Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық проблемалары
1.2 Ұлтжанды рух.жігері шыңдалған тұлғаны белсенді тәрбиелеу жолдары.
1.3 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру жолдары
1.4 Этнопедагогика. жеткіншек тәрбиесінде
1.5 Азаматтық тәрбие мен дінтанудың құқықтық мәдениет
қалыптастырудағы орны

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі жастар тәрбиесінің теориясы мен практикасының негізгі өзекті мәселелерінің бірі – тәлім – тәрбие жүйесінің нендей мақсатқа арналғандығын алдын-ала белгілей білу. Олай деуге бірден-бір себеп, біздіңбілім беру саламыз бен тәрбие жүйеміз әлеуметтік болысымызды қанағаттандырумен ғана шектелмей, келешектегі қажеттілігімізді де жүзеге асыратын деңгейде болуы тиіс. Өйткені, оқу- тәрбие жүйесінің дамуындағы басты мәселе бұрын білім мен тәрбиенің мазмұны болып келгені мәлім. Қазір бұл көзқарас өзгерді. Қоғамның дамуына сәйкес бұдан былай оқу мен тәрбие үрдістерінің мазмұны емес, бірінші кезекке оның мақсаттары қойылуы керек. Экономикалық және әлеументтік реформалардың өмірге баяу ендірілудің қоғамның өркениеттілік сұранысын қанағаттандыратындай жаңа жүйенің жұмыс істеп кетуіне мүмкіндік бермеуде. Сондықтан біз тәлім-тәрбиелік жаңа жүйеге кедергі жасап отырған жағдайларға мына төмендегілерді жатқызар едік.
1. Елімізде идеологиялық тұжырымдама жасалғанымен, оның жүзеге асырылуына жауап беретін, бақылап, басқаратын механизмнің толыққанды жұмыс істемеуі,яғни сөз бен істің арасындағы алшақтық, кей бастамалардың сөз күйінде қалып қоюы, ақпарат жүйесіндегі сәйкессіздік, т.б. кедергі келтіруде.
2. Ұлт мектептерін қалыптастыру сайысында тәрбиені әлеуметтендіру саясаты әліде сөз жүзінде қалып, бұл мәселеде мектеп ұжымдарының жалғыз қалуы.
3. Балалар мен жасөспірімдердің сұранысы мен қызығуы ескерілетін ақпараттық жүйелері өз жұмысын қайта құруы қажет.
4. Адамгершілігі зор, иманды, тәрбиелі адам- кез-келген мемлекеттің бірден-бір байлығы, оның әлеументтік өміріндегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.
1. «Қазақстан жоғарғы мектебі» № 1 2007жыл (5-15 б.б)

2. «Ғылыми-әдістемелік журнал» Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы № 4 2006 (147-148 б.б)

3. «Жанұя мен мектептегі тәрбие» № 4 2007 жыл (3-7 б.б)
« Мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы»
С.Тәжібаева 2003 жыл Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы.

4. Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 1977 ж

5. ҚР Білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы.
Алматы, Юрист, 2004

6.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде. Алматы.

7. Қалиев С. Тәрбиенің өзекті мәселелері.

8. Қазақ совет энциклопедиясы. Т.9. Алматы, Қазақстан,1973

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА
ИНСТИТУТЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ –ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі жағдайда жеткіншектерді
азаматтыққа тәрбиелеу

Тексерген: П.Ғ.К, Педагогика
кафедрасының доценті Тажбаева С.Ғ.
Орындаған: 050113-биология, 2 курс

студенті Қайрбекова М.Р.

Алматы 2007

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық проблемалары
2. Ұлтжанды рух-жігері шыңдалған тұлғаны белсенді тәрбиелеу жолдары.
3. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің азаматтық белсенділігін
қалыптастыру жолдары
4. Этнопедагогика- жеткіншек тәрбиесінде
5. Азаматтық тәрбие мен дінтанудың құқықтық мәдениет
қалыптастырудағы орны

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.

КІРІСПЕ

Қазіргі жастар тәрбиесінің теориясы мен практикасының негізгі өзекті
мәселелерінің бірі – тәлім – тәрбие жүйесінің нендей мақсатқа арналғандығын
алдын-ала белгілей білу. Олай деуге бірден-бір себеп, біздіңбілім беру
саламыз бен тәрбие жүйеміз әлеуметтік болысымызды қанағаттандырумен ғана
шектелмей, келешектегі қажеттілігімізді де жүзеге асыратын деңгейде болуы
тиіс. Өйткені, оқу- тәрбие жүйесінің дамуындағы басты мәселе бұрын білім
мен тәрбиенің мазмұны болып келгені мәлім. Қазір бұл көзқарас өзгерді.
Қоғамның дамуына сәйкес бұдан былай оқу мен тәрбие үрдістерінің мазмұны
емес, бірінші кезекке оның мақсаттары қойылуы керек.
Экономикалық және әлеументтік реформалардың өмірге баяу ендірілудің
қоғамның өркениеттілік сұранысын қанағаттандыратындай жаңа жүйенің жұмыс
істеп кетуіне мүмкіндік бермеуде. Сондықтан біз тәлім-тәрбиелік жаңа
жүйеге кедергі жасап отырған жағдайларға мына төмендегілерді жатқызар
едік.
1. Елімізде идеологиялық тұжырымдама жасалғанымен, оның жүзеге
асырылуына жауап беретін, бақылап, басқаратын механизмнің толыққанды
жұмыс істемеуі,яғни сөз бен істің арасындағы алшақтық, кей
бастамалардың сөз күйінде қалып қоюы, ақпарат жүйесіндегі
сәйкессіздік, т.б. кедергі келтіруде.
2. Ұлт мектептерін қалыптастыру сайысында тәрбиені әлеуметтендіру
саясаты әліде сөз жүзінде қалып, бұл мәселеде мектеп ұжымдарының
жалғыз қалуы.
3. Балалар мен жасөспірімдердің сұранысы мен қызығуы ескерілетін
ақпараттық жүйелері өз жұмысын қайта құруы қажет.
4. Адамгершілігі зор, иманды, тәрбиелі адам- кез-келген мемлекеттің
бірден-бір байлығы, оның әлеументтік өміріндегі бейбітшілік пен
мәдениеттіліктің кепілі.

