Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ТАРАУ І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістері ... ... ... ... ...15

ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ.ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Мектептегі сынаптан тыс жұмыстардың оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері ... ... ... ... ... 20
2.2. Қазіргі мектептің оқу.тәрбие процесінде оқушыға құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 29

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін елімізде азаматтардың өміріне тірек болатын құқықтық жүйе қалыптасуда. Алға қойып отырған мақсат-құқықтық мемлекет, демократиялық қоғам құру, азаматтылық татулық пен ұлтаралық келісімді баянды ету, адам құқықтары мен бостандықтарына шынайы кепілдік беру. Осы мақсатқа жетуде құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ол үшін жас өспірімдеден бастап ересектерге дейін елімізде қабылданып жатқан құқық жүйесінің принциптерімен, заңдарымен, халықаралық құқықтық құжаттарымен таныстырып, оларды жеке адамдардың ой-санысына, іс-әрекетіне бағдар ету ерекше рол атқарады. Бұл мақсатты іске асыру үшін заң білімін насихаттаудың, халықты құқықтық тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Әдеп пен құқықтың тығыз байланысты екенін түсіндіріп, ізгілік, әдеттілік, ар-ұят, жаман-жақсы, жауаптылық, намыс, қайырымдылық, адамгершілік, өнегелік ұғымдарының мән-жайын оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Құқықтар мен міндеттердің тұтастығына оқушылардың көзін жеткізіп, міндеттерді орындау жеке тұлғаның игілігіне, қоғамға қажетті екенін түсіндіру керек.
Оқушыларға құқықтық білім берудің жаңа мазмұны тоталитаризмнен азаттық алған, демократиялық даму жолына енген Қазақстан Республикасында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып анықталады. Мұнда Қазақстан азаматының жағдайы, мемлекет пен тұлға арасындағы қатынастың сипатына қарай, түбірінен өзгереді. Ол шын мәніндегі демократиялық бостандық алады. Ол өзін тұлға ретінде экономикалық, саяси салада көрсете алады және оның өз тағдыры мен өмір жағдайы үшін жауапкершілігі артады.
Нарықтық қатынастың даму барысында индивид заңды бұзбай, өз құқығын қорғай отырып, әлеуметтік-экономикалық жүйеде іскерлікпен дұрыс бағдар алып, өзін өмірлік табыспен қамтамасыз етуді анықтау керек.
Қазақстанның саяси-экономикалық қайта құруларының барысында адамдардың өміріне, қоғамға қауіп төндіріп отырған жағымсыз құбылыс-қылмыстық әрекеттердің өсуі болып табылады.
Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруды мектеп жасынан бастау қажет. Ол үшін 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушыларға өнегелілік-құқықтық тәрбие, азаматтық білім берудің тұтас жүйесін жасау қажет.
Қазақстан Респуликасының Конституциясында көрсетілген білім беруді ізгілендіру бағыты қоғам мен жеке адам мүддесіне сәйкес мектепті жаңаша құрудың өзегі болады.
1. Жұмахметов Л. Н. . Мектепте құқықтық білім мен тәрбие берудің принциптері. –Алматы, 2009
2. Тұрғанов С. Мектеп азаматтық білім беру. –Алматы, 2005
3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
4. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
5. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
6. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
7. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
8.Сманов І,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
9.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
10. Дүйсембекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Алматы 2001
11. Бабаев Б.С. Жалпы педагогика. Алматы 2005
12. Ғ. Сапарғалиев. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2006.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ТАРАУ І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен
әдістері ... ... ... ... ...15

ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Мектептегі сынаптан тыс жұмыстардың оқушыларға құқықтық тәрбие
берудегі
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыға құқықтық тәрбие
берудің тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке
ие болғаннан кейін елімізде азаматтардың өміріне тірек болатын құқықтық
жүйе қалыптасуда. Алға қойып отырған мақсат-құқықтық мемлекет,
демократиялық қоғам құру, азаматтылық татулық пен ұлтаралық келісімді
баянды ету, адам құқықтары мен бостандықтарына шынайы кепілдік беру. Осы
мақсатқа жетуде құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана-сезімді
қалыптастыру қажет. Ол үшін жас өспірімдеден бастап ересектерге дейін
елімізде қабылданып жатқан құқық жүйесінің принциптерімен, заңдарымен,
халықаралық құқықтық құжаттарымен таныстырып, оларды жеке адамдардың ой-
санысына, іс-әрекетіне бағдар ету ерекше рол атқарады. Бұл мақсатты іске
асыру үшін заң білімін насихаттаудың, халықты құқықтық тұрғыдан
тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Әдеп пен құқықтың тығыз байланысты екенін түсіндіріп, ізгілік,
әдеттілік, ар-ұят, жаман-жақсы, жауаптылық, намыс, қайырымдылық,
адамгершілік, өнегелік ұғымдарының мән-жайын оқушылардың санасына жеткізу
қажет.
