Қазақ поэзиясындағы есімдіктер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім
1. Есімдіктердің зерттелу дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Қазақ поэзиясындағы есімдіктердің мағыналық топтары ... ... ...
2.1 Есімдіктердің жыраулар поэзиясындағы көрінісі ... ... ... ... ... ...
2.2 Абай поэзиясындағы есімдіктердің қолданылу сипаты ... ... ... ...
3. Есімдік түрлерінің қолданысындағы көркемдік.стильдік ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Адамдар бір-бірімен тіл арқылы ұғынысады, іштегі ой-қиялының тамаша сырларын төгілтіп сыртқа шығарады. Ал тілдің негізгі байлығы - сөз. Сөз байлығы ұшан теңіз мұхит, сол мұхиттың түбінде маржанша төгіліп жатқан - поэзия. Дәл бір інжу тергендей ақын оны сөз теңізінен теріп алмақ!.
Іші алтын, сырты күміс сөз еркесін ердің ері, дананың данасы, ақынның да ақыны табады. Шын ақынға өлеңсіз тіршіліктің сәні жоқ болып көрінеді. Өлең оның жүрегіне азық, көңіліне қорек болып табылады. Өмір қайшылығының қат-қабатында да, табиғаттың сыр-сымбатында да, достық пен махаббатта да, жақсылық пен жамандықта да тіл бітіріп, ақын ойының нұр сәулесін түсіретін де өлең. Сондықтан да біз өмір өзені болған поэзияны - тіршіліктің көкейкесті мәселесі, яғни тарихтың айнасы деп қараймыз. Осы күні қазақ тілі мен әдебиетінің әр салаларында поэзия әр қырынан танылып, ондағы әрбір текті сөздерінің тегін қарастырып зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», - деп, Абай атамыз бағыт-бағдар сілтеп жол көрсетеді. Менің осы жұмысты қолға алып, тақырып таңдауыма себепкер әрі ойтүрткі болған сөздер тізбегі болатын. Поэзиямыздың бай мұрасынан тілге тиек етер байлығымыз - есімдіктер, олардың орны мен қолданылу аясы. Сонымен қатар есімдік әр кезеңде қандай дәрежеде, қандай сипатта қолданылды деген сұрақтар көлемінде сөз қозғаймыз. Есімдік қандай сөз табы екенін анықтау үшін, әртүрлі еңбектерде берілген анықтама-пікірлерді қарастырамыз.
Есімдікте нақты мағына жоқ, тек жалпы абстракты мағынада жұмсалады. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүре беретін орынбасарлық қызметі бар есімдіктің қандай мағынада қолданылып отырғанын алдыңғы немесе соңғы сөздерден айыруға болады. Бұл туралы ғалым А.Ысқақов: «Есімдіктердің нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады» (21, 207), - дейді. Егер есімдіктердің нақты мағыналарын саралап қарайтын болсақ, сөздердің орнына, қолданылу аясына байланысты, біріншіден - заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер; екіншіден - заттық ұғымды беретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Заттық ұғымды білдіретін сөздерді субстантивтік, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарларын атрибутивтік есімдіктер деп те атауға болады. Поэзия жанрында олардың контекстік мағынасын ажыратамыз. Мысалы:
1. Құнанбаев А. Шығармалары, Алматы, «Ғылым», 1977ж.
2. Айғабылов А. «Қазақ тілі морфологиясы», Алматы, «Білім», 1997ж.
3. Балақаев М. «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1992ж.
4. Баскаков Н.А. «Введение в изучение тюркских языков», Москва, «Высшая школа», 1968ж.
5. Бектуров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі», Алматы, «Білім», 1994ж.
6. «Бес ғасыр жырлайды», I том, Алматы, «Жазушы», 1989ж.
7. Ибатов А. «Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан», Алматы, «Ғылым», 1966ж.
8. Ибатов А. «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі», Алматы, «Ғылым», 1988ж.
9. «Исследования по общей теории грамматики», Москва, «Наука»,1968г.
10. Кеңесбаев С., Жиенбаев С. «Қазақ тілінің грамматикасы», I-бөлім, Алматы, ОҚБ, 1949ж.
11. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі», Алматы, ҚазССР-нің «Ғылым» баспасы, 1989ж.
12. Қордабаев Т., Томанов М. «Тарихи грамматика мәселелері», Алматы, «Мектеп», 1975ж.
13. Құнанбаев А. «Шығармаларының толық жинағы», Алматы, Казмемкөркемәдеб. баспасы. 1961ж.
14. Құдайбергенов С. «Киргиз тилиндеги ат атоочор», Фрунзе, 1960ж.
15. Сыздықова Р. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Алматы, «Ана тілі», 1993ж.
16. Суник О.П. «Общая теория части речи», Ленинград, «Наука», 1966ж.
17. Тектіғұлова Ж. «Қ.Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының проблемалары», Алматы, «Білім», 1994ж.
18. Төлеуов Ә. «Сөз таптары», Алматы, «Ғылым», 1982ж.
19. Томанов М. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», А., «Мектеп», 1988ж.
20. Төлеуов Ә. «Қазақ тілінің есім категориясы», «Алматы», «Ғылым», 1965ж.
21. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1991ж.
22. Яссауи А. «Диуани Хикмет», Алматы «Ғылым», 1993 ж.
23. Поцелуевский А.П. Происхождение личных и указательных
местоимений. Ашхабад, 1947ж.
