2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту



Мазмұны.

Кіріспе 3

1 Шығармашылық қабілеттің ғылыми теориялық негізі. 7
1.1 Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама 7
1.2 Оқушылардың жас ерекшеліктері 16
1.3 Бағдарламаға, 2.сыныптың математика оқулығына талдау 21

2 2.сынып оқушыларының матеметикадан шығармашылық қабілетін дамыту 34
2.1 Озат мұғалімдердің іс. тәжірибелерінен 34
2.2 Математикадан шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары. 37
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижелері 64

Қорытынды 71

Әдебиеттер тізімі 73

Тіркеме 79
Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты- оқушыға білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал қазіргі мектеп жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық , адамдық, Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап көрсетті. [16, 10]
Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, әдіс- тәсілдерді жетілдіріп жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдаланып, әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпне еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне септігін тигізіеді. [14,36]
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай , оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру , жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге сөйлеу мәдениетін үйретеді. [31,33]
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған , Республиканың «Білім туралы» заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының Қазақстандағы білім беру ісін әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуын көздейтіндігі байқалады. әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрліым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезең де өзекте мәселе болып қалмақ.
Шығармашылық қабілеттің қалыптасу, дамуы туралы бұдан басқа оның қоршаған орта мен тәрбиеге тәуелділігін (Гельбеций, У. Эшби) сондай-ақ қабілеттіліктің дамуында іс-әрекеттің құрал ретіндегі рөлін (Галоперин, А.Н. Леонтьев т.б.) көрсетуге арналған зерттеулері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу үрдісін ілгерілетеді. И.Я. Лернердің еңбектерінде шығармашылық жұмыстық генезисін түсіндіруде жетекші рөл проблемалық жағдаяттарға беірледі.
Проблемалық жағдаяттардың негізін құрайтын субьектінің жеткіліксіздігі шығармашылық тапсырмалардың мәні болып табылады. «Проблемалық оқыту теориясын жасаушылар (А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев, М.М. Махмутов,И.Я. Лернер) проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін баса айтады. Бұдан дамыта оқыту мен проблемалық оқытудың көздейтін мақсатының бір екенін аңғаруға болады және біздің «проблеманы дамыта оқыту» деуімізге негіз бар. [27,16]
Проблеманы дамыта отырып оқыту талаптарын жүзеге асыру, яғни бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа баулу процесін арнайы ұйымдастыру, осы бағытта оқытуға әдістемелік білімдер элементерін енгізу С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Ә. Қоңыратбаев т.б. әдістемелік – ғалымдардың педагогикалық қызметтерінен бастау алып, бүгінгі күні бастауыш сатыда зөіндік із қалдырған С. Рахметова, Т.Оспанов, Ж. Қайықбаев , Ш. Құрманалина, Т. Әбдікәрімова т.б. зерттеулеірнде, еңбектерінде практикалық түрде шешілу жолдары көрсетілген.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын біртума ойлау қабілетіменсерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық өзекті мәселе ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. [3,6]
Жоғарыда айтылғандардың барлығы таңдап алынған тақырыбымыздың сөзсіз өзекті, көкейтесті екеніне дәлел болады.
Дипломдық зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігіне сүйене отырып зерттеудің мақсатын, міндеттерін, болжамын нысанасы мен пәнін, әдістерін және кезеңдерін анықтадық.
1 Зерттеу мақсаты: 2-сынып оқушыларның математикадан шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтау зерттеу міндеттері:
Әдебиеттер тізімі.
1. Игербаева Б.Қ. Мен – адаммын. Әдістемелік құрал. Алматы-2000 24-25 бет.
2. Б.Қадырова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми педагогикалық проблемалары. Бастауыш мектеп -№2-2005 13-15 бет
3. Мырзабаев А.Б. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда белсенді
оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Автореферат 2004ж.
4. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған оқулық.Алматы «Атамұра» 2003.
5. Математиканы оқыту әдістемесі. 2-сынып. Алматы «Атамұра» 1998ж.
6. Математикаға араналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра» 1998ж.
7. Т.К. Оспанов. Бастауыш кластарда математиканы оқыту. Алматы «Атамұра» 1998ж. 46-48 бет.
8. Математикадан дидактикалық ойындаржәне қызықты жаттығулар. Алматы «Атамұра» 1998
9. Оқушылар шығармашылығын дамытудағы белсендірудің психологиялық – педагогикалық негіздері «Шоқан тағылымы-6» халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. Көкшетау 2001ж. 20-23 бет.
10. Нұрғожин Д. Математика сабақтарын деңгейлеп оқыту жолдары. //Бастауыш мектеп - №2-2003. 27-29- бет
11. Оқушылардың білімін арттырудың жолдары. //Бастауыш білім №1-2004. 11-12 бет.
12. Жанабаева Г. Деңгейлер саралап оқыту технологиясы. //Бастауыш мектеп №11-2005. 5-71 бет.
13. Нұрмұханова Г. Шығармашылық- танымдық іс- әрекет нәтижесі. //Бастауыш мектеп. №10 2004ж. 36-37 бет.
14. Г.Қаңтарбаев. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. №7-2005ж. 25-26 бет.
15. Орақова А. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы. //Бастауыш мектеп-№9-2005. 6-8 бет.
16. Г.Жолтаева.,Г.Үйсінбекова Оқушылардың жетістіктерінің өзгеруін диагностикалау. //Бастауыш мектеп №6-2005. 5-7 бет.
17. З.Смаилова. Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері. //Бастауыш мектеп. №9-204. 27-28 бет.
18. К.М. Нағымжанов. Иннавациялы- креативті технологиялар. Оқу құралы. Өскемен «Медиа- Альянс 2005 172б. 126-141б.
19. Ж.Қайыңбаев. Математиканы оқыту ерекшеліктері. //Бастауыш мектеп №5-1999. 9-14 бет.
20. Г.Жалтаева. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын диагностикалау жайлы. //Бастауыш мектеп №10-2004.33-35 бет.
21. М.Байшуақова. Оқушыны ойлауға үйрету. //Бастауыш мектеп №8-2004. 49-52 бет.
22. А.Ташенова. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп №2-2003.44-45 бет.
23. Г.Пашаева. модульдік оқыту технологиясын бастауыш сыныптарда қолданудағы ізденістер. //Бастауышмектеп №7-2004. 43-45 бет.
24. М.Мамырбаева. Жаңа технологиялар – сабақта. //Бастауыш мектеп №7-2004. 45- 46 бет
25. П. Сағымбекова. Бастауыш мектепте математикадан саьақ беруге дайындау. //Бастауыш мектеп №11-2004. 12-15 бет.
26. Б.Қабатай. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушының әдеби шығармашылығын басқаруға дайындау. //Бастауыш мектеп №11-2004. 15-17 бет.
27. К.Бұзаубақова. Дәстүрлі емес сабақтардың дидактикалық құрылымы. //Бастауыш мектеп. №11-2004. 48-49 бет.
28. Р. Сәкенова, П, Найманбаева. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. //Бастауыш мектеп №1 2003ж. 45-46 бет.
29. С. Қазиева. Оқушылардың ой- өрісін дамыту. //Бастауыш мектеп №1-2003. 41-44 бет.
30. Ж.Рүстесова. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. //Бастауыш мектеп №1-2003. 33-34 бет.
31. Т.Әбдібаева. М.Врашева. Бастауыш сыныптарда нәтижеге бағдарланған білім беру мәселелері. //Бастауыш мектеп №12-2004. 3-8бет.
32. С. Файзулдаева. Балалардың психологиялық ерекшеліктері. //Бастауыш мектеп №12-2004. 23-25 бет.
33. К.Рахатова. Шығармашылық тапсырмалар. //Бастауыш мектеп №12-2004. 52-54 бет
34. Ж.Билялова. З. Хадишова. Модильдеу әдісінің тиімділігі. //Бастауыш мектеп №4-2005. 8-9 бет.
35. М.Ералиева. Бастауыш білім беру сапасын жетілдірудің ғылыми әдістемелік мәселелері. //Бастауыш мектеп №4-2005. 3-5 бет.
36. Ұ.Төленова. Білім беруде жаңа техниканы қолдану - өмір талабы. //Бастауыш мектеп №5-2005. 3-4 бет.
37. А.Омарбекова. Оқу -әдістемелік кешенді пайдалану. //Бастауыш мектеп №5-2005. 5-7 бет.
38. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. //Бастауыш мектеп №5-2005. 18-19 бет.
39. А.Сеитметова. Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі. //Бастауыш мектеп№5-2005. 20-21 бет.
40. Р.Есеева, Ж. Қаранова. Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың рөлі. //Бастауыш мектеп №5-2005. 22-23 бет.
41. Н.Жалмағанбетова. Жаңа буын оқулықтарды мектеп тәжірибесіне енгізудің жайы. //Бастауыш мектеп №1-2002. 12-14 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе
3
1. Шығармашылық қабілеттің ғылыми теориялық негізі.
7
1. Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама
7
2. Оқушылардың жас ерекшеліктері
16
3. Бағдарламаға, 2-сыныптың математика оқулығына талдау
21
2. 2-сынып оқушыларының матеметикадан шығармашылық қабілетін дамыту