Құқықтар мен міндеттердің тұтастығына оқушылардың көзін жеткізіп,
міндеттерді орындау жеке тұлғаның игілігіне, қоғамға қажетті екенін
түсіндіру керек.
Оқушыларға құқықтық білім берудің жаңа мазмұны тоталитаризмнен азаттық
алған, демократиялық даму жолына енген Қазақстан Республикасында болып
жатқан өзгерістерді ескере отырып анықталады. Мұнда Қазақстан азаматының
жағдайы, мемлекет пен тұлға арасындағы қатынастың сипатына қарай, түбірінен
өзгереді. Ол шын мәніндегі демократиялық бостандық алады. Ол өзін тұлға
ретінде экономикалық, саяси салада көрсете алады және оның өз тағдыры мен
өмір жағдайы үшін жауапкершілігі артады.
Нарықтық қатынастың даму барысында индивид заңды бұзбай, өз құқығын
қорғай отырып, әлеуметтік-экономикалық жүйеде іскерлікпен дұрыс бағдар
алып, өзін өмірлік табыспен қамтамасыз етуді анықтау керек.
Қазақстанның саяси-экономикалық қайта құруларының барысында адамдардың
өміріне, қоғамға қауіп төндіріп отырған жағымсыз құбылыс-қылмыстық
әрекеттердің өсуі болып табылады.
Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруды мектеп
жасынан бастау қажет. Ол үшін 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушыларға
өнегелілік-құқықтық тәрбие, азаматтық білім берудің тұтас жүйесін жасау
қажет.
Қазақстан Респуликасының Конституциясында көрсетілген білім беруді
ізгілендіру бағыты қоғам мен жеке адам мүддесіне сәйкес мектепті жаңаша
құрудың өзегі болады.
Білімді ізгілендіру жеке адам мен мемлекет мүддесін ұштастыратынын
ескере отырып, мектепте құқықтық білім беруді жаңаша құрудың тұжырымын
ұсынып отырмыз.
Білім беру жеке адамның толық дамуына бағытталуы және адам құқықтары
мен бостандығын сыйлауды арттыру керек. Білім беру халықтар, әр түрлі діни
сенімдегі топтар мен нәсілдер арасындағы өзара түсіністік пен достықтың
артуына ықпал етуі керек.
Гуманистік бағдар алған, еркіндік пен демократияның бағалығын ұғынған,
азаматтық тұрғыдан белсенді, заңды тыңдаушы, адам бостандығы мен құқығын
сыйлайтын және оны қорғайтын, заңгерлік білімді меңгерген, өзін қоршаған
дүниеге өміршең жоспар енгізетін жеке тұлға тәрбиелеу мектеп оқушыларына
құқықтық білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып табылады.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл
құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің
ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық
мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді
қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен
қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына
келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.