24. Ашнин Ф.Д. Указательные частицы в тюркских языках. Известия АНСССР, выпуск 5, 1958ж.
25. Айдаров Ғ. Орхон ескерткішінің тексі. А., «Ғылым», 1990 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім
1. Есімдіктердің зерттелу
дәрежесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
.
2. Қазақ поэзиясындағы есімдіктердің мағыналық топтары
... ... ...
2.1Есімдіктердің жыраулар поэзиясындағы көрінісі
... ... ... ... ... ...
2.2Абай поэзиясындағы есімдіктердің қолданылу
сипаты ... ... ... ...
3. Есімдік түрлерінің қолданысындағы көркемдік-стильдік
ерекшеліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Диплом жұмысы өткен ғасырлардағы қазақ поэзиясындағы есімдік
түрлерінің қолданылу ерекшелігін, көркемдік-стильдік қызметін ашып
көрсетуге арналған. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму барысында әр
кезеңдегі әдеби тіл үлгілерінің орны айрықша. Ауызша дамыған поэзия тілінің
лексика–грамматикалық, көркемдік-стильдік, ерекшеліктерін талдап-таныту,
әдеби тіл дамуына қосқан үлесін, қызметін ашып көрсету - әлі де зерттей
түсуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Поэтикалық сөз өрнегін
қалыптастыруда, риторикалық амал-тәсілдерді жасауда морфологиялық сөздер
тобынан – есімдіктердің рөлі, көркемдік қызметі айрықша.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

Жұмыстың мақсаты - есімдіктердің ерте кезден-ақ поэзия жанрында да
үлкен орын алғандығын, әр кезеңдердегі ақын-жыраулардың есімдіктерді
қолдануындағы түрлі ерекшеліктері, оның мағыналық топтарындағы әр түрлі
стильдік реңк-бояулары болатындығын ашып көрсету.
Міндеті - өткен ғасырлардағы поэзия тіліндегі есімдік, оның түрлерін,
мағыналық топтарын жинақтап көрсету, олардың қолданысындағы мағыналық-
стильдік ерекшеліктерді анықтап, мысалдармен (тілдік фактілермен)
дәлелдеп, талдау жасау.
Жыраулар поэзиясы мен Абай өлеңдеріндегі есімдіктердің қолданылу
ерекшеліктерін салыстыра отырып ашып көрсету.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Кіріспе
Адамдар бір-бірімен тіл арқылы ұғынысады, іштегі ой-қиялының тамаша
сырларын төгілтіп сыртқа шығарады. Ал тілдің негізгі байлығы - сөз. Сөз
байлығы ұшан теңіз мұхит, сол мұхиттың түбінде маржанша төгіліп жатқан -
поэзия. Дәл бір інжу тергендей ақын оны сөз теңізінен теріп алмақ!.
Іші алтын, сырты күміс сөз еркесін ердің ері, дананың данасы, ақынның
да ақыны табады. Шын ақынға өлеңсіз тіршіліктің сәні жоқ болып
көрінеді. Өлең оның жүрегіне азық, көңіліне қорек болып табылады. Өмір
қайшылығының қат-қабатында да, табиғаттың сыр-сымбатында да, достық пен
махаббатта да, жақсылық пен жамандықта да тіл бітіріп, ақын ойының нұр
сәулесін түсіретін де өлең. Сондықтан да біз өмір өзені болған поэзияны
- тіршіліктің көкейкесті мәселесі, яғни тарихтың айнасы деп қараймыз.
Осы күні қазақ тілі мен әдебиетінің әр салаларында поэзия әр қырынан
танылып, ондағы әрбір текті сөздерінің тегін қарастырып зерттеу жұмыстары
жүргізіліп жатыр. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез, - деп,
Абай атамыз бағыт-бағдар сілтеп жол көрсетеді. Менің осы жұмысты қолға
алып, тақырып таңдауыма себепкер әрі ойтүрткі болған сөздер тізбегі
болатын. Поэзиямыздың бай мұрасынан тілге тиек етер байлығымыз -
есімдіктер, олардың орны мен қолданылу аясы. Сонымен қатар есімдік әр
кезеңде қандай дәрежеде, қандай сипатта қолданылды деген сұрақтар
көлемінде сөз қозғаймыз. Есімдік қандай сөз табы екенін анықтау үшін,
әртүрлі еңбектерде берілген анықтама-пікірлерді қарастырамыз.
Есімдікте нақты мағына жоқ, тек жалпы абстракты мағынада жұмсалады.
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүре беретін орынбасарлық қызметі
бар есімдіктің қандай мағынада қолданылып отырғанын алдыңғы немесе соңғы
сөздерден айыруға болады. Бұл туралы ғалым А.Ысқақов: Есімдіктердің нақты
мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына
қарай айқындалады (21, 207), - дейді. Егер есімдіктердің нақты мағыналарын
саралап қарайтын болсақ, сөздердің орнына, қолданылу аясына байланысты,
біріншіден - заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын
есімдіктер; екіншіден - заттық ұғымды беретін сөздердің орнына қолданылатын
есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Заттық ұғымды білдіретін
сөздерді субстантивтік, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарларын
атрибутивтік есімдіктер деп те атауға болады. Поэзия жанрында олардың
контекстік мағынасын ажыратамыз. Мысалы:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен болмасам болайын, сен аман бол -
деген Абайдың өлең жолында есімдіктердің қызметі айқын көрінеді.