34
1. Озат мұғалімдердің іс- тәжірибелерінен
34
2. Математикадан шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары. 37
3. Эксперимент жұмысының нәтижелері
64
Қорытынды
71
Әдебиеттер тізімі
73
Тіркеме
79

Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты-
оқушыға білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал
қазіргі мектеп жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл
ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республика
білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзінде білім беру
ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан
ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса
назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар
адалдық , адамдық, Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу
қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап көрсетті. [16, 10]

Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде
ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру
қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін,
шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол
үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген
қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ
өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, әдіс- тәсілдерді жетілдіріп жаңа
технологияларды қолдану арқылы сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс
ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді
меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап туып
бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдаланып, әр түрлі оқу
тапсырмаларын шешуде шығармашылықпне еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды,
басқаруды және дамытуды үйренуіне септігін тигізіеді. [14,36]
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай , оны жалпы дамыту,
яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру ,
жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге сөйлеу мәдениетін үйретеді. [31,33]
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік
білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын
қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға
бағытталған , Республиканың Білім туралы заңында әр баланың жеке
қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту
сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының Қазақстандағы білім беру
ісін әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуын көздейтіндігі байқалады.
әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан,
оқу жүйесін неғұрліым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезең де өзекте
мәселе болып қалмақ.
Шығармашылық қабілеттің қалыптасу, дамуы туралы бұдан басқа оның
қоршаған орта мен тәрбиеге тәуелділігін (Гельбеций, У. Эшби) сондай-ақ
қабілеттіліктің дамуында іс-әрекеттің құрал ретіндегі рөлін (Галоперин,
А.Н. Леонтьев т.б.) көрсетуге арналған зерттеулері бастауыш сынып
оқушыларын шығармашылыққа баулу үрдісін ілгерілетеді. И.Я. Лернердің
еңбектерінде шығармашылық жұмыстық генезисін түсіндіруде жетекші рөл
проблемалық жағдаяттарға беірледі.
Проблемалық жағдаяттардың негізін құрайтын субьектінің
жеткіліксіздігі шығармашылық тапсырмалардың мәні болып табылады.
Проблемалық оқыту теориясын жасаушылар (А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев,
М.М. Махмутов,И.Я. Лернер) проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным
нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге
оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық
қабілеттерін дамыту екендігін баса айтады. Бұдан дамыта оқыту мен
проблемалық оқытудың көздейтін мақсатының бір екенін аңғаруға болады және
біздің проблеманы дамыта оқыту деуімізге негіз бар. [27,16]
Проблеманы дамыта отырып оқыту талаптарын жүзеге асыру, яғни
бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа баулу процесін арнайы ұйымдастыру,
осы бағытта оқытуға әдістемелік білімдер элементерін енгізу С. Жиенбаев,
Ғ. Бегалиев, Ә. Қоңыратбаев т.б. әдістемелік – ғалымдардың педагогикалық
қызметтерінен бастау алып, бүгінгі күні бастауыш сатыда зөіндік із
қалдырған С. Рахметова, Т.Оспанов, Ж. Қайықбаев , Ш. Құрманалина, Т.
Әбдікәрімова т.б. зерттеулеірнде, еңбектерінде практикалық түрде шешілу
жолдары көрсетілген.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген
білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын біртума ойлау
қабілетіменсерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды мәселе екендігін
дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық
өзекті мәселе ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында шығармашылық
әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я.
Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей
түседі. [3,6]
Жоғарыда айтылғандардың барлығы таңдап алынған тақырыбымыздың
сөзсіз өзекті, көкейтесті екеніне дәлел болады.
Дипломдық зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігіне сүйене отырып
зерттеудің мақсатын, міндеттерін, болжамын нысанасы мен пәнін, әдістерін
және кезеңдерін анықтадық.
1. Зерттеу мақсаты: 2-сынып оқушыларның математикадан шығармашылық
қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтау зерттеу міндеттері:
- Шығармашылық, шығармашылық қабілет ұғымының теориялық сипатын
анықтау;
- 2-сынып оқушыларының математика сабағында жаңа педагогикалық
техналогияларды пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
ерекшеліктерін айқындау;
- Оқушылардың математика сабағында және сыныптан тыс жұмыс кезінде
шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын тауып опрабациядан
өткізу.
2. Зерттеу обьектісі. Екінші сыныптың математика сабақтарындағы оқыту
процесі.
3. Зерттеу пәні 2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін
дамыту жолдары.
Зерттеу болжамы: 2-сынып оқушыларының оқушыларының шығармашылық
қабілетін дамыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге болады.
Зерттеу әдістері:
- Педагогикалық , психологиялық , әдістемелік әдебиеттерді оқып, кезекті
жерлерін конспектілеу.
- Оқулықтарға, бағдарламаға талдау жасау . Озат мұғалімдердің іс-
тәжірибелерімен танысу.
- Эксперимент жұмысының нәтижелерін қорытындылау.
- Апробация.
Зерттеу кезеңдері:
1) 2-сыныптың математика сабағының тиімділігін арттыруға
арналған ғылыми- әдістемелік еңбектерді жинақтау,
танысу, тұжырымдау. Эксперимент бағдарламасы
сараланды. (2004-2005 оқу жылының, I-тоқсаны).
2) Эксперимент кезеңі (2004-2005 оқу жылы II-III-IV-
тоқсан).
3) Қорытынды кезең (2005-06 оқу жылы I-тоқсан).
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Диплом жұмысының нәтижелерін студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері
пайдалануларына болады.