1.1 Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің
педагогикалық проблемалары
Қазіргі заманғы қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің идеологиясы мен жаңа саясат парадигмасы мектептер мен жоғарғы
оқу орындарында білім беру процестерін қайта қарауда инновациялық жолды
іздестірудегі туындайтын қайшылықтарды жеңу жолдарын табуды, білім
мазмұнын құруға жаңа концептуальды тұрғыдан қарау жіне жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеудегі тәрбиенің рөлін көтеруді талап ететіні күмәнсіз.
Осы салада ғылыми педагогикалық зерттеулердің талдауы
Патриоттық тәрбие немесе патриотизм тәрбиесі ұғымдарының трактовкасы
көп зерттеушілер тұтас комплексті екі педагогикалық ұғымның бірлесе
дамуында зерттеп білуде деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді, бірақ ол
патриоттық тәрбие техноло-гиясы интегративті ұғымын тереңдетіп оқып
үйрену мақсатында біз оны біршнеше ғылыми тұрғыдан Тәрбие, Патриотизм,
Патриоттық тәрбие және Патриоттық тәрбие технологиясы философиялық,
психологиялық, педагогикалық, музыкалы-педагогикалық, ғылымдар тұрғысынан
қарастыруды жөн көрдік.
Енді біз жалпы біршама патриотизм анықтамасына тоқталып өтейік:
Патриотизм – (грек тілінен patriotes-Отандас, patrio-Отан,туған жер)
Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі
мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ата тілін, елдің әдет ғұрпы мен
дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса
бастайды,- деп көрсеткен.
Қазақстан республикасының Білім туралы заңының 8- бабында білім беру
жүйесінің басым міндеттерінің қатарында жеке тұлғаны ... азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан республика-сына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге
тәрбиелеу деп көрсетілген.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның
бай да даңқты тарихына , оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен
сезіне алатындай іс-қимылжүйесін талдап жасауы қажет.
Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті
болуы тиіс. .. Әрбір адам бала
кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен
де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген
жөн- деген болатын.
Міне, осы сөздің өзі жеке тұлғаның қазақстандық патриотизмге деген
сезімін оятуға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бірақ дәл қазіргі таңда
патриоттық тәрбие аса маңызды болып отыр. Ағартушы педагогтар өскелең
ұрпақты оқу-білімге, адамгершілікке тәрбиелеп өз Отанының патриоты болуға
шақырады. Біздің елімізде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі қандай
дәрежеде қалыптасқан? Патриоттық сезімнің қалаптасуына кері әсерін тигізіп
отырған ақпарат құралдары, шетелдің мән-мағынасы жоқ музыкалары, осымен
қатар түрлі жарнамалар жас балалардың психологиясына кері әсер етіп, соған
қызығушылығы басым болады. Ал, осы патриоттық тәрбиенің бұрыс немесе дұрыс
жолға қойылғаны ма ? Оған біз кімді кінәлай аламыз? Патриоттық сезім
оқушылардың бойына бір күнде даритын қасиет емес. Ол тұрақты, әрі терең
болуы үшін мазмұндылық, жүйелілік, бірізділік, өмірмен ұштастыру секілді
педагогикалық қағидалармен бірге патриоттық іс-әрекеттерді нысана етіп алуы
бүгінгі күннің басты мәселесі екені белгілі. Біздің ойымызша осы бағытпен
мемлекет түбегейлі шұғылдануы керек.
Патриотизм рухындағы халықтар достығының діни шыдамды-лығындағы
тәрбие атты мақаласында п.ғ.д.,проф. Р.Н. Никандров былай дейді: Тәуелсіз
Ресейдің алғашқы жылдары патриотизм кенеттен национализмге, тіпті фашизммен
теңдес ұрысқақ сөз болып қалды. Бұл сол кезде мектепке тәрбиелеу керек
емес, тек оқыту кере, тәрбие - бұл тұлғаны зорлау...деген мезгіл. Мұндай
түсініктің пайда болуы коммунистік тәрбие мен советтік патриотизмде
болатын. Көпшілік қауым неғұрлым тезірек, бар бүкіл ескі дүниені түбіріне
дейін бұзып, оның үстіне жананы орнатқысы келді дей отырып, міне енді 10
жыл бойы Ресей тәуелсіз мемлекет болып дамуда, осы жылдарда шаруашылық
күштің 60%-ын жоғалттық, білім беру мақсатында тәрбиені жойдық, балалар мен
жасөспірімдер ұйымдарын бұздық ... тек енді ғана қайтадан кемсітпей дұрыс
мағынада патриотизм туралы айтудамыз,- дейді автор.

Келісесіздер ғой, осы мәселелер біздің Қазақстанда да бар. Қлттық
білім беруді жаңарту, жоғарғы оқу орындарының оқу процесіне міндетті және
білім стандарттарын енгізу, сонымен қатар он екі жылдық мектепке білім
беруді енгізу, ғылымның өзінде пісіп жетілген инновациялық түбірлі
өзгерістер, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен дамуы приоритеті,
өзіне ғылыми мағына беруді талап етуде.
Ғалым А.А.Бейсембаева патриоттық тәрбие мәселесін зерттей келе,
дүниетану көзқарастары,идеялық сенім, рухани тазалық , еңбек-қорлық , күш-
жігер, психологиялық дайындық патриоттық тәрбиенің құрамды бөлігіне кіре,
жеке адамның көзқарасын қалыптастыра отырып оның азаматтық бағытының
белсенді негізі болып қалыптасады,- деп анықтама береді.
Патриотизмде өз Отанына, отандастарына деген сүйіспеншілік және сый-
құрмет, интернационализмде- өзге ұлттармен ынтымақтастық және оларға деген
сый –сияпат идеясының негізі қаланған. Өз Отанының игілігі үшін белсенді
түрде аянбай қызмет етуге кіріскенде, өз Отанының тарихына, мұрасына,
халқының салт-дәстүріне сақ болу және ұқыптылықпен қарау, туған жерін сүйе
білуге тәрбиелеу; отанын қорғауға даярлануға, оның ар-намысын және абыройын
нығайтуға, өзге халықтардың өкілдерімен бауырластық және достық қарым-
қатынасты орнатуға және әр түрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін
оқып білуге тәрбиелеу процесінде патриоттық тәрбие және халықаралық қарым-
қатынас мәдениетінің қалыптасуы іске асады,- деп патриоттық тәрбиенің
маңыздылығын атап өткен ғалымдардың В.А. Сластениннің, И.Ф.Исаеваның ,
А.И.Мищенконың, Е.Н.Шияновтың пікірлерімен біз еш күмәнсіз келісеміз.
Патриоттыққа тәрбиелеудегі ана тілінің маңызын көрсете келіп,
С.Қалиев: Патриоттық сезім ана тілін қадірлеуден басталад. Сондықтан,
бұған кеңес мактебінде орысша оқыған ( қазақша оқыса да) ата-аналардың
өздерін үйрету керек. Бұл орайда олар әр мектепте ата-аналар лекторийлері
мен университеттерін ұйымдастыруды, радио-телехабар редакциялары арқылы
ұлттық музыкалық шығармашылығымыз және салт-дәстүрлердің шығу тарихының
тәлімдік мәнін ашуға арналған сұхбат-хабар циклдерін үздіксіз беруді
ойластыру қажет. Сонда ғана ұлттық тәлім-тәрбие

