Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу



Кіріспе

1 Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу

1.1.Оқушыларын еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың ерекшеліктері

1.2. Оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың тәжірибелік.педагогикалық жұмыс мазмұны

ІІ.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт.бағдар және білім беру
2.1. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби
бағдарларының қалыптасуы
2.2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру мен мамандық таңдау жүйесін
ұйымдастырудың психологиялык негіздері

ІІІ. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру
мен бақылау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөлді эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты эстетикалық талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап етеді. Жеке тұлғаның мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды зерттеу маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта қазіргі жастардың рухани және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады. Дамыған көркем талғам шын мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті көркем талғамды, қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық қабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
Тұлғаның мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы құрамдаушы болып тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды факторы - әлемдік және отандық эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз халқының ғана емес, басқа да халықтардың көркем, көркем-шығармашылық тәжірибесі – рухани байлықты қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру мінезді қалыптастырады, оларсыз не қоғам өмірінің кез келген саласындағы, оның ішінде ғылыми, педагогика, еңбек, шаруашылық, техника және т.б. салалардағы, шығармашылық қызмет, не шынайы рухани байлық болмайтын тұлға қасиеттерін дамытады. Ол адамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін бере алады.
Ұстаздың өнерге эмоционалды-құндылықты қатынас тәжірибесін жеткілікті мөлшерде тиімсіз табыстауының, оқушылардың эмоционалды және көркем дамуын ол туралы үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек қана мектеп оқушысының көркем талғамының басым түрде стихиялы түрде қалыптасуы ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің белгілі мөлшерде деформациялануы пайда болады. Сол себепті бастауыш сыныптан бастап эстетикалық қасиеттердің арасындағы маңыздыларының бірі – көркемдік талғамын қалыптастыру.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен жоғары мектептегі оқыту процесін толығымен қазіргі заман талаптарына сай берік ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.
1.Шаров Ю.Б., Полячек Г.Г. Вкус надо воспитывать. Новосибирск, 1960,
2.Абай атын. ҰПУ. Педагогика Алматы, 2003
3.Р.М.Қоянбаев. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы,1993
4. Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы,Рауан. 1991ж.
5.Р.М. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. Алмат,1991.
6.М.Жұмабайұлы Педагогика . Алматы, 1992.
7.Түрікпенов Ж. Кәсіптік бағдар. Алматы, 1995

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе

1 Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу

1.1.Оқушыларын еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың
ерекшеліктері

1.2. Оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың
тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны

ІІ.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар және білім беру

2.1. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби
бағдарларының қалыптасуы
2.2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру мен мамандық таңдау жүйесін
ұйымдастырудың психологиялык негіздері

ІІІ. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру
мен бақылау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта білім беру
саласындағы болып жатқан өзгерістер мектеп оқушыларын оқыту және
тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты түсінетін,
мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөлді
эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты эстетикалық
талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап етеді. Жеке
тұлғаның мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды зерттеу маңызды және
өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта қазіргі жастардың рухани
және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады. Дамыған көркем талғам шын
мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде,
тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден
ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті көркем талғамды,
қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық қабылдау эстетикалық
тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
Тұлғаның мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы құрамдаушы болып
тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды факторы - әлемдік және отандық
эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз халқының ғана емес, басқа да
халықтардың көркем, көркем-шығармашылық тәжірибесі – рухани байлықты
қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың тіршілік әрекетінің барлық
салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру мінезді қалыптастырады, оларсыз
не қоғам өмірінің кез келген саласындағы, оның ішінде ғылыми, педагогика,
еңбек, шаруашылық, техника және т.б. салалардағы, шығармашылық қызмет, не
шынайы рухани байлық болмайтын тұлға қасиеттерін дамытады. Ол адамды тек
қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің
рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде
көрсету қабілетін бере алады.
Ұстаздың өнерге эмоционалды-құндылықты қатынас тәжірибесін
жеткілікті мөлшерде тиімсіз табыстауының, оқушылардың эмоционалды және
көркем дамуын ол туралы үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек
қана мектеп оқушысының көркем талғамының басым түрде стихиялы түрде
қалыптасуы ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің белгілі
мөлшерде деформациялануы пайда болады. Сол себепті бастауыш сыныптан бастап
эстетикалық қасиеттердің арасындағы маңыздыларының бірі – көркемдік
талғамын қалыптастыру.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен
жоғары мектептегі оқыту процесін толығымен қазіргі заман талаптарына сай
берік ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.

