Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту



Кiрiспе
I. Қазан төңкерiсi және Кеңес үкiметiнiң орнауы кезiндегi қазақ зиялыларының қызметi (1917.1918жж.) қазан.сәуiр айлары.
1.1. Алаш автономиясының құрылуы
1.2. Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің қарым.қатынасы.
2. Азамат соғысы және қазақ зиялылары
2.1. Қазақ зиялыларының Алаш әскерiн құру жолындағы iс.әрекетi
2.2. Азамат соғысы кезiндегi Алаш зиялыларының Кеңес үкiметiмен қарым.қатынасы
Қорытынды
Аталмыш тақырыптың өзінде “Большевиктер тәртіп және қазақ зиялылары (1217-1920)” деп аталуында үлкен мән жатыр. Мұнда Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Совет Өкіметімен арақатынасы жай Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары; Ұлттық әскер құру іс-әрекеттері; Бітіру жұмысының негізгі-өзекті мәселесі болып табылады.
ХХ ғасырдың ас кезi қазақ қоғамы үшiн түрлi ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңi болды.
ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезiнен өрiстей бастағана қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәнi бар жалпы ұлттық мақсат-мiндеттердi, ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениет көтеру, оқу-ағарту iсiн жетiлдiру, әйел теңдiгiн қамтамасыз ету, көшпендiлердi отырықшыландыру сияқты мiндеттер қойды. Бiр сөзбен айтқанда бұл iстiң бас қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбелiндей аз ғана тұңғыш интеллегенттерi жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерiнiң басым көпшiлiгi тек қана бiр кәсiби мамандықтың тiзгiнiн ұстағанмен шектелмей әмбебап мамандар ретiнде қызмет еттi.
Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасiретi. А.1997 ж. 3 (315б).
Т.Омарбеков. ХХ-ғасырдағы Қазақстан тарихының өзектi мәселелерi (көмекшi оқу құралы). А. 2001. 5б (388б)
Ә.Бөкейханов. Таңдамалы шығармалары. А,1995, 16б (475б)
Қазақстан тарихы. 2002. 5б (762б)
М.Қойгелдиев. Тұтас Түркiстан идеясы. М.Шоқайұлы. А., 1997. 656-660б
Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейдi. А, 1993. 3б (197б)
Мусин Чапай. Қазақстан Тарихы. А, 2003.
Т.Омарбеков. Ақтаңдақтар ақиқаты. А, 1992. 10 б (263 б)
К.Аманжолов. Қазақстан Тарихы, 2-том. А. 2002 . 3-б.
1. А.Байтурсынов. Революция и киргизы. Жизнь национальностей. 1913 3 август. №29 (97 б)
2. К.Нурпейісов. Алаш һәм Алашорда. А, 1995. (28б)
3. Бұл да сонда
4. Ш.Абсеметова. Большевики и национальные вопросы в Казахстане в начале 20-х годов ХХ века. // Вестник КазГУ. Серия История. №7 (34б)
5. К.Ильясова. Облыстық қазақ съездінің қаулылары. //КазҰУ Хабаршысы. А, 1998 ж. №7 34б/
6. М.Койгелдиев. Алаш қозғалысы. А.1995. 330 б.
7. Қазақ. 1917. №256//7. 332. Кайгелдиев
8. “Ақиқат” 1994. №1 (95б)
9. К.Аманжолов. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы ІІ. А, 2004. (7б)
10. Хрестоматия по новейшей истории (1917-1939) Казахстана І-том. А, 2002 (25с)
11. К.Нурпейсов. Алаш һәм Алашорда. А. 1995 (156 б)
12. Бөкейханов Ә. Шығармалары. А. 1994 (268 б)
13. Сонда, 264 б.
14. К. Нурпейісов. Алаш һәм Алашорда. А, 1995 (150 б)
15. М. Шокай. Шығ. жинағы. І-том. А, 1998 (14 б)
16. П.Сулейменов. Мұстафа Шоқай көзқарас-эволциясы. //Ақиқат 1997 №11. 35-36 б.
17. М.Қайгелдиев. Алаш көзқаласы. А, 1995. 348-349 б.
18. Ә.Бөкейханов. Шығармалары. А, 1994. (39б)
19. Ә.Әлімжанов. Түркістанның қилы тағдыры. А, 1992 (112б)
20. Бұл да сонда. (35б)
21. Ленин В.И. Орта Азия мен Қазақстан туралы. А. 1960, 396 б.
22. Елеуов Т., Қазақ ауылында совет өкіметінің орнауы және нығаюы. А., 1967, 193 б.
23. Нұрпейісов К., Қазақстанның шаруалар советтері, А., 1972, 82 б.
24. “Сарыарқа”, Семей, 1918, №15 апрель
25. Елеуов Т.Е., Установление и упрочнение советской власти в Казахстане. Алма-Ата, 1961, стр. 48.
26. Алаш-Орда. Сборник документов. с. 109
27. Бөкейханов Ә. Шығармалар 271 б.
28. Қ.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. А, 1999 (227б)
29. 28/ 23б
30. 28/23б
31. “Сибирская речь”. 1918, №30 июня
32. К.Нұрпейсов. “Алаш һәм алашорда” – Алматы, 1995, 187 бет
33. “Сибирская речь” 1918, №19 шілде
34. Т.Омарбеков. Қазақстан Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы түрікті қудалау саясаты // ҚазМУ Хабаршысы тарих сериясы. №29, А, 1998
35. Ғ.Ахметов. Алаш Алаш болғанда. А, 1996 (54б)
36. Алаш Орда, сборник документов, 142-б.
