Қазақ хандығының Ресейге қосылуы



Кірісіпе ... ... ... ... ... ..3
I.бөлім. Қазақ хандығының Ресейге қосылуы ... ... 4
1.1.Қазақстанның Ресей шебіне қосылу барысы ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты ... ... ... ...12
ІІ.бөлім. Қазақ жүздерінің Ресей қол астына өтуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1.Кіші және Орта жүздің Ресейге бірігуі ... ... .15
2.2.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы ... ... ...20
2.3.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер
қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екініші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде үлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рол атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді.
1. Мусин Чапай “Қазақстан тарихы” Алматы,2000ж.
2. Қойшығара Салғарин . “Қазақтың қилы тарихы”Алматы,1992ж.
3. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 1-12т. Алматы. 1972-1980.
4. Мусин Чапай “Қазақстан тарихы” Алматы, 2003ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кірісіпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...3
I-бөлім. Қазақ хандығының Ресейге қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1.Қазақстанның Ресей шебіне қосылу барысы ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты ... ... ... ...12
ІІ-бөлім. Қазақ жүздерінің Ресей қол астына
өтуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1.Кіші және Орта жүздің Ресейге
бірігуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.Ұлы жүздің Ресейге
қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.3.Қазақстанның Ресейге қосылуының
аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес
барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екініші жартысынан бастап қазақ хандары
өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс
мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552
ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен
Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін
орнатқаннан кейінгі жерде үлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс
мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата
түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары,
Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ,
Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рол
атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын
халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін
Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты
дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда
жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын
нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне
қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке
байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық,
саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына
Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың
атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы
жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж
төлемей қазақтармен сауда жүргізуге ұрықсат алды. Бұл кезде Мәскеу
мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы
саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды
І бөлім. Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
1.1. Қазақстанның Ресей шебіне қосылу барысы
Сонымен бұл процесс ХVІІІ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталып, бір
жарым ғасырға созылды.
Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері ХVІІІ ғасырдың отызыншы
жылдарынан ғана емес, Орыс мемлекеті Мәскеу төңірегіне шоғырлана бастаған
кезден, ХV ғасырдың орта шенінен бастап ақ ерекше мәнге ие болған еді.
Қазақ орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы, әрине, орыс патшасы
ІV Иван билік құрған кез деп қарастырған жөн. Ол дәуірде орыс қазақ қарым
қатынасының негізгі даму барысы саяси дмпломатиялық жүйеде қалыптасты. Орыс
мемлекетінің Самара, Саратов, Қазан сияқты ірі саяси экономикалық
орталықтары Қазақстанның сыртқы жағдайының Ресеймен мүдделес болуына ынталы
еді. Яғни, ХVІІІ ғасырдық отызыншы жылдарына дейін де орыс қазақ
байланыстары өзара даму барысында белгілі бір жәрежеге жетті. Ресей мен
Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстары екі халықтың өзара
қатынастарының негізі болғандығын көрсетеді.
ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде І Петр патшаның шығыс саясатында
Қазақстанға мән беруі, Солтүстік соғыста Швецияны жеңген Ресейдің Қазақ
хандығымен кең байланыс жасауға ұмтылуы түсінікті еді. Князъ А. Бекович
Черкаскийдің, подполковник И.Д.Бухголъцтің, майор И.М.Лихаревтің,
подполковник П. Ступиннің әскери барлау экспедиялары қазақтарды көрші
Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алғандығын жоққа шығару
ағаттық.
Орыс қазақ қарым қатынастары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
кезеңінен жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Жоңғарияда қазақтардың мүддесін
қорғайтын дипломатиялық миссиялардың қызметі Ресейдің қазақ халқы алдында
беделін көтерді.
Әйтсе де, Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кіруге
ризашылық білдіруі, бұл қадамның 1731 дылғы қазан айының оны күні ресми
келісімде негізделуі екі халықтың өзара байланысындағы елеулі кезең болды.
Бұл келісім ат төбеліндей бай феодалдардың емес, бүкіл қасіретті басынан
кешірген қалың бұқара мүддесін ойлаудан туындады. Қазақ халқының Жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресі Ресей сияқты үлкен елден қолдау тапты.
Әрине, қазақ билеушілерінің бәрі бұл тарихи бетбұрысты бірден қолдай қойған
жоқ. Әрі патша өкіметі де көп ұзамай отаршылдық саясатын ашық жүргізіп,
бет пердесін айқындады.
