Қазақтың ұлттық мінез – құлықтың қалыптасу мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1.Қазақ ұлты туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Ұлттық мінез . ұлттың негізгі құраушысы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 1.3. Қазақ халқының мінезі туралы әртүрлі пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.4. Ұлттық мінезді зерттеудегі негізгі мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері ... ... ... ... ... ... 27
2.2. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы мен барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.3. Зерттеу нәтижелерін сапалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
ҚОСЫМШАЛАР
Қазіргі таңда ұлттық мінезді зерттеу мәселесі ерекше мәнділікке ие.Ұлттық мінездің этнопсихология ғылымында алатын орны туралы, оның мазмұны туралы ғалымдар арасында бірауыздылық болған емес. Оның басты себептерінің бірі – осы уақытқа дейін бұл тақырыптың үстемдік етіп келген идеологияның талабына сәйкес зерттелініп, насихатталынып келгендігі хақ.
Өткен кезеңдердегі қоғамдық прогресстердің өрескіл іркілістері халықтар санасында жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты да, ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық асылдарын еске алмады. Осындай «саясаттың» нәтижесінде жас ұрпақтың ұлт мәдениетін жасаушы, этнос тілінің иегері, оны алға жалғастырушы екенін ұмыта бастадық, ұлттық мақтаныш сезімінен ат-тонымызды ала қашатындай жағдайға душар болдық, ұлттық пен интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесімін тауып, бұл жайт нигилистер мен мәнгүрттердің, маргинал «тұлғалардың» көбеюіне әкеп соқтырды. Мәселен, Қазақстанда ғана жүздеген қазақ мектептері жабылды, ана тіліндегі газет-журнал, кітап тираждары құлдырап кетті. Күні бүгінге дейін 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп келеді. Мың жарымнан астам аралас қазақ-орыс мектептері, мыңдаған балабақша топтары тоқырау кезеңінен қалған жаны сірі сарқыншақтар екені даусыз. Бұларға ұлттық тіл мен сананы қалыптастыру туралы сөз етудің өзі артық. Солақай саясаттан барып бізде тегі мен тілін, әдет-ғұрпын білмейтін, ұлттық тәрбие мен психологиядан, салт-дәстүрден бейхабар қазақтардың жаңа бір шоғыры дүниеге келді. Олардың жалпы саны халқымыздың 40 пайызын құрайтынын ескерсек, ұлттық асыл қасиеттеріміздің басына қаншалықты қатер төнгендігін айқын сезінеміз. Жерімізді мекендейтін ұйғыр, кәріс, неміс, татар сияқты туысқан халықтар да осындай жағдайға душар болған. Кең байтақ қазақ жерінде жүздеген жылдай бойы бізбен бірге өмір кешіп келе жатқан орыс ағайындардың 99 пайызын жергілікті халықтың тілі мен рухани өмірінен мақұрым екендігін несіне жасырамыз?! Өзге тілдерді менсімбеушілік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған менменшілдік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған менменшілдік ұлттық санамызға салқынын тигізгені хақ.
Осындай жағдайда біздегі ұлт педагогикасы мен психологиясы қалай өсіп-өркендесін ?! Ұлт пен ұлыстарды жансыры жағынан зерттейтін арнаулы ғылыми мекемелер болмаса да, бұл салада біршама жұмыс жүргізілген сияқты.
Үлкенді-кішілі қазақ ғалымдары, тәлімгер қауым көп ұлтты республика халықтарының әдет-ғұрпын, салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорлғы, тіл мен дін секілді этностық ерекшеліктерінің психологиялық астарларына бойлап, олардың қайталанбас жақтарының күнгейі мен көлеңкесінің қалыптасу, даму жолдарын іздестіріп, зерттеулері қажет. Мәселен, қазақ халқының кезінде барша жұртты сүйсіндірген тамаша қасиеттерін (үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдық, балажандық, ақкөңілділік, қайырымдылық, суырып-салмалық, ақылжандылық, т.б.) тереңдете зерттеумен қатар, социализм тұсында теріс бағытта белең алған келеңсіз қасиеттердің (үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздық, қызғаншақтық, күншілдік, рушылдық, бақталастық, дүниеқоңыздық, енжарлық, маскүнемдік, неке бұзарлық, т.б.) неден пайда болып, ауа жайылып кететіндігін, бұлардың біртіндеп арылудың жолдарын іздестіру де маңызды.
1. Адамбаев Б.Шешендік өнер, 1967.
2. Адамбаев Б.Қазақтың шешендік өнері,1983.
3. Ақынжанов М.Қазақтың тегі туралы.Алматы, ҚБМБ,1956.
4. Әлімбаев М.Халық – ғажайып тәлімгер. «Рауан»,Алматы,1994
5. Гумилёв Л. Как возникают и исчезают народы? Л.,1984
6. Гумилёв Л. Древние тюрки. Москва,1993
7. Дулатов М.История происхождения казахов и киргизов. Оренбург,1925
8. Дулатов М. Шығармалары. Алматы,1991
9. Елікбаев Н. Ұлттық психология.Алматы, «Қазақ университеті»,1992
10. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.Алматы, «Санат», 1995
11. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақтың халық психологиясының тарихынан.Алматы, «Кітап», 1992
12. Жарықбаев Қ. Ақылдың кеңі. «Қазақстан»,1991
13. Жарықбаев Қ.Этнопсихология – ұлт тәрбиесінің өзегі. «Білім»,2005
14. Сталин И.В. Сочинения, том 2, Москва-1946
15. Аскоченский Д.М. Проблема национального характера и политика (по зарубежным исследованиям).Социально-психологические проблемы идеологии и политики.Москва, 1991
16. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности М-Л, 1966
17. Кон А.К. Этнический словарь. М, «Педагогика», 1983
18. Құдайбердиев Ш. Түркі қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі «Қазақстан», Алматы, 1991
19. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы, РБК 1993
20. Қалиев С., Аюбаев К. Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары. Алматы, «Рауан» 1998
21. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Рауан» 1998
22. Массон В.М. Номады и древние цивилизаций. Алматы, 1989, 87-88беттер
23. Айдаров Г.Орхон ескерткіштерінің тексті. Алматы «Ғалым» 1990
24. Жангельдин Н. Природа национальной психологии. Алма-Ата «Казахстан» 1968
25. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.Алматы, «Санат», 1995
26. Марғұлан Ә. Ежелгі мәдениет куәлері. Алматы, «Қазақстан» 1994
27. Тарнис Е.Я. Методологические и методические проблемы контент анализа. Вып. I-II, Л., 1973, 114б.
28. Еликбаев Н.Е. О национальной психологии казахской нации. Алматы, 1991-184стр.
29. Узнадзе Д.Н. Формы поведения человека // психологические исследования. М.1999-377с.
30. Айдаров Г.Орхон ескерткіштерінің тексті. Алматы «Ғалым» 1990
31. Левкович В.П., Панкова Н.Г. Социально-психологические аспекты проблемы этнического сознания. Социально-психологическая и общественная практика.М.:изд.Наука, 1985-231с
32. Левкович В.Н., Кузмикайте Л.Д. Формирование этнического сознания подростка в семье//психол.жур1992 №6-32-42с
33. Джакупов С.М. Развитие экспериментальной психологии в Казахстане //вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. 2004 №2.-5-11с
34. Гозман Л.Я психология эмоциональных отношений. М.: изд.МГК, 1987-171с
35. Андреева Г.М., Донцова А.И.Межличностное восприятие в группе. М.: изд. МГУ, 1981-171с.
36. Кцоева Г.У. Опыт имперического исследования этнических стереотипов // психол. Журнал 1986,т7№2-60с
37. Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений. М.:1983
38. Аклаев А.Р.Язык в системе национальных ценностей и интересов. Духовная культура и этническое самосознание нации под.ред. Дробижевой Л.М. М.:1990 вып.1 12-38с.
39. Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. СПб.:1991
40. Андреева Г.М.Социальная психология . М.:1980
41. Боронаев А.О. Павленко В.Н. Этническая психология СПб.:1994
42. Гуриева С.Д. Этнопсихологическая установка в межнациональных отношениях. СПб.:1997
43. Дробижева Л.М. Этносоциальные установки и стереотипы. М.:1994
44. Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. М.: Смысл, 1998
45. Стефаненко Т.Г., Шлягина Е.И., Еноколопов С.Н. Методы этнопсихологического исследования. М.:1993
46. Божович Е.Д. Психологические особенности развития личности подростка. М.:1979
47. Алексайдренкков Э.Г. этническое самосознание или этническая идентичность//Этническое обозрение, 1996 №3 5-8с
48. Арутэнян Ю.В.,Дробижева Л.М., Кондратьев В.С., Сусоколов А.А. Этносоциология: цели, методы, и некоторые резеультаты исследования М.:Наука, 1984
49. Бромлей Ю.В. К вопросу о влиянии особенности культурной среды на психику//сов.этнография, 1983 №3 10-12с
50. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М.:1983
51. Искакова М. Этнические стереотипы и социальная дистанция в условиях межэтнического контакта. А.:1992
52. Галкина Е.М. Этническая идентичность подростков из национально смешанных семей. Автореф.дис.канд.истор.наук М.:1993
53. Дейкер А.Х., Фрейда Н. Национальный характер и национальные стереотипы. Советская и заребежная этнопсихология. М.:1995
54. Асмолов А.Г. Шлягина Е.И. Национальный характер и индивидуальность: опыт этнопсихологического анализа// психологические проблемы индивидуальности. Вып.2 М.:1998
55. Богомолова Н.Н. Контент анализ М.:1992
56. Семенов В.Е. Применение метода контент анализа в социо-психологических исследованиях. Автореферат, Л., 1975, 16с
57. Логинова Н.А. Семенова В.Е. Биографический метод и контент анализ. Вып.2, Л., 1973,104-106с
58. Алексеев А.Н., Дудченко В.С. О спицифике контент анализа как социологического метода. Л., 1972,82с
59. Психодиагностика: теория и практика. М., 1986
60. Анастази А.Психологическое тестирование В.-2т – М.1982
61. Крысько В.Г. Этнический словарь. Москва-1999
62. Лебедева Н.М. Введение в кросс-культурную психологию М-1999 стр20

