Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі ... ... ... ...5.18
1.2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері ... ... .18.20

ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... 21.23

2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.25

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..26.27

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... 28

V. ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... .29.31
Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
1. Әбдіразақов Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі. Шымкент.
1994ж.
2. Әбдіразақов Е. Халықтық педагогика. Шымкент.1990ж.
3. Әбдіразақов Е. "Ақыл-ой, парасат тәрбиесі" Шымкент қаласы.1994ж.
4. Қайров И.А., Богданов О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы "Мектеп" 1988ж.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана.1988ж.
6. Сағындықұлы Е. "Педагогика" Алматы.1999ж.
7. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. "Алматы".1999ж.
8. Мүрсалімова У. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ". А.-1998ж.
9. Халметова Т. Адамгершілікке баулу - тәрбиеден. "Қазақстан мектебі" 2001ж.
10. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
11. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
12. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
13. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
14. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
15. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
16. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
17. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
18. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.
19. .«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
20. «Сынып жетекшісі», Алматы, 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық
педагогикасының
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5-18
1.2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-20

ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-23

2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-25

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26-27

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

V.
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29-31

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам
мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты
мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу
үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат
керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-
текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты
тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын,
ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп
жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала
алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік,
имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге
осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын
аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын
қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп
бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына
белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп
қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында
да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз
қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие беру процесі.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие берудің теориясымен танысу

Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына
сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға
негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер,
мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.

Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды,
сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге
қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман
әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-
бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың
қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы
ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады.
Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті
ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері
сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы
дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік
тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне
едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады.
Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта
бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың
мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері
-оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін,
адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып
табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке
даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін,
аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке
тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы
тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде
игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті
ұштасып жатады. Оқу бала үшін - қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа
білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және
сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық
педагогикасының ролі

Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты
тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын
белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің
этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты
бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-
біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық
өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз
қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай
аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау
жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан
негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың
болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық
тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып
тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын,
тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және
демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың
ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып
көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский
жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп
отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға
тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын
халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады.
Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың
мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап
көрсетті. И.Г.Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен
басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі
қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте,
сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке
үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына
және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: Орыс халқының бала тәрбиесі
сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін
халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. - деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық
мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен
әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын
іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес
берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен
салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып
қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен
театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-
дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик
М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан
өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер
пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам
мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар
сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын
қалдырды" — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен.
Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы
халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу,
атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының
бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері),
адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-
ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың
адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.

Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған "Жар-жар", "Сыңсу",
"Беташар", жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш,
санамақ, жұмбақтауда "Естірту", "Жоқтау", "Қоштасу" әндерінде мақал-
мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау,
терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды
қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның
көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп,
жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне
ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ
халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы,
осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен
реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден
озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп,
жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып
сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының
бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның
ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен
өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының
бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма
дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі
жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені
сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған
халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін
арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін
шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.
Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері,
халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-
жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің
ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал,
сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып
құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды
үйреткен.
ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал,
сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының
төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.
Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының
кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол
қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем
түспегенін халық даналығын дәлелдейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми
негіздеме береді.
М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз
етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені
Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан, -
деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін,
іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық
заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды
ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп
атайды.
Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде,
өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің
үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, - деп үйретеді.
Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана
қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға
жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана
көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да
қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын
тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп
көрсетеді М.Жұмабаев. "Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі
де, жұмбақ процесі де сол жан".
Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың
дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру,
серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар
талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал
табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала
тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік
ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.
Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер
болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім
тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.
Сыртқы сезім әсерлерінің бірі — көру сезімі жарық, түс және қозғалыс
әсерлерінің сезінген адам айнала қоршаған табиғатты, қоғамдық өзгерістерді
қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты
беріп, сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті, түрлі
формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп үйренуіне көңіл аудару
керек.
Ал сурет салу өнерінің бала жанының дамуына әсерін қазақ даласында
ғылыми-сапарымен болған Д.Л.Иванов өте жақсы бейнелейді де, баланың көру
қабілетін әдіетемелерін ұсынады. Баланың сыртқы әсерлену құралы — есту.
Шуды есту, дыбысты есту мүмкіндігі болып екіге бөлінеді. Соның дыбысты есту
мүмкіндігін дамыту қиып еңбекті талап етеді. Әннің әуенін, домбыра, қобыз
күйіп, адамның сезіп есту, қабылдап түсіну үлкен еңбекті талап етеді. Соның
ішінде ең қиыны — музыка. Бірақ баланы жастайынан әр дыбысқа еліктеткізіп,
музыка тыңдағанда алдына алып отырған ересек адам түсіндіріп, айтып отырса,
дыбыс құралы ерекшелігін бала тез қабылдап кетеді. Баланың есту сезімін
ілгерлсіу үшін ең үлкен әсер беретін бесік жыры.
Грек данышпандары алдында тұрған адамға "қане сөйлеші, мен сені
көрейін, дейіді екен. Жаратылысты танып. түсіну, ажырату, әсерлену. Сені
естуге, көңіл сөзін айтуға байланысты Баланың жайы кетік болмай,
бүтін болғанын қалайтын адам баласын он, жыр, күйді, тындатын, үйретеді.
Адамның жан дүниесін толықтыратын сезімнің бірі — зейін. Дүниені,
жаратылысты қабылдау, әсерлену мүмкіндігі зейінге байланысты. Ерікті,
еріксіз түрдегі зейінді дамыту, қалыптастыру ата-анаға, оқытушыға,
жетекшіге байланысты. Әсер алу үшін зейінді ауыстырып жүру қажет деп
үйретеді психологтар. Жеке әсер, жаңа әсер, жаңа білімнен ескі білімнің
қатынасын қарастыру, сақтау, болашақ әсерге даярлықты жасау (әсерлерді
күту)- зейінді тәрбиелеу шарттары. Баланың есту мүмкіндігі, баланың қиялдау
мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қиял бұрынғы бар суреттеулерден жаңа
суретеулер алу қиялы деп аталалы, "Қиял-фантазия өмірдің гүлді, көрікті
болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам жұсаулы есек. " Фантазия қиял
ақылды кеңейтіп, ой-өрісті дамытып, жаңашылдық. шығармашылық деңгейіне
жетуге, әдістемелік сезімді тереңдетеді. Баланың қиял фантазиясын тәрбиелеу
түсінікті болды, енді оны дамыту, іске асыру әдітемелермен танысайық.
Қиял-фантазияны ояту-негізі білім. Сондықтан білім беру алғы шарт.
Тұрмыстық өмір, жан-жануар тұрмысын бақылап, жаратылысымен танысып,
әдебиет, тарих, география, жаратылыстану пәндсрінің қиялды оятар түрлі
сайыстардың көмегі зор болмақ.
Жаратылыстың құшағынды көк аспан астында, желмен жарылып, күнмен
таласып өскен бала Қобыландының тайбұрымы сөйлейді десе, қотыр тай кұрық
салғанда құнан жүген салғанда дөнен болды десең де сеніп өскен. Міне, қиял-
фантазия ояту үшін ең алғаш ертегі таңдатып өсіру қажет. Ойын мен
ойыншықтардың да бала қиялын оятуға әсері мол. Шыбықты ат қылып ойнап, оны
ерттеп, асау уйретуі де соған сенгендіктен, қиялдап елестетуден, сенуден
басталған. Сонымен қиял тек бүгінді, барды ғана емес, болашақты танып
болжауға әсер етеді екен.
Бала тәрбиесіндегі келесі зандылық ойлау қабілеті. Бала жаратылысты
көріп, естіп, сезініп, қана қоймайды, оларды ұққысы келеді: Мынау не? "Ол
неге?" деген сұрақтардың ертеңді кеш жаудыру себебі баланың өзін тану,
айналасындағы жаратылыстану оның байланыстырып түсіну процесінің
басталғанын анықтайды.
Баланың ойлау қасиетін дамыту жолдың бірі — анық суреттеп беріп, өзіне
қорытынды шығартып отырса ойлау шеберлігі туындайды. Осы кезге дейін айтып
келінген барлық таным қабілетінің жарыққа шығару жолы тікелей тілне
байланысты. Жанның жайын ұқтырып шығаратын мимика мен тіл. Ойдың тілі —
сөз. Әр адам өз жанының хал-ахуалын, қуанышы мен ренішін сөз арқылы
білдіріп ұғындырады. Сонымен көрінісінің ең қымбаты — ой. Тіл байлығын
дамыту арнаулы тәрбие жұмысын талеп етеді.
Шешендік - қазақ халқының ең басты қасиеттерінің бірі. Өнср алды -
қызыл тіл демекші, өперлі бөлу әркіммің арманы.
Адамның ішкі сезімі: ұялу, достық сезімі. Сұлулықты сезіну.
Бұл сезімдер жан-жақты қасисттерге байланысты болғандықтан
көп салалы тәрбие жұмысын талап етеді. Ата- бабаларымыз: ұялшықтық
пен ұяңдықты әр баланың бойына сіңіру үшіп ғасырлар бойына
қалыптасқан жазусыз заңдылықтарды үйреткен. Оның ішінде түрлі
тыюлар мен демеушіліктер де бар. Үлкеннің жолые кесреу, ұрлық
жасамау, т.с. Олардың көбі тұрмыстық өмірдің заңы, өмірлік
норма ретінде сақталып келген. "Жеті жарғы"- қоғамдық
өмірді реттейтін зат ретінде танылып сақталған. Бұл жағдайды қатаң
сақтап, борыш деп танып дамытатын бұйрыксыз қалыптасқан түрлі халықтық
институттар атқарып отырған.
Ақсақалдардың аталық сөзі, ақ шашты аналарды өмірлік мектебі, жеңгелер
жетегі, ағалар қамқоры баланың ішкі сезіміп туа қалыгпастырады десек артық
болмас.
Дүние жүгі мақұлдап отырған психология ғылымының баланың құлық
сезімдерін өркендету туралы ілімдерін дапышпан халықтың тәжірибесінен алса
керек.
Психология заңы бойынша баланың маңайындағы адамдар құлықты болу қажет
деп тұжырымдаса, қазақ атамыз "Қьгз өссе қызы жақсымен ауылдас бол",
"Шешесіне қарап қызық ал", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер"
деген бір ауыз нақыл сөзбен-ақ тәжірибесін, данышпандығын білдірген.
Ұрысқатық, ұрлық сияқты жат кылықтар мен биязылық, инабаттылық бала тек
басқадан көріп қана қоймай, оның белгілерін біліп, сынап, өз пікіріп айтып,
болашақ іс-әрекеттерін болжап, үйретіп, қалыптастырған жөн. Сонда ғана
дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды жеңіп айыратын болады. Халық
педагогикасы адам бойындағы алып күштің бірі қайрат деп таниды. "Жанның
саналы ұмтылуын қайрат" - деп атаймыз.
Баланың тілегі көп, тіпті шексіз десе де болады. Олардың тек оң
бағыттарын ғана іске асыру керек екендігін үйрету үшін, аталарымыз істің
алдын-артын болжап алып бастауды үйреткен. Арыстан айға шапса мерт
болатынын, сабыр түбі сары алтын екенін айтып отырған. Бірақ бұл шексіз
тежеу емес. Балаға белгілі шекті ерік беріліп, қайраты шыңдалады.
Бәйгеге қатысатын, айтысқа түсіп, тіпгі асық ойнап, қатарласынан
қалыспауға, өз мүмкідігін шыңдауға әрекеттенген.
Сонымен халық педагогика уағыздаған бала тәрбиесінен ажырамас үш
бөлігінің ақыл, кайрат, ішкі сезім тәрбисі болып тәрбие танушылардың
да іліміне жататынын анықтайды. Олардың әр қайсысының өзіндік
әдістемесі бар екенін көрсетп өттік.
Бұл бала тәрбиесінің үш саласы, әр адістемесі ата ана мен мектеп және
мектептен тыс мекемелердің негізгі мәселесі. Сонымен біргс қазақ халқының
аталып өткен тәрбие салаларында әдетке айналған балалар өміріндегі салт
дәстүрлерді, ойындарды бөлек қарап, олардың әр тәрбие саласына яғни
ақыл, сезім, қайрат тәрбиесіне қосар үлесін анықтауға келесі тарау
арналмақ.
Балалар жырының тәрбиелік мәні.
Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек
өлеңдері, сұрамақтар төрт-түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын
алады.
Арнау-тілек өлеңдері табиғат құрылыстары мен жан-жануарларға, құстарға
қызығу сезімін оятып, эстетикалық әсер беру үшін, баланың дүниетанымын
арттыру мақсатында шығарылған. Көктемнің шығуы тырнаның келуіне
байланысты, сондықтан тырнаны көрген балаға:
Тырна келді, тұр,
Түндігіңді тұр
Арқан тарт,
Сандық аш! - дегізеді. Халық жаңбыр жауғанда балалар:
Жау, жау жаңбыр,
Жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын
Аққан бұлак көл болсын деп қуанады.
Мұндай жыр мезгілдеріне байланысты жырлар баланың табиғат танымдылығын
артумен қатар, табиғатқа қамқорлық жасауға бейімделеді.
Ал "Бақа, бақа, балпақ", "Кім күшті?", "Кім айтар?" сияқты көлемді
сұрамақ өлеңдер сұрау, жауап арқылы сөз жүйесін дамытып, баланың ой-
өрісін өркендетеді. Еңбекке, баланың малға деген қамқорлығын көрсететін
төрт түлікке байланысты өлендер:

Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең, бойды бер
Жұртқа ақыл салғандай
Ақылы артық ойлы бер!
Сойса, саны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Ешкі басын үйіңді...

Даусы бар азандай,
Желіні бар қазандай
Сиыр бассын үйіңді...

Маң-маң басқан
Шудаларын шаң басқан
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан
Түйе бассын үйіңді.

Өңкей ала шұбардан
Жал құйрығы шұбалған.
Жылқы бассын үіңіді —
Деп әрі тілек білдіретін, әрі малдың қасиетін білдіретін өлеңдер
бар.
Әр отбасында айтылатын баланың туылғанннан бастап құлағында қалатын ән
"Бесік жыры" болып саналады. Бұл жырда ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес
қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйсінерлік әсер етіп,
жан-жүйесін жадыратып жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып,
тілек айтады. Үшіншіден, ата-ана айтқан тілектерді тілі шыққан балдырған
жатттап, тәлім алады.
Бесік жыры мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыр, жұбату
және тілек айту деп топтауға болады.
Мысалы:
Мойнымдағы маржаным
Қорадағы мал жайым:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Бейбарс болсын есімің,
Құтты болсын бесігін.
Бата тілек (сенім арту):
Ала биең құлындап
Ала тауга сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын...
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол
Бағаналы таудай бол
Жағалалы қолдай бол!
Халық педагогиканың бұл саласы өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі
көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
Тұсау кесу. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу
рәсімі жасалып, жыры айтылады:
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам,
Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың:
Алға қарай баса бер
Асулардан аса бер! —
Қадамын бір-екі басқан баланың тек тез жүріп кетсін деген ниетпен
ғана емес, өмірде де ешқандай шалыс баспай, ешкімнің ала жібін аттамасын
деп ала жіппен тұсауын кестіреді. Ала жіптің тағы бір мәнісі ақ түс -
қуаныш, қара түс - қиындық деп түсініп, қуаныш пен қиындық бірге жүреді,
осындай алма-кезек өмірде қиындықты жеңе білсін деген ниеттен
туындайды.
Баланың тұсауын елге сыйлы адамға, сол кісі сияқты болсын деп
кестіріп, сый-сыйапатын беріп, бұл рәсімді тойға айналдырады.
Жаңылтпаш — тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған
сөз үйретіп дүнитанымын дамыту мақсатымен жаңылтпаштар ойлап тапқан.
Көбінде кейбір балдар дыбыстарды айта алмайды. Тілін мүкістендірмей сөйлеу
үшін жаңылтпаштар жаттатып, сөз қадірін білуге үйретеді.
- Дегенде ой Тайқарбай,
Әй Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға
Жай Тайқарбай.

Тіл алғаш Бек.
- Тіл алғаш деп
Мактасақ біз Б
Біл алғыс деп, -
білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспешілік білдіреді.
Жаңылтпаш айтқызудың бірнеше жолы бар: әуелі бала жаттықтырушының
айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден
бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша
жаңылтпаш білетінін білу үшін жарыс ұйымдастыра білу керек.

