Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Бөлім Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.1. Оқушы . жастарға полимәдени тәрбие беру . өзекті педагогикалық мәселе ... ... ... 5

1.2. Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие берудің ерекшеліктері ... ... ... .10

ІІ Бөлім Мектептің оқу.тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары

2.1. Мектептің оқу.тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие берудің құралдары, әдістері мен түрлері ... ... ... ...18

2.2. Қазіргі мектептің біртұтас педагогикалық процесінде көпмәдениетті оқушы тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері ... ... 27


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ..42

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты көпмәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және көэтностық-полимәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің сатысы – жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде көпэтностық-полимәдени сәйкестілік мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы көпэтностық-полимәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы қазақстандықтарға жолдауы. -Егеменді Қазақстан. 2007ж, 1-наурыз.
2. Есімбеков Н.В. Қазақстан кәсіпкері.2005 жыл.
3. Вопросы психологии воспитания. Выпуск 2. -Тамбов 1972.
4. Бахтиярова Б.Ж. Қазақстан кәсіпкері.2005 жыл.
5. В.С. Кукушин. Современные педагогические технологии в начальной школе. -Ростов-на-Дону "Феникс" 2004.
6. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, "Рауан", 1998.
7. Наурызбаева Р. Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. -Алматы, Білім, 2006.
8. Поляков С.Д. Технологии воспитания. -Москва, Владос 2002
9. Қоянбаев. Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
10. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
11. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
12. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.
13. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
14. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
15. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.
16. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
17. Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.
18. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
19. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
20. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
21. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
22. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
23. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
24. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
25. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
26. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
27. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Эстетикалық тәрбиенің негіздері (13 -лекция). – Алматы, 1991ж.
28. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
29. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
30. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
31. Құрманбекова Ж. Эстетикалық тәрбие берудің кейбір жолдары.
32. // Қазақстан мектебі, 2007ж, №4-5, 60б.
33. Ташкенбаева С. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы.//Білім берудегі менеджмент, 2005ж, №4-179б.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

1.1. Оқушы - жастарға полимәдени тәрбие беру - өзекті педагогикалық
мәселе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2. Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие берудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...10

ІІ Бөлім Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие
беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары

2.1. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие берудің
құралдары, әдістері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2. Қазіргі мектептің біртұтас педагогикалық процесінде көпмәдениетті
оқушы тұлғасын қалыптастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .39

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 44

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған
Қазақстан-2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың
ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі
жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында
ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу
қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық
атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол,
салауатты-сауқатты, жан-жақты көпмәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру
қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана
ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық
білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ
тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық
мәдениетінің болуын қажет етеді.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және
көэтностық-полимәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай
дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға
қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің
бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму
стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім
берудің сатысы – жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақтың білімге деген
құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт
тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде көпэтностық-полимәдени сәйкестілік мәселесі үлкен
маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды:
мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі.
Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың
үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір
мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады.
Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы көпэтностық-
полимәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық
қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру
тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени
сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан
рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде
құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде
қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған
әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке
дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар,
бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу
және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.
Ғылыми әдебиеттерді қарастыру барысында көпэтностық, этностық-мәдени,
полимәдени мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада
(Э.З.Александренков, Ж.М.Әбілдин, Ю.В.Бромлей, В.И.Козлов, Қ.Е.Көшербаев,
Ә.Н.Нысанбаев, Б.Ф.Поршнев, И.А.Снежкова, Э.К.Суслова, Ғ.Т.Телебаев және
т.б.); әлеуметтану мен мәдениеттануда (С.М.Арутюнян, М.Х.Балтабаев, Л.М.
Дробижева және т.б.); этнопсихологияда (В.А.Вяткин, Қ.Б.Жарықбаев,
Н.Е.Елікбаев, Б.А.Әмірова, О.Х.Аймаганбетова, А.П.Оконешникова,
У.Г.Солдатова, Г.М.Старовойтова, Ю.В.Хотинец, Е.Т.Шлягина және т.б.)
көрінетіні айқындалды.
Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық жағынан талдау кезінде
бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов,
Я.И.Ханбиков, Е.Л.Христова, К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Ж.Ж.Наурызбай, М.Х.Балтабаев, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсембінова, Р.К.
Төлеубекова, К.А.Оразбекова, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, Ш.Б.
Кульманова, Л.С.Сырымбетова, Ш.М.Мұхтарова және т.б.). Қазақстандық
педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер
баршылық (И.Өршібеков, А.Х.Мұхамбаева, Б.Е.Қаирова, Г.Р.Бахтиярова,
Е.Ш.Қозыбаев, С.К.Әбильдина, К.Е.Ибраева, Т.М.Шакирова, Г.К.Тлеужанова және
т.б.). Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми
жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде.
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы
тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық
негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң
әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан
лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда
тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді
қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы
Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы
тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім
беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң
құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде
айқын аңғарылады.

Қазіргі кезде көпэтностық полимәдени тәрбие беру бойынша зерттеулер
негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал қазіргі
Қазақстан жағдайындағы жас ұрпаққа көпэтностық полимәдени тәрбие беру
мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді.
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор
Ж.Ж.Наурызбайдың Қазақстан Республикасында полимәдени білім мен тәрбие беру
тұжырымдамасы алынды. Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесін
талдау кезінде балалардың көпэтностық полимәдени тәрбиесін қалыптастыру
мақсатында мектеп жұмысында көпұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне
сай қолданылатынын көрсетті.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушыларға
полимәдение тәрбие беруді ұйымдастыруды теориялық негіздеу;
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Оқушы жастарға полимәдени тәрбие берудің маңыздылығын ашып
көрсету ;
2.Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие
берудің ерекшеліктерін анықтау;
3.Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие
берудің құралдары, әдістері мен түрлеріне сипаттама беру;
4.Қазіргі мектептің біртұтас педагогикалық процесінде көпмәдениетті
оқушы тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу базасы: Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп
гимназиясы.
Зерттеу әдістері: Мектеп тұжырымдамасын зерделеу,бақылау, әңгімелесу,
озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.