Сондай-ақ өте актив және атауыштық мағынада қолданылғандығын да аңғарамыз.
Базарға қарап тұрсам әркім барар,
Іздегені не болса сол табылар (13, 147) - деген өлең жолдарынан
есімдіктердің субстантивтік мәнде жұмсалып тұрғандығын да ашық байқауға
болады.
Бұл жұмыстың тақырыбына өзек болған поэзия тіліндегі есімдіктерді жеке
алып қарастырудағы себебім: ерте кезден-ақ поэзия жанрында есімдік, оның
түрлерінің үлкен орын алғандығын, әр дәуірдегі ақын-жыраулардың
есімдіктерді қолданылуында түрлі мағыналық-стильдік ерекшеліктері
болатындығын ашып көрсету, есімдіктердің жұмсалуындағы көркемдік-
эстетикалық заңдылық-тарды айқындау еді.
1. Есімдіктердің зерттелу дәрежесі

Есімдіктер, олардың құрамдық ерекшелігінің айрықша көзге түсуі
негізінде ғалымдар назарын ерте кезден-ақ өзіне аударған. Сондықтан
есімдіктерге тән жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттеуге, олардың
тарихы мен қалыптасу жүйесін анықтауға арналған еңбектер біршама баршылық.
Алтай тіліндегі есімдіктерді зерттеу жұмысын алғаш рет қолға алушы әйгілі
ғалым Кастрен болды. Оның 1850 ж. Гельсингфорсте жарияланған еңбегі алтай
тіліндегі есімдіктер жайын сөз етуге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу болған
еді. Бұдан соң алтай тілі жайындағы құнды еңбек О.Бетлингктің еңбегі болды.
Бұл аталған еңбекте жалпы алтай және моңғол, түрік туыстас тіл жайында да
өте құнды пікірлер айтылған.
Сонымен қатар осыған жуық урал-алтай тілдеріндегі есімдіктерге
байланысты көптеген зерттеулер жүргізген. Кейініректе зерттеу әдісі
кеңінен орын алған. Бұл салыстырма зерттеу әдісі артынша В.Радловтың
еңбектерінде одан да әрі дамытылды. Бұдан соң В.Бонгтың жалпы түркі
тілдеріндегі және осман түріктерінің тіліндегі есімдіктер мен кейбір
жұрнақтар және сұрау есімдіктеріне арналған көлемді еңбектері бар.
Бұлардан соң алтай тілдеріндегі есімдіктерді талдауға арналған құнды
еңбектердің бірі В.Котвичтің жұмысы болды. Түркі туыстас тілдердің
есімдіктерін жүйелеп зерттеуге А.П.Поцелуевскийдің (23) және Ф.Д.Ашниннің
(24) еңбектері арналды.
Жоғарыдағы аталған еңбектерінде тілге тиек етіп отырған тоғыз сөз
табының ерекше түрі есімдіктің жалпы алтай тілі, урал-алтай, осман-түрік
тілдеріндегі даму заңдылығын, тарихын, тілдік қолданысын ажыратып, ғылыми
жүйеге түсірген. Бастау болған осы еңбектің нәтижесінде салыстырмалы-тарихи
әдіс бойынша бір тілдегі есімдікті ғана емес, жеке-жеке мағыналық
ерекшелігіне байланысты зерттеулер жүргізілген.
Жеке тілдерге тән есімдіктер жүйесі мен оның жалпы мағыналық
топтарын сөз етуге арналған зерттеушілер қатарында Н.К.Дмитриевтің
Указательные местоимения в османском языке, Об указательных местоимениях
в башкирском языке, Ф.Д.Ашниннің Принципы дифференциации туркменских
указательных местоимений", Н.Т.Сауранбаевтың Есімдіктер, Ш.Ш.Сарыбаевтың
К вопросу о местоимений в казахском языке, О местоимениях ту, тунеу,
А.Төлеуовтің Қазақ тіліндегі есімдіктер, С.Құдайбергеновтің Қырғыз
тіліндегі есімдіктер, А.Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер,
А.Боржаковтың Түрікмен тіліндегі есімдіктер сияқты еңбектерді атауға
болады. Бұл келтірілген еңбектердің бәрінде де жеке авторлардың есімдіктер
тарихы және олардың құрамы мен қалыптасу жүйесі т.б. мәселелер жайында
айтылған өзіндік пікірлері бар. Сөздердің лексика-грамматикалық топтарының
да, оның ішінде есімдіктердің де қолданысы стилистикалық тұрғыдан зерттеле
бастады (Р.Сағынбаева).
Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған. Ең алдымен, олардың
мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе; екіншіден, түбір
сөздегі қосымшалардың кезігуіндегі көне формаларының сақталып қалуынан да
айқын көруге болады. Сонымен қатар есімдіктердің әр тілде өзіндік
ерекшелікгеріне байланысты сақталып қалуын, аздаған өзгешеліктері болса да
кездесуін, бірыңғай сөздер болып келуін де байқаймыз. Мысалы: Қазақ
тіліндегі мен, сен есімдіктері өзге түркі тілдерінде айталық, түрікмен,
құмық, қарашай, қарақалпақ, шар, өзбек, ойрат, қырғыз, алтай тілдерінде де
мен, сен; гагауыз, қарайым, ноғай тілдерінде: бен, сэн; түрік
тілдерінде: бен, сен; татар, хакас тілдерінде: мин, син; башқұрт
тілдерінде: мин, һин болып та қолданылады.