Санамақтың тәрбиелік мәні.
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен
шығарған. Ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі саіпа аты
ұйқас затты танып біледі:
Бір дегенің - білеу
Екі дегенің - егеу.
Үш дегенің - үскі
Төрт дегенің - төсек.
Бес дегенің - бесік
Алты дегенің - асық.
Жеті дегенің - желке
Сегіз дегенің - серке.
Тоғыз дегенің - торқа
Он дегенің - оймақ.
Он бір қара жұмбақ.
Бастауыш мектепте күрделі санамақтарды айтып, олардың шешімдерін тез
тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастырылады. Мысалы:
Алмас, Асан келісті,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма
Айтыс болды бұларға:
Асан берсе, алмасы
Үштен бірі кем болар.
Алмас берсе, алмасы
Асанныңда тең болар.
Алма санап көріңдер
Екіге тең бөліңдер -
деген санамақтың шешімін бірден табу оңай емес. Ол үшін оқушы ойлануы
керек. Демек ой шапшаңдығын дамытатын санамақтарды көп пайдалану керек.
Жұмбақтың дүниетанымдық тәрбиелік мәні.
Нақты бір зат туралы тұспалдап, бейнелеп айту арқылы
баланы ойлату, тұжырымдап шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық
дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан
түрлерін шығарған:
Апаң, апаң
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
(түйе)
Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен
толыса береді:
Темір сияқты
Алып жирафты
Жұмсап көр енді
Үй сап береді
(көтергіш кран)
Жұмбақтар қара сөзбен де жасырыла береді.
"Отқа жанбас, суға батпас" (мұз)
Айтыс түріндегі жұмбақтарда кездеседі. Бір ақын өлеңмен
жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады.
Мектептерде пәндік сабақ өретде тақырыптарына сәйкес
жұмбақ жасыруға болады. Мысалы ана тілі сабағында "Қыс" тақырыбына
байланысты
Қанаты жоқ
Ұшады.
Аяғы жоқ,
Желеді.
Аузы жоқ,
Ұлиды.
(боран)
Жұмбақтарды ой-дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше.
Тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-
жігері артады.
Мақалдар мен мәтелдер - тәрбие құралы.
Мақалдар - накыл, өсиет түрінде айтылатын филисофиялық ой-түйіндері,
сөз мәйегі. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде
пайымдау, екінші бөлімде ой қортындысы айтылады.
Мәтелдер, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз
ретінде айтылады. "Өлең сөздің патшасы", "Қызым саған айтам, келінім сен
тыңда", "Мәтелдер де тура мағынада", "Қадіріңді білгенге жұмса" деп және
ауыспалы мағынада "Тікен гүлін қорғайды" деп айтылады.
Қазақ халқы — сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды
үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне нарықтап пайлалану
дәстүрге айналған. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбірек қамтитын
тақырыптары елдік, ынтымақ, бірлік туралы:
Туған жерге туыңды тік.
Өз елім - өлең төсегім
Отан - оттан да ыстық.

Батырлық, ерлік туралы:
Өжет адам өлімді жеңеді.

Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп, өлген артық.

Өнер — білім туралы:
Өнерлі өрге жүзеді.

Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.

Төрт түллікке байланысты:
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның кол-көсір.

Егіншілікке байланысты:
Жері байдың - елі бай.

Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.

Адамгершілікке байланысты:
Жаман болса туысың
Туыспай-ақ құрысын.
Отбасында, мектептерде бала тәрбиесіне дайындық іс-
әрекет, пікірлесу кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтып: ана тілін
алмасаң - арың кетеді: әке — тірегің, ана - жүрегің; бірінші байлық -
денсаулық; сабыр түбі - сары алтын; іс істесең, көзін тап; ашу — дұшпан,
ақыл — дос; өмір - үлкен мектеп; білімнің басы бейнет, соңы - зейнет т.б.
мақалдарды жиі айтып, оның мағынасын ашып, санасын арттыруға болады.

Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
Мазақтаманың негізгі мақсаты - баланың мінін айтып, сынау
ұялтып оны тәрбиелеу. Мысалы:
Жұмыс десе, шалағай,
Тамақ десе, қомағай.
Жүрміз сағал жоламай,
Әй, Шалабай, шалағай.
Мазақтамаларды отбасында, балалар бақшасында, мектептеде жатқа айтқызу
арқылы балалар поэзиясының бұл түрін де тәрбие жұмыстарына -енгізу
арқылы, кейіпкерге ұқсамай, тәртіпті бала болуға шақырады.
Өтірік өлең. Өтірік өлеңдерді оқушылардың ой-қиялын, тілдік қорын
дамыту үшін пайдаланады: Өтірік өлеңде көркем бейнелер жасалынады, өлеңнің
желісі күлкілі сюжеттерге, үдеген фантастикаға құрылады. Балаларды
өтірік пен шындықты айыруға үйретеді.
Ойын өлеңдер. Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты
ойындардың эстстикалық әсерін арттыруын балаларды өлең-жырға бейімділікке,
танымдылыққа тәрбиелейді. Мысалы "Қуырмаш" өлеңі саулық атауларын үйретеді.
"Ұшты-ұшты" ойыны үшатын заттар мен ұшпайтын заттарды салыстыру үшін
айтыладьл."Ақ серек, көк серек" ойыны ойынға қатысушылардың өн-бойындағы
ерекшеліктерін байқатады.
Ақ серек, көк серек
"Бізге ұзын бойлы Жанат керек"
деген өлең жолдарынан Жанаттың ұзын екендігін байқауға
болады.
Ойын баласы, ойын өлеңдерін тез жаттап алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бейнелеу өнерін оқыту
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Пәндер