1 Шығармашылық қабілеттің ғылыми- теориялық негізі
1.1 Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті,
саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге
жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін
қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз , бар, барлық іс- әрекеттерінде
шығармашыл бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке
тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде . Демек , қоғамның дарынды
адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің
алдында баланың жеке қабілетімен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол
ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Мектептегі оқу
үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің
дамуына жол ашуы қажет. [10,20]
Қабілеттілік – табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы.
Біреуге көбірек, біреуге азырақ бұйырады. Аз уақыт бойы өз басында ешбір
қабілеттілік жоқ деп санап жүрген үшінші біреу, кенет өз бойынан ерекше
қасиеттерді байқайды. Мысалы оның өнер тапқыштық қабілетіне сурет салуға
бейімділігі белгілі болады.
Ал, шығармашылық қабілет дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрысжол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық қабілетін дамыту – оқушының өз болмысын тануға
көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру.
Оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына
енгізген ұлы ақын, жазушы, педагог Мағжан Жұмабаев.
В.В. Давыдов Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке
тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне
байланысты -деп есептелген. Б.Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама
береді:
Шығармашылық- бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалаған
нәрсе, бұрынғы нәрселерінің механикалық қайталануы емес, өзінің
саналығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін- өзі куәландыратын
дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз
қозғауға болады.
Әрине, мәселе басты ұғымның мәнін түсінумен шектелме йоның
мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері
В.В. Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені
жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін
қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге
асады да , даму өнімі қиял, елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте
шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі- Оқуға
құштарлық, ынталылық. Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке,
дара субьектісі ретінде дами бастайды, В.В. Давыдов шығамашылық тұлғаның
сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып
қалыптасуын В.В. Давыдов өзінің Дамыта оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен.
Бұл еңбекте В.В. Давыдов тұлғаны еркін шығармашылық әрекетің субьектісі,
ал адамның дамуының өзі – оның еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді.
Бұл жағдайдаоқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның
шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырылып отырған мәселенің зерттелуі жаңа
қырынан көрінді. В.И. Солободчиков келесі психологиялық –педагогикалық
талапты ескертеді. Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек
адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің
пайда болуы. Шығармашылық бұл жерде ересек адам мен оқушының кездесуі
бірлескен іс- амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында
жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін
иемднетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адам мен бірлесе отырып,
қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сондай білу негізгі мектеп
оқушыларының шығармашылық әркетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты- оқушыда өз жеке
білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни
педагогикалық әркет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін
әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке
шығармышылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже
туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет
оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тұрғыдан ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, оқу- тәрбие
үрдісін ұйымдастыруға ескерген жөн. Мысал ретінде Ю.Г. Юдиннің ұсыныстарын
келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын
және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіктерін Ю.Г. Юдина мына түрде
қарастырады.
1. Оқушының шығармашылық іс әрекетінің міндетті түрде талап етілуі
: Оқушылардың ғылыми практикалық конференциясыжыл соңындағы
шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс
тапсыру.
2. Оқушының шығармашылық әркетеінің пайда болуының жан- жақтылығы:
жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу,
таныс обьектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің
баламасын таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және
оқушының қызығушылығы, белгілі, эмоция сезімдердің барлығы
оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциалық
шығармашылық атмосферасы болып есептеледі.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән
төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта баули түседі.
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда
болуы мүмкін .
Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттерінің белгілері. Осы
орайда А.Н. Лук өз еңбегіңінде адамның шығармашылығын дамыту мен
қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір
айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу.
- тасымалдай білу ;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады;
сондай- ақ ғалым шығармашылық іс- әрекетті қалыптастыру, дамыту
үшін қажетті жағадйдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық өзін-
өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама –
қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми- педагогикалық проблема ретіндегі
өзекті мәселенің бірі оның қалыптастыруының кезеңдері. Өйткені оқыту
барысында оқушының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру мәселесі
шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді.
Шығармашылық үрдісті А.Н. Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат .
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. (Оянуы. Инсаит.)Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы. Инсаит.
5. Нәтижені жан- жақты тексеру.
Ал көрнекті француз математигі Ш. Адамар шығармашылық үрдісті төрт
кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отрып, Б.А. Тұрығынбаева өз дисертациясында
шығармашылық үрдістің
Кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе – бет келу
2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.
3. Шешімінің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің жарқ етуі.
Шығармашылық үрдістің әркезеңәнде бала бойында әр түрлі сапалық
қасиеттер қалыптасады.
Мысалы алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама- қайшылықтарға
