ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу



Кіріспе ... ... ... ...2.6
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны
Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 7.13
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны ... ... ... ... .13.22
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны ... .22.29
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың
қылмыстық.құқтық сипаттамасы
2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті жағының сипатамасы ... ... ... 30.37
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы ... ... .37.40
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың
жіктелген белгілері ... ... ... ... ... ... .40.44
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес . заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы ... ... ... 44.51
Қорытынды ... ... ... .52.62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ..63.65
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында, өркениетті экономика құру және демократиялық құқықтық мемлекет қалыптастыру кезеңінде мемлекеттік билік және атқару, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары маңызды роль атқарады. Сол себепті, билік және басқару органдары қызметкерлерінің өздерінің арасында қылмыстық әрекеттердің пайда болуы ерекше қауіпті және жол берілмейтін жағдай. Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодексте заңды тұлғалар жасаған қылмыстық әрекеттер №13 тарауға кіргізіліп, «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар» деп аталған. Бұл қылмыстардың тобын қызмет жағдайының арқасында және қызмет мүддесіне қайшы әрекет еткен және мемлекеттік билік органдарының қызметіне, мемлекеттік немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүддесіне айтарлықтай зиян келтірген немесе зиян келтіретін шынайы қауіпі бар билік өкілдері мен заңды тұлғалардың қоғамдық қауіпті ісі (әрекеті немесе әрекетсіздігі) деуге болады.
Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. (с изменениями от 7 октября 1998 г.).
2.Уголовный Кодекс РК (по состоянию законодательства на 1 февраля 2007 г.).
3.Комментарий к Уголовному Кодексу РК. Караганда. 1999
4.Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 года №453-I
«О государственной службе».
5.Закон Республики Казахстан от 2 июля 1998 года №267-I «О борьбе с коррупцией»
Ғылыми және методикалық әдебиеттер
1.Рогов И.И Уголовное право Казахстана. Алматы. 1998.
2. Жунусов Б. Уголовное право РК. Караганда. 1998.
3. Флетчер Дж., Наумов А.В. Основные концеп¬ции современного уголовного права. М., 1998. С. 286—290.
4.Уголовное право зарубежных стран. Общая часть //Отв.ред. ИЛ,. 5.К. Маркс и Ф. Энгельс, соч., т. 33, С. 36– 37).
6.Курс советского уголовного права. М., 1870. Т. II.С. 374.
7.Саудабаев К., «Коррупция прозрачности не терпит» - «Казахстанская правда», 14 августа 2008г.
8.Рарог А.И. Субъективная сторона и квалификация преступлений. М., 2001. С. 90-91.
9.Уголовное право России: В 2-х т. Т. 2. М., 1998.С. 650.
10. Здравомыслов Б.В. Должностные преступления. Понятие и квалификация. М., 1975. С. 113.
11.Уголовное право. Особенная часть: Учебник. М., 1998.С. 620., 1999. С. 209
12.Динека В.И. Должностные преступления по уголов¬ному праву России. Ставрополь —210
13.Оболонский А.В.На службе государевой: к истории российского чиновничества // Общественные науки и современность. 1997. №5; 14.Кирпичников А.И.Взятка и коррупция в России. СПб.: "Альфа" 1997.
15.Голосенко И.А. Феномен “русской взятки”// Журнал социологии и социальной антропологии. 1999 г. №3
16.Ванюшкин С.В. Методологические вопросы борьбы с коррупцией и организованной преступностью // Преступность и законодательство. М., 1997.
17.Курс уголовного права. Особая часть. Том 4. Учебник для вузов. Под ред. д.ю.н., проф. Г.Н. Борзенкова и д.ю.н., проф. В.С. Комиссарова - М.: ИКД «Зерцало-М», 2002.
18.Волженкин Б.В. Преступления в сфере экономической деятельности (экономические преступления). –СПб.: Изд-во «Юридический центр Пресс», 2002. С.341
19.Лунеев В.В. Углубление социального контроля преступности – одна из предпосылок решения социально-экономических проблем (материалы «круглого стола»). //Государство и право, 1999, № 9.
20..Волженкин Б.В. Экономические преступления. СПБ., 1999. С. 104;
21.Лопашенко Н.А. Преступления в сфере экономической деятельности (Комментарий к гл. 22 УК РФ). Ростов-на-Дону, 1999. С. 88–90.
22.. Ларичев В.Д. Как уберечься от мошенничества в сфере бизнеса.//Деловая информация, 1998, № 4.
23. Хитрин Ю.А. О некоторых вопросах причинного комплекса преступности в Республике Казахстан. //Предупреждение преступности, 2001, №1
24. Досюкова Т.В. Уголовная ответственность за лжепредпринимательство. Дис…к.ю.н. /МЮИ МВД РФ, 1997
25. Жалинский А.Э. О соотношении уголовного и гражданского права в сфере экономики. //Государство и право, 1999, № 12.
26. Преступления в сфере экономики. Уголовно-правовой анализ и квалификация / Б.Д. Завидов, О.Б. Гусев, А.П. Коротков и др. М., 2001. С. 117
27. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. – Алматы: /Жеті Жарғы, 1996.
28. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан/Рецензент: Басин Ю.Г. Учебное пособие. – Алматы: Университет «Туран», 1996.

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-6
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны
Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 7-13
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны ... ... ... ... .13-22
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-29
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың
қылмыстық-құқтық сипаттамасы
2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті
жағының
сипатамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..30-37
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті
жағының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..37-40
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың
жіктелген
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..40-44
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті
алдын алудың негізгі
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 44
-51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 52-62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .63-65

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында, өркениетті
экономика құру және демократиялық құқықтық мемлекет қалыптастыру
кезеңінде мемлекеттік билік және атқару, сондай-ақ, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары маңызды роль атқарады. Сол себепті, билік және
басқару органдары қызметкерлерінің өздерінің арасында қылмыстық
әрекеттердің пайда болуы ерекше қауіпті және жол берілмейтін жағдай.
Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодексте заңды тұлғалар жасаған қылмыстық
әрекеттер №13 тарауға кіргізіліп, Мемлекеттік қызмет және
мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа
да қылмыстар деп аталған. Бұл қылмыстардың тобын қызмет жағдайының
арқасында және қызмет мүддесіне қайшы әрекет еткен және мемлекеттік
билік органдарының қызметіне, мемлекеттік немесе жергілікті өзін өзі
басқару органдарының мүддесіне айтарлықтай зиян келтірген немесе
зиян келтіретін шынайы қауіпі бар билік өкілдері мен заңды
тұлғалардың қоғамдық қауіпті ісі (әрекеті немесе әрекетсіздігі)
деуге болады.
Аталған қылмыстар басқа қылмыстардан арнайы белгілерімен
ерекшеленеді:
-оларды арнайы субъектілер (қызметтегі немесе мемлекеттік
қызметтегі тұлғалар) жасайды;
-олар тұлғаның қызметіне сай қызмет орнын пайдалануының
арқасында ғана жүзеге асуы мүмкін;
-билік және басқару органдарының қалыпты қызметін бұзады.
Қазір сыбайлас жемқорлық сөзі сәнге айналған, ол басылым
беттерінен түспейді, ол жайлы радио мен теледидардан жиі айтылады.