І Бөлім Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

1.1. Оқушы- жастарға полимәдени тәрбие беру - өзекті педагогикалық
мәселе

Тәуелсіз ел болған жылдар ішінде ұлттық тәрбиеге бетбұрыс жасалып,
көптеген игі істер жузеге асырыльш келе жатқаны белгілі. Егемендік арқылы
қол жеткізген игіліктердің бірі — ұлттық мәдени-тарихи, рухани
құндылықтардың қайта жаңғыруы болып табылмақ. Бұл өмір заңдылығы.
Елбасымыз  Н. Назарбаевтың Батыс еуропалықтар біздерді олардан
үйреніп, оларға еліктегеніміз үшін гана емес, керісінше өз дәстурлерімізді,
турлі ерекшеліктеріміз бен тілімізді сақтай алсақ қана сыйлайды, — деген
сөзін бұл арада қайта еске түсірсек артық емес.
Қазақстан -2030 Стратегиясында Еліміздің болашагы жас ұрпақ
тәрбиесімен тікелей байланысты делінсе, бұл сөздер жастар тәрбиесіне
қатысты біздің әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктейді.
Полимәдени тәрбие – интернационалистiк тәрбиеге қарағанда, ұлттық
этникалық тәрбиенi бiрiншi орынға қояды. Соңғы жылдары болып жатқан саяси-
экономикалық, мәдени, әлеуметтiк өзгерiстерге байланысты қоғамдағы
тәрбиенiң босаңсып кетуi, қыз бала тәрбиесiнiң нашарлап кетуi, ар,
намыс, ұят ұғымдарының өз мәнiнде, өз дәрежесiнде iске аспауы қоғамда
өзектi мәселе болуда. Сондықтан келешек ұрпақ алдында қарыздар болмас үшiн,
босаңсып кеткен қыз бала тәрбиесiн тез арада өз дiлiмiзге сәйкес жолға
қоймасақ, ертең кеш болуы әбден ықтимал.
Тәрбиенің қоғамдық орнын анықтау, оның міндеттерін саралау
және шешімдерінің тиімді жолдарьш табу — заман талабы екені даусыз. Жаңаша
шешімдер қабылдап, міндеттер жүктемес бұрын, қоғамдағы тәрбиенің деңгейі
қандай факторлардың ненің ықпалы салдарынан төмендеп кетгі деген
сұраққа жауап табуымыз’ керек.
Біздің пайымдауымызша, мұндай көлеңкелі құбылыстың себебі бірнешеу.
Біріншіден, идеялық тәрбиенің босаңсып кетуі, бұл саладағы тәрбиенің бағыт-
бағдарларының айқын анықталмауы. Оның үстіне осыған тығыз байланысты
тағы бір проблеманың теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан
да толыққанды, дұрыс зерттелмей отырғандығы. Ол — соңғы кезде тілге тиек
болып, жиі қозғалып жүрген оқушыларды полимәдени тұлға етіп қалыптастыру,
яғни, полимәдени (мультимәдени) тәрбие беру мәселесі.
Әлемдік білім беру кеңістігінде көрсетілген қолдауларға ие бола
бастаған бұл идея — өз мәдениеті негізінде басқа мәдени құндылықтарды
қабылдап, өз мәдениетін басқа мәдениет ықпалынан, басымдылығынан
қорғап қалуды алға тартады. Сол арқылы айналасындағы этнос өкілдерімен,
олардың мәдениетімен танысу, оларды құрметтеу мәселесін көтереді.
Полимәдени тәрбие — интернационалдық тәрбиеге қарағанда, ұлтгық этникалық
тәрбиені бірінші орынға қояды.
Екіншіден, соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени,
әлеуметтік өзгерістерге байланысты қоғамдағы тербиенің босаңсып кетуі;
қоғамның негізгі өзегі болып табылатын маңызды буын отбасының өзгеріске
ұшырауы, отбасы мүшелері рөлдерінің өзгеруі, қарым-қатынас нормаларының
өзгеруі.
Үшіншіден, мектепте тәрбиенің екінші орынға ысырылуы, балалар ұйымының
ыдырауы, тәрбие үйірмелерінің ақьлы болып, қарапайым отбасыньң
балаларына бұл орындарға бару мүмкіндігінің қиындай түсуі.
Жастардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылмауы салдарынан, олардың
зиянды заттарға әуестігуі, бұзақылықгың көбеюі, аздыратын орталардың
ықпалына түсуі етек алып отыр.
Төртіншіден, соңғы жылдар ішінде мектепте де, отбасында да оқушылардың
еңбек тәрбиесі өзіне тиесілі маңыздылығынан айырылып қалды, сондай-ақ нарық
жағдайына ыңғайланып, ғылыми негізделген, еліміздің өндірістік-
экономикалық, шаруашылық, ғылыми-техникалық, қорғаныс салаларына сәйкес
келетін кәсіби бағдар жұмыстары тоқырап қалды.
Бесіншіден, біздің мектептерде де, қоғамда да Отан қорғауға деген
жауапкершілік, Отан алдындағы парыз деген үғымдар бірте-бірте жойылып
бара жатыр. Әскери-патриоттық тәрбие мүлдем төмендеп кетгі. Ал бұл мәселе
шетелде жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапония, Израиль, Қытай және т.б.
мемлекетгер ең алдымен елінің қауіпсіздігін басты назарда ұстап,
ұрпақты Отан қорғауға жас кезінен-ақ баулу мәселесін жүйелі жолға қойған.
Алтыншыдан, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік мұқтаждық салдарынан
мүғалім даярлау мәселесіне дүрыс көзқарас қалыптаспаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 6
ақпанынында жарияланған Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауы еліміздің халықаралық
білім кеңістігіне, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру
стратегиясының жалғасы болып отыр.Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері – азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге
тәрбиелеу – деп айтылған.
Бүгінгі ХХІ – ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас
ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері
мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын
қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге,
Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік
істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-
рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану
мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік,
ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне
деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты М. Қозыбаев,
Т. Тұрлығұл, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық
тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин,
Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т.б.
зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің
ұлттық мәнін терең зерттеді.
Педагогика саласында бұл мәселеге Қ. Бержанов, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев,
А. Көбесов, С. Ешімханов, С. Иманбаева, Р. Джанабаева, М. Құрманбаева,
С. Құсайынова, Е. Жұматаева, Л.Т. Сайдахметова, Ж. Қалиев, Р. Рысбекова,
С. Нұрмұқашева, К. Құнантаева, Ш. Беркімбаева және т.б. ғалымдар елеулі
үлес қосты.
Қазақ тағылымының ұстанған негiзгi бағыты – ата-бабалардың үлгi-
өнегесi, ақыл-кеңесi, дүниеге шынайы көз қарасы, бостандыққа, еркiндiкке,
тәуелсiз-дербестiкке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған
негiзгi мақсаты.
Қыз-келiншек, әйел-ана, әже-кейуана тағылымы өшпес iз қалдырады.
Мұндай жағдай қазақ әйелiнiң өзiндiк қасиетiн де, басқалардан айырмашылығын
да танытады. Бұл – әйел қауымына көрсетiлген зор құрмет! Әйел – аналардың
жасаған iсi, қалдырған iзi ақсақалдың ешбiр мектептен кем емес, оның әманда
тазалығына, жаңарып-жаңғыруына орасан жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа
шығаруға болмайды.
Мұхтар Әуезов Адамдық негiзi – әйел деген тұңғыш туындысын әйел
тақырыбына арнаған. Адам баласы,–дептi ол, – тағы болып, еркегi хайуандық
дәрежесiнде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрi де жастық,
қорғансыздықтан анасының айналасына үйiрiлiп, үй iшiнiң бiрлiгiн, одан
туысқандық ұйымы кiргiзген. Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан –
адамшылдыққа кiргiзген – әйел. Ұлы ойшыл осы сөзiмен әйел – қоғамның
ұйытқысы екенiн, әйел еркiндiкке жетпесе, адамшылық та күрмеулi болатынын
қадап айтып, егер, қазақ мешел болып қалмайын десең, бесiгiңдi түзе,
әйелдiң халiн түзе деп бiздiң заманымыздың да зәру идеясын ұсынып отыр.
Қазақ елi ел болғалы, қазақ қазақ болғалы өмiрбақи анасын сыйлап
өткен. Ертеден келе жатқан наным-сенiмдерiнiң түп тамыры да – ана. Арысы
Домалақ ана, Қалампыр ана, Жиренше шешеннiң жары Қарашаш, тағы басқалар
болса, мұндағы Мәншүк, Әлия, Ләззат, Сәбиралар да адамдарға мейiрiмдi,
ақылды, әулие қасиеттерiн бүгiнгi ұрпақ бойына сiңiрiп өссе, қиын-қыстау
кезiнде батыр қыздарымыздың ерлiгi ерекше көзге түскенi тарихта дәлел.
Сондай-ақ, Қазақстанда қаншама этнос өкiлдерi тұрады. Олар нелiктен өз
тiлiн, дәстүр-салтын, дiнiн, дiлiн қадiрлеп, сонымен қатар оның деңгейiн
биiктетуге күресуде. Себебi, олар өз қыздарының тәрбиесiне өте терең мән
беруде. Бiздiң қазақ қыздарының қазiргi жағдайын таразылай келе тәрбие
деңгейi нелiктен төмендеп кеттi деген сұрақ ерiксiз туындайды.
Бiздiң пайымдауымызша – идеялық тәрбиенiң босаңсып кетуi. Осыған тығыз
байланысты тағы бiр мәселе, ол – соңғы кезде тiлге тиек етiп жүрген
оқушыларды полимәдени тұлға етiп қалыптастыру, тәрбие беру.Бұл – әрине, өте
жақсы идея – өз мәдениетi негiзiнде басқа мәдени құндылықтарды қабылдау,
яғни өз мәдениетiн басқа мәдениет ықпалынан қорғап қалу. Сол арқылы
айналасындағы этнос өкiлдерiмен, олардың мәдениетiмен танысу, оларды
құрметтеу.
Тәрбие теориясына байланысты Әл-Фарабидің "адамға ең алдымен білім емес,
тәрбие беру керектігі" жөніндегі нақыл сөзі бар. Я.А.Коменскийдiң ойынша
ұлттық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тіл үйренушілер
қауымдастықтары - ата-баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм
берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi
деп санаған. Ұлы гуманист Иоганн Генрих Песталоццидiң ойынша, адамзаттың
тәлiм-тәрбиелiк құндылықтары, ұрпақтарының түрiне, нәсiлiне, қабiлетiне
және әлеуметтiк-таптық ерекшелiктерiне бөлiнбей "Ата-аналар тағылымдары -
Книга матерей" деген бiртұтас тәлiм-тәрбие жүйесi ретiнде игiлiктенуi керек
деп санаған. Ал Ж.Ж.Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi - ата салтында деп
қараған.
Тәрбие теориясын К.Д.Ушинский:".. тәрбиенің ғылым үшін де, біз үшін
де ең керегі - нағыз адамды қалыптастыру. Адамның мінез-құлқы кәдімгі
топырақ болса, халықтық құндылықтар сол топырақ арқылы тамырын жаяды...",-
деп, өзінің терең ойын білдіреді Этникалық толеранттылықтың философиялық
негізі – басқаның, өзінен айырмашылығы бардың өмір сүруі фактісінің өзі
болып табылады.
М. Жұмабаев:"..Әрбiр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. ...әрбiр
ұлттың бала тәрбиесі қылу туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы
бар ... ",- деген. Т. Тәжiбаев: "..Қазақтың мәдени өмiрiнде фокльклор,
музыка, қол өнерi және халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты рөл
атқарған...",-деді. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабын
(1975) қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады .
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде Г.С.
Виноградовтың (1926), А.Ф. Хинтибидзэнің (1951), Г.Н. Волковтың (1956) А.К.
Алиевтың (Әзербайжан,1968), Я.И. Ханбиковтың (Татарстан, 1967),
З.Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А.Ш. Гашимовтың (Азербайжан, 1970),
Ю.А.Рудь (1980), З.П.Васильцованың (Украина, 1983) , Е.Л. Христованың
(1988), К. Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991), А.Э. Измайловтың (Қырғызстан,
1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстандық А.Мұхамбаеваның ойынша жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлар
бойы жинақталып келген салт-дәстүрлері негізінде тәрбие беру - алдымен салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін тілі
сабақтарында анықтап алудан бастау керек дейді.
Мектеп өмірінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан озық тәжiрибелердiң
тиiмдiлiгiн ескерген ғалымдар педагогикалық еңбектерiнiң көп бөлігін
тәрбие мәселелеріне арнауды жөн санады. Оның басты себебi, мектеп
практикасында тіл үйренушілерге жан-жақты тәрбие берудiң, осы уақытқа дейiн
көптеген дәстүрлi әдiс-тәсiлдер жиынтығы жинақталғаны белгiлi. Ал оның
түпкі мәніне жету үшін ең алдымен этникалық түсінігіне тоқталып өткен
жөн. Этнос терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В. Бромлейдің
анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша этнос – бұл белгілі территорияда
тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және
психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің
бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түйсінетін адамдардың
тұрақты жиынтығы. Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар
көптеп жасалды. Л.Н. Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде
қарастырды. Оның түсінігінде этнос – бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға
қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық
стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе). Этномәдени білім беру
мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж. Наурызбай этнос ұғымын тайпадан жоғары
қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде
қолданады.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге,
қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы
дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының
мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және
патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік
сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни
төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің
құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға
қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен
жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін
көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми
негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық,
патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие
құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру болып табылады.

