Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары



Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы
1.тарау. ХХ ғасырдың 90.шы жылдарындағы
Қазақстан . Қытай қарым.қатынастары
1.1. Саяси.экономикалық қарым.қатынастар
1.2. Шанхай ынтымақтастық ұйымы
2.тарау. Қазақстан . Қытай мәдени және рухани
қарым.қатынастар
2.1. Қытайда Қазақстантану ғылымының дамуы
2.2. Мәдени.рухани байланыстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халықаралық қарым-қатынастың жаңа құрылымының қалыптасуы және жаңа экономикалық жүйенің дамуы кезеңінде Қазақстанның дүниежүзінде алар орны мен қандай беделге ие боларын ұғыну біз үшін аса маңызды деп білемін. Осы тұста әлемдік аренадағы Қазақстан мемлекетінің орнын анықтайтын басты факторлардың бірі – көршілес Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасы болмақ.
Күні бүгін Қытай әлемдік саясаттың көшбасшысы болуға талаптанып отырғандығы әмбеге аян. Біріншіден, Қытай дүниежүзінде халқының саны ең көп ел, оған қосымша жер бетінде шашыраған қытай диаспорасының айтарлықтай ықпалы; екіншіден, соңғы жылдарда Қытай мемлекетінің қуатты экономикалық және әскери потенциалға ие болуы.
Қытайтанушы мамандардың айытуынша, Қытай басшылары қазіргі үкімет басында отырған коммунистік идеологияны жақтайтын догматикалық көзқарастағы жасы егде тартқан лидерлер саясат сахнасына кеткеннен кейін социалистік насихаттың орнына, мемлекеттік идеология ретінде, елдің көнеден келе жатқан дәстүрлі қазынасы – конфуций ілімін ендіруді көздейтін көрінеді. Асылы, Кеңес Одағының ыдырауымен коммунистік идеологияның күйреуі қытай басшыларына да үлкен сабақ болса керек. Қазіргі коммунистік Қытай үшін мұндай тәжірибенің қандай қауіпті екенін билік басындағылар жақсы түсінеді. Сондықтан Қытай жаңа идеологиялық жүйеге көшудің неғұрлым жеңіл әрі еркін тәсілдерін іздестіруде.
Алматыға ресми делегацияның құрамында келген Қытай журналисімен өткен жеке әңгімеде осы тұжырым расталды. Ол Конфуций ілімі, әсіресе, зиялы қауымның арасында үлкен қолдау тауып отырғандығын атап етті.
1. Қазыбекұлы Н. Ежелгі тарихымыздың ескі сарабы.// Түркістан, 2005 ж., 15 қыркүйек, 6б.
2. Назарбаев Н. Көрші елмен ықпалдастық нәтижесі.// Егемен Қазақстан, 2008 ж., 1б.
3. Абдулпаттаев С. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. // Ақиқат, 2002 ж., №3, 62-66 бб.
4. Мұхаметқанұлы Н. «Қытайдың Батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері» // Отан тарихы. 2005ж., №1, 137-141б.
5. Құланбай Б. Қытаймен ынтымақтастық нығая түседі.// Егемен Қазақстан. 2004 ж., 18 мамыр.
6. Мәсімхан Д. Қытайдағы қазақтар.// Егемен Қазақстан, 2004 ж., 30 маусым.
7. Мұқанова Г. Аспан асты елінде.// Түркістан, 2006 ж., 20 сәуір.
8. Жәнісов Ә. Қанжығалы Бөгенбайдың Қытайға елшіліктері.// Қазақ тарихы, 2006 ж., № 6, 29-32 б.
9. Зәңгіров Е. Ху Цзиньтао.// Парасат, 2005ж., №6, 84-87б.
10. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі.// Қазақ тарихы, 2006 ж, №1, 12-15б.
11. Дәулетханұлы Ә. Қытайдағы қазақтар шежіресі және оның жинадып зерттелуі.// Қазақ тарихы, 2005 ж., №2, 30-33 б.
12. Ақасуұлы А. Таяу он жылдық барысында үлкен өзгерістер болмақ. // Түркістан, 2004 ж., 2 қыркүйек, 3 б.
13. Тыныбайын Т. Шығыс Түркістан немесе бүгінгінің бүге-шегесі.// Қазақ әдебиеті, 2008ж , 27 желтоқсан.
14. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері.// Алматы, 2005ж., 1-5томдар.
15. Ана тілі. 2007ж., 6-13 маусым.
16. Жұмабекқызы Г. Есігі ашық ұйым. // Түркістан, 2006 ж., 15 маусым.
17. Зәңгіров Е. . Ху Цзиньтао.// Ақиқат, 2005 ж., №6, 86 б.
18. Құланбай Б. Қытаймен ынтымақтастық нығая түседі.// Егемен Қазақстан. 2004 ж., 24 маусым.
19. . Ақасуұлы А. Таяу он жылдық барысында үлкен өзгерістер болмақ. // Түркістан, 2004 ж., 2 қыркүйек, 3 б.
20. Бұл да сонда.
21. Құланбай Б. Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры ақиқатқа айналды // Егемен Қазақстан, 2004 ж., 29 маусаым.
22. Зәңгіров Е. . Ху Цзиньтао.// Ақиқат, 2005 ж., №6, 87 б.
23. Абулпаттаев С. Шанхай ынтақтастық ұйымы. // Ақиқат, 2002ж., №3, 62 б.
24. Бұл да сонда, 64 б.
25. Мұқанова Г. Аспан асты елінде.// Түркістан, 2006 ж., 20 сәуір.
26. Мәсімханұлы Д. Қазақстантану ғылымының Қытайдағы бағыты. // Парасат, 2007 ж., №8, 7-9 б.
27. Су Бейхай. Қазақ мәдениетінің тарихы. // Алматы, 2001ж., 15 б.
28. Су Бейхай. Қазақ мәдениетінің тарихы. // Алматы, 2001ж., 32 б.
29. Мәсімханұлы Д. Қазақстантану ғылымының Қытайдағы бағыты. // Парасат, 2007 ж., №8, 9 б.
30. Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. Алматы
31. Назарбаев Н. «Ғасырлар тоғысында»
32. Назарбаев Н. «Қалың елім қазағым»
33. Назарбаев Н. «Сындарлы он жыл»
34. Мәсімхан Д. Қытайдағы қазақтар.// Егемен Қазақстан, 2004 ж., 30 маусым.