Бүгінгі жағдайды сөз еткенде үлкен көлемдегі сыбайлас жемқорлық
басты және жалпылай қабылданған тезистердің біріне айналған. Тек
қана 1999-2003 жылдар аралығындағы кезеңде орталық және жергілікті
баспасөз бетінде аталған тақырыпта 3 мыңнан астам мақала жарық
көрген. Әлеуметтік сауалнамада сұралғандардың 60 %-ы сыбайлас
жемқорлықты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп
төндіретін проблемаға жатқызса; 70 %-дан астамы Қазақстан
Республикасы жемқор мемлекеттердің қатарына енуі мүмкін деген
тұжырыммен келіседі.
Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана біз сыбайлас жемқорлық сөзін
мүлдем қолданбайтынбыз, ол кеңес дәуірінің көптеген сөздіктері мен
энциклопедияларында да жоқ, ал барларында сыбайлас жемқорлық бізге
тән емес құбылыс ретінде беріледі – буржуазиялық елдерде; парамен
сатып алу, қызметтегі тұлғалардың, саяси қайраткерлердің
парақорлығы (Ожегов С.Н. Орыс тілінің сөздігі, М.1964). Бізді
сыбайлас жемқорлық буржуазиялық мемлекет пен қоғамға тән
(шенеуніктер мен қоғамдық-саяси қайраткерлерді сатып алу, пара беру
және т.б.)-(Кеңес энциклопедиялық сөздігі.М.1987) деп сендірген
еді. Кенет, аяқ астынан, сыбайлас жемқорлықтың біздің елімізде
бұрыннан барлығы ғана емес, оның бүгін пайда болмағаны да анықтала
қалды.
Отандық қылмыстық құқықта сыбайлас жемқорлық ұғымының
аясында не түсіндіріледі? Мұның жалпы қылмыстық-құқықтық термин емес
екенін айтуымыз керек. Көпшілігі оны криминологиялық деп атайды,
сыбайлас жемқорлық – құқықтық емес, әлеметтік және моральдық ұғым
деген пікір де бар. Коррупция термині латынның correi -
тараптардың біріндегі бірнеше қатысушының жалғыз затқа байланысты
міндетті қарым-қатынасы және rumper - сындыру, ақау келтіру, бұзу,
кейінге шегеру деген сөздерінен келіп шыққан. Нәтижесінде, сот
процесінің немесе қоғам істерін басқару процесінің қалыпты жүруін
бұзуды мақсат еткен бірнеше (екеуден кем емес) әрекетке қатысуын
мегзейтін дербес corrumpere термині пайда болды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қазіргі проблемалары өткен
ғасырдың 90 жылдарының басында-ақ азды-көпті анықтала бастады. Осы
уақытта ғылыми конференциялар өтіп, КСРО Жоғарғы Кеңесіне ұсынылған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы дайындалған, бірақ, іле-шала
Одақтың тарап кеткені белгілі. Бұдан проблеманың өткірлігі азайған
жоқ, сондықтан оған қарсы жұмыстар Қазақстан Республикасында
жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі
№267 Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңында аппарат
қызметкерлері үшін кейбір тиым салулар енгізіліп, кіріс туралы
декларацияны ұсыну белгіленген. Жарлық дұрыс бағыттағы қадам
болатын, бірақ, ол нашар орындалды.
Салық органдары мен қаржы полициясындағы сыбайлас жемқорлық
фактілерін анықтау, алдын алу және кесу практикасын талдау қылмыстық
жүйелердің басқа салаларда қалыптасқан парақорлық жүйесін салық
айналымы саласына енгізуге тырысатынынан хабар береді. Аталған
мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы барған сайын
өткір сипатқа ие болуда. Статистикалық мәліметтер жыл өткен сайын
бұл қылмыстардың саны көбейе түскенін көрсетеді. Салық
органдарындағы заң бұзушылықтар қызметтік этиканы бұзудан бастап,
кәсіпкерге қылмыстық элементтермен заңға қайшы байланысқа барғанға
дейін бейкүнә қызметтер көрсету, ұсақ-түйек заң бұзушылықтар,
қызмет жағдайын пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметке белсене
қатысу және материалдық құралдарды бопсалау сияқты түрлерде де
көрініс табады.
Қызметтік тұлғаның өз міндетін атқарғанда қылмыс пен сыбайлас
жемқорлыққа қатысы барлығы кез-келген мемлекеттің мемлекеттік
аппаратының тиянақты ұйымдасып, жұмыс жасауына елеулі зиянын
тигізеді. Үлкен құқықтары бар және көбіне-көп көлемді материалдық
құндылықтарға өкілеттілігі жүретін мұндай тұлғалар тек қана
материалдық емес моралдық та зиян келтіріп, мемлекеттік аппаратты
ыдыратады.
Зерттеуге зерттеліп отырған нысанның кейбір аспектілері
алынады: кәсіпкерлік қызмет ұғымы мен мазмұны, кәсіпкерлік қызметпен
айналысу құқығы, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті
және субъективті белгілері.
Диплом жұмысының мақсаты ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған
қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу болып табылады. Алға
қойылған мақсатқа жету үшін керегі:
-кәсіпкерлік ұғымы мен белгілерін анықтау:
-кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұнын ашу;
-кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі
мазмұнын ашу;
-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті жақтарына
сипаттама беру;
-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жақтарына
сипаттама беру;
-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың оған тән белгілерін
қарастыру;
-сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін заңсыз
кәсіпкерліктің алдын алудың негізгі құралы ретінде жарыққа шығару.

І тарау. Кәсіпкерлік қызмет құқығының ұғымы мен
мазмұны.

1.1.Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны.

Кәсіпкер және кәсіпкерлік ұғымын қазіргі заманғы
мағынасында ең алғаш ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында
ағылшын экономисі Ричард Кантильон қолданған. Р.Кантильон
экономикалық ауқаттылықтың шынайы бағасын айқындайтын жер мен еңбек
деп есептеді[1].
Кейін ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы белгілі
француз экономисі Ж.Б.Сэй (1767-1832) Саяси экономия
трактаты(1803) деген кітабында кәсіпкерлік қызметті үш дәстүрлі
өндіріс факторының – жердің, капитал мен еңбектің үйлесуі,
бірлестігі ретінде қарастырды. Сэйдің негізгі тезисі кәсіпкерлердің
өнімді құрудағы белсенді ролін мойындаудан тұрады. Кәсіпкердің
кірісі оның еңбегі, өнімді өндіру мен жинауды ұйымдастырудағы
қабілеті, тәртіп рухын қамтамасыз еткені үшін берілген сый болып
табылады [2].
Ағылшын экономист ғалымы А.Смит(1723-1790) өзінің Табиғат
және халық байлығының себептері(1776) атты негізгі еңбегінде
кәсіпкерлікті сипатауға назар аударған. Кәсіпкер, А.Смиттің
пікірінше, капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір
коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда түсіру үшін тәуекелге
бел буады [3].
Д.Векардо кәсіпкерлікті тиімді шаруашылықтың міндетті
элементі ретінде қарастырады. К.Маркстің экономикалық теориясының
негізінде кәсіпкерді капиталист-біреудің еңбегін пайдаланушы
(эксплуататор) ретінде ұғыну жатыр[4].