1.2. Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие
берудің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тарихи даму жағдайында көп ұлтты мемлекет
ретінде қалыптасты. Тарихтың әр кезеңінде біздің республикамыз түрлі
себептермен көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отанына айналды. Яғни, Қазақстан
қоғамы көпэтникалық әртектілігімен ерекшеленеді. Ал жыныстық, жастық,
кәсіптік, конфессионалдық және этникалық әртектіліктің адамдар мен
әлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатына өз әсерін
тигізетіні түсінікті. Кей уақытта ол ашық түсінбестікке, тіпті қарсы тұруға
әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ондай қайшылықтарды болдырмайтын, олардың
алдын алатын механизмдер жасау қажеттігі туады. Міне, мұның бәрі қоғамдағы
әлеуметтік қайшылықтардың алдын алудың мүмкін жолдарының бірі –
толеранттылық құбылысын терең қарастыруға жол ашады. Қазіргі кездегі әлемде
орын алған әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, т.б. қақтығыстар өршіп тұрған
жағдайда ғалымдар тарапынан оны қалыптастырудың жолдарын іздеуге ерекше
көңіл бөлінуі заңды.
Ендеше интеллектуалдық әлеуеттің өміршеңдігі, жасампаз күші бар салада
- экономикада, білімде, мәдениетте, ұлтаралық қатынаста, саясатта, т.б. –
сыналады, шыңдалады. Мәселе мынада, - деп көрсетеді Н. Назарбаев, - ұлттар
тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді – олар қоғамдық
құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі... Осы
заманғы экономикада салмақ материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда,
интеллектуалдық әлеуетке көбірек түсіріледі. Ұлттың осы заманғы және тиімді
білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық
қорын арттыруға қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігі үшін ерен маңызды
болуда
Қазақстан көпұлтты, сонысымен көпдінді мемлекет. Ұлттардың бір бірінен
ерекшелігі қайда жұмыс істейтінінде, әлеуметтік қауымдастықтың қай тобына
жататындығында емес, тілінде, ұстанатын мәдени-рухани құндылықтарында
жатыр. КСРО-ның тағдырын ұстап, болмыс-бітімін анықтаған коммунистік
басшылық теориялық, бағдарламалық қағидаттарында ұлт мәселесіне айтарлықтай
мән бергенмен іс жүзінде орыс халқының мүддесіне басымдық беріп, одақтас
республикалардың, яғни Қазақстанның да этномәдени табиғатына қиянат
жасаудан тартынбады. Ресми Мәскеу жүргізген ұлт саясатындағы
әділетсіздік пен зорлық қазақтардың этникалық сәйкестігін бұзып, байырғы
халықтың жартысына жуығы ана тілінде сөйлей алмайтын күйге түскенін
ендігі ешкім жоққа шығара алмайды. Қай ұлттың болмасын шығу тегі,
бастау бұлағы, дәстүрлі мәдениетінің қалыптасқан кеңістігі - ауыл-село.
Кеңестік жылдардағы қазақ ауылында дүниеге келген, орта білім алып,
қалаларда оқуын жалғастырған сан мың қыз-жігіттер мемлекет пен қоғам
қайраткері, ғылым мен өнер жұлдызы, өндіріс озаты болғаны ақиқат. Демек,
қала мен деревня арасындағы айырмашылық ауыл-селоның интеллектуалдық
әлеуеті мен болашағын жоққа шығармайды екен. Кеше де, бүгін де осылай
болған, ертең де осылай болып қала беру керек. Ұлттың болмыс-бітімінің
ошағын ойрандап, барша халықтарды қалалық өмір салтына көшірген мемлекет
этномәдени байлығының тамырын суалтатыны сөзсіз. Қазақстан қоғамын осындай
жаңсақ басудан сақтандыруда ауыл-селоның интеллектуалдық әлеуеті мен
этномәдени тарихын зерттеудің маңызы мейлінше зор.
Тоталитарлық тәртіп үстемдік құрған кезеңде Қазақстан тарихы ғылымы
бұл міндеттердің бірде біреуін толық атқара алмады. Мүмкіндік енді ғана
туып отыр. Ауыл-селоның интеллектуалдық әлеуеті мен этномәдени дамуының
тарихын зерттеумен тәуелсіз қазақ халқының, Қазақстандағы барша ұлттардың
қарым-қабілетін ашуға серпін беретін тетіктер мен алғышарттарды жазбай
тануға, оларды іске қосуға, нығайтуға қол жетеді. Қысқасы, жас
мемлекетіміздің болашағы ғылымға тіреліп тұр, ғылымның болашағы мемлекеттік
саясатқа берік байланды. Осынау өзара тәуелділіктің жігі қатаймаса, таяу
арада ажырамайтынын жақсы түсінген Қазақстан басшылығы білім мен ғылымды
сапалы жаңа биікке көтеруге қайрат қылуда. Қазақстанның әлемдегі барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында ең жоғары халықаралық
стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру,
осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта
даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетін одан әрі өркендету
міндетінің күн тәртібіне қойылуы осыдан.
Қазақстанда ұлт мәселесінің кеңестік нұсқада шешілуін, тарихи
тағдырларын КОКП идеологиясының шеңберінде зерттегендер А. Ержанов, Н.
Киікбаев, Н.Жанділдин десек, қайта құру мен тәуелсіздік жылдарында мәселеге
сүбелі үлес қосқандар Р.Әбсаттаров, Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев,
С.Борбасов А.Айталы, Қ.Марданов, Қ.Көшербаев, Р.Құттыбаева, А.Котов,
Ж.Кыдыралина сынды ғалымдар.
