Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы



Кіріспе 3

1 XX.шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық. саяси әлеуметтік.экономикалық, мәдени.рухани
хал. ахуалы 10
1.1 XX ғасырдың 20.30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары

1.2 Қазақ елінің оқу.ағарту саласындағы ізденістер

1.3 Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасу жолдары
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздік жылдарының мерзімі ұлғайған сайын оның тарихи дамуының ғылыми теориясын жасау қажеттілігі де арта түсуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілуде.
Халқымыздың ұлттық мәдениетінде “қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” деп, атап көрсеткен еді ел басшысы
Н.Ә. Назарбаев [1.3] аталған пікірдің өзі зертелмей, ғылыми айналымға түспей келе жатқан құнды идеялардың бар екенін көрсетеді.
“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[2], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[3] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау үшін ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Көршілес жатқан Ресейдің патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсатарына пайдалану үшін жан таласып жатты. Осы кезеңде “Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін” ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ. жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі көпшілік үшін бүгінгі тұрғыдан айтылып отырған шындық.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 37 (09) (574) Қолжазба құқығында

Рамазанова Самал Әмірғалиқызы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
( XX ғасырдың 20-30 жылдары)

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:
педагогика және психология
ғылымдарының докторы,
профессор Қ. Б. Жарықбаев

Алматы 2006
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси 10
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани
хал- ахуалы
1.1 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық
ойлары
1.2 Қазақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістер

1.3 Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасу жолдары

Бірінші тарау бойынша тұжырым

2 Қазақ этнопедагогикасының ірге тасын қалаудағы
Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов қосқан өзіндік үлесін
салыстырып тұңғыш рет түйіндеу
2.1 Ұлттық әдебиетті, ұлттық тіл ғылымын зерттеу жұмыстары
( А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы)

2.2 Ұлттық педагогика мен психологияны зерттеу жұмыстары
( М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов)

2.3 “Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуындағы
(XX ғасырдың 20-30 жылдары) тәлім-тәрбиелік идеялар” атты арнаулы курс
бағдарламасының мазмұны

2.4 Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар

Екінші тарау бойынша тұжырым

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ елінің егемендігімен қатар
тәуелсіздік жылдарының мерзімі ұлғайған сайын оның тарихи дамуының ғылыми
теориясын жасау қажеттілігі де арта түсуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі
өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық
ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілуде.
Халқымыздың ұлттық мәдениетінде “қазақтардың қайталанбас этникалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние”
деп, атап көрсеткен еді ел басшысы
Н.Ә. Назарбаев [1.3] аталған пікірдің өзі зертелмей, ғылыми айналымға
түспей келе жатқан құнды идеялардың бар екенін көрсетеді.
“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[2], “Білім
мазмұнын гуманитарландыру”[3] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа
рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне
жағдай жасау үшін ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына кең жол ашу
талап етіледі.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың
отарлық саясатының күшейген кезі XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында
болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.
Көршілес жатқан Ресейдің патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге
асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз
мақсатарына пайдалану үшін жан таласып жатты. Осы кезеңде “Болыстарға
тілмаштар даярлау мектебін” ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын
оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ. жер-жерлерде
қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады.
Бұның бәрі көпшілік үшін бүгінгі тұрғыдан айтылып отырған шындық.
Патша өкіметінің “жымысқы” саясатының нәтижесінде ашылған “орыс-
қазақ” мектептерінде оқығвн қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының
арқасында көкірек көзін ашып, XX ғасырдың басында аренаға шықты. Орыс
мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғары білім алғанымен олар өз елінің
мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және
этнопедагогиканың негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел
арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани
парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер
төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола
білді. Олар: А. Байтұрсынов [4], Ә. Бөкейханов [5], М. Дулатов [6], Х.
Досмұхамедов [7], М. Сералин [8], Б. Сырттанов [9], Б. Қаратаев [10], Ж.
Сейдалин [11], М. Тынышбаев [12], Ж. Ақбаев [13], Д. Сұлтанғазин [14], Ғ.
Қарашев [15], О. Әлжанов [16], Р. Мәрсеков [17], А. Құрманбаев [18], Ғ.
Мұсағалиев [19] және т.б. ұлы тұлғаларды атауға болады.
Сонымен қатар отандық ғалымдарымыз педагогикалық ой -пікірлер мен оқу-
ағартудың даму тарихын Т.Т. Тәжібаев[20], А.И. Сембаев [21], Қ.Б. Бержанов
[22], Қ.Б. Жарықбаев [23], К.Қ. Құнантаева [24], С.Қ. Қалиев[25], А.К.
Көбесов [26], С.А. Ұзақбаева [27] т.б.
Зерттеу проблемасы ұлттық педагогикаға қатысты болғандықтан ТМД және
отандық зерттеулерге назар аударылып, басқа ұлттардың педагогикалық
әдебиеті мен тарихын қарастырып, Г.Н. Волков [28], И.Т. Огородников [29],
Ф.А. Афанасьев [30] т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, ұлттық
педагогиканың тәрбиелік маңызын зерделеуде Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Б.
Адамбаев, І. Р. Халитова, С. Ғаббасов, Н. Сәрсембаев т.б. ғалымдар ал,
халық педагогикасы мен этнопедагогика мәселелерін зертеген ғалымдар М.Х.
Балтабаев, Ә.С. Әмірова, Р.К. Дюсембінова, К.Ж. Қожахметова, Ә.Т. Табылдиев
т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
“В потоке истории” атты еңбегінде: Біздің ұлттың тарихын бағалау, әрине,
зерттеушілер мен әдістемелік ой-пікірлерге ыңғайлы болуы үшін бұрынғы
кестеге негізделеді, бірақ отаршылдықтың барлық кезеңдеріндегі олардың
механизмдері мен тарихы жағдайларының әртүрлілігін тұтастай түсіну қазақ
ұлттының тағдыры туралы көптеген мағлұматтар беруі тиіс. Өйткені, жақын
кезеңдердегі “естеліктердің тарихи іздері” өте маңызды және әлемнің, оның
ішінде қазақ дүниетанымына, іс-әрекетіне, бағалауына тікелей әсер етеді.“,
деп атап өтті.
Қазақтың ұлттық педагогикасы мен саяси жағдайын талдап қарастырғанда,
алдымен оның тарихи қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Диалектикалық тұрғыдан
уақыт кезеңдерінде -өткен шақ, бүгінгі күн және болашақты байланыстыра
отырып, елдің ертеңін жасау, ақиқатқа жетудің дұрыс шешімі болары сөзсіз.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі
өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен
этномәдениетті қайта жаңғыртумен сипатталады. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық
пен тоталитаризмнің ықпалымен қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді қайта
өркендету қазіргі таңның кезек күттірмес өзекті мәселелерінің бірі.
Осы еңбекте қазақтың ұлттық педагогикалық мәселелер жөнінде ой-
пікірлермен олардың даму жолдар, жазба әдебиеттеріміздегі қазақ
зиялыларының жариялаған материалдары негізінде бірнеше тұжырымдамалар,
ұғымдар сарапталып, қолданылды.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің
зерттеу нысанымызға алып отырған XX ғасырдың 20-30 жылдар аралығындағы
ұлттық педагогика негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті
дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе,
кеңінен талданып және педагогика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақ педагогикасының тарихы
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер