Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.
2. Негізгі бөлім:
. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу.тәрбие үрдісіне ендіру ... ... ... ...3.
. ЖАКТ.ны оқу.тәрбие ісіне ендірудің тұжырымдық ережелері мен кезеңдері ... .5.
. Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... .7.
. Ақпараттандырудың негізгі бағыты.10.
. Ақпараттық . коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру ... ... ... ... 13.
. Ақпараттық .коммуникациялық технология ... ... ... ... ... ... ... ...16.

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .17.
4.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ..18.
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан, жаңа технолгияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады.
Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға, біріктірп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әртүрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер. Жаңа ақпараттық технолгиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электронды почтасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымыздағы дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық қорлармен толық қамтамасыз етсек ақпаратты пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатығңа көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” ақпаратты алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа ақпараттық технологияларды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін “технолгия” ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған жолмен XXІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
1. Кеңесбаев С.М. Болашақ мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға дайындаудың мақсаты, мазмұны және принциптері. Педагогикалық білім беру сапасын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы, халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 18-19 мамыр, 2004 ж., Алматы, 20-23 б., КазНПУ им. Абая.
2. Кеңесбаев С.М., Қараев Ж.А., Ергебекова Ұ.Қ. Білім беру саласында деңгейлік саралап оқыту технологиясы. III-Халықаралық ғылыми конференция “Білім беру жүйесі мен ғылымдағы ақпараттық технологиялар мен математикалық моделдеу”, Абай атын. ҚазҰПИ. 29-қыркүйек- 2 қазан, 2005, 192-195 б, 3 том.
3. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. – Алматы, 2002. -360 б.
4. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Мектеп, 2005. -272 бет.
5. ИНФО (2000-2007), Информатика негіздері журналдары

Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.
2. Негізгі бөлім:
➢ Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне
ендіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...3.
➢ ЖАКТ-ны оқу-тәрбие ісіне ендірудің тұжырымдық ережелері мен кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .5.
➢ Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.
➢ Ақпараттандырудың негізгі
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..10.
➢ Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы
білім беру деңгейін
көтеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13.
➢ Ақпараттық -коммуникациялық
технология ... ... ... ... ... ... . ... ..16.

3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .17 .
4.Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...18.

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық
кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің
белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан, жаңа технолгияларды
игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің
маңыздылығын арттыра түсті. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен
оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар
бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды
игеруге жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту
құрылғылары болып шыға алады.
Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – ЭЕМ жадында
сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен
кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға, біріктірп сақтауға, керектілерін
жылдам іздеп табуға болатын әртүрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық
жүйелер. Жаңа ақпараттық технолгиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген
электронды почтасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларсыз
көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымыздағы дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық
қорлармен толық қамтамасыз етсек ақпаратты пайдалану, алу және тарату
істерін ұйымдастыру жаңа сатығңа көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған
“қағаздағы” ақпаратты алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды
ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа ақпараттық технологияларды
жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін “технолгия” ұғымының мәнін ашып алу қажет.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір
ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-
коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған
жолмен XXІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны
қалыптастыруға бағытталады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік
технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық
технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде.