Сол сияқты көптеген есімдіктер белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер
арқылы немесе қолданылу мақсатына қарай өзге сөз табына және грамматикалық
көрсеткіштер қатарына да айналып кететіні байқалады. Бұл жағдай, негізінде,
жіктеу есімдігінде көп кездеседі. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу
есімдіктерінен - мын, -мін, -сың, -сің жіктік жалғаулары және -м, -ң, -ы
тәуелдік жалғаулары, біз, сіз жіктеу есімдіктерінен -мыз, -сыз, -сіз сияқты
көптік, сыпайлық мәнді жіктік жалғауы және тәуелдік жалғаулары жасалған.
Тарихи жағынан алып қарағанда баяндаулы аффикстердің I жақ жекеше
-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін және ІІ жақ жекеше -сың, -сің, -сыз,
-сіз түрлерінен мен, сен, сіз жіктеу есімдіктері шыққанын, сондай-ақ көпше
түрі -мыз, -міз, -пыз, -піз жалғауларынан біз есімдігінің шыққанын ескі
ескерткіштер мен қолжазбаларда кездесетін фактілерден айқын көруге болады.
Мысалы: Қырғыз оғлы мэн. Үчін Күлүг тіріг оғлы бэн. Күлүг Тоған бэн. Абаң
сэн барсасан - егер сен барсаң. Осындағы оғлы мэн, оғлы бэн, Тоған
бэн деген тіркестердегі Мэн, бэн сөздерінің қазіргі қолданылу
дағдысындағы -мын, -бын жіктік жалғауының о бастағы әлі де болса
дербестігін жоя қоймағандығын аңғартады.
Есімдіктер - түгел дерлік туынды сөздер. Олардың қайсы бірі біріккен
сөздер болса, кейбірі қосымшалар арқылы жасалған, енді бірі сөздердің
синтаксистік тұрақты тіркестері арқылы жасалған сөздер. Есімдіктерді
қалыптасу процесіне қарай ежелгі немесе байырғы, көне есімдіктер және
бертінде пайда болған кейінгі, жаңа есімдіктер деп күрделі екі топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа: а) бір кездерде дербес сөз не қосымшалар есебіңде
қолданылып, қазіргі кезде белгілі бір сөздің бір дыбыстық құрамы сияқты
болып кеткен -н, -м, -ң элементтері арқылы жасалған мен, сен, ол (он-ан),
біз (бі-сі), сіз (сі-сі), қай (қан), кім (кі-мі) және дә элементі арқылы
жасалған дәнеңе (дә-неңе) сияқты сөздер.
ә) Байырғы сілтеу мәнді тұлғалардың бірігуі арқылы жасалған: бұл (б-
ол), міне (мін-е), мына (мын-а), әне (ән-е), ана (ан-а), осы (ош-бу), сол
(ош-ол), қане (қан-і) сияқты көне тұлғалы сөздер жатады.
Екінші топқа жататын сөздер іштей екі саладан құралады.
1) Лексикалық тәсіл арқылы пайда болған сөздер.
а) Өзге сөз таптарынан ауысқан бар, бүкіл, бір, біреу, түк, дым сияқты
есімдіктер; ә) басқа тілдерден ауысқан күллі, тамам, әлде, әр, пәлен, еш
сияқты сөздер жатады.
2.Грамматикалық тәсіл арқылы пайда болған есімдіктер.
а) морфологиялық тәсіл. Көне есімдік тұлғаларының кейбір сілтеу, сұрау
есімдіктерінің бірігіп айтылуы арқылы жасалған мынау (мына-у), анау
(ана-у) сөздері; ә) синтаксистік тәсіл. 1. Кейбір сілтеу және сүрау
есімдіктерінің бірігіп айтылуы арқылы жасалған осынау (осы-анау), сонау
(сол-анау), қайсы (қай-сол) сөздер. 2. Әрқилы қосымшалар арқылы жасалған
бәрі, барлық, барша, қанша, неше, қандай сөздері; 3.Сөз тіркесінен пайда
болған бірде-бір сөздері жатқызылады.
Есімдікті зерттеушілердің назарын аударған мәселе - жіктеу есімдігі
мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысы. Н.А.Баскаков жіктеу және
сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын сілтеу, тәуелдеу және жіктеу
есімдіктері деген ізбен сатылай көрсетеді (7, 12). Сонда бұл есімдіктердің
көне түрі сілтеу есімдіктері болады да, әрі қарай екінші сатысы - тәуелдеу
есімдігі, ілік жалғаулы сілтеу жөне жіктеу есімдіктері, үшінші саты -
жіктеу есімдігі болып көрінеді.
Демек, есімдіктер, олардың мағыналық түрлері ғалымдардың назарын өзіне
ерте аударғандығын байқадық. Қазіргі қазақ тіл білімінде бірқатар
ғалымдардан Ә.Төлеуовтің, Ә.Ибатовтың зерттеулерінде есімдіктердің лексика-
семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік
қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып табылатындығы ғылыми
негізде сипатталып дәлелденеді. Есімдіктер – мағынасы тым жалпы сөздер.
Олар сөйлемнен тыс жеке дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен
өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары
қашан да дәл нақтылы болып келмей, жалпылама қалыпта кездесіп отырады.
