Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті



КІРІСПЕ 3

1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты.

«Мәдени мұра» бағдарламасы және ондағы шаралардың іс жүзіне асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағы ... ... ...

2. Тәуелсіз Қазақстандағы «Тіл» саясаты. Діни қайта жаңғыртулар.

1.1 Тіл . саясаты және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Дін мемелекеттің рухани тірегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениетінің сипатты, белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
Аты әйгілі – Қорқыт /Ата Қорқыт/, Асан қайғы, Бұқар, Абай, тағы басқалар қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістеуге елеулі үлес қосты.
Қазақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Қазақтың ақындар айтысы - қазақ халқының өнері мен ақындық шабыт-шалымының салтанатты көрінісі. Міне, осындай бай мұраларымызды қайта жаңғыртып, оны толықтырып отырған кезеңде мемлекеттіліктің негізі де нығая түсері сөзсіз. Тақырыптың өзектілігі тәуелсіздік алған он бес жыл ішіндегі мәдениетіміздің қайта түлеу жетістіктерін бір ауқымға келтіріп, ондағы жіберілген кемшіліктердің алдын алу үшін маңыздылығы бар деп ойлаймыз. Қазір біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мәдениет саласы осы дәуірдің тенденциясымен бағыт алып, барлық ұлт өкілдерінің басын құрап отырған мемлекетіміздің саясатын да жүзеге асырып келеді. Жоғарыда жазғанымыздай ел тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің мәдениетіне деген көзқарас жаңаша қоғамдық сипат алып, мәдениет саласында маңызы зор бағдарламалар жасалып, жүзеге асырыла бастады. Соның бірегейі елдің елдігін танытып отырған ол көпшілікке мәлім «мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА
ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

Орындаған:тарих факультетінің
5-
курс студенті

Ғылыми жетекшісі;т.ғ.к.,
аға оқытушы Саржанова С.С.

Қорғауға жіберілді: “____” ______________ 2007 ж.
Хаттама № _______
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., проф.____________Қаражан. Қ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты.

1. Мәдени мұра бағдарламасы және ондағы шаралардың іс жүзіне
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағы ... ... ...

2. Тәуелсіз Қазақстандағы Тіл саясаты. Діни қайта жаңғыртулар.

1. Тіл – саясаты және оның
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2. Дін мемелекеттің рухани
тірегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани
мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар
мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,

Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи
даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін
арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік
міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің,
халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір
ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді.
Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста
және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге
енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің
дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам
бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін
жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық,
рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту
үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени
құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде
өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық
мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай
дамып, қалыптасқан түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне
тән материалдық және рухани мәдениетінің сипатты, белгілері орнықты. Бұл
қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын
қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан
әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі бай әдеби мұралар,
көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық
емшілігі және материалдық мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет
жетістіктерінің жасаушылары болды.
Аты әйгілі – Қорқыт Ата Қорқыт, Асан қайғы, Бұқар, Абай, тағы басқалар
қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістеуге елеулі үлес қосты.
Қазақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Қазақтың
ақындар айтысы - қазақ халқының өнері мен ақындық шабыт-шалымының
салтанатты көрінісі. Міне, осындай бай мұраларымызды қайта жаңғыртып, оны
толықтырып отырған кезеңде мемлекеттіліктің негізі де нығая түсері сөзсіз.
Тақырыптың өзектілігі тәуелсіздік алған он бес жыл ішіндегі мәдениетіміздің
қайта түлеу жетістіктерін бір ауқымға келтіріп, ондағы жіберілген
кемшіліктердің алдын алу үшін маңыздылығы бар деп ойлаймыз. Қазір біз
жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мәдениет саласы осы дәуірдің
тенденциясымен бағыт алып, барлық ұлт өкілдерінің басын құрап отырған
мемлекетіміздің саясатын да жүзеге асырып келеді. Жоғарыда жазғанымыздай ел
тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің мәдениетіне деген көзқарас жаңаша
қоғамдық сипат алып, мәдениет саласында маңызы зор бағдарламалар жасалып,
жүзеге асырыла бастады. Соның бірегейі елдің елдігін танытып отырған ол
көпшілікке мәлім мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы.
Тақырыптың тарихнамасы.Тәуелсіз Қзақстанның мәдениетін жазу барысында біз
тарихшы, экономист, заңгер тағы басқа ғылым саласының ғалымдарының
еңбектерін пайдаландық. Сондай-ақ , Қазақстан тарихы курсына арналған түрлі
авторлар еңбектерін де басшылыққа алғанымызды секертеміз. Жұмыс мазмұнын
ашу үшін заңды негізде бекітілген мемлекттік бағдарлама, жарғы, қаулы жіне
тағы басқа да құжаттық неіздер қолданылды.
Ал енді сол еңбектерге талдау жасайтын болсақ, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың еңбектері 1, жыл сайынғы
мәдени саланың жетістіктері жөнінде көптеген нақты мәліметтер алуымызға
басты , негізгі құрал болды.Ол жыл сайынғы Халыққа Жолдауының бірінде
Қазақстан мәдениеті жөнінде былай деген еді
эпостық өзіндік ерекшелікті дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуан
түрлілігін сақтау, соның негізінде қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты аймақ
ретінде оның әлемдегі беделін арттыру керек 2 - деген еді.
Олай болса ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың бай мәдениеттің
тарихын білуіміз қажет, оны одан әрі дамыту болашақ ұрпақтың игілігіне
жеткізу қажет-ақ. Тоталитарлық жүйенің үстем болған жылдарында осы бай
мәдениетіміздің тарихы да, жетістігі де, ұмытыла бастады, мәдениет
уәкілдері ұлтшылдар атанып, қуғынға ұшырады, ұлттық әдет-ғұрыптар, тіпті
ұлттық киімдер ескінің қалдығы деп қарады. Маркстік-лениндік ілім,
идеология әрбір ұлттың саяси-әлеуметтік экономикалық-рухани жетістіктерге,
процеске жету жолдарын ұлт ерекшелігінен бөліп қарады. Сондықтан
Н.Ә.Назарбаев Бұрынғы КСРО- дағы жүргізіліп келген ұлттық саясатты
зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар3 - деп жазды.
Біз бүгін бұрынғы құдқықсыз өмірден біржола бас тарттық; өзінің
әлеуметтік бағдарланғанан нарықтық экономикасы және қоғамдық қарым-
қатынастары бар күшті егемен мемлекетті құрып жатырмыз, әлемдік
қауымдастықтың тең құқықты мүшесіміз, әлем елі картасында өзіндік ерекше
орнымыз бар мемлекетпіз.
Мәдениет өрісін демократия принциптерінсіз қалыпттырудың басқа құралы
жоқ, өйткені демократиялық институттар ғана барлық халықтардың мәдениеті
өзінің табиғи үндестігін тауып, мәдениетаралық диалог жолға қойылатын,
төзімділік психологиясы орнықтырылып,біртұтас мәдениет кеңістігі жасалатын
ортаны қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі елде мәдениеттің
дамуына барлық шараларды қарастырды. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты басқа
да еңбектерінде мәдениеттің даму тұжырымдамасы жасалынды, онда Қазақстан
Республикасы идеологиялық өктемдіктен бас тартқанының, мәдени-шығармашылық
бостандық жариялап, оны қорғап, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар
туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету - және шығармашылық қызметкерлерінің
жұмысын халыққа жария ету жөнінде өзіне міндеттемелер алды.

