Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... ... ... ..11

2 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАДАЙ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Дебиторлық қарыздардың құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ...14
2.2 Күмәнді дебиторлық қарыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Берілген аванстар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

3 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.1 Дебиторлық борыштардың жабылу жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Дебиторлық борыштардың 1С «Бухгалтерия» бағдарламасында
көрсетілуі және түгендеу актісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін
есепке алу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
0.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... ... ... ..11

2 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАДАЙ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Дебиторлық қарыздардың құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ...14
2.2 Күмәнді дебиторлық қарыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Берілген аванстар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

3 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.1 Дебиторлық борыштардың жабылу жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 26
3.2 Дебиторлық борыштардың 1С Бухгалтерия бағдарламасында
көрсетілуі және түгендеу актісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.
Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К, Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К., Мельников В.Д., Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К., Тажибаев С.Д. және т.б.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. дебиторлық қарыздар дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Зерттеу жұмыстың басты мақсаты - дебиторлық қарыздарды басқару мәселесін зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:
- дебиторлық қарыздың кәсіпорын қызметіндегі рөлі;
- дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлерін;
- дебиторлық қарызының басқару әдістерін зертеу;
- Қазақстан Республикасындағы компанияларды дебиторлық қарызды басқаруды бағалау және талдау.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен отелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байл анысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады.

1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары -- Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борыштар бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленетін) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық борыштар. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш дегеніміз, бұл -- иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (ессптелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Д-т: Баға шегерімі -- шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар -- шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Етер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарылымы -- шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар -- шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
нөмірі 7 - Журнал-ордер - Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы деп аталатын шотының кредиті бойынша;
нөмірі 8 -- Журнал-ордер -- Алынуға тиісті қосылған қүн салығы, Есептелген пайыздар, Басқадай дебиторлық борыштар және Берілген аванстар деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;
нөмірі 9 -- Журнал-ордерге қосымша тізімдеме -- Берілген аванстар шотының дебиті бойынша;
нөмірі 10 -- Журнал-ордер -- Күдікті қарыздар бойынша резерв, Алдағы кезең шығындары шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 -- Журнал-ордер -- Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы шотының және Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырыңда, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет.

1.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әлбетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның денгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңғы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, векседдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жиберуі мумкін.
Дебиторлық қарыздың әртүрлі түрлері бар: тиеліп жіберген тауарлар; тауарлар үшін және көрсеткен қызмет үшін дебиторлармен есеп айырысу; алынған векселдермен есеп айырысу; еншілес кәсіпорындармен, бюджетпен, басқадай операциялар бойынша персоналдармен есеп айырысу; жеткізушілерге және мердігерлерге берілген аванстар; жарғы капиталына құрылтайшылардың жарна қарызы және т.б.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс. Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төленбеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Төленбеген шоттардың үлкен үлесті салмағы және басқадай қарыз түрлерінің болуы -- кәсіпорындарға түсетін қаражаттардың негізгі көздерінің бірі болып есептелінеді, осыған сәйкес дебиторлық қарыздарды басқару туралы шешім қабылдауды қажет етеді.
Алдыменен, барлық дебиторлық қарыздың сипаты бағаланады, дебиторлардың құрамы талданады, олардың құрамындағы үмітсіз қарыздар анықталады. Бұндай бағалау әртүрлі мезгілде пайда болған дебиторлардың топтары бойынша жүргізіледі.
Үмітсіз қарыздарды арнайы құрылған ресурстар есебінен, сонымен қатар күдікті қарыз резерві есебінен жабуға болады.
Дебиторлық қарыздарды талдау және басқару процесінде кәсіпорындар болжау ретінде, сондай икемді шарт жүйесін жасауы керек, онда өнімдерге (толық немесе жартылай) алдын ала төлеу, немесе аралық шотты ұсыну, немесе инфляция индексіне сәйкестендіріп икемдік баға құру керек және бұл шаралардың қаржы нәтижесіне әсері бағалануы тиіс.
Тұрақсыз экономика кезінде шығындарды болдырмау мақсатымен өнімдерге алдынала төлемді кең практикалану мақсатымен есептегі қаражаттың айналымдығына бақылау жүргізіледі. Айналымдық көрсеткіш, қарызды қайтару дәрежесін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың айналымдығы келесі формула арқылы есептелінеді:

