Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)



1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа тұрғысынан тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылады. Тұрғындарды жоғары дәрежеде азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласы – ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығына маманданған Моңғолия Республикасының бұл саладағы өндіріс көлемі жылдан жылға азайып, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары да кеміп, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай тиімділігі төмендеп отыр. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі келеңсіз мәселелерді шешудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру арқылы бар мүмкіндіктерді пайдаланып тиімділікті жоғарылату.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Моңғолия Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Республиканың Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық салада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні меншіктің алуан түріне негізделген шаруашылықтарды нарық жағдайында жүргізудегі жаңа жолдарын құру болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың азаюы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз азық-түлік өнімдерінің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі тағы басқалар өз кезегінде аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады. Бұл фермерлік және тағы басқа да агрошаруашылықтардың өнімділігі мен дамуын көтеруді білдіреді. Сондықтан аграрлық кәсіпкерліктің тиімді дамуы олардың тек ауыл шаруашылық бағытында ғана болмай, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсетуді, халықтың кәсіпшілік бұйымдарын өндіруді, сауықтыру-профильді формасында қызмет көрсетуді, ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында қызмет етуді және тағы басқа түрлерін қалыптастыру – олардың өрістеуіне мүмкіндік береді. Дамушы елдерде нарыққа негізделген дамуға қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік сектор мен азаматтық қауым барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл шаруашылығы саласы біршама технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың негізгі катализаторы болып отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда кешенді көзқарасты қажет етеді.
1 Қазақстандағы жекешелендіру үрдістерінің іс-тәжірибелік маңызы //«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары: экономика, технология, қаржы және менеджмент» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, - Семей: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, - 5-7 желтоқсан 2001. – Б. 369-372. – 0,25 б.т.
2 Аграрлық секторда жұмыссыздықпен күресудегі шағын кәсіпкерліктің рөлі //«Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелері» атты С.Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ-дың 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, - Астана, 2007. – Б. 213-217. – 0,31 б.т.
3 Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің қалыптасуының ерекшеліктері (МХР-ң Баян-Өлгий аймағының мысалында) //«Қазақстан Республикасының АӨК жаһандану шартындағы тұрақты дамуы: тәжірибе және алғышарттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, - Семей, 2007. – Б. 69-73. – 0,31 б.т.
4 Әлеуметтік мәселелерді шешудегі шағын кәсіпкерліктің рөлі //«Әлемдік қоғамдастықтың интеграциясы және жаһандануы контексінде Қазақстан Республикасының инновациялық саясатының құқықтық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, - Семей. 22-23 мамыр 2007. – Б. 129-133. – 0,31 б.т.
5 МХР-ң Баян-Өлгий аймағының ауыл шаруашылығы саласындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы //«Ізденістер, нәтижелер» ҚазҰАУ Хабаршысы, 2007. -№3. – Б. 278-281. – 0,3 б.т.
6 Аграрлық сектордағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мәселелері //Шәкәрім атындағы СМУ Хабаршысы, 2007. -№3. – Б. 129-132. – 0,25 б.т.
7 Агроөнеркәсіп кешенінің интеграциялану бағыттары //«Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы зиялылығы мен психологиялық дайындығын жетілдіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, - Семей. 24 қазан 2007. – Б. 148-150. – 0,2 б.т.
8 Кәсіпкерліктің дамуының шетел тәжірибелері //Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, 2007. -№5. – Б. 100-102. – 0,37 б.т.
9 Шағын кәсіпкерліктің дамуын бағалау критерийлері (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында) //«Қазіргі жағдайдағы экономикалық білім беру: мәселелері мен болашақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, ІІ бөлім – Семей: ҚазҚЭИ, 2007. – Б. 192-196. – 0,31 б.т.
10 Моңғолия мен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын дамыту жолдары //«Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, - Семей: Семей мемлекеттік педагогикалық институты, 16 қараша 2007. – Б. 42-44. – 0,2 б.т.
11 Ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың шетел тәжірибелері //Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысы, 2007. -№6. – Б. 108-113. – 0,75 б.т.
12 Основные направления эффективной организации управления малым бизнесом //Современный научный вестник, - Белгород. 2007. -№13 (21). – С. 71-74. – 0,5 п.л.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 330.131.5:316.48:631.15 (519.3)
Қолжазба құқығында

ҚУАНТҚАН БИБОЛАТ

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
(Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалары мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Қазақ қаржы-экономикалық академиясында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы
Әпсәлемов Н.Ә.
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Мухаммедов А.У.

