Қалдықтардың басқарылуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ...4
1. ҚОРШАҒАН ОРТА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
1.1 Қалдық түсінігі, пайда болу көздері, қайта өңдеу және жою тәсілдері ... ... .7
1.2 Органикалық қалдықтарды биологиялық ыдырату әдістері ... ... ... ..18
2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Қалдықтарды басқару жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.Қалдықтарды азайту және жою жағдайларын талдау ... ... ... ... ..30
2.2.1Уытты емес қалдықтар ... ... ... ... ... 31
2.2.2 Өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.2.3 Медициналық қалдықтардың ағымдық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...38
3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Қалдықтарды басқару жүйесі ... ... .43
3.2 Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірісті дамыту ... ... ... ... ... ..51
3.3 Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқару саласындағы нормативтік.құқықтық базаларды жетілдіру шаралары . ... ... ... ... ... ... ... ... .58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 69
Дамушы елдердегі пайда болған қалдықтардың жыл сайынғы көлемі бір адамға жылына 15 млн тн деп, ал экономикасы шикізат базасына негізделген елдерде бұл сан 100 тоннаға көтеріледі. Ал біздің Қазақстанда пайда болатын қалдықтар жылына 60 тоннаны құрайды. Қазіргі кездің өзінде республикада 20 миллиард тонна қалдықтар жинақталған, оның ішінде 250 миллион тоннасы радиоактивті қалдықтар.
Өндіру мен тұтыну қалдықтарының жинақталуы елдің экологиялық қауіпсіздігіне зиян әкелетін негізгі факторлардың бірі.
Күн сайын әрбір үйде қалдықтың бірнеше түрлері пайда болады – ескі газет, сынған шыны, бос консерві банкілері, сынған тұрмыстық заттар және т.б. Мұның барлығын адам баласы үйінділерге тастай отырып, табиғаттың қайталанбас заңдылығы, өмірдің негізін қалаушы – «табиғаттағы зат айналымы» үрдісін бұзады. Жоғарыда аталған барлық материалдарға ортақ термин, яғни үйден, ұйымнан, кеңседен шығаратын қоқырсықтарды ғылыми тілде – «қатты тұрмыстық қалдықтар» немесе «қатты мунициальды қалдықтар (Municipal solid waste)» деп атайды.
Дайын өнімге орташа есеппен өңделген табиғи ресурстардың 6-10 пайызы сәйкес келеді, ал қалғандары өндірістің аралық стадияларында пайда болатын қалдықтарға айналады (өндірістік қалдықтар). Соңғы тұтынылған өнімнің өзі қалдыққа айналады (тұтыну қалдығы). Сондықтан да өндіру кезінде де, тұтыну барысында да қалдықтар түзіліп отырады.
Табиғатты пайдалану экономикасы көзқарасы тұрғысынан алып қарасақ, барлық қалдықтарды екі бағытта қарастыруға болады:
Біріншіден, бұл қалдықтар - толық пайдаланылмаған шикізат (мысалы, өндіруші кәсіпорынның қалдық төгетін жерлерінде кен көзіне қарағанда пайдалы қасиеті мол заттар кездессе, үйінділерде қағаз, пластмасса, ағаш, металдың үлкен бөлігі тасталынады.
1. Матросов А.С. Управление отходами. М.: Гардарики, 1999. 480 с.
2. Крылов О. В. Токсины вокруг нас // Экология и жизнь. - 1999. - №2. - С. 69-70.
3. Игнатов В. Г., Кокин А. В. Экологический менеджмент. Учебное пособие. - Изд. И. 26, - Ростов - н/Д, Кн. Изд-во, 1997. - 303 с.
4. Трифонова Т.А. и др. Экологический менеджмент. М, 2005
5. Упушев Е.М. Экология природопользования, экономика. Учебное пособие. Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002.
6. Воронцов А.П. Рациональное природопользования. М.: ТЕИС, 1997. 237с.
7. Батурин Л. А., Игнатов В. Г., Кокин А. В. Экономика и управление природопользованием. Ростов - на - Дону: СКАГС. 1996. - 125 с.
8. Управление отходами. Заключительный Отчет. А. 2000
9. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтері
10. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтері
11. Нестеров П.Н., Нестеров А.П. Экономика природопользование и рынок. М.: ЮНИТИ, 1997.
12. Глухов В. В., Лисочкина Т. В., Некрасова Т. П. Экономические основы экологии. Санкт-Петербург: Специальная литература, 1995.- 2001 с.
13. Мұқаұлы С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы.- Алматы: Экономика, 1999.
14. Е.М. Үпішев, С.Мұқаұлы Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы: «Экономика баспасы» ЖШС, 2006.
15. Мамыров Н.К., Тонкопий М.С., Упушев Е.М., Экономика природопользования.- Алматы: «Экономика» баспасы, 2003.
16. Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. Учебник. Алматы: Экономикс. 2003.
17. Краммер Дж., Скотт Дж., Ван дер Аккер Ф. Экономические методы стимулирования развития экологически чистых технологий // Экономические проблемы безотходного производства. - М.: «Издательство ПРИОР», 1990. - 238 с.
18. Концепция экологической безопасности Республики Казахстан от 30 апреля 1996 года // Каз. Правда, 1996. – 1 июня.
19. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. Алматы, 2007
20. «Қалдықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы, Юрист, №12(54), 2006

Тақырыбы: Қалдықтардың басқарылуы
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. ҚОРШАҒАН ОРТА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

1.1 Қалдық түсінігі, пайда болу көздері, қайта өңдеу және жою
тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Органикалық қалдықтарды биологиялық ыдырату
әдістері ... ... ... ..18

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Қалдықтарды басқару жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.Қалдықтарды азайту және жою жағдайларын талдау ... ... ... ... ..30
2.2.1Уытты емес
қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...31
2.2.2 Өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2.3 Медициналық қалдықтардың ағымдық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ...38

3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ

3.1 Қалдықтарды басқару жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...43
3.2 Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірісті
дамыту ... ... ... ... ... ..51
3.3 Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқару саласындағы
нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру шаралары .
... ... ... ... ... ... ... ... .58

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар
ӨҚ - өнеркәсіптік қалдықтар
ҚТМБ – қалдықтар мен технология туралы мәліметтер банкі
МҚ – муниципальды қалдықтар
ШМК – шекті мүмкін концентрация
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
АҚШ – Америка құрама штаттары
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ЭТӨ - экологиялық таза өнім
ҚР – Қазақстан Республикасы
МемСТ – мемлекеттік стандарт
ИСО – халықаралық сапа жүйесі
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ТУ - техникалық талаптар
СТ- стандарт
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достығы
тн – тонна