37. “Рабочий день”. 1918, №6 қараша
38. “Свободная речь”, 1918, 23 (10) қараша
39. Қ.Аманжолов. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. ІІ. А, 2004 (12-15б)
40. Сонда, (17б)
41. Ә.Әлімжанов. Түркістанның қилы тағдыры. А. 1992. (286-60б)
42. Қазақ совет энциклопедиясы. А, 1985 (58б)
43. М.Қайгелдиев. Алаш қозғалысы. А, 1995 (293б)
44. Сонда, (337-349б)
45. Сонда, (345б)
46. К.Нұрпейісов. Алаш һәм Алашорда. А, 1995 (26б)
47. М.Қозыбаев. История и современность. А, 1991 с (234-235б)
48. М.Қойгелдиев. Алашорда. //Егеменді Қазақстан, 1992, 18 қаңтар//
49. М.Бурабаев Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 г. А, 1991.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі. Аталмыш тақырыптың өзінде “Большевиктер тәртіп және қазақ зиялылары (1217-1920)” деп аталуында үлкен мән жатыр. Мұнда Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Совет Өкіметімен арақатынасы жай Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары; Ұлттық әскер құру іс-әрекеттері; Бітіру жұмысының негізгі-өзекті мәселесі болып табылады.
ХХ ғасырдың ас кезi қазақ қоғамы үшiн түрлi ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңi болды.
ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезiнен өрiстей бастағана қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәнi бар жалпы ұлттық мақсат-мiндеттердi, ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениет көтеру, оқу-ағарту iсiн жетiлдiру, әйел теңдiгiн қамтамасыз ету, көшпендiлердi отырықшыландыру сияқты мiндеттер қойды. Бiр сөзбен айтқанда бұл iстiң бас қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбелiндей аз ғана тұңғыш интеллегенттерi жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерiнiң басым көпшiлiгi тек қана бiр кәсiби мамандықтың тiзгiнiн ұстағанмен шектелмей әмбебап мамандар ретiнде қызмет еттi. Олар оқу-ағарту iсiмен де, алғашқы қазақ тiлiнде басылымдар шығару жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелiк олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмiрiне белсене араласуы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар ХХ ғасыр басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына мүмкiндiгiнше толық жауап беруге ат салысады.

Қазақ зиялылары 1917 жылғы Ақпан және Қазақ революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алғанына өз бағасын бередi. “Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты түсiнiктi болса”, - деп жазды А.Байтұрсынов – Қазан социалистiк революциясы соншалықты түсiнiксiз болды. Бiрiншi революцияны қаншылықты қуанышпен қарсы алса, екiншi революцияны соншалықты үреймен қарсы алуға тура келдi. Мұның себебеiн былай негiздейдi: екiншiсiнiң (Қазақ революциясы) түсiнiксiз болуын оп-оңай ұғындыруға болады: қазақтарда капитализм де таптық жiктелу де жоқ, тiптi жеке меншiктiң өзiн басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын: көптеген пайдалану бұйымдары олардың қауымдық дәулетi болып саналады. Сондықтан, Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң құрылуын Қазақ төңкерсiсi мен большевиктiк билiк әкелген анархияға тосқауыл деп түсiндiрген А.Байтұрсынов, большевиктiк тәртiпiң, үстемдiктiң Қазақстандағы алғашқы қадамдарына мынадай баға бередi: “Россияның орталық аудандарында большевиктiк қозғалыстың қалай өткендiгi қазақтарға белгiсiз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкiмет билiгiмен қатар жүргiзiлдi. Нақтырақ айтар болсақ, ол қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды. Егер бұрын патша чиновниктерi аталған адамдар тобы қазақтарды ешбiр шектеусiз етiп – жаншыған болса, ендi мұндай әрекеттердi большевиктер-коммунистердiң атын жамылған адамдар тобы жүргiзiп отыр.
Мәселеленiң зерттеу деңгейi.
1-кезең. 1913-1920 жж. ХХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстандағы саяси-экономикалық және әлеуметтiк өмiрi туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнiң халық тарихында алатын орны жөнiнде жарық көрген еңбектер аз емес.
ХХ ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметiн зерттеу, белгiлi дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретiнде оның табиғи болмысын, тыныс-тiршiлiгiн, әлеуметтiк күш есевбiнде биiк қасиеттерi мен кемшiлiктерiн де танып бiлу екендiгi түсiнiктi.
Революцияға дейiнгi қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметiнiң тарихын зерттеудi олардың өздерi бастап берген болатын. Бұл ретте Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтың, М.Тынышбаевтың және Е.Омаров өз замандастарының өмiрi мен қызметiне байланысты түрлi басылымдар жарияланған еңбектерiн айтқан.
Деректер мен зерттеулердiң орыс тiлiнде жарияланған сын көзбен қарау тұүрғысымен жазылды. (3) Қолжазбада 1913 жылдан бастап жалпыұлттық бейресми газет ретiнде, ал 1917 жылы шiлде айынан Алаш партияның органы болған “Қазақ” газетiндегi деректер, сол сияқты “Сарыарқа”, “Жас азамат”, “Бiрлiк туы”, “Ұлы Түркiстан” газеттерi мен “Абай” журналындағы тақырыпқа байланысты мағлұматтар бiрiмен-бiрi салытырыла зерттелдi. Сонымен қатар бұл еңбекке Алаш қозғалысының жетекш қайраткерi Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мiржақып Дулатовтың, Мұстафа Шоқайұлының, Мұқаметжан Тынышбаевтың, Халел Досмұхамедовтың, Әлiхан Ермековтың, т.б. шығармалары, олардың өмiрi мен қызметiне байланысты құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұтлтық Қауiпсiздiк Комитетiнiң архивiнен алынған. (4)
Жекелеген адамдарға Алашорданың контрреволюцияшыл ұлтшылдық мәнiн әшкерлейтiн еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар берiлдi. Солардың айғағы ретiнде жазғандар А.К.Богачев, С.Баринин мен Ш.Шафиро очерки по истории Алашорды, А – М. – 1935 ж. (5) жылдары жарық көрген. А.Богачев кезiнде Алашты – ұсақ ұлттық буржуазияның париясы десе, С.Бранин мен Ш. Шапиро – бүкiл байлардың партиясы деп анықтама бередi.