экономика ғылымдарының кандидаты
Мүтәліпқызы Б.
Жетекші ұйым: Қазақ ұлттық аграрлық университеті


Қорғау 2008 жылдың ____ __________ күні сағат _____ Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 14.02.01 диссертациялық
кеңесінің отырысында өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы,
Жандосов көшесі 55, 144-бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады

Автореферат _________________ 2008 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, э.ғ.д. А.Б.
Темирбекова

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту терең
құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен
тікелей байланысты. Реформа тұрғысынан тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен
және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылады. Тұрғындарды жоғары дәрежеде
азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп
кешенінің негізгі саласы – ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса
дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығына маманданған Моңғолия
Республикасының бұл саладағы өндіріс көлемі жылдан жылға азайып, оның
себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары да
кеміп, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай тиімділігі
төмендеп отыр. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі келеңсіз мәселелерді
шешудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын нарық талаптарына сай
қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру арқылы бар мүмкіндіктерді
пайдаланып тиімділікті жоғарылату.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық
тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана
қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі
алғышарты болып табылады.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Моңғолия
Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет
ететін қажетті буын. Республиканың Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық салада
жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні меншіктің
алуан түріне негізделген шаруашылықтарды нарық жағдайында жүргізудегі жаңа
жолдарын құру болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық
қолдаудың азаюы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның
теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің
орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз азық-түлік өнімдерінің ағылып
келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі тағы
басқалар өз кезегінде аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын
тигізіп отыр.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік
құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін
беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік
тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының
экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын
және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады.
Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан
әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар
кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты
өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін
жақсарту арқылы мүмкін болады. Бұл фермерлік және тағы басқа да
агрошаруашылықтардың өнімділігі мен дамуын көтеруді білдіреді. Сондықтан
аграрлық кәсіпкерліктің тиімді дамуы олардың тек ауыл шаруашылық бағытында
ғана болмай, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсетуді, халықтың кәсіпшілік
бұйымдарын өндіруді, сауықтыру-профильді формасында қызмет көрсетуді,
ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында қызмет етуді және тағы басқа
түрлерін қалыптастыру – олардың өрістеуіне мүмкіндік береді. Дамушы елдерде
нарыққа негізделген дамуға қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік
сектор мен азаматтық қауым барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл
шаруашылығы саласы біршама технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп,
ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың
негізгі катализаторы болып отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда
кешенді көзқарасты қажет етеді.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы қалыптасқан аграрлық кәсіпкерлік өз
қызметіне кіріскенімен, өзінің өмірлік қажетті деңгейіне жете алмағаны
ақиқат. Елдегі жүргізілген реформалардың алғашқы нәтижесі кәсіпорындарға,
олардың жоғары тиімділікті қызметіне ішкі факторлардың оңайлықпен әсер
етпейтіндігін көрсетті. Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің көптеген нысандары
өз мүмкіндіктерін дер кезінде бағалауға дәрменсіз болып шықты.
Сондықтан да Баян-Өлгий аймағында аграрлық саладағы шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру
негізінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық
жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігі, аграрлық өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, саланы
тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде
күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұлар біздің ғылыми-зерттеу
жұмысымыздың негізгі бағытын айқындайды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін аграрлық саладағы
кәсіпкерлікті дамытуға арналған іргелі еңбектердегі тұжырымдар, қағидалар
құрайды. Біз жұмысымызда аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет теориясын
негіздеген ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Дэвис, Р.Гольберг, Д.Кейнс,
Р.Кэмпбелл, К.Кондратьев, А.В.Чаянов Й.Шумпетер, А.Маршалл, П.Друкер,
Р.Кантильон сияқты зерттеушілердің еңбектеріне сүйендік. Сонымен қатар,
Қазақстан және Моңғолияның зерттеушілері: Я.Ә.Әубәкіров, А.Қ.Қошанов,
А.А.Сатыбалдин, Ж.Б.Балапанов, Ғ.Ә.Қалиев, О.Қ.Есқараев, Ж.Қ.Қорғасбаев,
К.Б.Бердалиев, Қ.О.Оқаев, Н.Ә.Әпсәлемов, О.С.Сабден, М.Т.Оспанов,
Т.И.Есполов, Х.Е.Ертазин, Н.К.Мамыров, М.П.Сигарев, А.Н.Тоқсанова,
Д.Баасанжав, Б.Дашдорж қатарлы көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектері
пайдаланылды. Сонымен бірге кәсіпкерлік және оның аграрлық саладағы