КІРІСПЕ

Дамушы елдердегі пайда болған қалдықтардың жыл сайынғы көлемі бір адамға
жылына 15 млн тн деп, ал экономикасы шикізат базасына негізделген елдерде
бұл сан 100 тоннаға көтеріледі. Ал біздің Қазақстанда пайда болатын
қалдықтар жылына 60 тоннаны құрайды. Қазіргі кездің өзінде республикада 20
миллиард тонна қалдықтар жинақталған, оның ішінде 250 миллион тоннасы
радиоактивті қалдықтар.
Өндіру мен тұтыну қалдықтарының жинақталуы елдің экологиялық
қауіпсіздігіне зиян әкелетін негізгі факторлардың бірі.
Күн сайын әрбір үйде қалдықтың бірнеше түрлері пайда болады – ескі
газет, сынған шыны, бос консерві банкілері, сынған тұрмыстық заттар және
т.б. Мұның барлығын адам баласы үйінділерге тастай отырып, табиғаттың
қайталанбас заңдылығы, өмірдің негізін қалаушы – табиғаттағы зат
айналымы үрдісін бұзады. Жоғарыда аталған барлық материалдарға ортақ
термин, яғни үйден, ұйымнан, кеңседен шығаратын қоқырсықтарды ғылыми
тілде – қатты тұрмыстық қалдықтар немесе қатты мунициальды қалдықтар
(Municipal solid waste) деп атайды.
Дайын өнімге орташа есеппен өңделген табиғи ресурстардың 6-10 пайызы
сәйкес келеді, ал қалғандары өндірістің аралық стадияларында пайда болатын
қалдықтарға айналады (өндірістік қалдықтар). Соңғы тұтынылған өнімнің өзі
қалдыққа айналады (тұтыну қалдығы). Сондықтан да өндіру кезінде де, тұтыну
барысында да қалдықтар түзіліп отырады.
Табиғатты пайдалану экономикасы көзқарасы тұрғысынан алып қарасақ,
барлық қалдықтарды екі бағытта қарастыруға болады:
Біріншіден, бұл қалдықтар - толық пайдаланылмаған шикізат (мысалы,
өндіруші кәсіпорынның қалдық төгетін жерлерінде кен көзіне қарағанда
пайдалы қасиеті мол заттар кездессе, үйінділерде қағаз, пластмасса, ағаш,
металдың үлкен бөлігі тасталынады.
Екіншіден, қалдықтар зиянды және қауіпті заттарымен қоршаған табиғи
ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Адам баласы өзінің күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғат
байлықтарын үздіксіз пайдалануы табиғат қорының таусылуына, адамға,
табиғатқа теріс ықпал ететін зиянды, қауіпті заттардың пайда болуына алып
келді. Әртүрлі өндірістік, өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу
үшін өндіріліп жатқан бұйымдардың нәтижесінде пайда болған зиянды, қауіпті
қалдықтар тек қоршаған ортаға ғана емес, тірі ағзаларда әртүрлі қауіпті
аурулардың пайда болуына, жер бетінде өлім-жітімнің көбеюіне де өзіндік
әсер етті.
Жер бетіне тасталынып жатқан қалдықтар санының жылдан-жылға артуы
қоғамға да үлкен қауіп тудырды. Сондықтан болар, қазіргі таңда қалдықтар
мәселесі жергілікті деңгейде ғана емес, ғаламдық деңгейде қарастырылуды
қажет етеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру технологиясы мен әдістерін
таңдауда қала тазалығының санитарлық жүйесіне ықпал ететін экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық факторларды ескеру
қажет.
Қазақстан Республикасы аумағындағы жалпы экономикалық жағдайлар осы
саланы қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, тариф құрылымы жүйесінің
жетілдірілмеуіне, басқару саласын түбегейлі өзгертуге мүмкіндіктердің
жоқтығына алып келді. Санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың өзіндік құнын
жасанды тұрғыдан төмендету кәсіпорын аумағында, контейнерлер алаңында
қалдықтардың жинақталуына, тіркелмеген үйінділердің пайда болуына алып
келді.
Күрделі экологиялық жағдайлардан шығудың ұтымды бағыты, қалдықтар
мәселесін шешудің негізгі жолы – мемлекет аумағында қалдықтарды басқаруды
ұйымдастыру және басқарудың кешенді жүйесін ендіру. Қалдықтарды басқару
жүйесі жергілікті орыннан бастау алып, республикалық деңгейде басқарылып
отырылады. Қалдықтарды басқару жүйесі қоғамның, елдің тұрақты дамуына,
әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосады. Сол себепті,
осы саланы ұйымдастыру жұмысында қалдықтардың пайда болу түрлері, әсері
және т.б. ерекшеліктерді ескерілуі керек. Міне, осындай ерекшеліктер
дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына септігін тигізді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған
ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп,
қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың алдына келесідей міндеттер
қойылды:
- Қалдық түсінігі, түрлері, қайта өңдеу тәсілдерін қарастыру;
- Қалдықтарды залалсыздандыру жолдары мен органикалық заттардың
биологиялық дағдарысына сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасындағы және Алматы қаласындағы қалдықтарды
басқару жүйесін талдау;
- Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде қалдық түсінігі,
түрлері мен пайда болу көздері, оны жою мен залалсыздандыру, органикалық
заттардың биологиялық дағдарысына, қалдықтарды басқару жүйесіне сипаттама
берілді.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы
қалдықтар жүйесі және оларды басқару құрылымына сипаттама берілді.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде қалдықтарды басқару жүйесін
жетілдіру жолдары көрсетілді.

1. ҚОРШАҒАН ОРТА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

1. Қалдық түсінігі, пайда болу көздері, қайта өңдеу және жою тәсілдері

Адамзат өз өмірін жақсарту мақсатында және табиғатқа тәуелді болмауы
үшін, барлық уақытта материалдық өндірістің қарқынын арттыруға ұмтылып
келеді. Дегенмен де, табиғаттан алынған және тиімсіз пайдаланылған
ресурстардың басым бөлігі қайтадан табиғатқа, адам өміріне қауіп тудыратын
қалдық, зиян түрінде қайтарылады. Пайдалы қоғамдық өнім үлесі 2 %-дан
артпайды, ал қалғаны қалдықтар. Бір адамның өмірлік деңгейін қамтамасыз ету
үшін, жер қойнауынан жыл сайын 20 тонна шикізат алынады, ал қалдықтар саны:
АҚШ – 0,6; Англияда – 0,4; Францияда – 0,6; Ресейде – 0,32 тонна
қалдықтарды құрайды. Төмендегі 1-суретте Жердегі антропогенді зат айналымы
бейнеленген. Планета үстіндегі заттың жалпы массасы жылына 24 трлн тоннаға
жетеді.