2-кезең. ХХ ғасырдың 80-жылдардың 2-шi жартысында “жариялық” және “демократия” ықпалымен қоғамымызды жаңа саяси серпiлiс басталған кезде тарихымыздың әлi беймәлiм “ақтаңдақтарын” салды. (6) А.Ғ. Сармурзин Алашты Қазақстанды капиталистiк қатынастарға ыңғайластыруға ұмтылған “ұсақ буржуазиялық партия” деп атауды ұсынды. М.Қ. Қозыбаев Алаш парииясы және Бүкiлқазақстанды екiншi съездiң құжаттарын талдай келiп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негiзсiз енкендiгiн айтты. Сонымен қатар 1917 жылғы революцияға дейiнгi қазақ интеллигенциясы мен тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын баса көрсеттi.(6)
Бүгiнгi таңдағы тақырыптың деректiк негiзi. 1913-1918 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзiн танытатын “Қазақ” (Орынбор), “Сарыарқа” (Семей), “Бiрлiк туы” (Ташкент), “Жас азамат” (Қызылжар) газеттерi мен “Абай” журналы (Семей) беттерiндегi деректемелiк материалдарсыз Алаш қозғалысының пайда болуы мен нақтылы қызметiн, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрiнде алатын орнын тарихи шындыққа сай көрсету мүмкiн емес. Бұл басылымдарда Алаштың қоғамдық қозғалыс болып қалыптасуы, оның саяси партия дәрежесiне көтерiлуi, ұлттық саяси партия құрылған 1917 жылы шiлдеде өткен Бiрiншi бүкiлқазақстық схезд, Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкiметiн құрған 1917 жылы желтоқсанда өткен Екiншi бүкiлқазақтық съезд туралы түпнұсқалық маңызы бар деректер көптеп кездеседi. Олардың қатарында Алаш партиясы программасының жобасы, жоғарыда аталған екi қазақ съезi мәжiлiстерiнiң хаттамалары (протоколдары), Алаш қозғалысы көсемдерi Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мiржақып Дулатов сияқты қайраткерлердiң саяси, әлеуметтiк мәселелерге арналған концептуалдық мақалалары жарияланып, олардың көзқарас эволюциялары жөнiнде мәлiметтер басылған.
Сонымен қатар осы басылымдардағы деректердiң бiразы Алаш пен большевиктердiң, Алашорда мен Совет өкiметi органдарының кұрделi арақатынасы туралы шындықты ашуға қызмет етедi.
Бүгiнгi Қазақстан жағдайында Республикамыз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн 1991 жылдан кейiнгi кезеңде жасырын да құпия болып келген Алаш және большевизм мәселесi тақырыбы жөнiнде тарихи шындықты қалпына келтiруге бағытталған талпыныстар жасалды. әрине, осы зерттеу объектiсi жағынан зерттеп жүрген мына тарихшы ғалымдар М.Қ. ҚОзыбаев, Б.А.Төлепбаев, А.Ғ.Сармурсин, К.Н.Нурпейiсов, Ә.Тәкелов, Ж.Қ. Қойгелдиев, М.Бурбаев, Т.Омарбеков, Қ.Қарашонов, Ж.Абсеметова, Н.Жағыппаров, В.К. Григорьев, С.Даулетова, т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың өкiлдерi Алаш автономиясы ұлттық зиялылар тарихына байланысты құпияны ашуға өз ойларын ортаға салуда. Алашорда қозғалысының бастау көздерiн 1917 жылға дейiнгi қазақ қоғамының қоғамдық саяси өмiрiнен iздеу, ал осы қозғалыстың саяси ағымы және ресми партия ретiнде 1917 жылдың басталатынығын баса көрсету, оның 1917-1920 жылдардағы дамуы мен нақтылы қызмет тарихын ешбiр әсерлеусiз өмiр шындығына сай болмауы, Алаш зиялыларымен Алашорда қозғалысының аражiгерiн ашу, қозғалыс жетекшiлерi мен оның белсендi мүшелерiмен козқарасы эволюцияның көңiл аудару қажеттiлiгi мен ой-пiкiрiнiң негiзi болып табылады. (7)
Дегенмен, бұл тақырыпты зерттеу бiзге ХХ-ғасырдың басында қазақ қоғамы үшiн балама даму жолы болды ма жоқ, әлде большевиктiк ұстанған бағыт жалғыз дұрыс жол ма едi, мiне осы сияқты күрделi мәселенi терең ұғыну үшiн қажет бұл тақырыптарды соңғы кездерi көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалуда.

Жұмыстың мақсат міндеті. Зерттедің негізгі мақсаты Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту және нақтылау, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени жағдайларды жан-жақты қарастыру, оның қоғамдық тарихи өмір, туындыларының ішкі мәндеріне үңілу. Осы мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға болады.
Алаш зиялыларының өмір сүрген, қызмет еткен тарихи кезеңнің ерекшеліктерін айқындау және қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық ой-сананың және тарихи саяси-әлеуметтік мәдени деңгейін бағдарлау;
-Қазақстандағы 1917-20 жылдарындағы большевиктік тәртіптің нығаюына және қалыптасуына, әрі қарай дамуына тікелей әсер еткен тарихи жағдай мен негізгі идеялық арқау болған саяси-әлеуметтік процестер мен этникалық, теориялық алғы шарттарды анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеліп отырған тақырыптың өзінде тікелей байланысты.
Қазіргі таңда “Большевиктік тәртіп” мәселесі жүйелі түрде толық зерттелмеген деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұл мәселелер жайлы 70 жыл бойы айтылмай, сыры шешілмей келген тың тақырыптың бірі болып келді.
Бұл жұмыста алғашқы салыстырмалы зерттеліп отырған осы бір белесті көрінісіне орай жасалған ғылыми жаңалықтар:
“ Большевиктік тәртіп және қазақ зиялылары” атты жұмыс алғаш рет тарихи тұрғыдан зерттеліп отыр.
Қазан төңкерісі кеңес үкіметінің орнауы кезеңіндегі қазақ зиялыларының қызметі, және олардың идеялары қазіргі кезеңнен өзінде өз актуальдылығын жоймағандығы көрсетілді.
Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің қарым-қатынасы мәселелері тарихи тұрғыда зерттеліп қарастырылды.

Тоталитарлық жүйенің ерекшелігі елдің құрылысына қатысты ресми биліктің пікірінен басқа көзқарастың болмау. Большевиктер мемлекеттік аппарат қызметінің тұрғылықты халықпен жақындасуының ең алғашқы қадамдары жасалды. Қашан да болмасын, қоғамның дамуын ұғыну үшін, оның өткеніне үңілуді талап етеді. Ол өйткені саяси процестерді тамырын ұстап білуге көмектеседі. Сондықтан біз бүгінгі саяси тарихи қоғамның жетекшіліктерін білуге тырысқанда өзіміздің өткенімізге көп көңіл бөлуіміз қажет.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Алаш пен Алашорда тарихына байланысты сөз болған мәселелрдің кейбіреулері жөнінде Алаш партиясының әлеуметтік құрамын және оның қаншалықты дәрежеде дәстүрлі партиялық мәне бар құжаттарын бағалау жөнінде, Алашорда қозғалысының ішкі қайшылықтары туралы, т.с.с.) дискуссияға қатысушыларының пікірлері көп жағдайда әркелкі болғандығына қарамастан, осы бас қосу жаңа тарихи кезеңде айтылмыш тақырыптың бірінші кезекте ғылыми зерттеулер қажеті мәселелерін басып ашуға зор үлес қосты.
Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау жөніндегі осы мәселені ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді.
Демек, Алаш партиясының саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) “Кезеңін” бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн болар. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал замат соғысы жылдарыныа Алаштың, М.Дулатов дәл айтқандай, “Алашорданың көлеңкесінде қалғаны тарихи шындық.

I. Қазан төңкерiсi және Кеңес үкiметiнiң орнауы кезiндегi қазақ зиялыларының қызметi (1917-1918жж.) қазан-сәуiр айлары.
1.1. Алаш автономиясының құрылуы

Кеңестік тарихнама Алаш партиясы сияқты Алашорда үкіметінің пайда болу себептерін тек қазақ буржуазиялық – ұлттық интеллигенциясының кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы қызметіне қарсы бағытталған әрекетімен байланыстырып мемлекеттік бірліктің белгілі бір топтың белсенді саяси қызметі нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге орталық езгіге қарсы күрес барысында, қоғамдық сұраныс нәтижесінде өміге келіп, белгілі бір кезеңге дейiн ұлттық тұтастық пен жалпы ұлттық мүддеге қызмет етуі мүмкін екендігін есепке алмайды. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өмiріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналды, оның арты бүкіл империя қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Казақ облыстарында асқынған жер мәселелерiн шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізілген озбырлығының арши түсуі соның айғағы болатын.[5]
Бұл жөнінде сол кездегi тарихи оқиғаларың куәгері А.Кенжин "Контрреволюциялық пиғылдағы орыс қазақ қоршауында қалған Қазақстан өзін қалай да бейтарап ұстай алмайтын еді. Ондай бейтараптықта болу үшін Қазақстанның басқаларды өзімен есептесуге мәжбүр етерлік айтарлықтай салмағы (қарулы әскері) болуы керек", деп жазды. [6]
Міне осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет туралы мәселенің қойылуы толық негізде болатын. Тура осы ойды білдіріп "Қазақ" газеті "Ел қорғау" деген бас мақаласында "ел қорғау екі түрлі: халықтың құқын қорғау бар, мал-мүлкін, жер-суын қорғау бар. Қазақ орысқа қарамай тұрғанда ел басына күн туғанда, ел басына дау келсе, халық құқығын қорғайтын билері болған, елге келер жау болса, халықтың мал-мүлкін, жер суын қорғайтын батырларына ерген азаматтары болған Ресей қол астына кіріп, қолтығына тығылып, паналағаннан кейін біздiң құқық, мал-мүлік, жер-суымызға Ресейдің өзі болмаса басқалар батып тие алған жоқ. Қазір бізге басыңды, жер-суыңды, мал-мүлкіңді қорғама деп тиятын да Ресей жоқ, пана болып қорғарлықта Ресей жоқ. Қазаққа өз жабығыңды өзің ойлап, өлмес қамыңды істе деп отырғанымыздың мәні осы. Ресейге паналамаған кезде қазақ едің", өлер ме едің өлместің қолыңда істер ме едің? Өлмес қамын істер болсақ, істейтін шақ міне туды" деп жазды. [7]
Бүкіл империя көлемін жайлаған саяси тұрақсыздық жағдайына сол тұстағы Орынборда шоғырланған қазақ зиялылары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін ІІ-ші жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдап, оны ұйымдастыру ісін бес кісіден тұратын комиссия өз мойнына алды. Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сағындық Досжанов, Елдос Омаров болатын. [8]
Міне осы мақсатта ұлт зиялыларының басшылығымен алғаш рет облыстар мен уездер жиналған, қазақ халқын өкілдерінің съездері шақырылып, Орынборда 5-17 желтоқсанда 1917 жылдың онда жалпы ұлттық деңгейдегі мәселелерді талқылауға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. [9]
Съезд күн тәртібі Алаш партиясы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындайды. Съезд талқылап шешім қабылдаған 10 мәселеленің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру, ұлт Кеңесін құру туралы тарау ұсынылады. Сонымен қатар, "халықтық милиция" Алаш автономиясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды. Съезге барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқанд облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан - барлығы 82 өкіл қатысты.
