген ауыз әдебиетінен жинаған материалдардың махмұны
тек қана танымдық, адамгершілік, өнегілі және ақылгөйлік сипатқа ғана емес,
ол сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамның жан-жақты қалыптасып дамуына,
әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы жылтырақтаудан ажырата
білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.

Балалар мен жеткінщектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының
тәрбиелік күшін ұлы Абайда бағалады.

Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын
қалыптастыруда Абай өлеңдерінің туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының
көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка
үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұрым,
Желсіз түнде жарық айт.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Өлеңде
табиғаттың әсем, сұлу көрінісі, жан-жануарлар қимылы, күн шұғыласын,
адамдардың іс-әрекеттері бәрі де балалардың қиялына қанат бітіреді.

Абай табиғаттың қай көрісінен болмасын әдемілікті, сұлулықты көре білуге
шақырады. Табиғаттағы жан-жануарлардың өмір тіршілігіне зер салуға,
құстардың әсем дауыстарын тыңдай, бір-бірімен айыра білуге, кең байтақ
өлкенің, орман тоғайлар мен миуалы бақтардың, тау қайнауларының
көріністерін қызықтай білуге үйретеді.

Мысалы: Желсіз түнде жарық ай деген өлеңін алайық.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың маңы терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп.

Мұндағы табиғат көрінісі суреттемесінің нақтылығы, мәселен Абайдың түн
мезгіліндегі көл бетіне түскен ай сәулесінің дірілдеп көрінуін, ағаш
жапырағының өзді-өзімен сыбырласуын сипаттауы, жастарға ерекше бір әсер
беріп, лирикалық сезімге бөлейді, туған жер табиғатына деген мақтаныш
сезімін тудырады.

Эстетика теориясына тоқталғанда атап өткеніміздей, адамның бір жағы сұлу
болу керек, пішіні де, мазмұны да. Осыған орай, кез-келген сыртқы
жылтырақтың іші, ішкі жан дүниесі түкке тұрғысыз да болатын жағдайлар
күнделікті өмірден, тарихтан белгілі. Осы негізде Абай да:

... Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!- дей отырып, тән сұлулығынан жан
сұлулығын жоғары қояды, бағалайды.

Абай өзіне дейінгі қалыптасқан эстетиканы сіңіре отырып, қазақ халқының
болмысына тән жаңа мәдени, этникалық сипаттағы сұлулық пайымын дамытты,
сөйтіп мазмұн мен түрдің арасындағы жанды пропорцияны сақтай эстетикалық
қағидалардың өзгеше бағытын ұсынды.

Абай біздің рухани әкеміз деп академик З.Қабдолов атап көрсеткендей,
Абай адамгершілік пафосы, парасаттылық биігі, азаматтық келбеті туралы
қазақ әдебиетінде арнайы, жан-жақты қарастырылып жүр. Абай мұрасын жинау,
оның творчествосының мәнін түсіну жайынан болсын, көп еңбек сіңірген Мұхтар
Әуезовтың алғашқы пікірлерімен айрықша назар аударған жөн. Өйткені ол Абай
ұлылығының сырын жыға түсініп, ғылыми қомақты пікір айта білген... деп
М.Әуезовтың Абайтанудағы үлесін жоғары бағалаған белгілі әдебиетші
Т.Кәкішевтің пікіріне орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Пәнаралық байланыстың негізі
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Курс жұмысының зерттеу әдістері
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Пәндер