Әйтсе де, патшалы Ресейдің сол отаршылдық саясатына қарамай, бұл
қадам белгілі тарихи оқиға ретінде сипатталады. Қазақ халқының шаруашылық,
саяси, қоғамдық қатынастарын да феодалдық патриархаттық қайшылық,
тартыстардан шығаруға бағытталған құбылыстар қалыптасты. Бірте бірте
патшалық қысымның күшеюі езілген қазақ, орыс және Қазақстанды мекендеген
басқа да еңбекшілер саяси санасының ояна бастауына әсер етті, отаршылдыққа
қарсы күресті жеделдетті.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың
дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың
аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед
жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты.
Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы
қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат
ретінде ұсталып отырған ханның жиені Ораз-мұхамедті босату және Борис
Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған
"отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық
жауларынан "сақтайтынына" уәде берді.
1395 жылы Төуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Ресейден Вельямин
Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан
және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша
әрі ұлы князь олардың барлық дұшпандарынан қорғауға, Бұхара мен Көшім ханға
қарсы тұруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын білдіру үшін
Тәуекел хан ұлы Үсейінді жіберуді, ал сол үшін бауыры Оразмұхамед ханзаданы
босатуға уәде беретінін хабарлады. Тәуекел хан Мәскеу патшасының талабы мен
қойған шарттары қисынсыз, өте ауыр болғандықтан қабылдамады.
ХІІІ ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі және сыртқы
жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытқа
үзілді. Саяси байланыстар XVII ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік
басына аса көрнекті саяси қайраткерлер - Тәуке хан мен I Петр келген кезде
жанданды. Мұның өзі Ресейдің ( Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара
қалаларының даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байла- нысты
еді. 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған қазақ елшілігі
жіберілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым
берік байланыс орнату болатын. Тобылға 1689 жылдың аяғы - 1690 жылдың
басында барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды. Бұл екі елшілікте
нәтижесіз аяқталды. Жалпы 1686-1693 жылдары Тәуке хан Ресейге бес елшілік
жіберген, алайда оның берік саяси байланыстар жасауға ұмтылысы тиісті
нәтиже бермеген. Өйткені Тобыл әкімшілігі тарапынан да, Қазақ хандығы
жағынан да жіберілген елшіліктерді екі жақта да дұрыс қабылдамай,
арандатушылық орын алған. Мұның өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы
қатынастардың шиеленісуіне әкеп соқтырды. Бұл XVII ғасырдың аяғы - ХҮШ-
ғасырдың басында Ресейдің жоңғарлармен жақындасуына себеп болды. Осыған
қарамастан Қазақ хандары солтүстіктегі өзінің үлкен көршілесімен саяси-
экономикалық байланыстарды жақсартуды үнемі өз алдарына басты міндет етіп
қойды. Өйткені Ресей мен Қазақ хандығының екі жақты жақындасуына XVIII
ғасырдың басында жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі
басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен
қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы
қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп
туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі
қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші
ел халықтарымен қарым-қатынасын ушықтырып, өзіне тәуелді болуын іске
асыруға бағытталған жымыскы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты,
тату-тәтті карым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс
бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп
отырған Кіші жүздің ханы Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың
кепілі сияқты көрінді.
Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті
еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай
құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен
Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа
шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен
экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан
және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта
қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - подполковник
Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар
Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жер-лерден жинап алынды. Әскери-
дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың
шілдесінде құрамында 2797 адамы бар И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.
1715 жылғы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп
аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің
сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бұл әскери-
инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей
мемлекетінің сыртқы ықпал ету аймағын кеңейту болып табылды.
И. Д. Бухгольцтің экспедициясынан кейін Батыс Сібір генерал-
губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекініс тұрғызу үшін воевода
Павел Северский мен Василийді Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П.
Северскийдін отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Колбасин
бекіністерін салды. Чсредов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат(Семей)
бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей қамалының, ал
1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде
Өскемен бекінісінің негізін қалады.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және
Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз
бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия
елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы
арқылы өтетінін жақсы түсінді.
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші
жүзден басқа қазақтың Орта және Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра
бастаған еді. Өйткені ондаған жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының
және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден
тоздырып әлсіреткен болатын. XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс
патшасынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8
қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев
бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Ресей
империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. "Біз Әбілқайыр хан, - деп
көрсетілді жолдамада, -маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген...