35. Ысқақ Ә. Қазақ диаспорасы. // Егемен Қазақстан, 2009ж., 24 қаңтар.
36. Н.Мыңжани. Қазақтың қысқаша тарихы. «Шинжияң халық баспасы». 1987ж., 155 б.
37. Қазақ шежіресі. Үрімжі, 1996 ж., 2 б.
38. Қ. Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). Қазан, 1910ж., Қазақша басылымы. Алматы, 1992 ж.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Дауылбаева С.Б.
Орындаған: 050114-тарих мамандығының
5жылдық 5 курс студенті
Ниязбекова Камшат

Диплом жұмысын қорғауға жіберілді:
Кафедра шешімі:
_____ ______________ 2009ж.
Хаттама №

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент:
Қожакеева Л.Т

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы

1-тарау. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы
Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары
1.1. Саяси-экономикалық қарым-қатынастар
1.2. Шанхай ынтымақтастық ұйымы

2-тарау. Қазақстан – Қытай мәдени және рухани
қарым-қатынастар
2.1. Қытайда Қазақстантану ғылымының дамуы
2.2. Мәдени-рухани байланыстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықаралық қарым-қатынастың жаңа құрылымының қалыптасуы және жаңа
экономикалық жүйенің дамуы кезеңінде Қазақстанның дүниежүзінде алар орны
мен қандай беделге ие боларын ұғыну біз үшін аса маңызды деп білемін. Осы
тұста әлемдік аренадағы Қазақстан мемлекетінің орнын анықтайтын басты
факторлардың бірі – көршілес Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасы
болмақ.
Күні бүгін Қытай әлемдік саясаттың көшбасшысы болуға талаптанып
отырғандығы әмбеге аян. Біріншіден, Қытай дүниежүзінде халқының саны ең көп
ел, оған қосымша жер бетінде шашыраған қытай диаспорасының айтарлықтай
ықпалы; екіншіден, соңғы жылдарда Қытай мемлекетінің қуатты экономикалық
және әскери потенциалға ие болуы.
Қытайтанушы мамандардың айытуынша, Қытай басшылары қазіргі үкімет
басында отырған коммунистік идеологияны жақтайтын догматикалық көзқарастағы
жасы егде тартқан лидерлер саясат сахнасына кеткеннен кейін социалистік
насихаттың орнына, мемлекеттік идеология ретінде, елдің көнеден келе жатқан
дәстүрлі қазынасы – конфуций ілімін ендіруді көздейтін көрінеді. Асылы,
Кеңес Одағының ыдырауымен коммунистік идеологияның күйреуі қытай
басшыларына да үлкен сабақ болса керек. Қазіргі коммунистік Қытай үшін
мұндай тәжірибенің қандай қауіпті екенін билік басындағылар жақсы түсінеді.
Сондықтан Қытай жаңа идеологиялық жүйеге көшудің неғұрлым жеңіл әрі еркін
тәсілдерін іздестіруде.
Алматыға ресми делегацияның құрамында келген Қытай журналисімен өткен
жеке әңгімеде осы тұжырым расталды. Ол Конфуций ілімі, әсіресе, зиялы
қауымның арасында үлкен қолдау тауып отырғандығын атап етті.
Менің пікірімше, социалистік құндылықтарды дәстүрлі қытай
қазыналарына алмастыру (конфуцилік қазыналар: бабалар жолына табыну,
үлкенге сый-құрмет көрсету, реттілік пен тәртіп, еңбек мәдениеті т.б.)
қытай қауымының өрісін өсіріп, өрісін кеңейтіп, қоғамның тек ішкі саяси
өмірін өзгертіп қоймай, сонымен бірге жанындағы көршілерімен стратегиялық
серіктестерін де үлкен ықыласпен өзіне көңіл аудартатын болады. Сонда,
болашақта, Ұлы Азия аймағында ұлы мемлекеттің бірегейі Қытай елі
болмағанда кім болады деп ой түйесің.
Ресей болса, тек өзінің ішкі саяси проблемаларының шешім іздеумен бас
сауғалап кетті. Ал Ресей дипломатиясы күні бүгін тек Батысқа ғана бет бұрып
отыр. Ақиқатын айтсақ, батысшыл Ресей Орталық Азия аймағында және Солтүстік
Шығыс Азияда барлық позицияларын жоғалтып, ұлы держава болу мүмкіндігінен
айырылды. Қазақстан қытай қауіпімен бетпе-бет қалды. Осы аймақта Ресейдің
де стратегиялық мақсаттары көзделетінін ескеріп, Қазақстан Ресейдің әскери-
саяси қолдауын дұрыс пайдалана отырып, сауда-экономикалық, әскери-саяси
қарым-қатынас саласында икемді әрі көрегенді саясатты өз бетінше жүргізе
беруді қолға алып отыр.
Ал енді осы мәселеге Америка Құрама Штаттарының көзқарасы қандай? АҚШ
Орталық Азия республикаларындағы демократиялық бетбұрыспен экономикалық
реформаларға қолдау көрсетудісылтау ете отырып, ХХІ ғасырда атышулы америка
мүддесін коммунистік Қытайға ендіру үшін қуатты стратегиялық плацдарм
жасауды ойластыруда. Оның түпкі мақсаты не? Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы ыдырағаннан кейін Қытай тек Азияда ғана емес,
дүниежүзінде шынайы күш иесі, үлкен беделге ие ұлы державаға айналғандығын
АҚШ басшылары жақсы сезінеді. Қытай – ұйықтап жатқан алып дию. Оны оятпау
керек. Ол оянса, ғаламды шайқалтып жіберуі мүмкін, - деп кезінде император
Наполеон айтқан екен. Қалайда Америка мүддесі Азияда әсіресе, Қазақстан
үшін Қытаймен арадағы байланыстары реттеуші салихалы күш болар деген үміт
бар. Осы аймақтағы америка саясатының белсенділігі дұрыс бағалануы тиіс.