1. - сурет – Бағытталған ғаламдық антропогенді материалдық баланс

Оның ішінде 120 млрд тонна пайдалы қазба материалдары мен
биомассалардың әлемдік экономикада 6 млрд т (7,5 %) өндіріс үрдісінде
материалдық өнімге айналады. 80 %-ға жуығы әлемдік шаруашылықтың барлық
салаларында резервтер мен негізгі, айналмалы материалдық қорлар құрамына
кіреді және пайдаланылады. Осы жағдайда өндіруге және тұтынуға тартылған
120 млрд тн заттың 94 %-ы қоршаған ортаға қалдық түрінде қайта қайтарылады
[1].
Адамның жеке тұтынуы жылына 1,5 млрд тоннаны құрайды. Осы массаның басым
бөлігі тамақ өнімдерінің нетто-тұтынуына кіреді – қалдықтың бұл бөлігі
адамзат дамуымен қатар жүріп отырады. Тамақ өнімдерінің аз ғана бөлігі
өндірістік циклді азайтады, яғни тамақ өнімдерін дайындауға қосымша энергия
шығынын қажет етпейді. Су қоймалары мен жер бетіне 3,9 млрд т сұйық және
0,7 млрд т қатты тұрмыстық қалдықтар түседі (1-сурет).
Тәулігіне бір адамға есептегенде нетто-тұтыну орташа есеппен 40 г
құрғақ тамақты, 1,9 л ауыз суды, 400 л оттегі және 380 г өнеркәсіптік
заттар мен бұйымдарды құрайды. Су, тамақ және оттегі саны климаттық, ұлттық
және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты физиологиялық шектеулікті бірнеше
есе арттырады [2].
Экожүйені қалыптастырудағы маңызды принцип – мәңгі күн энергиясы арқылы
ластанбаған ортада өмір сүру. Ал адам баласы өзінің кез-келген қажеттілігін
қанағаттандыру үшін күн энергиясының өзіне қажетті бөлігін ғана пайдалануы
мүмкін. Пайдалы қазбаны жағу арқылы алынған энергияға қарағанда, Күн
энергиясы экологиялық таза энергия болып табылады. Күн энергиясы шектеусіз
және жеткілікті. Күн энергиясының түсуі саяси жағдайларға, экономикалық
қиыншылықтарға тәуелді емес, бірақ оны жинақтап алу үшін арнайы техникалық
құралдарды жасау керек. Дегенмен адам басқа жолмен дамып келеді: олар
энергияны пайдалы көмірсуларды (мұнай, газ, көмір) жағу арқылы алады. Бұл
үрдіс қалдық түзілу саны бойынша қоршаған ортаны ластайтын негізгі
көздердің ішінде алдыңғы орында: яғни, көмір мен мұнай күлінде ортаны
ластайтын барлық металдар байқалған. Тас көмір күлінің бір тоннасында
орташа есеппен 200 г қорғасын, 400 г уран, 500 г германий, 700 г никель
және т.б. бар. Мұнай күлінде ванадий, молибден, никельдің құрамы көп. Отын
күлінде уран, кобальт, мыс, никель, мырыш, қорғасын бар. Жыл сайынғы 2,4
млрд тн тас және 0,9 млрд тн қоңыр көмірді жағу барысында оның күлінен
биосфераға қалдық түрінде 280 мың тн мышьяк пен 220 мың тн уран түседі.
Қазіргі уақытта жер жүзінде 162 млрд тн көмір мен 64 млрд тн мұнай
барланып, жағылған, осының нәтижесінде қоршаған ортаға бірнеше миллиондаған
тонна металдар түсіп, экожүйе нысандарының химиялық құрамын өзгертті.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аварияға қарсы тұрақтылығы мен экологиялық,
теникалық қауіпсіздігі олардың өндіру көлемін қысқартқанына қарамастан,
авария деңгейі, созылмалы аурулар, техногенді авариялар, дағдарыстар
артуда.
Ғылыми-техникалық жетістік заманында адамзат баласының қоршаған ортаға
шектеусіз ықпал ету мүмкіндігі туады, ал қалдықсыз технологияны пайдаланбау
биосферадағы зат пен энергия айналымын, тірі материяның құрылымы мен
қызметін, даму үрдістерін бұзады. Мұндай мәселелер жүйесімен экология
ғылымы айналысады. Экология – табиғатпен тірі ағазалардың қарым-
қатынастарын, популяция мен биоценоздың қалыптасуын, құрылымын, дамуын,
көбеюін зерттейтін ғылым.
Қоршаған ортаның материалдық құрамының өзгеру критерийі негізінде келесі
параметрлер қолданылады:
• ластаушы өнімдерді өндіру көлемі және қоршаған ортада оны қолдану
саласы қоршаған ортаның өзгеру мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік
береді. Мұнда қолдану сипаты маңызды мәнге ие: яғни, ол жабық
немесе ашық күйде қолданылады.
• Зияндардың қоршаған ортаға таралуы – мұнда негізгі табиғи үрдістер
қолданылады және өнімнің физико-химиялық қасиетін анықтайды.
• Өндіріс өнімдерінің тұрақтылығы және оның көбею қабілеттілігі;
• Зиянды затттарға айналуы;
• Оның экотоксикологиялық қасиеті.
Адам өмір сүруінінң көп жылдық тәжірибесі бойынша, ормандарды кесу
орманның, өсімдік қауымдастығының жойылуына алып келеді. Еңбек
өнімділігінің артуы, яғни қуатты техника бірнеше күн ішінде бірнеше гектар
орман алқабын жойып жібереді. Тұрғын пункт айналысындағы орман өсімдіктері
алоэ, сарымсақ, пиязға қарағанда зиянды микробтарды жедел түрде жоятын
қуатты фильтр болып табылады.
Қала санының, қала халқының артуы, урбанизация деп аталады.
Урбанизация табиғи ортаны сандық және сапалық жағынан өзгертеді.
Өнеркәсіптік революция урбанизацияны жеделдету үрдісі болып табылады.
Урбандалған аймақ құрлықтың 1 пайызын алады, бірақ 80 пайыздан артық жалпы
ішкі өнімді өндіреді. Осы жағдайда ол 80 пайыздан жоғары зияндарды
атмосфера мен гидросфераға жібереді [3].
Адам және өндіріс өмірі табиғи өмірге қарағанда қалдықты технологияға
негізделген. Адам бар жерде қалдық үнемі пайда болып отырады. Қалдық – бұл
оның иесінің өз еркі бойынша құтылуға тырысатын барлық заттар мен үрдістер.
Қалдық түрлеріне байланысты келесідей түсініктер берілген. Тұрмыстық
қалдықтар – адамның өмірлік қабілеттілігін арттыру үшін тұрғын пункттерінде
пайда болатын қауіпті және қауіпсіз қалдықтар.
Биологиялық қалдықтар – медицина және ветеринарлық жедел практика,
медико-биологиялық сараптама нәтижесінде пайда болатын биологиялық органдар
және сонымен қатар, биотехнологиялық өнеркәсіп қалдықтары.
Қауіпсіз қалдықтар – қауіпті қалдыққа жатпайтын қалдықтар.
Өндіру қалдықтары - өнім болып табылмайтын және қызметтерді орындау,
энергия, өнім өндіру жағдайында пайда болатын химиялық қосындылардың,
жартылай фабрикаттардың, материалдар, шикізат қалдықтары.
Тұтыну қалдықтары - алғашқы тұтыну қасиетін жойған тауар, бұйым,
материал мен заттардың қалдықтары.
Ауылшаруашылық қалдықтары – минералдық тыңайтқыштар, құстар мен
жануарлардың қалдықтары.
Технологиялық минералдық құраушылар – жер өндіру мен өндірістің басқа
салаларының, металлургиялық, байытушылық, тау-кен қалдықтары болып
табылатын пайдалы компоненттерден тұратын қосындылар мен сұйықтықтар, тау
массалары мен минералдық қоспалардың жинақталуы.
Қалдық өндірушілер – қалдықтардың түзілуіне әсер ететін қызметтерді
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Қалдықты жою жинау, сорттау, тасымалдау, қайта өңдеу, қоймаға көму және
қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады.
Қалдықты жою мәселесі өте ерте кезден басталған. Яғни қалдықтардың
пайда болуы ірі өнеркәсіптік қалалармен тікелей байланысты.
Ең алғашқы рет Кнос қаласында қатты қалдықтар үлкен үңгірлерге
тасталынып, біраз уақыт өткеннен кейін үсті топырақпен көміліп отырған.
Дегенмен де, римдіктерде қалдықтарды жоюдың бірыңғай ұйымдастырылған жүйесі
болмады, сондықтан да қалдықтар үй маңында, көшеде, қала маңында үйіліп
жата берді. Бұл тәжірибе түрінде 19 ғасырға дейін қалыптасқан болатын.
Германияның бірнеше ортағасырлық мемлекеттерінде қалдықтан келетін
қауіптен құтылу үшін ауылшаруашылық өнімдерін қалаға алып келгендер
өздерімен бірге қалдықтарын қайта алып кетіп отырған.
Жер бетінде халық тығыздығының артуына және қала аумағының шегінде
жерлердің жетіспеушілігіне байланысты қалдықтарды көшелерде жинау әдісі
қалыптасты. Соған сәйкес күл-қоқысты жою жүйесі де бірашма өзгеріске
ұшырады. Үй қалдығынан бастап, барлық қалдықтар көше арқылы су каналына
түсіп отырды. Әрбір үйде жылқы, қой, шошқа тағы басқа жануарлардың көбеюіне
байланысты қалдықтар тау-тау болып үйілді. 1387 жылы күл-қоқыстың орнын
анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Күл-қоқыс тастайтын үйінділер қала
шетінде және Темза өзенінің жағалауларында құрылды. Арнайы күл-қоқыс
тасымалдайтын күн белгіленді, яғни белгілі бір күні күл-қоқысты есік алдына
шығарып, оны арнайы күл-қоқыс тастайтын машиналарға салып жібереді.
Қалдықтарды жоюдың басқа бір әдісі ретінде - ортағасырдағы Лондонда
қалдықтар Темза өзеніне ағызылып отырды. 1388 жылы өзен, бұлақ, каналдарды
ластауға тиым салынатын арнайы Заң қабылданды.
1926 жылы 41 кірпіш зауыты Лондонда құрылыс кірпіштерін алу үшін
қалдықты жаға отырып, оның күлін пайдаланды.
6 ғасырдың басында Лондонда орнатылған қалдықты жинау және жою
Ережелері арада 500 жыл өтсе де өз мәнін әлі де жоя қоймады.
Қазіргі таңда планетаның бір тұрғынына орташа есеппен жылына 1 тн күл-
қоқыс келеді, яғни бұған миллиондаған тозған және істен шыққан автомобиль
мен оның бөліктерін қоспағанда.
Қала қалдықтарының іріп-шіруі нәтижесінде пайда болатын заттар
атмосфералық ауаны ластайды. Жаңбырлы су нәтижесінде шіріген қалдықтардан
пайда болған улы заттар ашық су қоймалары мен жер асты суларына түсіп,
ластайды [4].
Қалада пайда болған қалдықтарды тастау барысында атмосфералық ауа
бұзылады. Жаңбырлы су тасталынған қалдықтардағы улы заттарды шайып, ашық су
қоймалары мен жер асты суларына түсіреді. Қалдықты жоюдың кең тараған үш
тәсілі бар: арнайы жабдықталған қойма жасау, қалдықты компостау, қалдық
өңдейтін зауыттарда қайта өңдеу. (1-кесте).
Қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін аса қауіпті қалдықтарға 600-ге
жуық заттар мен қоспалар енеді. Оларға жататындар:
1. Өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндірудегі қалдықтардағы
пестицидтер;
2. Радионуклидтерді пайдаланатын кәсіпорындардағы пайда болатын
радиоактивті қалдықтар; сынап және оның қосындылары, сынапты
теромометр
3. Жылу электростанциялары мен металлургиялық өндірістегі қалдық
құрамындағы зиянды металдар;
4. Мұнай өңдейтін және лак-бояу өнеркәсібіндегі қалдықтарда кездесетін
қорғасын;
5. Электрмен қамтамасыз етудің элементтері;
6. Пайдаланылмаған медикаменттер, өсімдіктерді қорғау барысындағы
химиялық құралдардың қалдықтары, бояу, лак, қоррозия қарсы құралдар,
клей, косметика.