Кеңестік жылдарда Қазақстандағы ұлттардың мәдени-рухани өмірі
гүлденгенін әрі жақындағанын дәйектеуге зерттеушілердің бой алдырғаны
айтпаса да түсінікті. Замана талабы солай еді. Тәуелсіздіктің арқасында
ғана ұлт мәселесі, ұлтаралық қатынастар, этномәдени даму ауыр
дағдарысқа душар болғанын айтуға мүмкіндік туды. Тарихшылардың ішінде
мәселені батыл көтерген М. Қозыбаев еді, 1992 жылы бүкілқазақтық тұңғыш
құрылтайда жасаған баяндамасында кеңестік шытырман қайшылықты алға тартып,
отаршылдық пен тоталитаризм табиғаты ұлт мәселесіне келгенде бір екенін
ашық айта алды. Сонымен қатар, - деген еді М.Қозыбаев, - оның басына
дінінен, тілінен айрылу қатері туды... Өз еліңде қазақ жатақ болып,
азшылыққа айналды. Көшпелі өркениет сөгілді, жаңа өркениет арада емес,
арманда да емес, елдің еңсесін түсірді, болашағына күмән тудырды. Кеңестік
орталық, большевизм жүргізген геноцид-этноцид отаршылықтың шыңы болды.
Қазақстанның геосаяси орналасуы ежелден түрлі ұлттар мен халықтардың,
мәдениеттер мен өркениеттердің түйісуіне қолайлы. Ресейлік отарлау тұсында
алдымен казактардың, кейінде қарашекпенділердің қоныс аударуы нәтижесінде
Қазақстан халқының ұлттық құрамы полиэтностық сипат алды. ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы әлеуметтік сілкіністер мен қақтығыстар, соғыстар мен
қуғын-сүргін ауыл-селоның этномәдени тарихындағы қасіретті беттерді тым
қалыңдатып жіберді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы
үлкен өзгерістерді бастан кешті. Ол ауыл-селолық жерлерді де қамтымай
қалмады. Ең алдымен көзге түскен өзгеріс ауыл-село тұрғындарының сандық
ұлғаюы еді. 1950-1989 жылдары ауыл-селолықтар 4,1 млн адамнан 7,1
млн.адамға жетті . Аграрлық тұрғындардың көп болуы Қазақстанда урбанистік
мәдениеттің түпкілікті орнықпағанын әрі еңбек өнімділігінің төмен дәрежеде
қалып отырғанын айғақтады. Тың игеру басталғанға дейін демографиялық үрдіс
табиғи өсумен жүрсе, тың игеру жылдарында механикалық өсу бірінші орынға
шықты. Бірінші кезекте қазақтардың саны мен үлесі көбейді. 1959 жылы
Қазақстандағы қазақтардың 76%-ы ауыл-селолық елді мекендерде тұрып жатса,
1989 жылы бұл көрсеткіш 65%-ға тең еді. Орыстардың ауыл-селода
тұратындарының үлесі 31,1%-дан 19,0%-ға дейін азайды. Осының нәтижесінде 90-
шы жылдар қарсаңында республикадағы 19 облыстың 16-сында қазақтар ауыл-
селолықтардың басым бөлігін құрады.
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақтан көпұлтты республикаға айналды.
Диссертант бірнеше кестелерді мысал ретінде келтіру арқылы әрбір ұлттың (54
ұлт) 1989 жылға дейінгі өсуіне және кемуіне талдау жасаған. Соның
нәтижесінде біздер көпұлтты Қазақстан ауыл-селосында тұрғындардың басым
бөлігін қазақтар, орыстар, украиндар, немістер құрағанын көреміз.Ауыл-село
тұрғындарының көпұлтты құрамын тұтастай алғанда жағымды құбылыс ретінде
қабылдауымыз керек. Тілі, діні, менталитеті сан алуан халықтардың араласа-
құраласа өмір сүруі олардың рухани дүниесін, салт-дәстүрін әрлендірмей
тұрмайды. Мұндай ортадағы адамдар қай өңірге барса да оңтайлы бейімделе
алады, басқа ұлт өкілдерінің мүддесіне, талап-тілегіне жатсынбай,
түсіністікпен қарауға қабілетті. Сондықтан да Қазақстандағы ұлтаралық
қатынастарға негізінен алғанда ынтымақтастық тән еді
Төрт ғасыр бойы Ресейдің отарлау, жаулап алу саясатымен дүниеге
келген Кеңестік империя тілі, діні, өмір салты, даму деңгейі әр қилы
этностардың басын қосқанмен бұлардың табиғи-ырғақты дамуына қажетті
жағдайды қалыптастыра алмады, халықтарды мидай араластырып жібергенімен
олардың ұлттық тілімен мәдениетін дамытуға жағдай туғыза бермеді.
Сонымен, түйіп айтар болсақ, соғыстан кейінгі кезең ауыл-село
тұрғындарының ұлттық құрамын бұрынғыдан да күрделілендірді. Ұлтаралық
қатынастар мәселесі шешімін таппағандықтан қордалана берді.
Халықтың механикалық өсуі, яғни Қазақстан кеңшарлары мен ұжымшарларына
байырғы тұрғындар - қазақтан басқа ұлт өкілдерінің келуі зерттеліп отырған
жылдарда үзілген емес. Ол өзінің шарықтау шыңына тың игеру науқанымен
шықты. 1941-1945 жылдары зорлықпен депортацияланғандар да республикамыздың
ұлттық құрамын өзгертті. Осының салдарынан ауыл-селолардағы этномәдени өмір
мемлекеттік саясат пен практиканың өткір бағытына айналғаны зерттеу
жұмысының өзекті мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Осылайша, 1946-1991 жылдардағы қазақстандық аграрлық ортадағы
интеллектуалдық әлеует пен этномәдени ахуал ішкі және сыртқы факторлар
әсерімен қалыптасқанын көреміз. Сыртқы фактордың ұйымдастырушысы Мәскеудегі
билеушілер болса, ішкі фактордың басты міндеті Қазақстанның, қазақ халқының
тұтастығын сақтап қалуға сайды. Орталықтың Қазақстан ауыл-селосына
жүргізген басшылығы жергілікті ерекшелік пен мүмкіндікті ескере бермеді,
және ол тоталитарлық тәртіп тоқырауға ұшыраған жылдарда да қолданылды.
Мәселен, 70-ші жылдардағы Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізу жөніндегі