деген ілтипат келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес
орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой- қиялды
қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл –күйге бөлеп, жаңа
істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс- әрекет
барысында көрінеді.
Ә.Ә. Сағымбаев ғалым –психологтардың еңбектеріне сүйене отырып,
өзінің кандидаттық дисертациясында оқушылардың шығармашылық іс- әркетін
қалыптастыруға кері әскр ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы.
Педагогикалық:
- мұғалімның баланың белсендігін қолдамауы:
- баға қоюдағы әділетсіздік.
- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі;
- жалқаулығы;
Физиологиялық:
- денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы,
мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы
табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық
жағдай жасауы. Оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі,
өзіне дегенсенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға
болады. Біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда
болуының шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
а) Пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әркетін таңдауға және
еркін жоспарлауға мүмкіндік береді.
ә) Сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп
мазмұндылық шығармашылық әркетінде жан- жақты болуына әсер етеді.
б) Оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке
бағдарын құруы: ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың
белгілі кезеңдерінің орныдалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру
құралдары болып саналады.
Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге
асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді.
Білімді берудің классикалық жүйесінде оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің
репродуктивті әдістеріне сәйкес негізделге, яғни дайын білімді есте
сақтау, жаттау, жаңғырту, т.б. жұмыстарға негізделген. Жақсы үлгеретін
оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен кездескенде
тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан оқушыларды әрекеттің өнімді,
шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми – педагогикалық өзекті мәселе ретінде
шешімдерін іздестіре беруді қажет етеді.
Шығармашылық – танымдық іс- әрекет – шәкірттің білімге деген өте
белсенді ақыл- ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс- әрекетінің
жетілдіру проблемасына педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған.
Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан
бастау алады. Сократтың өзі- ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-
әркетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді.
Алтынсаринның пікірінше педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе
мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде Үлгілі жолға қойылған,
дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды
мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге
тиіс- деп атап көрсетті.
Ш. Құдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл –
парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім мен оның
тәлімдік- тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлік те қарауға ерекше мән берді.
Оқытудың әдіс- тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың
өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де
шәкірттің шамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп басып айтқан: Оқыту
мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне
қарай жүрсе дұрыс болады- деп көрсетті.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің
қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық процесс емес. Ол тек
әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана, жеке
тұлғаның кәсіби іс әрекеті ,танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу
және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл
мәселе белгілі бір танымдық іс- әрекетте оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін,
жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін,
ізденмпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т.б.) олармен жеке дара
жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде
шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп шығармашылық ізденімпаздығы
қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі,
танымдық іс- әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын
арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.
Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік және дене
күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен анықталатын
білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу- танымдық іс-әрекетін басқару
болып табылады. Оқытушының басқару іс- әрееті өзінің және оқушының іс-
әрекетерін жоспарлаудан, осы іс- әрекеттерідұйымдастырудан, оқыту сапасын
талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан т.б. тұрады. Оқытушы өз
қызметін шебер ұйымдастыра отырып, оқушының да танымдық іс әрекеттерін өз
бетімен жоспарлап, оны оңтайлы ұйымдастырудың әдіс- тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың танымдық іс- әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру
біліктернің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда
шешудің маңызы зор.
Танымдық тапсырмаларды орындау кезеңдермен жүзеге асады:
1. Өзекті мәселені табу;
2. Мақсаты мен міндетерін айқындау;
3. Зерттеу әдіс- амалдарын белгілеу;
4. Гепотеза құру;
5. Гепотезаны тексеру;
6. Нәтижелер, іс-әрекет рефлексиясы.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы
оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін
қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізінен бала- бақша даярлық топ пен бастауыш
сыныптардан бастап қаланады
Психологиялық – педагогиялық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық
материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге
асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі - әлеуметтік орта нмесе
қоршаған орта және үшіншісі- тәрбие, оқу – тәрбие үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-
тәрбие үрдісінің рөлі зор.
Алағашқы педагог – ұстаз Ы. Алтынсарин мұғалім туралы: мұғалім
балалармен істес болады: егер олар нәрсені түсінбесе, онда мұғалім
шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін- өзі
кіналауы керек. Мұғалім балалрамен сөйлескенде, ашуланбай күйгелектенбей
сабырлылықпен сөйлеп, шұбалңқы сөздер мен керексіз терминдерді
қолданбастан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіруі керек- деп
ұстаздың бала алдында биіктен көрінетін тұлға болу керек екендігін
ескертеді.
Ұлт ұстазының бұл пікірінің оқушыны шығармашылыққа баулу
процесіндегі бастауыш сынып мұғаліміне тікелей қатысы бар.
Шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және
сабақтан тыс уақыттарда дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға
болады.