Рұқсат етілген және мемлекет қолдаған кәсіпкерлік қызмет
институты – соңғы онжылдықтардағы қазақстандық құқықтағы жаңа
құбылыс.
Бұрынғы КСРО-да кәсіпкерлік қоғамға қарсы қызмет ретінде
қаралып, оның нысандары қылмыстық жауапкершілікке тартылатын.
Кәсіпкерліктің жұмыс күшін тарту арқылы қылмыс құрамын (табыс
(пайда) табу мақсатындағы тауар, қызмет өндіру жөніндегі қызмет)
бағалауда есепке алынатын кәсіпкерлік белгілері оның мемлекет
күшімен реттелетін және қорғалатын толық заңды жұмысының
анықтамасына кіреді. Елдің тоталитаризмнан демократияның
экономикалық формаларына көшіп, оның іскерлік және шығармашылық
құрушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін ішкіэкономикалық
тұлғаға табынудан бас тартуы таңсық емес. Қалыптасқан жағдайлар
Қазақстан Республикасының заңдарынан көрініс таппай қоймады.
ҚР 1997 жылғы 19 шілдедегі Жеке кәсіпкерлік туралы Заңында
кәсіпкерлік ұғымына, оның негізгі белгілеріне бірінші рет анықтама
берілген [5].
Кәсіпкерлік деп нысандардың ұйымдастырушылық-құқтық
формаларымен белгіленген оның тәуекел етуі мен мүліктік
жауапкершілігінің аясында жүзеге асатын, кіріс түсіруге бағытталған
азаматтар мен олардың бірлестіктерінің бастамашыл дербес құқығы. Заң
кәсіпкерлікті мүлікті пайдалану, тауарды, жұмысты сатудан,
тұлғаларға заң тәртібімен бекітілген жұмыс және қызмет көрсетуден
жүйелі табыс алуға бағытталған дербес, тәуекелмен жүзеге асатын
әрекет ретінде анықтайды.Бұл ұғымды оны құрайтындар арқылы ашу және
талдау қажеттігі туады.
Кәсіпкерлік белгілерінің қатары нормативтік анықтаудағы
өзінің тұрақты, даусыз орнын иеленді.
Олардың алғашқысы пайда табу мақсатындағы қызметті
(коммерциялық сипат) жүзеге асыру болып табылады. Әрбір меншіктің
мүлік иесі мүліктің барлық жемісі мен кірісін өз қалауынша еркін
жаратуға құқылы. Осыны ескере келгенде, кез-келген табыс (тіпті оны
алу мақсаты да) нысанның кәсіпкер ретінде тіркеу мен есептеудегі
қосымша, кейде қалтаға сай емес, шығындарымен, үлкен жауапкершілік
жүктейтінімен белгілі тіркеу процедураларынан өтуін талап ететін,
оның соңы меншік иесін мүлікті коммерциялық емес жаратуға әкеп
соғатын заңдағы анықтаулардың жетімсіздігі айқын болды.
Мұндай жағдайды түзеуге тырысудың бір жолы Азаматтық кодекске
табыс табудың жүйелілік белгілерін енгізу болды. Бірақ, өкінішке
орай, ол проблеманы толығымен шешпейді. Бұған негізгі кедергі –
жүйелілік түсінігінің заңды анықтамасының немесе қалыптасқан
ұғымының жоқтығы болып отыр. Бұл ұғымды бір мезгілде екі түрлі
түсіндіреді. Лингвистер жүйелілік – үнемі қайталанып отыратын,
тоқталмайтын нәрсе деп түсіндірсе, еңбек құқығына байланысты заңда
егер бұрын қандай да бір жауапкершілікке тартылған болса да еңбек
тәртібінің бұзылуы ретінде қарастырады (яғни, ҚР Еңбек туралы Заңына
сәйкес, кемінде екі мәрте қайталанған жағдай жүйелі деп табылады).
Мұндай белгісіздік жағдайында аталған белгілер мен оның
салдарлары жайлы азаматтар мен мүдделі мемлекетік органдардың пікірі
екіге жарылатыны мәлім. Мұндай кезде аз ғана нормативтік
тұрақсыздықтың әсері бірден көрінеді – меншік иесінің құқығын
ведомостволық мүдделер деңгейінде жүзеге асуында қиындықтар
туындайды. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар кәсіпкер
емес меншік иесін тіркелген тұлғалармен салыстырғанда қиын жағдайға
қалдырады.
Жеке кәсіпкер мен мекемені мемлекеттік тіркеу өзінің ұғымы
бойынша бірдей емес. Мемлекеттік тіркеуге дейін мекеме заңды тұлға
болып табылмайды, құқықтары мен міндеткерліктері болмайды. Азаматтың
құқықтық қабілеті оның туған кезінен басталады. Баланың дүниеге
келгенін тіркеу фактісі заңды құбылысты тіркеу, қайталау (вторичный)
сипатына ие болады. Азаматтың азаматтық құқықтық мүмкіндігіне
басқалармен қатар заңды мүлікті иеленіп, иесіне айналудың құқықтық
мүмкіндігі де жатады. Азаматты оның табыс табуға бағытталған
келісімдерінсіз кәсіпкер ретінде тіркеуен түсетін жүк қандай?
Бұл ұғымның екі аспектісі бар. Бір жағынан, егер нысан тауар
және қызмет өндіру жөніндегі кәсіптік қызметпен тұрақты айналысса,
қоғам одан сапа мәселесінде белдігі бір сенімділік пен
қауіпсіздікті, сондай-ақ, коммерциялық қызмет адал атқарылмаған
жағдайда мүліктік жауапкершілік күтуге құқылы. Мемлекет бұл жағдайда
кәсіпкерлік қызметті бірқатар шарттарды тіркеуден бастап, сапа және
қауіпсіздік стандарттарына, сауда ережелеріне сәйкестігін
қадағалауға, ерекше соттар мен ерекше процедураларда шаруашылық
істер жөніндегі дау-дамайларды шешуге дейін реттеудің арнайы
шараларын қарастыруы керек.
Екінші жағынан, егер азамат жеке мүлігінен немесе қызметтен
тұрақты емес және аз көлемде табыс тауып отырса қоғам одан үлкен
зиян шекпейді және айтарлықтай қызығушылық танытпайды.
Қоғам мен әрбір нақты тұтынушы үшін дәл қазіргі кезде қандай
нысанмен жұмысістеп жатқанын анықтау маңызды. Өзінің нысандық
құқығын ортақ реттеу аясында жүзеге асыратын, тұрақты қожалық ететін
кәсіпкер мен азаматтың нақты құқықтық ара жігі болмаса, мүлікті,
тауар мен қызметті жүзеге асыратын контрагенттің құқықтары мен
міндеткерліктерін анық түсіну қиын.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі талассыз қызметі – оны тәуекел
ету арқылы, яғни жеке мүліктік жауапкершілік ала отырып жүзеге
асыру. Мұндай тәуекелдің ішіне кәсіпкердің мүлік иесі ретінде
қолайсыз салдарларда ғана емес, міндетті қарым-қатынастарда да
қосымша тәуекелге (арнайыланған кәсіпкерлік) баруы жатады.