1 Оқушыларының еңбек процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың
теориялық негіздері
1.1.Оқушыларын еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың
ерекшеліктері

Оқушыларының еңбекке баулу оқыту- тәрбиелеу процесінде эстетикалық
тәрбие бірге көркемдік талғамын қалыптастыру қатар жүреді. Біз жоғарыда
оқушылардың эстетикалық тәрбиелеудің жүйесіне тоқтала отырып, оның білім,
қажеттілік, мотиві, қызығуы және сезімі, шығармашылық қабілеттерінң дамуы
негізінде қалыптасатындығы айтылды. Еңбекке баулу бағдарламасында және
бастауыш мектептің стандартында басты міндеттердің бірі эстеикалық талғамын
қалыптастыру көзделсе, онымен қатар көркемдік талғам қатар жүреді. Олай
болса, көркем еңбек бөлімінде қағазбен жұмыс және матамен және табиғи
материалдармен жұмыс түрлерінде жүзеге асады. Бұл үшін біз көркемдік
талғамға тоқталмас бұрын эстетикалық талғам ұғымына тоқталайық.
Ғалым А.С. Киракосянның айтуынша, эстетикалық талғам психикалық
қасиеттердің күрделі кешені болып табылады, онан адамның эстетикалықты
сезіммен бейнелеу, оны саналы түрде ұғыну, эстетикалық қасиеттерді
эмоционалды түрле бағалау, эстетикалық объектіні өзінің эстетикалық
қажеттіліктерінің деңгейімен салыстыру қабілеттері және т.б. көрініс
табады[33, 94]. Біз автор эстетикалық және көркем талғам түсініктерін
бөліп көрсетіп, соңғысының шынайлықты игерудің ерекше түрі ретіндегі
өнердің өзіндік ерекшелігімен байланысты ерекше қасиетін оның көркем
мәнімен негіздейтіндігімен келісеміз. Өнер туындыларын түйсіну үшін өмірлік
білімдермен қатар, өнер тілін түсіну, оның образдарын, ерекшеліктерін,
көркем ақиқатты, өнердің шарттылықтарын және т.б. дұрыс ұғыну қажет.
Соңғы онжылдықтарда көркем білім беру, бейнелеу өнерін қабылдау, көркем
талғамды қалыптастыру, эстетикалық мүдделер мен қажеттіліктерді дамытудың
жалпы теориялық мәселелері бойынша ғылыми еңбектер, диссертацилар түрінде
жалпыланған ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Эстетикалық мәдениетті,
көркемдік талғамды қалыптастырудағы аса маңызды ролді бейнелеу өнері және
еңбекке баулу пәндері маңызды роль атқарады. Бұл көрінетін әлемнің көрнекі
және сезінілетін бейнесін кеңістікте немесе көзбен көруге болатын
жазықтықта жасайтын өнер. Еңбектегі қол өнері, бейнелеу өнері әдебиет пен
музыкамен салыстырғанда, уақыт пен дыбыспен емес, жазықтық пен кеңістікті
пайдаланатын өнер түрлерін біріктіреді. Бейнелеу өнерінің туындылары
қозғалыссыз, статикалық, өзінің арсеналында уақыт ішінде дамудың көркем
құралдары жоқ, бірақ көру образдары арқылы шынайы өмірдің пластикалық және
түстік байлығын аша келе, ұзақтығы бойынша шектелмеген қабылдау
мүмкіндігіне ие.