Өйткені АҚШ Қытайды мойындай отырып, оны өзімен-өзі оқшау қалдырмай,
нарыққа беталысын, экономикалық еркіндікке талпынуына қолдау көрсетуге
бейімділік танытатын болады. Мұндай ашық саясаттың жүргізілуі қытай жеріне
саяси демократияны әкелу деп бағалап отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан мен Қытай қарым-қатынас мәселесін
көтергенде ауқымы кең әрі терең зерттеуді қажет ететін проблемалар бар
екенін айту керек. Бірыңғай геосаяси кеңестік ретінде қалыптасқан Кеңес
Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы, аймақтағы геосаяси өзгерістер
мен ТМД елдеріндегі әлеуметтік саяси процестердің құбылмалылығы қытай
қоғамын да мазасыздандырып келеді. Мұндағы басты назар аударатын мәселе:
осындай ахуалды Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялы районындағы сепаратистік
тенденциялардың шұғыл күшеюінде болып отыр. Қазақстан да Қытай жағы да
Орталық Азияда әртүрлі пиғылды көздейтін саяси күштердің ықпалымен осы
аймақтағы қалыпты жағдайжың бұзылуының алдын алуға бір кісідей атсалысуы
қажет. Соңғы кездері Қытай территориясындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық
районында Шығыс Түркістан атты тәуелсіз мемлекет құруды мақсат еткен
қоғамдық қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Қоғамдық ұйымының
негізгі мақсаты-Шыңжаңды қытай басқыншыларының бұғауынан азат ету.
Осындай мақсатты көздеген Шыңжаңдағы және басқа шетелдердегі шартылай
астыртын қоғамдық ұйымдар – Шығыс Түркістанға этникалық қытайлықтарды
жаппай қоныстандыру саясатына, Лобнор полигонында ядролық сынақтарды
тоқтату және Қытай Халық Республикасында бала тууды ешктеу саясатына
наразылық білдіреді. Алматыда өткен бір жиында қоғамдық қозғалыстардың
алдына қойған мақсаты – Қазақстан мен Қытайдың кейбір аудандарынан Шығыс
Түркістан атты ұйғыр мемлекетін құру екендігін жасырған жоқ. Ұйғырстанды
азат ету ұйымы бүгінгі таңда Шығыс Түркістан қозғалысымен бірігіп алды.
Осы ұйым өздерімен идеялас Түркия мен Қытайдағы саяси күштермен тығыз
байланыс орнатып отырғандығы белгілі болды.
Қазақстанмен шектесіп жатқани Шыңжаң өлкесі Қытайдағы экономикалық
даму деңгейі артта қалған аудандардың қатарынан саналады. Осында тұратын
халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығы өндірісі саласында еңбек етеді. Қытай
басшыларының саясаты: жергілікті халық тек малшаруашылығымен айналысып,
Шыңжаңда тұратын өзге ұлттар өсіп-өркендемесін, дамымай кенже қалсын,
қарсы шықпайтын болсы; міне, түпкі мақсат осы.
Әрине, Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық районында тұратын халықтың мұңы мен
мұқтажын, мақсаты мен арманын адами тұрғыдан дұрыс түсіну керек. Бірақ
мұндай өте күрделі, әрі жауапті мәселеге аса байыппен қарап, оны беталды
шиеленістіруге жол берілмеуі қажет. Барлық мәселе мемлекет аралық деңгейде
келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.
Қазақстан басшылығы мүмкіндігінше қазақстанда тұратын ұйғыр халқының
ұлттық проблемаларын анықтауға және оларды кезек күттірмей шешуге бағыт
алған шараларды қолға алатын болады. Ол ұйғыр мектептерін ашу, оқытушы
кадрларды даярлау, ұйғыр театр мен мәдени орталықтарының жұмысына ден
қою, т.б.
Ал Қазақстанда тұратын ұйғыр халқының әлеуметтік-мәлени деңгейі өскен
сайын Орталық Азияны мекенгдейтін күллі ұйғыр этносының саяси
белсенділігінің күшейетіндігі сөзсіз.
Сондықтан келешекте ұйғыр проблемасы және оның шешілу мәселесі бір
емес, бірнеше рет күн тәртібіне қойылуы мүмкін. Ұйғыр сепаратизмі болса,
Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарған тұста Қазақстан мен
Қытай қарым-қатынасын қалыпты арнадан шығаруға талпынатындығын тіпті
шиеленісті тереңдетіп жіберуін жоққа шығара алмаймыз.
Өз дәуірінде Конфуций: Бір кездері дүние жүзін еш қарусыз тек
қытайлықтар билейтін болады деп өсиет қалдырған екен. Қазіргі кезде
Қазақстанға ауып келген қытай азаматтарынының саны, олардың тұрып жатқаны
туралы нақты мәлімет, сірә бар ма екен? Ал сол ауып келіп жатқандардың
ағынын тоқтатуға мемлекет тарапынан қандай шара қолдануға болады?
Қытайда әрине, тұрмыс ауыр: халық өте көп, елдің әл-ауқаты төмен,
өңдейтін жер жетіспейді, тіршіліктің бәсекесі жеке адамның күн көрісіне
мүмкіндік бермейді. Олар үшін Қазақстан нағыз байлық пен табыстың көзі. Не
шаруа істесе де, шынайы еңбекқорлықтың арқасында аз ғана уақыттың ішінде
Қазақстан жерінде белшеден байлыққа кенеліп, дәулетті дәурен кешуге болады.
Қазақ жеріндегі қытай мафиясы туралы әңгіме өз алдына бір төбе. Сондықтан
біз үшін аса қауіпті болып отырған қытай эмиграциясының Қазақстанда етек
алуына үзілді-кесілді тосқауыл қойылуы тиіс.
Ал енді оқиғалардың біл жолымен өрбу мүмкіндіктерін қарастырайық. Екі
мемлекеттің қарым-қатынасына тоқталғанда басымдылықты тек қана Қытай жағы
танытуы мүмкін бе? Болжап көрелік. ХХІ ғасырдың екінші жартысында Қытай
экономикасы шикізат тапшылығынан үлкен дағдарысқа ұшырауы мүмкін делік.
Мұндай жағдайда Қытай мемлекетінің өндірісі дамымай қалған халқының саны аз
територриялардың шикізат ресурстарына қалайда ие болуға деген талпынысы
күшеюі мүмкін. Ондай аймақтарға ең алдымен Қазақстан, Сібір және Қиыр
Шығыс т.б. жердер жатады. Қытай мемлекетінің көршілеріне экономикалық және
саяси ықпалы артып, осы аймақта басымдылық тек Қытай жағына көшетін болады.
Қытай Халық Республикасынын Қазақстанға кез келген тәсілмен басып кіруге
деген белсенділігі күшейеді. Егер оқиғалар жиелісі дәл біз болжаған
тәсілмен өрбитін болса, өзінің еліне симай жатқан жұмыс күшін алғашқыда
мүмкіндігінше шекара бойында тізілетін еркін экономикалық аймақтардың
өнеркәсіп орындарын игеруге және одан әрі ел ішіне тереңірек кіруге
жұмылдыратын болады. Қытайдағы демографиялық ахуал – тек Қытай проблемасы
емес, сонымен бірге, шекаралас жатқан барлық көршілерін қауіптендіретін аса
күрделі мәселе. Қазақстанда да келешекте Қытай жағынан болатын экономикалық
интервенцияға жол бермеу және оның алдын алу проблемасы күн тәртібінен
түспеуі тиіс. Сондықтан тақырып өзекті болып саналады.
Диплом жұмысының мақсаты. Экономикалық проблемалар негізінде
територриялық талап қоюшылық, соның салдарынан Қазақстан – Қытай жанжалы
туу мүмкін бе? Мұнда, ең бастысы, ондай жанжалдың болуын алдын алу және
барлық мәселелер тек дипломатиялық жолымен келіссөздер арқылы шешілуі
керек. Жаман айтпай жақсы жоқ. Кез келген жағдайда Ресей мұндай жанжалдың
болуына жол бермеу үшін өзінің де мемелекеттік мүддесін ойлай отырып,
барлық шараларды іске асыруға ниет білдіргені жөн. Әйтеуір оның арты жалпы
ұлттық, тіптен дүниежүзілік апатқа соқтыруы мүмкін деп ойлаймыз.
Шығыстан төнер қауіптің алдын алу және оны тежеу мақсатында Қазақстан
Ресеймен стратегиялық одақ құра отырып, міндетті түрде жаңа әскери
доктринасын айқындауы тиіс.
1989 жылы кеңес-қытай қарым-қатынасы қалыпты деңгейге түсіп, біршама
дұрысталғаны мәлім. Алайда, Пекин басшылығы бұрыңғы Кеңес одағында
қалыптасып отырған ахуалды назарға алып, Қытай Халық Республикасының ТМД-
ның жаңа егемен Азия елдерімен ұлттық мүдделері кейбір тұстарда сай келмеуі
мүмкіндігін жоққа шығармайтындығын атап өтті. Қытай басшылығы әлі күнге
дейін Қазақстан мен Қырғызстанның жекелеген шекара учаскелеріне
територриялық талап қоюына бас тартпай отыр.
Осындай таластың нәтижесі және әртүрлі даулы мәселелердің толығымен
шешілмеуі ахуалды шиеленістіріп жіберуі, тіптен шекара бойында
қақтығыстардың болу мүмкіндігі бізге тарихтан белгілі (Даман аралындағы
және Семей облысы Жалаңаш көл маңында болған қиян-кескі қақтығысы).
Сонымен жоғарыда айтылған болжамды дәйектемелерден Қазақстан – Қытай
байланыстары төңірегінде біраз проблемалардың бар екендігін көреміз.
Бұл өткен күннің немесе болашақтың емес, дәл бүгінгі күнің проблемасы,
Ресей баспасөзінің мәліметтеріне суйенсек, Қытайдың бұқаралық ақпарат
құралдары бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан және
Ресеймен арадағы шекара мәселесіне үлкен мән беріп, дау тудырып отырған
көрінеді. Ал Қазақстанның кейбір шекаралар аудандарымен облыстары (тіптен
Алматының өзі) Қытайша аталып, Қытай карталарында ежелден Қытай жері етіп
көрсетілетіні сонау Мао дәуірінен келе жатқан дәстүр екені белгілі.
Жанжалдың шығуы тек Қытай жағынан оның қасақана жасаған іс-әрекеттерінен
болуы ғана мүмкін. Өйткені, таяуда мемлекетаралық деңгейде өткен келісімдер
өз нәтижесін берді. Бірталай (шекара, келіп-кету кеден) мәселелер реттелді.
Егер жанжал бола қалған жағдайда, әрине, құдай оның бетін әрі қылсын,
немесе оны әлдеқандай жасанды әрекеттермен қолдан тудырған шақта осы
аймақта АҚШ-пен Жапония секілді қуатты мемлекеттер әскери қақтығыстың
болуын қалайды, себебі: қақтығыстың нәтижесі күш жинап алған Қытай
қабырғасы әлі қатаймаған жас мемлекет Қазақстанның және оның әскери
одақтасы Ресейдің түпкілікті әлсіреуін мақсат тұтып, бейтараптық позиция
ұстанатын болады. Мұны әлемдік саясаттың тәжірибесі әлденеше рет дәлелдеп
берген.
Қазақстан мемлекетінің ең басты мақсаты – шиеленістің тууына еш жол
бермеу. Қазақстан үшін Қытаймен арадағы қарым-қатынасы сыртқы саясат
саласында және геосаяси өлшемдер жүйесінде де өте маңызды, әрі ең бастысы,
қашанда күн тәртібінен түспейтін ауқымды мәселе болу керек. Қазақстан
мемлекеті міндетті түрде Қытай Халық Республикасымен байсалды да байыпты
саясат орнату мақсатында барлық бастамалар мен нақты шараларды тікелей өз
мойнына алуы керек. Ал Шығыстағы Шын империясын шете бағаламау немесе оны
мойындамау – тарихтың кешірмес қателігі болатына кәміл.
Сондықтан тақырыпты Қазақстан мен Қытай мемлекетінің қарым-қатынасы
тақырыбын зерттеу диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Қытай
арасындағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастар сонау Геродот тарихында
баяндалғандай ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар мен қытай халықтары
арасындағы байланыстардан бастау алады.
Рас, кезінде болған оқиға бұрмаланбайды сол қалпында қағазға түсе
қалады деуге де болмайды. Пекинде Ұлттар баспасы арқылы жарық көрген
Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер атты кітапта қазіргі және
бұрыңғы қытай тарихшылары қалай бұлтақтасада Ұлы Қорғанды кешегі сақ, ғұн,
үйсін, қаңлы, алан, қыпшақ т.б. бұрыңғы қазақ ұлтың құрайтын рулардан
қорыққаннан салғанын жасыра алмайды. [1] Осыдан біз Қазақ-Қытай қарым-
қатынастарының тарихы тереңде жатқандығын аңғарамыз және тарихи шындықты
көре аламыз.