Кәсіпкердің жауапкершілігі жоғары болып табылады, жоюға келметін
тосын жағдайлардан басқа, кейде оның кінасынан болмаған жағдайларда
да теріс нәтижелер кәсіпкердің мойнына артылады.
Бізге заңдағы кәсіпкерлік ұғымына байланысты қателік
кәсіпкердің қызметінде оның кәсіпқойлық белгілерін көрсетудің
болмауы сияқты көрінеді. Мұндай белгі Франция (Франция сауда
кодексі, 1 бап), Германия (Германия сауда заңы, 1 бап) және басқа да
елдердің заңдарында ескерілген. Ресейдің төңкеріске дейінгі
авторлары да сауданы өндіріс ретінде ерекшелеп көрсетуге
тырысқан[6].
Бұл біліксіз, кәсіпқой емес кәсіпкерлер болады дегенді
аңғартпайды. Кәсіпқойлықтың шартты белгісіне артылатын жүк басқа.
Кәсіпкерлік қызметтің соңғы белгісі ретінде ҚР АК 19 бабында
оны заңды тұлға ретінде тіркелген тұлғалардың жүзеге асыруы
көрсетіледі[7]. Аталған норманы сараптай келгенде, кәсіпкер ретінде
тіркелмей, жүйелі түрде табыс табуға тәуекел етіп, өз бетінше
жасалған әрекеттің кәсіпкерлік болып табылмайтынын көреміз.
Кәсіпкерлік қызмет ұғымының заңды дамуын бағалай келіп, оның
екі тенденциясын атап өткіміз келеді.
Біріншіден, заңдылықты анықтау құрылымы жетілдіріліп келеді.
Оның элементтерін нормативтік жағынан түзеп, нақтылау мақсатында
әрекеттер жасалуда. Заң Азаматтық Кодекстегі кәсіпкерлік қызметі
жөніндегі нормаларды инкорпорациялау жолымен жүріп, белгілі бір
табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен, екіншіден, бұл бағыттың теориялық қарама-
қайшылықтарынан қашу мүмкін емес екендігі біртіндеп айқындалып,
құқықтық қолдануға деген қажеттілік біршама деңгейде
қанағаттандырылып келеді.

1.2. Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны

Владимир Дальға сүйенсек, кәсіпкер – алдындағы көре білетін
саудагер, өндіріске, ірі айналыстарға икемді, батыл, өткір, мұндай
жұмыстардан тайсалмайтын адам[8]. Кәсіпкерлік қызмет – бұл жеке
іскер адамның ісі. Алайда барлық адам бірдей кәсіпкер бола алмайды
әлеуметтік-экономикалық көзқарас тұрғысынан – бұл пысықтардың
типі. Ол – экономикадағы революционер, еркінен тыс саяси және
әлеуметтік революцияны туғызушы. Кәсіпкер болу – басқалар сияқты
жасау дегенді аңғартпайды. Кәсіпкерге дәстүр тән емес
(И.Шумпетер)[9]. Ол сол үшін арнайы қасиеттерге: дұрыс ойлауға,
тұрақтылыққа, адамдарды білуге, басқару талантына ие болуы керек.
Кәсіпкер өзінің ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін
бір ғана мақсатқа – табыс табуға пайдаланады. Сондықтан, өмірде
коммерциямен ара-тұра айналысатын, бұл қызметпен айналысуға ешқандай
құқы жоқ азаматтар, мысалы, импорттық тауарларды үстемелеп, қайта
сататындар да өздерін кәсіпкер деп атайды. Егер азамат мұндай
қызметпен сирек айналысса және пайда табу мақсатын көздемесе, ол
кәсіпкер деп табылмайды және кәсіпкер ретінде тіркелмейді.
Формальдық-заңдық тұрғыдан кәсіпкер кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын және мемлекетте осы тұрғыда тіркелген азамат болып
табылады. Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексі азаматтың кәсіпкерлік
қызметінің презумпциясын бекітті. Оның мәнісі, кәсіпкер ретінде
тіркелмеген, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азамат өзі
жасаған келісім-шарттарда кәсіпкер емес екендігіне арқа сүйеуге құқы
жоқ. Мұндай келісім-шарттарға сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырумен байланысты міндеткерліктер жөніндегі ережелерді жатқызады.
Көпшілік (қылмыстық және әкімшілік) құқық тұрғысынан кәсіпкер
ретінде тіркелмеген тұлға жүзеге асырған кәсіпкерлік заңсыз
кәсіпкерлік болып табылады.
Ресейдің төңкеріске дейінгі сауда заңы кәсіпкерді көпес деп
атаған[10]. Сауда құқығы тұрғысынан, көпес деп өндірістегі сауда
келісім-шарттарын өз атынан жасайтын өндіріспен айналысушы адам
айтылған.
Басқа мемлекеттердің заңына коммерсант тұлғасы жақсы таныс.
Коммерсант дәрежесі келісім-шарттарды және басқа да кәсіпкерлің
түріндегі шаруашылық операцияларын өз атынан жүзеге асыратын адамға
беріледі.
Бұрынғы КСРО-да кәсіпкер тұлғасы алғаш рет 1987 жылғы 1
мамырдағы КСРО Жеке еңбек қызметі жөніндегі Заңның күшіне енуімен
ресми танылды.
Аталған заң қолөнер өндірісінде, халықты тұрмыстық қамтамасыз
ету саласындағы жеке еңбек қызметіне, сондай-ақ, азаматтар мен
олардың отбасы мүшелерінің тек қана жеке еңбегіне негізделген қызмет
түрлеріне жол берді. Азаматтардың жеке еңбек қызметімен айналысу
құқын куәландыратын құжаттар белгілі бір мерзімге берілген тіркеу
куәліктері мен патенттер болып табылады [11].
Адам құқықтары арқылы келетін кәсіпкерлік ұғымы мемлекет пен
кәсіпкердің қарым-қатынасы тең әріптестердікі болып табылады және
олардың ортақ құқықтары мен міндеткерліктері бар деп тануға
мүмкіндік береді.
Егер бұрын экономика саласында мемлекеттік монополия болса,
қазір кәсіпкерлік Конституцияда жеке мүдде басымдылыққа ие болған
сала ретінде қарастырылады. Өйткені, кәсіпкерлік – жеке мүдделер мен
бастамалар аясындағы әрекет, ҚР Конституциясы мемлекеттің ішкі
саудаға үстемдік етуіне жол бермейді.
Кәсіпкерлікке, ең алдымен жеке мүдделер тұрғысында
тұжырымдалған тұрғыда келу, кәсіпкерлікті азаматтардың құқықтарының
түрлілігі ретінде қарастыру кәсіпкерліктердің конституциялық
дәрежесі, оның мемлекеттік немесе жеке кәсіпкерлікпен републиканың
қай облысының аумағында айналысқанына қарамастан ортақ болуы
керектігін көрсетеді.
Кәсіпкерлер дәрежесінің бірдейлігі барлығының заң мен сот
алдында бірдей болу принципін бекіткен Атазаңымымыздан да туындайды.
ҚР Конституциясы 26 бабына сәйкес кәсіпкерлікке құқық тікелей
жұмыс істейтін болып табылады. Ең алдымен, бұл құқықтың бірден бір
әрекеті оның заңдардың мағынасын, мазмұнын және қолданылуын, заң
шығаратын және атқаратын органдардың әрекетін анықтауынан көрінеді.