Есімдіктердің кейбір топтарына тән өзіндік морфологиялық түрлену
ерекшеліктері де бар. Ондай ерекшеліктер ең алдымен, есімдіктердің көптелу
және септелу жүйелерінде өте айқын көрініп тұрады. Бұған көптік мағынаны
білдіруші 3 морфемасы (біз, сіз дегендегі) және жіктеу, сілтеу
есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалатын, барыс септігінде пайда
болатын н дыбысы жатады. Кейбір қосымшалар арқылы ғана жасалған көне сөздер
болмаса, есімдіктерден жаңа сөз жасаламайды.
Қорыта айтқанда, есімдіктер – мағыналары тым жалпы, контексте
қолданылу мақсатына қарай әртүрлі мағыналарға ие болатын сөздер тобы. Олар
– іштей субстантивтік және атрибутивтік болып бөлінетін, соған байланысты
бәріне ортақ түрлену формасы жоқ және синтаксистік қызметі де әр алуан
болып келетін сөздер.

2.Қазақ поэзиясындағы есімдіктердің мағыналық топтары
2.1 Есімдіктердің жыраулар поэзиясындағы көрінісі
Поэзия жанрында қолданылатын әрбір сөз, ой өрімдерінің өзіндік
қызметі, беретін мағыналары бар екені белгілі. Әрбір текті сөздің тегін
қарастыра келіп, ғылымдық жүйеге келтіріп қыр-сырын ашуға болады.
Поэзиядағы есімдіктердің қолданысын, жалпы көрінісін сөз етуді жыраулар
туындыларынан бастаймыз.
Әдеби норманы қалыптастыруда орны бар қазақ халқының төл туындыларының
бастауы жыраулар поэзиясын қарастырамыз. Жыраулар поэзиясы ХҮ-ХҮІІІ
ғасырларды қамтиды. Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев,
Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, С.Исаев, Ә.Дербісалин сияқты ғалымдардың
жүргізген зерттеулері бойынша ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халық әдебиетін
танытатын едәуір үлгілерінің бар екендігі анықталды. Бұлардың иелері
Асанқайғы мен Қазтуған, Шалкиіз бен Доспамбет, Жиембет пен Марғасқа,
Ақтамберді мен Тәтіғара, Үмбетей мен Бұқар жырау.
Бұл кезең ескерткіштерін әңгіме етерде, олардың текстологиялық жай-
күйлерінің бірдей еместігін ескеру керек. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ
поэзиясы (Ғылым баспасы, 1982) деген кітаптағы өлең-толғаулардың ішінде
ең әрідегі дәуір ХҮ ғасырдың өкілі Асанқайғы толғауларының тілі, стилі
жағынан әлдеқайда жаңа, біздің заманға жуықтау тұрғаны байқалады. Сірә, бұл
факт Асанқайғы ойының өзі аңызға айналғанымен қатар, толғаудың да көп
ұрпақтардан өтіп, заман сайын өзгеріп жеткендігін танытады.
Ертедегі әдеби үлгілердің тілі жағынан өзгеріске ұшырауының бірнеше
себептері бар. Ең алдымен, ол мұралардың ауызша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
ауызша жетуі өзгерістің объективті-субъективті мотивтерін туғызады. Әдеби
мұраны жеткізуші мен қабылдаушы өз бастарының ақындық дарындылығына,
көркемдік талғамдарына қарай, кейбір тұлға-тәсілдерді өзінше жаңғыртып,
тексті ішінара редакциялау құқына ие болады. Ғалым Р.Сыздықова жыраулар
поэзиясы жайлы: Тілдік талдауға келгенде, мына жайттар назар аудартады.
Сөз етіп отырған дәуірдегі үлгілерді таза қазақ тіліндегі нұсқалар дегеннен
гөрі, қазақ пен ноғай тілдерінде ортақ туындылар деп таныған дұрыс болар.
Өйткені, Ш.Уәлиханов айтқандай, Жәнібек ханның билік құрған шағында қазақ
пен ноғай бірге өмір сүрген кезі өлең-жырдың алтын дәуірі болды (15, 95) -
дейді. Өлең-жырдың алтын дәуірі атанған жыраулар поэзиясындағы әсіресе
есімдіктердің қолданысы назар аудартады. Бұл дәуірдің ерекшелігі жіктеу
есімдіктерінің жоғары қызметінен көрінеді. Образды сөз жасауда жыраулар
тіліне жиі оралған мен, сен, ол жіктеу есімдіктері. Мысалы, Шалкиіз
жыраудың Би Темірге бірінші толғау деп аталатын толғауында мен және сен
деген жіктеу есімдіктері образ жасауда метафоралық тәсілмен көркемдік
қызмет атқаруға жұмсалып тұр.
Сен алтынсың - мен тұлмын.
Сен жібексің - мен жүнмін.
Сен сұлтансың - мен құлмын.
Сен сұңқарсың - мен қумын (6, 39) -деп берілген. Сонымен қатар, жіктеу
есімдіктерінің барыс септік тұлғасында тұрып, антитеза құбылысын жасау үшін
маған, саған түрлері де қолданысқа енген.
Саған дұшпан - маған жау.
Керегі күні алдыңда
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!