Съездің күн тәртібінде мынадай мәселелер қойылды:
1. Сібір-Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы
2. Қазақ-қырғыз автономиясы
3. Милиция
4. Ұлттық кеңесі
5. Оқу мәселесі
6. Ұлт қазынасы
7. Дін мәселесі
8. Халықтық сот
9. Ауылдық басқару
10. Азық-түлік мәселесі. [10]

Съезде күн тәртібінде тұрған ең басты негізгі мәселе, әрине ұлттық автономия мәселесі еді. Бірақ съезд делегаттары қазақ автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдағанымен, бірақ оны жария ету мерзіміне келгенде бөлініп кетті. Делегаттардың біразы қазақ автономиясының құрылғандығын бірден жария етелік деді. Ал екінші бөлiгі автономиясының құрылғанын ресми жария етуді Алашордаға тапсыралық, өзі қажет деп тапқан уақытта жарияласын деді. Бұл айтыс тартыс бірнеше күнге созылды. Ең соңында бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып дауысқа салынды. Бірінші бағытты ұстанған өкілдер 33, екінші бағытты ұстанғандарды жақтап 43 өкіл дауыс берді. Азшылықта қалған өкілдер көпшілік қолдаған пікірге тоқтамастан, егер автономия съезде ресми түрде жария етілмесе, онда өздері өкілдік етіп отырған облыстардың Түркістан автономиясы құрамына қосылатындығын мәлімдеді. Бұл арада қазақ автономиясын жариялауды кейінге қалдыруды жақтағандар Ә.Бөкейханов бастаған топ. Ә.Бөкейханов пен оны қолдаушы топ, ең алдымен ешқандайда дайындықсыз автономия жарияламай қалған жағдайда ішкі қарулы қарашекпенділер мен төңіректі қоршаған казак атты әскерінің наразылығына қалып, қарусыз қазақты қырып алудан қауіптенді. Сондықтан бұл топ автономиясы жария етерден бұрын Түркістан қазақтарының келісімін алумен бірге, ұлттық әскер құрып, сонымен бір мезгілде іштегі өзге халықтармен келісім жүргізіп, оларды жаңа жағдайға даярлауды мақұл көрді. Қазақстан жағдайында автономия алудың қиындықтарына тоқталып Ә.Бөкейханов былай деп көрсетті: Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуге қиын бір жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас, бұл облыстарда мұжық пен қазақ қым-қиғаш аралас. Мұжықпен аралас қазақты тастап, ылғи қазақ болып шығамыз десек, қазақ орыста қалады; қазақты бұл жерден көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес, ақылсыздық болады, қазақ жерінің ең жақсысы осы мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты да ала кетеміз деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес: жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді. [11]
Съезд жаңа құрылған өкіметтің ұлтаралық саясаттағы негізгі бағыттары жайлы қаулысында былай көрсетіледі. Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңеріледі. Алаш автономиясына кірген елдердің бәрі бүкіл мекемелері соңына қарай орын алады. Алаш автономиясының қол астында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт және мәдени автономия беріледі. Оны мынадай фактіден білуге болады. Съезде құрылған Ұлт Кеңесі – Алашорда үкіметіндегі 25-орынның 10 орны қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. [12]
Сондай-ақ съезде қаралған үлкен мәселелердің бірі – халық милициясын, яғни ұлттың әскер құру еді. Съезд қарарында осы милиция құру мәселесі бойынша елде болып жатқан талан тараж, қарбалас болып жатқанын ескере отырып қазақ-қырғызды мұндай бүлікшіліктен қорғау үшін тұрақты милициясын түзуге кірісу қажеттігін айтып, нақты шаралар белгілеп берді.
Жалпы-қазақ-қырғыз съезі Алаш облыстарын қазіргі бүлікшiлікпен құрғау мақсатымен уақытша Ұлт Кеңесін құрып, оның аты Алашорда болсын деді. Жаңа құрылған өкіметтің құрамына мына кісілер енді: 1) Бөкейліктен – Уәлихан Тонашев, 2) Оралдан – Халел Досмұхамедов, 3) Ақмоладан – Айдархан Тұрлыбаев, 4) Торғайдан – Ахмед Бірімжанов, 5) Семейден – Халел Габбасов, 6) Жетісудан – Садық Аманжолов, 7) Сырдарияда – Мұстафа Шоқай. Облыстардан тысқары: 8) Әлихан Бөкейханов, 9) Шаһанша Досмұхамедов, 10) Әлім Ермекұлы, 11) Мұхамеджан Тынышбайұлы, 12) Бақтыкерей Құлманұлы, 13) Жақып Ақпайұлы, 14) Базарбай Мамытұлы 15) Отыншы Әлжанұлы. Кейіннен съезд демократиялық жолдың негізінде Алашорда – Халық Кеңесі төрағасын сайлады. Төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. [13]
Сонымен съезд орталық билік – Ұлт Кеңесі – Алашорда үкіметін, халық милициясын және ұлт қазынасын құру ісіне жете көңіл аударды. Мемлекеттік жүйе алдымен осы мәселелерді шешуден басталатындығы түсінікті. Бірақ съезде сонымен бірге негізгі мәселе ретінде оқу-ағарту ісінің де қаралғандығын айтпасақ, онда съездің саяси маңызы мен көздеген мақсатын толық түсіне алмағандық болар еді.