өріс алып, өркен жаяды, патриоттық сезімнің қалыптасуына септігін
тигізеді,-деп ұсыныс берген.
Сонымен,жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстарының талдауы,
қазіргі кезде жаңа білім беру парадигмасында патриотық тәрбие кеңінен
түсіндірілуде деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Мектептердің жаңа
типтерінің пайда болуы: гимназиялар,
лицейлер, элиттік (жекелік) колледждер, жекеменшік мектептер, рухани
жаңару мектебі, білім беру бағыттарына еркін таңдау жасауын қарастыра
отырып гуманизм, гуманизация, гуманитаризация қағидасына негізделген білім
беру процестері, оқытуға дифференцияланған ықпал жасауын нығайтады. Біздің
көзқарасымыз бойынша, жоғарыда айтылғандар білімнің құндылығын бағалап,
білім алуға ұмтылатын, сонымен қатар, өзінің жоғарғы деңгейдегі мәдениетін,
азаматтық жауапкершілігін, ерлігін Отанына деген патриоттық сезімдегі
сүйіспеншілігін көрсете білетін жаңа оқушылыр буынының қалыптасуына әсер
ететіні сөзсіз.
Біздің мемлекетімізде оқыту тәрбиелеу саясатының бағыты оқушыларды
патриотты тәрбиелеу жұмысына бағыттау, әсіресе отанға деген
сүйіспеншілік, салт-дәстүрге,мәдениетке, тілге, өз халқының өткен
замандағы ерліктеріне, ұлттық мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетке
сенімділікті , республиканың саяси рәміздерін (ту, әнұран,елтаңба, Ата
заң ) құрметтеуге тәрбиелеу. Оларды кез-келген уақытта Отанды қорғау үшін
дайын болуға, алыс және жақын шет елдерге құрмет сезімен қалыптастыруға
тәрбиелеу. Демек, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу келесі бағыттардан
тұрады:
- бұл сезімнің жоғарғы азаматтық мәнін, әрбір адамның және
қазақстандықтардың өміріндегі рөлі мен маңызын анықтау;
- патриоттық сезімді оятып, оны жоғары дәрежеде дамыту;
- Өз Отанына қызмет етуге патриоттық сезімін көрсетіп, қажет болған
жағдайда қорғауға дайындау;
- Патриоттық сана қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту;
- Патриоттық іс-әрекет, мінез - құлқын ұйымдастыру болуы керек деген ой-
тұжырымдамамыздың дұрыс екені бүгінгі күні патриоттық сана-сезім,
патриоттық іс-әрекет пен мінез-құлық