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...4

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1.Қазақ ұлты туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Ұлттық мінез - ұлттың негізгі құраушысы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .13 1.3. Қазақ халқының мінезі
туралы әртүрлі пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..17
1.4. Ұлттық мінезді зерттеудегі негізгі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 22

2.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы,
міндеттері ... ... ... ... ... ... 27
2.2. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы мен
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3. Зерттеу нәтижелерін сапалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ҚОСЫМШАЛАР

Тақырып: Қазақтың ұлттық мінез – құлықтың қалыптасу мәселелері.

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ұлттық мінезді зерттеу мәселесі ерекше мәнділікке
ие.Ұлттық мінездің этнопсихология ғылымында алатын орны туралы, оның
мазмұны туралы ғалымдар арасында бірауыздылық болған емес. Оның басты
себептерінің бірі – осы уақытқа дейін бұл тақырыптың үстемдік етіп келген
идеологияның талабына сәйкес зерттелініп, насихатталынып келгендігі хақ.
Өткен кезеңдердегі қоғамдық прогресстердің өрескіл іркілістері халықтар
санасында жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша
сіңіріп бақты да, ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық
асылдарын еске алмады. Осындай саясаттың нәтижесінде жас ұрпақтың ұлт
мәдениетін жасаушы, этнос тілінің иегері, оны алға жалғастырушы екенін
ұмыта бастадық, ұлттық мақтаныш сезімінен ат-тонымызды ала қашатындай
жағдайға душар болдық, ұлттық пен интернационалдықтың диалектикасы тек сөз
жүзінде ғана үйлесімін тауып, бұл жайт нигилистер мен мәнгүрттердің,
маргинал тұлғалардың көбеюіне әкеп соқтырды. Мәселен, Қазақстанда ғана
жүздеген қазақ мектептері жабылды, ана тіліндегі газет-журнал, кітап
тираждары құлдырап кетті. Күні бүгінге дейін 600 мыңнан астам қазақ баласы
орыс мектептерінде тәрбиеленіп келеді. Мың жарымнан астам аралас қазақ-орыс
мектептері, мыңдаған балабақша топтары тоқырау кезеңінен қалған жаны сірі
сарқыншақтар екені даусыз. Бұларға ұлттық тіл мен сананы қалыптастыру
туралы сөз етудің өзі артық. Солақай саясаттан барып бізде тегі мен тілін,
әдет-ғұрпын білмейтін, ұлттық тәрбие мен психологиядан, салт-дәстүрден
бейхабар қазақтардың жаңа бір шоғыры дүниеге келді. Олардың жалпы саны
халқымыздың 40 пайызын құрайтынын ескерсек, ұлттық асыл қасиеттеріміздің
басына қаншалықты қатер төнгендігін айқын сезінеміз. Жерімізді мекендейтін
ұйғыр, кәріс, неміс, татар сияқты туысқан халықтар да осындай жағдайға
душар болған. Кең байтақ қазақ жерінде жүздеген жылдай бойы бізбен бірге
өмір кешіп келе жатқан орыс ағайындардың 99 пайызын жергілікті халықтың
тілі мен рухани өмірінен мақұрым екендігін несіне жасырамыз?! Өзге тілдерді
менсімбеушілік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған
менменшілдік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған
менменшілдік ұлттық санамызға салқынын тигізгені хақ.
Осындай жағдайда біздегі ұлт педагогикасы мен психологиясы қалай өсіп-
өркендесін ?! Ұлт пен ұлыстарды жансыры жағынан зерттейтін арнаулы ғылыми
мекемелер болмаса да, бұл салада біршама жұмыс жүргізілген сияқты.
Үлкенді-кішілі қазақ ғалымдары, тәлімгер қауым көп ұлтты республика
халықтарының әдет-ғұрпын, салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорлғы, тіл мен дін
секілді этностық ерекшеліктерінің психологиялық астарларына бойлап, олардың
қайталанбас жақтарының күнгейі мен көлеңкесінің қалыптасу, даму жолдарын
іздестіріп, зерттеулері қажет. Мәселен, қазақ халқының кезінде барша жұртты
сүйсіндірген тамаша қасиеттерін (үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу,
иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдық, балажандық, ақкөңілділік,
қайырымдылық, суырып-салмалық, ақылжандылық, т.б.) тереңдете зерттеумен
қатар, социализм тұсында теріс бағытта белең алған келеңсіз қасиеттердің
(үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздық, қызғаншақтық, күншілдік, рушылдық,
бақталастық, дүниеқоңыздық, енжарлық, маскүнемдік, неке бұзарлық, т.б.)
неден пайда болып, ауа жайылып кететіндігін, бұлардың біртіндеп арылудың
жолдарын іздестіру де маңызды.
Жоғарыда аталған ұлттық сананың түрлі көріністерінің бесіктен
қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да зертеу жұмыстарын сәбилер мен
бөбектерге, балдырғандар мен мектепке дейінгілерге бағыттауымыз қажет.
Имандылық, инабаттылық, мейірімділік секілді халқымыздың тамаша
қасиеттерінің түп төркіні, ілкі бастаулары нәрестенің жерге шырылдап
түскенінен басталады.
Біз нарықтық қатынастарға көшудің қиын да күрделі кезеңінде тұрмыз. Осы
жағдай сауда-саттықпен бұрын сонды кәсіп ретінде айналыса қоймаған қазақ
халқының психологиясына оңай түсейін деп тұрған жоқ. Олай болса, қалың
жұртшылық арасында ақылға тиімді, ғылымға негізделген, өмірге бейімделген
кеңестер мен үгіт-түсінік жұмыстарын байсалдылықпен жүргізуді де ұмытпауға
тиіспіз.