Дегенменде ұлттық, халықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов басқарған съезд делегаттары мен Жаһанша Досмұхамбетов басқарған Орал облысы мен Бөкей ордасының өкілдері Алаш автономиясын жариялау мерзіміне байланысты ортақ, ымыралы келісімге келеді. Екі жақты көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан автономиясының құрамына енуін жақтаған ал сонымен бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды роль атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы (компромисті) қаулының негізгі баптары мыналар еді: 1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып ала-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. егер бір айдан кейін Алаш болысы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлам (жария авт) етілмесе, әркім өз күшін өзі көреді. 3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан жария ету ықтияры Алашордаға берілсін. [14]
Екінші бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезіне шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақтыгерей Құлмановты, Мыржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевті жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейхановпен Мұстафа Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. [15]
Алашорда өкілі ретінде Сырдария қазақтарының съезіне қатысқан М.Дулатов 1929 жылы ОГПУ тергеушісіне берген жауабында атап көрсеткендей, екінші бүкілқазақтық съезден бірнеше күн бұрын Қоқан қаласында Түркістан халықтары өкілдерінің съезі болып, онда тарихқа Қоқан автономиясы атымен енген мемлекет құрып, оның үкіметі сайланды. Бұл жөнінде біз екінші бүкілқазақ съезд жүріп жатқан кезде білдік. Съездің соңында Мұстафа Шоқай келді. Ол алғашқы кезде жеке қазақ автономиясын құруға үгіттеді. Сондықтан да Түркістан қазақтарының қазақ автономиясы туралы пікірін білу үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыру туралы шешім қабылданды. М.Дулатовтың мәлімдеуінше Сырдария қазақтары съезінің делегаттарынан бастапқы кезде тек қана Сұлтанбек Қожанов Түркістан қазақтарының Алаш қазақ автономиясына қосылуға ниет білдірген соң оңтүстіктің зиялылары да осындай пікірді қолдады. [16]
Дегенмен, Әлихан Бөкейханов (Қоқан) Түркістан автономиясы мен Алаш автономиясының бірігуін қалаған жоқ. Қазақ газетінде былай деп жазды: Түркістан өз алдына автономия болар. Автономия болу - өз алдына мемлекет болу. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар шеккен болады. Бір арбаға мініп, біз қайда барамыз. [17]
Дәл осы кезде 1917 жылдың күзінде Ә.Бөкейханов Сібірмен бірлесу келешек қазақ мемлекетінің аяғанынан қаз түрып кетуіне келешек қызмет ететіндігіне сенді, ал Түркістанмен бірігуіне онша ықыласты бола қойған жоқ. [18]
Мұстафа Шоқай Сырдария халқына өз тарапынан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгін. Айырсақ мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешіктірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз - деген сөздер бар еді. Мұстафа Шоқайдың бұл әрекеттері нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария қазақтарының құрылтайында қабылданған қарарда мынадай жолдар бар болатын: Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып басын, Түркістан автономиясына союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады. [19]
Қоқан автономиясы 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында таратылды. Оның президенті: Мұхаметжан Тынышбаев, кейіннен М.Шоқай президенті болады. Бірақ 64-күн өмір сүрген Қоқан автономиясын большевиктер таратып жіберді. М. Шоқай автономияның мәнін былай түсіндірді: Түркістанның дербес ел басқарған мекемелері мен атқару органдары, яғни заң шығаратын парламенті және іс жүргізетін үкіметі болуға тиіс.
Сыртқы саясат, қаражат, жол әскери істер Ресей федерациясы үкіметінің істері деп есептелінді. Оқу ағарту жұмыстары жергілікті мекемелердің заң және жер мәселелері, бәрі жергілікті автономиялы үкіметтің ісі деп қаралды. [20]
Кеңестік тарихнамада Түркістан (Қоқан) автономиясы жергілікті халықтардың қолдауын таппады, сондықтан да тез құлап қалды деген түжырымға пікір қалыптастыруды көздеді. Бұл да ұлы державалық өкімет пен қарудың күшіне сүйенген Түркістандағы Кеңестер билігін жергілікті халық бірден түсінушілікпен қабыл алды деген тұжырымға ұқсас қорытынды еді. Ал тарихи шындық күрделі әрі тереңде жатқаны түсінікті. Әрине, Қоқанда жарияланған билікті тек ұлттық демократиялық түрғыдан ғана емес, таптық, діни тұрғыдан да талдап, оның осал, тіптен ашық реакциялық жақтарында көрсетуге болады. Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясының қазақ тарихына да тікелей қатысы бар екені, оның басқа да ортаазиялық туыс халықтармен бірге қазақ елінің де өзінің табиғи саяси тәуелсіздігіне ұмтылысының көрінісі болған еді. [21] Сонымен екі автономияның ұстаған саяси бағыттары бір арнада бола алмады. Оған елде болып жатқан саяси дүрбелеңнің әсері үлкен болды. Большевиктер партиясы мен Совет өкіметі ұлттық мемлекеттің құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын таңдап алды.
Сондықтан да олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырумен болды. Әлихан Бөкейханов қазақ автономиясы құрыла сала, Қазақ газеті арқылы қауымға былай деп жар салды: ...Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол! Ал екінші жариялық мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 жылғы 11 ақпанда) былай деп мәлімдеді: съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады. ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жау большевизммен күресе тұрды. [22]
1917 жылы қазақ саяси қайраткері, интеллигенциясы арасында қазақ облыстарының Түркістанмен бірігу мүмкіндігіне байланысты қарама-қарсы екі пікірдің болғандығын М.Дулатов та қуаттайды. Ол 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушілеріне берген көрсетуінде: ...Ол кездегі Түркістан мен қазақ бірігуі керек деушілердің дәлелі орыстың отаршылдығынан құтылу үшін, күшті болып, ұлт тілегімізді жүзеге асыру үшін Орта Азия елдері бірігуіміз керек дейтін. Бөкейханұлы Әлихан пікірі: Орта Азия болып (өзбек және басқалармен) бірігуге болмайды, оларда ескішілдік (консерватизм) діншілдік, дін жолында ұстағанынан айрылмаушылық (религиозный фанатизм) күшті, оларға иман, қожа молда билеп келе жатқан халық, шариғат жолынан тез арада айрылмайтын халық шаруа түрі бізден басқа мәдениет жолында бізден де төмен, сондықтан екі соқыр қол ұстасып жүріп күн көре алмаймыз дейтін пікірде болатын. Бөкейханұлының бұл пікірiн бізде қосылатынбыз деп жазды. [23]

1.2. Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің қарым-қатынасы.