Кәсіпкерлік қызмет құқығының мазмұны барлық конституциялық
жағдайларды жүйелі талдағанда ғана айқындалуы мүмкін.
Мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынасты реттейтін,
маңызды заңдық нормалардың жиынтығы іспеттес Конституция экономика
саласындағы қарым-қатынастарды реттемей қоймайды. Кәсіпкерліктің
конституциялық кепілдіктерінің көп екендігі соншалықты, ғылымда
кәсіпкерліктің негізгі кепілдіктерін қалыптастыратын Конституциялық
нормалардың ішкерілей енген ортақ бірлігін аңғартатын экономикалық
конституция ұғымы пайда болды.
Кәсіпкерліктің конституциялық кепілдіктері, кейде олар билік
органдарының өкілеттілігін анықтайтын нормаларда қолданылғанмен,
Конституцияның барлық тарауларында бар.
Кәсіпкерлік құқықтарының негізгі маңызды бөлігі
кәсіпкерлердің мүлікті жеке меншігіне алып, иеленіп, пайдаланып,
жеке де, басқа тұлғалармен бірге де қожалық қожалық етуіне берілген
құқық болып табылады (ҚР Конституциясы, 26 бап)[12].
Кәсіпкерлердің мүлкін тек сот шешімімен ғана алу – олардың
мемлекеттен мүліктік тәуелсіздігінің маңызды конституциялық
кепілдігі. Мүлікті мемлекет қажеттілігіне күшпен тартып алу тек қана
алдын ала және тең көлемде өндіру жағдайында ғана қолданылуы мүмкін,
мұнда кәсіпкерлерден мүлікті тартып алудың мақсаты мен шарттары
әбден анықталады.
Кәсіпкерлердің олардың конституциялық-құқықтық дәрежесінің
элементі ретіндегі коммерциялық құпия құқығы әркімнің еркін ақпарат
алуы туралы құқығымен сәйкестелген. Қоғамның әр мүшесі кәсіпкерлік
жүйелердің қызметі жөнінде жан-жақты ақпарат алуына болады, олар
теріс пиғылда жарнама жасау арқылы өз құқықтарын асыра пайдаланбауы
керек.
Кәсіпкерлік құқықтарды жүзеге асыру ортақ конституциялық
режим аясына кіреді – тұлға мен азаматтың құқықтары мен еркіндігін
жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндігін бұзбауы
тиіс.
Конституциядағы кәсіпкерлік құқығы мазмұнын әркімнің бірігуге
құқылы екендігі байыта түседі[13].
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бел байлаған тұлғаларға
қатысты қолданылатын бұл құқық түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларын
құру еркіндігін білдіреді (акционерлік қоғамдар, бірлестіктер,
серіктестіктер және т.б.). Бірлестікті тіркеу мемлекеттен рұқсат алу
дегенді аңғартпайды, ол заңдық тұлғаның құқықтық мүмкіндігінің пайда
болуымен байланысты заңдық факт.
Кәсіпкерлік қызметпен тек қана заңды тұлғалар (ұйымдар) ғана
емес, жеке тұлғалар (азаматтар) да айналыса алады.
Азаматтық құқық нысаны болу үшін, яғни белгілі бір құқықтар
мен міндеткерліктерді иеленіп, оларды өз бетінше жүзеге асыру үшін
азаматтардың азаматтық құқықтық қабілеттілігі және қабілеттілігі
болуы тиіс. Іс жүзінде азаматтың құқықтық қабілеттілігі шектелмеген.
Ол заңда тиым салынғаннан басқа кез-келген құқық пен кез-келген
міндеткерлікті иелене алады. Азаматтық Кодекстің ережелерінде
азаматтар иелене алатын құқықтардың шамаланған тізімі берілген. Бұл
тізімде кәсіпкерлікпен немесе басқа қызметпен айналысу құқығы да,
сондай-ақ, өз бетінше немесе азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірге заңдық тұлғалар құру құқығы да көрсетілген.
Азаматтар жекелеген құқықтар бойынша кейбір жағдайларда,
заңда бекітілген тәртіппен шектелуі мүмкін. Азаматтың кәсіпкерлік
қызметпен айналысу құқығына байланысты Азаматтық Кодексте
мемлекеттік немесе басқа органның азаматтың кәсіпкерлік қызметпен
айналысу құқығын заңсыз шектейтін акт жарамсыз деп табылатыны арнайы
қарастырылған.
Кәсіпкерлік құқықтық субъектілік – бұл кәсіпкерлік қызмет
саласындағы мүмкін құқықтық иелену, яғни кәсіпкердің күшінде тұрған
заң аясында еркін әрекет ету шамасы.
Азаматтың кәсіпкерлікпен және заңда тиым салынбаған басқа да
кәсіппен айналысуы азаматтың құқытық қабілетінің мазмұнын құрайды.
Бұл құқықты жүзеге асыру үшін азаматтың кәсіпкерлік қабілеттілігі,
басқаша айтқанда, кәсіпкерлік қызметті дербес, бастамашылдықпен және
кәсіпқойлықпен жүзеге асыру, оның жүзеге асырумен байланысты пайда
болған барлық міндеткерліктерді орындауға қабілетті болуы керек.
Азаматтың кәсіпкерлік қабілеттілігі ол он сегіз жасқа толған,
яғни толықтай қабілетті деп саналған сәттен бастап саналады.
Осылайша 18-ге толған, ал кейбір жағдайлар мен заңда
белгіленген тәртіпте жасы 18-ге келмеген азамат кәсіпкерлік
қызметпен айналысуға құқылы.
Заңды тұлғалық білімі жоқ азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне
коммерциялық заңдық тұлғалардың қызметін реттейтін ҚР Азаматтық
Кодексінің ережелері қолданылады. Бұл жеке кәсіпкер заңда тиым
салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналыса алады
дегенді білдіреді. Дегенмен, қызметтің, тізімі заңмен анықталған
кейбір түрлерімен, ол тек арнайы рұқсат (лицензия) негізінде ғана
айналыса алады.
Жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға сияқты, өз атынан
әрекет етіп, кез-келген, заңда тиым салынбаған сауда келісім-
шарттарын, яғни, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты,
жүйелі немесе тұрақты түрде жасалып, табыс табуға бағытталған
келісім-шарттарды жасай алады.
Жеке кәсіпкер өзінің міндеткерліктеріне өзіне тиесілі,
азаматтық процессуалдық заңға сәйкес тәркілеуге жатпайтындарынан
басқа, барлық мүлкімен жауап береді. Оның үстіне, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырумен байланысты міндеткерлігін орындамаған
немесе тиісінше орындамаған жеке кәсіпкерге кінәсінің деңгейіне
қарамастан жауапкершілік жүктеледі. Ол жауапкершіліктен егер
міндеткерлігін тиісінше орындамау жеңуге келмейтін тосын күштер
салдарынан болғанын дәлелдесе ғана босатылады. Мұндай жағдайларға
борышкер тарапынан міндеткерліктің бұзылуы, рынокта жұмыс істеуге
керекті тауарлардың болмауы, борышкерде қажетті қаражаттың болмауы
сияқты міндеткерліктер жатқызылмайды.