1-кесте - Қалдықты жою тәсілдерінің салыстырмалы сипаттамасы
Қалдықты жою 1тн қалдықты жоюҚалдық массасын Қалдықты қайта
тәсілдері құны, долл төмендету деңгейі пайдалану
пайызбен мүмкіндігі
Арнайы қалдық 35 30 Жоқ
жабдықтары
Қалдықты компостау 70-ке дейін 50 Тыңайтқыш ретінде
Қалдықты қайта 70-ке дейін 90 Энергия алу үшін
өңдеу
Ескерту:[1].

Арнайы қалдықтардың үлкен бөлігінің алдын-алу шараларын қатаң қолдана
отырып, оларды жер үстінде сақтауға тура келеді (яғни су өтпейтін қабат 3
м болуы керек, ол кезде барлық грунтты сулар мен ағын сулар тұрақты
бақыланып отырады).
Төмендегі кестеде (2-кесте) берілген мәліметтер 1 млн аса тұрғыны бар
ірі қала орталықтарындағы ресурстарды тұтыну мен қалдықтардың шығарылуы
жайында қатынасты болжауға мүмкіндік береді.
Қалдықтар тұрмыстық және пайдалы қазбаларды өндіру барысында тұрмыстық
және өнеркәсіптік болып екіге бөлінеді. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар
сұйық, қатты және газ тәріздес болып кездеседі (труба арқылы ауаға
шығарылған газ қалдық болып есептелінбейді, бірақ өндіріс эмиссиясы деп
аталады). Дегенмен, атмосферадағы газ эмиссиясын төмендету үшін, оны қатты
немесе сұйық қалдыққа айналдыратын әртүрлі физико-химиялық процесстер
пайдаланылады.
Қазіргі уақытта Жерден 100 млрд тоннаға дейін кендер, құрылыс
материалдары, отын (4 млрд т мұнай мен газ, 2 млрд т көмір) алынады, 92 млн
т-ға дейін минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн т улы химикаттар сіңіріледі.
Атмосфераға 200 млн т көмір оксиді, 53 млн т азот оксиді, 50 млн т
көмірсутегі, 146 млн т күкірт, 250 млн т шаң тозаң шығарылады. Ал су
қоймаларына жыл сайын 32 млрд м3 тазаланбаған су, ал әлемдік мұхиттарға 10
млн т –ға дейін мұнай тасталынады. Жыл сайын 7 млн га жер жарамсыз болып
табылады.

2. – кесте - Қазіргі ірі қалаларда ресурстарды тұтыну мен қалдықтардың
шығарылуы
Ресурстарды тұтыну Қоршаған ортаға тасталынған
қалдықтар
Атауы Саны, млн, т Атауы Саны, млн т
Су 625 Ақаба су 500
Тағам 2 Қатты қалдықтар 2
Көмір 4 Газ зияны 0,8
(SO2, NO2, CO2,
көмірсулар)
Мұнай 2,8
Газ 2,7
Отын 1
Ескерту:[1].