Сонымен қатар ХҮІІІ ғасыр Бұқар жыраудың тілінде метафора құбылысын
жасауда жіктеу есімдіктерінің қызметі байқалады. Онда:
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын - деген I, II жақ қолданысы бар. Ілік
септігінің қысқарған түрі немесе қыстырма, кейде факультатив көрсеткіш деп
ғалымдарымыз дәлелдемелер жасап жүрген -ның, -нің, -ны, -ні -н дыбыстарының
толық сақталған түрін Жиембет жыраудың Еңсегей бойлы ер Есім деген
жырынан көруге болады. Мұнда:
Меніңменен ханым ойнаспа,
Жолбарыс пенен аюдай - деп берілген.
Бұл көрініс қазақ тілінің әдеби мұраларынан да кездесіп қалады.
Қартайғанда атаң Базарбай, Сенің үшін күймей ме? (Қыз Жібек), Мен
айтайын сен тыңда, Соның үшін келемін (Қобыланды эпосы). Қысқарған
формалар қазіргі қазақ тілінің көмектес септік жалғауларын қабылдап,
менімен (менің - мен), сенімен (сенің - мен), онымен (оның - мен) сияқты
есімдіктерді туындылар тілінен кездестіруге болады.
Ал жыраулар поэзиясында ол толық қысқартылмай, менің - менен болып
қолданылатынын көреміз.
Табыс септікте ІІ жақ сені менен I жақ мен қатар сөз тіркесін жасап
қолданылатынын да байқауға болады. Бұқар жыраудың Ал тілімді алмасаң
деп аталатын жырында Сені мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің"- деп
берілген.
ІІІ жақ ол жіктеу есімдігінің о бастағы түбірі о ғана болғанын
жыраулар поэзиясынан да анықтауға болады. Бұл дәуір жырлары ауызекі тілге
жақын болғандықтан да болар, ол тілдік көрініс жақсы сақталған. Ілік
септігі оның болып қолданылады. Мысалы:
Бұқар жырауда:
Ұяда алтау туғанмен,
Оның ішінде біреуі-ақ
Алғыр болмас па?
Ол жіктеу есімдігінің тұлғасында жиі жұмсалғандығын байқаймыз.
Жыраудың Жиырма деген жасыңыз деген жырында:
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен - деген қолданысты көреміз.
Шығыс септігінде ол жіктеу есімдігі онан түрінде келген:
Ақсүйекті ер тұтқан,
Қараны онан зор тұтқан.
Одан түрінде келуі де кездеседі:
Мінезді болса алғаның,
Одан артық жар бар ма (Ақтамберді).
Поэзия жанрында ұшырасып отыратын кейбір құбылыстардың көрінісін
Шалкиіз жыраудың Ор, ор қоян, ор қоян деген жырынан байқауға болады.
Онда: Сөйлегенде сөзі аузына сыймаған.
Еріккенде қызыл тілін тыймаған.
Ғақбытлы сол жаман,
О дағы бір бәлеге жолығар! - деп жырлаған.
ІІІ жақ жіктеу есімдігі шылау қызметіне жақын, жатыс септігіндегі дағы
формасын қабылдау арқылы субстантивтік қызмет атқарып тұр.
Жіктеу есімдігінің көпше түрі бізге, біздер, сіздер байланыста онша
қолданылмаған. Тек Қазтуған жыраудың Алаң да, алаң, алаң жұрт деп
аталатын толғауында қолданыс тапқан:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Аққала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт - деген шумақта біздің жіктеу есімдігі көпше
түрде ілік септігінің жалғауын қабылдап, атрибутивтік қызметте жұмсалған.
2.2 Абай поэзиясындағы есімдіктердің қолданылу сипаты
Жыраулар поэзиясынан кейін XIX ғасырдың ІІ-жартысында өмір сүрген
қазақ халқының ұлы классик ақыны А.Құнанбаев поэзиясындағы есімдіктердің
қолданылу ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Абай қазақ халқының жазба әдеби тілінің негізі етіп жалпы
халықтың сөйлеу тілі мен казақтың, қолтума байырғы әдеби тіліне сүйеніп,
соны үлгі етті.
Оның шығармалары - прозасы да, өлеңдері де - осы негізде (әдеби тілде)
жазылған. Абай поэзиясында қазақтың ауызша тарап келген байырғы төл әдеби
тілін негіз етті. Оның барын дамытып, жоғын жаңалап, жаңа сатыға көтерді.
Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты
өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай дамытты. Бір жағынан, жалпы
халықтық сөйлеу тәжірибесінен негізін үзбеуді көздесе, екінші жағынан,
бұрыннан келе жатқан дәстүрлі элементтерді де жоққа шығармай, барынша
пайдалануды мақсат еткен. Бірақ Абайдың жаңашылдық әрекеті бұл дәстүрді
бұлжытпай сол күйінде пайдалану емес, әрі қарай толықтырып, жаңа мазмұнға
сай етіп қолдануға алып барды. Ол қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
негізі етіп бес ғасырлық қазақ поэзиясы тілін таңдады. Қоғамның өсіп келе
жатқан рухани-эстетикалық мұқтажын өтеуде сол қауымның қалың бұқарасына
ортақ түсінікті сөйлеу тілін таңдау қажеттігі туды.
Халықтың ұлт ретінде ұйымдасуына ұйытқы болатын факторлардың бірі
жазба әдеби тіл болуға тиіс. Абай мұндай ұйытқылық қасиетті шағатай тіліне
негізделген ескі жазба дәстүрден көре алмады, ондай күшті Абай сол ғасырдан
қазақ поэзиясына қызмет етіп келе жатқан ауызша тараған төл әдеби тіл мен
халықтың сөйлеу тілінен тапты.