1. Н.Ә.Назарбаев. Әділеттіктің ақ жолы, Алматы, 1991.;
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, Алматы, 1992.; Н.Ә.Назарбаев.
Ғасырлар тоғысында, Алматы, 1996.; Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан - 2030.
Алматы, 1997.;Н.Ә.Назарбаев. Азаматтық форумның бірлескен мәжілісінде
сөйлеген: Азаматтық қоғам көп міндеттерді жүктейді. 2003, 15 қазан,
Егемен Қазақстан.; Н.Ә.Назарбаев. Жаңару стратегиясы (ҚР-ның 12
жылдығына арналған баяндама). Егемен Қазақстан. 2003, 14 желтоқсан.;
Н.Ә.Назарбаев. Серпінділік стратегиясының қарлығашы. Егемен
Қазақстан, 2006, 13 мамыр.; Н.Ә.Назарбаев. Ел жұртымның алдында
жауапкершілігімді сезінемін. Егемен Қазақстан. 2006, 13 қаңтар.;
Н.Ә.Назарбаев. Елмен сұқбаты, Егемен Қазақстан, 2005 ж, 25 тамыз.;
Н.Ә.Назарбаев. Инвестициялық тартымдылық - бәсекеге қабілеттілік
қасиет, Егемен Қазақстан, 8 маусым. т.б.; Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан
халықтары Ассамблеясының XI сессиясы баяндама Ынтымағы жарасқан елдің
ырысы Егемен Қазақстан, 2005, 22 қараша
2. Н.Ә.Назарбаев. Ынтымастыққа тағы бір нық қадам 2005, 12 қараша.
II Азаматтық форум.
3. Н.Ә.Назарбаев. Мен өзімнің уәдемді орындап келемін. Егемен
Қазақстан, 2005, 26 шілде.

Ә.Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы, Алматы, 1997.
2. С. Байтіленов. Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау. Тараз, 1999.
3. К.Берденова, К.Құбаев, А.Кәрібай. Қазақстанның мемлекет ретінде
қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Алматы, 1998.
4. История Казахстана. С древнейших времен до наших дней. В пяти
томах, т. 1, 2, 3- Алматы, Атамұра, 1996, 1997, 2000.
5. История развития транспорта и коммуникаций Казахстана, Алматы.
2000.
6. Казахстан за 70 лет, Алматы, 1990.
7. Қазақтың көне тарихы, Алматы, Жалын, 1993.
8. Е.Қайназаров, А.Қайназарова. История Казахстана (учебное пособие),
Алма-Ата, 1992.
9. Кан Т. История Казахстана, учебное пособие. Алматы, 2002.
10. Б. Кәрібаев. Қазақ хандығының құрылуы. (қазақ тарихы) 1995
11. М.Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1999.
12. М.Козыбаев. Казахстан и современность. Алма-Ата, 1991.
13. М.Қозыбаев. Өркениет және ұлт. Алматы, 2001.
14. М.Қойгелдиев, Тұтас Түркістан идеясы және Мүстафа Шоқай, Алматы,
1994.
15. М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы, Санат Алматы, 1995
16. М.Қойгелдиев. Т.Омарбеков Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.
17. Қ.Көшербаев, Р.Құттыбаева. Қазақстандағы этносаралық қатынастар
мәселесі, Алматы, 1996.
18. Кунаев Д.А. О моем времени, Алма-Ата, 1992.
19. Күзембайұлы, Е.Абиев. История Казахстана, Алма-Ата, 1996.
20. Қадырғали Жалайыр. Шежілер жинағы, Алматы, 1997, Қазақ қалай
аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары?) Алматы, 1991.
21. Кункожаев Н.Р. Политическая, социально-экономическая и
духовная жизнь независимого Казахстана, Алматы, 2004.
22. Н.Р.Күнқожаев. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, Алматы, 2004. '
23. Н.Р.Күнқожаев. Тәуелсіз Қазақстан Республикасына 12 жыл, Алматы,
2003.
24. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1 - 12 т, Алматы, 1972 - 1980.
25. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Очерк, Алматы.
Дәуір, 1994.
26. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.
27. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі, Алматы, 1994.
28. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, Алматы, 1995.
29. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, Алматы, 1994.
30. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди, Алматы, 1999.
31. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы, 2005.
45. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында. 2006 ж халыққа Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2006 ж.
46. К. Нұрпейсов. Алаш һам Алаш Орда, Алматы, 1995.
47. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы, Алматы, 1999.
48. Омаров А. История железных дорог Казахстана. 1825 - 1995, т.1,
Алматы, 1997.
49. Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1995.
50. Омарбеков Т. XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының өзекті
мәселелері, Алматы, 2001.
52 Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 1999.
51. Тулепбаев Б, Тулепбаева К. Д.А.Кунаев - выдающийся государственный
и политический деятель, Алматы, 2006.
52. Тынышбаев М. История Казахского народа, Алма-Ата, 1993.
53. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері, Алматы, 1993.
54. Учебное пособие по истории Казахстана (древнейших времен до наших
дней). Алма-Ата, 1992.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
-Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты жөніде баяндау;
-Мәдени мұра бағдарламасы және ондағы шаралардың іс жүзіне асырылуын
талдау;
- Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағын негізгі құжаттар
негізімен анықтау;
-Тәуелсіз Қазақстандағы Тіл саясатының іске асырылуын, жетістіктері мен
кейбір кемшіліктерін көрсету;
-Діни қайта жаңғыртулар туралы баяндау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері.
Диплом жұмысының дәйектемелік негізі 1991 жылдан 2007 жылдар аралығын
яғни, тәуелсіздік алған жылдар аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі.
Жұмысты жазуда біз тарихилық, жүйелік, объективтік ұстанымдарды
алдық, Сонымен қатар қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жаңа тарихи
көзқарас тұрғысынан баға берілген еңбектерді басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘДЕНИ САЯСАТЫ

1.1 Мәдениетті қолдау жылындағы жетістіктер және Мәдени мұра
бағдарламасы; мақсаты, міндеті, нәтижелері.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды: ЮНЕСКО деңгейінде
Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтой өткізілді. Бұл еліміздің беделіне
қосылған зор үлес болды. Өйткені, Түркістан қазақ және Орталық Азиядағы
басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке
болып саналады.
Біз жоғарыда Қазақстан Республикасының мәдениет саласына қысқаша шолу
жасадық. Қандай да бір экономикалық қиыншылықтар болмасын, мәдениет
мәселесіне үнемі назар аударып отырды. Дегенмен, көптеген қиыншылықтар да
кездесті. Колхоз және совхоздар таратылды Көптеген өнеркәсіп орындары
тоқтап қалды. Аудандар бірікті. Мұның бәрі көптеген мәдени мекемелердің,
орталықтардың жойылуына соқтырды, бұл шындықты да мойындаған нағыз
әділеттілік болар Тіпті, аудан орталығындағы музыкалық оқу орындары да
қысқаруға ұшырады. Мәдениет қызметкерлері әлеуметтік жағынан қорғалмаған
болып шықты.
1995 жылы 7352 кітапхана болса, ол 1998 жылы 3032 болып қалған яғни
екі еседен астамы қысқарған, олардағы оқушылар саны осынша азайған.
Мұражайлар саны 8,8, бірақ оған оқушылардың саны 1,5 қысқарған.
Республикада үш жүз парк бар. Ақша төлеп кино көрсетілетін қондырғылар осы
жылдарда 3,5 есе қысқарған, ал оны көрушілер қалда да, селода да мүлдем
азайған. Село халқы кино көруіді қойды десек те қателеспейміз. Селолы
жерлерде республика халқының 44 пайызы тұратынын ескерсек, бұл орны толмас
кемшілік.
2000 жылдың Мәдениет жылы деп атауына байланысты бұл салада
бірсыпыра шаралар іске асырылды. Біз мәдениетімізге қарыздармыз, алайда
ештеме істемейді десек, мұнымыз шындыққа кереғар болар еді - деп жазды
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанда 2000 жылдың өзінде 468 кітапхана* 238 клуб, 5
мұражай ашылды. Барлығы мыңнан астам жабылғандары қалпына келтірілді. Бұл
жылы мәдениет ошақтарын жаңарту мен жөндеуге 3,5 млрд теңгеден аса қаржы
жұмсалды. Осы жылдың өзінде ғана Астанада Мемлекеттік мұражайы мен опера
театры:, Петропавлда музыкалық драма театры, Оралда музыкалық театр ашылды.
Еліміздің ауылдық кітапханаларына жарты миллионнан астам жаңа кітаптар
берілді. 2001 жылғы бюджеттен мәдениетті дамьпуға 600 миллион теңге
берілді.
Мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне Халық қаһарманы атағы беріле
бастады. Мұндай жоғары ерекше белгі Р.Бағланова, Н.Тілендиев және
Ә.Мәмбетовке берілді. Бұл мәдениетке деген аса зор қамқорлық еді. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев өнер саласындағы жас таланттарды, еңбек сіңірген
қайраткерлерді рет-ретімен қабылдап, олардың шығармашылық қызметтеріне
тілек білдіріп отырды. Орталық концерт залында Бибігүл Төлегенованың I
халықаралық әншілер байқауы өткізілді. Әлемнің әр шалғайынынан, ТМД
елдерінен келген 50 орындаушының ішінен іріктелген 17 үздік әнші өнер
көрсетті.
Ер есімі - ел есінде дегендей, барлық облыстарда, қалаларда,
аудандарда өнер қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылып, көше аттары
берілуде. Елімізде Тәуелсіздіктің таңы атқаннан кейін барлық облыс,
қалаларда, аудан орталықтарында қазақтың үш биінің - Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би есімдері орталық көшелерге берілді. Сондай-ақ Абылай хан,
Қабанбай, Бөгенбай және Наурызбай сынды батырлардың атымен көшелер атала
бастады.
2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы
(бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі және
сырты саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Қазақстан халқына
Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі
N 903 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006
жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
6.5.2-тармағына сәйкес әзірленді. Осы Бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра
саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету
қажеттігінен туындады.
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық
дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан
келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін
ашумен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қшшына
келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандырумен, олардың негізінде жаңа тарихи-
мәдени мұражай-қорықтардың құрумен сипатталады.
Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін
өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана. 147
мұражай. 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.
Тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан
тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдардың тармақталған
желісі жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші -
Түркістан қаласындагы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Астана қапасының мәдени инфрақұрылымын жақсарту жөнінде шаралар
қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия
театры, мұражайды, кітапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік
мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт
залы мен цирктің құрылысы жүргізілуде. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану туралы", "Мәдениет туралы", "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қабылданып, күшіне енді.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан
ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек
күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді. Қазақстанның ұлттық
тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет
объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында - Оңтүстік Қазақстандағы
Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері,
Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат
ауылындагы тарихи-сәулет ескерткіштері, "Әзірет Сұлтан", "Жидебай-Бөрілі"
қорық-мұражайларының тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау
қорығы және "Ордабасы" қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің
қайталанбас ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және
технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.
Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін, соның
ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі
авторлардың шығармаларындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеруі
жүйесі мен әдістерін дамыту жеткіліксіз.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман үшін
философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылыми ой-
сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару
іс жүзінде тоқтап қалды.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында
тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдактарды
жабу, сондай-ак қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту
мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді
шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Қағаздан, желімнен, теріден,
қатырма кағаздан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба
мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы
атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен
қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-
музыканттардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару
керек. Осы бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді
түрде шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен
таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Бағдарламаның
мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ,
Бағдарламанын мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту,
мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы
жүзеге асырылады:
елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;
мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті ауыз
әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін
жасау;
ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, көркем
және ғылыми толық дестелерді шығару;
әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы
жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі
толыққанды қорын жасау.Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен
тетігі Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге іске асырылады және
мәдени мұраны сақтау мен өркендетудің негізгі бағыттары:
оларды зерделеудің тұтастай жүйесін қалыптастыру, ежелгі және орта
ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қорғандарға археологиялық зерттеулер
жүргізу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм
инфрақұрылымының жүйесіне енгізу;
Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткішерін
қалпына келтіру, тұмшалау мен пайдалану;
ғылыми білім-білікті кеңінен насихаттау, тарих ғылымының теориялық
проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті
шығару;
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің
томдарының жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жұмысты жүзеге асыру;
облыстық мемлекеттік инспекциялардың, қалпына келтіру ұйымдарының
қызметіне бірыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет
ескерткіштерін қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды іске
асыру міндетіне кіретін тарихи-мәдени мұраны қорғау мен белсенді пайдалану
жөнінде республикада ұтымды құрылымды кұру туралы мәселені шешу;
мемлекеттің мәдени мұрасы және ақпараттык ресурсының объектісі ретінде
Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгілерін,
әлемдік ғылыми ой-сананың жетістіктерін дайындау және басып шығаруды жүзеге
асыру арқылы көзделеді.
Бағдарламаның іске асырудың осындай негізгі бағыттарына сәйкес: Ұлттық
тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін қайта
жаңғырту. Ұлттық тарих ескерткіштерін қайта жаңғырту ұлттық мәдениет үшін
айрықша мәні бар мынадай ескерткіштерді: Абат-Байтақ, Айша-Бибі
кесенелеріне, Караман-Ата, Шопан-Ата сағаналарына, Ақыртас және Баба-Ата
сарай кешендеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін ұйымдастыру,
оларды қалпына келтіру, тұмшалау, жаңарту және абаттандыру, сондай-ақ
тарихи және этномәдени ортаны өркендету мен дамыту, Қойлық, Есік, Сарайшық,
Берел және басқа да ежелгі, орта ғасырдағы кенттерге, қорғандар мен
қоныстарға археологиялық зерттеулерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштері жинағын
баспаға дайындау жөнінде жүйелі жұмыс жүзеге асырылады. Республика
мұражайларының қорында сақталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы
ескерткіштері тұрақты түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет
етеді. Осыны негізге ала отырып, ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мұражай
қорларын қалпына келтіру мен түзу жөнінде орталықты құру мүмкіндігін қарау
қажет.
Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеудің тұтастай жүйесін кұру,
өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ
халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың
қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін
"Фольклортану, әдебиеттану және өнертану" топтамасы қазақтың халық ауыз
әдебиетін біріктіретін "Бабалар сөзі" кітабының дестесінде беріледі, ол
жүздеген жылдар бойына қалыптасқан қазақтың халық ауыз әдебиетінің бай
мұрасын бейнелейтін ертегілерден, аңыздардан, эпостық шығармалар мен тарихи
дастандардан тұрады.
Тағы бір орасан зор құндылық "Қазақ әдебиетінің тарихы", ол бірнеше
ғасырлар бойына Қазақстанда қалыптасқан, көркем әдеби ойдың түп-негізі
туралы әңгімелейді, Қазақстанның ақын-жазушылары шығармашылыгының негізгі
үрдістері мен ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
"Көркем әдебиет" топтамасында әлемдік классикаиың жетістіктері көрініс
тапқан. "Әлемдік әдебиет кітапханасы" дестесі Еуропа, Америка, Австралия,
Африка, сондай-ақ Азия елдерінің алдыңғы қатардағы әдеби шығармашылығын
қамтиды.
"Философия" топтамасында қазақ халқының бай философиялық мұрасынан
мағлұмат беретін шығармалардың таңдаулы үлгілерін тұтас біріктіруге тұңғыш
қадам жасалып, "Қазақ халқының ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейінгі
философиялық мұрасы" дестесі шығарылады. Ұлы Даланың көрнекті ұлдары -
Қорқыт ата нақылдарынан басталған, Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымында
жалғасын тапқан философиялық көзқарастар әлемдік ізгі рухани мәдениеттің
інжу-маржандары болып саналады. "әлемдік философиялық мұра" дестесі Батыс
пен Шыгыстың ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейінгі көрнекті ойшылдарының
философия тарихы туралы іргелі еңбектерін, аса танымал шығармаларын
қамтиды, олардың алдында философиялық мектептер мен бағыттардың қысқаша
сипаттамалары, авторлардың өмірбаяны берілген. "Тарих ғылымы"
топтамасындағы "Қазақстанның тарихы жөніндегі жазба деректер" жобасы
Қазақстанның ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейінгі тарихы бойынша жазба
деректердің мемлекеттік тілдегі бірнеше дестелерін басып шығаруға
дайындықты көздейді, олардың ішінде Геродоттың, Птолемейдің еңбектері,
сондай-ақ аса маңызды араб, парсы, түркі тілді, қытай, моңғол, орыс және
батыс жазба деректері қамтылған.
"Әлемдік тарихи ой-сана" дестесіне әлемнің көрнекті ойшылдары мен
ғалымдарынын адамзат өркениеттерінің, мәдениетінің, елдер мен халықтардың
даму проблемаларына арналған трактаттары кіреді.
"Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері" топтамасында - "Тарих
және мәдениет ескерткіштерінің жинағы" кітаптары дестесінде Қазақстанның
археологиясы мен тарихының майтын ескерткіштерінің тарихи және көркемдік
құндылығы, сондай-ақ халықтың тарихы мен қолөнері суреттермен қысқаша
баяндала отырып, мол мәліметтер беріледі. Қазақ халқының тарихи мұрасын
зерделеудің тұтастай жүйесін жасауға ықпал ететін альбомдар дестесі де
қызығушылық туғызады. Олардың арасында "Қазақстанның археологиясы",
"Қазақстанның петроглифтері" бар. "Мәдениеттану" топтамасында - "әлемдік
мәдениеттану ой-санасы" жобасында мәдениеттанудың "мәдениет" және
"өркениет", "мәдени құндылықтар" және "мәдени кұбылыстар", "мәдениет
субъектісі" және "мәдени мұра", "мәдениеттегі дәстүрлер мен жаңалықтар",
"мәдениеттің типтері" және басқалары секілді негізгі ұғымдарына арналған
өткеннің ойшылдарының көптеген трактаттарының аудармалары мен қазіргі
ғалымдардың монографиялары енген. "Этнофафия және антропология"
топтамасындағы "Қазақтың халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" суретті кітап-
альбомдар дестелерінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сипатталып,
қазақтардың мәдени құндылықтары мен қолөнері туралы мәліметтер беріледі.
"Заң ғылымы" топтамасы - "Қазақтар құқығының ежелгі дүниесі" кітаптарының
дестесі белгілі билердің қазақ халқының бірлігін және оның аумағының
тұтастығын сақтауға, қоғамды имандылық тұрғысынан үйіруге үндеген шешендік
сөздері, нақылдары мен қарасөздері жинақталған, оларда адамды сүю, татулық
пен әділдік қағидалары, сондай-ақ қазақтар құқығы қағидаларының жазбалары
мен жинақтары беріледі.
"Әлеуметтану" топтамасындағы бұл бағыт "әлемдік әлеуметтану ой-санасы"
дестесінде беріліп, ол қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен оның әлеуметтенуі,
әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен әлеуметтік үдерістердің мәні
мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулерге, сондай-ақ әлеуметтану ілімінің
қазіргі таңдағы теориялары мен мектептеріне арналған. "Саясаттану"
топтамасында - "әлемдік саясаттану ой-санасы" дестесінде Ежелгі дүниенің,
Орта ғасырдың, Жаңа және Жаңаша уақыттың негізгі саяси және құқықтық
доктриналары туралы мағлұмат беретін, сондай-ақ саяси-құқықтық идеологияның
даму сатыларын оның дүниетанымдық негіздерімен және теориялық мазмұнымен
бірлікте бейнелейтін түрлі дәуірлердегі дүние ойшылдарының мәтіндері
жинақталады.
"Психология" топтамасындагы "әлемдік психологиялық ой-сана" дестесінде
жүздеген жылдар ішіндегі әлемдік психологиялық ой-сананың түп-негізін
бейнелейтін ғылыми психологиялық ой-сананың аса танымал өкілдерінің
еңбектері қамтылады.
"Экономика ғылымы" топтамасындағы "экономика классикасы" кітаптарының
дестесі ғалымдар мен ойшылдардың экономика жөніндегі теориялық мұрасына
арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылық жүргізу нысандары мен экономикалық
идеялардың диалектикалық бірлігін бейнелейтін әдіснамалық тәсілге
негізделген. Осы дестенің әрбір томы классикалық, кейнстік,
институционалдық, монетарлық және басқа да жетекші экономикалық
мектептердің негізгі қағидалары мен есімдері туралы мағлұмат беретін
ақпараттық материалдар мен мәтіндерді қамтитын болады.
"Тіл білімі" топтамасындағы осы бағыттың кестелерінде қазақ әдеби
тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін және оның лексикасының
баюына ықпал ететін қазақ тілінің түрлі түсіндірме сөздіктері, синонимдер
сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер беріледі.
"Мұрағат және кітапхана ісі" топтамасына - "Қазақ зиялыларының хаттары
мұрасы" жинағына Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында
және Ресей Федерациясының мұрағат қорында табылған қазақ қоғамындағы ел
басқарушылардың - ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның көрнекті
қайраткерлерінің хаттарының ауқымды кешені енеді.
"Энциклопедиялар" топтамасындағы осы бағыттың дестелері қазақ
мәдениетінің тарихы, ерекше әдеби жанрлар мен өнердің бағыттары туралы
мағлұмат беретін әдебиет, мәдениет және өнер жөніндегі энциклопедиялар мен
энциклопедиялық анықтамалықтардың алуан түрлі ауқымын қамтиды. Қазақ, орыс
және ағылшын тілдеріндегі "Қазақстан Республикасы" энциклопедиясы жан-жақты
сипаттамаларды, статистикалық материалдарды, бай иллюстрацияларды,
фотосуреттерді, схемалар мен диаграммаларды қамтиды.
"Бейнелеу өнері" топтамасындағы осы бағыттың дестелерінде Қазақстан
бейнелеу өнерінің құнды үлгілері фото- және бейнелеу альбомдарында көрініс
табады. "Қазақстан суретшілері" атты жеке дестеде Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев,
С.Калмыков және басқалар секілді заманымыздың талантты шеберлерінің
шығармашылығына арналған бейнелеу альбомдары шығарылады.Қажетті ресурстар
және қаржыландырудың негізгі көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге
асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы көлемі - 1933,6 млн. теңге, оның
ішінде: 2004 жылы - 641,65 млн.; 2005 жылы - 631,7 млн.; 2006 жылы -660,2
млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2005-2006 жылдарға арналған көлемі
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды
көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады. Ұлттық әлемдік ғылыми ой-
сананың, мәдениеттің, әдебиеттің шығарылуы кейінгі жылдарда аяқталатын кең
көлемді дестелі басылымдарын қаржыландыру мәселелері белгіленген тәртіппен
қаралатын болады.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер бағдарламаны іске
асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне,
өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында
тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруга ықпал етеді.Нәтижесінде:тарих
пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады;32
ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми
зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта
пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
мәдени инфрақұрылым кеңейтіледі, тарихи-мәдени құндылықтарды
насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жанданады;
мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске
асырылады;
Республикалық ұлттық кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу
және сатып алу, кітаптар мен ежелгі колжазбаларды қалпына келтіру орталығы,
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты жанында қазіргі
заманғы жабдықтармен жарақталған Мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін
жасау және қалпына келтіру орталығы, Президенттік мәдени орталық базасында
ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мұражай қорын түзу мен қалпына келтіру
орталығы құрылады;
16 бағыт бойынша түрлі кітаптар кестелері шығарылады;
Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны -
мүсінтас тұрғызылады; деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнілгері
тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің
аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленеді; елдің қорларында,
мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде
орындаушы-музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы
аудиотаспаларға көшіріледі.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2005 жылғы 1І ақпан
Мәдени мұра Бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді
пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажеттілігі атап
өтілді.
Осы іргелі Бағдарлама шеңберінде ұлттық әдебиет пен мәдениеттің сан
ғасырлық тәжірибесі сарапталынды. Әлемдік ғылыми ой-сананың көркем және
ғылыми әдебиеттердің сериялары, мәдениет пен әдебиеттердің сериялары,
мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы үлгілері қазақшаға аударылды. Бұл арқылы
қазақ тіліндегі әлемдік көркем жәңе ғылыми әдебиеттердің сериялары,
мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы үлгілері қазақшаға аударылды. Бұл арқылы
қазақ тіліндегі әлемдік керкем ойдың біртұтастығы қалыптастырылуда. Осындай
алғашқы шаралары нәтижесінде жас ұрпағымыз бабалар мұрасымен танысуға кең
мүмкіндік алды. 100 томдық Бабалар сөзі қазақ фальклорының алғашқы 7
томының, 10 томдық Қазақтың Ата Заңдары жинағының 3 томынның, ұлт
тұлғаларын таныстыратын Шығыстың ұлылары сериясы бойынша басылып шыққан
Бейбарыс, Шыңғыс хан, Кенесары, Қасымхан, Абылай хан сияқты танымдық
кітаптардың жарық көруі ауқымды жұмыстардың нәтижесі.
Мәдени мұра Бағдарламасы бойынша еліміздің аумағындағы 30- дан астам
ежелгі қала орындарындағы обалар мен қорғандарға археологиялық зерттеулер,
кең ауқымды қазба жұмыстары жүргізіліп тың тарихи жаңалықтардың беттері
ашылды. Бұлар Шығыс Қазақстан облысында Шіліктіден табылған үшінші Алтын
адам, Алматы облысы Қойлық қаласы орнынан табылған мұсылман мешіті, будда
храмы мен христиан шіркеулерінің ұштағаны, Орталық Қазақстандағы Кент
қаласының мұралары еді.
Қытай, Моңғол, Ресей елдеріне жіберілген экспедиция табысты еңбек
етті. Қытай мұрағаттарының қазақ халқының өткен тарихы мен мәдениетінен,
салт-дәстүрінен сыр шертетін қолжазбаларды тапты.
Ескерткіштерді қайта жаңғыртуға, жаңалауға бөлінген мемлекеттің 152
миллиард теңге қаржысы мақсатқа сай игерілді. Айша Бибі кесенесі,
Алматыдағы үш сыныптық Верный училищесі, Жамбыл облысындағы Үшарал мешіті,
Бөкей ордасындағы Хан ставкасы, Маңғыстаудағы Шопан Ата мазары, Қызылорда
облысындағы сырлы Там кесенесі, Тұрбат ауылының сәулет-діни кешенінің
құрамындағы Ислам Ата кесенесі, Оңтүстік Қазақстан облысындагы Аққойлы
мешіт-медресесі мен Арыстан Баб кесенесі қайта жаңғыртудан өтті.
Мәдени мұра мемлекеттік Бағдарламасы, 2001 - 2005 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін бағдарламасы аясында да еліміздің
ұлттық мұрағат қоры теңдесі жоқ құнды деректермен, жаңа экспонаттармен
толықты. Қазіргі уақытта республиканың мұрағатында 16 миллионнан астам
ғылыми-деректі кұжаттар бар. Мұрағаттардың көрме залы шет мемлекеттердің
мұрағаттарынан, кітапханалары мен ғылыми мекемелерінен алынған Қазақстан
тарихына қатысты жаңа құжаттармен, бай экспонаттармен толықты.
Үкімет бағдарламасын орындау мақсатында мұрағаттың ғылыми мекемелер
мен оқу орындарының өкілдерінен құрылған жұмыс топтары Египеттің Каир,
Түркияның Анкара, Стамбул қалаларында, сондай-ақ АҚШ-тың Стенфорд
қаласындағы Гувер институтының мемлекеттік мұрағаттарында іс сапарда болды.
Зерттеуші ғалымдар Мәскеу, Санкт-Пегербург, Башқұрстан, Өзбекстан, Орынбор,
Астрахань, Омбы, Томск, Барнаул және басқа ірі қалалардың мұрағаттарынан ел
тарихына қатысты құнды деректер жинастырды. Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Батыс Қазақстан облыстарының мұрағат мекемелерінің мамандары Алтай өлкесі,
Новосібір Санкт-Петарбург қалаларында болып, бұрын айтылып, дәйегі
дәлелденбей жүрген Абылай ханның Петропавлдағы үйі мен ставкасы туралы
маңызды құжат тапты.
Мәдениет саласының үлкен арнасының бірі - кино өнерінде де жетістіктер
жетерлік. Алдымен Қазақфильм ұлттық компаниясының материалдық-техникалық
базасының нығаюы ауызға аларлық. 2004 жылы әртүрлі жанрда 18 фильм
түсірілді. Мұның ең негізгі ұлттың тарихымызда ұлағаттай алатын
Көшпенділер кино эпопеясы. 30 фильм Еуропа,Азия мен Америка құрылығының
19 елінде , оның ішіңде Италияда, Германияда, Үндістанда, Англияда, Қытайда
көрсетілді. Халықаралық кинофестивальдерде қазақстандық 15 фильм жүлде
алып, 7 картина дипломмен марапатталды. 2005 жылы Израильде Қазақстан
киносының күндері өтті.
Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлт-аспаптар оркестрі мен
Қазақтың мемлекеттік камера оркестрінің енер шеберлері 2005 жылы мамырда
Американың Вашинттон, Нью-Йорк қалаларында Қазақ даласының әуендері мен
әндері деген тақырыпта ұлттық өнеріміз бен әлемдік өнердің үздік үлгісін
паш етіп, талғампаз өнерсүйер қауымның үлкен сүйіспеншілігіне бөленді.
Гүлдер мемлекеттік жастар ансамблінің бишілері, Ұлытау әншілер тобы
Шотландияда халықаралық жастар фестивалі аясында өткен конкурсқа қатысып,
ұлтымыздың мерейін асырды. Отанымыздың 12 жас әртісі әртүрлі халықаралық
конкурстардың лауреттары мен дипломаттары атағын алды.
Мәдениеттің жетекші саласының бірі-спорт. Соңғы жылдары еліміздің
спортшылары Олимпиадалық ойындарға, ірі халықаралық турнирлерге, әлем,
құрлық чемпионаттарына қатысып, республиканың атағын шығарып жүр. 2000-2004
жылдар арлығында 4 спортшы Олимпиада чемпионы, 84 күміс, 5-уі қола
жүлдегерлері атанды.
Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау
сапасын арттыру мақсатында елімізде 2005 жылы 13 балалар мен жасөспірімдер
мектебі ашылды.
2000-2005 жылдар ішінде барлық спортшылар әлем чемпионаттарында 28
Азия қысқы және жазғы-61. Азия чемпионатында-136 алтын медалы иеленді, 28
жас спортшы әлем чемпионы, 69-Ы Азия чемпионы атанды.
1941-1945 жылдарындағи Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің-60 жылдығын, ҚР
Конститутциясының 10 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына
сәйкес отан сүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық ұстаным қалыптастыру
мақсатында спорттың 22 түрінен Қазақстан Республикасының Жастар ойындары,
Ұрпақтар кездесуі мерекесін өткізді.
Дене шынықтыру мен спорттың материалдық- техникалық базасы да нығайып
келеді. Спорт ғимараттарының саны, 1736-ға көбейіп, 2005 жылы 278555-ке
жетті. Астана, Орал, Қостанай,Шымкент, Павлодар қалаларында спорт сарайлары
салынып, іске косылды.
Қоғамның одан әрі дамуы белгілі дәрежеде адамның жан-жақты дамуымен
байланысты, ал адамның да осындай дамуы қоғамның дамуымен байланысты.

2. Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағы.
Білім - әлеуметтік қызмет жөнінен белгілі дәрежеде дербестігі бар
жүйе. Ол қоғамның дамуына жеке өмір сүруіне пәрменді әсер етеді. Білім
жүйесінің дамуы және қызметі, қоғамның өндірістік тәсіліне, экономикалық
қатынасына, солар арқылы пайда болған қатынастарға байланысты.
Білім дегеніміз - күш деп жаңа дәуірде капитализм қалыптасып келе
жатқан кезде, атақты ағылшын философы Д.Бэкон айтқан. Бұл пікір алдымен
адамды қорғау үшін, оның бойындағы білімді күш ретінде пайдалану үшін
айтылған.
Ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ қазіргі уақытта
білімді жалаң мақсат етіп, оның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И.Гете
Біліп кана қою аз, сол білгенді іске қолдана білуің керек, ниеттену ғана
аз, сол ниетіңді іске асыруың керек,-деген.
Сонымен қатар, білімнің әлеуметтік қызметі жалпы адамзаттық талапқа
және адам баласы жинақтаған ілімді ұрпақтан ұрпаққа жетізуге, дамытуға
білім алу мен мәдениеттіліктің талабы мен қажеттілігіне байланысты.
Білім беру - бүкіл қоғам мүшелерінің адамгершілік интеллектуалдық,
мәдени дамудың жоғары деңгейін және білімділігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасы өзінінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін
білім беру саласында реформалауға кірісті. Бұдан Қазақстанның білім
саласының деңгейі бұған дейін темен болды деген қорытынды туындамайды.
Республикамыздың шаруашылық салалырында еңбек ететін әрбір 1000
адамның 1970 жылы 59-ның, 1979 жылы 93-нің, 1989 жылы 130-ның жоғары
білімді болған, ал арнаулы орта білімі барлар саны-1970 жылы 103, 1979 жылы-
154, 1989 жылы 234-ке жетті. 1990 жылы республикада жоғары білімділер саны-
1 млн 112 мың, арнаулы орта білімі барлар саны -2079,9 мың, яғни әрбір 8
адамның арнаулы орта білімі болды. Бұл республикамыздың білім жүйесі
қалыптасқан алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен тең түсетіндігінің
дәлелі.Демократиялық қоғам құру басқа да салалар сияқты, білім жүйесін
реформалауға да жол ашты. Осы жаңа қоғам талабына сәйкес саяси,
экономикалық, әлеуметтік және кұқықтық жүйе қайта құрылды. Ал білім жүйесі
де сол талаптарға сәйкес болуы қажеттілік еді. Солдықтанда алған білімді
өмірде қолдану, жалпы біліммен кәсіби білімнің арақатынасын сәйкестендіру
қажеттілікке айналды. Алынған білім өмір талабына сәйкес пе, әлде қоғамның,
өндірістің даму талабынан алшақ па? Бұл мәселелер зерттелді. Күн тәртібінде
білімнің саяси-әлеуметтік мазмұнын жетілдіру, оның демократиялық құқықтық
өмірмен байланысысына қатты назар аударту қажеттігі туындады.
Қазір республикада 8254 жалпы білім беретін мектептер бар. Осы
құрылымның өзінде елеулі өзгерістер пайда болды, олар өмір талабынан
туындады. Солардың 1832-сі әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын жаңа білім
шаңырақтары гимназия мен лицей пайда болды. Бұларда 3044,7 мың қыздар мен
балалар оқыды. 2000 жылы 199 жеке мектептер де шылды. Олар жыл сайын 75-85
мың, ал мемлекеттік жалпы білім беретін орта мектептерді жыл сайын 270-280
мың оқушы бітіреді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Білім туралы Заң
қабылдады. Бұл заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,
осы алдағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін тіледі.
Білім туралы Заң білім беру ұйымдары туралы негізгі ұғымдарды
тұжырымды, Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық
құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізіңде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау-, деп атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасында осы Заңға сәйкес білім жүйесін білім және
ғылым Министрлігі, облыс, қала және аудандарда Білім департаменттері
басқарады.
Білім туралы Заң республика оқу орындарында талқыланып, бүкіл
жұртшылықт тарапынан қолдау тапты. 2001 жылы білім саласы кызыметкерлерінің
сьезі өткізілді. Заңның орындалуы облыс, қала және аудан мұғалімдерінің
тамыз маслихаттарында жыл сайын талқыланып отырады.
Білім туралы Заңды басшылыққа алған білім жүйесі органдары бұл
салада көптеген жұмыстарды тындыруда. Республика тарихында алғаш рет
Қазақстан балалары атты Мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Мұның
кұрамына 7 мақсаттық бағдарлама енеді. Ана мен баланың денсаулығын қорғау;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қажет ететін балалар; мектепке
дейінгі тәрбие; кәмелетке толмаған балаларды құқықтық корғау; дарынды
балалар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу; орта білім жүйесін
ақпараттандыру; экология саласыңдағы ғылым және білім халықаралық
бағдарламасы Глобус.
Дарынды балалар үшін республикалық арнаулы мектеп ашылды. 500-ден
астам жетім балар мен денсаулығына байланысты шектелген балаларға және
көпбалалы отбасы балаларын оқытуға арналған интернаттар ашылды, оларда 60
мыңнан астам балалар оқып жатыр. Жоғарыда айтқанымыздай мемлекеттік емес
150-ге жуық мектептер мен 300-дей мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін
оқу орындары жұмыс істейді.
Республика халқының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жалпы білім
беретін мектептерде оқу 7 тілде жүргізіледі.
Республика мектептерінің 54,8 пайызында сабақ қазақ тіліңде, 32
пайызында орыс тілінде, 2138 мектепте аралас тілде, 77 мектепте өзбек
тілінде, 13 мектепте ұйғыр, 6 мектепте тәжік, украин және неміс тілінде
жүреді. Мәдени - ұлттық орталықтарда, діни ұжымдарда жексенбілік мектептер
ұйымдасқан, оларда оқу 15 тілде жүргізіледі.
Қазақстан-2030 стратегиясына сәйкес мектептерді компьютрлендіру
бағдарламасы жасалынды, бұл жобаның құны 154 млн доллар болатынды. 5 жылға
арналған, 2001-2002 оқу жылының басталуы қарсаңында республика мектептерін
компьютермен қамтамасыз ету толық іске асырылды.
Осы бағдарламаға сәйкес барлық облыстарда 14 аймақтық- ақпараттық
орталық құрылды, олар компьютерлік сыныптарды монтаждау, орнату және оларға
бағдарлама жасаумен айналысады. Олар бұл міндеттерін ойдағыдай іске асырды
да төрт мыңнан астам мұғалімдер курстық дайындықтан өтті. Қысқа мерзімде
ғылыми- техникалық, әдістемелік және орыс-қазақ тілдерінде оқулықтар
дайыңдалды. Азия банкісі тарапынан бұл істі іске асыру үшін 75 млн доллар
берілді. Мектептерді компьютірлендіру мақсатына жергілікті әкімшілік және
демеушілер де қаржы бөлген.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында оқуға
тартылмаған бала болмауы керек деген міндет койған-ды. Соның нәтижесінде
мектеп жанындағы балаларды оқуға тарту күрделі мәселенің бірі болды.
Облыстық, қалалық, аудандық және жергілікті әкімшіліктер бұл салада елеулі
жұмыстарды іске асырды. Ондай балалар мектеп-интернаттарға, мектеп
жанындағы интернаттарға орналастырылды. Оқушылар саны, шағын мектептер
қайта қалпына келтірілді. Қазір республика мектептерінің 60 пайызында
оқушыларға ыстық тамақ беріледі, оқушылардың отыз пайызы тамақтана алады
немесе ертеңгілік ішеді.
1996 жылдың 26 кыркүйегінде Үкіметтің арнайы қаулысымен Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешендерді дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы
бекітілген болатын.
Осыған сәйкес 1-9 сыныптарға арналған оқулықтар авторлары құрылып,
бекітіліп, оларға тапсырмалар берілді. 1-9 сынып оқулықтары өмірге ене
бастады, қайсыбіреулері қайта шыға бастады. 5-9 сыныпқа арнап оқу құралдары
жазылып, олар 77 тірек мектептерінен сынақтан жіберілді. 2001-2002 оқу
жылынан бастап 5 сынып оқулықтары өндіріске ене бастады, ал 6-8 сынып
оқулықтары 2002-2004 жылдардан ірі өндіріске енді.
Ол оқулық және оқу-әдістемелік құрал, 6-7 сынып математикасы, 7 -сынып
геометриясы, 8 - сынып физикасы, 9 - сынып биологиясы, 5-6 сынып музыка, 6
сынып технология оқулықтары қайта жазулады. Бір айта кететін жайт, оқулық
жазуда, баспаға дайындауда біраз кемшіліктердің кеткендігі. Білім
академиясында отырған ғалым сымақтар қаржы табу үшін бірнеше оқулықтардың
авторы да болған фактілер бар. Ал, министрліктер, академия тарапынан
бақылау жасайтын бастықтар дәрменсіз, өздері біле бермейді. Кім бұрын айтса
соған сенеді. Жаңа оқулықтарды баспаға берер алдында мұғалімдер талқысына
салынбады, яғни оларға сенім аз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемен мемлекеттің құрылуы
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Мәдениет семиотикасы туралы
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Қасым хан, Хақназар хан
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Ұлттық мұрат
Пәндер