2. Оқушылардың жас ерекшеліктері
Әр жас кезеңінде белгілі бір жетекші әрекет тән болғанына
қарамастан, осы жаста әрекеттің басқа түрлері жоқ немесе шек қойылады
деуге болмайды. Мысалы ,мектепке дейінгі бала үшін жетекші әрекет- ойын.
Дегенмен, мектепке дейінгі кезеңде балалар өміріндегі оқу мен еңбек
сәттерін байқауға болады. Бірақ олар осы жаста негізгі психикалық
өзгерістер сипатын белгілемейді- олардың ерекшеліктері көбінесе ойынға
тәуелді. Ойын әрекеті басқа жас кезеңдеріне тән десекте, бұл кезеңдерде
әрекеттің жетекші және айқындайтын типі болып табылмайды.
А.С. Высотский және А.Н. Леонтьевтің еңбектерінің негізінде Д.Б.
Эльконин жете зерттеген балалық шақты кезеңдендіруін қарайық. Бізідің
ойымызша, бұл кезеңдендіру балалардың психикалық дамуының жалпы негізіне
адам өмірінің өзіндік және сапалы өзгешілік кезеңі ретінде әр жасқа жетекші
әрекеттік белгілі бір типі сәйкес келеді деген ұғым салынған: оның
өзгертілуі жас кезеңдернің алмасуын сипаттайды. Әр жетекші әрекетте тиісті
психикалық жаңа түзілімдер пайда болады және қалыптасады, оның жалғасымы
баланың психикалық дамуының бірлігін құрайды.
Бала дамуындағы ерекше кезең ретінде бастауыш мектеп жасына оның
негізгі жаңа түзілімдеріне сипаттама берейік.
Мектепке түсу бала өмірінде жаңа жас кезеңінің басталуын байқататыны
- ол бастауыш мектеп жасы, оның жетекші әрекеті оқу әрекеті болып табылады.
Оны жүзеге асыру үрдісінде бала мұғалімнің жетекшілігімен қоғамдық сананың
дамыған түрлерінің мазмұнына (ғылыми ұғымдар, көрнекі бейнелер,
адамгершілік құндылық, құқық нормалары) және олардың талабына сәйкес
біліктілігін жүйелі игере бастайды. Қоғамдық сананың осы түрлерінің мазмұны
теориялық сипаттамаға ие.
Кең мағынада теория түсінігі оны ұйымдастырудың ең жоғарғы және
дамыған түрлеріндегі қоғамдық сананың синонимі болып табылады:
ұйымдастырылған ойдың ең жоғары нәтижесі ретінде ол адамдар қазіргі күнгі
кез келген қарым қатынасын қатыстырады және соңғының нақты саналы өзгерту
шарты болып табылады. Психологиялық зерттеулер анықтағандай ; 7-10 жастағы
оқушылардың оқуға деген ынталы қызығу жеке пәндердің мазмұны бойынша емес,
оқу әрекетінң түрлері бойынша жүреді.
Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда оқу әрекеті қалыптасыуының ең қуатты
жүретін кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере
отырып, оқушылардың өздері өзгеріп, дамиды жекетұлғаның негізгі
психологиялық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады. Яғни, бастауыш мектеп
жасындағылардың оқу әрекеті кезінде қалыптасатын психологиялық жаңа
түзілімдер қалыптасады және дамиды.
Олардың негізгісі – оқушылардың ішкі позициясы, еркіндіктің дамуы,
әрекеттің ішкі жоспары және рефлексия.
Оқушының ішкі позициясы 6-7 жас аралығында қалыптасады және олар екі
қажеттілік арқылы сипатталады.
1. Танымдық қажеттілігі. Бұл қажеттілік қанағаттандыруын
оқудан алады.
2. Белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты
қажеттілік. Ол баланың қарым қатынасқа түскісі
келетіндіктен пайда болатын қажеттілік.
Еркіндіктің дамуы ішкі оқу әрекеті пайда болуы нәтижесінде, яғни
қойылған міндеттердің барлығын қабылдаған кезде, жүріс- тұрыс түрткілерін,
бағындырған кезде, бар жұмысты тәртіпке байланысты орындаған, тағы басқа
жағдайларда болады. Жүріс- тұрыстың еркінділігі мына жағдай ларда көрінеді:
өз бетінше алдына мақсат білу кезінде, қабылдаған ой, ниетіне байланысты
әрекет оқушы жасаған кезде болады.
Ішкі жоспарлы әрекетің дамуы сюжетті рөлдік ойындарда оның одан әрі
қарай қалыптасуы оқу әрекетінде көрінеді. Сонымен қатар, ішкі жоспарлы
әрекет балалар өз әркеттерін орындаған кезде көрініп тұрады.
Бастауыш мектеп жасының аяғында рефлексия пайда болады, яғни бала
өзінің жеке ойлау іс- әрекетіне және өзінің жүріс- тұрыстарын бақылап,
қарай бастайды. Рефлексия теоретикалық ойлаудың негізгі компоненті, сонымен
қатар баланың өзіндік сана – сезімінің дамуының белгілі бір механизмі болып
табылады.
Оқу әрекеті арқылы теориялық білімді меңгеру ол ойынмен, еңбекпен,
қоғамдық ұйымдастыру істерімен және т.б. қабысып тұрғанда құнды болады. Оқу
әрекеті балалардың тек интеллектуалдық- танымдық белсенділгін көрсету деп
түсінуге болмайды.
Оқу әрекеті олардың дамуының мектеп кезеңіндегі біртұтастығы мен
толыққанды өмірінің құбылысы .
Балалардың оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерімен өзара байланысты
оларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мен бөлінбестігінің психологиялық
негізі болады.
Бастауыш сатыдағы білімнің теориялық деңгейін біршама көтерудің
оқушының танымдық, психикалық дамуындағы маңызы зор. Бұл осы уақытқа дейін
оқыту тәжірибесін де басым қолданылып жүрген айналадағы дүниенің заттары
мен құбылыстарын тек сырттай қарап қабылдап, үстіртін танумен шектелетін
таным әдісі шеңберінде қалмай, олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті
, заңдылықтырды оқушының өзі ашып, түсінуіне жол ашады: оқушыда заттар мен
құбылыстарды мәнді белгілерін дұрыс, дәл анықтау , талқылап талдау,
бұлтартпайтын дәлелдемелерді дұрыс іріктеп алу т.б. осылар сияқты
біліктердің қалыптасуын, дамуын қамтамасыз етеді.
1-4 сынып (7-10 жас аралығындағы) оқушылары педагогикалық тұрғыдан
ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп
табалдырығын аттап әлеуметтік ортамен жаңа қарым- қатынастарға түседі. Бұл
төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп , жаңа
ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі оқуға
деген қызығушылығы мен танымдық қасиеті дамиды. Сонымен қатар бұл жастағы
баланың антаомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Мысалы
7-10жастағы оқушыларды негізінен бас сүйегі қатаюды, тұтастай алғанда
қаңқаның қатаюы жалғасабереді. Ми салмағының артуы жүйке жүйесінің жетілуі,
екінші сигналдық жүйенің қарқынды дамуы байқалады. Сөздік қоры көбейеді.
Тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелеу түрі және естің
болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл- желпі сенушілік,
еліктеушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында
императивтік (бұйырушылық элементі, өз құрбыларының мінез құлқындағы
кемшіліктерге әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Мектептен келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына,
педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыоптасады,
алғашқы дағдылау мен әдеттер пайда бола бастап , кейін оқушының мінез-
құлық стилін және оның мектеп ұжымдағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп әсерленгіштігі мен басқаға назар аудара
білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және
сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра
білудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез
көндігеді. Бұл жастағы балалардың бойында қазірдің өзінде белгілі бір
дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін есте ұстау керек. Балалардың
адамгершілік жағдайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды.
Баланың іс әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық
ортада болғанда кіші мектеп жасындағы оқушыларда моральдық түсінік тез
дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы
белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер 1-2 сыныпта оқушының мораль
жөніндегі түсінігі тек ата- аналар мен мұғалімдердің пікіріне негізделетін
болса, 3-4 сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және
қорытындылауға тырысады.
Сонымен бірге олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен
тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекетерін саналы түрде бағалай
білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне тән
мінез- құлықтың қалыптасуын бастайтынын және түрлі қайшылықтардың бой
көрсететінін білудің маңызы зор.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани
күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау
мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі
басталады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал
ете алады.
Шығармашылық тұлға негізінен бала бақша, даярлық топ пен бастауыш
сыныптардан бастап қалыптасып, қаланады. Осы жастағы балалар бойында
шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Балаға белгілі бір білім ғана
беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде
дұрыс көзқарас қалыптастыру, бақылау, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға , салыстыруға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретуден басталады.

1.3 Бағдарламаға, 2-сыныптың математика оқулығына талдау
Еліміз егемендік алғаннан бері, қоғамдық өмірдің барлық салаларында
өзгерістер болуда, соның ішінде білім беру жүйесіндегі болып жатқан негізгі
мәселелер қазіргі мектеп түлектерінің білім сапасының деңгейін халықаралық
дәрежеге көтеру. Осыған байланысты мектептерде бүгінгі күн талабына сай сай
мемлекеттік білім тсандарты енгізіліп, оған сәйкес оқу әдістемелік кешендер
әзірленіп, олар тәжірибеге енгізіліп отыр.
Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында Елді түзетуді
бала оқыту ісін түзетуденбастау керек деген болатын.өткен ғасырда айтылған
бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес, еліміздің әлемдік білім
беру кеңістігіне ену мақсатындағы іс- әрекеттерінде маңызды орын алып отыр.

Қазақстандағы білім беру ісін өзгерту стратегиялық міндеттерінің
бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.
Осыған орай білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер орын алуда. Сапа ұғымы
екі мағынада қарастырылады. Біріншісі – стандартқа сәйкестігі. Екіншісі –
оқушының сұранысын қанағаттандыру.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталатыны
бәрімізге белгілі. Білім берудің негізі- бастауышта. Осыған сәйкес:
- оқушыларға дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған
дүниенің ғылыми бейнесі)
- оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-
қатынас).
- дүниені танып білудің әдіс- тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы
білім, білік дағдылардымеңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта
жан- жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының білім беруді дамыту тұжырымдамасының білім берудің
деңгейлері мен мазмұны тарауында, I- саты- бастауыш білім беру, 1-4
сыныптар. Оқудың ұзақтығы- 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың
ақыл- ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең
болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын
бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту деп көрсетеді. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз
білім беру жүйесіндегі басқа бағдармен буындармен тек сабақтас болуымен
ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасу мен дамуы. Қуатты
жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігін анықталып негізделеді.
Осыған байланысты интелектуалдық, эмоционалдық ,іскерлік коммуникативтік
жағынан оқушыны айналадағы дүниемен, табиғатпен, басқа адам дармен, өз-
өзімен т.б. өзара белсенді әрекеттестік қарым- қатынсақа дайындау бастауыш
сатының негізгі қызметі болып табылады.
Бұның өзі бастауыш білім беру мазмұнына өзгеше көзқараспен қарауды,
бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңаша ұйымдастыру міндетін
әкелді. Білім мазмұнын жетілдіру жаңа базистік оқу жоспарына, жаңа буын
оқулықтар мен жаңа оқу әдістемелік кешендер жаңаша оқытуды, баланың дамуына
ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді.
Білім сапасы оның төрт сипатын (білім-құндылық, білім- жүйе, білім
–процесс, білім- нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің
құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен
тікелей байланысты білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер
бойынша алған білім дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы
қалыптастырылып, дамытылатын өмірлік дағдылар, компетенциялар. Осы орайда
мектепте математиканы оқыту нәтижесінде күтілетін нәтижелерді анықтауда
негізгі бағдар етіп ұзақ уақыт мерзіміне арналған базалық компетенциялар
алынады. Бұл компетенциялар жалпы орта білім берудің ұлттық мақсаты ретінде
қарастырылады.
Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білімді, дағдыларды,
қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің
біртіндеп динамикасын көрсетеді.
Математика білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім
мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары
сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнеленген оқу
материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықталады.
Мұнда басты есте болатын нәрсе оқушылардың математикалық мәдениетін
көтеру, математиканы оқып үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Осы тұрғыда бастауыш сыныпта берілетін математикалық білім мазмұны
мен оқушылардың дайындықтарының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар басты
назарға алынады. Мектептің бастауыш сатысында берілетін математикалық білім
сан арифметикалық, шамалар және олардың өлшем бірліктері ; геометрия
элементтері: алгебра элементтері деп аталатын бөлімдерден тұрады. Бұлар
қарастырылатын обьект кеңейгенімен өзгеріссіз қала береді. Соған сәйкес
оқушылардың дайындықтарының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар
анықталған.
Осы тұрғыда екінші сыныптағы математикалық білімнің мазмұнын
негізінен Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және