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.Қоғамды
ақпараттандыру - еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының
негізгі алғы шарты.Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез
ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да
түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру,
әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру,
интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық
технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану,
қашықтықтан басқару және т.б.
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат - жаңа ақпараттық технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін
ақпараттандыру болып табылады. Бұл процесс автоматтандырылған ғылыми
педагогикалық банктер деректерін, ақпараттық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беру жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді. Білім беруді
ақпараттандыру жеке тұлғаның заман талабына сай дамуын қамтамасыз ететін
оқыту, тәрбиелеу міндеттерінің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру
формаларын таңдаудың методологиясы мен стратегиясын жетілдіруді талап
етеді.
Ақпараттық технология дегеніміз - адам қызметінің барлық түрінің
ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының
жиынтығы.Кез келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып
табылады. Жаңа ақпараттық технологияға көшпей оқу-тәрбие процесінде білім
беруді меңгеру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология –
оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен
инструменттік құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника
құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың
еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми
білімнің жүйесі.
Жаңа ақпараттық технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен
ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін
дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін
ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық
технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және
бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады.ЖАКТ
жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары оқыту, тәрбиелеу, дамыту,
ақпараттық, болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады
(1 - сурет).
ЖАКТ-ны оқу-тәрбие ісіне ендіру 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең: компьютердегі бар жекеленген тақырып, тақырыпшаларды,
гипертексті қолдану, яғни сіңіру технологиясы.
2-кезең: Оқушының өзіне қажетті мәліметтерді алу, яғни жинақтау
технологиясы
3-кезең:монотехнология, яғни барлық оқыту, басқару, бақылау тек қана
компьютерді қолдануға сүйенеді.
ЖАКТ-ның тұжырымдық ережелері:
1.оқыту – оқушының компьютермен жұмыс істеуі;
2.бейімдеу – компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай
ыңғайлау;
3.диалогтық сұхбаттасу – оқушының компьютермен өзара қатынасы;
4.басқару – кез келген уақыттағы оқушының енгізген түзетуі;
оқытушының нұсқау беруі, сыныпішілік желіні басқаруы;
5.дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;
6.психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы
жағдай туғызу;
7.бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау.
ЖАКТ оқытудың әр кезеңінде де (жаңа тақырып түсіндіру, бекіту,
қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру) қолданылады.ЖАКТ – да компьютер:
мұғалім мен оқулықты толықтай ішінара алмастыратындай білім алудың ақпарат
көзі, мультимедия және телекоммуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі
көрнекі құрал, жеке ақпараттық кеңістік, талдау және тексеру құралы ролін
атқарады.
ЖАКТ жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау
және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік
редактор; есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қазметтерді
атқарады.ЖАКТ жағдайында компьютер оқыту объектісі ретінде берілген
тапсырмаға сәйес бағдарлама түзу, бағдарламалар жинағын жасау сияқты
қызметтерді атқарады.
ЖАКТ жағдайындағы оқу үрдісі - электронды оқулықтар мен Интернет
технологиясын кеңінен қолдана отырып білімді, іскерлікті және қашықтықты
меңгеретін күрделі үрдіс, ол оқушының ой-өрісін, жігерін, күш-қайратын
қажет етеді және олардың дамуына жағдай жасайды.Өздерінің танып білетін
(танымдық) және практикалық іс-әрекеті мазмұнын оқушылар өз бетімен
анықтайды.
ЖАКТ өз бетімен білім алу үрдісі дамуына нақты жағдай жасауда. Өйткені,
электронды оқулықтар өзінің негізгі ерекшеліктер бойынша оқушылардың өз
бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді. Бұл жағдайда мұғалім кеңесші функциясын
атқарады.ЖАКТ жағдайында қолданылатын негізгі әдіс бейне әдіс –оқу
орындарының жұмыс практикаларына ақпараттық мәліметтерді экран арқылы
жеткізу көздерінің интенсивті (кодоскоптар, проекторлар, киноаппараттар,
оқу телевизиясы, бейнетаспалар, мәліметтерді дисплейлік бейнелейтін
компьютерлер және т.б.) кіруі, бейнеәдісті бөліп көрсету және оны жеке
оқыту әдісі ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. Бейне әдіс білім беру
қызметін атқара отырып, сонымен бірге оны тексеру, бекіту, қайталау,
жинақтап қорыту, жүйеге келтіру жұмыстарын, яғни барлық дидактикалық
функцияларды табысты орындайды.
Бұл әдіс көбінесе мәліметтерді көрнекілігімен қабылдауға
негізделген. Ол білімді меңгерудің индуктивті және дедуктивті жолдарын,
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін және танымдық белсенділігін әр түрлі
дәрежеде қарастырады, танымдылық үрдісі басқарудың әр түрлі әдістерін,
амалдарын анықтайды.
Оқыту үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік
техниканы пайдаланудың локальды және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен
қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар,
электронды оқулықтар және тағы басқалар.Интернет ресурстарын жан-жақты
меңгеру мүмкіндіктері пайда болады, қашықтан оқыту орталықтарына шығу
жолдары анықталады.Мектепте жоғары оқу орындарында телекоммуникациялық
жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға
қатыса алады.
Қазіргі кезде ғалымдар мен тәжірибелі мамандар оқушылардың виртуалды
кластарда басқа қаладағы, басқа елдегі өздерінің замандастарымен
байланысып, қашықтық олимпиадалар мен байқауларға қатысып, оқуға деген
мотивациясын жоғарылата алады.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-
коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған
жолмен XXІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны
қалыптастыруға бағытталады.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне
енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
1.Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік
пәндік Web –сайттар ашу;
2.Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
3.Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық
сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
4.Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім
алуды қамтамасыз ету (1-сурет).
5.Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2
жолы бар: оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету, дайын
телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік -
әдістемелік Web –сайттар, Web –бетін құру.
Телекоммуникациялық технологияларды қолдану мұғалімнің білімін
өздігінен жетілдіруге көмектеседі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артады,
сондай-ақ оқушылардың шығармашылықтарының қалыптасуына өз үлесін қосады,
олар әртүрлі телекоммуникациялық жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік
алады.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың
төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнын заман талабына сай болуы,
болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-
өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы,
оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.
Жаңа ақпараттық технологияларды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін
“технолгия” ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы
кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір ұйымдарды жасау кезіндегі
тәсілдер жиынын айтатын еді.
Бүгінгі күні қолданылып жүрген технологияларды үлкен үш топқа бөлуге
болады:
• Интерактивті емес (басу құрылғысы, дыбыс, бейне тасымалдағыштар).
• Компьютерлік оқыту құралдары (электронды оқулықтар, компьютерлік
тесттер және білімді бақылаушы жүйе, жаңа мультимедия құралдары).
• Бейне конференциялар (телекоммуникация технолгияларының аудиоарналары,
бейнеарналар және компьютерлік желілердің дамуы).
Жаңа ақпараттық комминикативтік технологияда оқыту құралы ретінде
электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес
оқушы – электронды оқулық және мектеп-интернет жүйесін құруға
болады.Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектеп қабырғасында өздігінен
білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына
дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша
оқушы тапсырманы қызыға орындайды.Ал, мультимедиялық технология оқушыға
экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқаруымен
сипатталады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас
ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін
көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
➢ бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық)
деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
➢ құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және
жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек
жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де
кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық
потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім
беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен
жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып,
шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе
алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана
білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік
мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші
жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға,
қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы
уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері
бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе
мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
❖ Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
❖ Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы
уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде
дамуы туралы білуі қажет.
❖ Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
❖ Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
қажет.
❖ Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне
дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар
алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын
қалыптастыруы қажет.
❖ Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі
модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді
ұйымдастыра білуі қажет.
❖ Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты
даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде
үйлестіруші болуы қажет.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән
бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда,
электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды
қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген
әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік
орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі
педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек
нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын
ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше
компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады.
Олар:
• Дидактикалық жүйе;
• Технологиялық жүйе;
• Қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін
қолдануға болады:
1. Ақпараттық-рецептивті;
2. Репродуктивті;
3. Мәселелік мазмұндау;
4. Әвристикалық;
5. Зерттеу;
Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл
кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен
студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс-технология - оқытушы - тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан
консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және
мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды
пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған
әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға
оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-
әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда
ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер
тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
белсендіруге:
• Жұмыс дәптері.
• Анықтама.
• Оқу, аудио, бейне материалдары.
• Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
➢ Курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
➢ Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен
бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу
материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр
түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
➢ Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең
таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер,
слайд-шоу пайдаланылады.
➢ Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
➢ Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады
(Интернет, CD-ROM).
➢ Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
➢ Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы
интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын
қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
❖ Интернет желісін пайдалану;
❖ Әлектрондық поштаны пайдалану;
❖ Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
❖ Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік
компьютерлік класс;
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электронды байланыс жүйелерінде
ақпарат алмасу интернет, электронды почта, телеконференция,
видеоконференция, телекомуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ
кез келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі. Мұндағы
ең басты назар аударарлық мәселе – олардың ара салмағы. Демек кемшілігін
түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіру түсу қажет.
Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша
конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы
ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға
көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет
көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу
қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті
білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып
табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою;
білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында
өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан
оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы
орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар
өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру
негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа
ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға
деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі
ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін
арттыруға мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Пәндер