іс-шараларды алайық. Орындалуы мүмкін емес осынау науқанның қырсығынан
қазақ балалары шопан таяғын ұстап, көпшілігі кәсіби білім алу мүмкіндігінен
айрылды. Демек, ұлттық интеллектуалдық әлеует пен рухани өмірді байытатын
адам факторының мүмкіншілігі қазақтар есебінен тарылды.
Сонымен Қазақстан ауыл-селосы ХХ ғасырдың екінші жартысында
өрлеуі мен қайшылығы мол тарихи жолды жүріп өтті. Бұл сапарда оның
экономикалық, демографиялық, мәдени, біліми келбеті үлкен өзгерістерге
түсті. Өзгерістерді дүниеге әкелген де, солармен бірге өзгерген де адамдар
еді. Ауыл-село тұрғындарының бойындағы өзгерістер қоғам мен орта сұранысына
лайық болудан туындады. Ресми идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, оқу
орындары мен мәдениет ошақтары Кеңестер елінің ішкі-сыртқы өмірін, басқару
жүйесін үздіксіз марапаттаумен, жеке басқа табынуды дәріптеумен қоғамдық
сананы әміршіл-әкімшіл жүйеге тиімді бағытта қалыптастырғандықтан ауыл-
селоның интеллектуалдық қарымына, болашағына зор қатер туды. Оған ұлт
зиялыларының үздіктерін қудалау қосылып, ауыл-селолардағы шолақ
белсенділердің қатары өсті. Бұлар интеллектуалдық әлеует пен этномәдени
ілгерілеудің басты шарты - адам факторын жандандыруға көп кедергі тигізді.
Демек, 1946-1953 жылдар аралығында Қазақстанның аграрлық
экономикасы қол жеткізген табыстарды, білім, мәдени-ағарту, демография
салаларындағы оң нәтижелерді социалистік құрылыстың арқасында дегеннен гөрі
әлеуметтік субъектілерге тән жасампаздық қасиеттердің айғағы ретінде
қабылдау жөн деген тұжырым жасалады.
Постсталинизм кезеңіндегі аграрлық экономикадағы тоқырау мен
дағдарыстың сан алуан себептері болғанын мойындай отырып, олардың ең ауыры
- әлеуметтік субъектілердің интеллектуалдық әлеуетін іске қосу, белсенді
позицияға көшіру уақыт өткен сайын жетіле түсудің орнына консерватизмге
ұшырағанында еді. Аграрлық экономикадағы тоқырау мен дағдарыстан да бұрын
ұлт мәселесіндегі қайшылық Кеңестер Одағының ыдырауына әкелді. Ал жаңа
адамды қалыптастыру оны біліммен, мәдениет табыстарымен сусындату арқылы
жүзеге асатын болғандықтан 1946-1991 жылдарғы ауыл-селоның біліми-рухани
өресі, мектептер, мәдени-ағарту ошақтар жүйесі көзге көрінерліктей
марқайды. Бірақ интеллектуалдық әлеуеті нығайған сайын, этномәдени қарымы
артқан сайын ауыл-село халқының ақиқатқа көзі ашылып, ұлттық сана-сезімі
оянайын деді. 1986 жылдың желтоқсанында Брежнев алаңына жиналғандар
негізінен ауылдың жас қазақтары еді. Олар ұлт лидері Д.Қонаевты алмастырған
Колбинге ғана қарсы шыққан жоқ, ұлт саясатындағы әділетсіздікке, ұлттық-
тілдік құрылыстағы зорлыққа, қағаз жүзіндегі тартымдылығынан жұрдай болған
социалистік идеяға, ұлт республикасының Конституциялық егемендігін таптаған
КОКП-ның өктемдігіне қарсы шықты.
Қорыта айтсақ, аграрлық тарих - Отан тарихының құрамдас бөлігі.
Әзірге кеңестік Қазақстанның аграрлық тарихы түпкілікті зерттеліп біткен
жоқ. Алда көп міндеттер тұр. Бүгінде осы міндеттерді шешуге қажетті
алғышарттар әбден пісіп-жетілді. Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асырып жатқан Қазақстанда ұлт
тарихы бірінші кезекте отандық оқырмандарға арнап жазылатыны түсінікті. Ол
қазақстандық патриотизмді оң қалыптастыру үшін ауадай қажет. Халық өз
өткенін қоспасыз, қысқарусыз, қаз қалпында білуге құқылы. Бірақ біз таяу-
алыс шетелдерде де Қазақстан тарихын насихаттауымыз керек. Шетелдік
оқырманға арнап жазылған Отан тарихының кітабында 1945-1991 жылдардағы ауыл-
селоның тағдыры, оның интеллектуалдық әлеуеті мен этномәдени болмысы
білгірлікпен зерделенетіні күмәнсіз ақиқат.
Біз жоғарыда белгілеген жаңа мәдени саясаттың негізгі міндеттердің
аясында жеке құқықтар мен мүдделерді құрметтеуге негізделген демократиялық
мәдени саясаттың басты міндеті белгілі бір таңдауды әкеліп таңуда емес,
қазақстандық өркениеттің дамуы мен қалыптасуының стратегиялық жолдарын
перспективалық түсіну тұрғысынан алғанда мәдени процестердің жалпы мазмұнын
реттеу мен пайымдалған түзету енгізуге бағытталған идеялардың зорлықсыз
салыстырылуын талқылау мен жеңілдетуді ұйымдастыру болып табылады.
Мемлекеттік мәдени саясат пен нақты практика арасындағы өткір қайшылықтар
әрқашан да және әсіресе бүгін әлеуметтік-экономикалық нақтылықта елдің
мәдени өмірін қаржыландыру құралдарын шоғырландыру саласын айналып өтпейді.
Бұл тұрғыдан алғанда, мәдениетті сақтау мен дамытудың мемлекеттік кепілінің
негізі мемлекеттік қаржыландыру болып қала береді. Оның тұрақты дамуын
қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінің
бюджеттерінде мәдениетке жыл сайын жұмсалатын шығынның үнемі өсімін бекіту
қажет және оны бюджетті қалыптастыру барысында әрқашан бұлжытпай сақтап
отыру керек. Бюджетті орындау барысында алынған қосымша табыстарды да осы
пропорцияда мәдениетке бағыттап отыру керек.
Сонымен, Қазақстандағы мәдени саясаттың маңызды басым мақсаттары және осы