қалыптастыру жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттарын
айқындайды.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша Патриоттық тәрбие тұлғаның
жоғарғы рухани, адамгершілік түрткісі бола тұра оқушыларды Отан үшін
жауапкершілік, азаматтық өзіндік сана- сезімін мақсатты түрде
қалыптастыру процесін күшейтеді. Патриоттық тәрбие барысында Отанға
сүйіспеншілік, тәуелсіз өмір сүріп жатқан елдерге ынтымақтастық, ел
тағдырының болашағы үшін жауапкершілік, экономикалық даму қарқынын
тездетуге үлес қосуға ниеттестік, ғылыми, саяси-моральдік және туған
жерін қорғау мақсатындағы әскери әзірлік, Отанын саяси идеологиялық
қауіптерден сақтауға бағыттылық, арман ниеттегі ішкі және сыртқы
жауларға төзбеушілік тәрізді мінез-құлық қалыптасады және дамиды. Сонда
даму өрісінің басты тірегі – патриоттық тәрбие дей отырып, дамудың өзі
патриотизмсіз жүзеге аспайтынын мыйындаған жөн деп,- біз өз ойымызды
қорытындылаймыз.

1.2 Ұлтжанды рух-жігері шыңдалған тұлғаны белсенді
тәрбиелеу жолдары
Гимназиының жеке тұлғаны қалыптастыру, дамытудағы тәрбие жұмысы
Атамекен бағдарламасы бойынша жүргізіліп келеді. Өмір талабы
инновациялық ізденістерді қажет етеді, сондықтан әр оқу жылында негізгі
бағытымызды түрлендіріп, толықтырып отыруды тәжірибеге айналдырғанбыз.
Мектебіміздің оқу ғимаратын жаңалап берген мемлекет қамқорлығына сай оқу
тірбие жұмысында жаңарту үрдістерін енгізуді мақсат ету керек. Өйткені
Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептерінің
тұжырымдамасында ұлтжанды, рух-жігері шыңдалған әлеументтік жағынан
бейімді тұлғаны тәрбиелеу- мектеп педагогтарының мақсат-міндеттерінің
негізі ретінде айқындалған.
Қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық сананың қалыптасуына аса ықпалды
тәрбие түрлеріне ақыл-ой, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлтаралық қатынас
сыйластығы, ізгілік, эстетикалық еңбек, дене, құқықтық, экономикалық,
экологиялық, жыныстық тәрбие жатады. Тағдырыбымызбен тамырлас,
тарихымызбен тағдырлас, тау суындай арынды да сарқылмас құдіретті күш
бар, ол – ұлтжандылық. Ұлтжандылық- патриоттықпен, ұлтқа деген
сүйіспеншіліктен жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудің, өркениеттік
үрдістерінің ұлттық жолы мен жүйелеудің бағдары, серпілісті қозғалыстың
мақсатты кезеңі.
Ұлтжандылық – халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрде жүргізілген ұлттық
тәрбие негізінде қалыптасып, тектілікке жеткізер рухани күш, адам мен
қоғамның алға қойған ортақ мақсаттарына қол жеткізер киелі қасиет.
Ұлтжандылық ұлтаралық мәселелерде жеке адамның өлшемдерін
үйлестіріп, рухани адамгершілікке деген сенімді жоғалтпауға, өзгемен
терезесі тең, иықтас болудың жолын ұштастыруға бастайтын өнегелі қасиет.
Біз ұлтжандылық қасиетті қалыптастыратын негізгі төрт шартқа
тоқталмақпыз:
- Біріншіден, халқымыз әуел бастан баланың жақсы-жаман болуы оның
жаратылысынан деген қағиданы келтіреді. Яғни бас қосып, отау тіккен
жастардың ұрпақ жалғасына деген
жауапкершілігі, баланың ана құрсағында ... Құрсақтағы бала
тыңдай да, сезіне де тіпті түйсіне де біледі... өз
айналасындағы ортаның, ата-аналарының , қоғамның жақсы
ықпалында дамып жетілуі, жарық дүниеге келген соң өз
анасының бауырында уызына жарып, ана әлдиінің шуақтыда
мейірімді үніне бағынып өсуі;
- Екіншіден, бала ата-ансымен, өскен ортасымен ана тілінде өарым-
қатынасқа түсуі; ой-өрісі өз ана тілінде өрбіп, өз ана тілінде шығуы;
әрі қарай өмірге көзқарасы, дүниетанымы өз халқының өмір сүріп,
тіршілік етіп жатқан төл тілі- ана тілі арқылы қалыптасуы;
- Үшіншіден, өз әке – шешесі, ата-бабасы өсіп өнген атамекенінде туып
өсуі; туған, тұрған жерінің, қадір-қасиетін, табиғат сырын терең
ұғынып, оның бақытты болашағын жалғастырар ұрпақ екенін сезініп өсуі;
туған жерінің суын, тау-тасын, топырағын, аспанын қауіп-қатерден
сақтай білу және қастерлеу қасиетін ұғыну;
- Төртіншіден, туған халқының елдік, ұлттық тарихын білу, оның ащы-тұщы
кездеріне мән бере өсуі; Ақтабан шұбырындыдан - Желтоқсанға
дейінгі өз халқының көрген қасіреттерін естен шығармай, ел тыныштығын,
ел бақытын көтеруге ой бөліп, жол іздеп өсуі; ел бірлігін сақтаған
ақылгөй даналарын біліп, ел қорғаған батырлардың айбынды дәстүріне
ризалық және мақтаныш сезімінің қалыптасуы; оқуда, білімде, еңбекте
өзін күрескер жасампаз дәрежесіне сезініп өсуі.