К айналым коэффициенті;
Ө - тиеліп жіберілген өнімнің көлемі;
Қ - орташа дебиторлық қарыз.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың айналымдағы күнмен есептелінеді, яғни бір айналымның ұзақтығын көрсетеді. Онда:
Ак = (Дқ х Кс ) Ө
АК - айналымдағы күн;
Дқ - дебиторлық қарыз;
Кс - кезеңдегі күн саны.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың нақтьлы айналымдығын талдау нәтижесінде кәсіпкер белгілі бір кезең уақытындағы алынған мәліметті басқа шаруашылық субъект көрсеткіштермен салыстыра отырып, мүмкінді өз уақытында төлеу мүмкіншілігін және барлық дебиторлық жағдайы бағалайды.
Айналым капиталының құрамындағы маңызды қор айналымының құрамына дебиторлық қарыз және ақша қаражаты жатады. Олардың спецификалық түрлеріне, қозғалыс жылдамдығына, пайда болу заңдылығына қарай айналым қаражаттарының бұл түрлері нормаланатын айналым қаражаттары сияқты алдынала есептелінбейді және есепке алынбайды. Бұл элементтерді басқару басқа әдістермен орындалады. Шаруашылық етуші субъектілердің осы құралдармен басқаруға мүмкіншіліктері бар және олар несиелеу және есеп айырысу жүйесі арқылы олардың көлеміне әсер ете алады.
Коммерциялық есеппен жұмыс істеуші кәсіпорындар дебиторлық қарыздың мөлшерінің мөлшерін қысқартуға құштар, өйткені бұл айналым қаражаттарының айналым саласындағы айналымдылығын тездетеді, демек, айналым капиталын тиімді пайдаланады. Мысалы, тауарлар операциясы бойынша дебиторлық қарыздың көлемін азайту арқылы, шартпен келісілген тауарларды жеткізу жоспарын орындау көрсеткішін, пайда туралы жоспарды және рентабельдікті жақсартады. Айналым қаражаттарын басқадай есеп айырысуда қысқарту арқылы оларды толығырақ мақсатпен пайдалануға мүмкіндік тудырады, өйткені олар бұл ретте өндіріс саласынан шығын кетпейді. Соныменен, әрбір кәсіпорынның мақсаты, айналым саласындағы айналым қаражаттарының көлемін барынша қысқартуға барлық резервтерді пайдалану. Бұл резервтерге кәсіпорындар арасында тұр шаруашылық байланысты дамыту, шарттық тәртіпті қатайту және ондағы міндеттемелерді орындау, прогрессивті есеп айырысу түрін қолдану практикасын кеңейту жатады.
Кәсіпорындардың дебиторлық қарызын тиімді басқару мақсатымен дебиторлық қарызды басқару саясаты жасалынып және орындалуы керек.
Дебиторлық қарызды басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтері мен маркетингтік жалпы саясатының бір бөлігі болып есептелінеді сондықтан сатылатын өнімдер көлемін көбейтуге қарыздың жалпы мөлшерін оңтайланау арқылы өз уақытында төлемді қамтамасыз етуді қажет етеді.
Кәсіпорынның дебиторлық қарызын басқару саясатын құру төмендегі негізгі кезеңдер арқылы жасалынады:
- кәсіпорынның өткен кезеңіндегі дебиторлық қарызына талдау жасау.
Бұл талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның дебиторлық қарызының құрамын және деңгейін бағалау және оған жасалған инвестицияның тиімділігін анықтау. Тұтынушылардың есептегі дебиторлық қарызын талдау -- тауарлық (коммерциялық) және олардың несиесі бойынша жасалынады.
Талдаудың бірінші кезеңінде кәсіпорынның дебиторлық қарызының деңгейі бағаланып, оның өткен кезендегі серпіні қаралады.
Бұл деңгейді бағалау дебиторлық қарызды айналым активтеріне бөлу коэффициентін анықтау негізінде төменгі формула бойынша есептеледі:

ДҚк = ДҚс ААс

ДҚк - айналым активтерін дебиторлық қарызға айналдыру коэффициенті;
ДҚс - кәсіпорынның дебиторлық қарызының жалпы сомасы (немесе тауарлық және тұтыну несиесі бойынша қарыз сомасы);
ААс - кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы.
Талдаудың екінші кезеңінде дебиторлық қарызды инкассациялаудың орташа кезеңі және қаралған кезеңдегі оның айналымдығының саны анықталады. Дебиторлық қарызды инкассациялаудың орташа кезеңі кәсіпорынның қаржылық және операциялық циклының нақты ұзақтығын сипаттайды.
Бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