мәселелерін зерттеушілер Д.О.Аташева, Ж.О.Сабденова, Ж.Б.Қинашева,
Б.Мүтәліпқызы, Қ.М.Тиреуов, А.Қ.Ауелбекова және тағы басқалардың
еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мақсаты – аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың негіздерін
зерттеу арқылы теориялық, әдістемелік және жетілдіру бағыттарына ұсыныстар
жасауды көздейді. Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге
асырылады:
- нарық жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің
теориялық негізін зерттеу;
- агрокәсіпкерлік субъектілерді дамытудың шетел тәжірибелерін
саралау;
- кәсіпкерліктің дамуын бағалау көрсеткіштерін жетілдіруге
ұсыныстар жасау;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпкерлік менеджментін тиімді
пайдалану ерекшеліктерін негіздеу;
- Қазақстан Республикасының тәжірибесін ескере отырып, аймақ
деңгейінде аграрлық өндірісті басқаруды жетілдіруге
ұсыныстар жасау;
- аграрлық өндірісті тиімді дамытудың басымдылық бағыттарын
негіздеу.
Зерттеу объектісі. Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының
аграрлық саласындағы кәсіпкерлік субъектілердің нысандары, нақты және терең
зерттеуге аймақтық шағын және орта бизнестің негізі ретінде шаруа
қожалықтардың қызметін тиімді дамыту мәселелері алынып отыр.
Зерттеу пәні. Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі
және жетілдіру шаралары болып табылады.
Зерттеудің дереккөздері негізіне. Мемлекеттік және шетелдік
ғалымдардың еңбектері, Моңғолия үкіметі мәжілісінің жарлықтары, заңдары
қолданылды. Ғылыми жұмыста ақпараттар есебінде Моңғолия Республикасының
Ұлттық статистика басқармасының, Баян-Өлгий аймағының статистика
басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының материалдары пайдаланылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдаулары, Қазақстан
Республикасының заңдары, бағдарламалары, Мемлекеттік статистика агентігінің
мәліметтері қолданылды. Монографиялық, математикалық, экономикалық
зерттеулердің және басқа да әдістері мен тәсілдерінің талдау жиынтығына
негізделеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Нарықтық қатынастардың даму жағдайында
аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін кешенді зерттеуден
өткізу негізінде алынған нәтижелер жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Зерттеу үрдісінде қол жеткізілген ғылыми жаңалықтар:
- аграрлық саладағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың экономикалық
негіздері теориялық және әдістемелік жағынан ғылыми түрде
сараланып, оның даму ерекшеліктерінің негізгі бағыттары
анықталды;
- Қазақстанның тәжірибесін зерттей келе, Баян-Өлгий аймағында
аграрлық саладағы кәсіпкерліктің дамуын бағалаудың
көрсеткіштері талданып жетілдіруге ұсыныстар жасалынды;
- Қазақстан, Моңғолия мен шетелдердегі ауыл шаруашылығындағы
кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің даму барысы салыстырмалы
түрде бағаланды;
- басқару теориясы мен тәжірибесі негізінде аграрлық саланы
басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік тәсілдер
ұсынылды;
- АӨК-н мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері анықталып,
саланың тұрақты дамуына мемлекеттік реттеуді жетілдіруге
ұсыныстар жасалынды;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімін өткізу
инфрақұрылымын нығайту мәселелері анықталды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- аграрлық саладағы кәсіпкерліктің дамуының әлеуметтік-
экономикалық тиімділігін арттыруда менеджменттік
ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері;
- Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, аграрлық саладағы
кәсіпкерліктің дамуын бағалау көрсеткіштері;
- аграрлық саланы мемлекеттік реттеуде индикативті
жоспарлаудың ерекшелігі;
- ауыл шаруашылығы өндірісін басқару жолдарын жетілдіру мен
әлемдік нарықта отандық кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастыру үшін халықаралық байланыстар
жүйесіне кіру жолдары;
- аймақтарда ауыл шаруашылығының өнімін өткізу қызметін
ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Баян-Өлгий аймағындағы тұжырымдалған
ғылыми жетістіктер нарық жағдайында ауыл шаруашылығы құрылымдарында шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
арттыруға негізделген.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу барысында қол
жеткізілген нәтижелер шаруашылықты жүргізу тетіктерін жетілдірудің
әдістемесіне белгілі бір үлес қосады. Берілген ұсыныстар мен қорытындылар
ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұйымдық құрылымын реттеуде, кәсіпкерліктің
дамуын бағалауда қолданыс табады.
Баян-Өлгий аймағының аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі
бағыттары сараланып ұсыныстар енгізілді. Жұмыстың негізгі ұсыныстары,
түсініктері мен қорытындылары және нақты тәжірибелік ұсыныстары, өндіріске
негізделген әдістемеліктері осы тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді одан
әрі жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың кейбір теориялық жақтары мен қорытындылары
жоғары оқу орындарының курстарына қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы және жарияланымдар. Зерттеу
жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары әр түрлі халықаралық және
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып, талқыланған.
Олар: Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
проблемалары: экономика, технология, қаржы және менеджмент атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Семей, 2001)
Қазақстандағы жекешелендіру үрдістерінің іс-тәжірибелік маңызы атты
баяндама жасалса, Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты
өзекті мәселелері атты С.Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ-дың 50 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Астана, 2007)
Аграрлық секторда жұмыссыздықпен күресудегі шағын кәсіпкерліктің рөлі,
Қазақстан Республикасының АӨК жаһандану шартындағы тұрақты дамуы: тәжірибе
және алғышарттары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