1.3 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің азаматтық
белсендігігін қалыптастыру жолдары
Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстанның әлеументтік-экономикалық
жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып, әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін ұсынған атратегиясында
құқықтық мемлекет құруды, Қазақстанда конфеденцияаралық, ұлтаралық және
мәдениетаралық келісімді қамтамасыз етуді, қазақ халқының сан ғасырлық
дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтаудағы әлемдік рейтинг кестесінің
жоғарғы бөлігінде іліккен елдер қатарынан орын алуға мүмкіндік беретін
басты негіздері деп аталған.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды
дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы жастарға азамттық
тәрбие берудің басты бағытына айналып отыр.
Б.Лихачев азаматтық тәрбиені саяси қоғамдық, патриоттық-
интернационалдық, жалпы азаматтық құндылық, құқықтық мазмұнның
интергациялық бірлігі, үйлесімді жиынтығы ретінде қарастырады.
ЖОО студенттерінің азаматтық тәрбиесі азаматтық қоғам құру жолындағы
белсенділігінің қалыптастыру адами тұлғалық мәртебесін көтеру мақсаттарын
көздеп, азаматтық қоғамның саяси іргетасын нығайту, қоғамда тұрақтылық,
қауіпсіздік, ынтымақтастық жағдайды дамытуға қызмет етеді.
Азаматтық тәрбие өз бастауын Ер ел үшін туады, ел үшін өледі деп
тұжырымдаған халық педагогикасынан, Бізге жеңіс әперген жел суымыз-
Отанымыз деп білуіміз керек - деп келешек ұрпаққа өсиет қалдырған Орхон-
Енесей жазба ескерткіштерінен, Ата данқын шығарып, өзінің тегін құған
балаға ешкім жетпейді деп толғанған Қорқыт ата тағылымдарынан,
Халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер
жүзі ізгі болар еді деп аңсаған Әл-Фараби трактаттарынан, Халқының
ауыртпалығын олармен бірге көтерген адам – басшының төресі деп азаматтық,
адамдық тәрбиені ту қылып көтерген Жүсіп Баласағұннан Көпке қызмет ет,
халық қамын ойлар азамат бол! деген Асанқайғы ұлағатынан, ел үшін егеулі
найға қолға алып, басын өлімге тіккен Махамбет үлгісінен, Атаның баласы
болмай, адамның баласы болуға жол сілтеген Абай ғибараттарынан т.б. алады.
Қорыта айтқанда, адамзаттық тәрбие беру, азаматтық қоғам құру барлық
кезеңнін өзекті проблемасы болып келген. Кез келген адамның азаматтық
борышын жауапкершілікпен орындап ел мен мемлекетінің даму үшін белсенді
әрекет етуі азаматтық қоғам қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.