б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыстыра
қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы
тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін
педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени
дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның
еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде
жасырынын қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-
ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап,
сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы
құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты- зерттеу барысында оқушылардың құқықтық
тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу, құқықтық тәрбие беру
түсінігін жан-жақты зерттеп, ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Құқықтық тәрбиенің мәнін, міндеттері мен мазмұнын зерттеу;
-Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістерін қарастыру;
-Мектептегі сынаптан тыс жұмыстардың оқушыларға құқықтық тәрбие берудің
мүмкіндіктерін зерттеу;
-Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыға құқықтық тәрбие
берудің тиімді жолдарын жан-жақты қарастыру.
Зерттеу пәні. Жалпы педагогика негіздері.
Зерттеу объектісі. Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың
көкейтесті мәселесі.
Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу барысында көптеген
еңбектер мен ғылыми мақалалалардан кеңінен пайданылды. Осыларды саралай
отырып бірнеше бөлімге бөліп қарастырайық:
Бірінші бөлім зерттеулеріне: оқулықтар мен ғылыми еңбектер қолданылды.
Құқықтық тәрбиелеудің мәнін ашу үшін Ш. Дүйсембекованың Тәрбие үрдісінің
ерекшеліктері, Б. С. Бабаевтың Жалпы педагогика еңбектерінен, сондай-ақ
Ғ. Сапарғалиевтің Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері
еңбектерінен кеңінен қолданылды.
Екінші бөлімдегі еңбектерге: ғылыми мақақалалар, педагогикалық ой-
тұжырымдар пайдаланылды. А. Жаңғарованың: Жас ерекшелік кезеңдерін саралау
арқылы орта мектепте құқықтық тәрбие беру мәселесін жетілдіру атты
мақаласы (Мектептегі психология-ғылыми-педагогикалық, танымдық журналы),
Б.Ш. Тұрғанбаеваның Отбасында құқықтық тәрбиенің педагогикалық негіздері
атты (Қаз ҰУ-нің Хабаршысынан) мақалалары пайдаланылды.
Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысы-кіріспеден екі тарау мен
тараушалардан, қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі
бөлімдерінен құралған. Жалпы көлемі 30 бет (1 интервал).

ТАРАУ І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны

Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты
иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу. Бұлар
табиғи азаматтық қоғам орнағанда да жойылмайды, оларды қоғам да, үкімет те
ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында: Адам құқықтары
мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген (12-
бап).
Бұлжымас құқықтар: сөз және өз ойын айту, ар-ождан және діни наным,
жиналыс, бірлесу, т.б. бостандықтары. Бұл құқықтар үкіметтен тыс өмір
сүретіндіктен, оларды ешқандай заңмен жоюға болмайды, олар демократиялық
қоғамда ешбір билік иелерінің құрбаны да бола алмайды.
Адамның осы құқықтарына байланысты заңдар мен оның орындалу ережелері
қоғамнан-қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез келген
демократия конституциялық құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды қорғайтын
кепілділік жасау міндетін жүктейді.
Сөз және өз пікірін айту бостандығы кез келген демократияның өмірлік
күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.
Демократиялық қоғамның азаматтары ашық пікір алысу арқылы шындыққа жету
нәтижесінде жалғандықты, өтірікті жеңеді, басқа да құндылықтар жақсы, оңай
түсініледі, прогресске жол ашылады деген сеніммен өмір сүреді [1].
Демократиялық мемлекеттің авторитарлық мемлекеттен айырмашылығы —
үкімет азаматтардың жазбаша және ауызша айтқандарының мазмұнын бақыламайды,
ұнатады, қош көреді. Демократия кең көлемді ақпаратқа рұқсаты бар сауатты,
білімді азаматтардың қоғам өміріне жан-жақты қатысуына мүмкіндік жасайды.
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі–құқықтық тәрбие.
Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен
орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп
жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен тығыз
байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап
шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір
өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына
қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзінде асыру, әсіресе елдің әлеуметтік
–экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде ең бірінші кезекте құқықтық сананы
тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айырықша
міндетті іс.
