Қазақстандағы саяси қоғамдық қозғалыстар



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Қазақстандағы саяси қоғамдық қозғалыстар
Б) Қазақстандағы қазіргі кездегі саяси қозғалыстар
3.Қорытынды
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:
1).жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2).экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді;
3).ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық – саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу » деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұғымы, жұмысынң біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптпсады.
1. “Қазақ энциклопедиясы”
2. Д.Жамбылов “Саясаттану”
3. “Қазақстан" газеті
4. Интернет көзі

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:
1).жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2).экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда Бірлік деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта Парасат деген ұйым дүниеге келді;
3).ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық Азат қозғалысы қоғамдық - саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, Желтоқсан, Алаш партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық Лад, Русская община, казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұғымы, жұмысынң біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптпсады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптпрды да біріктіруі мүмкін. Кобіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар 4-ке бөлінеді.:
I. Консервативтік;
II. Реформистік;
III. Революциялық;
IV. Контрреволюциялық .
Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт - насихат, әрекет ету сатысы дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.

2. Алаш партиясы (1917 -- 1920) -- 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы -- Әлихан Бөкейханов.
Алаш Орда қозғалысы
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
Алаш партиясының өмірге келуі
1917 жылдың 21 қараша күні Қазақ газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. Алаш партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. Алаш партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда Ғылым-білім үйрету жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан Алашорда үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. Ойыл уәлаяты уақытша үкіметі - XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. Ойыл уэлаяты уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған .
Алаш партиясының жетекшілері
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. Алашорда атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ Алашорда мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады . Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады деп Жүсіп Баласағұнның Құдатғу білік еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі - автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі - Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі - Ахмет Байтұрсынов Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді, - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді, - деген Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: Біздің тәжірибемізде қазақ тілі - бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды, - деген пікірді айтқан .
Азат қозғалысы
ХХ ғасырда қазақ халқы тарихында айрықша орын алатын ұлттық саяси сананың ұжымдасу мысалы болған екі құбылыс болды. Оның бірі - ғасырдың бас кезіндегі патшалық Ресей қоғамының білімі мен білігін бойларына сіңіріп,өзегін ел егемендігі өртеген, ұлттық зиялы қауым құрған Алаш партиясы да, екіншісі - ғасырдың соңында қарапайым бұқараның азаттыққа деген құлшынысынан туындаған Азат қозғалысы. Бұл екеуінің де мақсаты елге азаттық әперуге ұмтылу болғанмен, тарихи мұраты (миссиясы) екі басқа болып қалыптасты: Алаш азаттық жолындағы қазақ халқының авангардтық саяси тұлғасы болса, Азат егемендену кезіндегі халықтық қозғалыстың саяси сыйпаты болды.
Алашты ат төбеліндей ұлттың алдыңғы қатарлы тобы құрса, Азат қалың бұқараның қолдауымен дүниеге келді. Біреуі - ұлттық ақыл-ой мен күш-қайраттың бір сәтке болса да бірігу көрінісі болса, екіншісі - халықтың ұлт болып қалыптасқан жігерінің көрінісін әйгіледі. Сондықтан да Алаш халық арасында саяси ағартушылық пен мемлекет құру идеясын ту етсе, Азат саяси белсенім мен мемлекетке ие болу мұратын іске асыруға талпынды. Алаштың негізгі кейпі тарихтың төріне жайғасып, әрі-бері зерттелгенін ескере отырып, жаңаша тарихтан орын алуға тиісті Азатқа тоқталудың қыйсыны келген еді.
Қазақстанның Азаматтық Азат қозғалысының 1990 жылдың шілдесінде өткен құрылтайына дейін, Азаттан бұрын құрылып, кейінірек оның құрамына енген Парасат қоғамы 1989 жылы шілде айында болған Жаңаөзен оқиғасынан кейін Маңғыстау облысында марқұм Сайын Шапағатов ағамыздың басшылығымен жұмыс істеп жатса, Ақтөбедегі Қазақ тілі қоғамының құрамынан бөлініп, отау тіккен жастардың Алдаспан клубы өз ықпалымен бұл кезде Ақтөбе түгілі Алматыға әйгілі болған ұйымдар еді. Сол секілді Арал қаласынан Тамшы, Целиноградтан Тіл және мәдениет бірлестіктері секілді жергілікті ондаған ұйымдарды атауға болады.
Азатты өрлеткен көтеріліс
Келесі жылы, болып өткеніне жиырма жыл толмақшы 1991 жылғы Оралдағы қыркүйек көтерілісі - қазақ халқының ХХ ғасыр соңындағы азаттық жолында жасаған тарихи үш бұлқынысының бірі еді. Қалған екеуі:
1986 жылғы бүкілхалықтық Желтоқсан ереуілі;
1989 жылғы Жаңаөзендегі шілде көтерілісі.
Бұлардың ішіндегі Орал көтерілісінің ерекшелігі сол, ол алдыңғы оқиғалардай тосын да стихиялы түрде емес, саяси мақсат көзделіп, белгілі бір ұйымның және нақты топтың басшылығымен өз нәтижесіне жеткен айтулы да ел тарихындағы маңызды оқиға болды. Мұның байыптылығы сонда, жан-жақтан Оралға аттанғандар неге және қандай қатер болуы мүмкін екендігін жақсы білді және елдің бар аймағын қамтыған жалпыұлттық аттанысқа айналған.
Жалпы, Орал оқиғасы Азаттың миссиясын онан сайын жарқыратып аша түсті: ұлттың саяси белсенімі артып, рухани еңсесі көтеріліп, халықтың өзіне деген сенімі пайда болды. Ең бастысы - солтұстан төнген шекара қаупы сейілді. Горбачевтан бастап ресейлік талай шовинистердің сөзіне талғажау болған солтұстық аумағымыз моральдық және саяси бекініске айналды.