Қазіргі Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары туралы еңбектер
Қазақстан Президенті Назарбаевтан бастау алады. [2]
Қазақстан-Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты, тату-
көршілік достық өзара ынтымақтастық қатынастар жөнінде және Шанхай
ынтымақтастық ұйымы туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәпиулла
Абдулпаттаев көптеген еңбектер жазды. [3]
Қытайдың тарихы, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары жөнінде тарих
ғылымдарының доқторы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры
Н.Мұхаметқанұлы құнды деректер жазды. Атап айтқанда Қытайдың Батыс бөлікті
игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері атты еңбекте
Шыңжаң мәселесін көтереді. [4]
Қазақстан Президентінің көрші Қытай мемлекетіне сапары көрші елмен
экономикалық және саяси қатынастар жасау жөніндегі бағыт бағдар жөнінде
Б.Құланбай жазады. [5]
Қазақстантану ғылымының Қытайдағы бағыттар жөнінде және Қытайдағы
қазақтар жөнінде Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туылған қазір Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Шығыстану кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д. Мәсімхан өте
құнды еңбектер жазуда. [6]
Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары жөнінде Қ.Тоқаевтың Қытай
мемлекетіне сапар жөнінде екі елдің арасындағы саяси-экономикалық және
мәдени қатынастары жөнінде Г.Муханова жазды. [7]
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың ертекте
басталғандығын дәлелдеп Қанжығалы Бөгенбайдың Қытайға елшілік сапары
жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Жәнісов жазды. [8]
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао туралы өмірдеректік
статьяны Е.Зәңгіров жазды. [9]
Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі туралы тарих
ғылымдарының кандидаты Т.Зәкенұлы жазды. [10]
Қытайдағы қазақтардың шежіресі жайлы тарих ғылымдарының кандидаты
Ә.Дәулетқанұлы жазды. [11]
Қазақстан мен Қытай мемлекеттер арасындағы мұнай өндіру оны Қытайға
жеткізу туралы Қ.Ахасұлы жазды. [12]
Сондай-ақ Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі, тарихы жайлы
Т.Тыныбайын жазды. [13]
Қытайда жазылған тарихи деректемелерді жинап ана тілімізге аударып
мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының бас редакциясының алқасы Қазақстан
тарихы туралы қытай дерекнемелері 5 томдық еңбекті жарыққа шығарды. Бұл
еңбектің бірінші томында Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері,
саяхатнамалар, тарихи географиялық еңбектерге шолу жасалды, екінші томында
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері тарихи мәдени жәдігерлер,
үшінші томында әулеттік тарихи жылнамалар Қазақстан тарихы туралы қытай
деректемелері, төртінші томында Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
әулеттік тарихи жылнамалар екінші бөлімі, бесінші томында Қазақстан тарихы
туралы қытай деректемелері Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары
баспадан шықты. [14]
Қытайдағы қазақ мектептердің жабылуы жайлы, қазақ мектептерінің қытай
мектептеріне айналып жатқандығы жөнінде, қазақ тілі бір пән ретінде ғана
жүретіндігі жайлы, 15-20 жылдың ішінде қытайдағы қазақ ұлты жойылып жас
ұрпақ қытайланатыны жөнінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаты Мұхтар Шаханов жазды. [15]
Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қауымдастыққа есігі ашық
ұйым екендігін дәлелдеп Г.Жұмабекқызы жазды. [16]
Диплом жұмысы жазу барысында мерзімді басылымдар Егеменді Қазақстан,
Түркістан, Қазақ әдебиеті, Ана Тілі, Қазақ тарихы т.б. басылымдардан
материалдар алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1-тарау. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы
Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары
1. Саяси-экономикалық қарым-қатынастар

Кеңес Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі уақиғаның
бірі болып, жалпы халықаралық саяси жағдайдың өзгеруіне алып келді. Бұрыңғы
Кеңес Одағының үлкен шаңырағынан бөлініп жаңа отау көтерген елдердің
бірнешеуі Қытай Халық Республикасымен көршілес. Соның ішінде Қытай үшін ең
маңызды болып отырғаны көрші қазақ елі. Стратегиялық тұрғыда аса маңызды
Еуразия құрлығында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, дүниенің екі
шектілігі тәртібінің бұзылуы ондаған жылдар бойы қалыптасқан халықаралық
қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыс алып келді. Қытай Халық
Республикасындағы саяси процестердің дамуы олардың ғаламдық және аймақтық
саясатқа тигізер әсері халықаралық қатынастар саласындағы маңызды болып
табылады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзінде коммунистік идея күйреп
жатқан кезінде, Қытай жарты ғасыр бойы табынып келген идеологиясының сыртқы
формасын күрт өзгертіп, стратегиялық мақсатын сақтап калды. Мемлекеттік
идеология мен әлемдік экономиканың даму тенденциясына басымдық беріп,
нарықтық атрибуттардың жаңа бір формасын ойлап тапты. Қытай Халық
Республикасы өзінің геосаяси орналасуы және үлкен экономикалық әлеуетіне
байланысты Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Қазақстан өз
тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап осынау ірі көршілес елмен, яғни
Қытаймен ынтымақтастығын өз сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі деп
қарастырады. Саясаткерлер ХХ ғасырды Қытай ғасыры деп атап, оның ұлы
держава ретінде шарықтау биігіне жететінін сараптауда.
Қытай дүние жүзіндегі аса ірі, экономикалық әлеуетті жылдан жылға
артып келе жатқан елдердің бірі болып саналады. Әрі ол БҰҰ-ның қауіпсіздік
кеңесіне мүше. Сол себепті Қытаймен әлемнің көптеген мемлекеттері
ынтымақтастық орнатуға ынталы. Бұл тәуелсіздік алған Қазақстанғада қатысты.
Өйткені Қытай Қазақстанның ежелгі көршісі. Осы тұрғыдан келгенде біздің
еліміздің ұстанған саясаты қай жағынан алсақ та, достық, ынтымақтастық,
көршілік, тату-тәтті саясат болуға тиісті. [16]
Қытайдың Таяу болашақтағы стратегиялық бағытын айқындап берген Дэн
Сяопин Мемлекетте ұзақ уақыт тұрақтылықтың сақталуы адамның өз қолында.