Азаматтық тәрбие жүйесі

Бағыттары Көрсеткіштері
Саяси қоғамдық тәрбие Саяси санасының қалыптасуы, қоғамдық
белсенділік, жоғары азаматтық
сезімдерге қабілет-тілігі, т.б.
қалыптастыру.
Патриоттық – интернационалдық тәрбие Тарихи, мәдени, ұлттық және рухани
Отанына деген сүйіспен-шілік,
халықтар достығы, теңдігіне қызмет
етуі.
Азаматтық тәрбиенің жалпы азаматтық Дүниенің бірлігі мен өзара
құндылықтары. байланысын түсінуі, толерант-тық
қасиеттер, бейбітшілікті, жалпы
азаматтық құндылықтарды, табиғаттты
т.б. сақтау жолындағы белсенділігі.
Құқықтық тәрбие Құқықтық сауаттылық, құқықтық ойлау,
құқықтық мәдениеті.
Азаматтық сана, азаматтық белсенділік, азаматтық мәдениет, қоғамды
жаңартушы белсенді азамат, өзінің осы қасиеттерін болашақ ұрпаққа беретін
жоғарғы білімді маман.

Студенттерге азаматтық тәрбие беру ЖОО –ның барлық сатысында, өзара
байланысты жүзеге асады. Оқыту процесінде азаматтық сананың, құқықтың,
білімнің негізі қаланса , топтардағы тәрбие жұмыстарында жоғарғы азаматтық
сазім, сенім қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқару, жастар комитетінің
жұмыстарында олардың азаматтық позициясы, белсенділігі, жетілдіру
бағыттарына көңіл бөлініп, біртұтас, жүйелі жұмыстар нәтижесінде
студенттердің азаматтық мәдениеті жетіледі.