НЕВАДА - СЕМЕЙ

Невада -- Семей қозғалысы туралы көп айтылды -- мақалалар, сұхбаттар, түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде шетелдік авторлар да бар. Сондықтан Невада -- Семей туралы көлемді әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте қажеттігі міндеттеп отыр.
Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, 20 ақпанда болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады.
Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық Жасыл әлем ұйымына, Адамзатты аман алып қалу халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тиым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Үндеу адамдардың, әсіресе ядролық жарылыстардың ауыр жүгін қырық жыл бойы көтеріп келгендердің жүректеріне бірден ұялап, көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты.
Тек наурыз айыңда ғана Үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойылды, ал қозғалыс қорына көптеген қайрымдылық қаржысы келіп түсті. Ал 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді -- планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Елімізді және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазіргі саяси белдесуде Невада -- Семей қозғалысы өзінің асқан гумандығымен және адам сүйгіштігімен ерекше көзге түседі және осы үшін ғана құрметтеуге әрі қолдауға лайық.
Қозғалыс, бейнелеп айтқанда, жұртты ұйқысынан оятты.

Бұл жолы Белоусов өз бетінеп қайтпастан сөз алды. Оның жалынды сөзін делегаттар зейін қоя тыңдады.Курчатов қалалық атқару комитетінің төрағасы Е. Чайковский ядролық жарылыстарға қарсы белсенді күрес жүргізді, ол Курчатов қаласының азаматтық тұрғындарын ядролық жарылыстар жалғасқан жағдайда әскерлерге бағынбауға шақырды. Ол әртүрлі жиындарда, соның ішінде халықаралық форумдарда да сеніммен, жасқанбай сөйлеп, ядролық жарылыстарды тоқтатуды талап етті.
Қозғалыс қаузауымен өткізілген көптеген қарсылық митингтері, баспасөз конференциялары, халықаралық жиындар, Семей полигонындағы және бүкіл дүние жүзіндегі ядролық сынақтарға қарсы күресте топтастырғыш күшке айналды.

Біз Невада -- Семей тәрізді қозғалысты қолдаймыз, оның бұқаралығы мен адамгершілік мақсаты қоғамға қажет-ақ.Бұған қарсы әрекеттердің бәрі де орынсыз Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс - қоғамдық-саяси ұйым. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі
Азат азаматтық қозғалысы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Желтоқсан оқиғасы
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Пәндер