Осындай ауыр жағдайда және Қазақстанның барлық облыстарында дерлік Совет өкіметі бел алып, күшейіп жатқан кезеңде Алашорда Орталық советі өкіметімен және оның жергілікті органдарымен амалсыздан байланыс жасауға мәжбүр болды: Әлихан Бөкейханов Москваға Орталық Совет үкіметінің басшысы В.Ленинмен және ұлт істері жөніндегі халық коммиссары И.Сталинмен кездесу үшін өзінің екі жақын серігін – Халел мен Жаһанша Досмұхамбетовтерді жіберді; Ә.Бөкейхановтың тікелей тапсырмасымен 1918 жылғы 2 сәуір күні Халел Ғаббасов Семейден төте сым (телеграф) арқылы В.Ленин және И.Сталинмен Алашорда мен Совет өкіметінің арақатынасы жөніндегі келіссөздер барысында Алашорда жетекшілері В.Ленин мен И.Сталиннің талап етуі бойынша ...Совет өкіметін Россиядағы барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деп тануға мәжбүр болды. Алайда осыған қарамастан, олар Алаш автономиясының тәуелсіздігін белгілі дәрежеде қамтамасыз етуге тиісті біраз талап тілектерді Орталық Совет өкіметінің алдына қойды. Ол талаптар негізінен мыналар еді: Алаш автономиясының шеңберінде қазақ халқының ата-қоныс болған барлық жерлерді топтастыру (жинау); Алашорданың қолында заң шығарушы және билік жүргізуші өкіметтің шоғырлануы; қазақтар арасындағы даулы мәселелерді шешуді халықтың өзі сайлап қойған облыстық және уездік соттарға беру; халықтық милиция атанған Алашордадан жақтаушы қазақ комитеттерінің облыстық земство мен т.б. мекемелерге мүше болған қазақ зиялыларының босатылуы және келешекте саяси көзқарас тұрғысынан қуғын-сүргінге (репрессия) ұшырауға тыйым салыну.
Алашорданың бұл ұсыныстары советтік, таптың негіздегі және РСФСР-дің құрамдас бөлегі ретіндегі қазақ автономиясын (сол сияқты татар, башқұрт; Орта Азия халықтарының да) құруды ойластырып қойған Совет өкіметі басшыларына ұнаған жоқ, сондықтан Алашорда өз талап-тілектеріне, кейбір жекелеген мәселелер жөнінде болмаса, жалпы алғанда Орталық Совет үкіметі төрағасынан қанағаттанарлық жауап алған жоқ. Бұған Халел Ғаббасовтың мәліметтері дәлел бола алады.
Халел Ғаббасовтың мәлімдеуінше, оның Сталинмен телеграф сымы арқылы келіссөзде қойған ұсыныс-талаптары алдын-ала Ә.Бөкейханов, Р.Марсеков, Ә.Ермеков, Б.Сәрсенов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қатынасқан арнайы мәжілісте тұжырымдалған болатын. [24]
Халел және Жаһанша Досмұхамбетовтердің Москвада Совет үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф сымы арқылы Сталинмен жүргізген келіссөздерден Орталық Совет үкіметінің ынтымақ пен ұлттық тұтастық негізіндегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығы, керісінше қазақ халқына таптық жіктелуге негізделген Советтік тұрпаттағы автономия беруге даяр екендігі анық байқалды.
Орталық Совет өкіметі Алашорда жетекшілерімен келіссөз жүргізу барысында екіжүзділік танытты. Бұған оның атынан Далалық Қазақ өлкесінің төтенше комиссары болып тағайындалған. Ә.Жанкелдинге 1918 жылы мамырдың 14-інде ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының таптық негіздегі Қазақ автономиясын құру мақсатымен Бүкіл Қазақстандық советтер съезін шақыру міндетін жүктеуі дәлел бола алады. Қазан төңкерісі қарсаңында большевиктер атынан Ұлттардың өзін-өзі билеу құқын уағыздап келген Лениннің пролетариат диктатурасы орнаған соң бұрынғы айтқанынан бас тартып, оны еңбекшілердің өзін-өзі билеуі ұранымен алмастырғанының, басқа сөзбен айтқанда ұлттық – мемлекеттік құрылыста таптық принципі бірінші кезекке қойғандығының көрінісі болды. Сондықтан да Орталық совет үкіметі қазақ халқының ұзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық күресінің нәтижесінде дүниеге келген Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін іс жүзінде мойындамады, сол сияқты Орта Азияның жергілікті халықтарының заңды мемлекеттігі болған. 1917 жылы желтоқсанның 10-да Қоқан қаласында өткен төртінші жалпымұсылмандық құрылтайда жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясын 1918 жылдың ақпанында қарулы күш жұмсап талқандады.
Ал бұған керісінше В.Ленин мен И.Сталин 1918 жылы сәуірдің 22-де Түркістан өлкесі советтерінің V-съезін жалдаған телеграммаларында съездің советтік негіздегі Түркістан автономиясын құрмақ болған жоспарына жан-жақты қолдау көрсетті. Ол телеграммада былай делінді: “Сіздердің өлкелеріңіздің советтік негіздегі автономиясын Халық Комиссарлар советінің қолдайтындығына сене беріңіздер, жолдастар; біз сіздердің баспаналарыңызды қуаттаймыз және сіздер бүкіл өлкені советтер жүйесімен толтырады, ал қазірдің өзінде советтермен толық байланыста болып жұмыс істейді деп барынша сенеміз...” [25] осындай қолдаудың нәтижесінде Түркістан өлкесі советтерінің V съезі (Ташкент, 1918 ж. сәуірдің 20-ы – мамырдың 1-і) сәуірдің 30-ында РСФСР –дің құрамындағы Түркістан автономиялы Советтік Социалистік Республикасы құрылғандығын жариялады.
Жоғарыда айтылғандай Орталық Совет үкіметінің шешімімен 1918 жылы мамырдың 14-інде қазақ өлкесінде төтенше комиссар болып тағайындалған Әліби Жанкелдинге басқа жұмыстармен қатар Алашордаға қарсы күресті тікелей ұйымдастырылумен Қазақстанның советтік негіздегі автономиясын жариялау үшін советтердің бүкіл Қазақстандық құрылтай съезін шақыру міндеттері қоса тапсырылды. Осы міндетті орындаудың бастамасы ретінде Әліби Жанкелдин 1918 жылғы мамырдың орта кезінде Ферғана, Сырдария, Жетісу облыстарының басшыларына берген телеграммасында: “Қазақстан уездері Түркістан автономиясына (Түркістан АССР-ін айтып отыр – авт.) қосыла ма, не болмаса уездік атқару комитеттері қазақ өлкесінің барлық халықтарын біріктіруді қолайлы көре ме?” [26]– деген сұрақ қойды.