(Семей, 2007) Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің қалыптасуының ерекшеліктері
(МХР-ң Баян-Өлгий аймағының мысалында), Әлемдік қоғамдастықтың
интеграциясы және жаһандануы контексінде Қазақстан Республикасының
инновациялық саясатының құқықтық аспектілері атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Семей, 2007) Әлеуметтік мәселелерді шешудегі
шағын кәсіпкерліктің рөлі, Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
зиялылығы мен психологиялық дайындығын жетілдіру мәселелері атты
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2007) Агроөнеркәсіп
кешенінің интеграциялану бағыттары, Қазіргі жағдайдағы экономикалық білім
беру: мәселелері және алғышарттары атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Семей, 2007) Шағын кәсіпкерліктің дамуын бағалау
критерийлері (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында),
Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Семей, 2007) Моңғолия мен Қазақстанның сауда-
экономикалық қатынастарын дамыту мәселелері атты ғылыми баяндамалар
жасалды. Сондай-ақ Ізденістер, нәтижелер ҚазҰАУ Хабаршысының 2007 жылғы
№3 санында МХР-ң Баян-Өлгий аймағының ауыл шаруашылығы саласындағы шағын
кәсіпкерліктің дамуы, Шәкәрім атындағы СМУ Хабаршысының 2007 жылғы №3
санында Аграрлық сектордағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мәселелері,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысының 2007 жылғы №5 санында Кәсіпкерліктің
дамуының шетел тәжірибелері, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысының 2007
жылғы №6 санында Ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың шетел
тәжірибелері, Белгород қаласындағы Современный научный вестник
журналының 2007 жылғы №13(21) санында Основные направления эффективной
организации управления малым бизнесом атты ғылыми мақалалары жарияланды.
Жарияланымдар. Зерттеу тақырыбы бойынша 12 ғылыми жұмыс, оның ішінде 4
ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда
жарияланған, жалпы көлемі 4,06 баспа табақ.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 23 кесте
мен 15 сурет келтірілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Нарықтық экономиканың дамуының негізі – кәсіпкерлер, меншік иелері,
өндірушілер мен тұтынушылар арасында туындайтын экономикалық еркін қарым-
қатынастың негізінде болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен оның өнімділігінің
артуы барысында тауарлы өндіріс пен тауар-ақша қатынастарының кеңейіп,
экономикалық қатынас ретінде нарықтың дамуына жол ашты.
Нарық адамдардың айырбас төңірегіндегі және оның негізінде тауар
сатылатын әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Яғни,
тауар өндірушілер мен сатып алушы тұтынушылар арасындағы қажеттілікті
қамтамасыз ететін тауарлы өндірістің экономикалық және әлеуметтік
қатынастар ұғымы.
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан
бастап-ақ, көпестер, саударгерлер, қолөнершілер өздерін жаңа үйреніп жүрген
кәсіпкерлер ретінде көрсетті. Кәсіпкерлік және кәсіпкер ұғымдарын алғаш
өз заманында мән-мағынасын ашып, оны қолданған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1680-1734жж.) болды.
ХІХ ғасырдың аяғында кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа
құбылысқа айналды, осы орайда Альфред Маршаллдың (1842-1924жж.) кәсіпкер
мен менеджердің арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен
зерттеулерінен табамыз. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады,
бірақ Маршаллдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына
байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады. Сондықтан ол
менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс деп атап
көрсетті. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз
болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті
қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі
шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік
қабілет те өсуі қажет, сонымен бірге ол өзінің сонылығын, жан-жақтылығын,
бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек
сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршаллдын
сіңірген еңбегі – алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты
жиі көрсетуі болды.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы төмендегілер
болады:
- ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
- халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер
етеді;
- монополияға қарсы әлеуеті бар;
- ғылыми-техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды
жасайды;
- нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа
әлеуметтік мәселелерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен
тығыз байланысты. Алдымен тұтынушылардың белігілі талғам мен сәнге сәйкес
тауарларды алуға ұмтылуы. Әр түрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі
мүмкін. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді.
Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбекақы шамасына, еңбек жағдайлары
қатынасына ықпал етеді. Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және
діни нормалар біршама рөл атқарады. Осы нормалар тұтынушылардың өмір
салтына тікелей әсер етіп қатысты тауарларға сұранысты қалыптастырады.
Кәсіпорын санаттарына ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен, сақтаумен
және өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылық саласында қызмет көрсететін
заңды тұлғалар жатады.
Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген
экономикалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын
түпкілікті қайта құру – қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың өзекті
мәселелерінің негізіне айналып отыр. Сондықтан да, агрокәсіпкерлік
субъектілерінің экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік және озық идеяларын
жүзеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол арқылы
жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген
кәсіпкерлік субъектілері өндіріс шығындарын мейілінше азайтуға, тұтынушы
сұранысын максималды қанағаттандыруға тырысады (Сурет 1).

Сурет 1 - Агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орны
Ескерту: автормен құрастырылды
Ауыл шаруашылығы өндірісі тұтастай және аграрлық кәсіпкерлікте кез-
келген табиғи-климаттық жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі
және сыртқы ортаны қалыптастыруы қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты
еркін шаруашылық жүргізуде жер (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың
(сыртқы орта) оптималды үйлесуін көрсетеді.
Аграрлық кәсіпкерліктің дамуының ішкі жағдайына жекешелендіру, жер
реформасы, материалдық-техникалық база, өндірістің концентрациясы және
мамандану, еңбек потенциалы (еңбекке ынтасы, мамандығы, тәжірибесі, саны)
жатады. Осының барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі өндірушілері
болып табылатын субъектілердің нарықтық қатынастарға дайын еместігіне
әкеледі.
Меншік нысандарының әртүрлілігіне негізделген ауылдың әлеуметтік-
экономикалық құрылымының пайда болуының басты шарты болып ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жекешелендіруі болады. Жаңа кәсіпкерлік құрылымдарының
пайда болуындағы жекешелендірудің рөлі нақты келесілерде болып табылады:
- нарықтық емес түрдегі бұрынғы шаруашылық субъектілердің, яғни
бірлестіктердің жойылуы;
- мүліктік пайлар түріндегі өндірістің материалдық-заттық
факторларын ауыл тауар өндірушілерінің қолына беру;
- басты фактор жұмысшыларды шаруашылықтың бұрынғы нысанынан босату
және шаруашылықтың жаңа нысанын ерікті түрде таңдау үшін жағдай
жасау.
Кәсіпкерліктің сыртқы жағдайларына қазіргі кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық
және саяси жүйені қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу жатады.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен шешілмеген мәселелерді анықтауда
кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастыру маңызды орын алады. Жалпы өндірісті дамыту
мемлекеттік саясатпен және экономиканы дамыту мәселелерін шешумен тікелей
байланысты. Ол халықтың әл-ауқаттылығын көтеруге, еңбек өнімділігін
арттыруға, халықты арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және елдің
азық-түліктік тәуелсіздігін сақтауға бағытталады. Бұл міндеттерді жүзеге
асыру қоғамдық өндіріс деңгейі мен тұтыну және қорлану қорларының мөлшері
секілді бірқатар негізгі факторлармен анықталады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу және қолдаудың тиімділігі ең алдымен оның
әр өңірлерде даму деңгейін объективті бағалауға байланысты. Осындай
бағалауды пайдалану жергілікті басқарушы органдарға келесі мүмкіндіктерді
айқындауға жол ашады:
- кәсіпкерліктің дамуын бақылау;
- тұтынушы сұранысына байланысты кәсіпкерлік субъектілердің жаңа
өндірістік қуаттарын ашу;
- өңірлерге несиелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
- ақпараттық қызметтер көрсету;
- бизнес-жоспарларды дайындау кезінде көмек көрсету.
Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының статистикалық
басқармасында кәсіпкерлікті бағалайтын көрсеткіштердің қолданылатын жүйесі
қамтылған көрсеткіштердің сандық мән бергенімен сапалық жағын ашық анықтай
алмайды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін негізгі алғашқы мәліметтер қажет
екендігі ақиқат. Жоғарыдағы ғылыми зерттеулердегі көрсеткіштер жүйесін
зерттеп аймақтың экономикалық дамуында кәсіпкерліктің сипатын анықтайтын
келесі көрсеткіштер жүйесін ұсынамыз.
Кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау көрсеткіштерін екі топқа бөліп
қарастырамыз. Бірінші топ көрсеткіштері жергілікті басқару органдардың
кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесін сипаттайды. Ал екінші топ
көрсеткіштері аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясын сипаттайды.
Өз кезегінде бірінші топтағы жергілікті басқару органдардың қолдаулары
екінші топтағы аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясын сипаттайтын
көрсеткіштердің жоғарылауына мүмкіндік беруі қажет (Сурет 2).