саладағы мүмкін болатын ұсыныстары елдегі және әлемдегі жалпы әлеуметтік-
экономикалық процестерді, ғылым мен техниканың дамуын, тұтастай алғанда
бүкіл қазақстандық қоғамның білім беру және жалпысаяси бағдарларын міндетті
түрде ескеруді талап етеді. Сонымен қатар, олар тамыры терең мәдени
дәстүрлермен және нақты жағдайлардың күрделі жиынтығына сай
трансформациясымен анықталады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа,
полимәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу
отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Яғни,
білім беру мазмұны адамдардың нәсілі мен ұлтынан, мәдени және
конфессиональдық белгілерінен тәуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік
пен ынтымақтастыққа, тұлғаның жалпыадамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға
ықпал етуі тиіс.
Сондықтан болашақ өскелең ұрпақ бұл түсінікпен өздерін қоршаған
ортадағы көп ұлттардың мәдениетімен таныс болуы тиіс, өйткені олар
көпмәдениетті ортада өмір сүріп қалыптасуы қажет болады.
   Көпэтносты жағдайында жасөспірімдер өздерінің іс-әрекетінде
басқа, бөтен, әртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа мәдениеттің
құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуы тиіс. Сол себептен оқу-
толеранттылық процесінің объектілері мен субъектілерінде қалыптастыру
қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің
тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында
этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында
оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан
Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты
тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие
беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республи касында гуманитарлық білім
беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы
тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын
патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие
тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік
жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының
негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат
болып табылады.
Қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде
мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан
Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-
өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби,
интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие
берудің ерекшеліктері:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,
адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін
тәрбие жүйесін құру және дамыту;
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа,
адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық
дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және
мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті
сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан
халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына
жағдай жасау;
• жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына
ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың
танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы
білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу
дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке
басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне
қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
• қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни
толеранттылықты тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни
экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын
дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру
мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру
үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында
жүзеге асырылады.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім
беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта
бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде
жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай,
адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие
үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады
және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді
болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін
игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын
қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам
көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым,
кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық
қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға,
Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере
(немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы,
ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ
мүшесі, көшбасшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық, (ауылдық),
бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