1.2.Оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың
тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны

Ермексазбен жұмыста илеу арқылы домалақтау, цилиндир тәрізді пішіндер
жасалды. Екі алақан арасына салып, шар жасау, шарды бояуды үйретіледі.
Осының өзіне балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру қажет. Мұғалім
үйреткеннен кейін сынып оқушылары үлгіге қарап құстың жұмыртқасын жасауды
ұсынады. Бұл жерде оқушылардың көзбен өлшеу, әдемілеп пішінін келтіру,
созу, ұнаған түсін таңдау арқылы сенсорлық қабілетінің дамуына ықпал етіп
дамуына ықпал етеді. Осы тәріздес мақсаттар Еңбекке баулу оқулығының
барлық бөлімінде оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру көзделген.
Еңбекке тәрбиелеу – жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттыруға орасан зор негіз болып
табылады. Қазіргі заман ағымына қарай балаларға еңбек сабағында
экономикалық, эстетикалық, экологиялық, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі
жүзеге асып басты міндеттердің бірі болып табылады.
Ғылым білім, өнер, әдебиет, салаларында ауыр немесе жеңіл өнеркәсіпте,
ауыл шаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі қайраткерлеріміздің
қай-қайсысы болсын қажырлы еңбегінің арқасында ерекше талғаммен орындағыан
еңбегінің жемінінің нәтижесінде әйгілі болып отыр. Бұл жөнінде М.Әуезов
Қай істің болмасын өнуіне үш түрлі шарт керек. Ең әуелі ниет керек, одан
соң күш керек, одан соң тәртіп керек деген сөзі бар. 1998 жылы атамұра
баспасынан шығарылған Еңбекке баулу оқулығының қай-қайсысы болсын
оқушылардың еңбекке ықыласы мен ынтасын арттырып, талабын шыңдауға,
талғамын жетілдіруге жағдай жасайды.
Мұғалімнің еңбек сабағын оқытуы еңбекке тәрбиелеу жұмысының негізі
болып табылады. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің
дамуы бұл сабақтың алдыға қояр басты мақсат болып табылады.
Басқа сабақтарға қарағанда еңбекке баулу сабағының өзіндік ерекшелігі
бар. Ол сабақтың ең негізгі уақының сарамандық жұмысқа бөлінетіндігі. Ал
сарамандық жұмыстың негізі қоғамдық пайдалы жұмысты орындауға бағытталған.
Сарамандық жұмыс кезінде балалар бұйымдардың олардың көркемдік талғамын
қалыптастыруда маңызы зор. Мпектепте, отбасында, балалар бақшасына әсемдігі
айтылып таратылып, кәдеге жарайды.
Біріншіден, баланың өз қолымен шыққан дүниенің іске асуы олардың өз
мүмкіндігіне деген сенімін арттырып, көркемдік талғамын, одан әрі әсем етіп
жасауға талпынады. Мұғалім оқушылардың кішкене бұйым жасаса да талғаммен,
түстерін дұрыс таңдауға, үйлесімді орналастыруға, желімді дұрыс жағуға
үйретуі қажет.
Екіншіден, үлкендердің балаға бір жұмыс тапсырған кезде Істегенің–
бізге, үйренгенің өзіңе жақсы өздігімен әдемі және әсем орындауға жағдай
жасау керек. Сонымен қатар еңбек үстінде ұқөыпты орындауға, техникалық
қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру қажет. Еңбекті орындауда
қайшымен орынды қиюды, табиғи материалдарды орналастыруды, мата түрлерін
оның сапасын анықтау да көзделеді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың
шығармашылық өнерін қамтиды. Олар еңбек өнімін құрастырып, бағдарлап, жұмыс
орнын ретімен әзірлеп, технологиялық операцияларды жүргізіп, өзін-өзі
сынайды. Оқушының өзіндік шығармашылық жұмысына берілген тапсырма барлық
оқушыларды қызықтыратын деңгейге жеткен жағдайда ғана іске асады.
Мысал келтіретін болсам:
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс (оригама тәсілімен).
Сабақ мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс істеуі арқылы еңбек іс-әреекеті
дағдыларын қалыптастыру. Қағазды бүктеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Қағазды бүктеу арқылы ұлттық тұтынатын бұйымдар жасай білуге жаттықтыру.
Түстерді таңдауға, үйлесімділік сақтауға әдемілікті таңдай білуге үйрету.
(Аяққап, қоржын, мәсі).