Сурет 2 – Бірінші топтағы көрсеткіштердің екінші топтағы
көрсеткіштерге әсері
Ескерту: автормен құрастырылды
Жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесін
сипаттайтын индексін (Is(У)) келесідей анықтаймыз:

(1)
- Уi көрсеткіштерінің жиынтығы
n - Уi көрсеткіштерінің саны.
Бірінші топ көрсеткіштері жергілікті басқару органдары өздерінің
кәсіпкерлік субъектілердің дамуына қосқан үлесін, мемлекеттік деңгейдегі
орнын анықтауға көмектеседі. Өздерінің мемлекеттік деңгейдегі орнын
жоғарылатуы үшін қаржылық-несиелік қолдауларды жетілдіруге тырысады.
Аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясының индексі (Is(Х))
төмендегідей анықталады:
(2)
- Хi көрсеткіштерінің жиынтығы;
n - Хi көрсеткіштерінің саны.
Сонымен бұл топ көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілері
динамикасының өзгеруі, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге және
тұрғылықты халыққа қатысты осы қызмет саласымен қол жеткізілген нәтижелері
тұрғысынан аймақтық деңгейдегі оның жағдайы мен дамуын анықтайды.
Есептеу нәтижесі бойынша жергілікті басқарушы органдардың
кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі Өлгийде (0,6541) басқа сұмындардан
жоғары болса, аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы Сагсайда (0,6427)
жоғары дамығанын көріп отырмыз (Сурет 3).
Сурет 3 - Жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан
үлесі және аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы
Ескертеу: Баян-Өлгий аймағының статистика басқармасының 2007ж.
мәліметтері негізінде автормен құрастырылды
Ең төменгі жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына
қосқан үлесі Булган сұмынында (0,0176) байқалса, кәсіпкерліктің төмен даму
қарқыны Дэлүүн сұмынында (0,2678) көрініп отыр. Осыдан жергілікті басқару
органдардың кәсіпкерліктің дамуын қолдау деңгейі өте төмен екендігін
байқаймыз. Бұл көрсеткіштерді Microsoft Excel бағдарламасында есептесе
өте тиімді және уақыт үнемдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Диаграммаға
қарап қай өңірге қандай қолдау қажет екендігін анықтап тиісті шараларды
қолдануға болады.
Жалпы шаруашылық жүргізуші субъектілерді қаржылық және несиелік қолдау
дәрежесі жаңа субъектілердің ашылуын қамтамасыз етуге әсер ететіндігі анық.
Мәселен жергілікті басқару органдары өздерінің индекстік көрсеткіштерін
көтеру үшін белсенді түрде жұмыс жүргізу қажет екені жоғарыдағы
мәліметтерден көруге болады. Сонымен қатар жергілікті басқару органдары
өздерінің қосқан үлесін қадағалап қана қоймай, аймақтағы кәсіпкерлік
субъектілердің даму деңгейін бағалап, көрсеткіштердің өзгеруін қадағалайды.
Аймақтағы кәсіпкерліктің дамуы Сагсай, Цагааннуур, Алтанцөгц,
Ногооннуур, Толбо сұмындарында жоғары көрсеткішті сипаттап отыр. Яғни, бұл
өңірлерде ұсақ шаруа қожалықтарының көптігінен, өздерінің мал шаруашылығын
кәсіп еткен көптеген малшылардың үлесінен артып отырғаны байқалып тұр.
Бірінші топтағы көрсеткіштің (У) және екінші топтағы көрсеткіштің (Х)
өзара байланыстың болуын анықтау үшін корреляциялық-регрессиялық талдау
әдісі қолданылды. Экономикалық талдаудың басқа таралған әдістерінен
айырмашылығы, бұл әдісті қолдану зерттелетін құбылыстар арасындағы
байланыстың болуын және алынған нәтижелердің маңыздылығын бағалауға
мүмкіндік береді.
Жалпы түрде корреляциялық-регрессиялық талдау есебі аналитикалық
өрнекпен көрсетілген:
Х=f(Y1, Y2, ... Yn)
(3)
мұндағы: Х – тәуелді көрсеткіштер;
Y1, Y2, ... Yn – тәуелді айнымалыларға әсерін тигізетін көрсеткіштер.
Факторлардың өзара байланысының негізгі қорытындылары регрессиялық
талдау жасауға мүмкіндік берді. Регрессиялық талдау комьпютердің Microsoft
Excel бағдарламасының негізінде есептеп шығарылды. Екі көрсеткіштің
мәндері бойынша Фишер критериі Fp=5,713456 болатындығын дәлелдеп отыр. Егер
бұл критериді еркін дәрежесі бойынша кестенің мәнімен салыстыратын болсақ:
v1=n=2
v2=N-(n+1)=14-(2+1)=11
мұнда: v1 және v2 еркін дәрежесі
n – айнымалылар саны (У және Х)
N – бақылау саны
Fк=3,98 болса, салыстыру нәтижесі бойынша FpFк екендігі айқындалып
зерттеу кездейсоқ еместігін көрсетіп отыр.
Жергілікті басқару органдары кәсіпкерлікті дамыту үшін келесі
шараларды ұйымдастыру қажет:
- жергілікті органдардың басқару механизмін жетілдіру;
- кәсіпкерлікті дамытуға жергілікті бюджет қаржыларының көлемін ұлғайту;
- кәсіпкерлік субъектілерге несиені төмен пайыздық ставкамен беру;
- жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілердің ашылуына қолайлы жағдайлар
туғызу.
Жалпы осы жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан
үлесі мен аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясын сипаттайтын
индекстерін қолдану аграрлық сектордағы кәсіпкерлікті дамытудың қажетті
шарттарын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Баян-Өлгий аймағында 2001 жылмен 2007 жыл аралығында өндірілген жалпы
өнімнің құны 10357,0 тугрикке (61,83 пайызға) артып, осы мерзімде
жұмыссыздық деңгейінің 12,8%-дан 7,0%-ға дейін төмендеуі (1889 адамға)
байқалып отыр. Сонымен қатар осы өңірде халықтың жалпы саны 0,1 мың адамға
азайғанымен (0,1 пайызға), экономикалық белсенді халықтың шамасы 2,3 мың
адамға (6,5%-ға) артып, 4,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Бұл аймақта шағын кәсіпорындардың дамуы әсерінен халықтың әлеуметтік
жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді. Әсіресе, бұл мал шаруашылығымен
айналысатын аграрлық секторлардағы шаруа қожалықтарымен тікелей байланысты.