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. Қазақ ұлты туралы жалпы түсінік

Ұлт дегеніміз мәдениеттің қауымдастығында көрінетін тілдің, аймақтың,
экономикалық өмір мен психикалық қырдың ортақтығы негізінде пайда болған,
тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.
Ұлт және ұлттық деген түсініктерді анықтай отырып, оларға екі
параметр бойынша қарауға болады: Біріншіден, ұлттық-мемлекеттік, мәдени
атрибуттарға бірнеше тұтастықты (мәдени, аймақтық, шаруашылық) айқындайтын
объективті символика бойынша; екіншіден, субъективті реакция, индивидтердің
әлеуметтік идентификациясы, олардың құндылық бағдарлары бойынша, яғни әрбір
индивид, бір жағынан, объективті, екінші жағынан субъективті түрде, саналы
ұлтты болып келеді, ол өзін мәдениеттің белгілі-бір қауымдастығы ретінде
мойындайды (Бороноев А.О., Смирнов П.И. Этническая психология Я, 1994г.,
стр. 56-57). Әрбір ұлт оның құрамындағы адамдардың тұрақты ішкі
байланыстары мен қатынастарының жүйесі есебінен тіршілік етеді. Бұл
байланыстар мен қатынастар этникалық даму процесінде қалыптасады, осы
ортада қабылданған дәстүрлермен және жүріс-тұрыс нормаларымен реттелінеді,
және өздігінен пайда болған ұлттық мәдениеттің, тіл мен психологияның
қалыптасу және даму шамасы бойынша жетіледі.
Ұлттың психологиялық негізіне мыналар кіреді: көненің көзін, ата-
бабалардың өсиетін, туыстық сезімін, яғни өз руының, ұлтының, халқының,
Отанының рухани борышына жалпыланғандықты білдіретін тарихи ес. Тарихи еске
ие адам ұрпақтардың рухани жарысындағы өз орнын саналайды.
Ұлттың ұзақ ғұмыр сүру мүмкіндігі, ұлттық санада және өзіндік санада,
ұлттық құндылықтарда, қызығушылықтарда, талғамдар мен өзіндік бағалауларда,
ғылыми мәдениет пен тілде көрініс табатын, оның ішкі мазмұнын үнемі
жетілдірумен және оның қызмет етуімен шарттанады. Барлық осы
компоненттердің көрінуі ұлттың өмірін құрайды.
Қазақ ұлты туралы айтқанда, тарихымызға тоқтамай кету мүмкін емес.
Осыдан екі мың жыл дерлік бұрын біздің жерімізде дамыған мал
шаруашылығы мен егін шаруашылығын бір-бірімен шебер ұштастырған өзіндік
бірегей андронов мәдениеті пайда болды. Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер
жасап, ұлы мемлекеттер құру үшін бір кезде Үндістанға қарай бет алған
тайпалар тап сол андронов мәдениетінің иелері еді. Қазақстанның сақ
тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың Авестада айтылатын арий,
тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Мұндай даусыз
қорытындыны андронов және сақ мәдениеттері арасындағы өзара байланыстың
тікелей жүйесі бар екенін тапқан археолог ғалымдар мен қола дәуіріне
қатысты сақ заманындағы халықтардың генетикалық тұрғыдан олардың мұрагер
жалғасы екенін анықтаған ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазақ даласын мекендеген тұрғындар арасында сақ дәуірінен бастап бет-
бейне жағынан Орталық Азиядан шыққанын көрсететін монғол тұрпатты аралас
адамдар пайда болады. Шаруашылықты жүргізудің сол кездегі жағдайында
неғұрлым погресшіл тәсілі болыптабылған көшпелі мал шаруашылығына қарай
ойысу да тап сақ дәуіріне сай келеді.
Мұнда Иран басқыншыларының, үлкен Ескендір Зұлқарнайын армиясының
шабуылдарын тойтарыс беріп тоқтатқан мемлекеттер пайда болды. Мұнда адам
мен ат одағы құрылып, соның арасында түркілер мен басқа да көшпелі халықтар
сол кезде өздеріне белгілі болған әлемнің тең жартысын тізе бүктіріп,
бағындыра білді және оның қалған бөлігі – Батыс Еуропа мен Қытай үрелі
қорқыныштан көз аштырмады. Мұнда Ертістің, Іленің, Сырдарияның, Жайықтың
және Еділдің жағалауларында орасан зор империялардың – ғұндардың, түркі
қағанаттарының, қарлұқ мемлекетінің, моңғол хандары мен олардың мұрагер
ұлыстарының – ғажайып астаналары пайда болды.
Орасан зор Евразия құрлығындағы орталық кең-байтақ алқапты сайын дала
мен құмды шөлдер белдеуі алып жатты. Міне, тап сол кеңістікте көшпелі ұлы
мемлекеттер пайда болды. Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жатқан
аймақтардың аумағында дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемнің
көптеген халықтарының дамуына айқындаушы аумағында дүниеге келген алуан
түрлі мәдениеттер әлемінің көптеген халықтарының дамуына айқындаушы ықпалын
тигізеді.
Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дәуірімізге дейінгі
ІІІ ғасырдың соныңында құрылды. Ол сюнну (хунну,ғұндар) империясы еді. Ол
көп ұзамай-ақ Байқал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге
дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін-дүркін басакөктеп кіріп баратын
шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан үрейлі
қорқынышта ұстады. Біздің дәуіріміздің 4-5 ғасырларында ғұндардың Еуропа
мен Батыс Азияға жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды.
VI ғасырда Евразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға – Түрік
қағанаты – Түркілердің даналық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің
шырқау шегіне жеткен кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі
Қырымға дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең-байтақ аумақты алып жатты. IV-
VIII ғасырлардығы жылнамалар Еуропадағы түркілердің алғашқы легі
аварлардың, бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бастағанын
жазады. Содан кейін шығыстан батысқа қарай оғыздар, түркілер, салжұқтар,
сондай-ақ қарлұқтар, қыпшақтар (половцылар, құмандар), қырғыздар ағылды.
Түркі тайпалары Қазақстан мен Орта Азияның мол аймағын мекендеп қалды да,
Иран мен Закавказьеге басып кіре бастады. Ал, XI ғасырда олардың бір бөлігі
(оғыздар мен түрікмендер) Кіші Азияға қоныс аударды. Қысқасы, түркі
тайпалары осылай тарала келіп бірте-бірте отырықшылыққа көшкеннен және
жергілікті халықтармен араласа бастағаннан кейін, ал кейде көшпелі өмір
салтын сақтап қала отырып, шығыстағы якуттардан (сахалардан),
тувалықтардан, алтайлықтардан, қазақтардан, ұйғырлардан бастап батыстағы
шуваштарға, гагауздарға, Еділ мен Қырым татарларына, құмықтарға,
қарашайларға, балқарларға және түріктерге дейінгі халықтардың орасан зор
тобы құрылды.
Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі,
Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі
мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді.
Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер
Евразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет
өзгертті. Дүние жүзіндегі аса маңызды тілдік топ – алтай тілдік тобының
(негізінен оның түркі және моңғол тілді тармақтарының), оған қазақ тілі де
кіреді, ежелгі және орта ғасырлық замандарда кеңінен таралуы ортаазиялық
көшпелілердің ұдайы қоныс аударып отыруына байланысты болды. Мейлінше кең
тараған тілдік топтардың бірі – түркі тілдік тобының Евразияға қарай жылжып
ене бастауы - сол кезеңде пайда болған құбылыс.
Алғашқы кезде көшпелі өмір салты көшпелілердің (номадтардың) табиғи
дене бітімінің жетілгендігі және психологиялық жинақылықпен жұмылғыштығы
арқасында серпінді қарқынмен жедел дамудың маңызды факторына айналды. Сол
заманның бізге дейінгі жеткен қорым-қорғандарынан табылған аңдардың
ширыққан бейнелері, шайқас пен текетірес көріністері ілгері дамудың нысаны
болғаны тіпті де тегің емес. Техникалық тұрғыдан жетілудің жаңа деңгейі
байланыс жасау саласында шын мәнінде соны серпіліс жасауға мүмкіндік берді.
Дүние көкжиегінің шекарасы кеңейе түсті, орасан зор аумақтарда жаңа
үлгілер мен өлшемдер көзді ашып-жұмғанша дерлік тез таралатын болады
(Массон В.М. Номады и древние цивилизаций. Алматы, 1989, 87-88беттер)
Бәріде бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталған болатын. Аңыздың
айтуы бойынша, жау қырғынға ұшыратып кеткен тайпаның тас-талқаны шыққан
жұртында тірі қалған нәрестені бір қаншық қасқыр Шығыс Тянь-Шань тауындағы
өз апанына алып барып, аман асырап өсіреді, кейіннен одан тапқан он баланың
анасына айналады. Ержеткен балалар өздеріне жар тауып, үйлі-баранды болады.
Қаншық қасқырдың немерелерінің бірі Ашина деген атқа ие болады. Соғды және
сақ тілінде бұл есім көк түсті реңк дегенді білдіреді. Егер қаншық қасқыр
асырап өсірген ағайынды Ромул мен Рем билікке таласып, өз бауырын өзі
өлтірген Ромул Римнің негізін қалаушыға айналаса, Тянь-Шань қасқырының
балалары Евразияның көптеген халықтарының арғы аталарына айналды. Ол
халықтар өздерінің бір-бірімен туыс екендігін әлі бүгінге дейін айқын
сезінеді. Көк бөрінің жалпы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ қасиетті
тотемге айналуы, ал біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының
негізінен көгілдір аспан түстес болуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес.
Тарихи деректерде түркі терминдік атауы 6 ғасырдың екінші
жартысында кездеседі және сондықтан бастап кеңінен таралғаны көрінеді.
Түркі қағанаты құрылғаннанға дейін түркі сөзі он (кейіннен он екі)
тайпаның 460- жыл шамасында Алтайда пайда болған одағы деген мағынаны
білдіріп келген болатын. Түркі елі дүниеге, міне осылай келген еді.