Әіс-тәсілдері: әңгімелесу, әңгімелету, көрсету, түсінтіру, ойын т.б.
Бүктеу: түзу, қисық сызықтар бойымен және қабаттап, бұрыштап б.ктеу.
Дандық жұмыстары: ұлттық бұйымдармен таныстыру, көрмеге саяхат, сурет
бойынша әңгімелеу, ертегі, өлең, тақпақтар оқу.
Өткізу әдісі: мұғалім балаларға түрлі-түсті қағаздармен жұмыс
істейтіндерін айтып, бүгінгі сабақта ерекше көңілмен зейін қоюларын талап
етеді. Өйткені, біз бүгін қағ,аздан ұлттық тұтынатын бұйымдарды жасап
үйренеміз. Ол үшін балалардан жүннен, матадан, теріден жасалатын бұйымдар
туралы не білетіні жайында сұралады. Олардың жауаптарынан соң, сиқырлы
қағаздар әлеміміен танысасыңдар деп, әдемі қоржынды алып көрсетіп, оның
екі жағында қағаздан бүктеп жасалған әртүрлі заттарды көрсетіп (аяққап,
қорын, мәсі, сандық т.б.), балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады.
Енді осылай бұйымдарды өздері жасайтындықтары хабарланадыф. Қоржынды,
аяққапты бүктеп жасауға жалпылама нұсқау берілді. Өйткені ол бұрынғы
дағдыларды бекіту мақсатында ұсынылып жаңа іскерлік дағдыларды меңгерту
мәсіні жасау үшін берілді. Аяқ киімдер жайында әңгімелетіп және олардың
ішіндегі мәсіге ерекше тоқталып, қағаздан бүктеу тәсілдерін көрсетіп,
түсіндіре отырып бірге жасатты:
- тік бұрыш қағаздың екі шетін буктеп, үшбұрыш жасау, қабырғалырын
түйістіре бүктеу;
- ол үшбұрыштардың қабырғаларын түйістіре тағы да қаббатап бүктеп, дәл
ортасынан беттестіре екі қабаттау;
- төменгі бөлігін сыртқа қарай см қайырып бүктеу (қонышы);
- екі шетін (қонышының) айқастыра бүктеу;
- етіктің басы мен қонышын орта бөлігінен үшбұрыш жасай қайыра бүктеу;
- әсінің үшкір басын ішіне қарай немесе сыртына қарай шағыра бүктеуге
болады;
- мәсінің қонышын айқастыра желімдеп, ою-өрнектермен безендіру.
Осыдан кейін балалар үш топқа бөлініп, Қоржын, Аяққап және мәсі
жасайды. Жұмыс барысында балаларға жеке нұсқаулар беріп, көмектесіп
отырады. Жұмыс аяқталған соң талдау жасалып, қорытындыланады.
Бұл сабақта балалардың қағазбен жұмыс істеу арқылы еңбек іс-әрекеті
дағдыларын қаыптастыра отырып, іс-әрекет барысында көркем сөз қолданылды.
Жұмыстарды талдау, қорытындылау барысында Дүкен ойыны ең әддемі жасалған
бұйымдардан кімдер жасағанын, неден жасалғанын, бұйымдардың атын ататып,
сатып алу, сипаттап айту, не үшін ұнағанын әңгімелету арқылы жүргізіді.
Қағазбен жұмыс істеу арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыруда да қағаз
түрлерімен (жұқа, картон, түрлі-түсті қааз, фольга т.б.) таныстырудан
басталды. Жүйелі іс-әрекетке бағыттай отырып, қиып жапсыру іскерліктерін
меңгеруде ұлттық тұтынатын бұйымдарды жазықтықта қиып жапсыруға көңіл
бөлінді (сырмақ, текемет, түскиіз, әдемі кілем) оригама тәсілі арқылы түрлі
заттар және папэ-машэ арқылы ыдыс-аяқтар жасату еңбек дағдыларын
қалыптастырудың тиімді тәсілі екендігіне көз жеткіздік. Өйткені, балалар
бастаған іс-әрекеттің нәтижесіне жетуге талпынып, белсенділік көрсетеді.
Тағы бір мысал:
Тақырыбы: Құрақ құру (матамен жұмыс)
Сабақ мақсаты: Балалар игеруге тиісті дағдылар: еңбек іс-әрекет
дағдыларының қалыптасуын жалғастыру. Геометриялық фигураларды қиюды бекіту.
Өз еңбектерінің нәтижесін көре білуге баулу және көркемдік талғамын
қалыптастыру. Тиянақтылық, ептіліктерін қалыптастыру.
Қажетті құралдар: мата (5х5 көлемі), жеім,қағаз, қайшы, үлгі
Сабақты өткізудің әдісі: Мұғалім балаларға көрнекілік ретінде арнайы
құрақ көрпешені көрсетіп, оның неден, қалай жасалатынын, не үшін қажет
екенін және көрпенің қандай түрлері бар екенін сұрады. Балалардың
жауаптарынан кейін, төрге төселу себебін айта отырып, ұлтымыздың қонақ күту
салтымен таныстырды.
Балаларға тақырып бойынша түсінік беріп, қажетті құрал-жабдықтарын
тексеріп, олардың іс-әрекетіне басшылық жасады.
Мұғалім: Матаны төрт бұрыштап, біркелкі түзу қиямыз. Балалар мұғалімнің