Жеке кәсіпкерлер үшін есепшот ашу коммерциялық заңды
тұлғаларға сияқты міндетті емес. Олар мемлекеттік статистика
органдарында тіркелмейді. Жеке кәсіпкерлердердің есебі коммерциялық
заңды тұлғалардың есебіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке
кәсіпкер өзінің контрагенттерімен есептесу тәсілдері мен түрлерін
таңдауда ерікті.
Заңда тиым салынбаған нәрсеге рұқсат етілген деген принцип
тұрғысынан қарағанда, жеке кәсіпкер жалдамалы жұмыс күшін де тарта
алады. Бұған дәлелді жеке кәсіпкер банкрот деп табылған жағдайда
екінші кезекке еңбек келісім-шарты, оның ішінде жалдамалы
қызметкерлерге де демалыс күндері мен еңбек ақыларын төлеуді талап
етудің қойылатынынан көреміз.
Заң кәсіпкерлікті заңда тіркелген тәртіппен тауар сатудан,
жұмыс немесе қызмет көрсетуден, мүлікті пайдаланудан жүйелі табыс
табуға бағытталған тәуекел арқылы жүзеге асатын, дербес әрекет
ретінде анықтайды. Бұл ұғымды оның негізін құраушылар арқылы ашуға
және талдауға қажеттілік туады.
Кәсіпкерлік белгілерінің қатары нормативті анықтауда
тұрақты, даусыз орын иеленген.
Олардың біріншісі әрекетті табыс табу мақсатында жүзеге асыру
болып табылады (коммерциялық сипат). Әрбір мүлік иесі оны өз
қалауынша қажетіне жаратуға құқылы.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі даусыз белгісі – оны тәуекелге
бел буып, яғни жеке мүліктік жауапкершілігіне алу арқылы жүзеге
асыру. Мұндай тәуекелге кәсіпкердің мүлік иесі ретінде болуы мүмкін
қолайсыз салдарлардан басқа, міндеткерлік қарым-қатынастарда қосымша
(арнайы кәсіпкерлік) тәуекелге баруы жатады. Кәсіпкердің
жауапкершілігі жоғарылатылған болып табылады, күшке көнбейтін тосын
жағдайлардан басқа оның кінәсінсіз болған қолайсыз салдарлар да
кәсіпкердің мойнына артылады.
Бізде заңның кәсіпкерлікті қабылдағандағы елеулі кемшілігі
кәсіпкер қызметінде кәсіпқойық белгілерінің болмауы сияқты көрінеді.
Мұнда белгілер Франция (Француз сауда кодексі, 1 бап), Германия
(Германия сауда заңы, 1 бап), тағы басқа елдердің заңдарынан көрініс
тапқан.
Кәсіпкерлік қызметтің соңғы белгісі ретінде ҚР АК 19 бабында
оны заң жүзінде кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалардың жүзеге асыруы
қарастырылады.
Заңдағы кәсіпкерлік қызмет ұғымын бағалай келіп, оның екі
тенденциясын атай кеткім келеді:
Біріншіден, заңдық белгілеу құрылымы жетілдіріліп келеді,
оның элементтерін нақтылау және нормативтік жағын дамыта түсу
әрекеттері жасалуда. Заң Азаматтық Кодекстегі кәсіпкерлік қызмет
нормаларын инкорпорациялау жолымен жүріп, белгілі бір табыстарға қол
жеткізді.
Алайда, екіншіден, мұндай бағытта теориялық қарама-
қайшылықтардан қашудың және құқықтық қолдану қажеттілігін жеткілікті
деңгейде қамтамасыз етудің мүмкін еместігі анықтала түседі.

1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі
мазмұны.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-1
Мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке
келушілерге басқа да тиым салулармен бірге, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға тиым салады. Осылайша, заңға сәйкес мемлекеттік
қызметкерлерге:
-педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық жұмыстардан
басқа төленетін қызметпен айналысуға;
-кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде егер
коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу оның қызметіне кірмесе,
коммерциялық ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық түріне қарамастан оны
басқаруға қатысуға тиым салынады (10 бап)[14].
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңында мемлекеттік
қызметтерді орындауға өкілетті қызметтегі және басқа да тұлғаларға
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, шаруашылық нысанын егер ол заң
бойынша қызмет міндеткерліктеріне кірмейтін болса басқаруға, ұйым
мен тұлғаның материалдық мүддесін материалдық игілікке қол жеткізу
мақсатында қызмет бабын заңсыз пайдаланып қанағаттандыруға әрекет
етуге дербес қатысуға тиым салынады (10 бап, 2 пункт)[15].
Жоғарыда аталған тұлғалар қызметке кіріскеннен кейін бұл
міндеттерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіпке сәйкес орындаған кезде бір ай ішінде оған заң бойынша
тиесілі ақшадан, сондай-ақ, мүліктік пайдалануға берілген басқа да
мүліктерден басқа, мүліктің бәрі сенімді басқаруға берілуге
міндетті.
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі Заңға сәйкес, мемлекеттік
қызметке теңестірілген, кәсіпкерлікпен қатар алып жүруге келмейтін
қызметтерді орындайтын қызметкерлер мен басқа да тұлғалар да заңда
көрсетілген тәртіппен қызметтерінен бас тартады немесе босатылады.
Мемлекеттік қызметті орындаудан оған сәйкес келмейтін қызметтерді
орындауға байланысты босаған мемлекеттік қызметтің немесе оған
теңестірілген қызметпен айналысатын тұлғаға мұндай қызметпен
айналысуға ол кәсіпкерлік қызметті тоқтатқанға дейін өкілеттілік
берілмейді.
Бұл жерде, заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер заңда
белгіленген тәртіпте қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде
мемлекеттік қызметтен өту кезінде коммерциялық ұйымның жарғылық
капиталындағы меншік үлесін (акция пакеттерін) және табыс табуға
бағытталған, өзіне тиесілі ақша мен мүліктік жалдауға берілген
мүліктен басқа барлық мүлкін сенімді басқаруға беруге міндетті.
Мемлекеттік қызметкер сенімді басқаруға берілген мүліктен,
оның ішінде сыйақы, дивидент, ұтыс түріндегі мүлікті немесе басқа да
заңды дүниелерді жалға беруден түскен кірістен табыс алуға құқылы.
ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Заңның 10 бабының
8 пунктіне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді орындауға өкілетті,
немесе оларға теңестірілген тұлғаларға азаматтық-құқықтық келісім-
шарттарды басқа өз атымен емес, біреулердің, өтірік тұлғалардың
атымен, жасырын, бүркеншік атпен жасауға тиым салынады.
ҚР ҚК 13 тарауында қарастырылған нысан ретіндегі қызметтегі
тұлға ұғымы 307 баптың 3 ескертпесінде берілген: қызметтегі тұлға
деп тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттілігімен билік өкілі
қызметін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы күштерінде, басқа да ҚР әскери құрылымдарында
ұйымдастырушылық-жарату, ұйымдастырушылық-шаруашылық міндеттерді
орындайтын тұлғалар танылады [16].