Империалисттер Қытайды бейбіт түрде өзгертудің үмітін біздің алдағы бірнеше
ұрпағымызға артып отыр... Беделді ықпалды күш саналатын аға буын біз
тұрғанда, сыртқы жау күштері Қытайды бейбіт өзгертуді жүзеге асыра
алмайтындығын біледі. Бірақ біз, қарттардың көзі жұмылғаннан кейін оған
кім кепілдік бере алады? Сондықтан, әскерді, диктатура органдарын,
коммунистерді, бұқара халықты және жастарды осыған рухани тәрбиелеуіміз
қажет. Қытайда мәселе болса, ол коммунистік партияның өз қатарынан шығады.
Бұл мәселе жөнінде өте сергек болу керек. Өршіл, рухшыл, әрі жас, әрі
білімді маман болу критерий бойынша, басшылық алқасына таза, қабілетті
адамдарды таңдап өсіру қажет. Біз партияның бағыт саясатын жүз жылға
жарайтындай қалыптастырдық және оның тұрақтылығын осы принциптерге сүйеніп
баянды етеміз. Көз алдымыздағы мәселе оңтайлы шеліліп кете қойған жоқ,
ойдағыдай шешілуінен үміт етемін дейді. [17] Бұл Дэн Сяопиннің Ху
Цзиньтаоның бас хатшылыққа келген кездегі кадрды іріктеу туралы айтқан
өсиет еді.
Қазір әлемдік саясат Ху Цзиньтаоның әрбір іс-қимылын бақылап отыр.
Әрине алып елдің бірінші мақсаты – ел экономикасын көтеру. 2020 жылы елдің
ішкі жалпы өнімі төрт есе өсуі тиіс деп жоспарлануда.
Бір миллиардан астам халықты асырап отырған Қытай Қазақстанда өткен
жиындардан ешқашан тыс қалған емес. Достығы мен ынтымақтастығы көптеген
мемлекеттерге үлгі болатын көршілер осы Қазақстан мен Қытай болса керек.
Оның жарқын бір мысалын Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің тұңғыш саммитіне ҚҚР-дің сол кездегі
Төрағасы Цзян Цзэминьнің қатысуынан көруіне болады. Сондай-ақ Қазақстан мен
Қытайдың халықаралық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің арасында
алатын орны айрықша. Оған мүше бес мемлекетпен бірлесе отырып, екеуіде сол
елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде және Орталық
Азиядағы мемлекетердің экономикалық жағынан дамуына белсене араласып
келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық келісімдер базасы аса
қомақты барлығы 105 екі жақты шарт пен келісім екі елдің ынтымақтастығы
жолында жұмыс істеуде. [18]
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдан
бастап орнады. Екі елдің арасындағы достық ынтымақтастық қарым-қатынастар
1993 жылы дүниеге келген декларациядан бастау алады. Сол қарым-қатынас жаңа
белеске көтерілді. Әр жылдардағы тығыз байланыстар екі мемлекеттің бір-
біріне сенімді әріптес бола алатындығын іс жүзінде дәлелдеп берді. Соның
бірі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылғы 23
желтоқсанда Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын айтар
едік. Осы сапар кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік,
достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Ал 2003 жылдың маусымында Қытай Халық Республикасы басшылығының
Қазақстанға сапарының орны бөлек болғанын атап өткен жөн. Сол жолы
мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен декларацияға
қол қойып, соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын әрі қарай
дамыту жолдары айқындалды. Сондай-ақ Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы
туралы бағдарлама қабылданды. Бұл құжатта екі жақты ынтымақтастықты,
жандандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделді.
2004 жылы маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары басталды.
Елбасын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао қарсы алды. Ху
Цзиньтао көршілес екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін
Н.Ә.Назарбаевқа алғыс білдірді. Ал Қазақстан Президенті екі елдің
ынтымақтастығына жоғары баға бере келіп, ынтымақтастық алдағы уақыттада
артатынына сенімді екендігін жеткізді. Елбасы өз сөзінде Қазақстанның ең
басты әріптесі Қытай екендігін көрсетті. Осы кездесуде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао
Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы бірлескен декларацияға қол
қойды. Ал екі мемлекеттің тиісті министрліктері мен ұлттық компанияларының
басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері
арасындағы ынтымақтастық негізіндегі комиссия құру туралы келісімге,
Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық
туралы келісімге, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
үкіметтері арасындағы өсімдік қорғау және карантин жөніндегі
келісімге қол қойылды. Осы Қытайға сапарында Н.Назарбаевтың Сындарлы он
жыл кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді. 2004 жылдың мамыр айының 17
күні ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚР Президенті Н.Назарбаев Пекинде
кездесіп ортақ құжатқа қол қойды. Екі жақ министрлерімен басқа да өкілдер
тарапынан оншақты бірлескен келісім шартқа қол қойылды. Біріншісі – Атасу –
Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы жайындағы келісім CNRC (Қытай Ұлттық
Мұнай Корпорациясы) мен ҚазМұнайГаз өкілдері арасында жасалды. Бұл келісім
шартқа АҚШ-тың энергетика министрі мынадай баға берген: 2004 жылдың мамыр
айында қазақ және қытай үкіметі қазақ мұнайын Батыс Қытайға тасып жеткізуді
қамтамасыз етуге тиіс. 700 миллион долларлық мұнай құбырын салу туралы
келісім-шартқа қол қойды. Бұл құбыр орталық Қазақстандағы Атасудан Шыңжаңға
дейін тартылып, сондағы үш мұнай зауытын күніне 200 мың баррель шикізатпен
қамтамасыз етіп отыруға тиіс [19] - деді. Екінші келісім-шарт теміржол
қарым-қатынастарын дамытуға байланысты болды. Оған қол қойған Қытай темір
жолдары министрі Лю Жиджун және Қазақстанның көлік және коммуникация
министрі Қажымұрат Нағманов болды. Бұл құжаттағы негізгі көзделген мәселе –
Қытайдың Қиыр Шығыс жағыфмен Еуропа аралығын Қазақстан үстімен
жалғастыратын құрылықтық байланыс жолын қалыптастыру болды. Бұл мақсат
жүзеге асса, біздің еліміз ғана емес, күллі Орталық Азия әлемнің
тұйықталған бір түпкірі болып қала беру мәселесінен құтылып, халықаралық
сауда ауқымында маңызды орынға ие болмақ. Осы келісім-шарттан кейін іле
шала Қытайдан автобустар алып келінді.