айтуымен бірге жасап отырады. Матаның барлығын біркелкі қиып алған соң, сол
төрт бұрышты қиғаштап қию арқылы матаны үшбұрыштап қиымзы да оны қатты ақ
қағаздың бетіне орналастырамыз. Балалар өздерінің қалаулары бойынша құрақ
құрайды. Сонан соң матаны алып бірлен бір бағытта құрақты желімдейміз.
Сабақтың соңында: мұғалім әр баланың өз істеген жұмысына талдау жасатып,
балалар еңбегін мадақтады. Балаларға еңбек, шеберлік туралы тақырыптармен
мақа-мәтелдер айтқызды. Күннің 2-жартысында балалардың шағын тобына
мұғалім “Қонақ күту” ойынын ойнауға бағыт берді.
Балалар біз жоспарлаған арнайы сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы
сазбалшықтан, ермексаздан, ұннан (тоқаш, бауырсақ, шелпек, таба нан т.б.),
сүттен жасалған (әртүрлі формада құрт, балқаймақ, ірімшік т.б.) тағамдарды
өздері жасап меңгерді. Осы меңгерген іскерлік дағдылары еңбек нітижесіне
дайын болған заттарды күнделікті тәжірибеде қолдана білу мақсатында ойын
іс-әркетінде бекітіліп, көрініс тауып отырды. Сонымен қатар мұғалім екінші
шағын топпен “Мен нені істей аламын?” деген дидактикалық ойын ұйымдастырды.
Ойынның негізгі масаты: еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын тез
ойлай білуін дамыту. Қажетті құралдар санауға ыңғайлы таяқшалар. Мұғалім
балалардан те-тез кімнің не істей алатынын сұрайды. Көйлек тіге аламын, мал
баға аламын, сурет саламын т.б. Жауаптар қайтарылды. Дұрыс жауап берген
балаға бір таяқшадан біріліп отырды. Көп таяқша жинаған Әсем мен Саяжан
жеңімпаз болды. Ойын барысында балалар осыған дейін меңгерген іс-
әрекеттерін, біліп-түгендерін ортаға салды.
Сабақ тақырыбы: Ұлттық көрмеге саяхат.
Балалардың игеруге тиісті дағдылары: балабақшадағы анайы жабдықталған
еңбек белсендігі ұлтты тұтыну бұйымдарымен таныстыру ақылы балалардың еңбек
туралы ұғымдарын кеңейтіп, іскеолік әрекетке деген қызығушылықтарын ояту.
Балалар жай тұтыну бұйымдары мен ұлттық бұйымдар айырмашылығын түсіну,
еңбектің маңызын ұғынуы тиіс.
Сабақ барысы: мұғалім балаларға көрмедегі киіз үйден бастап барлық
бұйымдарды таныстырып, кейбір заттарға ерекше тоқталып неден, қалай
жасалғанын айтып өтті. Балаларға жақсы таныс емес бұйымдарды қолдарына
ұстатып, көрсетіп, кімдер (тек қана белгілі шеберлер емес, іскер апа, әже,
ағалардың) қандай жолмен жасағанын әңгімелеп берді. Осындай нәрселерді
балалардың да қиындықсыз бірігіп жасай алуы мүмкін екендігі түсіндіріліп,
жасалу тәсілдерін көрсету арықы ьбалалардың қызығушылықтарын туғызды.
Сондай-ақ, мұғалім балалардан осы көрмедегі бұйымдардың қайсысы өз
үйлерінде бар екенін сұрады. Масылы: көпшілігіне таныс тұтыну бұйымы
текметтің, музыкалық аспап домбыраның т.б. неден жасалатынын және не үшін
қажет екенін әңгімелетіп, сұрақ-жауап тәсілдерімен ұлттық тұрмыстық тұтыну
бұйымдары туралы таным-түсініктерін байқап қорытынды жаады.
Бабалардың арасындағы ұлттық бұйымдарды көбірек білетіндеріне, өздерінше
талдап белсенділік танытқан балаларды мадақтап, еңбек туралы мақал-
мәтелдер, тақпақ айтқызып, еңбек құралдарын бейнелейтін (оймақ, ине, ұшық,
қайшы т.б.) жұмбақтар шешкізді. Мұғалім көрмеге саяхатты қорытындылаған
соң, балалардың оймақты, қайшының суретін қиып жапсыруына, не сурет салып,
еңбек іс-әрекетімен айналсуына жағдай жасалды. Балаарды белсенді еңбекке
баулу мақсатында жақсы істеген жұмыстардың көрмеге қойыталынын ескерте
отырып, ермексаздан өздері көрмеден көрген торсықты үлгісіне қарап илеп,
мүсіндеуге бағыт берілді. Жұмыс түгел орындалған соң, көрмеге қойылатынжқсы
жұысты балалардың өздері таңдап ұсынды (өз еңбектерінің әтижесін көре білу
мақсатында). Осылай жүйелі жүргізілген тәрбие сабақтарынан баланың байқағыщ-
штығын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетінің дамуын, дербес әрекет жасауға,
табандылыққа үйренумен қатар, өз күшіне сенімділігін арттыратынын байқадық.