халқымен сіздің алдыңызда күллі бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ
дейміз". 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және "бүкіл
қазақ халқына" олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы
грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші
жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге
Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен 1731 жылы 10-шы
қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей
құрамына бодан болып кабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731
жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке
Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, "өзінің мөрін
басты". Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, ¥лы жүздің
атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна
Иоанновнаға хат жазып, ¥лы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш
жасады. Бұл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы ¥лы жүзді Ресей құрамына қабылдау
жоніндегі құжатқа қол қойып, ¥лы жүз хандығына: "Сіздерді қол астымызға
Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз", - деген қағаз жіберді. Қазақтар
Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени
жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі езінің
отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Иоанновна Әбілқайырға Ор өзеніңің сағасынан
бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, кала салатын жерге И. К.
Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.
Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар
салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені
бойынан 14 қамал салынды. Басқа өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-
бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің
жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар
қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге
кең мүмкіндіктер ашты.
Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында
қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің
бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің
қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В.
А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек
аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет
батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен
келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүзбен Орта жүздің 399 өкілі
Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша
өкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде
ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың
қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай
әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның
төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды.
Бұл кезде кең байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған II. II. Неплюев
Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз
айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді.
Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында Қосалқы жоспар
әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылғы 1 наурызда
бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдағы істер И. И. Неплюевтің өзіне
жүктелді.
Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен
башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық қайшылықты
қоздырды. 1744 жылы Орынбор губерниясы қүрылып, оның бірінші губернаторы
болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр
арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру
үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отарлау
шараларын адам айтқысыз қатыгездікпен жүргізді, оры-стардың Кіші жүз жеріне
қоныс аударуына барынша қамқорлық жасады.
Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі мақсаты
бүкіл Қазақстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ықпалды
сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден
аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне
дейін төмендетугс тырысты. Ол үшін И. И. Неплюев ханға қарсы Орта жүздің
атақты шонжары Барақ сұлтанды айдап салып, бұлардың арасындағы феодалдық
топтық қырқысты шиеленістіруге себепші болды. Бүл қырқыс 1848 жылы 1
тамызда Ұлқияқ және Торғай өзендерінің арасында болған қақтығыс кезінде
Барақ сұлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аяқталды. Барақ сұлтан
Әбілқайыр ханды зорлықпен өлтіру өзінің даңқы мен билікке жетуіне даңғыл
жол салып береді деп есептеді. Алайда, ол қатты қателесті, өз
тайпаластарының көпшілік бөлігін өзіне қарсы қойып алды. Қазыбек бидің
жетекшілігімен өткізілген билер соты оны ақтағанымен, халық одан теріс
айналып кетті, сөйтіп көп ұзамай Барақты саяси қарсыластары улап өлтірді.
Ал Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан
сайланды. Ол алғашқы жылдардан бастап ақ патша өкіметінің айтқандарын
орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті.
Сонымен XVIII ғасырдын орта кезінде Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі,
Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық
Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40
жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде
қосылды.

1.2. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге
асырды. Оның 1742 жылғы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының
қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар
олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді.
XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы
Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.
Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта:
біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын
тездетіп салу және тұрақты қазақ-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін
Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар
жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан ары құру, басқарудың
дистанциялық жүмыс түрін енгізу жолымсн, үшіншіден, қазақ даласын өзіне
біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен
жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық
билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру
сұлтандардың, ру шонжарларының, билсрдің наразылығын тудырды. Өйткені
оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға
тырысты.
Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі
реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды
бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан
айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра койған жоқ. Бұқпантайлап,
торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық
саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.Оның
алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі
протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды
түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша
өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне
араласпай, тұзақты алыстап құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін
өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте
тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет
перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын
пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар
мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі.
Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша
өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына
алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.
Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола
кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің
отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші
арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан
қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс
босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек
пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды
тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер
Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер
Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің
отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның
батыс, солтүстік-шығыс аймақтарып тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы,
1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі
экспансиясы бұрынғысынан неғүрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік
Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы
жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Пәндер