Бірінші түркі қағанаты (552 – 603 жылдар) Византияның, Иранның,
Қытайдың саяси және экономикалық қарым-қатынас жүйесіне енді. Түркі
қағанаты өзінің гүлденуінің шарықтп тұрған кезінде Манчьжуриядан Кречь
бұғазына дейінгі кеңістікке созылып жатты. Сөйтіп түркі қағандары алғашқы
евразиялық империяларды құрушылар болды.
Көшпелілер әлемі әртүрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе
мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді. Ұлы дала
шеңберіндегі табиғи ортаны игеру егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтар
қоныстанған әрі игеріп болған аймақтарға көшпелілердің сұғына енуімен
аяқталды. Отырықшы халықтармен күресте көшпелілердің әскери жағынан
артықшылығы айқын байқалды.
Отырықшы халықтардың елдеріне баса-көктеп кірген көшпелілер тұтас
мемлекеттердің өз көсемдерінің – шаньюлердің, қағандардың, хандардың,
әмірлердің, сұлтандардың билігіне бағындырды. Көшпелілердің – сюннулердің
немесе ғұндардың, түркілердің, моңғолдардың ірі ұлы мемлекеттері, міне,
осылай пайда болды.
Орта түркі дәуірінде ( X-XV ғасырлар) түркілер Шыңғыс ханның
әскерінің бәрін де қиратқан жойқын шабуылы салдарынан орын алған тіршілік
тәлкегі мен аппатты оқиғаларға толы аумалы-төкпелі заманда да сол кездегі
неғұрлым белсене іс-қимыл танытқан халықтардың бірі болды. Түркі тілдес
тайпалар Орталық, Оңтүстік және Кіші Азияда, Сібір мен Шығыс Европада күшті
қарқынмен кеңінен тарала бастады. Олар өз заманындағы дамудың белсенді де
қуатты қозғаушысы бола білді.
X-XI ғасырларда Орталық Азия халықтары үшін Шығыс пен Батыстың ұлы
мемлекеттері тарапынан пәлендей сыртқы қауіп-қатер бола қойған жоқ.
Бұл жағдай бүкіл аймақта бейбіт өмір орнап, жоғары дамыған күшті
мемлекеттердің пайда болуына мүмкіндік туғызды. Олардың арасында ең ірі әрі
гүлденіп өскендері Саманидтердің, Қараханидтердің және түркі-парсы халқы
аралас Ғазнауилердің мемлекеттері болды. Ол кездерде халықтың жалпы саны 5-
6 миллионға жеткен еді. Мұның өзі салыстырмалы түрде алғанда, ол кез үшін
оншалықты көп халық емес. Бірақ олар соның өзінде ең жоғарғы сатыдағы
экономикалық және мәдени дамуға қол жеткізді.
Араб басқыншылығы Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-экономиалық,
саяси және мәдени өміріне күшті ықпал етті.
Қоғамдық өмірдегі аса маңызды өзгерістердің бірі жаңа мемлекеттік дін –
ислам, араб тілі мен жазуының кеңінен таралуы болды. Орасан зор аймақта
ортақ бір тілдің енгізілуі, даму деңгейі мен өмір сүру салты әртүрлі
халықтардың бәртұтас діни-саяси бірлестік шеңберіне шоғырландырылуы
халифат құрамындағы барлық халықтардың салт-дәстүрлерін жасампаздық
шеберлікпен ұштастыра білген мәдениеттің дамуына, сондай-ақ ежелгі мәдени
қазыналарды қайта қарап жаңартуға мүмкіндік береді.
Түрік қағанатынан кейін оның негізгі мұрагерлері мекендеген аумақ
осымен екінші рет Шығыс пен Батысты бір-бірімен байланыстырушы көпір рөлін
атқарды және ұлан байтақ кеңістікте бір-бірінен байланыстырушы көпір рөлін
атқарады және ұлан-байтақ кеңістікте бір-бірінен шалғай жатқан Қытайдың,
Үндістанның және Европа құрлығының батыс бөлігің (Испанияның мұсылманданған
бөлігі) өркениеттерін өзара ұштастырады. Ал бұл жағдайда өз кезегінде Таяу
Шығыстың өз тағдырына орасан зор ықпалын тигізді, сол арқылы Жерорта
теңізі елдерінің мәдениетіне ықпал етіп, Европадағы қайта өрлеу дәуірінің
негізін қалады, яғни оның іргетасы болып табылатын ежелгі мәдениетті сақтап
қалуға жағдай жасады.
Халықтың Қытаймен, Үндістанмен, Жерорта теңізінің бүкіл елдерімен кең
көлемді байланыс жасауы тек тауар алмасумен және техникалық жаңалықтарды
бөлісумен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар әртүрлі идеялық жүйелерді
бір-бірімен салыстыру арқылы жемісті жұмыс жүргізуді де қамтамасыз етті.

Моңғол экспансиясы Орталық Азияның аумағындағы халықтардың
қалыптасуын қатты тежеді. Ірі-ірі тайпалық топтардың қоныс аударып, бір-
бірімен мидай араласып кетуіне душар етті. Түркілердің кейбір бөлігі
өздерінің атамекенінен тыс жерлерге көшіп кетуге мәжбүр болды. Міне, тап
осы кезден бастап көптеген түркі тайпалары Жерорта теңізінен бастап Үнді
және Тынық мұхиттарына дейінгі аралықтағы бөтен елдерден бір-ақ шықты.

XV ғасырдың аяқ кезінен бастап қазақтар, өзбектер және басқа да
халықтар этностық тұрғыдан бір-бірінен бөліне бастады. Мұның өзі көптеген
ғасырлар бойы жүріп келген этногенетикалық терең үрдістердің нәтижесі еді.

XVI ғасырдан бастап Орталық Азияда тайпалар немесе тайпалық одақтар
туралы емес, қайта бұл аймақтағы жаңа этносаяси сипаттағы құрылымдар
ретінде өздерінің дербес этнониміне (өз халқының атына) және мемлекеттік
түзіліміне ие болған түркі тілдес халықтар туралы сөз етуге болады.

XVIII ғасырдан бастап Орталық Азияның түркі тектес халықтары ұдайы
жалғасып, тереңдей түскен экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени
дағдарыстар кезеңіне душар болды әрі өз аймақтарын отаршылдық саясат
есебінен кеңейте түсуді көздеген мемлекеттердің оңай олжасына айналды.