азайту , мың көлеміндегі сандарды оқу , жазу, салыстыру, қосу және
азайту, Біз нені үйрендік? тақырыптарына топтастырылған материалдар
құрайды. Мұндағы білім мазмұнының негізгі өзегі – сандардың арифметикасы,
ал соның төңірегіне шамалар және олардың өлшемі, есептерді шығаруды
оқытыпүйрету алгебра мен геометрия элементтері сияқты мәселелер
топтастырылған. Қарастырылған сандар аймағы біртіндеп кеңейтіле түседі,
яғни бір таңбалы сандар: толық ондықтар – екі таңбалы сандар. Жүз – үш
таңбалы сандар. Мың.
Жүз көлеміндегі сандар тақырыбы мынадай материалды қамтиды;
сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту, ондықтан аттап жазбаша
қосу және азайту; ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту; кестелік қосу
және азайту.
Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту тақырыбы 1 және 2-
сынып матемика курстары арасында көпір іспеттес, яғни сабақтастық
байланыстарды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады. Өйткені мұнда
оқушыларға бұрыннан белгілі мәселелер тиянақталады, пысықталады және
қайталанады, соның негізінде жалпылай түсу және қорытындылау барысында
кейбір жаңа ұғымдар енгізіледі.
1. бірліктермен санау және ондықтармен санау, сәйкес бір
таңбалы сандар мен толық ордықтарды шығарып алу, сонда-
ақ оларды атау, жазу және салыстыру оқушылардың 1-
сыныпта оқып үйренген мәселелері болып табылады. Олай
болса мұның бәрі сандар аймағын кеңейтудегі тірек
білімінің қатарына жатады. Әрі қарай, екі таңбалы
сандарды оқу, жазу, салыстыру, ондықтармен бірліктердің
қосындысына жіктеу сияқты іс- әрекетерге оқушыларды
машықтандыру жүзеге асырылады. Жалпы қазақ тілінде, екі
таңбалы сандардың ауызша және жазбаша нумерациясында
бірізділік сақталады, яғни санды оқығанда алдымен
ондығын, содан кейін бірлігін атайды, ал оны жазғанда
алдымен ондықтарын білдіретін цифрды жазады. Сандарды
оқуға және жазуға машықтаныдру кіші және үлкен
шаршыларды, жолақшаларды;ондықтар мен бірліктердің
кестесі;есепшот ж.т.б. көрнекіліктерді қолдану
арқылыжүзеге асрылады. Ал екі таңбалы сандарды ондықтар
мен бірліктердің қосындысына жіктеу мен ондықтардан
және бірліктерден екі таңбалы сандарды құру сияқты іс-
әрекеттер жарыстырыла қарастырылады. Сандарды салыстыру
олардың қатардағы орнына қарай, сәйкес бірліктерді және
ондықтары салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ал сәйкес
білім мен дағдыларды қалыптастыру оқулықтағы
жаттығуларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Тақырып
материалын оқып үйренудің соңына қарай , яғни 12-
сабақтан кейін, сыныптағы оқушылардың барлығы екі
таңбалы сандарды оқуды, жазуды, салыстыруды және
жіктерде түсінуі және олардың ерекшеліктерін игеруі
тиіс. Ілгерідегі сабақтарда осындай білім, білік,
дағдылары тиянақтала түседі
2. Шамалар және олардың өлшемі тұрғысынан алғанда ұзындық
масса және сыйымдылық жайында түсініктер беріледі. Мұнда
да да оқушылардың 1-сыныпта алған білімдері тірек білім
болып табылады. Бұрыннан белгілі шама – ұзындықты және
оның бірліктерін пысықтай келе , ұзындықты өлшеудің жаңа
бірлігі – метрді енгізудің тұрмыстық қажеттігі мен
мұқтаждағынан туындайтынын көрсетіп берген жөн. Әрине, 2-
сыныпта шамаларды қарастырудың оқушыларға таныс шама –
ұзындықтан басталуы өте орынды. Сондай- ақ, ұзындықтың
сантиметр, дециметр және метр сияқты бірліктерінің
сандар нумерациясындағы сәйкес бірліктердің, ондықтардың
және жүздіктердің баламасы болатыны ескерілген. Ұзындық
– заттың қасиетін сипаттайтын шама екені оқушыларға
бірінші сыныптан белгілі. Осыған ұқсас, масса және
сыйымдылықта заттың қасиетін сипаттайтынын оқушылар
түсінуі тиіс. Әрі қарай шаманың негізгі өлшеу бірлігі
таңдалып алынады да, онымен таныстырылады және өлшеу
құрал жабдықтары көрсетіледі. Мәселен массаны өлшеу үшін
қолданылатын таразы түрлері және кіртастары, негізгі
өлшеу бірлігі – килограмм, ал сыйымдылықты өлшеу үшін
қолданылатын іштілігі әр түрлі ыдыстар және литрлік ожау
мен банка, негізгі өлшеу бірлігі – литр. Енді негізгі
өлшеу бірлігін пайдаланып, шаманы өлшеу процесінің
ерекшелігі көрсетіледі. Яғни 1кг және 1л арқылы масса
және сыйымдылық өлшенеді.
3. Сандарды, сондай- ақ шамаларды (ұзындық, масса,
сыйымдылық) қосу мен азайту ұқсас мәселелер ретінде
аралас қарастырылады. Мұнда алдымен он көлеміндегі
кестелік қосу мен азайту: ондықтарды қосу мен азайту
пысықталады.осы малдармен байланысты матеметикалық
терминдердің қолданылуына машықтандыра түседі. Демек,
қосынды және айырма, қосындының және айырманы мәндері
азайғыш және азайтқыш, қосылығыш, қосу- азайту өзара
кері амалдар т.с.с
4. Есепті шығаруға үйрету жұмысы 2- сыныпта заңды жалғасын
табады. 1-сыныптан келе жатқан бес түрлі: қосындыны
табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды
табуға, айырмалық салыстыруға берілген есепті пысықтай
келе , олардың кейбіреуіне кері болып табылатын есеп
ретінде белгісіз қосылғышты табу, азайғышты және
азайтқышты табумен байланысты есептің жаңа үш түрі
енгізіледі.