Бірақ Абай үшін ескі түркі жазба тілдері, оның қазақ топырағындағы
кітаби тіл атанған түрі қазақтың ұлттық жазба тілі ретінде әрі қарай
қызмет ете алмағанмен, ол құбыжық емес, қосалқы түрі болды. Өзіне дейінгі,
өзімен тұстас қазақтың өлең сөзінің көп жайты Абайдың талабы мен
талғамының деңгейіне келмей қалғанымен, жеке ақын-жыраулардың тілін місе
тұта алмаған жайы болғанымен, өзі көп тетігін қайта бұрап, көп кетігін
қайта қалағанымен, Абай қазақ поэзиясының жасалу және даму заңдылықтары
мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді. Өйткені бұл - көркем сөз дамуының
объективті заңдылықтарының бірі. Ақын өзінен бұрынғы қаламдастарын жоққа
шығаруы, олардың мұрасын көзге ілмеуі мүмкін, бірақ жалпы тілдің және
поэзия тілдерінің зандылықтарын ешқашан аттап өте алмады (15, 280).
Ғалым Р.Сыздықова Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген
еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды
жеке-жеке талдағанды жөн көреді:
1. Поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық
контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі;
2. Өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістері;
3. Айқындық пен дәлдік;
4. Фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
5. Жеке сөздерді таңдап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
6. Өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер -
(15, 252) деп, қазақ поэзиясына Абайдың қосқан үлесін атап көрсетеді.
Демек, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгерістер -
жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы Абайдың поэтикасынан өзімізге
қатысты, тілдік тұрғыдан, оның ішінде есімдік сөз табының қолданысын
қарастырамыз.
Жоғарыда талдау жасап, жүйелеген жіктеу есімдіктерінің Абайдағы
көрінісін, қолдану аясын білу үшін терілген мысалдар арқылы төмендегідей
топтау жасалды.
Абай поэзиясында айта қоярлықтай ескі қолданыстар мен көне формалар
көп емес. Абайдың 14 жасында 1855 жылдары жазған Шығыс ақындарына деген
өлеңінде үш есімдікті атауға болады.
Өзөң гузәлләра раһбар,
Сәңә ғашиқ болып кемтар,
Кетіп қуат, жұмылып көз.
Бойың сал-сал бола нигә (13, 58) - деп берілген. Мұндағы өзәң, өзің,
сәңе - саған, нигә - неге деген өздік, жіктеу, сұрау
есімдіктерінің араб-парсы тілдеріндегі сөз қолданысы. Абай философ ақын
болғандықтан ақыл-кеңес беру, өнегелі үлгі айту, сынау өлеңдерінің
мазмұнына сай. Жіктеу есімдіктерінің ІІ жақ сыпайы түріне бірнеше мысал
келтіріп кетуге де болады. Сізге ғылым кім берер, жанбай жатып сөнсеңіз,
Ондай түпсіз сөзге ерме, Сізге айтамын қаупім - бұл. Осы келтірілген
екі мысалда да сіз жіктеу есімдіктері барыс септігінде тұрып қазіргі
әдеби нормаға сай тәртіппен құралып, субстантивтенген есімдік болып
табылады. Сол сияқты Қыз сүйеді мені деп, Оған көңіл көтерме және Оған
да тыйым, оған да ой, қалайша пайда енуге? - деген өлең шумақтарында III
жақ жіктеу есімдіктерінің барыс септігінде септеліп келіп атрибутивтік
қызмет атқарып тұрғандығын көруге болады. Жоғарыда талданған дәуірдің
жемісі болмаса қалдығы тәрізді о бастағы түбір тұлғалы О-да о-дағы Абайдың
поэзиясында да көрініс табады.
Қырық пышақ қыржыңдап тұрған түлкі
О - дағы осал жау емес қараң паңға.
...О-да - құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің
Тәңірінің құрған тезіне (13, 68-101).
Дұрысы ол дағы және ол да болу керек. Мұнда өлеңнің мәнеріне өлеңнің
өзіне тән тәртібіне байланысты құрылған. Осы күні ауызекі сөйлеу тілінде
ұшырасып отырады.
Сонымен, жіктеу есімдігі өте жиі қолданылған. Бұл актив қолданыс.
Абайдың өлеңдерінде I, II, III жақта есімдік сөздер қатарынан және
тіркесімен, кейде дара күйінде де қолданылады. Дара күйіндегі қолданыстарды
мына шумақтардан көруге болады:
Сен мені не етесің?
Мені тастап, өнер бастап.
Жайыңа және алдап, арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің 1(13, 149).
Жалпы алғанда, бір шумақ өлең ішінде алты есімдік сөзі бар. Есімдік
өте жиі қолданысқа түсіп, айтылар ойдың жемісті нәтижесі болмақ. Мұнда
жіктеу есімдіктерінің және сұрау, өздік есімдіктерінің орны ерекше.
Мәселен, аудармасында кездесетін сөз тіркесі арқылы жасалған ІІ жақтағы
жекеше түрдегі сен есімдігін алуға болады.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе, Дем алсын, құмарым бір сен – десе.