Қытай экономикасының қарқындап дамуы елдегі мұнай шикізаты мен
өнімдерін тұтыну көрсеткішінің күрт өсуі түрінде көрініс тауып жатыр. 2003
жыл барысында Қытайда орта есеппен күніне 5,56 баррель мұнай қажетке
жаратылып отырған. Басқаша айтқанда Қытай сырттан күніне 2,02 миллион
баррель мұнай сатып алып отырған. Жылдық есепке шаққанда бұл – 100 миллион
тонна. Қазақстан мұнай өнер кәсібі осыншама шикізатты екі жылда ғана өндіре
алады. [20]
Басқасын қойғанда дүниежүзіндегі теливизорлардың жартысын осы ел
шығарады. Қытай экономикасының қарқындап дамуының құпиясын былайша
түсіндіруге болады. Біріншіден, ондағы жұмыс күші өте арзан. Екіншіден,
халқы өте көп елде ішкі нарықтық мүмкіндіктер өте зор. Үшіншіден,
жоғарыда аталған екі фактор Қытайға жаңа технологиялардың әкелінуіне
кеңінен жол ашады. Қазақстанның Қытайдан көп нәрсені үйренуге мүмкіндігі
бар. Аталған Атасу-Алашанькоу құбыры біздің мұнайдың Қазақстанның
тарихында тұңғыш рет халықаралық рынокқа тікелей шығуына мүмкіндік бермек.
Осы уақытқа дейін біздің мұнайымыз талай елді аралап барып тұтынушыға
жететін. Оны сатқаннан түсетін таза пайда төмен болатын. Қытайға
Қазақстаннан мұнай алу өте тиімді. Өйткені көрші шекаралас елміз.
2004 жылы Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері кеңесінің алғашқы отырысы
болды. Осы кеңесте ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан мен Қытай
кәсіпкерлері кеңесінің құрылуы сауда-экономикалық ынтымақтастықты
тереңдетуге жол ашатын болады. Енді бізді жақын көршілік пен достық қана
емес, экономикалық байланыстарда жақындата түседі деді. [21]
Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында мұнайгаз саласындағы көп жақты
ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Н.Назарбаев ланкестік, діни экстремизм, есірткі графигі секілді қауіп
қатерлерге байланысты Қазақстанның ұстанған саясатынан да БАҚ өкілдерін
хабардар етті. Өйткені Азияда дүниежүзіндегі халықтың көпшілігі тұрады.
Олардың татулығы барлымызға қажет деп ескертті ҚР Президенті.
Қытай Қазақстанды стратегиялық маңызы бар мемлекет деп таниды. Себебі,
Қытай Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға тауар тасымалдауға мүдделі. Қытайға
әлемдік мұхит ауқымынан тыс жатқан мұнай-газ көзі қажет. 1993 жылдан бері
Қытай – мұнай импортына тәуелдел. Қазір ол өзіне қажет мұнайдың 33-35
пайызын сырттан тасиды. [22] Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы Ақтөбедегі
мемлекеттік мұнай пакетінің 60 пайыздық акциясын сатып алып, өзінің
трансұлттық қызмет атқару ауқымын кеңейте түсті.
Қытай Халық Республикасының Ху Цзиньтао мемлекет басшысы ретінде ең
алғашқы шетелдік сапарын Қазақстанға жасады.
Ху Цзиньтаоның сапары барысында қол қойылған Қазақстан Республикасымен
Қытай Халық Республикасы арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған
ынтымақтастық бағдарламасы тараптар арасындағы барлық уағдаластықтарды
тиімділікпен іске асыруға және екі жақтық қатынастарды үздіксіз
дамытуға сенім білдірді.
Қытай ешқашан және ешқандай жағдайда ядролық қаруды бірінші болып
қолданбайтынын, ядролық қарусыз мемлекеттерге немесе ядролық қарусыз
аймақтарға қатысты ядролық қаруды қолданудан бас тартатынын қуаттайды және
басқа ядролық мемлекеттерді осындай ұстанымда болуға шақырады.
2008 жылы Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың
шақыруы бойынша 29-30 қазан аралығында Қытай Халық Республикасы мемлекеттік
кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаоның Қазақстан Республикасына ресми сапар
болып өтті. Екі ел үкімет басшылары достық жағдайда Қазақстан – Қытай
мәселелері бойынша түсіністікке қол жеткізді. Елбасы Н.Назарбаев пен ҚХР
Төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы мазмұнды кездесулер мемлекеттер арасындағы
саяси сенімді одан әрі нығайтуға, ғаламдық және өңірлік істер бойынша
тиімді ынтымақтасуға, сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы,
қауіпсіздік мақсатындағы және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты
кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Қытай үкімет басшылары әлемде қалыптасқан ауыр қаржы-
экономикалық дағдарысқа байланысты екі ел арасында тығыз қаржы
ынтымақтастығын жалғастыруды, қиындықтардың алдын алу үшін өзара көмек
жасау шаралары жөнінде ортақ пікірге келді. Осы кездесуде бірнеше маңызды
құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, екі елдің сыртқы істер министрлері
Марат Тәжин мен Ян Цзе Чи 2004 жылғы 17 мамырдағы ынтымақтастық жөнінде
комитет құру туралы Қазақстан–Қытай келісіміне өзгертулер мен қосымшалар
еңгізу туралы хаттамаға қол қойды. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек
Күрішбаев пен ҚХР-дің сапаға бақылау жасау, карантин және инспекциялау
жөніндегі бас басқармасының бастығы Ван Юн, Қазақстан кеден комитетінің
төрағасы Козы-Көрпеш Кәрібозов пен ҚХР бас кеден басқармасының төрағасы Шэн
Гуан Цзу, Қазақстан темір жолы ҰҚ, АҚ Президенті Асқар Мамин мен ҚХР темір
жол министрі Лю Чжицзюнь, Қазатом өнеркәсібі АҚ Президенті Мұхтар Жакішев
пен CGNPG Президенті Кан Жисинь, Қазмұнайгаз ҰҚ АҚ Президенті Қ.Қабылдын
мен СNPC өкілетті өкілі Сун Бо т.б. тиісті салалар бойынша ынтымақтастық
пен байланысты нығайту жөнінде келісім хаттамаларға қол қойылды.