Бүгінгі оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мамұнын анықтауда
А.С. Макаренко, В. А. Сухомлинскийдің қандай да бір құқықтық тәрбие
болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның
мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар
шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағаларының әлеуметтік-
құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына
қалыптастырады деп осы мәселегі қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз
беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай ақушыларды жан-жақты тәрбиелеу
процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқу-тәрбие
жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны
ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Себебі, мектеп-өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір
әлеуметтік мекеме. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық
тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп
табалдырығын аттаған күннен бастап сана-сезімдерін қалыптастыру, мінез-
құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз
жат-қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет
етуі тиіс.
Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға
пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды
қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың
бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге
асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-
құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға
сай келуін талап етеді. Сондықтанда осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету
және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы,
міндеті.
Олай болса. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын
қалыптастыруда метептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай
орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз
Отанын қорғауға әрқашанда дайын болға жаттықтыру.
3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға
қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық
нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері
құқықтық тәрбие мен білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың
құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық
нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу-тәрбие
процесінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан
басталады.
2.Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін
тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе-бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру
кезеңінде парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың
қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі
мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін
және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу [2].
3.Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына
сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтық
тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына
басшылық жасауына дайындауға тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын
қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын
арттырып, залықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын
талапкерді тәрбиелеу.
4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан
болуы керек. Ата-заңның 14-бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең
деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының
азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне
жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті-
жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа
қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Жоғарыда аталған міндеттер (талаптар), біріншіден, мектеп практикасында
іске асырылған жағдайда ғана құқықтық тәрбие дұрыс жолға қойылады деп
атауға болады.
Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік
мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық
білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушылық
орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың мектепте
оқитын шағы-адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі.
Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз
талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.
Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас
ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп
жүргізілуі керек.
Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана-сезіміне, әрекет-қылығына әсер
ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын
жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала
анықтап, белгілеп алу қажет.
Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық
тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп
жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе
жанамалап қатысы бар.
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші
кезеңі болып табылады. Осы жылдағы адамгершіліктің дүниетынымы, сенімдері,
ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен
шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы
қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдарын және қоғамдағы өмір сүру
ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық
тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы
азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық
мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл
құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің
ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық
мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді
қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен
қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына
келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.
б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр [3].
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыс-тыра
қарап отырған шағымызда аға ұрнақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы
тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін
педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени
дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның
еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде
жасырынын қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-
ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап,
сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы
құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін
жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық
негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет
етеді:
— заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
— заңның орындалуын бекіту;
— қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
— жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;
— заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза
болуы.
Бұдан зандылық пен құқықтық тәрбиенің бекітілуіне қамқорлық тікелей
мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне
баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен
айқындалады.
Талантты педагог В. Л. Сухомлинскийдің қоғамды мазасыздандырып отырған
құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық
мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған
жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты ма-
ғынасыз өткізу деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтану мәдениетінің арасында тығыз
байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттың рухани мәдениет
мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да
құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі
ретінде қарастырамыз.
Қоғамды қайта құру кезенінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру
барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп
және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке
адамның және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.
Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол
құбылыстарға қатынастардың көмескілігі, бағалаудың анық болмауы олармен
күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ
болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да
душар етеді. Осы туралы оқушылар арасында пікір жинай қалсаң неше түрлі
бағалаулардың куәсі боласыз. Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі
барлығын дәлелдейді, кейбіреулер мұны дәстүр деңгейіне көтереді, ал қайсы
біреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды. Тіпті, кейде бұл туралы оқушылар
пікірінтеп алу қиын [4].
Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі
әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс ретінде жазаламуы керек екендігін
ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесендегі көп жағдайда
сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық
тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып
жатады. Егер біз бұны көре білсек, тұрақты сезінсек, әрине, өте жақсы. Ал
құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына
ғана назар аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды
байқалмайды. Бұл адамдар үшін құқық ауқымы мұхиттағы аусбергтің көзге
көрінгеніндей шамасы тұрғысында болып қала береді. Мектеп оқушысының өзін
қоршаған ортамен қарым-қатынасының түрі көп. Ал, сол қарым-қатынастарының
құқықтық негізі бар екенін біле ме? Мысалы, оқушы сатушыдан балмұздақ сатып
алу үшін тиісті теңгесін береді. Сатушы балмұздақтың ақысы төленсе де
бермей қойды. Әділдік пе? Жоқ. Жәбірлеу ме ? Иә. Өрескелдік пе? Әрине,
осылай кінәлаудың көптеген баламасын тауып айтуға болады. Құқықтық
мәдениеті дұрыс қалыптасқан оқушы қалай ойлар еді? Ол сатушының дұрыс
қылығы құқықтық тәртіпті бұзу деп түсінер еді? Бұл жерде қоғам белгілерін
сату-сатып алу шарты бұзылып отыр. Осыдан келіп оқушыны заң және заңның
орындалуын қамтамасыз ететін органдар қорғайтынын ұмытпау керек. Оқушының
заңды мүддесін қорғауды мемлекет алдын-ала белгілеген.
Заңдарды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам
өмірінде қабылданған заңдылықтардың хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары
деңгейі, соған сәйкес мінез-құлық пен тәртіпті қамтамасыз ете бермейді.
Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершілігінен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң
және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Заң, оны оқушы біле ие,
білмей ме оған тәуелсіз қызметін атқара береді. Ал құқықтық мәдениет
оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді [5].
Көп жағдайда оқушылар бір сәттілік іс-әрекетінің құқықтық негізіне
үңіле бермейді. Айтайық, оқушы мұғалім талаптарын мектеп ауласын тазарту
жөнінде тапсырма алды дейік. Тапсырманы орындауға қажетті құралы жоқ. Оқушы
тапсырманы орындау мақсатында мектептің шаруашылық ісінің қоймасынан өз
бетімен қажетті құралдарды алып пайдаланды. Уақыт өткен соң шаруашылық
қызметкері оқушыны айтпайды. Уақиғаны бағалайық. Жәй көзге оқушы іске зиян
келтірген жоқ, талапқа сай міндет орындады. Ал құқықтық мәдениет тұрғысынан
өзі мен шаруашылық қызметкерінің ара қатынасы ережесін бұзып кінәланды.
Мұғалімнен бұл әрекеті үшін ескерту алды.
Бұл мысалдардан адамның құқықтық мәдениеті мен тәрбиесі мектеп жасынан
бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың
біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылудың шектеулі жас кезеңдері бар
екенін біле бермейді. Қылмысты істер үшін 14 жаста, кейде 16 жастан жауапқа
тартылатынын сезінбейді. Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы
жауапкершілігіне кәмелетке жеткен уақыттан, яғни, 18 жастан деп біледі.
Үлкендер тарапынан кейде жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін ата-
ана, мұғалімдерден сұрау керек деген пікірді де кездестіруге болады. Мұның
мағынасына терең үңілсек, жауапсыздық деп түсінер едік.
Әрине, қоғамдағы адамдардың басым көпшілігі қылмысты істерден бойын
аулақ ұстайды. Оқушылардың құқықтық мәдениеті де осыған бағытталған. Бұған
өте зор ықпал жасайтын фактор мемлекет заңдарының алдында барлық мүшелері
үшін жауапкершіліктің бірдей екендігін ұғыну.
Адамның құқықтық мәдениеті-күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды жағын бейнелйді.
Нақты пайымдауға келмейтін құбылыстарды ұғыну үшін біз салыстыруды көп
пайдаланымыз. Барлығы да салыстыру арқылы танылады деген халық даналығы
тегін емес. Ұлы орыс педагогі К.Д. Ушинский кез-келген түсіну мен кез-
келген ойлаудың негізі салыстыру деген болатын [6].
Тұлғаның құқықтық мәдениетінің негізігі тәртіп пен мінез-құлық
көзқарастары, сенімдер. Бұлар арнайы құқықтық біліммен байытылуы қажет,
одан тұлғаның құқықтық қатынасы қалыптасып, түрлі құқықтық жағдайларда
тәртібі мен іс-әрекеті реттеледі.
Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін
қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының юірі орынды тәртіп және
мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз орынды тәртіп пен мінез-
құлық сенімдеріне негізделген терең және жан-жақты құқықтық білімдермен
заңды құрметтеу, құқықтық қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі болып
табылады.
Біз өзіміздің теңдік, әділеттілік, ұжымшылдық негізінде құрылып жатқан
қоғамға қарайтынымызды ұғынамыз. Қоғамдық саналылық мінез-құлықтық
сенімдерді бекітуге көмектеседі. Осымен қатар біз құқықтық білімдер және
біліктерді меңгереміз.
Неғұрлым біздің құқықтық білімдеріміз толық және терең болған сайын
құқықтық мәдениетіміз соғұрлым бай болады, қоғамдық өмірден белсенді күйге
ие болу мүмкіндігіміз арта түседі. Мектеп оқушылары құқықтық білімдер
негізін меңгере отырып, оны әрі қарай көлемін кеңейтіп, тереңдетіп,
еңбекпен, өмірмен, қоғамдық тәжірибемен тығыз байланыстыру керек.
Білім біздің ішкі дүниеміздің бөлінбейтін меншігіне айналады, егер ол
сезіммен байытылса, бастан кешіріледі. Бұл жағдайда біз құқық бұзу
деректерін, заңдардың өмірге жеткіліксіз өндірілуіне бейтарап қарап қала
алмаймыз. Құқыққа қатынасымызды бастан кешіруіміз құқықты біз үшін құнды
етеді. Оның қажет екендігіне сене бастаймыз, біздің өміріміздегі оның ролі
мен қызметін түсінеміз. Біздің санамыздағы заңдардың мағынасы бізге қымбат
әділдік, игілік, қарапапымдылық, қамқоршылық, табандылық, жақсылық
ұғымдарына тығыз жақындайды. Мемлекеттік құқық, мемлекеттік Герб, Ту, Ән
ұранына деген құрмет пайда болады. Заңдылық сезімі бекиді. Осымен қатар
құқыққа құштарлық өсе түсіп, оларға күнделікті тұрмыстық қатынастан арылуға
тырысамыз, оның құпия сырларына үңіле түсіп, теориясы мен тарихына сын
көзбен қарай бастаймыз.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтық мәдениеттің іргетасы деп
қарасақ, ал көркемөнер мәдениеті онымен қатынастар, сезімдер деңгейінде
тікелей байланысады. Сезімді әлемге эстетикалық қатынастарда негізгі роль
ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге өз көркем бейнелері мен әсер етеді, оларды
сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе әдебиет арқылы әлемді,
қоғамдық қатынастарды танимыз. Құқықтық қатынастарды бейнелейтін әдеби
көріністерден алатын көркемдік ойлар құқықтық мәдеииетті жетілдіруге елеулі
дәрежеде ықпал етеді.
Құқықтық мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтық
білімді меңгерген, заңға дұрыс қатынас жасайтын адам заң тыйым салатын
әрекеттермен айналыспайды деуімізге болады. Тек қана заңға сәйкес жүру
дағдысы пайда болады. Мұны заңға қойынұсынушылық дейді. Ал енді мұның өзі
құқық қорғаудың белсенді күйіне көшудің негізі болып табылады, яғни,
құқықтық жағдайларда саналы тәртіп пен іс-әрекет иесіне айналады деген сөз.
Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш адамның ұяты, ар-ожданы болады.
Құқыққа құрметпен қарау сияқты бұлар да заңдылық пен құқық тәртібін
бекітудің белсенді әрекетіне көтермелейді. Бұл жағдайда құқықтық білім мен
сенімдер әділетсіздікке, заңсыздыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің
қуатты құралына айналады. Ұят, ар-ұждан және сенімдер адамның мәдениеті тек
қана заңды мойынұсыну емес, эаңды қорғауға тұрақты белсенді әрекетке
қатынасуға ие болуын қамтамасыз етеді. Құқықтық межелер жоғары ішкі мағына
алады.