Бұлайша белгілеу қызметтегі тұлғаны анықтау негізіндегі үш
қатарды анықтауға мүмкіндік береді:
-тұлға орындайтын қызметтердің (өкілеттіліктер мен
міндеткерліктер) сипаты;
-оған бұл қызметті жүктеудегі құқықтық негіздер:
-тұлға еңбек ететін мекеменің, органдардың түрі
(сипаттамасы).
Бұл жерде басты анықтауыш қызметтегі тұлға орындайтын
міндеттер болып табылады.
Заңда орындалатын қызметтердің сипатын көрсету қызметтегі деп
танылған тұлғалар шеңберін нақты анықтауға мүмкіндік беріп, бұл
қылмыстық топ нысанын кең ұғымға ие болу мүмкіндігін жоққа шығарады.
Бұл белгі оны мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында, мемлекеттік және муниципиалды мекемелерде және т.б.
жұмыс істегенмен, басқа, техникалық қызметтерді орындайтын басқа
тұлғалардан айыруға мүмкіндік береді.
Билік қызметінің мазмұны, содан келіп, билік өкілінің
әрекетінің сипаты ол жұмыс істейтін орган алдында тұрған
міндеттермен анықталады. Мысалы, билік өкілі – полиция қызметкері
өзінің билігін қоғамдық тәртіпті, меншікті, азаматтардың заңды
мүддесі мен құқығын, кәсіпорынды, ұйымдар мен мекемені қылмыстық қол
сұғу мен басқа да қоғамға қарсы әрекеттерден сақтау, сондай-ақ,
қылмыс пен басқа да қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу және жолын
кесу, қылмысты тез және толық ашу, қылмысты және басқа да тәртіп
бұзушылықты тудыратын себептерді жоюға барынша күш жұмсау
салаларында жүзеге асырады.
Кейбір билік өкілдерінің өкілеттілігінің анықталмаған
тұлғалар шеңберінде таратылса да, белгілі бір ведомостволық
шекараларда күші болады. Осылайша, қаржы полициясының, кеден
органдарының қызметкерлері оларға артылған міндеттерді орындау
кезінде пайда болған қарым-қатынастар аясында ғана билік өкілі
ретінде көрінеді; сот приставы түрлі айыппұлдар жөніндегі сот
шешімін орындағанда билік өкілі ретінде әрекет етеді.
Билік өкілінің әрекеті олардың ведомостволық меншігі мен
бағыныштылығына қарамастан мекемелерге, ұйымдар мен кәсіпорындарға,
жекелеген азаматтарға қатысты заңдық ұғымы бар, заңда негізделген
әрекеттерінен көрінеді. Мысалы, билік өкілі – полиция белгілі бір
кейбір жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке басын
куәландыратын құжаттарды тексеруге азаматтардың тұрғын немесе басқа
да жайына кедергісіз кіруге құқылы.
Билік өкілінің оған бөліп берілген заңды әрекеттері орындау
үшін міндеттелген. Билік өкілінің заңды нұсқауларды орындаудағы
міндеткерлігі ол соның атымен әрекет ететін мемлекеттік билік
органдарының беделімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, азаматтарды
олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін соққылардан сақтау
мақсатында полиция қызметкері жекелеген жағдайларда ақырғы шара
ретінде дене күшін, арнайы құралдар мен қару-жарақ қолдануға құқы
бар.
Қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметтік қылмыстар қазіргі
заманғы барлық елдерде де кездеседі, алайда, әлемнің түрлі елдерінде
әлі күнге дейін қызметтегі қылмыс ұғымына ортақ анықтама берілмеген.
Қызметтегі қылмыстармен күрес – барлық әлем елдерінің
басындағы проблема. Батыс ғалымдары қызметтік қылмысты үш түрлі
тәсілмен анықтайды. Олар мұны ақ жағалылардың қылмысы деп атайды.
Мұндай ұғымды тұңғыш рет американдық ғалым Саселан 1939 жылы
енгізген. Ол қоғамда сыйлы және жоғары әлеуметтік және экономикалық
жағдайы бар адамдардың қызметтік міндеткерліктерін орындау барысында
қылмыстық құқық нормаларын бұзатын заңсыз жолдармен пайда табуға
ұмтылуын аңғартады. Батыста ақ жағалылардың әлеуметтік класы
кәсіпқойлық критерийлері бойынша бөлінеді: оған жататын адамдар ой
еңбегімен айналысады, бұлар, негізінен, үкіметтік шенеуніктер, сот
орындаушылары, заңгерлер, оқытушылар, дәрігерлер, мекеме
менеджерлері мен жоғары деңгейдегі басқа да қызметкерлер[17].
Көріп отырғанымыздай, дегенмен, ақ жағалылар қылмысының
ерекшелігі қылмыскерлердің саясат пен экономикадағы жетекші жағдайы
және олардың қылмыс жасауда өздерінің қызмет жағдайын пайдаланатыны
болып отыр. Біреулер бұл қылмыстарды қызметтік деп те атайды.
Мұның себебі, Батыс елдерінде қылмыстық құқ бұл қылмыстардың нысанын
мемлекеттік қызметкер ретінде айқындайды. Қызметтік қылмыс ұғымы
алғаш рет Ұлыбританияда 19 ғасырдың ортасында енгізілді. АҚШ-та
үкіметтік органдардың қызметкерлерін мемлекеттік қызметкерлер,
Францияда үкіметтік шенеуніктер деп атайды. Үшіншілер қызмет
барысындағы қылмысты қоғамдық жағдай қылмысы деп атайды. Бұл жерде
қоғамдық жағдай дегенде қызметтік өкілеттілікті мегзейді. Басқаша
айтқанда, қоғамдық жағдайдың иесі мемлекеттік істермен шұғылдануы
керек [18].
Соған қарамастан, мемлекеттік қызметке мемлекет пен қоғамды
басқару жөніндегі жұмыстар кіреді. Мемлекеттік қызметтің
ерекшеліктері оның билеуші, басқарушы және күштеуші сипаты болып
табылады. Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері жоқ қылмыстар қоғамдық
жағдай қылмысы болып табылмайды.
ҚР ҚК 13 тарауында қарастырылған қылмыстардың түпкі нысаны –
қылмыстық заңмен қорғалған, тұлғаны, мемлекет пен қоғамды,
мемлекеттік билік органдарының қызметін, мемлекеттік қызмет пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүддесін қорғауға
бағытталған қоғамдық қарым-қатынастар.
Жалпы әлеуметтік ұғымда сыбайлас жемқорлық – қызметтегі
тұлғаның өкілеттіліктері мен одан туындайтын мүмкіндіктерді заңсыз
жеке басын байыту үшін пайдалануы. Өкілеттілікті пайдалануға
қызметтегі тұлғаның өкілетіне кіретін және кірмейтін, бірақ оның
дәрежесімен байланысты әрекеттер жасады. Екі жағдайда да бұл –
түрлі салалардағы қызмет жағдайының деңгейіне байланысты таралатын,
кейде тіпті түрлі сипаттарда, биліктің беделін пайдалану.
Заңсыз баю дегеніміз – қызметтегі тұлғаның немесе мүдделілік
танытып отырған басқа да тұлғалардың, заңды сыйақыдан басқа, еңбегі
үшін жалақы, сыйақы, жеңілдік және т.б. түрдегі материалдық
игіліктерді иеленуі болып табылады. Негізінде кез-келген қызмет және
онымен байланысты билік, үлкен және кіші болсын, заңсыз баюға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру немесе асырмау
адамның моральдық қасиеттерімен, адалдығымен, өзін, қоғам мен
мемлекетті сыйлауымен, өзінің борышына деген қарым-қатынасымен, т.б.