Мұндағы бір сен сөз тіркесі осы күнгі әдеби тілде, кейбір көркем
шығармаларда кездеседі, содан кейін Қазақстанның жергілікті ерекшеліктеріне
байланысты кейбір елді мекендерде кездесіп қалады. Сонымен қатар, ол
түріндегі о жеке түрінде де ІІІ жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігі бірде
субстантивтеніп, бірде атрибутивтеніп қолданылады.
Ол жесін, ол жұтсын,
Шырайын жылытсын ( 13, 340).
Мұндағы жіктеу есімдіктері поэзия жанрында белгілі мақсатқа сай, әдемі
өрілген. Проза жанрында, көркем, әдеби туындылар шығармаларында сюжет,
кейіпкер есімімен көркемделіп, безендіріледі. Ал поэзияда олай емес, мұнда
ерекше талғампаздықты қажет етіп тұрады. Кісі есімін қайталай бермеу үшін
нақты бір адамға ғана тиісті, қатысты емес, көпшілікке не болмаса белгісіз
біреуге қарата ойын жеткізу үшін ақын есімдікті жиі пайдаланады. Есімдіктің
қызметін поэзия жанрында ерекше жоғары бағалауға болады.
Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі бір ойды беруде алуан түрлі
мағыналық реңкке ие болады.
Тыңдаушыға арналып айтылып, оның назарын бір сәтке өзіне аударып, оны
жақын сырласы санап, пікірлеседі, ой тастайды:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан (Абай).
Мұндай қолданыстар поэзия тілінде түрлі көркемдік мақсатта ойдың
эмоциялы әсерін тудыруда жиі жұмсалады.

3. Есімдік түрлерінің қолданысындағы көркемдік-стильдік ерекшеліктер
Жыраулар поэзиясы қазақ әдеби тілінде алтын дәуір атанғаны жоғарыда
айтылды. Сондықтан бұл кезеңнің мұраларына тілдік талдау жасауда еш
кедергіге кездеспейміз. Ауызекі сөйлеу тілі, жалпы халықтық тіл, әрине,
әрбір айтылар, насихатталар жағдайдың діңгегі екендігі сөзсіз.
Жыраулар поэзиясында, оның ішінде шешендік-дидактикалық толғау
өлеңдерде жеке сөздердің, тұлғалардың, құрылымдардың қайталанып келуі
тәрізді стильдік амалдар жиі қолданылған, соның нәтижесінде құрылымдық –
синтаксистік параллельдер молынан орын алады. Бұлар – сол кезеңдегі көркем
сөз иелерінің шығармашылығына тән тәсілдер. Мысалы, Асанқайғы Тақырлауға
қонған қаз-тырна деп басталатын өлең-толғауын әрбір екінші тармақ сайын
солардың соңында ол есімдігін қайталау арқылы құрады:
Тақырлауға қонған қаз-тырна
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол.
Қызыл изен, боз жусан
Сарыарқаға бітер ол.
Жіктеу есімдігінен кейін көп қолданысқа түсіп, сөз өрнектерін құраған
екі дәрежелі сөздер қатарын сілтеу есімдігі құрайды. Мысалы, Бұқар жыраудың
бір толғауы:
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек.
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен,
Көлден көлге қоныңыз - деп басталады. Осы бір шумақ өлеңде бұл сілтеу
есімдігі 4 рет қайталанып, 4 рет қолданылып, тың экспрессивтік бояу
жасаған. Сонымен бірге субстантивтік күйді нұсқап тұр.
Ей Абылай, Абылай.
Абылай ханым, бұл қалай,
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай - деген шумақ Үмбетей жыраудан
алынған. Бұл қалай тіркесі сілтеу есімдігі мен сұрау есімдігінің тіркесуі
арқылы қолданысқа енген. Мұнда таза атрибутивтік күйде жұмсалған. Сонымен
бұл сілтеу есімдігі еш өзгеріссіз жыраулардың толғауларында, жырларында
актив қолданылып, әрі қызметі жоғары болғандығын көреміз.
Сол сілтеу есімдігі со, сол (со – ол), үшбу түріңде және субстантивтік
түрлену жүйесіне еніп қолданылуы (сонан, сандан) бар.
Асқар, асқар, асқар тау.
Асқар таудың со бүркіт
Ылдидың аңын шалар ма? - деп Шалкиіз жырау толғайды. Мұндағы со сілтеу
есімдігі бастапқы түбір формасында сілтеу мағынасын, алыстағыны нұсқау
мағынасында қолданылған. Сілтеу есімдігінің дәлдікті, нақтылықты көрсету
мағынасында жұмсалған-дығын Бұқар жырауда:
Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай,
Әр нешік күнің сол болар (6, 94) - дегеннен көреміз.
Субстантивтеніп барып түрлену жүйесіне түскен сол сілтеу есімдігі
тәуелденіп, септелгенде соңғы л дыбысы қазақ тілі заңдылығына сай н
дыбысына айналған. Үмбетей жыраудың Барша жемге даң болдың. Ұмыттың ба
соны, Абылай! деген өлеңінде соны сілтеу есімдігі түрленгенін табыс
септігінен байқауға болды.
Осы сілтеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары: грамматикалық құрылымы және танымдық мәні
Есімдіктер туралы
Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер
Есімдік сөз табы
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Есімдіктің граматикалық ерекшелігі мен мағыналық тобы
Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Жіктеу есімдіктер
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Пәндер