1.4 Этнопедагогика - жеткіншек тәрбиесінде
Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де- тәрбие. Сондықтан, жеткіншек
ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен
неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Себебі,
мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа
халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай, даму жолына
түсу мүмкін емес.
Этнопедагогиака – ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар бастауынан бастап, осы
уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін, одан
әрі дамып, кемелдене беретін ғылым. Барлық жерде оқу тәрбие ісін ұлттандыру
мақсаттарын жүзеге асыру үшін, этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы
күш бола алады.
Жеткіншектерді теең педагогикалық, психологиялық ойлармен, теориямен
халқымыздың бай тәжірибесімен таныстырудың маңызы өте зор. Жеткіншек жасқа
жеткен балалар намысқой болады. Дүниеге деген көзқарасы қалыптаса
бастайды, дамыған өзіндік сана пайда болады. Ғылыми еңбектерде педагогика,
психология оқулықтарында жеткіншек деген - бала бойындағы үлкендік
сезімнің тууы деп аталады.
Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланыстылығын тұңғыш қалыптастырушы
К.Д.Ушинский болды. Ол тәрбиенің қайнар көзі – ана тілінде деген
қорытындыға келген.
Ал қазақ этнопедагогикасын жеткіншектердің тәрбиесіне пайдалану сияқты
өзекті мәселелерді зерттеген еңбектер жазған Қазақстан ғалымдары:
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж..Наурызбай, Р.Төлеубекова,
Т.Қышқанбаева, Р.Дүйсенбинов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектері
этнопедагогиканың басты құралы бола алады.
Қазіргі кезде этнопедагогиканың негізгі мақсаты өзіміщден бұрын өмір
сүрген аға буынның тәрбие мәселесінде жинақталған мол тәжірибесіне сүйене
отырып, жеткіншектерді адал еңбекке, өнер, білімге баулу, өмірге бейімдеу,
отбасы, Отанның ар намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Ғалым Р.Төлеубекованың Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика
еңбегінде: адамгершілік тәрбиесі, тұтас алғанда, баланың жеке басын
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үрдіс делінген.
Қазіргі уақытта ұлтымыздың дәстүріне сай келетін ұлттық тәрбие
бағдарламасы жасалуда. Онда оқушылардың бір бағытта және бір мамандық
көлемінде емес, жан-жақты білім мен тәрбие алу жағы көзделеді.
Тәрбие өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Салт-дәстүр , ырым-
жоралғы, наным-сенімдерге байланысты сауап, кесір, ар-намыс, ұят т.б.
моралдың өлшем жас буынның мінез-құлқын , ақыл-парасатын, әдептілігін,
көргенділігін қалыптастыруда тамаша тәрбие құралы болып табылады.
Қазақстанның болашақта қандай деңгейде болатынының өзі бүгінгі
ұрпақтың дұрыс білім алуы мен саналы да иманды болып тәрбиеленуіне тәуелді
екені сөзсіз.
Патриоттық тәрбиедегі этнопедагогиканың рөлі.
XXI ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің қарыштап
дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ол жеткіншек жас
ұрпаққа терең де тиянақты білім беруден басталады. Өз Отаның, халқын
шексіз сүйетін, білімді, мәдениетті, қайратты, өткір,іскер, адамгершілігі
мол жас ұрпақ керек.
Осы тұрғыдан республикамықждың егемендік алып, тәуелсіз ел болуына
байланысты қазіргі уақыт талабына сай балабақшаларда, мектептерда, оқу
орындарда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрлерін жан-жақты
меңгерте оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беруде, тәлім-
тәрбие ісінде пайдалану қажеттігі туындап отыр. Бұлай деуіміздің өзіндік
себептері бар.
Халық педагогикасы-ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай
қазына. Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде өмір бойы жжинақтаған бай қазынасын
белгілі бір жүйеге түсіріп, тиімді пайдалана, қолдана алып жүрміз бе?
Бүгінгі ұрпақ бойынан ата- бабамыздың күткен үміті мен арманын іздесек,
таба аламыз? Осы мазмұндас сұрақтар бізді алаңдатары
сөзсіз.Ендеше,қолымызда осы жөнінде татымды қандай дүниелер бар, соған ой
жүгіртіп көрелік.
Педагогика ұғымына педагогика ғылымының бүтіндей жүйесі кіретіні
белгілі.Ал, этнопедагогика педагогика ғылдымының жоғарғы дәрежедегі бір
бөлігі ғана емес, дербес дәрежедегі өзіне ғана тән ерекше қызметтері бар
жеке зерттеу пәніне айналып отыр. Ғалым О.Ж.Әлиевтің пікіріне сүйенсек,
бұл ғылыми пәнннің өзіндік ғылыми таным нысанасы қалыптасқан, ауқымды өте
кең пән.
Қазақ этнопедагогикасының білімдік мәні мынада: ол халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымдық тәлім -тәрбиелік құндылықтарын
ғылыми- теориялық негізінде айқындап, өмірдегі қолданылмалы мән-мағынасын
ашып береді. Ол құндылықтар- халық педагогикасы мен этнопедагогикалық
ойлар тарихы. Этнопедагогиканың бір ерекшелігі – ол этностың, яғни белгілі
бір ұлыстың, ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, өмір тәжірибесіне сай, өз
ерекшеліктерімен қалыптасқас педагогиқалық құндылықтарды айқындап,
баяндайды. Әрбір ұлттың өз тарихы мен тіршілігіне байланысты оның мәдениет,
тәрбие, әдебиет, салт-дәстүр үрдістерін үйренудің нәтижесі болып табылады.
Этнопедагокилық білім беру әрекетін отбасынан басталып, балабақшада,
мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірістік орындарда үздіксіз жүргізілуі
тиіс. Өйткені тәрбие – бүкіл қоғамның, адам тіршілігінің тірегі. Әлемнің
екінші ұстазы Әл-фараби: Адам ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне
зиян әкеледі,- деген болатын. Ал тәрбие әрбір ұлттың өз тілінде
жүргізіледі, сондықтан да тәрбиені ұлттық тәрбие дейміз. Яғни
этнопедагогика – тәрбиенің басты құралы. Оның ғылыми құндылығыда осында.
Тамырын халық педагогикасынан алып, барлық салада зерттеліп, ғылыми алғы
шарттарға лайықты құндылықтармен танылған бүгінгі қазақ этнопедагогикасы
өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Жетімшілік өзекті мәселе және оны шешу жолдары
Жалпы білім беру жүйесі
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Пәндер