Есептің жаңа үш түрі енгізілгенімен, олармен орындалатын жұмыс
түрлері үйреншікті жұмыстардай және іс- әрекеттер де бұрынғыдай оларды
шығару тәсілдері де – арифметикалық тәсіл болып табылады.
5. Осы тақырыпта алгебра элементтері ретінде санды теңдік
және санды теңсіздік, санды өрнек және оның мәні,
қарапайым теңдеулер және оларды шешуді атаған жөн
6. Оқушыларға бұрыннан белгілі геометриялық фигураларды
пысықтай келе, оларды бір- бірінен ажырата білуге
машықтандыру жүзеге асырылады, сондай- ақ геометриялық
элементтерді қарастыру біршама жаңа сатыға көтеріледі.
Мәселен, өздеріне таныс сызықтарды салыстыра келе,
оларға ұқсамайтын сызық түрі ретінде сынық сызық
термині енгізіледі.
Геометрия элементтерін оқытып үйрету барысында көпбұрыш ұғымының
енгізілуі ерекше кезең болып табылады.
Тікбұрыш және тік емес бұрыштарға түсінік беру де геометрия
элементтерін оқытып, үйретудің алға жылжығандығын білдіреді. Өйткені мұнда
алдымен практикалық іс- әрекет барысында тік бұрышты шығарып аламыз. Әрі
қарай осы тік бұрыш арқылы басқа бұрыштарды салыстырамыз. Бұрыштарды
салыстыру арқылы топқа бөлу, көпбұрыштардың бұрыштарын тік бұрышпен
салыстыру және соның нәтижесінде, көпбұрыштардың тік бұрыштарының санын
анықтау сияқты жұмыстар фигураларды бір- бірімен ажырату үшін ғана емес,
оларды анықтауға да мүмкіндік береді. Ондықтан аттамай ауызша қосу және
азайту тақырыбында: ондыққа 1- ді қосу және ондықтан бірді азайту
тәсілдері: санның ондық құрамына негізделген қосу және азайту тәсілдері:
екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және жіктеу; сызықтардың түрлері,
көпбұрыштың түрлері, бұрыштардың түрлері, көпбұрыштың бұрыштарын тік
бұрышпен салыстыру, көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлшеу, көпбұрыштың
элементтерін анықтау: уақыт аралығы және оның өлшеу бірліктері: санды
өрнектер (оқу, жазу, құру,мәнін табу, салыстыру) санды теңдіктер және санды
теңсіздіктер (құру, оқу, жазу), теңдеулер (құру, оқу, жазу шешу): бір
амалмен шығарылатын өзара кері есептер (құрастыру, шығару, салыстыру,
түрлендіру,топтау,өзгерту): амалдарды орындаудың рет тәртібі, жақшалар: екі
амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық: ондықтан аттамайтын
жағдайлардағы есептеу тәсілдері (23+2, 25-2, 42+30, 3+56, 30+24); ондықтан
аттап, қосу мен азайтуға дайындық: ауызша қосу мен азайтумен (кестелік және
кестеден тыс жағдайлар) байланысты есептеулер жүргізуге машықтандыра түсу
сияқты мәселелер қарасытырылады. Ең негізгі оқыту нәтижелерінің қатарына :
ондықтан атталмайтын жағдайларда қосу және азайту амаладарын ауызша
орныдаумен байланысты білік пен дағдылардың қалыптасуын, екі таңбалы
сандардың нумерациясына әбден жаттығуға (оқу, жазу, салыстыру): сандарды
және сәйкес шамаларды қосуды және азайтуға саналы орындауды: екі амалмен
шығарылатын есептің мәнді белгісін анықтауды: геометриялық фигураларды бір-
бірінен ажыратуды: қарапайым өрнектерді оқуды, жазуды, құруды және олардың
мәндерін табуды игеруін жатқызуға болады. Кестелік қосу және азайту
тақырыбында: ондықтан аттап қосу мен азайтудың кестелік жағдайлардағы
есептеу тәсілдері және сәйкес бірлік пен дағдыларды қалыптастыру: құрылымы
күрделі санды өрнектермен жұмыс (құру, оқу, жазу, мәнін табу, салыстыру);
қарапайым теңдеулерді сынап көру тәсілімен шешу қарапайым әріпті
өрнектермен жұмыс (құру, оқу, жазу, мәнін табу, салыстыру); екі амалмен
шығарылатын есептер (қосындыны және қалдықты, табу, артық не кем санды және
қосындыны не қалдықты табуға берілген сонша ұғымымен байланысты және
оларды шығару, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Оқушылардың математикадан жарыстары
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс сабақтар
Пәндер