1.2. Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде
өмір сүрген алғашқы күнінен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық
Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара
ынтымақтастық қатнастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай
келетінін айқындады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп
атап көрсетті: Меніңше, адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы көбіне-көп
Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз
саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы
зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай
қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие. [23]
Қытаймен шекараның заңды түрде бекітілуі, Қытай басшылығы тарапынан
Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берілуі ынтымақтастықтың барлық
саласындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтып, тұрақтандыра түсті.
Қазақстан-Қытай шекарасының өн бойында қауіпсіздіктің сенімді белдеуі
жасалды. 2001 жылғы қараша айында Пекинде делимитация бойынша Қытай-
Қазақстан бірлескен комиссиясының оныншы кеңесі аяқталып, шекара
бағаналарының үлгісі бекітілді.
1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасында
Шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге қол
қойылды. Рәсімде Н.Назарбаев бес мемлекет басшылары жаңа ғана қол қойған
шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі келісімге қол
қойылуы Азия-Тынық мұхит аймағындағы осындай әскери-саяси деңгейдегі және
географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып табылатынын мәлімдеді. Осындай
бірегей келісімнің әрекет ету аясына орасан зор әскери әлеуметті өзара
бақылау, ал кейіннен осы қысқарту көзделіп отыр. Осындай келісім Азия-Тынық
мұхит аймағында және жалпы алғанда Жер шарында бейбітшілікпен тұрақтылықты
қолдап, одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Осы келісім елдеріміздің арасындағы байланыстарды екі жақты да, көп
жақты да дәйекті әрі жемісті дамыту үшін берік негіз қалап отыр.
Осы актінің бірегейлігін мынадан көруге болады: бес мемлекет ұзақ
уақытқа созылған келіссөз барысында аса маңызды проблемаларды шешуге деген
біртұтас тұжырымдамалық көзқарасқа келді. Бұл орайда, әскери саладағы
сенім шаралары бойынша мәмілеге келу ерекше маңызды. Бес делегацияның
барлық мүшелері мәселенің көптеген жақтарын келісу кезінде кешенді көзқарас
пен жоғары кәсіби қасиеттерін көрсетті. Ал бұл мәселердің бәрі қорытынды
құжатта толық көрініс тапты.
Президент Назарбаев келісімнің тағы бір маңызды басымдығын атап
өтті. Онда келісімдерді орындау процедурасына және өзара бақылауды жүзеге
асыруға байланысты барлық мәселелер мен мерзімдер әбден айқын ескерілген.
Мұның өзі осы құжатты барынша өкілетті етпек.
Сонымен, Шанхай бестігіне кіретін мемлекеттер басшыларының
кездесуі аймақтық және жаһандық саясаттың айқын факторына айналды. Екі
мүшесі (Ресей,Қытай) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты
мүшесі болып табылатын Шанхай бестігінің экономикалық және адами әлуетті,
қатысушылардың ұйым қызметіне жаңа өлшемдер тұрғысынан қарауы оның
өміршеңдігіне кепіл болып, келешекте аймақтық ірі ұйымға айналатынын
көрсетті.
1997 жылғы 24 сәуірде Мәскеуде Шанхай бестігі шекара ауданында
қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды. Тараптар
шекараның екі жағы бойынша жүз километрлік аймақта өз әскерлерін едәуір
қысқартуға міндеттенді. Осы аймақта тек шекара әскерлері қалдырылатын
болды. Қандай да әскери жаттығулар жөнінде бес мемлекет бір-бірін алдын
ала хабардар етіп отыруға міндеттенді.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасына қаяу түсірген ядролық
қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр
қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе
еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы
атмосферада жарылды. 1967 жылы 17 маусымда қуаты 3 мегатонналық тұңғыш
термоядролық жарылыс атмосферада жасалды. Салыстыру ретінде айтсақ, Семей
полигонында қуаты бір мегатонналық жарылыс тек бір рет қана жасалған
болатын.
Қытайда 1980-1996 жылдар арасында атмосферада қуаты бір мегатонналық
екі бомба, үш мегатонналық бес бомба, қуаты төрт мегатонналық бір бомба
жарылды.
1994 жылғы 10 маусымда Қытайда ядролық қарудың жер астында сынақтан
өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
сол жылғы 13 маусымда мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы
сынақ басқа ядролық державалар ядролық жарылыстарға мораторийді сақтап
отырған жағдайда жасалғанын атап көрсетті. Мәлімдемеде ядролық қарудың бұл
сынағы Қазақстанмен шекаралас ауданда жасалғандықтан және экология мен
техногенді ортаға елеулі зардап тигізетіндіктен наразылық білдірмеуге
болмайтыны айтылған. Рыспублика Сыртқы істер министрлігі Семей және Лобнор
полигондары проблемалары жөнінде біріккен сарапшылар тобын құру туралы
Қазақстан жағының ұсынысын нақты талқылауға оралу қажет деп санады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэминнің Қазақстанға 1996
жылғы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа
бетін ашты. Екі ел басшылары арасындағы келіссөз өзара жылылық, сенімділік
және ашық жағдайда өтті.
Цзян Цзэминь: Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі
достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңызы береді. Соңғы жылдары менің
және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында осы күнге дейін көп
кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси
құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың
тұрақты дамуы үшін берік саяси және заңды іргетасы болып отырған, екі жақты
қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша
ортақ түсініктің бірқатарына қол жеткіздік деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Алматыдағы жоғары
деңгейдегі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияға қол қойды.
Онда екі ел Қазақстан, Қытай, Қырғыстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы
1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған шекара ауданындағы әскери саладағы
сенімді нығайту туралы келісімді жоғары бағалайды, осы келісімді жүзеге
асыру жөніндегі пәрменді іс-шаралар қабылдауға және шекара ауданындағы
әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімді жедел түрде әзірлеу үшін
одан әрі қарай күш-жігер жұмсауға бел буғаны туралы мәлімдейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар хандығының құрылуы
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Пәндер