Олардың солтүстігінде өздерінің тауарларын өткізетін рыноктарға және
арзандау түсетін шикізат көздеріне, эквивалентік теңдігі жоқ экономикалық
айырбас жасауға қатты мұқтаж Ресей империясы жатты. Ол өзінің шығыс және
оңтүстік бағыттағы әскери және саяси сұғанақтығын барған сайын күшейте
түсті.
Соның салдарынан Қазақстан, Азербайжан, Орталық Азия мемлекеттері Ресей
империясының отаршылдық саясатының орбитасына тартылып шыға келді. Мұның
өзі түптің түбінде түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекеттілігін
айырылып қалуына, метрополия тарапынан жүргізілген орыстандыру саясаты
салдарынан ұлттық және әлеуметтік қыспаққа ұшырауына ұрындырды.
Ең күшті соққы әуелі ұлттық сана-сезімнен айыруды нысана етті.Ресей
империясының отаршылдық саясаты түркі халықтарының осы заманғы ұлттарға
айналуының табиғи-эволюциялық сипатын қатты тежеді.
Отаршылдық тәртіптің басты міндеттерін бірі бодан болған түркі
халықтарының өздеріне тән мәдени, тілдік , тарихи этностық бірлігі болуы
туралы түсінігін оладың сана сезімінен біржола жою жолында күрес жүгізу
болды. Түркі тілдік мәдениеттің көрнекті ағартушы өкілдерінің отаршылдық
сааясатқа қарсы бас көтеру жөнінде кез келген әрекеті рухани салада қатты
қуғын сүргінге ұшырады.
Қазақстан өзінің географиялық ерекшелігіне орай басты соққыға көп
жағдайда кеуде тосумен болды. Қазақстан ол кезенде саяси тұрғыдан алғанда
Орталық Азияны отарлау үшін қажетті орасан зор полигон және плацдарм
саналады. Ол отаршылдық басыбайлық пен құлдықта ұстаудың түрлі тәсілдерін
сынап көретін аймаққа айналады.
Міне , осындай қиын қыстау жағдайдың өзінде де түркі халықтарының аса
көрнекті өкілдері ұлттық және жалпытүркілік сана сезімді оятып, күшейте
түсуге ұмтылды. Олар прогрессшіл ағартушылық идеяларды дамытты, мешеулік
пен артта қалушылыққа қарсы күрес жүргізді.
Олар халықтың сауатын ашып, сана сезімін арттыруды өздерінің негізгі
міндеті санады. Ол дәуір әрбәр түркі үшін барып тұрған жарық жұлдыздар
болып табылатын көрнекті ағартушылардың тұтас бір тобын тарих санасына
шығарды. Олар: Ш. Уәлиханов, Абай(Қазақстан), Дониш, Фуркат (Өзбекстан),
Мырза Ахундов, Сеид Ширвани (Азербайжан), Молланепес (Түрікменестан ),
Қалығұл , Тоқтағұл Сатылғанов (Қырғызтан).
Орталық Азия халықтарында тұтас бір дәуірді қамтыған оқиға кеңестік
қоғамдық саяси құрлыстың орнауы болды. Орталық Азияда түркі тілдес
халықтардың сөз жүзінде ғана формальді түрде тәуелсіздік алуының нәтижелә
әр түрлі мәнге ие болды. Мысалы, бір жағынан мәдениет , ғылым ,білім дамып
, осы заманғы ұлт қалыптасса, екінші жағынан ұлттық мемлекетіміз түгелдей
формальды сипатта болды, ұлт тілдері өздерінің көптеген қолданылу
аясынан(саясат, экономика, ғылым) айырылып қалды , ана тілін білетін
адамдар саны күрт азайып кетті. Ұлттық сана сезім тоталитарлық тәртіп
таңған таптық сана сезімінің құрбандығына айналады, халықтардың жадын
әртүрлі айла шарғы қолдану арқылы өшіруді , сөйтіп барып
идеологияландырылған ресми тарихқа ден қоюға бет бұрғызуды көксеумен болды.
Орталық Азияны мекендеген халықтар аумағындағы этностық менталитетті орасан
зор мөлшерде бағытталған көші қон ұйымдастыру арқылы өзгертуге саясаты
мемлекеттік деңгейде ауқымы кең көлемде жүргізілді.
ОрталықАзия республикалары тоталитарлық империяны артта қалған мешеу
,бүкіл сыртқы дүниеден темір перде арқылы бөліп тасталған шет аймағына
айналуға мәжбүр болады. Өздерінің тарихи тағдырының қожасы болу
мүмкіндігінен айырылған түркі халыұтары ендігі жерде бір кездегі тасқынды
күш жігерінің бірте бірте азайып , таусылуына қарай мәдени тарихи біртұтас
ұқсастығын біржола жоғалтып алуына қарай лажсыздан бойсұнған еді. Бір
кездегі Ұлы Түркі елінің тәкаппар ұрпақтарын арада он төрт ғасыр өткенде
кісі қызықпайтын осындай ауыр тағдыр күтіп тұрды.
Кеңес Одағының ыдырап ,тарап кетуіне байланысты түркі халықтарының
дамуындағы жаңа кезең басталды. Арада мың жарым жыл уақыт өткенде түркі
елінің тап жүрек тұсында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болады.
Провинциялық шет аймақтар саналатын Орта Азиядағы елдер мен Азербайжан осы
заманғы дүниежүзілік тарихтың тіліне қоса өрілген тәуелсіз дербес
мемлекеттерге айналды.
Түркілер тарихынан жалпылама болса да, азды көпті хабары бар адамның
қай өайсысы да, осы бір мәдени тарихи және тілдік қауымдастықтың бұдан
былайға тарихи туралы зор үмітпен бұрын тарихқа теңдесі жоқ үлкен мемлекет
құрған, отаршылдық тарихының тар жол, тайғақ кешу азабын тартқан,
тоталитарлық қоғамның қиын қыстау күндеріне төзе білген түркі әлемі тап
қазір сапалық жаңа дамудың тарихи перспективасымен бетпе -бет келіп тұр-
енді ол түркі халықтарының тәуелсіздік туралы ғасырлар бойы армандап
келген мақсатпен жүзеге асырып, оны нақты мазмұңмен толықтыра түсетін
кезеңге жетті.
Сонымен қатар ұлттық мемлекеттік құрылыстың барысында пайда болатын
табиғи қарама қайшылықтарды жеңе отырып ,одан әлдеқайда кең көлемді
проблемаларды да айқын көре білу өажет, ал ло проблемаларды шешу
егемендікті нығайта түсу міндеттерін нақты іс жүзінде орындап шығуға
көмектесетін болады.
Мәдениет саласына келетін болсақ , әрбір тәуелсіз түркі мемлекетіндегі
ұлттық мәдениетті дамытудың кезкек күттірмес көкейкесті міндеттерін шұғыл
қажеттігі тап қазәр тарихи дамудың принципті жаңаша заңдылықтарына қарй
елеулі түрле шектеліп отыр...
Алайда , қазақтың аса бай , ғажайып мәдени дәстүрлерінің Қазақстандағы
өзге этностық топтпрдың өкілдері үшін әлі күнге дейін қабат қабат темір
сандықтың ішіндегі жол жетпестей құпия болып келе жатқан орасан зор
ғажайып күйлері, Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп мөлдір асыл лирикасы,
Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңғалдырған
жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша
мол рухани қазына ынтас қойған әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып,
сана сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсын. Қазақтың мәдени
униврсумының тап осындай мейілінше биік шырқау шындарын түсінуге
талпынбаған адамның қазақтың жан дүниесінен хабардар болуы мүмкін емес. Ал
қалыптасып , қатып семіп қалған алуан түрлі надандыққа толы жалған
түсініктер шырмауында қалып қоймау үшін еріксіз мәжбүр етуге ,әкімгершілік
немесе идеологиялық қасым жасауға жол бермей ,барынша емін еркін әрі
ешкімнің де ұлттық сезімін қорлап ренжітпей, әлгі ғажайып мәдени тасқынды
құшақ жая қарсы алудың маңызы зо. Тіпті ,қазақ даласы топономикасының өзі
де тұнып тұрған поэзия ,тарихи драма мен өткір сықақ ,әжуа. Қазақ сөзінің
суырыпсалма жыр шығаруға деген сан ғасырлық тамаша дәстүрі де біздің
халқымыздың толып жатқан тамаша қасиеттер туралы, оның жан дүниесінің
тереңдігі мен кемеңгерлігі туралы мол мағлұмат бере алады. Әртүрлі сылтау
себептерді тілге тиек етіп, осынша мол рухани байлықтан бас тарту, мұның
өзі басқа бір тілдің мүддесіне қысым жасайды мыс деп көлгірсу жалпы мәдени
-үрдістің табиғатын түсінуден мақұрым қалу деген сөз болар еді.Материалдық
игіліктермен салыстырғанда мәдени игіліктердің өзіндік ғажайып ерекшелігі
бар –олар ешқандай бөліске түспейді, қайта тұтынушылар қатары арта түскен
сайын ол еселеп өсе түседі. Қазақтың тілі мен мәдениетін емін-еркін әрі
құрмет сезімімен оқып үйренуге осы тұрғыдан келгенде ғана жалпыұлттық
тұтастыққа ықпал етуге болады.