Аймақтағы мал шаруашылығы саласында барлық малдың түріне мал басының
азаюы көрсеткіштері байқалады (Кесте 1).

Кесте 1 – Баян-Өлгий аймағы шаруа (фермерлік) қожалықтардағы мал басы саны
(мың)

Мал 2001ж. 2003ж. 2005ж. 2006ж. 2007ж. 2007ж.
түрлері 2001ж-ға, %
Түйе 6,4 5,6 4,3 4,1 3,9 -39,06
Жылқы 66,6 62,1 57,6 57,3 56,9 -14,56
Сиыр 85,6 87,5 80,5 78,8 75,1 -12,26
Кой 592,4 546,2 557,5 569,3 574,8 -2,97
Ешкі 546,8 614,2 620,6 629,5 639,6 +16,97
Ескерту: Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының 2007 жылғы мәліметтері
негізінде автормен құрастырылды

Аймақта 2001-2007жж. аралығында жеке түлік мал басына келетін болсақ,
түйе 2,5 мың басқа (39,06%-ға), жылқы 9,7 мың басқа (14,56%-ға), сиыр 10,5
мың басқа (12,26%-ға), қой 17,6 мың басқа (2,97%) азайған болса, ешкінің
саны 9,8 мың басқа (16,97%-ға) артқан.
Мал басының кемуінің басты себептеріне қажетті қысқы жем-шөпті
дайындап ала алмайтындықтан және кейбір жылдары қыстың қатты болуы әсер
етіп отыр.
Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері
жеке шаруашылықтардың жаңа түрлері арқылы мал шаруашылығында атап айтсақ,
мал соятын, консерв шығаратын, тері илеп, тон, былғарыдан тігетін
киімдерді, киіз етік (пима) және мәсі, үй бұйымдарын шығаратын, сырмақ,
текемет, қазақтың түскиіз, төсек аяқ, кілем, палас шығаратын, жүннен
тоқыма киімдер, түбіттен қымбат киімдер тоқитын, сүт өнімдерін өңдейтін
цехтар егін шаруашылығында астық, май шығаратын, шөп дайындайтын, неше
түрлі қиыршық құрама, жарма жем түрлері мен шырғанақ майын шығаратын, егін
егу, мал өсіру, құдық түрлерін көбейту, айдалатын жерлерді молайту,
жайылымдық жерде өз иелігіндегі малын семіртіп, экспортқа шығару
жұмыстарымен айналысады.
Аймақтағы шағын кәсіпорындардың экономикалық салалары ішінде 209
субъекті ауыл шаруашылығында өндеу және қайта өндеу жұмыстарымен
шұғылданады. Баян-Өлгий аймағы бойынша шағын кәсіпорындардың өндіріс
салаларында 22235 адам жұмыспен қамтылған (Кесте 2).