Жауапкершіліксіз адамдардың бәрін надан, оқымаған деп қарауға болмайды.
Бұлардың көбі өзінің қоғамдық борышын өтемеуден қашумен қатар, өзінің күйін
дәлелдеуге тырысады. Мемлекет өз заңдарымен сұғанақтық жасауға болмайтынын
ескерткенмен олар ұсталмасаң болды деген түсінікпен әрекет жасай береді.
Мұның басты себебі олар өз тұлғасының құқықтық мәдениетінің дамуының
төменгі сатысында қалып қойғандар.
Бір істі бастамастан бұрын сезіміміздің үнімен ақылымыздың болжамына
жүгінеміз. Мұның себебі өз ар-ұжданымызды тыңдап, борыш, жауапкершіліктің
жетегінде кету болып табылады [7].
Құқықты құрметтеу әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты
сезіну-адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну
құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Заңдылықты сезіну
құқықтық межелер негізінде, ар-ұжданына сай шешім қабылдауға көмектеседі.
Заңдылықты сезіну-ұяттылық. Заңдылықты сезіну мен ұяттылық мораль мен
құқықтың мызғымас бірлігінен туындайды.
Мораль адамдарды орынсыз қылықтардан бойын аулақ санауға және
қайырымдылық жасауға шақырады. Бұл жеткіліксіз болған жағдайда моральға
заң көмеккке келеді.
Бір қарағанда мораль мен құқық қатынасы жән нәрсе сияқты. Шындығында
бұл қатынас өте күрделі. Адам мүмкіндігінше бас бостандығына ұмтылады. Ал
қоғам әр адамның бос тандығын қоғамға зиян келмейтіндей деңгейде ғана
мүмкіндік береді. Үңіле қарасақ адамның бостандыққа ұмтылуы мен
бостандықтың қоғамдық қажеттілігінің адамгершілікті негізі бар. Ал бұл
екеуінің қатысын, шын байланысын құқық қамтамасыз етеді.
Педагогикалық тұрғыда мұны В.А. Сухомлинский өте жетік тұжырымдады.
Сіздің қалауыңыз- бұл жақындарыңыздың қуанышы немесе көз жасы. Өз
қылықтарыңызды саналы тексеріңіз. Қылықтарыңызбен зұлымдыққа, ыңғайсыз-
дыққа барып тұрған жоқсыз ба? Өзіңізді қоршаған адамдарға жақсы боларлықтай
іс орындаңыз, — деді ол.
Құқықтық тәрбие негізі үйелменнен басталады. Адам табиғатындағы
жақсының бәрі ең алдымен үйелменнен ауқымына жұмсалады. Туысқанларымызға,
жақындарымызға қатынасымыз неғұрлым адамгершікті балса соғұрлым еңбек және
қоғамдық өмірімізден қылықтарымыз берік және жоғары болады. Өте түсінікті
сияқты. Бірақ тәжірибеде бұлай бола бермейді.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру,
оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдылық мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі,-деп жазылған [8].
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
- жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар
жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және
мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен
міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени,
қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу
қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарының жалпы және кәсіптік білім алу
үшін мүмкіндіктерін жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық
тәрбие беруді дамыту;
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып –
үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерінің жүзеге асыру білім берудің
мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы
бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу
құқықтарының теңдігі.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім
беру қызметтерінің теңдігі.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру
мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр
түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас
болуы мүмкін).
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың
сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экологиялық
бағыты.
6. Білім берудің озыңқы дамуы.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің
зиялылық сипаты.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және
идеологиялық ықпалдан білім берудің
тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта
болады. Республика Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары
Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер
одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды [9].

1.2. Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістері

Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім
беретін орта мектептерде құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашы-
лықпен іске асыруды мектеп басшыларынан, мұғалімдерден талап етеді.
Сондықтан олар үкімет заңдарының барлық салаларымен жете танысып тәлім-
тәрбие жұмыстарында тиімді пайдаланудың үдемелі жолдарын іздестіреді.
Айта кету керек, бірсыпыра мектептерде құқықтық тәрбиеге әлі де толық
мән берілмейді. Ал, кейбір мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының жалпы
жоспарларында құқықтық тәрбие жалпы ешқандай іс-әрекеттерінің түрлері еске
алынбайды Әрине, мұндай жағдайдың болуы: біріншіден, педагогикалық ұжымды
басқаруда мектеп басшыларының, әсіресе, басты мәселелерге селқос
қараушылығынан; екіншіден, кейбір мұғалімдердің құқықтық тәрбие жөнінде
жеке бастарының сауаттылығы және мәдени деңгейі төмен десек артық болмас
еді.
Міне, осы сияқты болымсыз жайттардың оқу-тәрбие іс-әрекеттерінде орын
алуы құқықтық тәрбие мәселелерін сыныптан және мектептен тыс ұйымдастыруға
зардабын тигізеді.
Оқушыға құқықтық тәрбие мен білім берудің әдістері мен шарттары.
Оқушы мектепте құқықтық білім мен тәрбие алу нәтижесінде мына мәселелерді
меңгеру керек:
1. Қазақстан азаматының құқығы мен міндеті, азаматтық құқық туралы білім
жүйесі және оларды іске асыру, жеке ұғым құқығын қорғау.
2. Қазақстан азаматының құқықпен реттелетін экономикалық, саяси
қатынастағы орны және субъект ретінде елдің экономикалық, саяси өміріне
қатысуы туралы түсінік.
3. Мемлекеттік ұйымдардың құқықтық-тәртіпті қорғауы, мемлекет пен
азаматтар арасындағы құқықтық қатынасты реттеуі, азаматтардың әділеттілік
жауапкершілігінің түрлері, азаматтарды әділдік тәртібі бойынша жауапқа
шақыру жолдары, тәртіп сақтау ұйымдарының азаматтарды заңсыз айыптауынан
қорғау тәсілдері, азаматтардың құқықтық тәртіптерді қорғауға қатысу құқығы
туралы білімдерді меңгеруі.
Өзінің оқыс іс-әрекеттерімен жеке аламның қауіпсіздігіне нұқсан
келтіретінін түсінуі, қылмыстық әрекеттен қорғану, сақтану ережелерін білуі
керек.
Отбасында, мектепте, көшеде мәдениет мекемелерінде, көпшілікке арналған іс-
шараларда, демалыс орындарында басқа азаматтардың еркін (бостандығын),
құқығын сыйлайтын тәртіптер ережесін меңгеруі керек.
Құқық негіздерін оқу үшін керекті заң түсініктері мен терминдерді білуі
қажет.
Қазақстан азаматтарының міндеттері мен құқықтарының жүйесін анықтайтын
мемлекет пен азаматтар арақатынасын реттейтін ең қажетті заң актілерінің
мазмұнын білуге тиіс.
8. Құқықтың қалыптасуы мен даму тарихының маңызды құбылыстарын, соның
негізінде құқық мәдениеттің (шетелдік және отандық) құнды бөлігі екендігін
түсіну керек.
9. Құқықтық терминдерді орынды пайдаланып, заңдық құжаттарды оқып,
олардың мағынасын түсіндіре білу.
10. Құқықтық білімді пайдалана отырып, өмірде кездесетін жағдайларды
жобалау, адамдардың іс-әрекетіне заңды талдау жасай отырып, өз әрекетіне
дұрыс баға бере білу керек.
11. Әділеттілік нормаларды басшылыққа ала отырып, өз құқығын іс-жүзіне
асыра білу.
12. Заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Педагогика саласы бойынша мақалалар
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Педагогикалық шеберлік негіздері
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Пәндер