Көпэтносты Қазақстан жағдайында оқушыларға полимәдени тәрбие
беруді жүзеге асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:
• балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік
маңыздылығын өзектілендіру;
• интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік
және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге
асыруда шоғырландыру;
• ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық
кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше
болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;
• тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі,
әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық
жағдайларын жасау;
• балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне
толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты
тәрбиелеу;
• қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға
ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;
• кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін
үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.

ІІ Бөлім Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени
тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары

2.1. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларға полимәдени тәрбие
берудің құралдары, әдістері мен түрлері

Полимәдени тәрбие мен ұлтаралық қатынастарды қалыптастыру үшін
оқушыларды өз Отанының мүддесіне қызмет етуге, отан тарихы мен
мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, отбасын, туған жерін сүюге
тәрбиелейді. Отанын қорғауға әрқашанда даяр болуды, басқа халықтардың
дәстүрі мен мәдениетін білуге және құрметтеуге үйрету қажет. Осымен
мектептегі полимәдени тәрбие беру жүйесі іске асады. Отаншылдық тәрбие
беруде көпэтносты еліміздің Қазақстан Республикамыздың мемлекеттік
рәміздерін: елтаңба, ту, әнұраны мен басқа да мемлекеттердің белгілерін
білуге, оларды құрметтеуге тәрбиелейді.
Осы полимәдени тәрбие беруде патриоттық тәрбиенің үлесі зор,
патриоттық тәрбие тұлғаның сапалық қасиеті ретінде өз отанын сүюді, оған
жанын аямай қызмет етуді білдіреді. Көпэтносты жағдайда ұлтаралық
қатынастардағы жоғары мәдениет үлгісі, ол интернационалистік сезім, оған
барлық халықтардың теңдігі мен өзара әрекеттесуі жатады. Интернационализм
ұлтшылдық пен шовинистікке қарсы. Полимәдени тәрбиеде өз Отаны мен
отандастарын құрметтеу мен сүю идеясы жатыр. Ал интернационализм – басқа
халықтарды, мемлекеттерді құрметтеу және солармен ынтымақтастықта болуды
білдіреді.
Полимәдени тәрбие беру гуманитарлық және жаратылыстану пәндері арқылы
жүрггізіледі. Осы пәндік циклдардың мазмұнында көпэтносты полимәдени
тәрбиеге қатысты материалдар алынуы тиіс. Өзі туып өскен елінің табиғатын
сүю, тарихын құрметтеу оқушының көңіл-күйіне әсер етіп, Отанға деген
сүйіспеншілігін арттырады.
Сонымен қатар көпэтносты еліміздің жағдайындағы полимәдени тәрбие
беруде ұлтаралық қатынастар мәдениетін меңгеру үшін оқушылар түрлі
саладағы жетістіктерінен хабардар болып, белгілі ғалым, конструктор,
жазушы, суретші, халыққа танымал адамдарын білетін болады. Азаматтық
тәрбие Қазақстан Республикасының экономика, саясат, мәдениет, ғылым
саласындағы жетістіктерін біліп, оны мақтаныш ету сезіміне бөлейді.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі,
тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан –
салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие
әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының
мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап
отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы
болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп
атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері
дегеніміз – тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез
– құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен
ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп,
бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте
дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу
нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт
бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер
психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда,
адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен
құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы
белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін
психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару
қажет екенін көрсетіп отыр.
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға
болады:
- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру
тұрғыдан қаруландыру;
- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын
құрал;
- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты
қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың
әдістері соған сай болады;
- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал
жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін,
ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары,
тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге
арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі,
тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда
тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін
айқындайды.
Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі,
экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Полилингвалық тұлға
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі
Ұлтаралық қатынас мәдениетінің көрсеткіштерінің мәдениетінің сипаттамасы көрсеткіштері
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы
Пәндер