Кесте 2 – 2007 жылы Баян-Өлгий аймағындағы шағын кәсіпорындардың өндіріс
салалары бойынша жұмыс істеп тұрғаны

№ Салалар Тіркеудегі Оның Жұмыс-шыларӨндіріс Бюджетке
субъектілер ішінде саны көлемі төленген
саны жұмыс (млн. (млн.
істеп тугриг) тугриг)
тұрғаны
1.Өңдеу өндірісі 24 19 180 3,4 1,7
2.Ауыл 209 178 20202 7,1 2,3
шаруашылығы
3.Бөлшек сауда 67 53 1578 62,1 6,8
4.Тұрмыс, т.б. 38 29 210 25,8 7,6
салалар
5.Құрылыс 7 5 65 7,5 1,2
Жиынтығы 345 282 22235 105,9 19,6
Ескертеу: Баян-Өлгий аймағының статистика басқармасының 2007ж. мәліметтері
негізінде автормен құрастырылды

Өндірген өнім көлемі 105,9 млн тугригті құраса, оның 19,6 млн тугриг
қаржысы бюджетке аударылған. Ауыл шаруашылығы шағын кәсіпорындарында
кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы басты міндеттің бірі оларды ұтымды
ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатты кәсіпкерлер субъектілеріне
мемлекет иелігіндегі жерлерден жер бөліп беру, ғимараттарды жалға беру
жөнінде біршама жұмыстар атқарылды. Мұнда нан және сүт өнімдерін шығарудың
шағын технологиясы игерілген.
Ауыл шаруашылығында 55 агробизнес субъектілері орта кәсіпкерлікпен
шұғылданады. Өндірілген өнімнің жалпы мөлшері 158,9 млн тугригті құраса,
оның 45,1 пайызын орта кәсіпкерлік субъектілері иеленеді. Бірақ мал
шаруашылығымен шұғылдануға негізінен мал өнімдерінің өзіндік құнының жоғары
болуы, оны баптап, бағып күту қиындығы және қолайсыз ауа-райының жағдайында
өнімді өткізуге қажетті орындардың аздығы кедергі келтіріп отырған
жағдайлар баршылық. Кәсіпкерлік жұмыстың тиімділігі мен тиімсіздігін 3-4
жылда толымды етіп айту қиын, бірақ бизнеспен айналыса бастаған
тұлғалардың ұлғаюы, олардың ұйымдаса отырып, өнім өндіруші, оны өңдеу және
дайындау, тауар ретінде халыққа ұсыну, одан түсіп жатқан пайда оның басты
дәлелі.
Ауыл шаруашылығы өндірісін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз
ету мәселелерінің өткірлігі шегіне жетті деуге болады. Мысалы, өндірушілер
қажет құралдарды сатып ала алмайтындықтан, түрлі машиналардың жетіспеуі
салдарынан агротехникалық операциялар мезгілінде орындалмайды, қолмен
атқарылатын жұмыс көлемі көбейді және түсім көп ысырап болды. Ал ауыл
тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тым баяу қарқынмен дамуда. Дегенмен ауыл
шаруашылығы саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі
нәтижесінде аймақта жұмыспен қамтылғандардың саны да өсіп отыр. Бұл өз
кезегінде халықтың әлеуметтік жағдйының жақсаруына ықпалын тигізіп отыр.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арқылы пайда
болған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыспен
қамтылғандардың тиімділігін бағалау мақсатында статистикалық корреляция
әдісін қолданып, аймақ бойынша агрокәсіпкерліктің дамуында ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары мен жұмыспен қамтылғандар санының өзара байланысы есептелді.
Есептеу барысында корреляция коэффициенті төменгі формуламен анықталды.
(4)
мұндағы Хi - ауыл шаруашылығы кәсіпорындары саны;
Уi - жұмыспен қамтылғандар, адам.
Бұл формула бойынша 2001-2007 жылдар аралығында есептеу нәтижесі
келесі кестеде берілген (Кесте 3).

Кесте 3 – Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жұмыспен қамтылғандар санының
өзара байланысы

Жылдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Қазақстан мен Монголиядағы туризмнің дамуы
Қазақ өнерінің тарихы
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОНЫСТАНУЫ
Қазақстан республикасы мен Монголия республикасы арасындағы елшілікте іс-тәжірибеден өту
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Монғол жеріндегі рекреациялық ресурстар
С.Орайханұлының шығармашылығы
Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі
Пәндер