Балаларға ұсынылған еңбек түрлерін шағын тппен бірлесіп немесе жеке-жеке
орындауға педагог мүмкіндік жасады. Балаларға тақырып айтылған соң еңбек
әрекетінің барысын түсіндіріп, көрнекіліктер мен орындау жолдарын нақты
көрсетті. Жұмыстың көздейтін мақсатын, қандай материалдардан нендей құрал-
жабдықтардың көмегімен жасалатынын (ине,ж жіп, қайшы) түсіндірді. Осы
айтылған құрал-жабдықтарды пайдалана білудің жодарын үйретті. Балалардың
меңгерген дағдыларын жетілдіре отырып, оны тәжірибеде қолдануға бағыттап,
кейбір қиындықтар кездессе оны жеңе бәлуге, ісінің әтті аяқталып, еңбек
нәтижесіне жетуіне, көмектесіп отырдық. Сонымен, эксперименттік тәжірибе
барысында ересек обындағы балалардың еңбек іс-әрекет дағдыларын
қалыртастыру жұмыстарын үш сатыда қарастырдық:
І-сатыда: балалардың жеке басының ерекшелігін ескеру және жұмысты
орындауға ынта-ықыласын арттыру; балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы,
өзара келісім еңбек ережесін сақтауын қадағалау; тапсырманы бір мезгілде
орындап, өз жодастарынан қалып қоймай, бірдей аяқтауға бағыт беру;
ұсынылған еңбектің барлық түрімен іс-әрекетке қатысқан барлық баланың
айналысуына жағдай жасау.
ІІ-сатыда: Еңбектің орындалу барысы.
Ұйымдастыру барысында еңбек іс-әрекетімен шұғылдануға жалпылама және
жеке нұсқаулар беру, көрсету, түсіндіру, көмектесу, қосымша тапсырма беру.
Балалардың бірлескен іс-әрекеті сапалы нітижеге жету үшін қолданылатын
тиімді әдіс-тәсілдер. Іс-әрекет барысында басшылық ету, бақылау, еске
түсіру, бағалау.
ІІІ-сатыда: Еңбек нәтижесін талдау. Ұжымдық еңбек нәтижесін көрсету,
сапалы, ең жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау, жеке балалар еңбегінің
жеткіліксіз тұстарына мұғалім бағыт беріп, баланың өзіне жөндеті, балалар
жұмысының сипатын ашуға, қорытындылап бағалауға, оардың өз жолдастарына
әділетті пікір айтып, сын көзбен қарауға жаттықтыру, талдауға балалардың
өздерін қатыстыру.
Еңбек дағдыларын қалыптастыруды осындай үш сатыда ұйымдастырып, арнайы
өткізілген сабақтардан балалардың білім-білік деңгейін, еңбек іс-әрекетке
икемділігін байқау мақсатын көрелік.
Жалпы адам баласының жетіліп, көркеюі еңбекпен жүзеге асатыны белгілі.
Сондықтан жас ұрпақтың бойына еңбекке құштарлықты сіңіру әлеуметтік талап
болып отыр. Адамзат үшін игілік те, рахат та еңбектен туады, бірақ біздің
тұрмысымызда, күнделікті іс-әрекетімізде тәрбиелеу мен білім беруде бұл
мәселеге жете көңіл бөлінбеуде.
Осы орайда, ұрпақ тәрбиесінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық-тұрмыстық салт-дәстүрлерін, психологиялық қасиеттерін басшылыққа
алып, баланы еңбексүйгіштікке, ерікке, батырлыққа, қарапйымдылыққа,
қонақжайлыққа тәрбиелеу – педагогика ғылымдарының келелеі міндеттерінің
бірі. Еңбек іс-әрекеті үстінде бала күнделікті өмірде өзіне-өзі қызмет
етуде ұажет болатын алуан түрлі дағды мен іскерліктерге үйренеді. Оның
дербестігі, қиыншылықтарды жеңе білушілігі, жігерлі әрекет жасау қабілеті
дамиды.