ДҚИк = ДҚқ ӨСас

ДҚИк-кәсіпорынның дебиторлық қарызы н инкассациялаудың орташа кезеңі;
ДҚқ - қаралған кезеңдегі дебиторлық қарыздың орташа қалдығы;
ӨСас - қаралған кезеңдегі өнімді сатудың бір күндік айналым сомасы.
Дебиторлық қарыздың айналым саны белгілі бір кезеңдегі инвестицияның айналым жылдамдығын сипаттайды. Бұл көрсеткіш келесі формуламен есептелінеді.
ДҚас = СӨас ДҚқ

ДҚас - кәсіпорынның қаралған кезеңдегі дебиторлық қарызының айналым саны;
СӨас - қаралған кезеңдегі сатылған өнім бойынша айналымның жалпы сомасы;
ДҚқ - қаралған кезіндегі кәсіпорынның дебиторлық қарызының орташа қалдығы.
Талдаудың үшінші кезеңінде мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың құрамы қаралып, қауыпті, үмітсіз қарыздар анықталады. Мерзімі өткен дебиторлық қарыз коэффициентін келесі формула арқылы есептейді:

МӨДҚқ = ТДқс ДҚЖс

МОДҚқ-мерзімі өткен дебиторлық қарыз коэффициенті;
ТДқс - көрсетілген мерзімдегі төленбеген дебиторлық қарыз сомасы;
ДҚЖс - кәсіпорынның дебиторлық қарызының жалпы сомасы.
Алармандарға дайын өнімді несиеге сату саясатының принциптерін қалыптастыру. Қазіргі коммерциялық және қаржылық практикада өнімдерді несиеге сату (оған төлем мерзімін созып) біздің елімізде сондай-ақ нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен таралған.
Несие саясатының принциптерін қалыптастыру кәсіпорынның операциялық және қаржылық әрекетерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Өнімдерді алармандарға сату үшін, несие саясаты принциптерін қалыптастыру процесінде екі негізгі сұрақ шешіледі:
а)несиеге қандай өнімдер түрі сатылады;
б)кәсіпорын несие саясатының қандай түрін таңдап алуы керек.
Өнімдерді несиеге сатудың екі түрі болады тауарлық несие және тұтыну несиесі.
Тауарлы несие - өнімдерді алармандарға көтерме түрінде сатуды сипаттайды. Әлбетте, тауарлық несие көтерме түрінде сатып алушы алармандарға 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімге беріледі. Тұтыну несие (тауарлық түрде) тауарларды алармандарға бөлшектеп сату түрінде -- бөлемді мезгілінен кешіктіріп төлеу арқылы жүргізіледі. Ол
әлбетте, 6 айдан-2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Өнімдерді несиеге сату түрін тандау кәсіпорынның
қандай салаға қатынастыгымен және сатылатын өнімдердің айналымымен анықталады.

1.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
Алынуға тиісті шоттар.
Алынған вексельдер.
Сатып алушылар меи тапсырыс берушілердің өзге де борыштары.
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы Алынуға тиісті шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда саудалық міндеттемелер деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды.
Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны 300000 тг.
К-т: Дайын өнімдер 300000 тг.
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг.
К-т: Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг.
К-т: Қосылған қүн салығы сомасы 80000 тг.
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Д-т: Ақшалар шоты 500000 тг.
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг.
Жоғарыдағы екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде Алынуға тиісті борыштар шоты дебиттелініп, Қосылған құн салығы шоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына Алынуға тиісті борыштар (шоттар), Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс, Негізгі құралдарың есептен шығарылуынан алынатын кіріс және Құнды қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, Қосылған құн салығы шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері, Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар жне атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде Ақшалар бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда Сатылған тауарлардың қайтарылуы деп аталатын шот дебиттелініп, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары -- деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына Сату шегерімі немесе Баға шегерімі шоттардың тиістілері дебиттелініп, Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзгеде борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, Қосылған құн салығы шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар -- шоттар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар кешіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі тауар болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген (фиксированный) болып көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының (бағамының) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі
Дебиторлық берешектің есебі
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Дебиторлық берешек түрлері
Дебиторлық берешектер есебі
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Қызметкерлердің есеп берілетін сома бойынша дебиторлық берешегінің есебі
Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің есебі және талдауы
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Пәндер