Большевиктер басшылық еткен Қазақ совет автономиясын құруға дайындық жұмыстары өлкенің барлық аудандарында дерлік советтер жүйесін құру ісімен қатар жүргізілді. Олардың бұл жұмысы табыссыз да болған жоқ. Алашорданың шығыс бөлімі орналасқан Семей қаласынан облыстық совет-атқару комитетінің төрағасы Я.Шугаев 1918 жылдың көктемінде Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару комитетіне (БОАК) жолдаған телеграммасында облыстық көпшілік болыстарында советтер ұйымдастырылды деп хабарлады. Ал сол жылғы сәуірдің 20-дағы мәліметтер бойынша бір Семей облысының өзінде 262 ауылдық және селолық советтер құрылды. 1918 жылдың жазына қарай Жетісу облысының Верный (Алматы) уезінде 36 ауыл, село, және қыстақ советтері, ал Қапал мен Сарқант уездерінде 60 селолық, 80 ауылдық советтер ұйымдастырылды. 1918 жылы шілденің 1-не қарсы Бөкей Ордасында 4 поселкелік 87 облыстық советтер құрылды. 1918 жылғы мамырда Ә.Жанкелдин Москваға Торғай облысының барлық болыстарында советтер қызмет істеп жатқанын хабарлады. [27]
1918 жылдың көктемінде ауылдық және селолық советтер жүйесін құру барлық жерде дерлік осы схемамен жүргізілді. Бұл схеманың басты буыны пролетариаттың және коммунистік партияның “басшылығы” болды, өйткені “ауыл кедейлері арқа сүйер таяныш” болған жергілікті (болыстық, ауылдық) советтер В.Ленин жариялаған “пролетариат диктатурасы” мемлекетінің төменгі жүйесі болуға тиіс еді.
Негізінен ауыл тұрғындарының кедейленген тобының өкілдерінен тұратын ауылдық советтерді “пролетариат диктатурасы” мемлекеті мен оның саяси жетекшісі – коммунистік партия халықтың басқа әлеуметтік топтарына (ауқаттыларға, байларға) таптық тұрғыдан қарсы қойды және сол арқылы ашықтан-ашық әлеуметтік қиыншылықтарды шиеленістірді.
Қазақстанды осылай советтендірудің алғашқы кезеңінде Алаш автономиясы жарияланған кейін облыс, уезд, болыстарда қалыптасқан оның жергілікті органдары күштеп таратыла бастады. Сондықтан да Алашорданың органы болып саналған Семейде шығып тұрған “Сарыарқа” газеті 1918 жылғы сәуірдің 15-індегі санында: “...Қай болыс, қай қала болсын большевик өкіметі алмаған жер қалған жоқ. Советтен совет шығып жергілікті мекемелердің бәрін төңкерді, иледі, биледі” – деп жазды.
Советтер бел алған мұндай жағдайда Алашорда жетекшілері жергілікті өкімет органдарын құруда олармен ымыраға (компромиске) баруды жөн деп тапты. Алайда бұл тактика барлық жерде бірдей табысқа қол жеткізген жоқ. Большевиктер партиясының радикалдық тобының өкілдері көпшілікке ие болған Петропавл, Петровск (Қызылорда), Әулиеата (Жамбыл) советтері билік жүргізген аудандарда Алаш белсенділері сол кездің өзінде-ақ саяси қуғын-сүргінге душар болды, тек жекелеген облыс т.б. кейбір қалаларда 1918 жылғы көктемде ұлттық-демократиялық Алаш қозғалысының кейбір өкілдері жергілікті советтермен қысқа мерзімдік ымыраға (компромиске) қол жеткізіп, ресми (советтің) басқару органдарында мүше болып сайланды. Мәселен осындай келісімге келудің нәтижесінде жергілікті Алаш ұйымының жетекшілерінің бірі, Алашорданың мүшесі Халел Ғаббасов Семей облыстық советі атқару комитетінің мүшелігіне өте, уездік земствоның төрағасы Ахметжан Қозбағаров және Алаш партиясының белсенділері Биахмет Сәрсенов пен Имам Әлімбеков уездік советке мүше болып сайланды.
Бұл жөнінде “Сарыарқа” газеті “Облыстық съезд” атты бас мақаласында мынадай түсінік берді: “Соңғы кезде заманның түрі өзгеріп саяхат толқыны құбылып, әкімшілік бірден-бірге күшейіп келіп ақырында мемлекеттің бар билігі совет қолына ұйысқаны халыққа мәлім шығар... Областной қазақ комитеті областной съезд шақырып қазақ билігінің түрі қалай болуы шешілгенше советке кісілерін уақытша кіргізіп отыр. Жергілікті мекемелер қай қалыпта болуы белгісіз... Билік совет қолына ауғанына халық қай көзбен қарайтынын және не пікірде екенін білуге, келешектегі бір облыс елдің өмір тұрмысы қандай түрде болуын шешуге Семей областной қазақ комитеті областной съезд құруға (шақыруға – авт) қаулы қылды”.

2. Азамат соғысы және қазақ зиялылары

2.1. Қазақ зиялыларының Алаш әскерiн құру жолындағы iс-әрекетi

Большевиктер партиясы мен совет өкіметі ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселесін шешудің негізінде таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын таңдап алды. Сондықтан да олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырумен болды. Әлихан Бөкейханов Қазақ автономиясы құрыла сала “Қазақ” газеті арқылы зиялы-қауымға былай деп жар салды: “Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастамаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында - Қазан төңкерiсiнiң Қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiне әсерi
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Қазақ саяси партиясы
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Пәндер