ІI. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар және білім беру

2.1. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік
бағдарларының қалыптасуы

Жоғары сынып оқушыларына тән басты ерекшелік - бұл олардың өмірлік
жоспарларының қалыптасуы. Бұл бір жағынан мақсаттардың тиянақтылығының,
қорытылу нәтижесінде өмірлік жоспарлар туындап, олар өздеріне жеке тұлға,
иерархизациялардың бағалы бағдарламасының тиянақты ядросын орнығуын
келтіреді. Олар өздеріне жеке ұмтылыстарды бағындырады. Екінші жағынан
мақсаттардың нақтылану мен даралану процестері жүріп жатады. өмірлік жоспар
- бір мезгілдегі әлеуметтік және этикалық құбылыс.
Кім болам? (кәсіптік сананың қалыптасуы) және қандай болу? (моралдык
сананың қалыптасуы) сұрақтары жасөспірімдік өркендеу кезеңінің әуелінде
ешқандай айырмасыз болады. Қай жер болса, сол жерде жасөспірімдер
(бозбалалар) өмірлік жоспарларымыз деп беймәлімдеу белгілер мен армандарды
атайды. Алайда бұл нәрселер олардың практикалық қызметтерімен еш
қабыспайды. Өмірлік жоспар, өзінің тура мағынасында, тек ой-толғауларының
соңғы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге оған жетудің әдісі, яғни адамның
жүріп өтуге мақсатты жолы және объективті, субъективті ресурстар, олар өз
кезегінде активті де таңдану - қанағаттану түрінде.
Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші
кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін
кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік
таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді
жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын
өзінше анықтайды. Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына
араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады. Бұл
сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту
болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі
шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты,
көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады
1.
Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе
жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға
оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен
индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын
қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу
жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі
ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым
көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке
тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің
жолдарын іздейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып
есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық,
үшінші -дифференциалды психологиялық).
Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше
этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.
Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық
рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.
Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі
сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.
Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін
қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері
сортталып бағаланады. Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды
сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай
(менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның
бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер
болармын: көп табыс тапқым келеді.
Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі
бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған
қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты
таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін
2.
Қыздар алдымен іс-әрекеттің белгілі аумағын қамтуы мүмкін. (медицинамен