Қатты тұрмыстық қалдықтар құрамы бойынша әр алуан: тамақ қалдықтары,
қағаз, метал сынықтары, резина, шыны, ағаш кесінділері, мата, синтетикалық
заттар. Ауыл шаруашылығының қауіпті қалдықтары: эпидемия кезінде өлген
малдар, улы химикаттардың қалдықтары т.с с. қоршаған ортаның ластануына
үлкен септігін тигізеді.
Түсті, сирек және қара металдарды өңдеу кезінде құрамы мен қасиеті
әртүрлі қалдықтар түзіледі. Пестицидтерді өндіру кезінде ағзада тез
жинақталатын және суда жақсы еритін тұрақты термодинамикалық қалдықтар да
пайда болады. Сұйық қалдықтардың ішінде кең тарағаны мұнай қалдықтары.
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру барысында құрамында токсинді химиялық
элементтер мен қоспалары бар қалдықтар қалаға ұқсас үлкен массаларды
түзіп, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан гидродинамикалық және геохимиялық
жағдайларды бұзады.
Көптеген технологиялық үрдістердің соңғы өнімін адамзат баласы дұрыс
пайдаланбайды (негізгі өнімнің 90 пайызы қалдық түрінде тасталынады).
Осныың нәтижесінде қоршаған ортада инертті немесе зиянды заттар
жинақталады.
Ғаламдық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің екі негізгі
бөлігін көрсетуге болады:
1. Қоғамның өмір сүруіне қажетті табиғи ресурстардың таусылуынан қорғау
(пайдалы өсімдіктер мен жануарлар биомассасының қажетті бөлігін
үздіксіз алып отыруды қамтамасыз ету мәселелері). Мәселен табиғатты
ұтымды әрі үнемді пайдалану арқылы немесе қажетті табиғи ресурстарды
көбейту мен қайта қалпына келтіру, табиғаттың өзінің өндіргіш
күштерін дамыту арқылы шешуге болады (белсенді табиғат қорғау
әдісі).
2. Адамның демалуын, эстетикасын, денсаулығын, материалдық қажеттілігін
қанағаттандыру үшін, алғашқы қалпындағы сапасын сақтау.
Қоғам үшін қажетті табиғи ресурстарды келесідей топтауға болады:
1. Өндірістік іс-әрекеттерге арналған шикізат ресурстары;
2. Тұрмыстық және транспорттық қажеттіліктерді өндіруге қажетті
энергетикалық ресурстар;
3. Тамақ ресурстары.
Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігі адам денсаулығын
анықтайтын бірден-бір фактор. Адам денсаулығы үшін экологиялық таза және
қауіпсіз өнімдер деп – құрамында токсинді заттары жоқ, канцероген, мутаген
және тірі ағза үшін қолайсыз әсер ететін басқа да қасиеттері жоқ
өнімдерді атаймыз. Осы талаптардың орындалмауы халықтың денсаулық
жағдайының төмендеуіне әсер етіп, өмір сүру ұзақтығын қысқартады, аурулар
мен өлім саны артып, ұрпақтардың өмірге деген қабілеті төмендейді.
Тірі ағзалардың заттарды жұтуы мен сіңіру үрдісін есептеп шығаруға
болмайды. Ағзаға зиянды заттар түскен кезде қану жағдайы сіңіру дәрежесінде
артады және оларды шығару бірдей жылдамдықпен жүзеге асырылады, ағзадағы
қалыптасқан өнім концентрациясы қану концентрациясы деп аталады. Егер де
ол қоршаған орта концентрациясынан артық болса, онда тірі ағзадағы химиялық
өнімдердің аккумляциясы (жинақталуы) жүреді.
Аккумляция сипаты ағза түріне де тәуелді болады. Мысалы, су ағзасындағы
биоаакумляцияның жинақталу дәрежесін келесі кестеден көруге болады.
Байытылу коэффициенті ағзадағы зат концентрациясының қоршаған ортадағы
немесе тағамдағы сол заттардың концентрациясына қатынасымен анықталады.
Егер ол 1-ден төмен болса, онда қоршаған ортадағы сол заттың абиотикалық
жинақталуы байқалады, ал егер 1-ден жоғары болса, онда тірі ағзада
байқалады (мысалы, шаяндардың ағзасында фосфордың байытылуы жоғары, 3-
кесте).
Су жүйесінде әртүрлі қоректену тізбегіндегі экологиялық байытылу
байқала бермейді, қоректену тізбегінің соңғы сатысын қоспағанда. Ал жер
беті ағзаларында химиялық заттардың аккумляциясы әртүрлі болып келеді.
Мысалы, жауын құрттарында қоршаған орта және топырақ типіне, заттың физико-
химиялық қасиеті мен топырақтың еріту қасиеті болғанына байланысты
химикаттардың ағзаларына жинақталуы төменгі дәрежеде [1].
Бүгінгі таңда қалдықтарды қайта өңдеудің бірқатар тәсілдері бар.
Қалдықтарды тазалау әдісі бұрыннан жүзеге асуда. Олар:
1. Егістерді суару көмегімен тазарту, яғни арнайы дайындалған егістіктерде
ақаба сулар фильтрленеді және тұндырылады.
2. Өнеркәсіптік ақаба суларды физико-химиялық тазалау нақты жойылатын
заттарға байланысты қолданылады:

3. – кесте -Теңіз сулары мен шаян ағзасындағы бірқатар химиялық
элементтердің құрамы (масса, %)
Химиялық Теңіз суы, масс, %Шаян, масс, % Байытылу
элементтер коэффициенті
Оттегі 85,966 79,99 0,93
Сутегі 10,726 10,20 0,95
Хлор 1,935 1,05 0,54
Натрий 1,075 0,54 0,5
Магний 0,13 0,03 0,23
Күкірт 0,09 0,14 1,6
Кальций 0,042 0,04 1
Калий 0,039 0,29 7,4
Көмірсу 0,003 6,1 2000
Азот 0,001 1,52 1500
Фосфор 0,0001 0,13 20 000
Темір 0,0001 0,007 1500
Ескерту:[1].

- қауіпті компоненттерді нейтралдау;
- ақаба суды жұмсарту;
- механикалық тазалау;
- ультрафильтрлеу;
- адсорбция, иондық алмасу, экстракция;
- аммиакты жою (биологиялық әдіспен (нитрификация), физико-химиялық
әдіспен).
Қалдықтарды жоюдың бірнеше технологиясы пайдаланылады.
1. Термикалық технология – кез-келген қатты, сұйық, ерігіш және газ
тәріздес қалдықтарды жоюда қолданылады. Әдістің маңызы – материалдар жоғары
температуралық термикалық қайта өңдеуден өтеді. Термикалық әдіс келесі
кезеңдерден тұрады:
- Алдын –ала, оның ішінде, реагентті қайта өңдеу;
- Жоғары температуралық қайта өңдеу;
- Газды көп сатылы тазалау;
- Жылуды пайдалану;
- Ұқсас органикалық және минералдық өнімдерді алу.
Термикалық әдіс кез-келген химиялық қоспаларды жоғары температурада
залалсыздандырады, яғни мұнда кез-келген заттар оның ішінде химиялық
құралдарды залалсыздандыру параметрлерін реттеу мүмкіндігіне ие. Осы
жағдайда, 1 және ІІ класстағы қауіпті токсинді заттарды, пестицидтерді,
диоксиндерді 99,9999% дейінгі қайта өңдеу дәрежесі бойынша плазмалық
әдіспен залалсыздандыруға болады. Плазмохимиялық әдіс жануы қиын және
жанбайтын қоспаларды залалсыздандыру үшін қолданылады [4].
Плазмохимиялық қондырғының жұмыстары келесідей: төменгі температуралық
плазмаға (3000К) сұйық, паста тәріздес немесе ұнтақ түрінде шығарылған зат
жіберіледі. Олар реакторда атом, молекула, иондарға дейін ыдыратылады.
Плазмақұраушы (сутегі, азот, оттегі) термодинамикалық параметр үрдісіне
сәйкес пайда болатын газ қышқылдардың, галогеннің сутегімен қосылысының,
нейтралды молекула мен атомдардың пайда болуын қамтамасыз етеді. Плазмалық
үрдіс қалдықтарды жағу үрдісіне қарағанда қысымы, температурасы, газ құрамы
жағынан қатаң бақыланады. Осы жағдайда керексіз қоспалардың екінші рет
пайда болмауы үшін газ температурасы секундына 1000 К дейін жылдам
төмендетіледі. 1 кг қалдықты жою үшін 3кВт –сағ энергия қажет.
Қазіргі таңда қалдықтарды плазмахимиялық залалсыздандыру үрдісін
жүзеге асыратын технологиялар пайда болды, бірақ олардың кемшілігі
экологиялық қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алмайды.
Термикалық технология қатты қалдықтарды аз көлемде береді және
коммуналдық қажеттіліктер үшін екінші жылуды пайдалануға мүмкіндік береді.

Термикалық безоқышқылды пиролиз бағыты да жобалы бағыттардың қатарына
жатады. Оның артықшылығы – технологиялық газ немесе минералды өнім –
сорбентті алу. Алынған газ технологиялық және тұрмыстық мақсаттарда
пайдаланылады, осы жағдайда қатты қалдық көлемі төмендетіліп, экологиялық
таза және үрдіс қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
2. Қалдықтарды қайта өңдеудің физико-химиялық технологиясы әмбебап
болып табылмайды, бірақ олар қалдықтарды пайдалы өнім алуға қажетті шикізат
ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы, пайдаланылған автомобиль
шиналары, полимерлі материалдар. Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тыңайтқыш,
құрылыс және жол материалдарын, керамиканы алуға болады. Бұл кезде,
технологияны таңдауда жеке әдіс пайдаланылады.
3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен залласыздандырудың жобалы бағыттарының
келесі түрі – биотехнология. Миллиардтаған жылдар бойы жер бетінің тірі
компоненттері өлі геосфераны, гидросфераны, атмосфераны, қайта өңдеп,
осының бәрін биосфераға айналдырды. Генетикалық биология әдістері арқылы
құрылған табиғи микроазғалар жаңа қызметтерді орындауға мүмкіндік берді
[5].
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудегі басым бағыттардың бірі – оларды
сорттау. Қатты тұрмыстық қалдықтардың органикалық бөліктерінің тоннасын
қайта өңдеу 500 м3 биогаз алуға мүмкіндік береді. Биотехнология ағаш
қалдықтарын, мұнай парафиндерін, метил және этил спирттерін, табиғи газ т.
б-нан ақуыз өнімдерін өндіруде қолданады.
Биотехнологияның кемшілігі ретінде үрдістердің жай жүруі, қозғалуы оның
құнының артуына алып келеді.
Жоғарыда келтірілген қалдықтарды залалсыздандыру мен жою әдістері
қазіргі заманғы эпидемологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына
толығымен жауап бермейді. Дегенмен үйде, аулада пайда болған қалдықтарды
сорттау бойынша Германия тәжірибесі қазіргі өмірде кеңінен қолданылып
келеді.
Ағын суларды залалсыздандыруда физикалық әдістер қолданылады:
термикалық, радиациялық, электрогидравликалық соққы беру,
электрофотокоагуляция, жоғары жиіліктегі токтар, жоғары қысым, ал малдың
эпидемиялық ауру кезінде өлген жануарлар қалдықтары (сібір жарасы,
паратуберкулезді энтерит, т.б.) мал зираттарында жерленеді немесе жағылады.
Бұл жұқпалы ауру қоздырғыштардан құтылудың оңай жолы. Бұл әдістің
кемшілігі – энергияның көп жұмсалуы.
Жалпы қорыта айтқанда, қалдық – бұл күрделі, сан-салалы ұғым.
Қалдықтарды болдырмау, алдын-алу және азайту мәселелері қоғамның
экономикалық-экологиялық мәселелерінің алдыңғы қатарында. Қоғамға зиянды
қалдықтардың түзілуінің алдын-алу шаралары ғылыми-техникалық жетістіктермен
байланысты жетілдіріліп келеді. Осы саладағы заңдық-нормативтік базаны
толық қалыптастыру қалдықтарды басқару жүйесінің жұмысының артуына септігін
тигізеді.

1.2. Органикалық қалдықтарды биологиялық ыдырату әдістері
Микроағзалар жер бетінде өмірдің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын,
биосфераның кезек күттірмейтін, құрамдас экологиялық жүйесі болып табылады.
Олардың іс-әрекеттері барысында өмірді қамтамасыз ететін оттегінің үлкен
саны бөлінеді.
Биосфераның ерекшелігі оның тірі заттардың әсерімен биосфера
компоненттерінің үздіксіз өзара әсерлесуі, толықтығы. Осы үлкен экологиялық
жүйенің ұзақ әрі тұрақты қызмет етуі тірі және өлі ағзалардың бір-бірімен
тікелей және жанама байланысуымен жүзеге асырылатын зат айналымы болып
табылады. Экожүйенің қалыптасуының негізгі және алғашқы принципі:
ресурстарды алу және қалдықтардан босату.
Бірнеше ғасырлар бойы органикалық қалдықтардың табиғи биологиялық
дағдарысы микробтардың әсерінен ыдыратылған. Қазіргі таңда адамзат баласы
микроағзалардың ерекше топтарын синтездей отырып, осы үрдісті басқара
бастады. Ол үшін, арнайы белсенділік қасиеті бар, микробты колонияның
үлгілерін алу керек. Оны биогазды немесе оларды қоспай-ақ ыдыратады. Бұл
әдістің маңызы – арнайы құрылған жағдайда нақты қалдық түрлері дағдарысқа
ұшырайды. Үрдіс микроағзалардың арнайы таңдалған штамптарымен жүзеге
асырылады. Сол себепті, бұл әдісті қалдықтардың микробиологиялық
дағдарысы деп атайды. Дағдарыстың соңғы өнімі – лай және су, олардың
қалыптасуы барысында биогаз бөлінеді (артықшылығы метан). Бұл тәсіл үнемді,
тиімді және әлемнің бірқатар елдері өз тәжірибелеріне ендірген. Ол
экологиялық тұрғыдан таза [6].
Қазіргі тұрмыстық қалдықтарды зерттеуде олардың басым көпшілігі картон
мен қағаздан тұратыны белгілі. Бұл орама материалы ретінде пайдаланылатын
қағазбен картоннан (20-70кгм3) пайда болған қалдықтардың аз тығыздығы.
Жалпы бұл компоненттер қатты тұрмыстық қалдықтар масссының 25-40 пайызын
құрайды. Қатты тұрмыстық қалдықтардың маңызды бөлігі болып тамақ қалдықтары
(25-35 %) табылады. Олар жоғары тығыздыққа ие (500 кгм3), ылғалдылық
қасиеті тән (70-92%). Олар қатты тұрмыстық қалдықтардың барлық массасының
ылғалдылығын анықтайды, оның ішінде қағаздың да. Кейбір маусым кездерінде
әсіресе, оңтүстік өңірлерде жеміс-жидектің пісуімен байланысты тамақ
қалдықтарының құрамы қағазбен картонға қарағанда артып, 90%-ға дейін
көтерілді.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың ерекше түріне, ірі габаритті қалдықтар
жатады, яғни, ескі жиһаз, тоңазытқыш және т.б. Оларды жою үшін ең алдымен
алдын-ала қайта өңдеу қажет.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың ортажылдық морфологиялық құрамы бір-бірінен
ерекшеленеді. Оны келесі 4-кестеден көруге болады:

4. – кесте - Әлемнің бірқатар елдеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың
ортажылдық құрамы, %
ҚТҚ компоненттері

Кестеден көріп отырғанымыздай, Ресейде пайда болатын қатты тұрмыстық
қалдықтардың морфологиялық құрамы шетелдерге қарағанда өзгешерек.
Келесі төмендегі 5-кестеде қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ)
тығыздығы, ылғалдылығы, күлі жағынан жалпы сипаттама берілген. Айта кету
керек, қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамы уақыт бойынша өзгеріп отырады.

5 – кесте - Параметрлері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың
компоненттерінің сипаттамасы
Компоненттер Тығыздығы кгм Ылғалдылығы% Күлділігі %
Қағаз 40-60 20-30 10-20
оның ішінде
-шартты таза 20-30 8-15 6-8
- ластанған 70-80 40-58 15-23
Картон 50-70 8-25 6-8
Тамақ қалдықтары 450-550 70-92 5-40
Ағаш 220 15-25 2,3-10
Металл 220 3 98
Мақта-мата 160-180 20-40 5-10
оның ішінде
- шартты таза 120-160 8-12 2-3
- 180-120 180-120 40-64 15-20
Шыны 340-480 2 95-97
Тері, резина 220-250 15-35 10-30
Сүйеек 360-520 20-30 40-50
Тас 1500 2 95-98
Полимер 30-100 2-5 5-10
Көмір, шлак 1000 2 50-95
(құрғақ)
Ескерту:[7].

Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының микробиологиялық дағдарысын
жүзеге асыру үшін оның компоненттерін құрайтын химиялық құрылымын білу
қажет. Бұл құрылым өнім құрамына байланысты өзгеріп отырады. Олардың
құрамы, агрохимиялық көрсеткіштері, физикалық қасиеті елдің әр аймағында
әртүрлі.
Биологиялық дағдарыс технологиясын ендіру көптеген мәселелердің шешілуіне
мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы ол экологиялық тұрғыдан таза
болғандықтан, оның соңғы өнімі белсенді лай, биогаз және шаруашылық,
өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су болып табылады.
Бұл әдісті ауылдық фермерлер мен теплицалық шаруашылықтар да қолдану
тиімді. Биодағдарыс әдісі еуропалық елдерде кеңінен қолданылады. Батыс
Еуропаның бірқатар фермерлік шаруашылықтары оны қолдану арқылы
энергетикалық және органикалық тыңайтқыштарға деген өз қажеттіліктерін
қанағаттандырады.
Органикалық қалдықтардың биодағдарыстық әдісі Норвегия мен Канаданың
тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттарында кең қолданысқа ие. Ал Қытайда ол
әдіс бұрыннан қолданылып келеді. Көптеген жеке тұлғалар биокомбайнды
энергия жіберуші және су алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу мақсатында
қолданады.
Жоғарыда айтылғандар осы әдісті қолданудың экономикалық тиімділігін
талдауға мүмкіндік береді. Оны ендіруден түскен пайда бағалы өнім болып
табылатын биотыңайтқыштарды сату арқылы алынуы мүмкін. Арнайы қондырғыларда
шығарылған тыңайтқыш көлемі әжептәуір болуы мүмкін. Бір қондырғы 4-6 күнде
250 кг-ға дейінгі биотыңайтқышты шығарады.
Энерготаратушы газдарды тарату және оны дағдарыстық қондырғыларда
қолдануда 150 л көлемдегі бір фермент 10-15 м3 тұрмыстық газды өндіреді.
Бұл жағдайда, қондырғыны өндеу және қызмет көрсету шығындары белгілі бір
уақыт аралығында қайтарылады. Нәтижесінде органикалық қалдықтар көлемі
едәуір төмендейді.
Ағза клеткасындағы зат алмасу үрдісіне қатыспайтын элементтердің
биогеохимиялық айналымы әртүрлі болып келеді: бірі химиялық тұрғыдан
инертті болып келеді, олар аз әсер етіп, қорек тізбегінің бірінде
жинақталады; ал кейбірі химиялық тұрғыдан белсенді болып келеді,
ақуыздармен реакцияға түседі, биологиялық молекула мен құрылымға әсер
етеді. Олар қауіпті, улы болып келеді. Табиғи уға қарағанда техногенді улы
заттар қоршаған ортаға үлкен мөлшерде түсіп, тірі ағзалардың өліміне алып
келеді, олар тұрақты болып келеді, оның кебіреуі қайта өңделмейді,
нейтралданбайды. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасына ауыр металдардың біраз
бөлігі түсіп, жинақталып, одан кейін соңғы тұтынушы адамдардың ағзасына
жинақталады. Қазіргі американ скелетіндегі қорғасын мөлшері абориген
сүйегніне қарағанда 1000 есе жоғары.
Циркуляция және жинақталу қасиеттері бойынша бірқатар элементтер ауыр
және созылмалы ауруларды тудырады. Ол элементтерге жататындар: берилий,
бор, фтор, фосфор, күкірт, хром, кобальт, мырыш, кадмий, сурьма, нитраттар,
нитриттер, цианидтер. Мыңдаған органикалық ксенобиотиктер жоғары
жануарлармен адамдардың иммунитетін төмендете отырып, қауіпті ісік аурулары
мен генетикалық бұзылуларына алып келеді.
Жалпы қорыта айтқанда, биологиялық әлемді толық бақылап отыру үшін,
оның өмір сүруі мен даму заңдылылығын білу қажет. Микроағзалардың таралуы
диапазоны шектеусіз. Олар өте шапшаң жылдамдықпен бір жерден екінші жерге
ауысуға, қоршаған ортаның өзгерістеріне жылдам бейімделуге, жылдам көбеюге
тұрақты әрі қабілетті болады. Мұның барлығын адам баласы өз іс-әрекетінде
ескеріп, қауіпті жағдайлардың алдын-алуға бейімделу қажет. Сондықтан:
микроағзалардың барлық салаларда географиялық таралуын; сол аймақтағы
микроағзалардың сипаттамаларын, табиғи үрдістерді үнемі зерттеп отыру
керек.

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

Қалдықтарды басқару жүйесінің қазіргі жағдайы
Алматы қаласының бос аумақтарында, көшелерінде, өзен жағалауларында күл-
қоқыс көптеп кездеседі. Дегенмен, кейбір мәлімет көздеріне қарасақ, қалада
арнайы тіркелген 12 қалдық төгетін орын бар, қаладағы барлық полигондар
толық жұмыс істемейді. Зерттеулер нәтижесінде қалада екі үйінді (свалка-күл-
қоқыс, қалдық төгетін орын) табылған. Оның бірі Райымбек даңғылының
солтүстік бағытында, екіншісі Спасская көшесінің маңында. Қалған
свалкалардың қалыптасуы деңгейі тоқтатылған.
Алматы қаласының санитарлы-эпидемологиялық орталығы көше свалкаларын
бақылап, коммуналдық контейнерлермен тасылмаған, қалдықтар туралы, ағымдық
жағдайы туралы хабарлап отырады. Қалдықтардың қала аймағында жатуының
негізгі себебі оны тасымалдайтын контейнерлердің жетіспеушілігі.
Көптеген үйінділер мысалы, Пархач өзенінің солтүстік батысында орналасқан
және Жұбанов пен Сайын көшелерінің қиылысында орналасқан үйінділер
топырақпен көмілген. Ал кей үйінділерді жойғанмен онда әлі ашық жатқан
қалдықтарды кездестіруге болады, Атап айтқанда, пластмасса мен бөтелкелер,
құрылыс қалдықтары. Дегенмен осындай қалдықтардың жер асты және жер үсті
суларына әсері әлі де айқындалмады, бірақ мұндай қалдықтар осы алаңның
айналасында ойнайтын балалар үшін қауіпті. Эстетикалық тұрғыдан алып
қарағанда, мұндай үйінділерді топырақпен көміп тастау қажет.
Жүргізілген бақылау нәтижесінде үйіндіге тұрмыстық, өнеркәсіптік,
коммерциялық қалдықтармен қатар, дәрілік және басқа да ұйымдардың
қалдықтары келіп түседі. Тұрмыстық қалдықтар органикалық заттармен
топырақты ластаса, өнеркәсіптік қалдықтар топыраққа органикалық
материалдармен қатар, токсинді элементтермен де ластайды.
Қазіргі уақытта Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Алматы
қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын жинап, тасымалдау үшін 34 ұйымға
рұқсат берді. Осы 34 ұйымның 9 ғана ірі ұйым ретінде саналады.
Аталмыш ұйымдармен жиналып, тасымалданған қалдықтардың 66 пайызын
тұрмыстық қалдықтар құрайды. Қалдықтардың қалған бөлігі өнеркәсіптік
қалдықтар. Осы ұйымдармен жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 1 381 589 м3.
Ал аталған ұйымдар қызмет көрсеткен тұрғын халықтың жылпы саны 935 119
адам немесе 88%. –ды құрайды. [8]
Тұрғындардың 40 пайызға жуығы күл-қоқысты тастар алдында екінші шикізатты
қалдықтан бөліп алады. Негізгі бөлініп алынатын материалға тамақ өнімдері
жатады (74,2%). Одан кейін шыны ыдыстары (52,3%) мен маклатура (39,2%)
жатады. Жекелеп бөлінген материалдардың басым бөлігі (тамақ қалдықтарын
қоспағанда) аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған пункттерге салынады,
ал кейбірін адамдардың өздері жинап арнайы орындарға өткізеді (шыны
ыдыстары). Тамақ қалдықтары көбіне үй немесе дала жануарларын қоректендіру
үшін қолданылады.

Ұйымдардың ішінде 28,9 пайызы ғана қалдықты тастар алдында сорттап,
бөледі. Негізінде қалдықты сорттап, бөліп тастайтын ұйымдарға базар,
ресторандар, ірі магазиндер, супермаркеттер, әмбебап магазиндер,
тамақтандыру орындары жатады. Желегенген материалдарға қағаз, картон, тамақ
өнімдер кіреді. Екінші жағынан мемлекеттік ұйымдар мен мектептерде
қалдықтарды жекелей бөліп тастау құбылысы төменгі дәрежеде.
Жеке тұрғын үйлер мен 2-3 этажды аудандарда тұрғындар қалдықты өздерінің
үйлерінің алдында орналасқан немесе белгілі жерге ашылған контейнерлерге
тастайды. Жетісу ауданының түрғындарының 48 пайызы қалдықты арнайы
орындарға тастаса, 20 пайызы үйлерінің алдына тастайды. Ал Түрксіб
ауданының тұрғындарының басым бөлігі қалдықты арнайы жабдықталған машиналар
келген кезде апарады.
Алматы қаласының әрбір ауданында (Бостандық, Алмалы, Әуезов, Медеу,
Жетісу, Түрксіб) қалдықты тастау уақыты нақты реттелмеген. Көбіне
қалдықтар, күл-қоқыстың басым бөлігі кешкі уақытта тасталынады. Жалпы,
тұрғындардың 43,7 пайызы қалдықты тастау үшін арнайы уақытты талап
етпейтіндігі, 31,2 пайызы 6 және 11 таңғы уақыт аралығында, ал 43,6 пайызы
18;00 сағаттан кейін, яғни жұмыстан қайтқанннан кейін барып, қалдықты
тастайтындығы байқалды. Бұл қалдықтар түн бойы жинақтау пункттерінде
қалады, себебі, қалдықты арнайы жабдықталған машиналар күндізгі уақытта
ғана алып кетеді.
Қаланың 20,4 пайыз тұрғыны қалдықтарды арнайы орындарға апарып, көмеді
немесе өртейді. Мұндай ағым осындай аудандарда күл-қоқысты тасымалдау
жөніндегі жұмыстардың аз қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі.
1997 жылы Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлық бақылау Департаменті
№3 01.007.97 Тұрғын орындар аумағындағы санитарлық ережелер құрылымы
туралы Ережелері бекітілді. Осы Ережеде келесідей жағдайлар көрсетілген.
Атап айтқанда [8]:
А) Қалдықтарды тасымалдау және жинау үшін мемлкеттік және жеке сектор
кәсіпорындары пайдаланатын мамандандырылған құрал-жабдықтар пайдаланылуы
керек,
Б) Қалдық тасымалдау жиілігі жергілікті санитарлы-эпидемологиялық
қзыметпен бекітіледі және транспорттық кәсіпорындар мен КСК-мен келісіледі.

В) Тұрмыстық және тамақ қалдықтары таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат
23:00 аралығында тасымалдануы керек.
Д) Блоктық құрылыс аумағында транспорт ұшін қолайлы подъездмен
контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліну керек. Алаңның
құрылыстан арақашықтығы 20м, бірақ 100 м-ден аспау керек.
Е) Қалдықтарды контейнерлерде сақтау уақыты 00С температурада 3
тәуліктен, ал плюстік температурада 1 тәуліктен аспауы керек
З) Көпқабатты тұрғын үй маңында арнайы стандартты металл контейнерлерін
орнату керек, ал жекеменшік үйлерде ағаш немесе металл жинақтарын
пайдалануға болады. Қойылған контейнерлер саны пайдаланатын тұрғын саны
және бір тұрғынның шығарған қалдық көлемімен анықталады.
Ж) Жазғы уақыт кезінде металл контейнерлерін 10 күнде 1 рет жуып тұру
керек.
И) Контейнерден немесе күл-қоқыс тасымалдайтын транспорттан екінші реттік
шикізатты (мата, бөтелке, пластмасса ыдыстары) таңдап алуға рұқсат
етілмейді.
Й) 5 қабатты және одан жоғары қабаттағы үйлер үшін мусор құбырларын
пайдалану тиімді.
Алматы қаласының шеткі аумағында жұмыс жасап тұрған 7 үйінді бар. Олар
атап айтқанда: Никка, Барыс, Карасу, Боралдай, Алатау, Рикки, Еңбек.
Алғашқы 6 үйіндінің атауы компания операторлардың атымен аталады. Олар
алғашқы жылдары қала айналасындағы ауылдар мен поселоктардан күл-қоқыстарды
жинап тасымалдаса, кейіннен қала ішіндегі күл-қоқысты қабылдай бастады.
7 полигонның 6-нда (Никка, Алатау, Барыс, Карасу, Боралдай, Еңбек)
қалдықтарды орналастыру үшін бір ғана бульдозер жұмыс жасайды.
Карасу, Боралдай, Еңбек полигондарында жүк машиналарын тексеріп отырады.
Мұнда 3-4 адамнан бастап, 20 адамға дейінгі күл-қоқысты жинақтайтын арнайы
адамдары бар. Дегенмен бұл полигондарда қалдықты топырақпен көму жүзеге
асырылмаған.
Никка, Барыс, Боралдай, Еңбек полигондарында төгілген қалдықтардан
жоғары қарай көтерілген түтінді көруге болады. Дегенмен, осы полигон
аймағындағы ауаның сапасы туралы ешқандай мәлімет жоқ, бірақ, қалдықтардың
жануымен жоғары көтерілген түтін ауа сапасына да кері әсерін тигізетіні
анық.
Қазіргі уақыттағы қалдықтардың жазғы және қысқы құрамы мен оларды
пайдалану, залалсыздандыру көрсеткіштерін келесі кестелерден көруге болады
(6-7 кестелер).

6-кесте - Қалдықтардың жазғы және қысқы құрамы, %
Тұрмыстық Коммерциялық Базардағы қалдықтар
қалдықтар қалдықтар

Қағаз
6-кестенің жалғасы
Металл

7- Кесте – Өндірістегі токсинді қалдықтардың пайда болу, пайдалану және
залалсыздандыру көрсеткіші, тонна [9].
Токсинді Кәсіпорында Токсинді
қалдықтардың пайдатоксинді қалдықтарды
болу көлемі қалдықтарды залалсыздандыру
пайдалану
Барлығы 1461168229,9 24619669,3 5739924,5
оның ішінде
мұнай өнімдері 717,3 36635,9 5,6
мышьяк 6951,4 - -
мұнай шламы 36094,1 38589,9 2839,7
қорғасын 15890520,7 5422041,8 3637,4
әк 3167268,9 77009,8 -
фтор 81602,0 859,5 -
фосфор 101083,6 - -

2006 жылғы мәліметтер бойынша өндірістегі токсинді қалдықтардың пайда
болуы, пайдалануы, залалсыздандырылуы облыстар бойынша көрсетілген. Олай
болса, Қазақстан Республикасында 2006 жылғы мәліметтер бойынша 1,4 млрд
уытты қалдықтар түзілген. Оның 24,6 млн тн-сы өндірісте пайдаланылса, 5,7
млн тн-сы қайта залалсыздандырылған. Жалпы республиканың әрбір аймағында
түзілген, пайдаланылған, заласыздандырылған қалдықтар жайлы мәліметтер
жүйесі келесі 8-кестеде келтірілген.

8-кесте - Республиканың әр аймағында түзілген, пайда болған, пайдаланылған
қалдықтар саны, тоннамен6 [10]
Қалалар Токсинді Кәсіпорында Токсинді
қалдықтардың пайдаланылуы қалдықтардың
түзілуі залалсызданырылуы
Қазақстан 146116829,9 24619669,3 5739924,5
Республикасы
Ақмола 183618,6 5,0 -
Ақтөбе 13827631,0 240262,2 5623786,1
Алматы 1047152,4 - -
Атырау 71211,6 38576,5 4535,8
Шығыс Қазақстан 38285026,0 19314910,1 6818,6
Жамбыл 109237,7 10908,4 -
Батыс-Қазақстан 151887,8 37185,4 104437,5
Қарағанды 40954961,3 3797404,3 0,7
Қостанай 37746438,2 77003,6 7,5
Қызылорда 3,8 - 3,7
Маңғыстау 145608,5 39849,1 13,0
Павлодар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Металл кескіш станокпен жұмыс
Жел-энергетикалық станциясы
Суды темірден тазарту
Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"
Пневматикалық көлік
Мобильді бұрғылау қондырғылары
Жылуалмасу аппараттарында автоматтты басқару жүйесін жетілдіру
Ядролық реакторлар
Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Пәндер