байланысты.
Сыбайлас жемқорлық түсінігімен және оның жалпы әлеуметтік
ұғымымен сыбайластық (коррумпированность) ұғымы байланысты.
Сыбайластық - бұл қызметтегі тұлғаның заңсыз баюға қызметтегі
өкілетіліктерін пайдалану арқылы тартылуы, қызмет жағдайын пайдалану
арқылы заңсыз баюға ұмтылыстың жұқпалылығы.

ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз тартылудың
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

2.1. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз тартылудың объективті
жағының сипаттамасы.

Аталған қылмыстың объективті жағы – мемлекеттік қызметті
орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруы немесе мұндай ұйымды құруға
жеке немесе сенімді өкілі арқылы, бұл әрекет ұйымға жеңілдіктер мен
артықшылықтар ұсыну немесе басқа түрде қорғаншылық жасаумен
байланысты болса, заңға қайшы түрде қатысуы.
Осылайша, сыбайластық қызмет жасай отырып, заңды тұлға не
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрады, не не мұндай
ұйымды құруға жеке немесе сенімді өкілі арқылы қатысады, дегенмен,
бұл екеуінің бірдей жүзеге асуы да мүмкін.
Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметке өткен кезде өзінің
меншігіндегі коммерциялық ұйымдағы жарғылық капиталындағы үлесін
(акциялар пакеті) заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік
кепілдігімен сенімді басқаруға беруі керек.
Қылмыстық құқық теориясында әділ көрсетілгендей, аталған
қылмыс – сыбайластық көріністерінің бірі және қызмет
өкілеттіліктерін заңсыз пайдалумен, парақорлықпен және қызметтік
жалғандықпен қатар нағыз сыбайлыс қылмыстардың тобына жатқызылуы
мүмкін[19]. Заңды тұлғаның өзінің қызмет өкілеттіліктерін пайдалана
отырып, өздері құрған немесе жұмысына қатысатын ұйымдарға
экономикалық тұрғыдан негізделмеген артықшылықтар мен жеңілдіктерді
ұсынуы экономикалық саланың жұмысына айтарлықтай зиян келтіріп,
объективтілік принципін – ұйымның тиімді жұмыс істеу шартын бұзады.
Бұл қылмыстың қауіптілігі белгілі бір өкілеттілігі бар
тұлғалардың оларды жұмыс істеуіне мүдделі ұйымдарға жеңілдіктер,
артықшылықтар беріп немесе басқа түрде қамқорлық жасай отырып,
оларды өзінің жеке мақсатында пайдалануы болып табылады.
Қылмыстың бірден-бір нысаны мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңға сәйкес қалыпты
әрекеті болып табылады. Екінші факультативті нысан экономикалық
салада қызмет атқаратын, ҚК 310 бабында көрсетілген қылмысты жүзеге
асыру нәтижесінде тиесілі жеңілдіктер мен артықшылықтар толық
көлемде ұсынылмаған немесе ұсынылған басқа ұйымдардың құқық
қорғаушылық мүдделері болуы мүмкін.
ҚР 310 бабында қарастырылмаған қылмыс объективті жағынан
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтік тұлғасын құру
немесе ондай ұйымды басқаруға қатысу жолымен жасалуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құру азаматтық
заңдылықпен реттелетін ұйым құруды аңғартып, заңдылық талаптарын
сақтағанда рұқсат етілетін әрекетті білдіреді.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу көбіне-көп парақорлықты
бүркемелейтін және ҚР ҚК 311 және 212 баптары бойынша жіктелетін
көзбояушылықпен ұқсас.
Мұнда кінәлі адам еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша
міндеткерліктерін орындамайды, яғни мұндай келісім жалған.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуда қызметтегі тұлға шынымен де
құрылтайшы немесе коммерциялық ұйымды басқару органдарының
қатысушысы ретінде көрінеді, оның мүліктік қарым-қатынастарға
қатысуы немесе ортақтасуы шынайы жағдай. Ал көзбояушылықта кінәлі
адам кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды басқару органының
мүшесі болуы міндетті емес, - ол басқару қызметін орындамайтын
қатардағы қатардағы жұмысшы болып тіркелуі де мүмкін.
Қызметті коммерциялық ұйымдардағы жұмыспен заңсыз
байланыстыру 1997 жылы ҚР ҚК қабылданғанға дейін-ақ кең таралған
болатын. Алайда, ҚР ҚК 310 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау – сирек
кездесетін құбылыс. Бұл қылмыс құрамының белгілерін анықтаудың
анағұрым күрделі екендігімен байланысты.
Н. ауданы бойынша республикалық қазынашылық басқармасының
бастығы С. оны осы қызметке тағайындағанда шаруа қожалығының
басшысы, сондай-ақ, акционерлік қоғам басқарасының тең құрылтайшысы
болып табылатын.
С.-ның әрекетінде, менің ойымша, ҚР ҚК 310 бабында
қарастырылған қылмыс құрамы жоқ. Кәсіпкерлік қызмете қатысудың бір
ғана дерегі оның қылмыстық сипатын анықтау үшін жеткіліксіз. С.-ның
нормативтік актілерді бұзуы шаруа қожалығына немесе акционерлік
қоғамға жеңілдік, артықшылық беріп, немесе басқалай түрде қамқорлық
көрсетумен байланысты екендігі дәлелденген жоқ.
Н. облыстардың біріндегі әкімшіліктің қызметкері, бірдей
мезгілде қоғамдық бірлестіктің жетекшісі қызметін қоса атқарды. Ол
да ҚР ҚК 310 бабы бойынша жауапкершілікке тартылмауы мүмкін. Бұл
бапқа сәйкес, кез-келген емес, коммерциямен айналысатын ұйымды құру
немесе қатысу жазаланады. Бұл ҚР Қылмыстық Кодексінің ҚР АК
ережелерімен, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы заңдармен
сәйкеспейтін тұстарының бірі. ҚР ҚК және Қоғамдық бірлестіктер
жөніндегі Заңның 5,37 баптарына сәйкес, қоғамдық бірлестік – өзінің
жарғылық мақсатына жету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
құқылы болғанымен коммерциялық емес ұйым.
Қоғамның, жеке жүйелердің меншігінде тұрған ұйымдар да құрыла
алады. Оларға олардың жарғысында бекітілген, заңда тиым салынбаған
кез-келген қызмет түрімен айналысуына құқы бар.
Көрсетілген ұйымдарға қатысу тұлғаның жеке немесе өкілі
арқылы коммерциялық ұйымдарды басқара алатынын немесе заңды және
жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуына қандай да бір
ықпал ете алатынын білдіреді.
Алайда, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
№453-І Заңы ережелерінде мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне
педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық жұмыстардан басқа,
төленетін қызметпен, оның ішінде кәсіпкерлікпен де, айналысуға тиым
салынады[20]. Егер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды құру
немесе мұндай ұйымды басқаруға қатысу бекітілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Парақорлық қылмыстарын саралау
Пәндер