1.2 Ұлттық мінез – ұлттың негізгі құраушысы ретінде

Ұлттар психологиясының жүйе қалыптастырушы компоненттерінің қатарына
көптеген ғылымдардың өкілдері Ұлттық мінезді, ұлттық темпераментті, ақыл-
ойдың ұлттық қыры, ұлттық сезімдер және көңіл-күйлер, ұлттық дәстүрлер мен
әдеттерді жатқызады.
Этнологтар мен әлеуметтанушылардың пікірлері бойынша, ұлттық мінез –
бұл белгілі-бір ұлт өкілдерінің әдетке айналған монераларын, жүріс-
тұрыстары мен типтік әрекет бейнелерін анықтайтын және олардың әлеуметтік-
тұрмыстық ортаға, қоршаған әлемге, еңбекке, өзінің және басқа да этникалық
қауымдастықтарға қатынастарында көрінетін, тұрақты психологиялық қырлардың
тарихи қалыптасқан жиынтығы.
Ұлттық мінез деген түсінік айналымға тұрмыстық өмірден, күнделікті
тілден енді және жинақтаушы, жалпылаушы мәнге ие болап табылады. Оны
зерттеу қиын болып келеді. Оның мазмұнының көрінуінен тұрақты заңдылықтарды
табу қиын.
Әлеуметтік-тұрмыстық қоршаған ортаға деген қатынаста ұлттық мінезде
идеология мен қоғамдық психологияның, соның ішінде ұлттық және класстықтың
элементтері ерекше тығыз байланысады. Қоршаған ортаға деген қатынас
адамдардың ұлттық санасының бағыттылығын анықтайды. Ұлттық мінез қырларының
осы тобына консерватизм, діндарлық, оптимизм, пессимизм және т.б. жатады.
Ұлттық мінез ұлттық психологияның анықтаушысы құрылымдық элементі
ретінде, бүкіл халық ұстанатын тәлім- тәрбиелік нормаларды жан жүйесі
тұрғысынан баяндау – ғылыми этнопсихологияның ілкі бастауы болып табылатын
халықтың психологиясының нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыпталып жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр,
салт- сана, әдет – ғұрып, ұрпақтан – ұрпаққа біртіндеп жалғасатын
адамгершілік, ақыл- ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. тәрбие түрлеріне
қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни бір этностың, жалпы
мінез- құлқы, іс- әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология
– психика мен мінез- құлықтың қанға сіңген, тез өзгеріп, не жоғалтып
кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі.
Халықтық псиология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірбиесімен, өмірдегі
пайыдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл –
адам мінез- құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән
психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім- білімдердің
жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, адам
психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек
ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтқ психологияның теориялық
мәселелерін зерттеу мен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты
ғылым саласы шұғылданылады. Этнопсихология эерттейтін мәселелер
(этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс,
ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан. Біз төменде солардың бірі
ұлттық мінезге тоқталамыз.
Бұл өте күрделі, әлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан
мәселе. Осы жәйтті жақсы аңсарған Н.Назарбаев былай дейді: Менің ойымша,
қазақтардың қайталанбас этикалық, психолгиялық әлемі әлі де жете
зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние.
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның
әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім- тәрбие берудің айрықша талап – тілектерінн
дүниеге әкеледі.
Ұлттық мінез – құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері тоқталсақ,
бұл мақалада қысқаша болса да, қазақ халқының ұлттық мінез – құлқын
(психологиясын), алдымен Ресейдің отарлау саясаты, одан кейін Кеңес үкіметі
кезіндегі жалғасын тауып қалай өзгертіп отырғанын талдай келсе, сл
құрсаудағы психология бұғауынан шығып ұлттық психологияны сақтап қалу
мақсатында ой өрбіткенді жөн көрдік. Қазақтың көне тарихына зейін қойып
қараңыз, қазақ халқы ежелден парасатты, зерек, жан – жақты дамыған, өмірге
тез бейімделетін, жасы үлкенді (бір жас үлкенді болса да) Ит көйлекті
бұрын тоздырған деп оны аға тұтып сыйлаған, ынтымағы жарасқан ел болғанын
білесіз. Сондықтанда шығар, сонша кең байтақ жер суды иеленіп отырған қзақ
елінің арасында бірде – бір түрме салмаған, есігінде құлып болмаған екен.
Бұл жағдайды терең зерттеген патшалық Ресесй, қазақ халқын рухани аздырып,
мәңгілік бұғауда ұстау үшін халықтың ұлттық қасиетін сақтайтын мінез-
құлқынан ажыратуды жоспарлы

Еңбекке деген қатынас ұлттық мінезде ісшілдік, практикалылық,
ұқыптылық, дәл уақытында істеушілдік, міндеттілік, іскерлік, пассивтілік,
ұйымдаспағандық және т.б. секілді қасиеттердің формасында көрінеді. Әр
түрлі ұлт өкілдерінде бұл қырлар бірнеше айрықша көрінеді. Еңбек сүйгіштік
әлемнің барлық ұлттарына тән, алайда американдықтардың, жапондықтардың,
немістердің және басқа да ұлт өкілдерінің еңбек сүйгіштіктерінің арасында
айырмашылық бар. Жапондықтың еңбек сүйгіштігі – бұл мұқияттық, шыдамдылық,
ептілік, ұқыптылық, табандылық. Немістің еңбек сүйгіштігі – бұл ұқыптылық,
тиянақтылық, дәл уақытында істеушілік, дәлдік, тәртіптілік. Американдықтың
еңбек сүйгіштігі – бұл алысқа сермеу, қуатты табандылық, сарқылмайтын
іскерлік құмарлық, тәуекелге бел байлауға икемділік, инициативтілік,
рационализм (Этнопсихологический словарь Под ред. В.Г. Крысько). Өзінің
және басқалардың этникалық қауымдастықтарына деген қатынаста әр түрлі
этникалық қауымдастықтың өкілдерінде мазмұн бойынша жеткілікті ерекше болып
келеді.
Мінез туралы ілім өзінің ілкі бастауын ежелгі Грециядан алады.
Бұдан 2500 жыл бұдан грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30-дан астам үстем
тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30-дан астам нашар жақтарына (суайт,
мылжың, жағымпаз, т.б.) талдау жасаған 17 ғасырда француз жазушысы Лабрюен
нашар мініез бітістерінің 4500- ден астамына сипаттама берген. Мінездің
психологиялық теориялары 19-ғасырдың аяқ кезінен бастап көрінеді.
Зерттеушілер адамның мінезін, көбінесе, дене құрылысына сәйкес
түсіндіруге тырысты. Кісінің дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған
сәйкес қалыптасады, мінезге сәйкес темперамент ерекше әсер етеді, адамның
мінезін сыртқы дене, бет қиялдарынан зерттеуге болады дейді. Осы кездері
Ф.Галлет адамның бас сүйегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның
адамның мінезін, ақыл-ойының дәрежесін ажыратуға болады дейді.
Графилогия ілімі (Аристотель, Гефаст, т.б.) адамдардың жазуына қарай
адамның мінезін ажыратуға болады дейді. Адамның жазу- сызуына қарай адамның
мінезін ажыратуға болады дейді. Адамның жазу -сызуына қарап, оның мінез-
құлқын айыру психологияда криминалистика ара-тұра қолданылады. Ал жан
қуаттары қуаттары қалпын да тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік
әдістермен зерттеу керек.
Ағылшын философы Дэвид Юм Адам табиғаты туралы трактатында:
Адамдардың жиыны политикалық құрылымға біріккен жерде жағдай оларды
қорғану, сауда, билік туралы мәселелер бойынша бір-бірімен қатынасқа түсуге
мәжбүр етеді. Бұл ортақ тілдің болуы жағдайында олардың ұқсас бола
бастауына, индивидуалды мінезбен үйлесетін ортақ немесе рационалды мінездің
пайда болуына әкеп соғады-деген. Сондай-ақ Дэвид Юм ұлттық мінезді
қалыптастыратын себептерді айтып көрсеткен. Бұндай себептердің ішінде
әлеуметтік (немесе моральді) және физикалық, соңғысын түсіндіргенде ол:
ауаның және климаттың қасиеттерінің бейсаналы түрде адамға, дененің қимыл
әдеттеріне әсер етеді - дейді.
Голланд авторлары Х.Дюйкер және Н.Фрейд ұлттық мінез туралы
теорияларды екіге бөлген – тұлғаға бағытталған және мәдениетке
бағытталған. Бірінші топтың теорияларында ұлттық мінезді ұлт құрамына
кіретін индивидтердің ортақ психологиялық қасиеттердің ерекшеліктерімен
анықталады.
Х.Дюйкер мен Н.Фрейдтің айтуынша: Белгілі-бір ұлт құрамына кіретін
барлық адамдардың белгілі-бір аспектілерде ұқсастықтары болады, сондай-ақ
осы аспектілерде басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленеді... Оларда бар
ерекшеліктерді осы ұлттық қоғамның азаматы болу факторымен түсіндіреді,
және бұл ерекшеліктер тұрмыстық немесе әдеби тілмен суреттеледі. Бұл
анықтамаларда ұлттық мінез феноменінің бар екендігі констатацияланады.

А.Инкелес және Д.Дж.Левинсон ұлттық мінездің құрлымдық құраушы
бөліктерін анықтаушы ретінде әлеуметтік-мәдени жүйелерді саралайды. Ұлттық
мінездің қалыптасуына тек әлеуметтік-мәдени орта әсер етпейді, сонымен
қатар мемлекетті қоршайтын достық немесе жаушылық жағдайлары, мемлекеттік
институттар және билік тағы сол сияқты құрылым әсер етеді.
А.Кардингер және Р.Линтон ұлттық мінезді тұлғаның негізгі құрлымы деп
анықтайды. Бұнда тұлғаның негізгі құрлымы мәдениетпен ұштасады, ал модальды
тұлға қоғамман ұштасады. Ал мәдениет адамның әлемде тұрмысының тәсілі
ретінде, ол тұлғаға өз өзін және өзінің өмір сүру бейнесін констатациялауға
көмектеседі. Сондықтан, Д.М.Аскоченский бойынша, тұлғаның негізгі
құрлымының мазмұны мідениеттен мәдениетке адаптивті механизмдердің және
қоғамның тығыз байланысты және бір-біріне әсер ететін түсініктер ретінде
қарастырады.
Орыс философы И.А.Ильин Рухани жаңарудың жолы атты кітабында,
патриотизм туралы айта отырып, Отанға деген махаббат – бұл ұлт рухына,
ұлттық мінезге, сенім және моральдық дамуының ісерінен өзгеруі мүмкін.

Американдық ғалымдар Лернер, Бенедикт, Харди зерттеулерінде ұлттық
мінез теориясы ұлттық мінезді бір-бірімен бейнесіне бейімділікті білдіреді.
Ұлттық рух элементтеріне И.А.Ильин тілді, әнді, ертегіні, поэзияны,
әулиелердің және батырлардың тұрмысын, тарихын жатқызады.
Л.Н.Гумилев этносты өмір сүруі ұзақ биоәлеуметтік ағзаның дамуы
географиялық факторлармен детерминизацияланған. Этностың және оның
мінезінің қасиеттерінің қалыптасуы ғарыштық энергияның және ланшафт
ерекшкліктерінің бірлескен әсерінің жемісі.
Ұлттық мінез терминін М.В.Сталин ұлтқа анықтама бергенде
пайдаланады. Сталиннің айтуынша: Әрине, ұлттық мінез бақылаушыға
байқалмағанымен, жалпы ұлт мәдениетінде көрінетін болғандықтан – байқалады
және оны ығыстырып, жоққа шығаруға болмайды.
Ұлттық мінездің қалыптасуына әсер ететін негізгі психологиялық
факторлар ретінде таптауырындарды, этникалық сәйкестілікті, этникалық сана
сезімді және өзіндік сананы қарастыруға болады.
Таптауырындар – бұл адамның санасында қалыптасқан, өзінде суреттеу,
бағалау, жапсырындылар, элементтері бар мағыналар беретін эмоционалды
боялған бейнелер. Сонымен қатар, таптауырындар – жәй бейне емес, бірақ
шындықтың кез-келген көрінісінің “стандартталған” жеңілдетілген бейнесі,
бұл тек көріністің кейбір сипаттарын ғана бекітетін кесте, кейде олар
жалған, тек субъективті жапсырылатындар.
Таптауырындардың объективті жетістігі болып оның шындық бейнесін
қабылдауды жеңілдетуі, схемаландыруы, кейде ол мәләметті бұрмайды, бұл
кейінгі танымға өзіндік бір психологиялық барьер болады.
Этникалық таптауырындардың 2 түрі болады:
Аутотаптауырын – адамдардың өздері туралы және өз ұлтының өкілдері
туралы түсінігі.
Гетеротаптауырын – басқа ұлт өкілдері туралы түсінік.
Этникалық аутотаптауырын этникалық өзіндік сананың негізгі бөлігі болып
табылады. Оның құрлымында 2 кұраушы бөлікті бөліп көрсетеді:
1.Когнитивті – өз ұлтының өткені мен келешегі туралы түсінік
2.Эмоционалды – ұлттық сезімдер.
Өз ұлтының тарихын саналағанда адам әртүрлі сезімдерді басынан
кешіреді. Бұл мақтаныш, ұят, кекшілдік және тағы басқа сезімдер болуы
мүмкін. Өз ұлты туралы біле бастағанда адамда өз ұлтымен бірлік сезімі
пайда болады. Бұл кейде фаворитизм түсінігінің пайда болуына әкеп соғады.
Бұл адамның басқа ұлттардан гөрі белгілі-бір ұлтты таңдау дегенді білдіреді
(свой –лучше чужого)
Ал этникалық сәйкестілік туралы айтатын болсақ, бұл ұғым XXғасырдың
ортасында ғана әлеуметтік және психологиялық әдебиетте кең қолданыла
бастады.
Алғаш рет оны американдық әлеуметтанушы Д.Рисманов 1935жылы қолданды
(Лебедева Н.М. Введение в кросс-культурную психологию М-1999 стр20)
70 жылдары мәдениет аралық қатынастардың, әлемдегі глобальды әлеуметтік
және политикалық өзгерістердің күшеюімен байланысты Батыста бұл феноменді
зерттеуге арналған жұмыстар көбейді.
Бүгінгі күнде этникалық сәйкестілік белгілі-бір этникалық қоғамға
қатыстығын саналаумен байланысты әлеуметтік психологиялық категория.

Этнопсихологиялық сөздікте этникалық сәйкестілік әр адамның этностық
топтағы басқа бір адаммен бірігудегі эмоциялық-қатынастық процесс деп
айтылады. Мұнда сол этностың тарихына, мәдениетіне, ұлттық салтына, әдет-
ғұрпына, олардың мұратына, сезімі мен фльклоры мекендейтін аймағы мен оның
менталитетіне деген жағымды көзқарастары арқылы теңдестіру делінеді.
(Крысько В.Г. Этнический словарь. Москва-1999)
Сондай-ақ бұл тек өзін этникалық қоғамдастықтың қағамдастықтың басқа
өкілдерімен біріктіру ғана емес, тарихқа т.б. позитивті қатынас.
(Стефаненко)
Ұлттық сана-сезімді кең тұрғыда қарастыру керектігін Кеңес дәуірі
әдебиетінде алғаш қозғағандардың бірі – С.Т.Калтахчаян болды. Өзінің
60жылдары жарық көрген еңбектерінде ол туралы ұлттық сана сезімге:
1. Өз этникалық қоғамдастығын және басқа этносқа деген қатынасын
адамдардың саналы түрде сезінуі;
2. Ұлттық құндылықтар, тіл, территория, демократиялық мәдениетке деген
сыйластық;
3. Әлеуметтік-мемлекеттік қоғамдастықты сезіну;
4. Патриотизм;
5. Ұлттық бостандық үшін күрестерде қоғамдастықты сезіну деген болатын.

Бұл күнде көкейкесті мәселеге айналған Ұлттық сана-сезім феномені
жайлы әртүрлі ғалымдар өз көзқарастарын білдіреді.
Н.Елікбаевтың пікірінше, ұлттық сана-сезім - өзінің ұлттық өкілдігін
мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік жаңашырлық, халық мұраларының,
мақтанышын бағалай білу.
Ю.В.Бромлейдің айтуы бойынша, бұл ұлттың өзі туралы саналы
қызығушылығы, құндылық бағдарлары, басқа ұлттарға қатынасы туралы
түсініктердің ашықтығы.
А.К.Уледов сана-сезімді, біріншіден, ұлттың өзіндік анықталуымен,
екіншіден, қоғамдық саяси құндылықтармен (отан ұғымы) байланысты идеялар,
сезімдер, көзқарастар жиынтығы.
А.К.Қалмырзаевтың айтуынша, ұлттық сана-сезім дегеніміз халықтың өз
этникасының бірлігі, өз тілін, ұлттық мәдениетін, өз елін дамыту
керектігін, ұлттық мақтанышын саналы түрде сезінуі.
Л.М.Дробижеваның пікірінше ұлттық сана-сезім құрамына ұлттық
автотаптауырын, оймақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезең, мәдени және
тарихи құндылықтарға деген қатынас, ұлттық қызығушылық кіретін рухани
құрылым болып табылады.
Ұлттық сана-сезімді күрделі рухани құрылым ретінде басқа да көптеген
авторлар қарастырған болатын.
Осылайша, мамандар арасында ұлттық сана-сезім туралы құрылымы бойынша
күрделі феномен деген көзқарас қалыптастырған.
Ұлттық сана сезімнің құрылымына ұлттың жалпы өзі туралы түсінігі,
ұлттың қызығушылығы, басқа ұлттармен қатынастағы құндылық бағдарлар мен
нұсқаулардың және басқа ұлттың қоғамдастықтар ішіндегі өз орнын саналауға
байланысты сезімдер, көзқарастар қалыптасу жатады, Отанды сүю ұғымын
сипаттайтын қоғамдық саяси құндылықтар, және де, ұлттық таптауырын, аймақ,
тіл, ұлттық мақтаныш, мәдениет туралы түсінік және жалпы жоғарыда айтылған
анықтамалар кіреді. Сондай-ақ, ұлттық сана-сезім тек бұл компаненттермен
шектеліп қоймайды, бұларға қосымша ұлттық қоғамдастық өмірімен байланысты
рухани құрылымдардың комплексі де кіреді.
В.Ф.Генинчтың пікірінше этникалық қоғамдастықтың пайда болуы мен
дамуындағы қажетті жағдайды, этносты қалыптастырушы факторлар ретінде және
этностар арасындағы, оларды бір-бірінен ажыратылып тұратын мәнді
айырмашылықтарын бейнелейтін этникалық белгілерді айыра білу керек.
Н.Н.Чебаксаров этникалық белгілердің өзара әрекеті, олардың білімге және
этникалық қоғамдастықты сақтауға этникалық сана-сезім түрінде көрінеді деп
есептейді.
Жалпы этникалық сана-сезімді саналы түрде сезілген түсініктердің
біршама тұрақты жүйесі ретінде және этностық тіршілік іс-әрекетін реалды
этнодифференциациялаушы және этноинтеграциялаушы баға деп сипаттауға
болады. Осы берілген жүйенің соңында адам өзін белгілі-бір этникалық
қоғамдастықтың өкілі ретінде сезінеді. Қорыта келе сөз соңында
айтатынымыз, бұл дүниедегі әрбір адамның белгілі-бір этносқа жататыны
белгілі. Олай болса, сол этносқа жәй ғана жатып қоймай, өзінің ұлттық
өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын, өз
тілін, ұлттық мәдениетін, халық мұраларын бағалап, құрметтеу әрбір адамның
парызы. Ертеңгі өскелең ұрпақтың бойында ұттық сана-сезімді тәрбиелеу
бүгінгі күннің мәселесі.

1.3 Қазақ халқының мінезі туралы әртүрлі пікірлер

Қазақтар. Қазақтардың көп ғасырлық тарихында ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырған, бүгінгі таңда да олармен ұлтаралық қарым-қатынастарда және өзара
әрекеттестіктерде ескермеуге болмайтын өзінің салттары, әдет-ғұрыптары,
дәстүрлері қалыптасқан. Қазақтар бала кезінен бастап-ақ қатал ережелерде
тәрбиеленеді: олардан еңбекке алғашқы қажеттік ретінде қарау, жанұясының
алдындағы өзінің парызын айқын түсіну, араласып отырған іске жеке
жауапкершілікті саналау талап етіледі. Қазақтарда еңбек сүйгіштік, кез-
келген іс-әрекеттің белгілі-бір тәсілдері мен ерекшеліктерін тез меңгере
алу, байқағыштық, орындаушылық деген сияқты қасиеттер жақсы дамыған. Оларға
шапшаң ақыл-ой, білім құмарлық пен білгірлік, мақсатқа қол жеткізудегі
табандылық тән, олар жақсы есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді. Кәсіби іс-
әрекеттерде олар жеткілікті белсенді болып келеді.
Ар-намыс, абырой, парыз, бір-бірі үшін, әйел үшін, әділдік үшін күресу
қажеттігі туралы кез-келген түсініктер – қазақ үшін бос сөздер емес.
Қазақтардың түсінігіндегі жігіт – бұл жай ғана ер адам емес, бұл ең алдымен
оған тіпті кездейсоқ шалдыққан кез-келген адамнан кек қайтаратын намысты
адам. Жігіт реніштерді кешірмеуі керек – соққыға соққы, қанға қан. Халықтық
дәстүрлер осындай. Ұлттық мінездің қыры бойынша қазақтар бостандық сүйгіш,
ашық, ержүрек, сөзін жерге тастамайтын, қонақжай халық.
Қазақтардың көпшілігі басқалармен қарым-қатынасқа және өзара
әрекеттестікке оңай түседі, әр түрлі халықтардың өкілдерінің арасынан
сенімді және тұрақты достар таба алады, достыққа берілген, әрқашан да
жолдасына көмекке келеді. Басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда
олар, әдетте, адамға шындықты көзіне айтудан қорықпайды.
Айта кететін бір жайт, егер ұжымда жағымсыз орта қалыптасса, қазақтар
өздерін сақ ұстайды, тигізілген реніштерге ауыр қайғырады және оларды ұзақ
уақыт бойына кешірмейді, бұл жаңа конфликтілерге сылтау болуы мүмкін. Тек
барлық ұлттардың өкілдеріне деген теңдей талаптар ғана қазақтар еңбек
ететін ұжымдағы жағымды жағдай үшін негіз болады.
Оңтүстік және батыс аймақтардағы қазақтардың әлеуметтік және ұлттық-
психологиялық бейнесінде белгілі-бір айырмашылықтар бар. Әлі күнге дейін
ақсүйектер мен қара сүйектілерге бөліну кездеседі. Біріншісіне оңтүстік
аудандардағы қазақтар жатады. Кейде олардың ортасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мінез - құлықтың психологиялық сипаттамасы
Бала ата - ананың адамгершілік өмірінің айнасы
Қазіргі қазақ жастары
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы
Мінез және оны тәрбиелеу
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани -- адамгершілік мәселелері
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Пәндер