айналысқым келеді) сонан соң барып оның кәсіби дәрежесін анықтайды, дәрігер
болу керек пе? фельдшер ме?, медбике ме, әлде санитарка ма? немесе
керісінше - алдымен дәрежесін белгілеу, сонан соң мамандық (жоғары оқу
орнына түсемін, бірақ әлі қайсысына екенін білмеймін). Әлеуметтік
зерттеулерге қарағанда екі жол өте көп сияқты: жоғарғы оқу орнына түсуге
бағытталу, тиісті мамандық таңдауға қарағанда ерте қалыптасады.
Мамандық таңдау көп баспалдақтылықпен ерекшеленеді. Тоғызыншы сыныптың
соңына қарай оқушылар әрі қарай оныншы класс оқу керек пе? жоқ ПТУ-ға,
қолледждерге түсу керек пе? - деп ойланады. Бұл жылдары көп балалар оқуды
табыс табумен ұштастырғысы келеді 3. Қызығушылығына, қабілетіне бағалау
бағдарынан басқа шешім кабылдауға өзінің объективті мүмкіндіктерін бағалау
маңызды - отбасының материалды жағдайы оқу дайындығының мүмкіндігі,
денсаулық жағдайы және т.б. кәсіптік білім алуды немесе жұмысты таңдағандар
тез арада әлеуметтік таңдауы кәсіби тандаумен алмастырады, қайда түсу
керек, не істеу керек.
Кәсіптік таңдау мектеп оқушыларына екі информация болатындығын
көрсетеді. Кәсіптер әлемі туралы: өзі туралы, өзінің қабілеттері мен
қызығулары. Мұның екеуі де ең жоғарғы класс оқушыларына жетпейді. Көп
жылдық еңбегін нәтижелей келе Е.А Климов былай деп жазады. "17 жаста
кәсіптер әлеміне қатынас қызығушылық тәжірибе арқылы
қалыптасады: ата-аналарына, таныстарынан, достарынан, құрдастарынан,
кітаптардан, кинофильмдерден, телехабардан алынған білімдер"2.
Білгілі бір кәсіптің маңыздылығы, қоғамдық пікір оның жалпылығымен
қарсы байланыста болады. Жұмысшыларға қарағанда Е.А Климов мұны екі айналы
пирамида есебінде бейнелейді: біріншісі -қоғамның кадрларға деген
қажеттілігі, екіншісі – (төңкерілгені) жастар үшін қызғылықтылығы.
Қызғылықтылығы артық деп есептелінетін кәсіптерге үміткерлер көп болады.
Бірақ қажеттіліктердің саны аз болады. Сондықтан олардың басқа іспен
айналысуымен тура келеді. Бұл кездері қоғамның қажеттілігі мен кәсіптік
бағдардың айырмасы жастар арасында біршама азайды.
Кәсіптік таңдау мен өмірлік жоспарлардың орындалуы әлеуметтік
жағдайларға, оның ата-аналарының білім деңгейіне байланысты. Ата-аналарының
білім деңгейі жоғары болған сайын олардың балалары да оқуын жалғастыруы көп
болады және ол жоспарлар жүзеге асады.
Бозбалалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруы қыздармен салыстырғанда
көпшілік жағдайда басым болып келеді 3.
Кәсіби бағдарлау тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ол
психологиялық та мәселе. Бірінші тәсіл тұрақтылық пен жеке қасиеттердің
тәжірибелік өзгермейтіндігінен туындайды. Оларға іс-әрекеттің тәсілі мен
үлгермей тікелей байланысты: бұл жерде адамды іріктеу мен саралау жұмысқа
байланысты, екінші жағынан - жұмыс таңдау, сол адамның жеке қасиеттеріне
байланысты. Екінші тәсіл қабілеттілікті бағытталған қалыптастыру идеясы
арқылы туындайды, мұнда әр адамда мүмкіндігінше кейбір сол жұмысқа қажеттік
қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді . Бұл екі тәсіл әр түрлі
аталынуы мүмкін, бірақ оларда бірегей „әдіснамалық кемістік бар. Ол жеке
және еңбек кызметі бір-біріне байланыссыз әрі қарама-қарсы нәрселер ретінде
қаралады. Олардың бірі екіншісін өзіне сөзсіз бағындырады. Дегенмен
психологияда қабылданған сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципімен
туындайтын үшінші мүмкіндік бар. Е.А.Климовтың топшылауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Эстетикалық және көркем талғамдарды тәрбиелеу
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Тәрбие теориясының өзекті мәселелері. Оқу құралы
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер